АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]»Бізге бейбітшілік керек»: Димаш Құдайберген Дубайдағы концертінде соғысты бастаушы президентке үндеу тастады[:]

[:kz]

Димаш Құдайберген Дубайда өткен концертінде соғысты бастаушы президенттерге қарсы мәлімдеме жасады. Ол бейбітшілікті қалайтынын айтып, барша тыңдармандарын өзіне қосылуға шақырды. Ал соғысты бастаушы ел басшыларына «Құдайдан үлкен еместігін» еске салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Шынында әлемде не болып жатыр? 21 ғасырда адамдар әлі де жауласуда, әлі де бір-бірін өлтіруде. Көптеген ересек адамдар өздерін балалардан ақылды санайды. Олар балаларға өмір сүруді, тамақ жеуді, т.б. үйретеді, тәрбие береді. Бірақ ересектер балалардан үлгі алуы керек. 
Бірнеше адамның шешіміне бола миллиондаған жазықсыз балалардың қаза болғанын көрдік. Ал бірнеше баланың шешімінен миллиондаған ересектер ешқашан өлген емес. Сонда кім ақылдырақ?» — деді Димаш ағылшын тілінде сөйлеген сөзінде. 

Әнші соңғы кездері көңілі жабырқап жүргенін және ашулы екенін жеткізді. Ол 27 жасында көптеген елдердің президенттерімен кездескенін атап өтті. Осы ретте соғысты бастаушы мемлекет басшыларына өз ескертуін жасады. 

«Соғысты бастайтын әр президент Құдайдан жоғары емес екенін түсінуі керек. Үлкен емес. Ол бар болғаны адам. Мен осы жайлы айтқым келді, себебі бізге бейбітшілік керек. 

Мен барлық мемлекеттерді, барлық ұлттарды жақсы көремін! Шынымен! Бірақ мен соғыссыз әлемді таңдаймын», — деді Құдайберген.

Залда отырған көрермен Димаштың сөзіне қошемет көрсетіп, қолдау білдірді. 

Айта кетейік, Димаштың ән кеші 25 наурыз күні Coca-Cola аренасында өтті. Оған дейін Құдайберген Дубайда EMIGALA Fashion Awards салтанатты іс-шарасына қатысып, әжелерімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті.

[:]