[:kz]
Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Гүлнұр соттың шешімімен бұрынғы жұбайының тегін қайтарып алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.
Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Зәуре Кейкібасова Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Гүлнұрға қатысты өтініш пен Алматы облысы Жамбыл ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне түскен өтінішті қарады.
Айта кетейік, Болат Назарбаев пен Гүлнұр Дүйсембаеваның некесі 2009 жылғы 25 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданының АХАЖ бөлімінде тіркелген. Екеуінің кәмелетке толмаған 2 баласы бар. Кейін Гүлнұр күйеуінің тегін алған. Осылайша, ол 2013 жылы жеке куәлігін, ал 2018 жылы Гүлнұр Назарбаеваның атына төлқұжат алған.
2021 жылғы 18 наурызда Қарасай аудандық соты ерлі-зайыпты арасындағы некені жарамсыз деп таныды. Неке бұзылғандықтан Болат Назарбаев бұрынғы әйелі енді оның тегін алуға құқығы жоқ деп санап, соттан тегін өзгерту туралы акт жазбасын жоюды және Гүлнұр Назарбаеваның құжаттарын жарамсыз деп тануды талап еткен. Сол жылы 28 қыркүйекте сот Назарбаевтың талабын дұрыс теп табады.
Алайда Алматы облыстық соты Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл шешімнің күшін жойған. Осылайша, Гүлнұр бұрынғы жұбайының тегімен қалған.
Бұл ерлі-зайыптының тегін айырбастау мәселесі некеге дейін сот оны жарамсыз деп таныған кезде шешілетіні және жеке арызбен қаралмайтынымен байланысты. Бірақ Болат Назарбаев Гүлнұрды өз тегінен айыруға нақты шешім қабылдаған. Нәтижесінде іс Жоғарғы сотқа дейін жеткен.
“Өтінішхатта талап қоюшының өкілі материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымымен келіспей, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыра отырып, оның күшін жоюды сұрайды”, — деп жазылған соттың құжатында.
Судья Зәуре Кейкібасова Жоғарғы сот істі қайта қарауға негіз жоқ деп шешім қабылдаған.
[:]