АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Боғауыздығымен аты шыққан «Завуч» келіншекке қатысты біраз былықтың беті ашылып жатыр[:]

[:kz]

 
 
 
 
Ордабасы аудандық емхана басшысына сауалым бар! Ауыр  халде ауруханада  жатқан завуч бүгін үйіне қалай барып қалған?

Боғауыздығымен аты шыққан «Завуч» келіншек Ұлжан Елмұратоваға қатысты дау әлі де басылар емес. Әлеуметтік желіде «Ұлжанның өзіне қол жұмсағаны өтірік» деген ақпараттар тарап жатыр. Бұл ақпарат көздеріне сенсек, Ұлжан ханым Ордабасы ауданындағы аурухана дәрігерлері мен аудан эксперттеріне  қысым жасап, өзіне қажетті анықтама мен қорытынды жаздырып алған. Нақты айтар болсақ, сараптамаға «мойынында жіптің ізі бар» деген белгі соқтырып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Мұндай хабарды журналист Сәуле Әбілдаханқызы мен белгілі заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан да көруге болады. Әбілдаханқызының «Аудандағы дәрігер мамандар ол әйелдің өтірігіне ықпалдасып отыр деп қорытынды шығарудан аулақпын. Сондай болмау үшін, алдын алу үшін, іс насырға шаппай тұрғанда назарға алынсын деп жазып отырмын», — деп жазғанын байқауға болады. 

Сол секілді Айгүл Орынбек те бұл сыбыстың рас болуы мүмкін екенін жазған. Заңгердің жазуынша, Елмұратова өзін тексеруге келген полицияны кіргізбей, пышақ алып жүгірген. «Ордабасы аудандық емхана басшысына сауалым бар! Ауыр  халде ауруханада  жатқан завуч бүгін үйіне қалай барып қалған?

Тексеруге келген полицияны кіргізбей, пышақ алып жүгірген деп жатыр көрген адамдар.
Ордабасы полиция бөлімі мына ақпарат рас па?

Бір ауыз боқтық сөз бүкіл ауылдың сыбайласқан жемқорлығын ашатын болды!», — деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Айгүл Орынбек тағы бір жазбасында Ұлжан Елмұратованың бір мезгілде бірнеше жерде қызмет етіп, заңсыз жолмен ақша алып отырғанын жазыпты.

«Түркістан облысындағы Білім саласындағы былықтарды, арнайы Астанадан мобильді группа жіберіп тексеруді сұраймын!

Ордабасы ауданындағы директордың орынбасары бұрын Төлеби ауданында, Шымкент қаласында 2009 жылдан бастап 2019 жылға дейін “Бағлан” “Батон” балабақшаларында әдіскер,  меңгеруші болып жұмыс істеген деп еңбек кітапшасын жазылған!

Өзі Бадам ауылында тұрып, төрт баланы туып, Төлеби ауданына қалай үлгерген?

Елмұратова ханым бұл жылдар аралығында Ордабасы  ауданында, Бадам ауылында тұрған емес пе?

Сол себепті Елмұратова ханымның есепшотына түскен еңбек ақыларын, зейнетақы қорына аударылған ақшаларын тексеріңіздер!

“Бағлан”, “Батон” балабақшалары  кімдерге тиесілі және жұмыс істемеген адамға неге еңбек кітапшасын жазып бергенін де анықтасаңыздар!

Себебі жұмысқа алған директор емес, қаншама жыл еңбек өтілі бар деп еңбек кітапшасын жазып берген адамдар да кінәлі!

Тексеру керек, бірақ түбінен тексерейік!
Сыбайластық, жемқорлық тек бір адаммен жасалмайды!

Елмұратова ханымды қазіргі Түркістан қаласының әкімі Нұрбол мырзаның бұйрығымын қабылдадық деп директор ашық айтты. Сол себепті бұл істі жәй ғана жауып қоя салмау керек!
Осылай өтірік стаж жасап жұмыс істеп жатқандар бар шығар!
Төлеби ауданы білім бөлімі «Ұ. Елмұратова жұмыс істемеген» деп ресми жауап берді менің жазбамның астына!

Енді құзырлы органдар тарапынан тексеріп жауаптарын күтемін!
Егер сол жылдары жұмыс істемегені анықталса, жалған еңбек өтілі жасалған болса, мектептен алған бүкіл айлық мемлекетке қайтарылсын!», — деп атап өткен жазба авторы. 

 

[:]