АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдык жумыс: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету

МАЗМҰНЫ

 

 Кіріспе………………………………………………………………………………………….

 

І тарау. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері

1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты …………………………………………………………………………………………………….

 

ІІ тарау. Жазу жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету және тіл дамытудың әдістемелік негіздері

2.1. Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері………………………………………………………………………………………………………

2.2. Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы………..

2.3. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары……………………………………………………………………………………….

2.4. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары………………………………………………….

 

Қорытынды……………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ана тілі – бүкіл ақыл-ой дамуының негізі дәне барлық білімдердің темір қазығы. ¤йткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен берік дағды беретін, сауатты жаздырып, мәдениетті сөйлеуге, ойын әсерлі де жатық жеткізуге төселдіретін осы пән. Ана тілі орфографиялық ережені игеру үшін ғана емес, сонымен бірге, логикалық ойлауды қалыптастыру үшін де аса қажет.

Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – оқушыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалары, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім.

Жұмыстың көкейкестілігі. Оқушылардың сауатын ашу, тілін дамыту – бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі бір бөлігі. Сауат ашу жұмысы жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру, оларды көркем, анық, дұрыс, сауатты жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын арттыру үшін өтілген орфографиялық ережелерге байланысты түрлі жұмыстар жүйелі де жиі жүргізілуі керек. Дұрыс, сауатты жазуға төсілдіру мұғалімнен үлкен шеберлікті, көп еңбекті талап етеді.

Диплом жұмысының мақсаты. Бастауыш мектептің І-ІV сыныптарында жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу, ұсыныс жасау.

Жұмыстың міндеті

-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;

— оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп, оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;

— үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ жүргізу.

Теориялық-практикалық қолданылымы.   Жұмыс нәтижесі бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында сауатты жазуға үйретуге байланысты тақырыптарда оқушылардың дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруда  жалпы оқушыларды сауатты жазуға үйретуде бастауыш мектеп ұстаздары үшін әдістемелік құрал ретінде пайдалануы мүмкін.

Зерттеу әдістері. Бұл жұмыста іс-тәжірибе, әдебиеттер жинау, оларды талдау-жинақтау, салыстыру әдістері пайдаланылды.

 Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗУ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты

 

          Бастауыш  сыныптардағы   жазу  сабақтарының    мақсаты-  балалардың   жазу  тілі  дағдысын  қалыптастыру1.  

         Жазу  дағдысының  психологиялық  негізі  мидың   үлкен  жарты  шар  қабығындағы   анализатор  ұштарының   бір-бірімен  күрделі  байланысқа  түсуі,   екінші  сигнал   системасының  жинақталып,  бір  арнаға  бағытталуы  болып  табылады.   Жазу     тілі  көзбен  қабылданады,  қолмен  іске  асады.   Ал  ауызша  сөйлеу   есіту-  кинестезиялық  нерв  байланыстары   арқылы  өтеді.

         Жазу  тілі  ауызша  сөйлеуден   кейін  шықты,   сондықтан  да  ол  үнемі  ауыз  тілге   сүйеніп  отырады.

        Ең  алғашқы,   ерте  дәуірде   адамдар  қандай  да  болмасын  бір  уақиғалар   туралы  мәліметтерді  кейінгі  ұрпаққа  қалдыруға  болады.  Сөйтіп  ондай  мәліметтерді   түрлі  суреттермен  белгілейді.   Бұл  кезең  —  идеографикалық   сөйлеу  кезеңі  деп  аталады.    Идеографиялық  сөйлеу   белгілі  бір   айтылатын  жағдай   туралы  еске  түсіру   рөлін  атқарады.

             Кейінірек   иероглифтік  жазу  шықты.   Бұл  заттарды  немесе    тұтас  ойды   білдірген.

         Біздің  қазіргі  қолданып  жүрген     жазуымыз  алфавиттік   жазу.   Бұл  кейінірек  шыққан.

          Жазудың  құралына  алфавит,   графика    және  орфография  (емле)   енеді.   Алфавит —  тіліміздегі   әріптердің  белгілі  бір   жүйемен  орналасу    тәртібі.

Графика —  дыбыстың,  буынның   немесе  сөздің  айтылуы   қалай  болса,  солай   таңбалануы.    Ал   орфография  тілдің    белгілі  бір  нормаға 

келтірілген  ережесін   сақтап  жазу.

 Алфавит   пен  графиканы   меңгеру-  оқу  мен  жазудың   (сауат  ашудың)  ең  алғашқы,  ең  қарапайым,  бірақ  ең  маңызды  дағдыларын  қалыптастыруды    көздейді.   Алайда  жазуды  меңгеру  оның  тағы  бір      басты  бөлігі  орфографияны  (немесе  жазу,   сауатты  жазу)   игеруді қажет  етеді.

          Бастауыш  сынып  оқушылары   орфографияны   игере  отырып,   сауатты  жазуға    дағдылану   барысында  графикалық  түрде  қарым-қатынас    жасу  мүмкіндігіне   ие  болады,  яғни   өзінің  сөйлеуін   және  таным  мүмкіндіктерін   жетілдіре  береді,   жеке  басының  жалпы  даму  деңгейі   жоғары     дәрежеге  көтере  береді.   Міне,   жазуға   үйренудің   басты  маңызының   өзі  анықталады.

          Жазбаша  сөйлеудің  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар.  Мысалы,   жазбаша  сөйлеудің   қабылдаушыға   әсер  ететіндей   қосымша  құралдары  жоқ;  ол  бүкіл  оқушы    қауымға  арналады;   онда  автордың  эмоциясы   мен  сезімі,  толқуы  мен   мұңайюы,  қуанышы,  реніші  т.б.с.с.  бәрі  сол  арқылы  жеткізіледі;   жазу  тілін  қабылдау  қиялдың  жұмысын  талап  етеді  т.с.с.

          Бұл  айтылғандар   бастауыш  сынып   оқушыларының    жазу  тілін   дамыту  мәселесінің   күрделі  екендігін   көрсетеді,   яғни   балалардың   жазу  тілін   дамыту   үшін  алдымен   оларды  жазудың     өзіне  дағдыландырып  алу  керек.

         Жазу  дағдысының   бастамасы  әріптің  әрбір    бөлігін  (таяқша,   дөңгелек,  қосу   сызықтары)   сызып,   жүргізу   арқылы  жаттықтырылады. Бұл  кезеңде  бала  басымен,   бүкіл  денесімен  жоғары  көтеріліп,    төмен  еңкейіп,   екі  жағына  қисайып,    неше  түрлі  қозғалыстар  жасайды.

       Алайда  мұғалім     тиімді    жаттығулар   ұйымдастырса,    көп  ұзамай,   бірте-бірте   бастапқы     қозғалыстарын   жинақтап,   азайта  түседі.   Ал  кейін   әріп  бөліктерін   аса  күш  салмай-ақ   қосып  жаза  алатын   болады.    Жаттығулардың      нәтижесінде    жазу   қимылдары  автоматталып,    әуелі   әріптерді,   сонан   соң   тұтас  сөздерді   де   кідіріссіз   жаза  алады. Дей   тұрғанымен   балалар  жазуға   лезде-ақ    дағдыланады   деудің  жөні  жоқ.   Себебі   олардың   кейбіреулері   бір,    тіпті   екі  жылға  дейін   жазу  дағдысын   толық   меңгеріп   кете  алмайды.    Мұндай  балалармен    жеке  жұмыс  ұйымдастырылады.

          Жазу   қимылдары   автоматталғаннан   кейін   жаңа  міндет-   сауатты  жазуға   (немесе  орфографияға)     үйрену   міндеті   туады.

            Орфография   жазудың   бүкіл    жағдайларын    тәртіптейді.    Оған  тілдің   ережелері  (әріп  таңбаларын   қолдану  тәртібі,   әріпті   таңдау,    бірге  және  бөлек   жазу   т.б.с.с.),   оны  дұрыс  қолдану  жатады.

          Оқушы   ереже  бойынша,    саналы  түрде   түсіне  отырып  жазу   арқылы  алған  білімдерін  бірте-бірте   дағдыға    айналдыра  береді.

           Бір  орфографиялық    амал  автоматталғаннан   кейін  екіншісі  үйретіледі.    Осылайша,   орфографиялық   құбылыстар   саналы   түрде   меңгеріле   бастайды.

           Қазақ  тілі   орфографиясының   негізгі  принципі-   морфологиялық   принцип1,   яғни  түбір   сөздің  соңғы  дыбысы   қосымша   аралығында  да  (бас – шы,  башшы  емес),   сөз  шекарасында   (боз   құнан,   бозғұнан   емес)    біреккен  сөздерде  де  (Үмбетбай,    Үмбетпай   емес)   сақталып  жазылады.

          Тілімізде    орыс  тілінен   енген,   аяғы   үнді  дыбыс-әріптерге   біріккен   бірсыпыра   сөздер  бар   (Лелинград,   клуб,   педагог  т.б.).   Бұл   сөздердің   соңғы   үнді   дыбыстары   айтылуда   қатаң  дыбыстарға  айналады,  яғни   д, г, б   дыбыстары  қатаңдап   т, к, п   дыбыстарына   айналып   айтылады.   Мұндай   сөздерге   қосымша  да  қатаң   дыбыстан   басталып   жалғанады:    Ленинградқа,    педагогке,   клубтан   т.с.с.   Бұлар    грамматика   ережелеріне   сүйеніп   үйретіледі.

          Қазақ   тілінде   фонетикалық   принципке   сүйеніп,   естілуінше   жазылатын   сөздер    көп-ақ:    қалам,   кітап  т.б.   Кейде  көнерген,   біріккен    

сөздер   дәстүрлі  принциппен,   естілуінше   жазылады:    қыстыгүні,   ашудас   т.б.

Қысқасы,   жазуға   үйрету  әдістемесі   тіл  ғылымының   ерекше   бір   саласы   болып  табылатын   жазу   теориясына   сүйенеді1.  

         Бұл  жұмыстардың  мақсаты —  балаларды  көркем,   анық,   дұрыс  жазуға  үйрету.   Ол  үшін  жазуға  мынадай  шарттар  қойылады:

  1. Әріптердің   негізгі   элементтерінің   және  сөз   ішіндегі   әріптердің   бір-бірімен   қашықтығы   біркелкі  болуы.
  2. Әріптердің   биіктігі  біркелкі  болып  шығуы.
  3. Сопақша және  жарты  сопақша  құрсау   түріндегі  әріп   элеметтерінің,   сондай-ақ   қисық  түзу  сызықтан   құралатын  әріп   элементтерінің   бір-бірімен   кілт  жалғастырылмай,   бірте-бірте    созылыңқырап   барып,   жіңішкеріп   жалғастырылуы.
  4. Әріптердің  кескіні   қабылданған   үлгіге    сәйкес   дұрыс   жазылуы.
  5. Сөздерді   жазғанда   әріптердің   дұрыс  жалғастырылуы. 

         Жазуға   үйретуде   көзделетін  тағы  бір   мақсат-   балаларды   шапшаң   жазуға  үйрету.    ¤йткені  практикада  шапшаң  оқудың  қандай  маңызы болса,   шапшаң  жазудың  да   сондай  маңызы   болады.

         Жазу  барысында   орындалуға   тиіс    ережелерді   мұғалім    балаларға   оларды   жазуға   үйретуден   бұрын   көрсетіп,   түсіндіреді:    мысалы,   екі   аяқ   тік  бырыш  қалыпта     бүгіліп   немесе   жазылыңқырап    еденге    (столдың   көргішіне)    тіреліп   тұрсын;    жазғанда  көкіректі   столға   тақап  тіремей,   столдың   шетінен   3см   қашық  ұстап   түзу  отыру  керек.

          Екі  иық   кеудемен  бірдей,   түзу  тұруға   тиіс.   Жазғанда   оқушы   тым   еңкейіп,   столға   көкірегін   тіреп  отырса,   дәптерге   көзі  тым   жақындап,   жақыннан    көруге   үйреніп  кетіп,    бірте-бірте   сәл  алыстағыны    көре  алмайтын   болады.

       Дәптерге  жарық  сол  жақтан  түсіп,   қолы  жазуды   көлеңкелемейтін

болсын.   Екі  қол  шынтаққа   дейін   стол  үстіне   қойылсын.    Дәптерді    сол  қолмен  ұстап,  жазу  төмен  түскен  сайын  жоғары  жылжытып  отыру керек.   Қолдың  қалам  ұстаған   жері  көкіректің   дәл  орта  тұсында     болу  керек.   Дәптер  де    оқушының   көкірегінің  дәл  орта    тұсында   жатсын.   Әйтпесе  басты  оңға   я   солға  қисату   немесе  дәптерге  көздің  қиығымен   қарауға   тура  келеді.

         Жазуға   үйретуден   бұрын  бірнеше   рет  дайындық   жаттығулар   жүргізіп,   балалардың   қолын   қимылға,    көзін  шамалауға   үйрету  керек   болады.   Дайындық   кезеңінде    балаларды   жазу   сабағына  қажет    материалдармен   және  жазу  аспаптарымен   таныстыру,  партаға   қалай   отыру,   дәптерді  қалай  қою,    қаламды  қалай  ұстау  ережелерімен  таныстыру,   саусақтарды   қимылдатуға   бүгуге,   жазуға  жаттықтыру,  білекті   қимылдатуға   жаттықтандыру  керек.    Әріп   элементтерінің,   әріп   кескіндерін     дұрыс  меңгеріп,   жазу  әдістеріне  төселе  бастаған  кезде  балалар  бірте-бірте   қолды   жүргізіңкіреп,  такт  бойынша  жазуға   үйретеді1.

       Оқушыларды   дұрыс  жазуға  үйрету    барысында   мұғалім   мыналарға   көңіл   бөлуге   тиіс.   Материалдың   тәртіппен   өтіліп   жазуға  берілетінін   алдын  ала  таңдылады.    Каллиграфиялық   жағынан   дұрыс  жазу   үлгілерін    мұғалім   тақтаға,     оқушылардың   дәптеріне  жазып  көрсетіп  отырады.   Балалардың    дәптерлері   күн  сайын  қаралып,  тексеріліп,    кемшіліктері,  оны  қалай  түзету   жолы  көрсетіліп  отырылады.    Айына  бір  рет   болса  да   байқау   жұмысы  жүргізіледі.

          Жазу  сабағы   шамамен  мынадай  жоспар   бойынша   жүргізіледі:

  1. Жазғанда  партаға   қалай  отыру   ережелерін   балаларға   ескертіп,  өзі  аралап  көріп,   дұрыс  отырмағандарын   дұрыстап   отырғызады.
  2. Сабақтың  мақсатын,  алда  тұрған   міндеттерді  көрсетіп,   мұғалім   жаттығуды,   әріп     элементтерін,   сөзді,    фразаны     тақтаға    жазады,  

оқушылар  мұғалімнің  қолының   қалай   қимылдау   жайын   қарап,    бақылап  отырады.

  1.    Мұғалім    оқушылардың   алда   тұрған   міндеттерді    қаншалықты   ұққан-ұқпағандарын   анықтап   алып,    жазуға  кіріседі.
  2. Мұғалім   партаны   аралап     жүріп,  жазу   процессін  бақылайды.
  3. Жазу   аяқталғаннан  кейін   оқушылардың    кемшіліктері   мен   жіберген    қателері  айтылады,    түзетіледі,    жақсы   жазғандары  жарияланады.

         Бастауыш   мектеп   оқушылары   үшін   орфографиялық   танымның    әсіресе   алғашқы   басқышы   ерекше   рөл  атқарады.   Олар  сан  алуан   сөздер  мен     олардың  формаларының    әсерінен    аз  да   болса   білім,    тәжірибе   жинақтайды.   Кейбір   сөздерді   дұрыс   жазу   дәрежесіне   жетеді.   Бірақ    неге  олай      жазғанын   әлі  айтып  бере  алмайды.   Мұндай    құбылысты  кейде   орфографиялық   сезім   деп  те   атап   жүр.   Кейінірек   грамматикалық  білім   алғанда   мұндай   орфографиялық    құбылыстарды     саналы  түрде  түсініп,   сауатты  жазуға   дағдыланады1

           Жазуға  үйрену    тілдің    ерекшеліктеріне    қарай,   әр  түрлі   дәрежеде   өтеді:     фонетикалық   жазу       дыбыстық-әріптік     талдауды    шебер   жүргізу,   дыбыстарды   дұрыс,    анық   айта   білуді,     айтылған   дыбыстарды  дәл   айыра  алуды  танытады, сөздердің  мағыналарын   түсініп,   ережелерді     үйрену   басым  болады.   Ал  орыс   тілінен  енген    (армия,   октябрят,   монтер,   шофер,   т.б.    сөздердің     (карындаш,   картоп,   шәйнек  т.б.)   жазылуын  оқушылар   есте  ұстап,   ол  сөздерді  сөздіктен  қарап,   тауып  жазуға    үйренеді  немесе   жаттығу     арқылы   бірте-бірте   дұрыс  жаза  алатын  болады.

    Жазуға   үйрену  үшін   қажетті   жағдайлардың  бастылары:

  1. Жазылатын  сөздің   мағынасын,   мәнін  анықтау.    Мұғалім   көшіруге  ұсынған   немесе   оқып   айту    арқылы   жаздыратын   сөздерінің,  

сөйлемінің,    мәтіннің   мағынасын   оқушылардың  анық  түсінгеніне   көз   жеткізгеннен   кейін   ғана   жаздырғаны  жөн.

  1.    Сөздің  айтылуына  және  жазылуына,   грамматикалық  формасына  мұқият   көңіл  аудару;    жазғандарын   саналы   түрде   есте   ұстауға   жағдай   жасау:    оқы,   ойлан,   есіңе   жазып  ал,  тыңда,   зейін  аудар,  т.б.

         Жіберілген   қателермен   жұмыс  жасау:   жазғаныңды  тексер,   түзет,   қайта  жаз  осыған  ұқсас  мысал  ойлан,  т.б.   оқушылардың    белсенділігін   көтеру   және  өздіктерінен   жұмыс   жасауға   баулау.

  1. Сөйлем  мен  сөзді   талдау  жұмысын  жүйелі  түрде  жүргізіп  отыру:    салыстыру,   талдау,   жинақтау    жұмыстары,   «неге?»    сұрағын   көбірек  қою.
  2. Сөйлеу   әрекетінің   бірде-бір    жағын  естен   шығармау  керек:   дыбыстық-әріптік  талдау,   сөз  құрамына   жаттығу,   сөз  таптары  бойынша,    синтаксис  және  байланыстырып  сөйлеуге   үйрету  жұмыстары.   Орфографиялық   жаттығуларды    (көшіру,    диктант)   сөйлеу   жаттығуларымен    (мазмұндама,   шығарма)   кезектестіріп   өткізу.
  3. Грамматикалық    жаттығуларды   сөздік-  орфографиялық   жаттығулармен   кезектестіру.

            Орфографиялық   дағдыға   төселуіне   қарай,     ереженің    оқушы  үшін   мәні   өзгереді.   Мысалы,     алғашқы  кезде  бала     ережеге   мұқтаж  болса,   бірте-бірте   сауатты  жазуға   жаттыққан   сайын   оның     мәнділігі   жойыла  бастайды.    Оқушы   жазуға    дағдыланға    кезде     оған   ереженің    мүлде  қажеті  бола  қоймайды.

         Орфографиялық    дағды   жөнінде     айтылғандар   пунктуацияға   да  қатысты.     Бірақ   пунктуацияға   үйрену   жұмыстарының  өзіне    тән   ерекшеліктері  бар.   Тыныс  белгілерін   қою   да    ережелерге   бағынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

2.1. Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері

 

Сауатты   жазуға  үйрену  жұмысы  грамматикаға  сүйенеді.  Мектепте  грамматиканы  оқыту   неғұрлым   жақсы   жолға  қойылса,   оқушылардың сауаттылығы да  соғұрлым  жоғары болады.  Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда  ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн1

Мұғалім тіл  құбылыстары мен  жазу  ережелерін  анық етіп  түсіндіріп,  оқушыларға  сол  ережелерді  меңгерту   тәсілдерін  қарастыруға  тиіс.  Мысалы,  қандай да  болмасын  сөз  немесе  оған  жалғанған  қосымшалар  басқаша болмай,  неге  солай  жазылғанына  оқушы  түсініп  және  оқыған  ережесіне  сүйеніп  оны  дәлелдей  алатын  болса,  оның  ережені  саналы  меңгергені.  Ал  ережені  мүдірместен  айтып  бергенімен,  неге  солай  жазылып  тұрғанын  дәлелдей  алмаса,  оқушы  ережені  механикалық  түрде  меңгерген  болып  шығады  да,  ол  білгендірінің  сауатты  жазуға  пайдасы  шамалы  болады.  Сондықтан  балалар  мұғалімнің  басшылығымен,  тіл  құбылыстарын,  емле  ережелерін  бақылап,  талдауға,  оларды  бір-бірімен  салыстыруға,  ой  жүгіртуге,  сипаттауға,  өз  беттерімен  жазған  жазу  жұмыстарында  қолдануға  міндетті.

Грамматиканы  оқу  барысында  оқушылар  тіл  құбылыстарын  саналы  түсінумен  қатар,  тілдің  нақты  фактілерін  де  білулері  қажет.  Мысалы,  сөйлемдегі  сөздерді  жалғаулардың  байланыстыратынын  балалар  есте  қалдыра  алады;   сөйлемдегі  сөздердің  жалғауларын  ажыратып  айтып  та  бере  алады.  Бірақ  өздері  сөйлем  құруға  келгенде  оны  қолдана  алмайды.  Егер  олар  сөйлем  құрғанда  сөздердің  арасындағы  байланысты  анықтау  арқылы,  жалғаудың   қызметіне   көңіл   аударып   дағдыланса,   мұндай 

байланысты  өздері  сөйлем  құрғанда  да  сақтауға  тырысады. Бұл  үшін  сөйлемдегі  бір  сөзден  екінші  сөзге  сұрақ  қойып  дағдылану  қажет.  Мысалы,  мен (кім?)  мектепке (қайда?)  барамын  т.б.

Сауатты  жазуға  үйрену  үшін  аналогия  арқылы  жаза  білудің  де  маңызы  зор.  Ереже,  қандай  да  болмасын,  тек  жалпы  ғана  нұсқау  немесе  түсінік  береді.  Яғни  онда  нақты  бір  сөзді  қалай  жазу  емес,  бір  топтағы  сөздердің  жазылуы  көрсетіледі.  Сондықтан  оқушылар  бір  ережені  меңгеру  барысында  дайын  мәтінен  ұқсас  мысалдарды  таба  білуге  немесе  өздері  мысал  келтіре  алуға  тиіс.  Оқушылар  сол  ережені  оған  ұқсас  басқа  жағдайларда  қолдана  алатындай   дәрежеге  жеткенде  ғана   ақыл-ой  дағдысы  қалыптасты  деп  есептеуге  болады.

Дұрыс,  сауатты  жазуға  үйрену  үшін  сөздерді  дыбыс  құрамына,   буын  жігіне  ажырату  жұмысы  әріп  қалдырып  кетпеуге,  әріп  алмастырып  алмауға  бірсыпыра  көмектеседі.  Мұндай  жаттығулар    III – IV   сыныптарда  да  жүргізіліп  отырады.

Тіліміздегі  жазылуы   айтылуынан  өзгеше   құлын,  жұлын,  күрек,  басшы  т.б.с.с.  сөздерді  тек  есту  дағдысына  сүйеніп,  жазуға  болмайды.  Көбіне  оларды   салыстыру  жолымен талдаудың  жәрдемі  тиеді.  Сондай-ақ   — ма,  — ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе  сұраулықтарын  етістіктің  болымсыз  түрімен,   мен,  бен,  пен   шылауларын  септік  жалғаулармен  салыстырып  байқаудың  да  маңызы  күшті.   Сөздердің  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктерін,  теріс  жазылуынан  мағына  бұзылатынын,  айтайын  деген  ойдың  күңгірт,  екі  жақты  болып  шығатынын  балаларға ережені  түсіндіргенде де,  жаттығулар  жүргізгенде  де,  олардың  жазуларындағы  қателерді  түзеткенде  де  көрсетіп,  түсіндіріп  отырудың  пайдасы  көп  (Тұзшы – тұщы,   барма – бар ма  т.б.).

Сөйтіп  сауатты  жазуға  үйрену  үшін  аналогия,  салыстыру,  талдау,  жинақтау,  жалпылау,  нақтылау  сияқты  ой  операцияларының  іске  асуы  ең  маңызды  шарт  болып  табылады.

Әрине,  сауатты  жазуға  үйренуде  қол  қозғалысы  арқылы  қабылдау  мен  елестетудің  алатын  орны  ерекше  екені  белгілі.  Көп  оқитын  тіпті  ережені  тамаша  білетін  оқушы  да  қолдың  дағдылануынсыз  жазуда  қатені  көп  жібереді  және  жазуының  ұсқыны  да  тартымсыз   болады.  Сондықтан  әсіресе  бастауыш  сынып  балалары  үшін  танымның  есту,  айту,  тыңдау,  көру  және  қолын  қозғау  арқылы  қалыптасатын  функцияларын  жүйелі  түрде  үйреніп,  алғашқы  кездің  өзінде-ақ  жақсы  естіп,  тыңдай  алып,  дыбыстық  құрамға  ойша   тәртіппен  талдау   жасай  алып,   іштерінен  қайталау  т.б.  сияқты  тәжірибелер  жинақтаудың  маңызы  орасан  зор  болатынын  естен  шығармауға  тиіспіз1.  

Сөйтіп   жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келгенде,   оқушыларды  сауатты  жазуға  үйрету  үшін  ескерілетін  жағдайларды  топтап  көрсететін  болсақ,  олар  төмендегідей:

  1. Мұғалім жазылатын  сөздің  немесе  сөйлемнің  мағынасын,  мәнін  оқушының   түсінетіндігіне  әбден  көзі  жеткеннен  кейін  барып  жаздыруға   тиіс  (оқушы  кейде  мағынасына  жете  түсінбегендіктен   қате  жібереді).
  2. Сөзді дұрыс  айтуға,  ұқыпты  жазуға,  жазғандарына  ой  жүгіртуге  бағыт  беріп,  қатемен  жұмыс  ұйымдастырады.
  3. Үнемі талдау  жасау,   түбірлес  сөздер  табу,  сөз  тіркестері   арқылы  сөйлем  құрастыру,  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  салыстыру – мұның  барлығы  оқушының  ойлауын  арттырып,   материалды  меңгеруге  жағдай  жасайды. 
  4. Дыбыстық талдау,  сөз  құрамына  жаттығу,  сөз  табының  қызметі,  синтаксистік  талдаулар  іске  асырылып,  сөйлеуге  үйрету   жұмыстарымен  байланыстырыла  жүргізіледі.  Арнаулы  орфографиялық   жаттығулар (көшіру),  (диктант)  тіл  дамыту  жаттығуларымен  (мазмұндама,  шығарма)  кезек  жүргізіледі.
  5. Сөздік жұмысы  үздіксіз  жүргізіліп  отырылады.   Әрбір  оқушының  жазудан   әлсіз  жақтары  болады  (кейбір  сөздерден  қате  жіберу  т.б.).  Мұғалім  ондай  балалармен  сөздік  жұмысын  жеке  жүргізеді.
  6. Сауатты жазу  дағдысын  қалыптастырудың  маңызды  шарттарының  бірі – орфографиялық  қате,  сөйлеу  қателерін  болдырмау  үшін  алдын  ала  синтездеу,  талдау  жұмысы.
  7. Белгілі бір  жағдайға  дағдылану  біраз  уақыт  жаттығуды  қажет  ететіні  сияқты,  сауатты жазуға  жаттығу  дағдысы да  көп  қайталауды,  жаттығуды талап етеді.  Сондықтан  өтілгеніне  біраз  уақыт  болған  материалдарды  жүйелі  түрде  еске  түсіріп  отыру  пайдалы.

Жазуға  үйренуде  уақытша  нерв  байланыстарын  шартты  рефлекс  арқылы  емес,  операнттық  рефлекс  арқылы  қалыптастырудың  мәні  ерекше  болып  табылады.  Мұның  мәнісі  балаға  дайын  жұмысты  орындату   арқылы  дағдыландырудан  гөрі,  өздеріне  тапқызу,  оларды  ізденіп,  қиналуға  мәжбүр  ететіндей  тапсырмалардың  тиімді  нәтиже  беретіні  мәлім.  Мұның  барлығының  да мақсаты   қалыптасқан  уақытша  нерв  байланыстарын (дағдыны)  сақтау (сауатты  жазу  дағдысын)  екенін  жақсы түсініп,  білімін   жетілдіріп,  педагогикалық  шеберлігін  ұштап  отырған  мұғалім  ғана  жұмысын  ойдағыдай  ұйымдастыра  алады1.   

Орфографиялық  ережені  түсіндіруден  бұрын  балалардың  алдына   олар  шешуге  тиісті  мәселе  қойылуы  керек  (мысалы,  отпен  ойнама,  от  пен  судан  сақтан  мысалдарының  арасында  қандай  айырмашылық  бар?   «пен»  қайсысында  бөлек,   қайсысында  бірге  жазылуға  тиіс?  сияқты).  Мұндай   жұмыс  балалардың  зейінін  сабаққа  жұмылдырып,  бұрын  оқығандарын  еске  түсіруге  көмектеседі.

Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:

  1. Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.
  2. Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған мәтінді жазу. Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады).
  3. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.

Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза  біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.

Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрі мынадай1: грамматикалық – орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» қараңыз). Бұл – оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық  қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта  т.б.).

Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында мұғалім бір септік жалғауының қалай жазылатынын сұрағанда оқушы тиісті карточканы көрсетеді. Сонан кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың білімі жөнінде біраз мәлімет береді.

2)    көшіру. Алғашқы,  I сыныпта,   II  сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған мәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді  

қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылады. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с. белгіленеді.

Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағынасына түсінесің бе, қалай жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып болған соң тексер т.б.). Жазғандарын түпнұсқамен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге алынатын материал қызықты, түсінікті болуға тиіс.

Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін  оқылады, талданады, сонан соң жабылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мұғалім мәтін ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. Көшіріп жазудың бұл  көрсетілген түрі диктант болғандықтан, мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе  «қиын» сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі. Мұндай сөздердің жазылуын есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады:      1)  зейін қойып іштерінен  және дауыстап оқып шығыңдар;  2) мағынасына көңіл бөліңдер; үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер, бақша өсімдіктерін  білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер;   3)  мұқият  оқыңдар және жазыңдар;  4)  әсіресе, сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді,  сол бөлімнің астын сызыңдар;  5)  жазғандарыңды  сөздік бойынша тексеріңдер;    6) сөзді  екі-үш рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап тауып жазыңдар;   7)  «я»  әрпі бар сөздерді топтаңдар  т.б.

Жазылуы  қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі, бірнеше рет қайталанады. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі (сөздік дәптері бірнеше бөліктерге бөлініп, цифрмен белгіленеді (1, 2, 3, ….).  Мысалы,  оқушылардың дәптерлерінің 5 бетінде «в» әрпі кездесетін сөздер тізіледі.

Еркін көшіру.  Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтінен есте қалғандарын, қалай ұғынса, солай жазады.

Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады:  қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.

Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз, сонымен қатар оны ойланып, анализ-синтез жасау керек. Көшірмес бұрын балалар алдарында тұрған міндетпен танысады, мәтінді іштен және дауыстап оқиды, тапсырманы әуелі ауызша шешіп алып, жазуға соңында ғана кіріседі.  Жұмыстың бұл түрін кейде бақылап көшіру деп те атайды. Казіргі оқулықтарда жаттығудың бұл түрі кең алынып жүр. 

Көшіру  жұмыстары тіл  дамытумен  байланысты,  сұрақтарға жауап  беру  (жазбаша) түрінде де кездеседі.  Бұл  жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма  жазуға  дайындау  мақсатында  қолданылады.

Балалардың  орфографммаға  үйренген  дағдылары  мен  шеберліктерін  байқау  мақсатында  диктант  жаздырылады. Мұнда  мұғалім  мәтінді,  сөйлемдерді  немесе жеке  сөздерді  оқиды, оқушылар  оны  аяғына  дейін  тыңдап,  естерінде  ұстайды, жазады.

Диктанттың  бастауыш  мектепте  жүргізілетін  түрлері:

  1. Ескерту диктанты.  Мұнда  мұғалім  мәтінді  оқып шығады.  Балалар  жақсылап  тыңдап  отырады. Сонан  кейін түсініксіз  деген  сөздердің  мағынасы  түсіндіріледі.  Мұғалім  әрбір  сөйлемді қайта оқып шығады,  оқылған  сөйлемдер балалардың  қатысуымен  талданады. Сөйлемді  жазбас  бұрын  мұғалім  балалардың  зейінін  ондағы  қиын  сөздердің жазылуына,  өтіліп  отырған  ережеге  аударады.  Оқушылар  тиісті  дыбыстарды көрсетеді,  ережесін  айтып  береді,  олардың  қателескен  жері болса,  түзетіледі. Осындай  жұмыстардан  кейін  ғана  балалар сөйлемді  жазуға  кіріседі.  Алғашқы  кезде  әрбір  сөйлем оқылып,  талданып  барып  жазылады. Кейін  балалар  жұмыстың  бұл  түріне  дағдыланған  кезде, бірнеше  сөйлем  бірден  оқылып,  олардың  ішінен  мағынасы  түсініксіз  сөздер  мен жазылуы  қиын  деген сөздер  ғана  талданады,  ал  онан әрі  мәтін  тұтас  оқылады  да,  сөздер  іріктеліп  алып  талданады,  сонан  соң  мұғалім  әр  сөйлемді  оқып,  балалар  жазады.  Егер  балалар белсенділік  көрсетіп,  сөздердің  қалай  жазылуын,  талдануын  сұрап,   сөздіктен  қарайтын  болса,  онда  ескерту  диктантының тиімді  болғаны.
  2. Іріктеу диктанты.  Мұның  ескерту  диктантынан  айырмашылығы – балалар  мұғалімнің  айтқан  сөздерінің  барлығын  жазып  отырмайды,  оның  ішінен  белгілі  бір  ережеге  қажетті сөздерді  немесе  сөз  тіркестерін  іріктеп  жазады.  Диктанттың  бұл  түрінде  уақыт  үнемделеді,  қажетті  сөздер  мен  сөйлемдер  көбірек  жазылады,  ең  бастысы  оқушылар  мәтінді  аса  зейін  қоя  тыңдап  отыруға  мәжбүр  болады.
  3. Түсіндіру диктанты.  Мұнда  мәтін  жазылып  болғаннан  кейін  ғана  талданады,  қателері түзетіледі.  Диктанттың  бұл  түрін  жазуға  кірісерде  қажетті  ережелер  еске  түсіріледі.  Мұны  ескерту  диктантынан  бақылау  диктантына  өткел  ретінде  жүргізілетін  жұмыс  деуге  де  болады. Түсіндіру  диктантының  бір  түрі  ретінде  сөздік  диктантын  да  жүргізуге  болады. Онда  сөйлем  де,  мәтіне  емес,  жеке  сөздер  айтылады.  Бұған  оқушыларға  қиындық  келтіретін немесе  ережеге  бағынбайтын  сөздер  алынады.  Сөздік  диктант  ұзақ  болмайды,  5 – 10 минут  шамасы,  көбінесе сабақтың  аяғында  жүргізіледі.  Мұғалім  жеке  сөздерді  айтады,  балалар  жазады,  жазғандарын  сөздіктен  қарап  түзетеді,  үнсіз  диктант  ұйымдастырылады.  Онда  мұғалім  қажетті  суреттер  көрсетеді  (аю,  сиыр, жылқы,  қоян,  қозы,  трактор,  комбайн,  т.б.),   ал  балалар  бірден  жазады  немесе  керекті  әрпі  бар  карточканы  көрсетіп,  сонан  соң  жазады.  Сөздік  диктант  10 – 15  сөзден  аспауға  тиіс. 
  4. Шығармашылық диктант.  Мұғалім  тақтаға  қажетті  сөздерді  жазады.  Кейде  сурет  немесе  бір  серия  картина  беріледі:  балалар  бір  тақырыпқа  сөйлемдер  құрайды. Шамамен  қолданылатын  ережелер  беріледі  (еске  түсіріледі).  Балалар  сөйлемдегі  сөздердің  дұрыс  тұлғада  тұрған-тұрмағанын  байқайды,  қажет  болса,  өзгертеді.  Жұмыстың  бұл  түрін  таза  диктант  деуге  болмайды,  сөйлемді  балалардың  өздері  құрастыратын  болғандықтан  мұны  шығарманың  кіріспесі  деуге  де  болады.

Шығармашылық  диктант балалардың  тілін  дамыту  үшін  де  өте  қолайлы,  өйткені  оқушылар  мәтін  құрауға  белсенді  қатысады,  сөздерді  де  өздері ойлап  табады.

  1. Ерікті диктант.  Бұл  мазмұндама  деп  те  аталады.  Бірақ  мазмұндамадан  сәл  оңайлау.  Диктант  деу  себебі – мұғалім  мәтінді  оқып  тұрады,  ал  ерікті  дейтініміз – балалар  әдеттегі  диктанттай,  мәтінді  мұғалімнің  оқуы бойынша  сөзбе –сөз  емес,  естерінде  қалғандарын  ғана  жазады.  Мәтін оқылмас  бұрын қажетті  ержелер  еске  түсіріледі.  Мұғалім  мәтінді  әуелі  тұтас,  сонан  соң  оның  5 – 6  жолын  оқиды.  Әрбір  оқылған  үзінді  оқушылар  жаттап  алатындай,  өте  қысқа  болмауы  керек.  Оқушылар  оқылған  үзіндінің  естерінде  қалғанын  ғана  жазады.  Диктанттың  бұл  түрі  де  тіл  дамыту  жұмысымен  ұштасады.

Осы  көрсетілген  жұмыстардың  барлығы  орфографиялық  дағдыны  автоматтандыру  мақсатын  көздейді.

  1. Бақылау немесе  тексеру  диктанты.  Бұл  балалардың  алған білімдері  мен  қалыптасқан  дағдыларын  тексеру  мақсатында  жүргізіледі.  Мұнда  оқушы  өзі  білетін  ережені  қолданып,  өз  күшін  өз  бетімен  байқай алады.  Мұғалім  қандай да  болмасын  бір  орфографиялық  ережені  оқушылардың  қалай  меңгергендері  жөнінде мәлімет  алады.  Қандай  ереже  қайталану  керек,  кімге  қандай  көмек  керек – соны  анықтайды.  Егер  диктанттың  нәтижесі  бүкіл  сынып  бойынша  нашар  болса,  қайталау  диктанты  жүргізіледі.  Мұндай  жағдайда  сол  мәтіндің  өзі  қайтадан  алынады немесе  соған  ұқсас  мәтін  алынып,  қайталанады,  диктант  жаздырылады.

Жұмыстардың  жүйесі:  Орфографиялық  жаттығулардың  бірнеше  кезеңі  бар:  а)  алғашқы  кезеңде  әдетте,  оқулықтағы  немесе  тақтаға  жазылған  дайын  материал  алынады.  Бұл  материалдар  мұғалімнің  көмегімен  талданады,  оқылған  ереже  бойынша,  жазылған  сөздер  табылады,  нақты  үлгі  бойынша,  балалар  ереженің  практикада  қалай  қолданылатынын  түсінеді.  Мұнда  оқылған  орфограммаға  сай,  жеке  сөздер,  сөз  тіркестері  немесе  сөйлемдер  ғана  беріледі.  Мұны  дағдыны   бекітудің  алғашқы  кезеңі  деуге  де  болады.

ә)  екінші  кезеңде  де  дайын  мәтін:  сөз,  сөз  тіркестері,  сөйлемдер  беріледі.  Мұнда  оқылып  отырған  орфограммаға  сай, сөздердің  ішінде  басқа  ережелерге  де  жататындары  болады.  Ұсынылған  материалдардың  ішінен  балалар  керектісін,  оқылып  отырған  ережеге  сай келетіндерін  іріктеп,  тауып  алады;  неге  ол  сөзді  алды, ол  сөз  бұл  ережеге сай  келе  ме – дәлелдейді.  Бұған  қосымша,  балалар  сұрақтарға  жауап  қарастырады,  ескерту  диктантын  жазады.

Бұл  кезеңдегі  ең  көп қолданылатын  жаттығулар:  көшіріп  жазу,  үлгі  сұрақ  бойынша  сөзді,  сөйлемді  аяқтап  жазу.  Бұл  орфограмманы  білу  кезеңі  деп  аталады. Балалар  ережені  қрлданып  үйрене  бастайды,  жазғандарын  дәлелдеп,  негіздей  алады. Сөздердің  жазылуын  әуелі  дәлелдейді,  сонан  соң  ғана  жазады.

б)  балалар  өздіктерінен  басқа  құбылыстардың  ішінен  оқылып  отырған  ереженің  объектісін  тауып  бере  алады.  Мұнда  жеке  сөйлемдер де,  тұтас  мәтін  те  беріледі.  Балалар  мәтінді  көшіреді:  қалдырылып  кеткен  сөздерді  үлгі,  сұрақтарсыз  өздері  тауып  жазады;  Бұл  кезде  ескерту,  түсіндіру,  іріктеу  диктанттары жаздырылады.  Бұл  үйрену  кезеңі  деп  аталады.

в)  орфографиялық  дағдының  автоматтана  бастау  кезеңі.  Мұнда  балалар  орфография  туралы  ғана  емес,  жазу  жұмыстарының  басқа  жақтары (мазмұны, лексика,  синтаксис,  жоспар)  жөнінде  де  ойланады.  Бұл  кезеңде  балалар  грамматикалық – орфографиялық  тапсырмаларды  орындап,  көшіру  жұмыстарынан  басқа  ескерту диктанты, түсіндіру, ерікті,  шығармашылық, бақылау  диктанттары,  түрлі  мазмұндама,  шығармалар  жазады.

г)  қалыптасқан  дағдыларды  жетілдіру  кезеңі1.  Жазылуы  бірыңғай  сөздерді  байланыстырып,  оларға  тән ортақ  заңдылықты,  жалпылықты  анықтау;  түбірлес  сөздерді  табу,  сөздердің  синонимін,  антонимін табу,  омоним  сөздерді  табу.  Бұл  кезеңде  диктанттың  барлық түрі  жазылады,  оқыған  ережелер  бойынша  қалыптасқан  дағдылар  толық  автоматтанады,  сондықтан  мәтінді  алдын  ала талдаусыз  жаздыра  беруге  болады.  Сөздіктен  қарауға,  мұғалімнен  сұрауға  рұқсат  етіледі.

Жоғарыда  көрсетілген  жүйені  өзгертуге  болмайды  деп түсінбеу  керек.  Нақты  жағдайларға:  балалардың  жас  ерекшеліктеріне,  дайындық  дәрежелеріне,  алған  білімдері  мен  сөйлеу  дағдыларына  қарай  өзгеріс  болуы  мүмкін.  Алайда, мұғалім  осы  көрсетілген жұмыстардың  жүйесінің  толық  орындалуын  қамтамасыз  етуге  тиіс.

Жаттығу  жұмыстарының  жүйесіне  қарай,  материалды  таңдауға  қойылатын  талаптар  туады.  Жаттығуларды  жүргізу  үшін  алынатын  материалдар  да  бірден-бірге лексикалық,  синтаксистік  жағынан  күрделене  түсуге  тиіс.  Материал  таңдауда  әсіресе  мына  жағдайлар  ескеріледі:

  1. Грамматикалық немесе  орфографиялық  құбылыстарды  түсіндіру  кезінде  бақылау  үшін  анағұрлым  жеңіл,  анық  материалдар  алыну  керек.  Бұл  кезде  оқушылардың зейінін  оқылып  отырған  ережеден  басқаға  алаңдататын  нәрселер  болмағаны  жөн. Оқушылар  бақылағандарынан  дұрыс  қорытынды  шығара  алатындай болсын.

Жаттығуға  арнап материал  таңдағанда  тіл  дамыту  мен  жазу  жан-жақты  ескерілуге  және  бұрын  өтілгендерді  үздіксіз қайталау  есте  болуға  тиіс.

  1. Жұмыстың әр  түрлі  кезеңдерінде  біртектес  (сөздік,  фразалар  немесе  мәтін)  материалдарды  қайталап  отыру  дұрыс  болмайды.  Мысалы,  алғашқыда  «қала»  сөзіне  түбірлес  сөз  тапқанда  «қалалар»  десе,  кейінгіде  «қалалы,  қалашық,  қалашыл т.с.с.»  сөздер  айтқызылады.

Қазіргі  кезде  орфографияны  меңгеру  үшін  көру  мен есту  органының (көшіру  мен  диктанттың)  қайсысы  маңыздырақ  деген  мәселе  жөнінде  талас  жоқ.

Сауаттылыққа  үйренуде  сезім  анализаторларының  барлығы  да:  есту  де,  көру  де,  қол  қозғалысы  да  қатысуы  керектігі  зерттеліп  анықталды.  Оның  үстіне  көшіру  немесе  диктант  сияқты  жазу  түрлерінің  қазіргі  кезде  әр  түрлі  варианттары  шыққанын  жоғарыда  айтылғандардан  байқағанбыз.

Мұғалім  қандай  да  болмасын,  бір  сезім  органына  жаттығудың  қай  түрі  дұрыс  келеді  деген  мәселеден  гөрі,  бір  жаттығуда  таным  қызметінің  қандай  операцияларды  орындауы жайлы,  олардың  комплексті  қатысуын  қалай  қамтамасыз  етуге  болатыны  жайлы  көбірек  ойлауға  тиіс:  анализ,  синтез,  жалпылау,  ұқсастық  пен  айырмашылықты  табу,  абстракциялау,  топтау,  жүйелеу  т.б.

Сөйтіп,  орфографиялық  немесе  пунктуациялық  сауаттылық  дағдыларын  қалыптастыруда  оқушылардың  зейінін,  ойы-есін,  қиялын т.б.  таным  қабілеттерін  дамытуға,  сондай-ақ  олардың  ауызша,  жазбаша  тілін  дамытуға  көп  күш  салу  қажет.

 

2.2. Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы

 

Жалпы  сауат  ашу   тарихында  түрлі  тәсілдер   қолданылған.  Олар  мыналар:

  1. Әріп теріп  оқыту.
  2. Буынға бөліп  оқыту.
  3. Сөзді оқыту.
  4. Дыбысты  талдай  оқыту.
  5. Дыбыстық жинақтау
  6. Талдау-жинақтау әдістері.

         Дыбыстық   талдау-жинақтау   әдісінің    негізін  қалаған  —  орыстың  ұлы  педагогі  К.Д.Ушинский1.   Бұл   әдіс – сауат  ашу  жұмысының   негізгі  мақсатын  көздей   жасалған. Дыбыстық   талдау-жинақтау    әдісін  жетілдірудегі   басшылыққа  алынған    жағдайлар-   педагогика,   психология   ғылымдарының,   тіл   ғылымының   жетістіктері   мен   уақыт   талабы.

Дыбыстық  талдау – жинақтау   әдісі.

        Бұл   әдістің   негізгі   талдаудан   және  жинақтаудан   тұрады.   Талдау  мен  жинақтау  әдістерін   жеке  сөз   етуге     болғанымен,   сауат  ашу  жұмысында  екеуі  де   қолданылады,  бірін-бірі    ауыстырып,   бірін-бірі   толықтырып   отырады.   Көбіне  алдымен  талдау,  содан кейін  жинақтау   әдісі  қолданылады.   Бірақ   «Әліппе»  кезеңіне    байланысты   жинақтау   әдісі  бұрын,   талдау   әдісі   аралығында   ғана  қолданылуы  мүмкін.    Тек   осы  екі  әдісті   ұштастыру   арқылы  ғана   сауат  ашу   жұмысын    ойдағыдай   жүргізуге  болатынын   мектептер   тәжірибесі   көрсетуде.

Талдау  әдісі.

         Сауат  ашу  кезеңінде  оқушыларға   жеке    дыбыстар    таныстырылады   да,   әріптер   сол  дыбыстардың   шартты  белгісі  ретінде  дыбыстан    кейін   көрсетіледі.

         Дыбыстармен  таныстыру   үшін   әуелі  оларды  сөз  ішінен  бөліп,   жеке  дыбыстау  қажет.   Ал   сөзді   дыбысқа  бөліп,  тұтас  дыбыстан    машықтанған    балалар  алғашқы     кезде  сөздің  жекеленген  дыбыстардан   құралатынын   тез   меңгере   қоймайды.    Сондықтан   сөз   ішінен   жеке  дыбыстарды   ерекшелеп   бөлудің   түрлі   жолын  іздестіру   қажет.    Әрбір   сөздің    өзіндік   буындық    және   дыбыстық   ерекшелігіне   байланысты   талдау  жолы   да  түрліше  болады.    Сол    жолдардың     барлығын     сарқа   баяндап,    мұғалімдерге  дайын  нұсқау   береміз   деген   пікірден  аулақпыз.  

Мақсат – сол  жолдардың   кейбір   негізгілеріне    тоқталу   арқылы    мұғалімдердің   ізденуіне   жол  сілтеу.   Мысалы,   дауысты  дыбыстарды  бір  буынды   сөздерден   созып   айту   арқылы    оңай   бөліп     алуға   болады.    Айталық,   ал   деген   сөздің  бірінші   дыбысын    а-а-а-ал   деп   созу   арқылы    а  дыбысы  анық   естіледі.    Дауысты   дыбыстың   жеке   өзі   буын    құрап   тұрған   сөздерді  теріп   алып,  оны   буын   жігіне  бөлдіріп,   жеке   дыбысты  танытуға   болады:  а-ла,  о-ра,  ,а-ра.

         Дауыссыз  дыбыстардың    бір   қатарын   тұйық  және   бітеу   буынды  сөздерден   оңай  танытуға  болады.    Олар:   м,  н,  р,  ш,  т   дыбыстары.   Бұл  дауыссыздардың  да   кейбіреуін   созып    айту   арқылы   бөлдіре  аламыз.   Сөзді  жартылай   айтқызу   арқылы  т  сияқты  шұғыл   дыбыстарды   ажыратуға   болады.    Аттың   суретін  көрсетіп,  ат    деген  сөзді   хормен  айтқызғанда,    оқушылар   а-а-а-а    деп  айта  бастағанда   сөзді  аяқтатпай    тоқтатып    қойса   оқушылар   ат  деген  сөздің   соңғы  т  деген  дыбысты    айтып   үлгере  алмайды.   Бұдан  кейін    мұғалім   ат  деген  сөздің  қай  дыбысы  айтылмай    қалғанын  оқушылардан  сұрайды.     Бұлай  еткенде  оқушылар   ат   деген    сөзбен    а  деген    дыбысты   салыстыру    арқылы    т  дыбысын   сөзден   өздері  ажыратады.   Қысаң    ы    дыбысы    мен   і   дыбысын   қосымшадан  немесе    жалаң  буыннан   ажыратуға  болады.    Жіңішке   дауыстылар    жуан   сыңарларымен    салыстыру   арқылы     оңай   танылады:    ал  —әл,   ор  —өр    деген    сөздерді  салыстыру  арқылы   оқушылар   соңғы  екі    сөздігі  ә,  ө    дыбыстарының  а мен   о  дыбыстарынан    ерекшеленетінін     білетін   болады.   

                                                     Жинақтау  әдісі.

        Жоғарыда  біз  сөз  ішінен   жеке   дыбыстарды   ажыратып  алу   жолдарына    тоқталдық.   Бұл  мақсат   жүзеге  асып,   жеке   дыбыс  сөз  ішінен  бөлініп алынғаннан  кейін, сол  дыбыстың таңбасы — әріп   көрсетіледі.   Қазақ  тілінде   оқушылар    екі   әріпті   танығаннан   кейін-ақ,   білімдерін    тәжірибе   жүзінде    бекіту   мүмкіндігі   туады.   Яғни,   екі   әріптің    өзінен-ақ    сөз   құрай   алады.    Бұл  арада   талдау    процесі     жинақтау   процессіне   ауысады.     Талдау   әдісінің    өзінше   қиындығы      болса,   жинақтаудың  да     өзіне   тән   қиындығы   бар.   Мұнда   бұрын   жеке   дыбыстап   оқып,    үйренген      әріптерден    сөз   құрап,   ол   сөзді     тұтас   әріптерін     бір-бірімен   үзбей   оқу     үшін   арнаулы   машықтану   қажет.    Түрлі   әдістер  арқылы,   біртіндеп   машықтанатын   болады1.                  

             Дауыстыдан  басталып,    дауыссызға   аяқталған    екі   дыбысты,   тұйық   буынды    ал,   ат,   ас,  аш     сияқты   сөздерді   тұтас   оқыту    онша  қиын   болмайды.    Ол   қиындындық    туғызған  жағдайда   жинақтауды    талдаумен  ұштастыра   жүргізу   арқылы   үйренуге     болады.    Мысалы,     тақтаға   аттың    суретін   іліп   қойып,   оны   ататқаннан  кейін,    ат   сөзінің    бірінші, екінші  дыбыстарын    талдатамыз:  а   және  т   таңбаларын   танытып,     сөз  ішінен   а  және   т   әріптерінің  орнын    тапқызамыз.   Сөйтіп,   екі  әріптен   ат    деген    сөзді   құратып    оқытамыз.   Бұл   арада   әріптерден   сөз  құрату   жинақтау    жолы,    жинақтау   талдаудың   ізімен     жүргізіліп   отыр.     Сондықтан   оқушылардың    көз   алдарынан  суреттен      көрген  ат    та     естерінде   және   бірінші   дыбысы   мен    екінші   дыбысын  ажыратып  танып  алғаннан   кейін,   екі-ақ    әріптен   тұратын   шағын   сөзді    оңай   қосып   оқиды.

         Оқушыларға   дыбыстарды   бір-бірімен    жымдастырып    оқуға            

машықтандырудың    тағы   бір   әдісі —  созып   дыбыстануға   келетін     дыбыстарды    созып   барып,    бір-біріне    қосу.     Мұндайда,     бірінші  әріпті   созып   оқып   тұрғанда,    оқушылар   оған    жалғас   екінші    әріпті    танып   үлгіреді.     Бұл    әдіс  арқылы   да    оқушылар    әріптерді     қосып  оқуға   үйренеді.    Мысалы:      ала  деген   сөздерді   дұрыс   оқуға   үйрету     үшін    әуелі   сөздерді   буынға   бөлдіреміз,    а-ла    болады.    Әрине,   жалаң    буынды    оқушылар   қиналмай   оқиды.    Ал  ла     деген  буынды    бірден   өздері   тұтас   оқып   кете  алмайды.     Сондықтан    бірінші  тұрған   л   әрпін   создырып,   ллл   деп  оқытып,   оған   ааа   деп  қостырамыз. 

Сонда   балалар    лллааа    деп    барып    ла   деген   буынды   оқиды.    Бірте- бірте   екі   дыбыстан    құралған  ашық    буындарды     «Әліппеден»     оңай   оқитын  болады.    Шынында,   ашық  буынды   тұтас   оқу  арқылы   сөзді  буын    жігімен    оқуға    машықтандырады,     буынға   бөліп   оқу  —  тұтас   оқуға     үйренудің  негізі   болып   саналады.     Жинақтауға    әріп  санының   сөздің  не  алдынан,   не  артынан  қосу    жолы  да  жатады.    Мысалы,   екі   құралған  ай     деген     сөздің  алдынан    біде  с   әрпін   қойып,   бірде  т  әрпін   қойып,    бірде   м   әрпін   қойып,   қосып    оқуды  талап  етсек,  олар:    сай,  тай,   май   деген  сөздерді   кеспе  әліппеден   оңай   оқиды.   Себебі   үш   сөздің    үшеуінде    де    ай  деген       сөз   қайталанып    отыр.     Оқушылар    жаңа   сөздердің     тек  біріншісін   тануға   күш   жұмсайды,   кейінгі   бөлігін   бұрын   таныс   болғандықтан    оңай   оқиды.    Сөйтіп,    қиын   тиетін   үш   дыбысты    бітеу   буынды   оңай  оқып  үйренеді.   Ал   бітеу   буындар   үнемі   жалаң  сөз   болып   кездесе  бермейді.   Кейде   екі   буынды  сөздердің    құрамында  да  кездеседі.     Мысалы:   Марат,   Самат,    Сағат   деген    сөздердің   соңғы   буындары   бітеу.    Демек,   осындай    сөздерді   буын   жігімен    оқу   үшін,   оның   құрамындағы   қиын    дыбысын   әуелі   кеспе    әліппеден  құратып  оқытып,   дайындық   жасау   керек.

        Кейде    ұқсас   буынды   сөздерді   құратып    оқыту   да   жинақтаудың    бір   әдісіне  жатады.    Мысалы:     бірнеше   ашық    буыннан   құралған   сөздерді   былай   тізіп  оқытуға   болады:

           Ша-ға-ла               а-ра-ла                        са-па

           Та-ға-ла              са-ра-ла                          тапа      т.б.

       Оқушылар     бірінші  сөздің   үлгісімен   екінші   сөзді    оңай   оқиды.     Мұны    дайын   үлгімен   оқу   жолы    дейміз.       Дайын    үлгімен    оқыту  керек,   бірақ    үнемі   бұл   әдісті   қолдануға   болмайды.    Балалар   жаттап   алып   оқуға   төселіп    кетуі    мүмкін.

         Сауат   ашу  кезінде  талдау   мен  жинақтау    бір-бірімен   тығыз   бірлікте,   байланыста   жүргізіледі:     балалар   талдау   арқылы    сөздің   қандай  буындардан,   дыбыстардан     тұратынын   ажыратса,    іле-шала   жүргізілетін    жинақтау   арқылы   дыбыстардан   буын   құрап,    буындардан    сөз   құрап   үйренеді.    Сөйтіп,    дыбыстарды   жеке — жеке     оқымай,   бір-бірімен   қосып,    буын  етіп,   сөз  етіп    оқитын   болады1.  

          Талдау – жинақтауда     мынадай   жұмыстар   жүргізіледі.

  1. Кез-келген дыбысты   сөз   ішінен   бөліп   алу  не  сөз  ішіндегі   айтылуына   жақындатып   бөліп   айту   (дауыссыздарды   да  даралап   айтудан   қашпау   керек).

      Мұнда   сөз  құрамындағы   үйретілуге   тиісті   дыбысы    бар   буын   анық    естіліп,     ал  дыбыстың    өзі   ерекшелініңкіреп   созылып   айтылғаны   дұрыс.    Мысалы,   «р»    дыбыс  үйретілуі   қажет    болғанда    «ара»    сөзіндегі   «а-ра»    буындары     «а-арра»    делініп,    «р»     дыбысы   ерекшеленіп,    біраз   созылыңқырап     айтылады.

  1. Дыбыстың    артикуляциясын     байқату,    яғни   балаларды  сөз   құрамындағы   үйретілуге    тиісті  дыбыстың    айтылу   процессімен     таныстыру.   Мысалы,   мұғалім    балаларға   «р»    дыбысын   айтқызып   көреді  де,    ол   дыбысты    айтуда    тілдің   қандай     жағдайда    болатынын  

байқаңдар    дейді.    Осы   дыбысты   қайта-қайта   өздері   айтып  көру    арқылы,   олар  тілдің   ұшының    дірілдеп  тұратынын    байқайды.    Сонан   кейін   оқушылардың    назары   «р»   дыбысын     айтқанда   тілдің   қай   жерге  жуықтайтынына   аударылады.     Балалар  тілдің   ұшының   таңдайға    жуықтануынан    «р»   дыбысы  шығатынын  аңғарады.

         Сөйтіп,  балаларға    дыбыстың    айтылуымен   қатар,   өзін де  үйретеді.    Бірақ   мұнда  есте  болатын    жай   тіліміздегі      барлық  дыбыстың    артикуляциясын    білу  керек    деген   ұғым   тумасқа   тиіс.    Жоғарыда   айтылған   тәсілмен   тек   еріндік    және   тіс  пен  тіл   қатысы  арқылы   шығатын   дыбыстарды      ғана  үйретуге   болады.   Ал  ш,  ж,  к,  ғ,  г,  й,  и,  щ,  ц   дыбыстардың      артикуляциясын   аңғару,   әрине,   қиынға   соғар  еді.

Сондықтан   мұғалім   дыбысты  оқытуға    кірісер  алдында   оны  үйретудың   тәсілін  жан-жақты    ойластыруға   тиіс.

  1. Сөздің аяғындағы   немесе  басындағы   дыбысты  түсіріп   айтып,   балаларға    тапқызу.   Мысалы,   мұғалім   «Әліппедегі»      шоттың   суретін   көрсетіп,    «шо»   дейді   де,    «мен  сөзді  дұрыс  айтым   ба?»  — деп  сұрайды.   Балалар   «т»  дыбысын   қосады.   Немесе   тонның   суретін    көрсетіп,   «он»   деп,   «т»   дыбысын   оқушыларға   айтқызады.   Сөйтіп,   суреттегі   киімнің   аты  мен   айтылған   буын   ( немесе   сөз)    құрамындағы   дыбыстарды   жинақтау   арқылы   қандай   дыбысты   қосу   керектігін     саналы  ұғады.
  2. Айтылуына  қарай   дыбыстарды,   жазылуына    қарай   әріптерді  салыстыру.   Мысалы,   қол-көл,   тор-төр,    от-өт    сияқты   сөздер  арқылы   «о»     дыбысы   мен   «ө»   дыбысының   айтылуындағы   айырмашылық     аңғартылады.    Сонымен   бірге  жазылуындағы    ұқсастықтар   мен   айырмашылықтарға    көңіл   бөлінеді. Осылайша,    қ-к,   с-з,   ғ-г,   а-ә,   ы-і     дыбыстар   да   жұпталып,    салыстырылып,   сөздерді    талдау- жинақтау    арқылы   үйретіледі.
  3. Үйретіліп отырған  дыбыстың    сөздің    басында,   ортасында,     аяғында   келетіні    де   сөздерді      талдау   және    жинақтау   барысында   ұғындырылады.    Мысалы,    «қ»   дыбысын    үйрету    керек   делік.      Мұғалім    бұл   дыбысты    балаларға   айтқызып,   таныстырғаннан   кейін    қора,  ақ,   оқушы     сияқты   сөздерді   айтып,   буынға,    дыбысқа   талданады;   «қ»   дыбысының    қай   буынында,    нешінші   буында     тұрғаны   анықталады;   қайта   жинақтау   барысында    «қ»    қай   жерде    тұрғанына    көңіл   бөлінеді.   Осыдан    кейін   бұл   дыбысқа    балалардың   өздері   сөз   ойлап    табады.
  4. Буынды немесе   сөзді   есте   сақтау   арқылы    оқу.     Бұған,   мысалы    қала    сөзін   алайық.    Оқушылар  оны   дыбысқа,   буынға   ажыратып   талдағаннан   кейін,    жинақтап,   кеспе   әліппеден   құрастырады;    енді    оқуға  келгенде    іркілеп    қиналады   немесе   әр  әріпті   ежіктеп    «қ-а»   …  деп   айта   бастайды.    Сол   кезде    мұғалім:    «құрастырған   сөзіміз   қалай   еді?»  —  деген   сияқты   сұрақтар   арқылы   бастапқы   сөзді    ( оқушылардың   құрастырған   сөзін)     еске   түсертеді.    » Ол   сөзді    қалай  айтатын    едік?   (мысалы,   қа-ла).    Міне,   осылайша    оқыңдар,» – дейді.    Оқушылар   кеспе   әліппеден    құрастырған   сөзді   бірден    оқып  береді.
  5. Дыбыс  алмастырып   оқу.     Мысалы,     балалар   талдау-жинақтау   арқылы   «қара»    сөзін   құрастырып,    оқыды   делік.   Енді    бірінші   буындағы    «а»    әрпінің   орнына   мұғалім   орнына       «о»    қояды,   «қора»   деп   оқиды.

         Адамның   психикалық   қабілеті   сезім   мүшелеріне   сыртқы    дүниенің   ықпал   етуі   арқылы,   сезім   мүшелерін   жаттықтыру   арқылы  дамиды1.

           Мектепке     алғаш    келген,    бала   ежелеп    оқиды,    оның   көру    аумағында   бір   ғана    әріп   тұрады,     көбінесе   қайта-қайта    бұрын   оқыған   әрпіне   көз   жүгіртіп   отырады,   әр   әріпке   жекелеп   көз   тоқтатады,     «оқу   аумағы»  тар  болады.    Осының   салдарынан     олардың   оқығанды    түсіну    дәрежесі   де    төмен.    Ал   әріпті    тану    дағдысының   

қалыптасып    жетілуімен    қабат   баланың   «көру,   оқу,    аумағы»    кеңейіп,   ол  бірте-бірте    буындап   оқуға,    онан    әрі   тұтас   сөзді     оқуға   дағдылана     бастайды.  Мұндай   дағдыға   ие   болу   балалаға   оп-оңайға   түспейді,   ол   көп   күш   жігерін   жұмсайды,  мұнда   әсіресе   зейіні    мен   еркі    үлкен   рөл    атқарады.    Осының   барысында    зейін   мен    еріктің    төзімділік    қасиеті   жаттыға   түседі.

          Сауат   ашу    кезінде    бала   бар   зейінін   жеке   әріптерді,    буындарды    қосып   алуға    жұмсайды   да,    сөздерінің   арасындағы   байланыстарға   зер  салмайды. Осыған   орай, олардың  түсініп    оқудан    гөрі   механикалық  оқуы басым  болады.    Сондай-ақ   олар   іштей   оқудан   гөрі    дауыстап    оқуға    дайын    тұрады.    Оларға     таңбалануы     мен  

айтылуы   бірдей   сөздерді    оқу  да,   жазу  да  біраз  қиындық   келтіреді.    Ондай   қиындықтан    практикалық   жолмен   ғана   шығуға   болады,   яғни      «ақ аю»,   «сары  ала»  сияқты  жазылатын   сөздердің    оқылуының    үлгісін   мұғалім    үнемі   ескертіп,    дұрысын    оқытып     отырса,     балалар   жаттығудың    арқасында    біраздан    кейін    дағдыланады1.  

         Сауат   алу   барысында    баланың  жазу  процесінде  де  айтарлықтай   ерекшеліктер   кездеседі.    Алғашқы    кезде    бала  ежіктеп   оқыған   сияқты,   әр   әріпті    таңбалау     барысында   оның     дыбысын   дауыстап   отырады.

         Сауатты   адамдар   жазғанда    есіне  тұтас   сөзді   ғана  емес,    сөйлемді   ұстайды.    Бірақ    олар   жазғанда    еріктің   бір   толқынынан   туған  өзара     байланысты,    жүйелі   бір   қозғалысты  (импульсті)   іске  асырады.    Мысалы,    бір  сөз   жазғанда     бір   импульс    іске   асады.  Ал   жаңа   сауаттана   бастаған       бала  бір   әріпті   жазу  үшін    оның   құрамындағы   элементтердің    әрқайсысына      (таяқша,  ілмек    т.б.)    бір-бір   импульс    жұмсайды. Мұнда да   көптеген   ерік  күшін    жұмсап,   үнемі   тиянақты    зейін   қойғанда  ғана   ұзақ   уақыт   жаттығу    жұмыстарының    

нәтижесінде жұмыстарының    нәтижесінде   барып    дағды   қалыптасады?   Саусақ   дағдыланады;    ерік,    зейін,    сананы  бағыттайды.      Сана    жазылатын      әріптің    немесе    сөздің,   сөйлемінің    мазмұнын   ұстайды;     сөйтіп,     бірте-бірте   санада   тұтас  сөз      немесе   сөйлем  сақталады  ды,    оларды   жазу   тұтас   бір   акт  ретінеде   орыдалады.

          Сауат   ашу    кезеңінде    балалардың    бойында   мынадай    шеберлік     қалыптасуға   тиіс:  1)  дыбыстардың   орын-орнына   қойып   сөз   құрастыру;   2)   кеспе  әліппе      әріптерінен   сөз   құрау   және   жазу;   3)    сөздердегі   жуандық  белгі   (ъ)   және    жіңішкелік   белгілердің   (ь)    айырмашылығын    ұғу;    4)   қандай   да   болмасын    тіркесіп   келген    дыбыстардан   құралған    сөздерді оқи   алу;   5)   әліппедегі   мәтіндерді  екінші  рет   оқығанда   тыныс   белгілерін    сақтап    оқи   алу;    6)     қарапайым   мәтіндерді   мұғалімнің   сұрағы   бойынша   айтып   беру;   7)    қысқа  өлеңдерді   жатқа   айта  алу;  8)    заттар   туралы   елеске   сүйене   отырып,   қарапайым    логикалық    жаттығуларды    орындай   алу1;   

        Сауат   ашу    кезеңінде    балаларда   мынадай    дағдылар   қалыптасады:    1)   сөзді  буындап   және   тұтас   сөздерді   дұрыс   оқу;     2)    көлемі   шағын    мәтіндерді    саналы,    түсініп   оқу;   3)    айтылуы  мен  жазылуы   бірдей,    кейбір сөздерді   жазу;   4)    жазған  сөздерін   тексеріп  отыру;    5)   әріптерді   бір-бірімен   жалғап   жазу.

         Сауат   ашу   кезеңі    негізінен   үшке   бөлінеді:   1)  әліппеге   дейінге   дайындық   кезеңі;    2)   әліппе  кезеңі;    3)      әліппеден  кейінгі   кезең2.       Әр   кезеңнің   өз  мақсаты  бар:                          

                                                       Дайындық  кезең.

            Бұл-«Әліппе»   мерзімінің    жеделдетуіне,    үш   айда    сауаттандыру   ісін   аяқтауға   байланысты.    Дегенмен,    осы   аз   уақыттың   өзінде   мұғалімдер пайдалы  әдіс-тәсілдерді  қолдана  білсе, оқушыларды   мектепте дұрыс   жүріп-тұруға,   сыныпта   отыра  білуге    төсілдіруге   болады.

           Дайындық    кезеңде    оқушыларға    ертігі,   әңгіме    оқып   беріп,    өлең  жаттатып,   сурет   салғызып,   білуге   құмарлығын   арттыруға,    қағаз,   қалам    ұстауға   машықтандыруға   болады.   «Әліппе»    суреттерін    падалана   отырып,    сөйлем,    сөйлемнен    әңгіме   құратуға    және    сөздерге   дыбыстық   талдау   жасауға  машықтандыру    керек.     Сабақта     сөйлеу,   сөйлем,   сөз,    буын,    дыбыс    деген  ұғымдарды    оқушылар   тәжірибе  жүзінде   меңгеретін    болады.

                                              Сауат   ашудың   бірінші   кезеңі.

         Бұл   кезеңде   дауысты   дыбыстардың    жуан,   жіңішке    болып  бөлінуі,   ашық     естілетіні;     дауыссыз   дыбыстардың    ұяң,   созылыңқы,  

кейбір    шұғыл    түрлері   таныстырылады.    Буындардан    екі   дыбысты   тұйық,   ашық,    үш   дыбысты   бітеу    буындар   оқылады.    Екі,   үш,   төрт  әріптен   құралған    сөйлем   оқылады.

                                          Сауат   ашудың  екінші   кезеңі.

          Екінші  кезеңде   оқушылар  қысаң  дауысты   дыбыспен    танысады,    оның   жазылу     таңбасын   үйренеді.   Бұрыңғы    сабақтарда  өткен   буын   түрлерін   қайталайды   және    негізінен,    ашық   буынды    сөздерге   көшеді.    Бұл   кезеңде   үш-төрт  буынды    сөздер    кездеседі.   Алғашқы   рет   шағын     әңгімені   оқиды.  «Әліппедегі»   сюжетті   суреттерді   қарап,   сөйлем   құрайды,   құраған   сөйлемдерінің    мазмұнын    өз  сөздерімен   айтып    үйренеді.  Кестемен  берілген   мәтіндерді  оқуға   машықтанады.

                                       Сауат  ашудың    үшінші   кезеңі.

          Бұл   кезеңде    оқушылар   жіңішке   дауысты   дыбыстарды    және   сөз  ішінде    кездесетін   к-г    тәрізді   дауыссыз     дыбыстарды     сөз   ішінен    ажыратып,  оның    әріп    таңбасын    жазып   үйренеді.    Бұл      кезеңде    буын    түрлері   күрделеніп,    буын    саны   да   көбейе   түседі.

                                         Сауат  ашудың    төртінші     кезеңі.

         Бұл   кезеңде   тілімізге   орыс  алфавитінен   енген    дыбыстар   мен   олардың    әріп   таңбаларын    жазып   үйренеді.

                                       «Әліппеден»   кейінгі   кезең.

        Бұл  кезеңде  оқушылардың  оқу   және  жазу   машықтары   жетіле  түседі.    «Әліппе»    соңында   бірілген     материалдардың   білімдік,     тәрбиелік   жағына   мән   беріліп,     «Әліппемен»    қоштасуға   арналған   өлең,  тақпақтарды   оқып  үйренеді.  Бұл   кезеңнің   ерекшілігін,    маңызын    жете     көрсету    үшін,    «Әліппе   серігін»     түрлі    суретті   кітапшаларды    кеңінен   пайдалану   да   ескеріледі.   

           Дайындық   кезеңде    бөбектерді   бір   коллективке   ұйымдастыру    жұмысына    баса   назар   аударылады1.  

           ¤йткені   6-7  жасар   баланың   мектепке    оқуға    түсуімен   байланысты,    жаңа  жағдайға,    жаңа   адамдарға   (мұғалімге,   балалар)    үйрену,   олармен   қарым-қатынасқа   түсу   балаларға   әжептәуір   салмақ   түсіреді.   Мұнда   балалардың   барлығы   бірігіп,   әсіресе   бір-бірінен   сұрап,    анықтау   арқылы   орындайтын     тапсырмалар   беру   оларды   жақындастырады.   Сонымен    қатар   балаларды    біріктіруде   ойын   ерекше  рөл   атқарады.   (мысалы,   шеберхана  ойыны.)

            Дайындық   кезеңінде  оқуға,    жазуға   әзірлік   жасалады.    Мұғалім   балалардың   білім   дәрежесімен   танысады;     қалай   сөйлеу  алатындары,  қандай   өлең,    тақпақтар  білетіндері    анықталады.

      Бұл   кезеңде   мынадай   жұмыстарға   баса  көңіл  аударылады:

  1. Балалардың   сөздік  қорын   анықтау;
  2. Балаларға ауызша  қысқа-қысқа   сөйлемдер   құратып,    өз  ойларын    айтып   беруге  дағдыландыра    бастау;
  3. Балалардың   тіліне,   сөйлеу  мәнеріне      көңіл аудару:   тіл  мүкістіктері,   кейбір   дыбыстарды    анық  айта   алмау   жақтарын   жою   бағытында    жұмыстар  ұйымдастыру.
  4. Мұғалімнің    және   жолдастарының    сөздерін   тыңдай   білуге    дағдылантыра  басқару.
  5. Сөйлем,   сөз,   буын,   дыбыс   туралы   ауызша    түсінік   беріп,    сөйлемді   сөзге,  сөзді   буынға,   буынды   дыбысқа    жіктеуге   дайындық.
  6. Жазуға   дайындық    жұмыстары  жасалады:   партаға   дұрыс   отыру,   қарындаш,   қаламды   дұрыс   ұстау,    дәптерді   партаға   дұрыс  қою,   сия   сорғыш,    өшіргішті  пайдалану   сияқты   жұмыстармен   қатар  балалар    дәптердің   сызығымен   таныстырылады:    өздері   тік,    көлбеу,   ирек   сызықтар    сызып   дағдыланады.    Оқушылардың   қолын   жазуға   жаттықтыру    үшін  мұғалім   әріп    элементтеріне   ұқсас    фигуралар   жасап,   оны   оқушыларға   сыздырады.

         Дайындық   кезеңінде   балалардың    зейін,   ерік,   қиял    т.б.   ерекшеліктеріне    баса   назар   аударылады.   1  сынып   оқушылары   бір

нәрсені  зейін   қойып,   тыңдай   алмайтыны   сияқты,   өз   қиялдарын   да   бақылай   алмайды.  Олардың   қиялы   мен   шындықтағы   заттардың,   құбылыстарының   арасындағы   айырмашылық   көп  болады.   (мысалы    балалар   суретте     көрсетілген    заттарды   атап   тұрып,   онда   жоқ    нәрселерді   де   қосып   айтады.). Бұл  кезеңде   жүргізілетін    жұмыстың   ерекшелігінің  бірі —  балалардың  мектепке  дайындық   дәрежесінің  әр   түрлілігі.  Осыған  орай, жекеленген   балаларға    қалай    ықпал   жасу   жолдары  мен   жұмыс  түрлері    ойластырылады.   «Партаға   түзу   отыр»,   «Қаламды  дұрыс  ұста»    сияқты   плакаттарды   көрсетіп,  (егер  мектепте  жоқ  болса,  ондай  плакаттар  алдын   ала  дайындалуға   тиіс),   соған   сай    әңгімелер   өткізіледі.   ¤йткені,   балалар  отыру,   жазу,   қалам  ұстау    ережелерін   бұлжытпай    орындауға   жаттықанда   ғана   саусақтарының    бұлшық   еттері  дұрыс  дамып    жетіледі.

         Алғашқы   сабақтарда   балалардың   тілі   мен  ойын   дамыту      жолында     алуан  түрлі   жұмыстар   ұйымдастырылады:    әңгімелесу,   көркем  шығармалар   оқу,     ауыз  әдебиет   үлгілерін   (жұмбақ,    мақал-мәтел,   жаңылпаштар  т.б.)   жатқа   айту,   өлеңдер   жаттау,   экскурсия    бойынша     әңгіме  барысында    мұғалім   өзі   қоятын   сұрақтарын   мұқият  ойластырады.  

         Дайындық  кезеңіндегі  әңгіменің  ерекшелігі  оның  қысқа  (4-6  минут)  болуында,  әсерлілігінде,  мұғалімнің  сөзінің  логикалық   жүйелілігінде,  мәнерлігінде,  тақырыбы  жағынан  балалардың  күнделікті  өміріне  қабысып  кетуінде. 

          Дайындық  кезеңінде  мектеп  тәртібі,  оқу-құралдары  мен  оқу  жабдықтарын  пайдалану  тәртібін   үйретуге    ерекше    көңіл   аударылады.  

        Осы  айтылғандармен  қатар  дайындық  кезеңінде  кейбір   әріп   элементтерімен   таныстырып    таңбасын   жасатып    үйрету  де    пайдалы   (мысалы,  «А»   үш   таяқшадан   турады:  екі  таяқша    төбелерін    түйістіріп    тұрады   да,    үшіншісі    кесе    көлденең    тұрады   т.с.с.).  

          Кеспе әріптердің кассасын  жасату және оның пайдалану   жұмыстарына    жаттықтыру    да    осы   кезеңде    іске    асырылғаны    жөн.   ¤йткені   әріп   таныту    кезеңінде    балаларға    қойылатын   талап   тым   көбейіп   кетеді    де,    олар   үлгере    алмай    қалады.  

         Дайындық   кезеңіндегі    сабақтардың    жүйесін    былайша    көрсетуге    болады: 

«Сөйлем   және  сөз»    тақырыбына   арналған   сабақ   (ауызша).

  1.   Мұғалімнің    ертедегі    айтып    беруі   (немесе   әңгіме   оқып   беруі). 
  2. Айтылған ертегі  (немесе   оқылған    әңгіме)    бойынша    сұрақ-жауап    түрінде     әңгімелесу.
  3. Тыңдағандарын     оқушылардың   өздеріне   айтқызу.
  4. Әңгімені   сөйлемге   ажырату.
  5. Сөйлемдердегі   сөздерді    табу.
  6. Ертегідегі (немесе    әңгімедегі) ең    қызық     суреттелген    жерлерді    балаларға    айтқызу.

«Сөз   және   буын»   тақырыбы    бойынша    сабақ   (ауызша).

  1. Әліппенің    алғашқы    беттеріндегі    суреттер    бойынша    әңгіме     жүргізу.
  2. Оқушылардың    айтқандарын    сөйлемге    талдау.
  3. Сөйлемдерді    сөзге     талдау.
  4. Сөздерді    буынға    талдау.
  5. Сөздің    басқы    немесе    соңғы    буындарын    жауып    қойып,   оны    оқушыларға    табқызу.
  6. Әңгімелеген заттардың    суреттерін   салу     немесе     пластилиннен    жасату.

Дыбыспен    таныстыру   сабағы.

  1. Жұмбақ жасырып,    оқушыларға    шешгізу; осы    жұмбақ    пен    оның   шешуі    бойынша   әңгімелесу.
  2. Әңгімені сөйлемдерге,   сөйлемдерді   сөздерге,    сөздерді    буындарға    талдатқызу.
  3. Дыбыспен    таныстыру   (Мысалы,   а-ра,  ал-ма,  а-ғаш,   а-па  т.б.   сөздерді   талдай   отырып,  «а»   көңіл    аударылады.).
  4. Таныс   дыбыстан    басталатын    сөздер   ойлату.
  5. Айтылған   кейбір   сөздердің   суретін   салғызу.

Әріп    элементін    жазуға   үйрену   сабағы.

  1. Балалардың   қарындаштарын,    дәптерлерін    дайындау.
  2. Оқушыларды жазуға   даярлау.   Қарындашты   қалай    ұстау   керектігін    көрсетіп,   саусақтарын   бүгу,   жазу,   ауаға   жазғызып    жаттықтыру.
  3. Бүгін    дәптердің   бір    бетіне   жалауша    салатындарын   айту.
  4. Тақтаға жазып   көрсету    және    оны    қайта   ауаға    жазып    көрсету.
  5. Балаларға    дәптерлеріне    жазғызу.

Сөйлемді  сөзге,  сөзді  буынға    ажыратуға   жаттығу    сабағының   үлгісі.

Тақырыбы:   сөйлемді   сөзге,    сөзді    буынға   ажыратуға   жаттығу.

       Көрнекі   құралдар:   Әліппе    кітабының    алғашқы   беттеріндегі    жеке   суреттер.

      Сабақ    барысы:   Жеке   суреттерді   қарап,   оларды   атау.   Сұрақ  жауап арқылы   суретте   көрсетілген   заттарды   әрқайсысына   лайықты сөйлемдер құрату.   Мысалы,   -Үйрек    қайтеді?   — Үйрек   ұшады    деген   сөйлемде   неше    сөз    бар?   -Үйрек   ұшады   деген   екі   сөз   бар.   – Бірінші   сөз   қайсы?   —  Бірінші   сөз  —  үйрек.   – Жақсылап   тыңдап   отырыңдар,   мен    бірінші   сөзді   нешеге   бөліп   айтар   екенмін.   – Үй-рек.  Нешеге   бөліп   айттым?   —  Екіге   бөліп   айттыңыз.  – Бірінші    бөлігі    қалай?   —  Бірінші   бөлігі   —  «үй».   —  Екінші   бөлігі  ше?  -Екінші   бөлігі —  «рек».

         Осылайша   екінші   сөз   (ұшады)   де   талданады.   Енді   бұл   сөздерді   балалардың   өздері   айтады.   Сонан   кейін   буынның   мәнісі,    әр   буынды   айтқан   сайын   ауыздың   ашылуымен   бірге   иектің    ілгері   қарай    қозғалатындығы   түсіндіріледі.   Иектің   қозғалысын   байқату   үшін   сөзді   буынға    бөліп    айтқанда   алақанды   иектің     астына   ұстау   арқылы   тәжірибе   жасатып    көруге    болады.    Иек   екі    буынды   сөзде   алақанға   екі   рет,   бір   буынды   сөзде   бір   рет    тиетініне   олардың   көздері   жетеді.

         -Сонымен   бүгінгі   сабақта   не    үйрендік?   — Сөйлем   құрастырдық,   сөйлемдегі   сөздерді   буынға   бөліп   үйрендік.

         — Енді   суретке   қарап,   жақсылап   тыңдап   отырыңдар    Мен   сөздің    бірінші   буынын   айтамын,    қалған   буынды   жалғастырып    айтып    тұрыңдар:  би-дай,   үй-рек,   та-уық  т.б.

         — Біз   өткен   сабақта не   туралы   әңгімелесіп   едік?   —  ¤ткен   сабақта    біз   «Бақша   өсімдіктері»   туралы   әңгімелескенбіз.

         —  Бақшада   не   өсірілетін   еді?

         —  Бақшада   қауын,   қарбыз,   т.с.с.   өсіріледі.

         —  «Бақшада   қарбыз   өседі»   деген   сөйлемде   үш   сөз   бар.

         Олардың   қандай   сөздер  екені   қайталанып   айтқызылады,    сол   сөздер   буынға   талданады.

          Үйге   екі   үш   буыннан   құралған   сөздер   ойлап   келу    және    бақшада   істеген   жұмыстары   туралы   әңгіме   айтуға   дайындалу   тапсырылады.

Дыбыспен   таныстыру   сабағының   үлгісі

Көрнекі   құрал:   аттың,   ағаштың,   алманың   суреті   және   «Әліппедегі»   суреттер.

        Сабақтың   барысы:  оқушылардың  назарын    сабаққа    аудару   үшін,   балаларға   көздерін   жұмып,   аз   уақыт   не   естілетініне    құлақ   салып  отыру   тапсырылады.  Балалар  машинаның   дүрілі,    біреудің    даусы   т.б.   дыбыстар  естігенін   айтады.     Біздің   сөйлейтін    сөздеріміз   де   осы    сияқты    дыбыстардан   құралатыны    түсіндіріліп,    Ажар,   апа,   Асыл   т.б.с.   сөздер   мысалға   келтіріледі,   буынға   бөлінеді   (А-жар,  а-па,  А-сыл).    Бұл   сөздердің    басында   қандай    дыбыс   естілетіні   сұралады.   Балалар  «а»   дыбысының   естілетінін   айтады.   – Осы   дыбысты    бәрің   де  айтып көріңдерші.   Әлия,   сенде.   Асқар,   сен   де   барлығымыз   айтайық      

         Суреттерді   қарау   және   олардың   атын   атау;   Атауларды   буынға   бөлу.   Ішінде  «а»  дыбысы   бар    сөздер   ойлату.   «А»  дыбысының   таңбасымен   таныстыру.   Кеспе   әліппеден    «а»   әрпін  алып,   оның   екі   тік   сызықтан   және бір   көлденең   сызықтан   құралғанын ажыратып,   қосып   көрсету.   Оқушылар   бұл    әріпті   таяқшадан    өздері    құрастырады   және   оқиды.

         «А»   әрпінің  кіші   таңбасымен   таныстыру.   Оны да   талдау   (сопақшалау   келген   дөңгелек   пен   имек   таяқшадан   тұрады).   Оны   екі    бөлімнен    құрастырып   көрсету   (картоннан   жасалып   әкелген).   Балалар   картоннан   жасалып   әкелінген   үлгіні айнала   сызу   арқылы   «а»   таңбасын   шығарады.   Әріп   кассасынан   бұл   таңбаны   табады.

          -¤ткен   сабақта   балалардың    өздері  атын   айтып,   буынға   бөлген   еді;   бүгін   сол   сөздерді   тағы   қайталайық,-деп,   мұғалім   оқушылар    айтқан    сөздерді   талдау   арқылы    оның   құрамында   «а»   дыбысының    бар   жоғына    көңіл   аудартады.

          Үйге   құрамында     «а»   дыбысы   бар    3-4   сөз   ойлап   келу  тапсырылады.

         Бұл – сауат   ашудың    басты,   негізгі     кезеңі.    Әліппе   кезеңінде   дыбыстар    оқушыларға     алфавит   ретімен   үйретілмейді,   алғашқы   кезде    балаға   есітілуі,   айтылуы   ең   оңай      дауысты   және  дауыссыз       дыбыстар    үйретіледі.      Әр   дыбыстың   тұсындағы   суретке   байланысты    әңгімелер    өткізіледі.

       Қазақ   мектептері   үшін    әліппе  жасаушы    авторлар    мен   сауат   ашу   жұмыстарын    зерттеушілер   әліппе    кезеңін   төртке   бөледі1.

        Бірінші  кезең: жуан дауысты дыбыстар  мен созылымды  дауыссыздар және олардың   таңбалары   таныстырылады.   Грамматикадан:   сөйлеу, сөйлем, сөз,  буын,  дыбыс  практикалық   жолмен   ұғындырылады.

          Ендіше    алғашқы   кезеңнен    бастап-ақ    оқушылар   үлкен  және  кіші   әріптерді  бірден  жазып   үйренеді.   

          Оқу  да,   жазу   да   сөзді  буынға,  буынды  дыбысқа  бөлу  сияқты,   талдау   жинақтау     әдісі,   сонымен    қатар    үдету    амалдарымен    (ат,   ат-а-ата   т.б.)    жасалған   сөздерді    және   бір   ғана    әрпі   немесе   дыбысы   өзгеше   сөздерді   (ана,    ара,   т.б.)    оқу   жазу     әдістері  кең    қолданылады.

            Екінші   кезең:     негізінен   қысаң     дауыстылардың    жуаны   және   қалған   сонор,   ұяң,     қатаң    дауыссыздар          таныстырылады.      Бұл   кезеңдегі   дыбыстармен   танысу   жолдары   да    бірінші   кезеңдегідей     әдістер   арқылы   өтеді.    Мұндағы    айырмашылық  —  ұқсас  дыбыстар   салыстырыла    оқытылады.    Танылатын    әріп    санының    көбейе   түсуіне    байланысты    бұл   кезеңнің    жазу   материалында     қысқа-қысқа   сөйлемдер   кездеседі.

            Үшінші   кезеңде  жіңішке   дауысты    дыбыстармен   к, г, п, б, ж, з, ң   сияқты   дауыссыздар   танылады.   Бұл    кезеңде   оқушыларға   үйретілетін     буын   саны  да   арта   түседі.

        Әліппені    оқытудың   төртінші  кезеңінде    тілімізде   сирек   кездесетін «ћ» сияқты дыбыстар мен  солардың таңбалары таныстырылады.  Сонымен   қатар   бұл   кезеңнің   мақсаты – орыс   алфавитінен    қосылған   әріптерді    және  олардың   дыбыстарын   саналы  түрде    таныту.

Жазу  жұмыстары,     сондай-ақ    басқа   жұмыс  түрлері   де   алдыңғы   дайындық   кезеңіндегі    сияқты   болып    келеді.

          Әліппе   кезеңінде    қолданылатын   негізгі    құрал    («Әліппе     және    «Әліппе    серігімен»   қатар ) – кеспе   әліппе.    Кеспе   әліппеден    балалар   сөз   құрастырады,   сөздерді   буынға,    дыбысқа    талдайды,   құрастырылған   сөздерін    оқып     жаттығады.     Балалар   оқыған    немесе  

жазған    сөздердің   мағынасына   жете  түсінетіндей, қате  жібермейтіндей       дәрежеге   жеткенге   дейін    талданады.

         Балалар   әліппені   өтудің    бірінші   кезеңінде    алдын   ала   буынға,    дыбысқа   талдап,    кеспе     әліппеден  құрастырған    сөздерді    оқитын   болса,    екінші   кезеңде    үдету  амалымен   жасалған    сөздерді   және   бір   дыбысы   өзгеше       сөздерді   оқиды.    Бір   дыбысы    өзгеше   сөздер   мен     мен   үдету   амалы    арқылы   жасалған   сөздерді   оқыту   жұмысы  кеспе  әліппені    пайдалану   жұмысы  мен   байланыстырыла    жүргізілгенде    ғана   тиімді    және  нәтижелі   болып   шығады.

             Үшінші  кезеңде      оқушылардың   оқу   техникасы   мен   жазу   дағдысын    жетілдіре   түсу    мақсатында   «Әліппе»    кітабының     соңғы    жағындағы    материалдар   пайдаланылады.    Бұл   сабақтардың     мақсаты    оқушылардың    әліппеден    алған   білімін   бекіту   ғана   емес,    сонымен   қатар     балаларды   оқу   кітабы    мен  граммтикадағы    материлдарды   үйренуге   дайындау   болғандықтан,   әліппе    кезеңіндегі    сабақтардан    гөрі   әліппеден   кейінгі   кезеңдегі   сабақтар   едәуір   ерекшеленеді.

          Әліппеден   кейінгі   кезеңде    балалар   көлемі   шағын,   қарапайым   қысқа-қысқа   сөйлемдерден   құралған   мәтіндер оқиды.    Кеспе    әліппемен   жұмыс   бұл     кезеңде   де   тоқтатылмайды.    Әріптерден   сөздер  мен   буындарды   құрап   жаттығу   және     оларды   оқу   жұмысы    әліппеден   кейінгі   кезеңде   де   ұштастырыла   қатар   жүргізіліп   отырады.

     Жазуға    берілетін    мәтіндердегі   сөздердің   айтылуы     мен    жазылуы   бірдей,   бір-біріне    сай   болуы     әліппеден     кейінгі   кезеңде   де   қатты   қадағаланылады.    Балалар  бұрын   оқылған,   талданған   сөйлемдерді   мұғалімнің    айтуы   бойынша   жатқа  жаза   алады.     Аяқталмаған      сөйлемдерді    өздері   аяқтай   алады.     Сөйлемдердегі    қалдырылып   кеткен   сөздерді   өздері    тауып,   қосып   жаза  алады.    Мұндай   сөздерді     тауып,   қосу   немесе   сөйлемді аяқтау   жұмыстары,     әрине   оқушылар   бұрыннан    оқып,   талдап   танысқан   сөйлемдері   бойынша    жүргізіледі.

    Әліппе   кезеңінде   жаңа   дыбыс   пен    жаңа   әріпті   үйрету   сабағының   жүйесі

      Оқу   сабағы:

  1. Оқылған   ертегі  немесе   жұмбақ    бойынша     әңгіме
  2. Әңгіме  барысында    қолданылған   сөйлемдердің    ішінен   үйретілелі    отырған    жаңа   дыбыстан   басталатын   немесе    аяқталатын    сөзі   бар   сөйлемді   бөліп   алып,    оған    оқушылардың   назарын  аудару.
  3. Сөйлемді сөзге,  сөзді буынға,  дыбысқа  талдау  арқылы   үйретілетін   дыбысты   бөліп   алу;    осы   дыбыстан   басталатын   немесе    аяқталатын   жаңа   сөздер   ойлап  табу.
  4. Сол   әріптің    баспа  түрін    көрсету,    оның   суретін   таяқшалардан,    қағаз   қиындыларынан   жасап   көрсету,    басқа   әріптердің   ішінен   табу.
  5. Кеспе   әліппеде     сөз   құрастыру   және   оны  оқу.
  6. Бір   буынын     немесе   әрпін    ауыстыру    арқылы   жаңа  сөз    жасау;   буынның  немесе   сөздің    басына,    соңына   әріптер   қосып,   жаңа   сөз  жасау,   оларды   оқу.
  7. Әліппедегі    бағанада    берілген  сөздерді   оқу.

         Жазу   сабағы:

  1. Жазуға  дайындық   (оқушылардың   дұрыс   отыруы,    қаламдарын   дұрыс   ұстауы,    дәптерлерінің   партада   дұрыс   қойылуы)   тексеріледі.
  2. Сөзді   буынға,    дыбысқа  талдау    арқылы     жаңа   әріп    бөлінеді.
  3. Жаңа   әріптің   элементтері    бөлшектеліп   көрсетіледі,    мұғалім    оны   тақтаға   жазып  тұрады,     оқушылар   дәптерлеріне    жазады.
  4. Мұғалім   жаңа    әріпті   тақтаға   жазады.   Оқушылар    осы   әріптен    басталатын   сөздер    ойлап   табады.   Сонан   соң   олар   әріпті   дәптерлеріне  жазып   алады.
  5. Оқушылар   тапқан   сөздерін   буынға,   дыбысқа    талдайды   оқиды.
  6. Талданған   сөздердің    ішінен   барлық    әрпі  түгел   өтілген   сөздерді   оқушылар   дәптерлеріне  жазады.
  7. Суретпен   немесе    пластилинмен    жұмыс.

        Әліппенің  алғашқы    кезеңдеріндегі    сабақтар   осындай   жүйеде   ұйымдастырылады.   Ал   әліппенің   екінші,    үшінші   кезеңдерінде    жаңадан   үйретілетін    әріпке   (әсіресе   баспа     түріне)    жаттығу  жұмысы   көбірек   жүргізіледі.     Мұнда   өтілген   әріптерді   қайталау,     қиындау   буындардан    құрастырылған     сөздерді   оқу,    кеспе   әліппеден  сөз    құрастыру   және    оларды   оқу   жұмыстары     басым   болып   табылады.     Сонымен   қатар   әріптері,    буындары    ұқсас   жұп   сөздер    мен    буындарды   салыстырып   оқу,   жазу   жұмыстары   да     молынан   жүргізіледі.

Әліппеден   кейінгі    кезеңдегі    сабақ   жүйелері.

Әңгіме   немесе  ертегі    оқу   сабағы.

  1. Оқылатын әңгіме немесе  ертегі   тақырыбы   туралы   кіріспе    немесе   дайындық    әңгіме   жүргізіледі.
  2. Әңгіме   немесе    ертегі    қысқа-қысқа   бөлімдерге   бөлініп,    оқушыларға   оқытылады.
  3. Әр  бөлім   оқылып   болған   соң   мұғалім   онда  не   жөнінде  әңгіме   болғанын   қысқаша,    ондағы    басты-басты    ойларға   тоқталу   арқылы   оқушылар   зейінін    жинақтауды    іске  асырады.    Қажет    болса,   сұраулар   қояды.
  4. Әңгіме мәнерленіп қайта оқылады  (пауза,   нүктеге      жақындағанда    дауысты   бәсеңдету,    басты   ой   айтылған  жерлерде   дауысты    салмақтау  т.б.).
  5. Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойлар оқушыларға   анықтатылады.
  6. Мәтінмен жұмыс   жасалады   (мысалы,   мәтіннен   табиғатты   суреттеген    жерлерін   тауып  оқыңдар   немесе   көңіл – күйді   суреттеген   жерді   табыңдар  т.б.).
  7. Мәтіндегі   негізгі   ойларды   оқушылар   өздері   табады.
  8. Мәтін   оқу   дағдысы   нашар    оқушыларға   оқытылады.

¤лең   оқыту   сабағы.

  1. ¤лең   тақырыбына   кіріспе   әңгіме.
  2. Мұғалім   өлең    мәтінін   өзі   мәнерлеп,    нақышына   келтіре   оқып   шығады.
  3. ¤лең  шумақтары   бөлініп,   әр   бөлігі    әр   балаға   оқытылады.    Мұнда    бала   ең    болмағанда    бір   жол  оқыса   да,   мәнерлеп,   анық  оқуына   баса   назар   аударған   жөн.
  4. ¤леңді   мәнерлеп,    іштен   оқытады.
  5. ¤лең  мәтінін  тұтас,   мәнерлеп,   дауыстап   оқиды,   онда  кездесетін     кейбір   сөздердің   мағынасы   анықталады,   егер   мүмкіндік   болса,   жаттылады.

Жазу   сабағы.

  1. Оқушылардың   жазуға  дайындығын   тексеру    (дұрыс   отыру,   қалам   ұстау,   дәптер   қою   т.б.).
  2. Мұғалім   бір   сөйлем   айтады,   оқушылар  оны   қыйталайды.
  3. Сөйлем   сөзге,    буынға,    дыбысқа   талданады.
  4. Сөйлемді   мұғалім    тақтаға   жазады,    оны   оқушыларға   оқытады,   содан   кейін   бұл   сөйлемді    жауып    қояды.
  5. Оқушылар  сөйлемдерді    дәптерлеріне    жазады.
  6. Тақтадағы    сөйлем    ашылады   да,    оқушылар   өздері   жазғандарын    тақтадағымен   салыстырады,    тексереді.
  7. Осылайша   екінші,    үшінші    сөйлемдер    жазылады.
  8. Оқушылар    жазған    үш   сөйлемін   түтас    оқиды.

Оқылған   әңгіме   бойынша   Жазу   сабағы.

  1. Оқушылардың   жазуға   дайындығын   тексеру.
  2. Мұғалімнің   тақтаға    жазғанын   оқушылар    оқып    шығады   (2-3  сөйлем).
  3. Мұғалімнің сұрағы   бойынша    әңгіменің    мазмұны   талданады.   Мұнда   мұғалім   сұрақтарды   күні   бұрын    дайындап    қояды.   Сұрақтар   балалардың   жауап   берулері    үшін    оңай,   сөйлемді    дұрыс   құруға   жәрдемдесетіндей    болу    керек.
  4. Әңгімедегі   әр   сөзге   фонетикалық    талдау   жасалады,   жазылуы   қиындау    деген   сөздер   түсіндіріледі.  
  5. Мәтіндегі   көп   нүктенің    онында    болған    сөздерді   естерінде    сақтап   оқиды.
  6. Мәтінді   дәптерлеріне   көшіреді;  көшіру   барысында   көп   нүктенің    орнына   тиісті   сөздерді   тауып   қояды.
  7. Мұғалім   көп   нүктенің    орнына    тиісті   сөздерді    жазады.
  8. Балалар   өздері   тауып    жазған   сөздерін     тақтаға   жазылған   сөздермен   салыстырып   тексереді.

         Тиімді   жүргізілетін   сөздік   жұмыстары   да    оқушыларды    сауатты    жағын    үйретеді.   Сөздік   жұмысы   суретпен   жүргізілетін    жұмыспен   мазмұндас.    Алайда,    сөздік    жұмыстар   барысында    оқушылардың    дербес    ойлауына,   кеңірек    сөйлеуіне,   өз   бетінше   сөздер   таба   білуіне   көбірек    көңіл   бөлінеді.   Дәлірек   айтқанда,    сөздік    жұмыстарын    орындау   барысында    оқушылардың    өз    бетінше    жұмыс   істеу     дағдылары   қалыптаса   бастайды.    Мұғалім    оқушыларға    таратылып    берілген    бірнеше    сөздік   карточкаларға    әр    түрлі     заттың    ұғымдарын    білдіретін    сөздерді    бірнеше   салаға    топтап    сұрыптау    ретін    түсіндіреді.    Әр   топтағы    сөздерден    сөйлем    жасауын    басшылық    етеді.     Сондай-ақ    оқушылардың    өз    бетінше   белгілі    сөз    типтеріне    жататын   сөздерді    табуына,  (әліппе   кезеңі   аяқталған    кезде)   «сөз»   тақырыбына    арналған    үлестірмелі    карточкалардағы    қалыпты    тапсыпмалардан   орындауға   дағдыландырады.   Сабақта    карточкалардың    мынадай   түрлерін   пайдалануға   болады.    Берілген   тірек    сөздерді    таблицалардағы   тиісті   бағандарға    орналастыру.

         Жаттығу   үлгісі:  Тірек    сөздер:   жылқы,   аю,   кесе,    терек,    қасық,     ешкі,     шырша,    қозы,      табақ,      түлкі,      арыстан,     қайың   т.б.

ТАБЛИЦА

Аңдар

Үй   жануарлары

Ыдыстар

Ағаштар

Жолбарыс

Түйе

Шәйнек

Қарағай

         Оқушы   үлгі-таблицадағыдай    берілген   тірек    сөздерді    тарқатып   жазуға   тиіс.

  1. Таратпалы   карточкалардың    бұл    түрі     бойынша     сөз    типтерін    үйретуге   арналған    логикалық    жаттығуларды    ауызша   да,    жазбаша   да     орындау    тиімді.     Жазбаша    жұмыста    таблицадағы    көп    нүктелердің    орнына   сол    бағандағы    қатысты   тірек   сөздер     тапқызылып    жаздырылады:    ауызша    жұмыстар    тірек   сөздер    мағынасына    қарай    тиісті    бағандарға    бөлініп     айтқызылады.
  2. Таратпа   карточкаларға    көп    нүктелердің    орнына    ойдан    сөз    таптарын    жаздыру.

        Жаттығу   үлгісі:   Құстар:  қарға.

                                        Жемістер:  алма.

                                        Көкөністер:   сәбіз.   

         Бұл   жаттығу   бойынша    сөздік    жұмысын    жүргізу   (суреттегі   тақырыпқа   сай    заттардың   аттарын   атау    немесе   сынып    болып   сұрау)  —   немесе   әңгіме    әдісі    арқылы    қажетті   сөздерді     айқындап   алуға   да    болады.

         Кіші    жастағы   мектеп    оқушыларына    «сөз»   ұғымын    үйрету   сабақтарын    жеке   оқушылардың    қабылдау    дәрежесіне    қарай    дифференциядан    өткізуі   де   қажет-ақ.   Ондай    мақсатқа    сай   мынадай    жаттығуларды    жүргізген   тиімді.

  1. Бір    типтегі    сөздерді   одан   төменгі    топтарға    тарату.

 

              Жаттығу   үлгісі:

         Тірек    сөздер    лақ,   қозы,   құлын,   жабағы,   бұзау,   серке,   тоқты,   тай,    бұқа,    құнан,    теке,   құнажын,    дөнен,    дөнежін.

  1. жылқы   аттары: ……………………………………………………………………….
  2. қой   атаулары:   ………………………………………………………………………….
  3.       ешкі  атаулары:  …………………………………………………………………………
  4. сиыр   атаулары: ……………………………………………………………………….

     Тапсырма:  көп   нүктенің    орнына   керекті   сөздерді    қойыңдар.

  1. «Қай   жануар   қандай   дыбыс   шығарады?»   деген   сұраққа   жауап    бола    алатын    бастауыш – баяндауыштан    құралған    екі   сөзді    жалаң    сөйлемдер   құрастыруға    үйрету    де    оқушылардың    тілін    дамытуға    көмек    етеді.

               Жаттығу   үлгісі:

         Тірек   сөздер:  кісінейді,   қорсылдайды,   маңырайды,  мөңірейді,    шырылдайды,    сайрайды,   қарқылдайды,   боздайды,   мияулайды,   бақылдайды,   ысыллайды.

         Тапсырма:  мына    дыбыстар   қай   жануардың   дыбысы   екенін    ажыратып    жазыңдар.

         Үлгі:  Жылан   ысылдайды,  т.б.

  1. Жануарлардың   төлдеуін,   дүниеге   ұрпақ    келтіруін    айттыру    арқылы   да    бала    тілін    байытады.

               Жаттығу   үлгісі:     Тірек   сөздер:    құлындады,   қоздады,    лақтады,   күшіктеді,   көжектеді,   боталады,    жұмыртқалады,   бұзаулады.

          Тапсырма:    үй   жануарларының   төлдеуін   қалай   атайтынын   ажыратыңдар.

          Үлгі:   Қоян    көжектеді,  т.б.

Қорыта айтқанда бірінші тарау   бойынша  мынадай қорытынды жасадық:

  1. Бастауыш сыныпта   жазу  жұмыстарының    мақсаты    оқушыларды    көркем,   анық,   дұрыс   жазуға     үйрету.    Балалардың    жазу   қимылдары    автоматтанғаннан   кейін   сауатты   жазуға    үйрету   міндеті   басталады.
  2. Орфография жазудың  бүкіл    жағдайларын    тәртіптейді.    Оқушы    ереже   бойынша,    саналы   түрде    түсіне  отырып,    жазу   арқылы   алған    білімдерін   бірте-бірте    заңға   айналдырады.
  3. Оқушыларды   дұрыс   жазуға    үйрету  барысында    мұғалім    жазуға   берілетін    материалды    алдын-ала   таңдайды.    Дұрыс   жазу   үлгілерін  тақтаға,   дәптерге    көрсетеді.  Балалардың   дәптерлерін   күн   сайын   тексеріп,    түзету  жолдарын   көрсетеді.    Айына  бір  рет    бақылау  жұмысын   жүргізеді.
  4. Жазуға   үйрету   үшін   мұғалім:    сөздің   мағынасын   анықтайды;    айтылуына,   жазылуына,   грамматикалық    формасына  көңіл   аударады;    жіберілген   қатемен    жұмыс   жүргізеді;   сөйлем   мен    сөзді  талдау     жұмысын   жүйелі   түрде  жүргізеді;   грамматикалық   жаттығуларды    сөздік – орфографиялық     жаттығулармен    алмастырып   отырады.
  5. Сауат   ашу   кезеңі   орыстың      ұлы   педагогі   К.Д.Ушинский    негізін   қалаған   дыбыстың   талдау-жинақтау   әдісімен   жүргізеді.    Бұл   кезеңде  талдау,   жинақтау,   бірінбірі    ауыстырып,     бірін-бірі   толықтырып    отырады.   Тек   осы  екі   әдісті   ұштастыру   арқылы   ғана    сауат  ашу   жұмысын    ойдағыдай   жүргізуге   болады.     Талдау-жинақтауда   мынадай   жұмыстар   жүргізіледі:   кез-келген   дыбыстарды    сөз   ішінен   бөліп   алу;   дыбыстың    артикуляциясын   байқату;   сөздің   аяғындағы   не    басындағы  дыбысты  түсіріп   айтып,   балаларға   тапқызу;    айтылуына  қарай   дыбыстарды,   жазылуына   қарай    әріптерді   салыстыру;  т.б.   үйретіліп  отырған   дыбыстың   сөздің   басында,    ортасында,   аяғында   келетінін   түсіндіру;   буынды   немесе  сөзді     есте   сақтау   арқылы  оқу;   дыбыс   алмастырып   оқу.
  6.    Саут  ашу   кезеңі   үшке   бөлінеді: 1)   әліппеге   дейінгі    дайындық   кезеңі;  2)   әліппе   кезеңі;   3)    әліппеден   кейінгі    кезең.    Әр  кезеңнің   өз  мақсаты  бар:       Дайындық   кезеңінде  оқушыларға   ертегі,   әңгіме  оқып   беріп,   өлең   жаттатып,   сурет   салдырып,   қағаз,   қалам   ұстауға      машықтандырады.
  7. Сауат   ашу   кезеңі   4  кезеңге  бөлінеді:   Бірінші   кезеңде  — дауысты дыбыстардың жуан, жіңшке болып бөлінуі, дауыссыз   дыбыстардың   түрлері   үйретіледі.  Екінші   кезеңде     —   қысаң   дауысты   дыбыстармен,    буынның   түрлерімен  танысады,   сюжетті  суреттеумен,   кестелермен   жұмыс   жүргізедіҮшінші   кезеңде  —      жіңішке  дауысты   дыбыстарды  дауыссыз    дыбыстардан    ажыратып    жазуды  үйретеді.         Төртінші   кезеңде    орыс   алфивитінен  енген   дыбыстармен,   олардың    әріп   таңбаларымен     жұмыс  жүргізу. Әліппеден  кейінгі   кезеңде  оқушылар   «Әліппе»    соңында   берілген    материалдармен  жұмыс  істеп    «Әліппемен   қоштасу»      ертеңгілікке   дайындалады.                                                                                                                                                                                                                                                                                         

 

2.3. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары

 

Әрбір  материал мұғалім  тарапынан  жақсы  түсіндіріліп,  онан  қаншама  дұрыс  дағды  берілгенімен  әр  оқушының  білімі,  дағдысы  мен  шеберлігі  есепке  алынбаса,  оларды  материалды  қалай  меңгергені,  мұғалім мен оқушылар  еңбегінің  барысы,  нәтижесі  және  оған  қалай жеткені  белгісіз  болады.  Оның  үстіне  балалар  өз еңбегінің  нәтижесін  біліп  отырмаған  соң,  келесі  еңбекке  деген  ықыласы  азайып,  сабаққа  белсенділігі  төмендейді.  Сондықтан  қай  сабақ  болмасын,  балалардың  алған  білімдері,  дағдысы  мен  шеберліктері  есепке  алынып  отырылсын.  Оның  мынадай  жолдарын  көрсетуге  болады:  1)  бір  сабақтың  негізінде  бағалау;   2)  бірнеше  сабақтың  негізінде  бағалау;  3)  бір  ғана  жұмыстың  негізінде  бағалау.

Оқушылардың  білімін  бір  сабақтың  негізінде  бағалаушы  оқушының  қандай  сұрауларға,  қалай  жауап  бергенін  және  қандай  жұмыстарды  орындағанын  есепке  алып  отырады.  Сабақтың  соңында  бірнеше  оқушыға  бүкіл  сабақ  бойы  істеген  жұмыстарының  (еңбегінің) негізінде  баға  қояды  және  неге  олай  баға  қойғанын  бүкіл  сыныпқа  хабарлайды  (дәлелдейді).  Мұндай  жағдайда  мұғалім  сабақ  бойы  кез  келген  оқушыдан  сұрай  алмайды: кімдерді  бағалау  керектігін,  қандай  сұраулар  қоятынын,  қандай  жұмыстар  жасайтынын  алдын  ала  жоспарлап  алады.  Сабақта  сұраулар  бүкіл сыныпқа  қойылып,  дағдыландыру,  жаттығу  жұмыстарына  барлық  оқушылар  қатыстырыла  тұрса  да, мұғалім  білімін,  дағдысын,  шеберлігін  есепке  алатын  оқушыны   іштей  байқап,  сұрағанда  көбіне   соларды  тұрғызады.  Мысалы,  II класта  оқушыларға  деформаланған  мәтін  ұсынылып,  ондағы  сөйлемдерді  тауып,  соңына  нүкте  қою  керектігі  тапсырылды  дейік.  Оқушылар  иапсырманы  орындап  болған  соң,  мұғалім  олардан  сөйлем  жөнінде  не  білетіндерін  сұрайды:  3 – 4  оқушыдан  сұрағанына  жауап  алады,    1)  аяқталған  ойды  білдіреді,    2)  сөйлем  өзара  байланысты  сөздерден  құралады,    3)  сөйлемнен  соң  нүкте  қойылады,   4)  әрбір   жаңа  сөйлем  бас  әріптен  басталып  жазылады.   Сол  оқушылар  өздіктерінен   мысалдар  келтіреді,  талдайды.  Мұғалім  олардың  сөйлем  жөніндегі  түсініктерін,  дәлелдемелерін  байқайды.  Осыдан  соң  берілген  тапсырманы  бүкіл  сыныптың  қалай  орындағаны  жалпы  тексеріледі.  Бұл  үшін  жекелеген   оқушылар  орнынан  тұрғызылып,  нүкте  қойған,  бас  әріппен  жазған  әр  сөйлемді  оқиды.  Алдыңғы  сұралған  3 – 4  оқушыны  тақтаға  шығарып,  олардың  дәптерлерін  тексереді;  қажет  болса,  тақтаға  сөз,  сөйлем,  сөз  тіркесі  жаздырылады.  Балаларды  бағалау  үшін  мұғалім  бір  сабақ  бойы  осылайша  материал   жинайды.

Сабақ  соңында  бірер  сұраққа  жауап  берген  бірнеше  бала  және  жаттығуды  орындаған  балалардың  еңбектері  де  атаусыз  қалмайды.  Олардың  қай  сабақта  қандай  сұрауға  жауап  бергенін,  қандай  жұмысты  орындағанын  ескеріп   жүріп,  бірнеше  сабақтағы  еңбектері  қорытылып  бағаланады.   Бұл  үшін  мұғалім  өзінің  арнаулы  дәптеріне (балаларға  көрсетпей),  әр  сабақтан  кейін  қажетті  мәліметтерді  жазып  жүреді.  Балалардың  әрбір  жауабы,  әрбір  еңбегі  ескерілетініне  көзі  жетсе,  әр  сабақта  өз  білетіндерін  көрсетуге  тырысады,  белсенділіктері  артады.

Оқушылардың  білімін,  дағдысын,  шеберлігін  үйге  берілген  тапсырманы  орындауларына,  жазбаша  бақылау  жұмыстарының  нәтижесіне  немесе  сабақтың  әр кезеңінде  (әсіресе  жаңа  сабақты  түсіндіру  я  бекіту  кезінде)  бір  күрделілеу  сұраққа  дұрыс,  толық  анық  жауап  беруіне  қарай  бағалауға  да  болады.  Оқушының  белсенділігін  көтеруге,  тапқырлығын  арттыруға  және  өздігінен  ойлай  білуін  күшейтуге  бұл  әдістің  де  пайдасы  зор.

Мектеп  тәжірибесінде  балалардың  білімдерін  және  емле  дағдыларын  тексеру  бірге  жүргізіледі.  Мысалы,  балалар диктант  жазса,  ол  оқушылардың  грамматикадан  белгілі  бір  тақырып  бойынша  алған  білімдерін  тексеруге  де,  емле,  жазу  дағдысын,  шеберлігін  тексеруге  де  арналады.   Оқушылар  ондағы  сөздерді,  сөйлемдерді  талдайды,  шартты  белгілермен  көрсетеді,  керекті  сөздерді  теріп  жазады,  схемаға  түсіреді т.с.с.   Мұнда  грамматикалық    талдауға  берілетін   тапсырмалар  көп  болмауға  тиіс  (2 – 3-тен  аспасын).   Бақылау  жұмысы  дұрыс  көрсеткіш  беру  үшін,  оны  ұйымдастыру  және  өткізу  барысында   кейбір  шарттар  орындалуы  қажет:

  1. Орфографиялық бақылау  жұмысы  белгілі  бір  тақырып  аяқталып,  оқушылырда  жазу  дағдылары  қалыптасқаннан  кейін  жүргізіледі.  Егер  мұндай  алғышарт  болмаса  бақылау  жұмысын  кейінге  қалдыра  тұрған  жөн.
  2. Балалардың жазғандарын  қарағанда  тек  соңғы  өтілген  тақырыптар  бойынша  берілген  білімдер  ғана  емес,  сонымен  қатар  бұрын  берілген  білімдер   де  қамтыла  тексеріледі.
  3. Бақылау жұмысына  әдетте  мәтін  немесе  жеке  сөйлемдер  алынады.  Әр  сыныпқа  белгілі  мөлшерде   сөз  саны  есептеп  беріледі.
  4. Бір түрлі  орфограмманың  бірнеше  қайталанып  келуінің  (бір  бақылау  жұмысының  ішінде)  қажеті  жоқ.
  5. Бақылау жұмысында  ең  соңғы  оқылған  тақырыпқа  2 – 6 объект,  ал  бұрын  оқылғандарға  екі  объектіден  келтірілген  жеткілікті.
  6. Бірдей орфограммада  кездесетін  сөздерді   варианттармен  берген  тиімді.
  7. Мұғалім бақылау  диктантының  мәтінін  тұтас  оқып  шығады,  ондағы  түсініксіз  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  түсіндіреді,  сонан  соң  жеке  сөйлемдерді  оқиды,  онан  әрі  мұғалім  сөйлемді  тағы  бөліп   оқып  жаздырады.  Әр  сөйлем  қайта  тұтас   оқылады,  бұл  кезде  оқушылар  жазғандарын  тексеріп  шығады.  Ең  соңында  мәтін  тұтас,  жай,  бір  рет  оқылады,  балалар  оған  ілесіп  отырып,  жазғандарын  тексереді. Оқушыларға  жұмыстарын  жөндеуге  қосымша  уақыт  берілмейді.  Мұғалім  жазғандарын  жинап  алады.
  8. Оқушылардың алған  білімдерін,  дағдыларын  және  шеберліктерін  тексеру  мақсатында  өтілген  материалдардың  негізгі  мәселелері  жайлы  қосымша  тапсырмалар  беріледі.  Мысалы,  грамматикалық  тұлғаларды  табу,  сөз  таптарына  ажырату,  септіктерді  қою  т.с.

Сабақта  оқушылардың  қойылған  сұрақтарға  жауап  қайтарып  қоюы  жеткіліксіз,  олар  сұрақты өздері  де  дұрыс  қоя  білуге  дағдылануға  тиіс.   Сұрақ  қоюға  үйретуді  қайталау  сабақтарында  жүргізген  дұрыс.

Сонымен,  оқушылардың  білімін,  дағдысы  мен  шеберлігін  белгілі  бір  жүйемен  есепке  алу  жұмысы  мұғалім  мен   оқушылар  еңбегінің   көрсеткіші  болып  табылады.

 

2.4. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары

 

Мұғалім  грамматика  мен  емледен  оқушылардың  білімін,  дағдысы  мен  шеберлігін   есепке  ала  отырып,  олардың  жақсы  және  олқы  жақтарын  біледі,  ол  өзінің   дәптерінің  бірнеше  бетін  сыныптағы  анағұрлым  білімі  нашар  балаларға  арнайды.   Осы  дәптерге  үнемі  сол  балалардың  қатесін  белгілеп,  жазып  жүреді.  Сөйтіп,  мұғалім  оқушылардың  орфографиялық   сауаттылығын  қадағалап,  кейбір  оқушыларға   жеке  тапсырмалар  береді1

Оқушылар  жазу  жұмыстарында  қате  жібермеу  үшін  өздіктерінен  жұмыс  жасауға тиіс.  Осы  тұрғыдан  олар өздері  қате  жіберген  сөздерін   дәптерлеріне  жазады,  оны  жою   жолында  жұмыс  жасайды.   Оқушы  мұғалімнің  басшылығымен  сөздерді  жазып  қоюға   ғана  емес,  сонымен

қатар  өздерінің  қателерін  жою  үшін  өздіктерінен  жұмыс  жасауға  да  үйренуге  тиіс.  Біршама  уақыт  өткеннен  кейін  мұғалім  сыныппен  жұмыс  жасау  кезінде  немесе  бір  оқушыдан  сабақ  сұрау  кезінде  керекті   сөзді  жазғызады,  қалай  жазылып  тұрғанын  талдатады.  Мұндай  жұмыс  балалардың  белсенділігін  арттырады.

Біраз  уақыт  өткеннен  кейін  (тоқсан  аяғында,  жарты  жылдықтың  аяғында)  оқушылардың  жұмыстарына   толық   талдау   жасайды.    Кейбір 

оқушыларға  тән  қателері  теріп  жазады,  осының  нәтижесінде  әрбір  оқушының  және  бүкіл  сыныптың  үлгерімі  жөнінде  тұтас  карта  жасалады.  Мұғалім  балалардың  қате  жіберу  мотивін  анықтайды:  1)  оқушы  ережені  білмегендіктен  (кезінде  түсінбеген  немесе  ұмытып  қалған)  жіберген  бе?   2)  ережені  біледі, бірақ  оны  жазуда  дұрыс  қолдана  алмаған,  яғни  ережені  жазуда  қолдану  дағдысы  қалыптаспаған.   3)  ережелерді  араластырып  шатастырады.  4)  жазып  отырғанының  мағынасына  (не  жазып  отырғанының  өзіне  түсінбейді)   түсінбей,  зейін  қоймай,  механикалық  түрде  әрекет етеді.   5)  кейбір  дыбыстарды  қате  естиді  немесе  өзі  қате  айтады  да,  өзін-өзі  бақылай  алмайды.  6)  асығыс,  ұқыпсыз  орындау  салдарынан  қатені  байқамайды  т.с.с. – себептерін  анықтағаннан  кейін  соған  сәйкес,  қосымша  жұмыс  ұйымдастырады.

Оқушылардың  жұмыстарында  кеткен  қателіктерді  түзету   жолдары  да  алуан  түрлі.  Қателерді  қай  кезде  түзету  керек?  Егер  жұмыс  шағын  болса,  сол  табанда  түзету  керек.  Мысалы,  ескерту,  түсіндірме  диктанттары,  көшіріп  жазу  жаттығуларын сол  сабақтың  үстінде-ақ  түзетуге  болады.  Ал  бақылау  диктанты,  мазмұндама,  шығармадағы  қателер  соңынан  түзетіледі.  Қате  түзетуде  жазу  жұмыстарына  талдау  жасаудың  пайдасы  зор.  Талдау  барысында  мұғалім  балаларға   әуелі  дәптерлерін  таратып  бермейді,  өйткені  олар  өз  дәптерлеріне  қарап  алаң  болады  да,  мұғалімді  тыңдамайды,  ұжымдық  жұмысқа  қатыспайды.

Жұмыс  осы  оқушылардың  көпшілігіне   тән  қателерден  басталады.  Мұғалім  өзі  (немесе  тақтаға  шақырылған  оқушы)  балардың  көбі  қате  жіберген  сөзді  немесе  сөйлемді  тақтаға  жазады,  оны  қалай  жазу  керектігі,  неге  олай  жазатынымыз  анықталады,  ережесі  еске  түсіріледі.   Мұндай  жалпы  сыныпқа  тән қателер онша көп болмайды, сондықтан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса, оқушылар ол сөзге сөйлем құрап, дәптерлеріне жазып алады.

Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателіктері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателіктерін табады, оны жұмыстың соңғы жағына теріп, көшіреді, қосып сөйлем құрастырады т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі.

Балалардың жұмыстарындағы қателерді мұғалім түрлі жолдармен түзетеді: 1) қате жазылған сөз сызылып, үстінгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады; 2) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады; 3) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады, тұсына ескерту жазылады (керекті әріптің я сөздің дұрысы немесе соны еске түсірерліктей сөз көрсетіледі, немесе тиісті сұрау қойылады, кітаптан тиісті параграф ережесі көрсетіледі т.б.); 4) қате әріптің астын сызып қояды, ешқандай ескерту берілмейді.

Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану: 1) сыныптың ерекшелігіне байланысты (I-II сыныптарда айқынырақ түзетулер қолданылады,  III –IV сыныптарда күрделірек әдістер қолданған мақұл (3-4 әдістер), 2) оқушылардың дайындық дәрежесіне байланысты. Мысалы, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты сызылып қана қойылады, ал нашар оқитын оқушылардың қателерін түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай, қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы.

Оқушылар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стеротип орнайды да, одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені екінші рет қайта жібермеу үшін, дереу алдын ала шаралар қолданылады. Оқушыларды қате жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі оқылмаған сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе, ондай сөздерді тақтадан немесе  оқулықтан қарап жазуға дағдыландыру  керек. Мұғалім оқушылардың жазуларын тексеріп, қателерін түзетіп болғаннан кейін, әр оқушының жұмысына баға қояды. Бүкіл сыныпқа берілген тапсырманың үстіне жеке оқушыға арнаулы тапсырмалар береді (мысалы, ережені пысықта, сөйлем құрастыр, белгілі бір жаттығуды орында т.б.). Бастауыш сыныптарда да әсіресе сауаттылық жағын қамтитын бір баға қойылады. Ал мазмұндама мен шығармада тек орфографиялық  қателер ғана емес, сонымен қатар пунктуациялық қателер, сөз қолданудағы сөздерді байланыстырудағы, жоспардағы, сөйлем құрудағы, мәтіндегі қателер де, тіпті жазу жұмысының көлемі де есептеледі.

Оқушылардың жазғандары, айтқандары орфографиялық жағынан сауатты, стилистикалық жағынан дұрыс болуға тиіс. Оқушылар мұғалімнің сөзіне еліктейді. Ендеше мектептегі мұғалімдердің өзі сауатты сөйлеулері керек, тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазғандары әдемі, қатесіз болғаны жөн.

Қорыта айтқанда: 1. Сауатты жазуға үйренуде мүғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек, сол ережені меңгертудің әдіс-тәсілдерін іздестіруі керек. Оқушылар өтілген ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда пайдалана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасады. ¤йткені тіл дамыту – қашанда ой дамыту. Сауатты жазуға үйрену үшін оқушы аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларын іске асыруы керек.

  1. Сауатты жазуға үйретуде мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізеді: сөздің не сөйлемнің мағынасын түсіндіріп барып оны оқушыларға жаздырады; сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға машықтандырады; түбірлес сөздерді табу, сөз тіркестер арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; дыбыстық талдау жасау, сөздік жұмысын жүргізу; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру т.б.
  2. Жазуға байланысты жүргізілетін жаттығулар көруге, естуге және  орфографиялық тапсырмалар бойынша  жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері: грамматикалық-орфографиялық  талдау,  көшіру  түрлері: механикалық көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру; грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру;  бақылап көшіру; диктант жүргізу, оның түрлері: ескерту диктанты, іріктеу диктанты, түсіндіру диктанты, шығармашылық  диктант, ерікті диктант, бақылау диктанты.
  3. Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру жұмысы 4 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде  материал мұғалімнің көмегімен  тақтада талданады, ереже бойынша  жазылған сөздер  табылады,  бұл  дағдыны бекітудің алғашқы сатысы.  Екінші кезеңде  дайын  мәтін  беріліп, оқушылар ережеге сай келетіндерін табады. Бұл кезеңде  көптеген жаттығулар жүргізіледі және бұл кезең – орфограмманы білу кезеңі деп аталады.  Үшінші кезең – орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда оқушылармен  грамматика – орфография тапсырмалар, түрлі көшіру, шығармашылық жұмыстар, диктанттар  жүргізіледі. Келесі кезең – қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Бұл  кезеңде жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу, диктанттар жазу жұмыстары жүргізіліп, өтілген ережелер бойынша дағдылар толық қалыптасады.
  4. Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.
  5. Оқушылардың білімін бағалауда бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: бір тақырып аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы жүргізіледі; тек соңғы ереже ғана емес, бұрыңғы өтілген ережелер де қамтылады; бақылауға мәтін не жеке сөйлемдер алынады.
  6. Сабақта оқушылар қойылған сұраққа жауап қайтарып қана қоймай, өздері де дұрыс сұрақ қоюға үйренеді. Оқушылардың білімін, дағдысы мен икемділіктерін есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.
  7. Оқушы мұғалімнің жетекшілігімен өздерінің қателерін жою үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бақылау жұмысынан кейін мұғалім оқушылардың жіберген қателіктерінен толық талдау жасайды. Әр оқушыға тән қателер теріп жазылады, осының нәтижесінде әр оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі анықталады. Мұғалім қате себептерін анықтап, қосымша жұмыс ұйымдастырады.
  8. Бастауыш мектептегі ана тілі пәні жоғары сыныптарда өтілетін қазақ тілі пәнінің дайындық сатысы, оның мақсаты – балаларға оқу, жаза білу дағдысын меңгерту, тілін дамыту, сауатты жазуға үйрету, ана тілін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру.

 

 

Қорытынды

 

«Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету» тақырыбында жазылған диплом жұмысы бойынша мынадай қорытынды жасадық:

  1. Бастауыш сыныпта   жазу  жұмыстарының    мақсаты    оқушыларды    көркем,   анық,   дұрыс   жазуға     үйрету.    Балалардың    жазу   қимылдары    автоматтанғаннан   кейін   сауатты   жазуға    үйрету   міндеті   басталады.
  2. Орфография жазудың  бүкіл    жағдайларын    тәртіптейді.    Оқушы    ереже   бойынша,    саналы   түрде    түсіне  отырып,    жазу   арқылы   алған    білімдерін   бірте-бірте    заңға   айналдырады.
  3. Оқушыларды   дұрыс   жазуға    үйрету  барысында    мұғалім    жазуға   берілетін    материалды    алдын-ала   таңдайды.    Дұрыс   жазу   үлгілерін  тақтаға,   дәптерге    көрсетеді.  Балалардың   дәптерлерін   күн   сайын   тексеріп,    түзету  жолдарын   көрсетеді.    Айына  бір  рет    бақылау  жұмысын   жүргізеді.
  4. Жазуға   үйрету   үшін   мұғалім:    сөздің   мағынасын   анықтайды;    айтылуына,   жазылуына,   грамматикалық    формасына  көңіл   аударады;    жіберілген   қатемен    жұмыс   жүргізеді;   сөйлем   мен    сөзді  талдау     жұмысын   жүйелі   түрде  жүргізеді;   грамматикалық   жаттығуларды    сөздік – орфографиялық     жаттығулармен    алмастырып   отырады.
  5. Сауат   ашу   кезеңі   орыстың      ұлы   педагогі   К.Д.Ушинский    негізін   қалаған   дыбыстың   талдау-жинақтау   әдісімен   жүргізеді.    Бұл   кезеңде  талдау,   жинақтау,   бірінбірі    ауыстырып,     бірін-бірі   толықтырып    отырады.   Тек   осы  екі   әдісті   ұштастыру   арқылы   ғана    сауат  ашу   жұмысын    ойдағыдай   жүргізуге   болады.     Талдау-жинақтауда   мынадай   жұмыстар   жүргізіледі:   кез-келген   дыбыстарды    сөз   ішінен   бөліп   алу;   дыбыстың    артикуляциясын   байқату;   сөздің   аяғындағы   не    басындағы  дыбысты  түсіріп   айтып,   балаларға   тапқызу;    айтылуына  қарай   дыбыстарды,   жазылуына   қарай    әріптерді   салыстыру;  т.б.   үйретіліп  отырған   дыбыстың   сөздің   басында,    ортасында,   аяғында   келетінін   түсіндіру;   буынды   немесе  сөзді     есте   сақтау   арқылы  оқу;   дыбыс   алмастырып   оқу.
  6. Саут  ашу   кезеңі   үшке   бөлінеді: 1)   әліппеге   дейінгі    дайындық   кезеңі;  2)   әліппе   кезеңі;   3)    әліппеден   кейінгі    кезең.    Әр  кезеңнің   өз  мақсаты  бар:       Дайындық   кезеңінде  оқушыларға   ертегі,   әңгіме  оқып   беріп,   өлең   жаттатып,   сурет   салдырып,   қағаз,   қалам   ұстауға      машықтандырады.
  7. Сауат ашу   кезеңі   4  кезеңге  бөлінеді:   Бірінші   кезеңде  — дауысты дыбыстардың жуан, жіңшке болып бөлінуі, дауыссыз   дыбыстардың   түрлері   үйретіледі.  Екінші   кезеңде     —   қысаң   дауысты   дыбыстармен,    буынның   түрлерімен  танысады,   сюжетті  суреттеумен,   кестелермен   жұмыс   жүргізедіҮшінші   кезеңде  —      жіңішке  дауысты   дыбыстарды  дауыссыз    дыбыстардан    ажыратып    жазуды  үйретеді.         Төртінші   кезеңде    орыс   алфивитінен  енген   дыбыстармен,   олардың    әріп   таңбаларымен     жұмыс  жүргізу. Әліппеден  кейінгі   кезеңде  оқушылар   «Әліппе»    соңында   берілген    материалдармен  жұмыс  істеп    «Әліппемен   қоштасу»      ертеңгілікке   дайындалады.
  8. Сауатты жазуға үйренуде мүғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек, сол ережені меңгертудің әдіс-тәсілдерін іздестіруі керек. Оқушылар өтілген ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда пайдалана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасады. ¤йткені тіл дамыту – қашанда ой дамыту. Сауатты жазуға үйрену үшін оқушы аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларын іске асыруы керек.
  9. Сауатты жазуға үйретуде мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізеді: сөздің не сөйлемнің мағынасын түсіндіріп барып оны оқушыларға жаздырады; сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға машықтандырады; түбірлес сөздерді табу, сөз тіркестер арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; дыбыстық талдау жасау, сөздік жұмысын жүргізу; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру т.б.
  10. Жазуға байланысты жүргізілетін жаттығулар көруге, естуге және  орфографиялық тапсырмалар бойынша  жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері: грамматикалық-орфографиялық  талдау,  көшіру  түрлері: механикалық көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру; грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру;  бақылап көшіру; диктант жүргізу, оның түрлері: ескерту диктанты, іріктеу диктанты, түсіндіру диктанты, шығармашылық  диктант, ерікті диктант, бақылау диктанты.
  11. Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру жұмысы 4 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде  материал мұғалімнің көмегімен  тақтада талданады, ереже бойынша  жазылған сөздер  табылады,  бұл  дағдыны бекітудің алғашқы сатысы.  Екінші кезеңде  дайын  мәтін  беріліп, оқушылар ережеге сай келетіндерін табады. Бұл кезеңде  көптеген жаттығулар жүргізіледі және бұл кезең – орфограмманы білу кезеңі деп аталады.  Үшінші кезең – орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда оқушылармен  грамматика – орфография тапсырмалар, түрлі көшіру, шығармашылық жұмыстар, диктанттар  жүргізіледі. Келесі кезең – қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Бұл  кезеңде жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу, диктанттар жазу жұмыстары жүргізіліп, өтілген ережелер бойынша дағдылар толық қалыптасады.
  12. Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.
  13. Оқушылардың білімін бағалауда бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: бір тақырып аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы жүргізіледі; тек соңғы ереже ғана емес, бұрыңғы өтілген ережелер де қамтылады; бақылауға мәтін не жеке сөйлемдер алынады.
  14. Сабақта оқушылар қойылған сұраққа жауап қайтарып қана қоймай, өздері де дұрыс сұрақ қоюға үйренеді. Оқушылардың білімін, дағдысы мен икемділіктерін есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.
  15. Оқушы мұғалімнің жетекшілігімен өздерінің қателерін жою үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бақылау жұмысынан кейін мұғалім оқушылардың жіберген қателіктерінен толық талдау жасайды. Әр оқушыға тән қателер теріп жазылады, осының нәтижесінде әр оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі анықталады. Мұғалім қате себептерін анықтап, қосымша жұмыс ұйымдастырады.
  16. Бастауыш мектептегі ана тілі пәні жоғары сыныптарда өтілетін қазақ тілі пәнінің дайындық сатысы, оның мақсаты – балаларға оқу, жаза білу дағдысын меңгерту, тілін дамыту, сауатты жазуға үйрету, ана тілін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1982
  2. Тәжібаев Т.Жалпы психология. А., 1993
  3. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. А., 1997
  4. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері А., 1962
  5. Әуелбаев Ш. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1987
  6. Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. А., 1985
  7. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1988
  8. Балақаев М., Әміров Р. Қазақ тілі 3 сынып (оқулық). А., 1990
  9. Молдабеков Қ. Бастауыш класта тіл дамыту. А., 1993
  10. Ысқақ Б. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстар. Ш., 2003
  11. Жұмажанова Т. Кластан тыс оқу барысында тіл дамыту. А., 1992
  12. Жазыбаев М., Нағашыбаева Ә. Бастауыш кластар үшін грамматикалық ойындар. А., 1961
  13. Ысқақ Б. Сауаттылыққа үйрету әдістемесі. А., 1997
  14. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1991
  15. Ысқақ Б. Мазмұндама жаздыру әдістемесі. А., 1992
  16. Ысқақ Б. Бастауыш сыныпта шығарма жаздыру . Ш., 2002
  17. Ысқақ Б. Диктанттар жинағы. Ш., 2005
  18. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, А., 2000
  19. Құрманова Н.Ж., Тойбазарова Н.А., Рахатова К. Бастауыш мектепте қазақ тілін дамыта оқыту, Ақтөбе, 2006
  20. Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары, Ш., 2005
  21. Құрманова Н.Ж. Тойбазарова Н.А. Морфологияны дамыта оқытуға арналған жаттығулар жинағы. Ақтөбе, 2006
  22. Құрманова Н.Ж. Тойбазарова Н.А. Морфологияны дамыта оқыту сабақтарының жүйесі. Ақтөбе, 2006
  23. Құрманова Н.Ж. Тойбазарова Н.А. Диктанттар жинағы, Ақтөбе, 2006
  24. Уәйісова Г. Бастауыш кластарда морфологиялық ұғымдарды оқыту. А., 1994
  25. Ысқақ Б., Сманова Б. Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 4 сынып. Ш., 2005