АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Дарын Мүбаровтың уағызын тыңдаған едім»: Сириядан оралып сотталып жатқан ақтөбелік жігіт[:]

[:kz]

ДАИШ қатарында аудармашы болған ақтөбелік жігіт Дарын Мүбаровтың  уағыздарын тыңдағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбелік Дәурен Сәбитұлы Сирияда ДАИШ лаңкестік ұйымының қатарында соғысқан. «Жусан» операциясы арқылы елге оралған жерлесіміз қазір сотқа тартылып, жазасын күтуде. Айтуынша, орта мектепті бітіргеннен кейін дінге бет бұра бастайды. Дарын Мүбаровтың, сондай-ақ, такфіршілер мен жиһадшылардың дәрістерін тыңдаған. 

Бұл туралы ол YouTube желісіндегі «Adil Ukim» арнасына берген сұхбатында айтты. Дәурен 2009 жылы діни білім алу мақсатында Дамаскке аттанады. Оқу орнында ол детструктивті идеологтардың құрығына түскен. Ал виза мерзімі аяқталған кезде Дамаск билігі оны РФ депортациялайды. Бірақ Дәурен ол жерден елге оралмай, Сирияға соғысқа аттанып кеткен. 

«Дарын Мүбаров, Ринат сияқтыларды тыңдай бердім. ДАИШ-тың өзінің уағызшылары бар, солардың видеоларын тыңдадым. 2009 жылы оқу мақсатымен елден шығып кеттім. Бірінші Дамаск қаласына бардым, онда тек бір-ақ жыл оқыдым. Арабша әлі толық меңгермегендіктен, Қазақстанға қайту өкінішті болды. ДАИШ құрамына ислам халифаты жарияланғаннан кейін, екі айдан кейін бардым. Ол жақта ислам мемлекеті ғана емес, күрдтерде өз мемлекеттерін жарияламақшы болды. Мен кез-келген мемлекет соғыспен ғана құрылған деп білдім, дінін қорғап, сақтау үшін күреседі деп түсіндім», — дейді ол. 

азамат

Сәбитұлы ДАИШ-тың қауіпсіздік қызметінде аудармашы болған. Сонымен қатар, медреседе араб тілінен сабақ беріп, радикалды исламды насихаттаған.

«Таңертең майданда болып жатқан қателіктерді күзетші-махарлар жазады, соны қасымдағыларға аударып беремін. Іштегі тыңшы дейді ғой, сондай болдым», — деді ол. 

Сәбитұлы қару-жарақ пайдалануды жақсы меңгерген, Багуздағы шабуыл кезінде аяғына оқ сынықтары тиген. Ондағы қазақстандықтар «Әмірлерінен» ересектерге  50 доллардан, балаларға 30 доллардан әлеуметтік жәрдемақы алып отырған. 

азамат

Ақтөбелік жігіт Сирияның солтүстігінде күрдтердің  Халықтық өзін қорғау отрядына тұтқынға түсіп, «Жусан» операциясы арқылы елге оралған. 
Бүгінгі таңда «ислам мемлекеті террористік ұйымының» идеясын насихаттағаны үшін айыпталуда. 

Stan.kz 

[:]