АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Билік кінәлілерді қазақ-дүнген деп бөлмейді»: Абаев Қордайдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді[:]

[:kz]

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқаратын Дәурен Абаев 11 адам қайтыс болған Қордай оқиғасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Абаев өз ойын «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында айтты. Ол кикілжіңнің әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тексерілмеген ақпараттың тарауына байланысты туындағанын жеткізді.

«Бұл кездейсоқ, казуалды кикілжің деуге болмайды. Шамамен, оның терең себептері бар»,- деді министр.

Абаев Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктен кейін өңір басшылығы мен қарулы күштердің ауысуының да кездейсоқтық емес екенін түсіндірді.

«Алайда адамдардың өлімін, азаптауды ештеңе ақтай алмайды. Билік кінәлілерді қазақ немесе дүнген деп бөлмейді. Олардың барлығы Қазақстан азаматы және бірдей жауапкершілікке ие«, — деді Абаев.

Министр Қордайдағы жанжал қоғамды бөліп жіберді деген тұжырымды тым артық деп есептейді. Оның пікірінше, адамдардың түрлі көзқарасы бар екенін қабылдап, оған етті үйрететін уақыт жетті

«Азаматтардың көп бөлігі келесі позицияны ұстанады — барлығы елде тыныштық пен бейбітшілік болса дейді. Адамдар оқиғаның нақты себебі анықталып, кінәлілердің белгілі болғанын, ендігі мұндайдың қайталанбағанын қалайды.

Кейде дауласулар өткір пікірге дейін жетеді. Бізде әлі де ел алдындағы пікірталас дамымаған: адамдар эмоция мен бір-бірін балағаттауға көшеді. Осы тұста барлық мәселеге пікір білдіретін сарапшылар отқа май құятынын айта кету керек.

Әркім өзінің 5 тиынын қойғысы келеді, біреулер бұл тақырыпта хайп жасамақ. Өкінішке қарай, мұнымен ештеңе істей алмаймыз, сөз еркіндігі бар», — деді Абаев.

Министрдің пікірінше, әлеуметтік желідегі жалған ақпаратпен күресудің жалғыз жолы — ресми түрде түсінік беру. Алайда оқиға орнына барып, жағдайға көз жеткізіп, бірнеше шара өткізу үшін біршама уақыт қажет.

«Жалған жаңалықтармен күрестің ең тиімді, бірақ ұзақ мерзімді тәсілі — ақпараттық мәдениет және ақпараттық гигиена. Бұл адамның әжесі, көршісі немесе көршісінің туысы жіберген мәліметке сенбей, ресми жауап күтуі, дереккөздерді бақылап, тексерілген басылымдарды оқуы. Біздің министрлік мектеп қабырғасынан бастап медиалық сауаттылықты оқыту туралы ұсыныс тастайтын болады»,- деп түйіндеді Абаев.

Айта кетейік, Дәурен Абаев елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі жазбаларынақатысты да пікір білдірді.

 

 

[:]