АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бұл болжам жүзеге аспаса екен ағайын![:]

[:kz]

«Бүгін. КЗ» сайтында экономист Олжас Құдайбергеновтің 10 болжамы жарияланды, оның ішінде: 6 номермен бірілген болжамда былай айтылады – «2019 жылы АҚШ Қазақстанға алғаш рет санкция салады.

Мұны АҚШ пен Ресей арасындағы шиеленістердің салдары деп білу керек. АҚШ пен Қытай арасындағы жағдай да ушығып барады. Осылардың салдарынан Ресейдің мемлекеттік компаниялары мен банктері санкцияның зардабын тартады. Соңын ала Қазақстанның мемлекеттік және жеке меншік компаниялары да «сұр тізімге» енеді. Сонымен қатар С-400 жаңа әуе қорғаныс жүйесін және әскери техника сатып алу операциялары да санкция салдарынан тоқтайды».

Бұл пікірге мен қарсымын:

1. Қазақстан 1991 жылдан бастап Орталық Азия мен ТМД кеңістігінде ең конструктивті және реалистік сыртқы саясат жүргізген мемлекет болып табылады. Қазақстанның кеңестік ядролық қаруын мәселесін әлем пен бүкіл адамзат үшін дұрыс және тиімді шешуге күш салғанын айту керек.

2. Қазақстан нарық экономикаға көшуге және мұнай кең орындарды игеруге алғашқы болып ең ірі американ мұнай компаниялар шақырған еді. Олар қазір 25 жыл астам жақсы жұмыс істеп жатыр және екі елге, олардың экономикасына мен екі ел арасында экономикалық және саяси қарым-қатынастарын дамытуға үлкен дәнекерлік рөл пен міндет атқарады, керек болса реттеуге де көмек беруге олардың мүмкіндігі өте зор.

3. АҚШ геосаясат пен саясат туралы өте керемет хабардар мемлекет деп бүкіл әлем жақсы біледі. Талай американ саясаттанушы-геосаясаттанушы-ғалымдар (бір мысал, келтіруге болады – атақты Зб. Бжезинский) және американ үкіметі Қазақстанның екі алпауыт және әлемдік деңгейдегі мемлекеттер ортасында тұрғанын және патша-кеңес заманда отарлау саясаттың кесірінен қазақтың өз жерінде азшылыққа айналып, көп келімсектер келіп, қоғамның тілден бастап, басқа сфераларға үлкен ықпал еткенін түсінікпен қарайды және жақсы біледі тезарада осы ықпалдан құтылу өте қиын және қауіпті екенін.

4. Қазақстан қанша Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болса да, Қырымның Ресейге қосылуы мен Донбасс жағдайы, Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузиядан Ресейдің құрамына енгізу мәселесіне Қазақстан еш қолдау ресейлік жаққа БҰҰ және ТМД шеңберінде жасаған жоқ. Керісінше, Қазақстан Украина мен Грузиямен экономикалық байланыстарын жүргізіп жатыр. Ресейге бұл жағдай ұнап отыр деп айталмаймыз.

5. Қазақстандық екі жер серігін американдық ракеталар және американдық әскери база арқылы шығарамыз шешімі — ол да АҚШ дұрыс және он бағалайды.

Сонымен, Құдайбергеновтің 6 болжамы жүзеге асырмайды екенін түсіну керек, ағайын!

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

[:]