АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………..

 

1 БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

  • Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы……………………….

1.2     Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі……………………

 

2  СОҒЫС ӨНЕРІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

2.1 Соғысқа дейінгі әскери қызметі және соғыс кезіндегі іс – әрекеті……

2.2 Соғыстан кейінгі академиядағы дәрістері – соғыс тактикасына

қосқан жаңалығы………………………………………………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы — қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Қазіргі кезде халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.

Қазақстанның, әскери қызметшілері мен жеткіншек әскер жасындағы жастарды жауынгерлік және патриоттық тәрбиелеуге өзекті, біздің ата-бабаларымыздың әскери және рухани мұрасының, қазақ халқының жауынгерлік жәнпе еңбек дәстүрлерінің базасындағы қазіргі жағдайдағы ұлттық патриотизмді қалыптастырудың ерекше өзектілігін айтпауға болмайды.

Дипломдық зерттеудің негізгі нысаны. Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесін зерттеу болып табылады.

Бауыржан Момышұлының  өмірі мен өскен ортасын әскери жолын, әскери-тарихи қызметі мен мұрасына, өзі қатысқан ірі тарихи оқиғалармен органикалық өзара байланыста кешенді тарихи зерттеу жүргізу; оның қызметінің тәжірибесін жинақтау тәжірибелін кепілдемелер мен теориялық ұсыныстарын зерттеу пәні болып табылады.

       Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесі туралы тарихнаманы негізінен екі топқа бөліп қарастыруға болады: шетелдік ғалымдар мен отандық зерттеушілердің еңбектері.

Шетелдік ғалымдардың ішінде бұл тақырыпқа А.Бек, А.Кривицкий Бауыржан атамыз туралы қаншама көркем шығармалар жазды.  Александр Бектің  „Арпалыс” атты еңбегінде Бауыржан Момышұлының соғыста жүрген жерінен нақты деректерді осы ғалым беріп отыр. Себебі Бауыржан Момышұлы өзінің оқыған дәрісбаянында ылғида осы А. Бектің еңбегін сілтеп отырған. Олардың ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколам шоссесі») повесі. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған.

Қазақстан зерттеушілері  Әзілхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз”, келіні Зейнеп Ахметованың „Шуақты күндер”, ұлы Бауыржан Момышұлының „Жанымның жарық жұлдызы” және тағы басқа шығармалары  Бауыржан Момышұлының шығармалары туралы М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш.Мұртаза, Е.Ысмайылов, Ш.Елеукенов, М.Мырзахметұлы, М.Қалдыбаев т.б. ғалым-жазушылар батыр бейнесін сомдауда үлкен еңбек сіңірді. Мәселен, Е.Жұматаеваның кандидаттық диссертациясында Бауыржан Момышұлының прозасына ғана педагогикалық талдау жасалса, ал Қ.Уразбаев «Ұшқан ұя» еңбегіндегі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға тоқталған.  Ал Ж.О.Иманалиев еңбегінде Бауыржан Момышұлының өлеңдеріне мазмұндық талдау жасалған. 

Отандық тарих саласында өзінше үлес қосып келе жатқан ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметұлы  Жамбыл облысы Тараз қаласындағы  Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қабырғасынан «Бауыржантану»  ғылыми орталығын ашты.

«Бауыржантану»  саласын  зерттеуде тарих ғылымының саласынан (М.Айтказина), әскери саладан (Л.Н.Бакаев, Қ.С.Мұхамедқалиев т.б.) және әдебиет ғылымының саласынан (Ғ.А.Орынханова, Ж.О.Иманалиев, Қ.Уразбаев т.б.) бірқатар ғалымдар зерттеулер жүргізді. Ал педагогика саласында зерттеуші Е.Жұматаеваның “Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру” атты кандидаттық диссертациясында майдангер жазушылар: Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріповтердің еңбектері мен ерлік істерін бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдаланудың жолдарын қарастырған. Мекемтас ағамыз қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының 100 – жылдығына байланысты 30 томдық кітап шығарылды. Кітаптарда Бауыржан Момышұлының толық өмірі, әскери қызметі, шежіресі, артынан қалған өсиеттері, соғыс кезіндегі іс-әрекеттері, соғыс тақырыбындағы дәрістері қамтылған. Мекемтас ағамыз әлі Бауыржан Момышұлы туралы тың мәліметтер көп оларда өзінше көп томдық кітап болып шығар еді егер қаржы мәселесі шешілсе. Бауыржан Момышұлы туралы тың мәліметтер жетерлік. Бауыржан атамыз туралы

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Мұнда ең алғашқылардың бірі Әзілхан Нұршайықовтың « Ақиқат және Аңыз» атты еңбегінде Бауыржан Момышұлының өмірі мен қандай қызмет атқарғандығы туралы жазылады. А.Бектің «Арпалысы»  атты еңбегінде Бауыржан Момышұлының Мәскеу қаласын өзінің батольоны арқылы қорғағанын суреттеген. Бұл еңбек КСРО жазушылар одағында екі рет талқыланған. Көп елдердің әскерінде оқулық ретінде оқылғаны баспасөзде талай жазылды.

Екінші топтағы деректер өзінше бір төбе саналады. Мәселен, Е.Жұматаеваның кандидаттық диссертациясында Бауыржан Момышұлының прозасына ғана педагогикалық талдау жасалса, ал Қ.Уразбаев «Ұшқан ұя» еңбегіндегі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға тоқталған.  Ал Ж.О.Иманалиев еңбегінде Бауыржан Момышұлының өлеңдеріне мазмұндық талдау жасалған.

Деректердің келесі тобын мерзімдік баспасөз материалдары құрайды. Бауыржан Момышұлы туралы  республикалық , облыстық баспа сөздерде көптеген мәліметтер жарық көрді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері – Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесін жан – жақты зерттеу.

Алға қойылған мақсатқа жетуде мынадай нақты міндеттерді шешу көзделді:

—     Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы туралы нақты мәліметтер беру

—     Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы патриоттық идеяларын және олардың жоғары сынып оқушыларына патриоттық  тәрбие берудегі мүмкіндіктерін анықтау

—    Соғысқа дейінгі әскери қызметі және соғыс кезіндегі іс – әрекетіне талдау жасау

—  Соғыстан кейінгі академиядағы дәрістері – соғыс тактикасына қосқан жаңалығының ерекшелігін талдау

—     Батырдан қалған өсиеттері жөнінде айтылмаған дүниелерді көрсету

—     Бауыржан Момышұлының дүниетанымындағы патриоттық сезімін анықтау.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық-методологиялық негізін тарих, философия және т.б. қоғамдық ғылымдардың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми тұжырымдары құрады. Сонымен бірге тарихтың теориялық-методологиялық мәселелерін зерттеуші шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі  қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ой-пікірлері басшылыққа алынды. Соның нәтижесінде Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесі мен соғыстан кейінгі дәрісбаяндарын оқи отырып, артыннан қалған өсиеттері тарихын зерттеу өркениеттілік ұстаным, тарихилық принцип пен гуманизм, ынтымақтастық және мәдени-тарихи тұжырымдамалары аясында жүргізілді.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. 1910 – 1982 жылдар, яғни Бауыржан Момышұлының  туылғаннан бастап, қайтыс болғанға дейінгі уақыт. 

Аумақтық шегі. Қазақстан мен Өзбекстан және Ресей Федерациясының тұтастай аумағы қарастырылған.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Кең көлемдегі деректік материалдар негізінде Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесі туралы дәрісбаяндарымен артынан қалған өсиеттері толықтайғы өмір тарихын тұтастай қарастырылуы зерттеу жұмысының негізгі жаңалығы болып табылады. Нақтылай айтқанда, диссертацияда  төмендегідей  жаңалықтар бар:

  • Бауыржан Момышұлының толық өмірбаяны мен өскен ортасы және шығармашылығы туралы мәліметтер анықталған;
  • Бауыржан Момышұлының соғысқа дейінгі әскери қызметі мен соғыс кезіндегі әрекеті, соғыстан кейінгі дәрістерінің қазіргі әскери ғылым саласына тигізген әсері көрсетілген;
  • Бүгінгі таңда Бауыржан Момышұлынан қалған өсиеттердің еліміздің жас ұрпақтарын ұлттық рухта тәрбиелеуде қолдану мәселесі ашық көрсетілген;
  • Қарастырылып отырған мәселелер арқылы қазақ батырының бүкіл бойындағы қасиеттеріне бүгінгі көзқарас тұрғысынан талдау жасалып қорытындалған.

Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Дипломда жасалынған тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша  жүргізілетін арнаулы курстар мен семинар сабақтарын өткізуде пайдалануға болады.

Сонымен бірге зерттеу жұмысының тұжырымдарын Бауыржан Момышұлының  өмірі, соғыс тақырыбындағы дәрісбаяндары мен өсиеттерін ғылыми зерттеу еңбектерінде, оқу құралдары мен оқулықтарда қолдануға болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының тұжырымдары КСРО  халықтарының өзара соғыс кезіндегі байланыстар тарихын және түркі халықтарының әскери әдебиетінің негізін жазуда өзіндік септігін тигізе алады.

  Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесін  зерттеу нәтижесінде қорғауға мынандай тұжырымдар ұсынылады:

       -Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы және                          шығармашылығын;

     — Бауыржан Момышұлының соғыс кезіндегі тапқырлығын;

     — Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан дәрісбаяндарын;

     — Батырдың ұрыс жолы, әскери зерегі мен атамекенді қорғау ісіне қосқан үлесі қазақ жастары мен қазақстандықтар үшін үлкен қызығушылық тудырады;

Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бауыржан  Момышұлының  өмірі  мен  шығармашылығы

1.1 Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы

Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға, қиян — кескі кезеңдерінде алған бағытынан қайтпастан өз заманының биігіне көтерілген қазақ баласы көзі тірісінде бүкіл Кеңес Одағы мақтан тұтатын және шет елдер танитын аңыз — адамға айналды.

Қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының аса күрделі өмір жолы. Ғажайып жазмыштың құдіретті үкімімен мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы – Бауыржан Момышұлы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында 1910 жылы 24 желтоқсанында дүниеге келген [1; 18 б].

Өзінің балалық шағын өзінің әжесі Қызтумастың ертегілерін тыңдап, ауылында өткізеді. Содан Асадағы  интернатқа түсіп. Онда үш жыл оқып, бастауыш мектепті тәмамдадаған.

Ол кезде орта мектеп деген атымен жоқ. Жетіжылдықтың өзі алғаш рет 1921 жылы Шымкентте ашылды. Оған төрт кластық білімі барларды алады екен. Бірақ ондай білімді шәкірттер аз. Сондықтан үшінші класс бітірген Бауыржанды соған алды да кетті. Келсе, Бауыржан сияқты балалар Шымкентке жан-жақтан жиналып қалыпты. Қызылордадан Әбділда Тәжібаев келіпті. Қазалыдан келген бірнеше бала бар. «Қазақстан коммунисі» журналының қазіргі редакторы Құрманбек Сағындықов бәрі сонда бірге оқыды. Бауыржан оқыған тұңғыш жетіжылдық мектептің үйі Шымкентте әлі күнге дейін бар. Бүгінде ол Совет Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаев атындағы қазақ орта мектебі. Жеті жылдықты Бауыржан 1928 жылы бітіріп шықты.[1.24-28 бб].

1928 жылы Шымкентте жетіжылдық мектепті бітірген Бауыржан осы күнгі ҚазПИ ол кезде Орынборда еді. Аздап оқудың дәмін татып алған Бауыржан енді соған түсіп болып киініп гүбірналық (ол кезде Жамбыл, Шымкент, Қызылорда үшеуі бір гүбірна болатын) оқу бөлімінің бастығы Әшіров деген кісіге келеді. Оған Бауыржан жеті класс бітіргенін, тұрмыс жағдайына байланысты Орынбордан қайтып келгенін айтып, қызмет сұрайды. Әшіров қуанып кетті. Сен сияқты білімі бар қазақ баласын іздеп таба алмай жүрміз ғой, шырағым-ау. Қәне, мен сені мұғалім етейін,—деп қолыма бір жапырақ қағаз жазып берді. Сөйтіп, Бауыржан екі жыл бастауыш мектепке мұғалім болады.

Ол тұс ел басқару ісіне баулу үшін жергілікті ұлт адамдарын жоғары қызметтерге көтеріп жатқан шақ еді. Бурныйда да икемі бар қазақтарды жоғарылата бастады. Бір жақсысы олардың орынбасарлары мамандар, орыстар болатын. Білімі аз басшыға істің мән-жайын солар үйретіп отыратын.  Сол тұста бір күні Бауыржанды да  жоғарылатып шыға келгені бар емес пе. Ол былай болды.

Жауапты секретарьдың жұмысынан ешбір хабары жоқ ол. Әйтеуір, оңаша кабинеті бар. Қалқиып сонда отырады. Оңаша отырғаннан кейін Бауыржан не істеп, не тындыратынын  ешкім біліп жатқан жоқ. Сырт жұрт осы бірдеңе бітіріп отыр деп ойлайтын шығар. Ал ештеңені де ұқсата алмағаны тек Бауыржанға аян. Бурабаев Бауыржанға ана мәселе, мына мәселе жөнінде аудандық атқару комитетінің қаулысын, шешімін шығар, ана жерге қатынас жаз, мына жерге жарлық жібер дейді. Ал Бауыржан олардың қалай жазылатынын да білмейтін. Бірдеңелерді нобайлап, осылай болар деп тұспалдап, Бурабаевқа алып барады. Бурабаев ұстамды педагог еді. Бауыржанның жазғандарын алдына алып отырып, оған ұрыспастан, ренжіместен ерінбей соларды бірі қызыл, бірі көк түсті қарындашпен түзететін де отыратын. Бауыржанға Бурабаев қып-қызыл ала етіп берген документтерді қайта көшірумен күн өткізетін. Содан кейін әр документтің соңына аудандық атқару комитетінің председателі Бурабаев деп қол қояды, жауапты секретары Момышұлы деп қол қояды [3; 45-49 бб]. Ал шындығына келгенде, аудандық атқару комитетінің председателі де, секретары да Бурабаев еді. Не керек, ақыры Бурабаев Бауыржанды үйретіп шығарды. Сөйтіп, Бауыржан үш жыл аудандық атқару комитетінің секретары болады.

Иә, райисполкомда үш жыл секретарь болады, Бурабаев Бауыржанға ұстаздық етті. Содан кейін Жуалыға тағы да екі аудан қосылып, аудан үлкейді де, енді райисполкомға председатель болып Таран Бердібаев деген кісі келді. Ал аудандық партия комитетінің секретары болып Ефимов деген жолдас тағайындалды (кейініректе Хабаровск өлкелік партия комитетінің секретары болатын осы Ефимов) [4; 88-91 бб]. Бауыржан жаңа председателге Бердібаевқа жақпады. Өзі сауатты кісі еді. Бауыржан бірдеңені қате істесе, ол үйретудің орнына тыржиятын болды. Үйретуге үйреніп қалған басы, Бауыржан да тырсия қалып жүрді. Ақыры ол Бауыржанды секретарьлықтан босатуға айналды. Сол кезде Бауыржанды Ефимов шақыртты. Соның алдында ғана аудандық милиция бастығы орнынан түскен еді. Ефимов Бауыржанға сонын орнын ұсынды.

Осыдан кейін Ефимов милиция бастығының орынбасарларын шақыртты. Оларға Бауыржанды таныстырды да бала демей, бағынындар. Көмектесіндер, — деді. Сөйтіп, Бауыржан алты ай милиция бастығы болды. Сүзекпен ауырып, ол қызметтен  өзі түсіп қалды. Одан бұрын бастық болған кездегі Бауыржанның хикаясы.

Сол кезде Сырдария гүбірнасында Емельянов деген аса маңызды істер жөніндегі тергеуші бар еді. Ол өзі бір өте білімді юрист болатын. Аудандық милицияға Бауыржан бастық болғаннан кейін, бір күні Жуалыға сол кісі келіп қалды. Бауыржан бұрын ол кісіні көрмеген. Қаперінде түк жок, кабинетінде отырған еді, бір тәпелтек кісі кіріп келді. Сәлемдескеннен кейін бас-аяғына қарап алды да:

— Шырағым, милиция бастығы қайда екен? — деп сұрады. Тегі Бауыржанның түріне қарап, бастық шығып кеткенде соның орнына келіп отырған жас милиционерлердің бірі шығар деп ойлаған болуы керек.

— Бауыржан мен,—деп орнынан тұрады.

Ол кісі Бауыржанға документін көрсетті. Сөйтсе Емельяновы осы кісі екен. Бастық болғанына 5-6 ғана күн болған. Не бар, не жоқты білмейтін.

— Ендеше барып түрмені көрейік, — деді ол.

Келіп. Көреді Адам деген бығып жатыр. Емельянов әркімдермен сөйлесіп, не үшін жатырсың деп сұрайды. Олар білмейді. Қораға шықты. Қорада 69 ат байлаулы тұр.

— Бұлар кімдікі?

— Түрмедегі қазақтардікі.

— Аттарын неге қайтармайсындар?—дейді Емельянов. Оны да ешкім білмейді. Емельянов Бауыржанды ертіп, қайтадан кабиниетке келеді. Содан кейін сабырмен кодексті алып көрсетті де, түсіндіре бастады [5; 31-41 бб].

Түрмеде 250 адам жатыр,—деді ол. — Осының көбіне қамауға берілген санкция жоқ. Заңсыздық, совет заңын бұрмалаушылық деген осы болады. Адамды қылмысы болса түрмеге қамауға болар. Бірақ олардың аттарын түрмеге қамауды кайдан тапқансыздар? Меніңше милиционерлеріңіз өзіне жақпаған адамдардың бәрін айдап әкеп түрмеге қамай берген. Ал протоколсыз бір адамды түрме босағасын аттатуға қақыларыңыз жоқ. Әрине, бұл сіздің кінәңіз болмас, сіз жаңадан ғана тағайындалған екенсіз. Енді осы адамдардың қаншасына протокол жасалған екен? Соларды тексертіп, осында алдырыңызшы [6; 45-56 бб].

Бауыржан аппаратын шақырып, Емельяновтың тапсырмасын айтты. Жұрттың бәрі Емельяновтан қорқып зыр жүгірді. Тексерсе 50 адамға протокол жасалыпты.

Протоколсыз жатқан адамдардың бәрін де қазір барып, түрмеден босаттырыңыз,—деді Емельянов Бауыржанға. — Ертеңге дейін мен мына протоколдарды қарап шығайын.

Бауыржан барып екі жүз адамды бірден түрмеден босаттырады. Қазақтар өздерінің босағандарына сенер-сенбестерін білмей, Бауыржан қайта-қайта жалтақтап қарай береді [6; 61-66 бб]. Міне сол кездегі қазақтардың жағдайы осылай болған еді. Бұның бәріне кінәлі – сауатсыздық болатын.

Бауыржан келмесе, біздің босанатын түріміз жоқ еді, — деп Бауыржанға рақметті үсті-үстіне жаудырып жатыр. Аттарының жанына жетіп, жалына қолы тиісімен ырғып мініп, «Осы пәлелерден шынымен құтылдық па, жоқ па?» дегендей, арттарына жалт-жалт карасып, дала қойнына сүңгіп, ызғытып кетіп жатыр, кетіп жатыр

Ертеңінде Емельянов протокол заңсыз жасалған деп, тағы да жиырма адамды босаттырды. Совет азаматтарынан заңсыз бір адамды түрмеге отырғызған адам өзі түрмеге қамалады деді. Бәріміздің зәреміз ұшты. Әпербақан милиционерлер моп-момақан болып қалды. Осыдан кейін қылдай қиянат көрсем, қылыштай қырқып отыруға бекінді ол. Әр түрлі кодекстерді оқыған Бауыржан, оның әр статьясына зер сала бастады. Емельяновтың ауданға бір келіп-кеткені Бауыржанға кішігірім бір мектептей болды. Сонымен жұмысын ептеп игеріп, қаз-қаз басып, қалтақ-құлтақ жүре бастағандай шаққа жетті.

Бір күні ауданымызға Өлкелік партия комитетінің өкілі болып, жабдықтау халық комиссары Нығмет Сырғабеков деген кісі келді. Сол кісімен жүріп Бауыржан ауыруға шалдығып өзінің қызметінен түсіп қалады.

Ауруханадан шыққан Бауыржан сәлемдесу және қызмет мәселесін шешу үшін аяндап отырып, екінші секретарьға барады. Барса, екі беті шарықтабақтай, екі көзі бақырайған, бұғағы салбыраған, үстелге құрбақадай болып тарбиып, жабысып қалған бір қазақ екен. Сәлем беріп, жөн-жосығын айтқан Бауыржанға көзі шарасынан шыға сызданып, жауап бермеді. Паң екенін де, надан екенін де айырмады. Ол уақыт кадрға тапшы кез еді ғой. Нобайы келген сон жіберіле салған жандардың бірі болу керек. Отырып-отырып Бағов:  Жүре беріңіз, көрерміз, — деген сөзді әрең айтты. Наразылау болып, жаңа бастықтың кабинетінен шыққан Бауыржан жолдас-жоралары қызмет істейтін басқа мекемелерге бас сұғады. Олар Бауыржанның болашақ қызметі жайын сөз етісе отырып. Жаңа хатшы жайлы айтады. Ал Бауыржан үстел басына отырғызып қойған құрбақа сияқты екен! — дейді.

Сонымен күліп-күліп тарасқан. Түн ортасында есік тарсылдады. Одан соң терезе қағылды. Шырт ұйқыда жатқан үй іші төсектен басымызды жұлып-жұлып алдық. Жолдасы жүгіріп барып есік ашты. Үйге Бауыржанның бұрынғы екі орынбасары сау етіп кіріп келді. Түстері суық. Шам жаққызып, алдымен үйдің ішін тінтті. Бауыржанның қағаздарынын арасын ақтарып-төңкерістірді. Үйдің ішін тінтіп болып, Бауыржанды киіндірді де, абақтыға қарай бұрды. Бауыржан ыза болып кеттіп. Жоқ, мен онда бармаймын, — деді булығып. — Алдымен мені қамау үшін жасаған протоколдарыңды көрсетіндер, қылмысым не екенін айтындар.

Бұл баяғы Емельянов үйреткен өнеге еді. Мені абақтыға апара алмады. Милиция бөліміне алып келіп, бастықтың кабинетіне қамады. Сөйтіп, кешегі өз кабинетім бүгін Бауыржанға  абақты болды. Таң атқанша сонда тұтқын боп түнеді.

Таңертең Бауыржанды милиция бастығы болған Есенбаев кабинетіне келді. Алдында сорайып Бауыржан тұр.

— Өй, сені жын соқты ма?—деді Мұқатай Есенбаев Бауыржанға дүрсе қоя беріп. Бағовты құрбақа деп атап сені жын соқты ма деймін?—деді милиция бастығы басын шайқап.

— Оны кім айтты?

— Кім айтқанын неғыласың, түнде Бағов бір үйде қонақта болыпты. Сонда отырып біреу оған сізді Бауыржан құрбақа деп атады деп жеткізіпті. Бағов бұлқан-талқан болып, маған телефон соқты. Сені дереу қамауды талап етті. Бердібаев та соны айтты. Сон-соң мен саған бұрынғы орынбасарларынды жібергенмін Бауыржанға айтындар дедім. Сөйтіп Бауыржанды босатып жібереді. Бердібаев Бауыржанға райполеводсоюздің қызметін ұсынады оған бармай қояды. Комсомолдан да, кәсіподақтан да шығасың. Жаңа біз осылай келістік. Қолынан келмейтін жұмысты істемеді десеңіздер, шығарыңыздар.

Ертеңінде комсомолдан да, кәсіподақтан да шығарылған Бауыржан. Екі билеттен бірдей айрылды. Үшінші күні аудандық газетте: «Кетсін комсомолдан!» деген бірінің астына бірі екі мақала басылды. Екеуі де Бауыржанға арналды. Сөйтіп, абыройдан жұрдай болып, ауылға қайтты.

Ауылға келсе: «Бауыржан орнынан түсіп қалыпты. Комсомолдан шығарып жіберіпті» деген хабарды естіп, әкесі біржола шөгіп қалған екен. Үміт күткен көзінің нұрындай жалғыз баласының жайы мұндай болған соң әке байғұс әлсіремегенде қайтсін. Әкенің аянышты халін көрген соң менен де қауқар кете бастады. Оның жүдеу жүзіне қарап, ашудың ащы іркітін сіміріп, үйде жата бергенмен жан семірмейтін болды. Бауыржанды тыңдап, мінін түзететін Ефимов болса ауданнан жырақта, демалыста жатыр. Шырт-шырт үзілген шыдам шіркіннен ол келгенше бір тұтам да қалатын емес. Ойлап-ойлап келгенде ауданға ана жолы келген Сырғабеков ағай есіне түсті де, сол кісіге барып, бар мұңын айтуға бел байлады. Бар дүниесін балама деп жинайтын әкелер мейірімінде шек бар ма? Жәкем (мен әкемді осылай деп атаушы едім) тағы екі қойын сатып, қаражат етіп қалтама салып берді [ 8; 47-61 бб].

Алматыға келген Бауыржан, әр жақтан келген жастардың оқуға түсіп жатқан кезін көрді. Шаруасын реттеп алып, оқуға түсіп кетсем жақсы болар еді деген ойға келді. Осы оймен Сырғабеков ағайдың кеңсесіне кірді.

Нығмет ағай Бауыржанды  қуана қарсы алды. Әбден сауығып, жазылдың ба деп сұрады. Үйішімнің, ел-жұрттың амандығын білгеннен кейін. Ал қалқам, шаруаңды айта бер, — деді. Екі түрлі шаруамен келдім, ағай,—деп алдымен өзімді комсомолдан неге шығарғандарын айтып, билетімді қайтып алуға көмектесуді өтінді. Одан соң оқуға түскісі келетінін білдірді. Сырғабеков Бауыржанды тындап алды даБауыржанға бір ғана сұрақ қойды, жалғыз ғана ескертпе жасады. Сол ескертпе өмір бойы есімде сақталып қалды.

Өлкелік комсомол комитетінің бірінші секретары Қайсар Тәштитов деген ағаң бар. Осыдан шыққан соң сол кісіге кір. Мен хабарлап қояйын, — деп телефонын бұрай бастады. Тәштитовпен сөйлесіп болып, Сырғабеков қайтадан Бауыржанға қарады.— Жаның жүдемеу, жалының сөнбеу үшін, қалқам, Ленин бейнесі бар билеттен айрылмауың керек. Алдымен комсомолдық билетінді алып ал.

Сырғабековтың алдынан әрі қызарып, әрі қанаттанып шықтым. Сол бетіммен ұшып отырып Тәштитовке барды. Ол бір ер көңіл, жайдары кісі екен. Үлкенді сыйлай алмағаның үшін Нықаң сенің бетінді қызарттым деді. Енді мен қинамай-ақ қояйын. Бар да, билетінді алып кел, — деп Жуалы аудандық комсомол комитетіне қағаз жазып берді.— Тез орал, оқуға жолдаманы қайтып келген соң беремін [ 9; 34-45 бб].

Бұлай дейтіні ол кезде жоғары оқу орнына түсетін жастарға жолдаманы Өлкелік комсомол комитеті береді екен. Одан кейін, Нығмет ағайдың ақылы бойынша, Өлкелік кәсіподақ советінің бастығына бардым. Бауыржан қалай кәсіподақ мүшесінен шығып қалғаны жайлы әңгімені ішек-сілесі қата күліп отырып тындады. Бауыржан кәсіподақ билетін қайтарып беруді талап етіп, ауданға ол да қағаз жазып берді.

Сонымен, не керек, құстай самғап, қайтадан ауданға келді. Тәштитовтың қолы қойылған қағазды қолына ұстатқанында аудандык комсомол комитеті секретарының көзі шарасынан шығып кете жаздады. Ғафу өтініп, дереу билетін қайтартып бердірді. Кәсіподақ билетін алып тура ауылына тартты.

Жәке, — деп әкесіне барып. — Міне комсомол билетім, міне кәсіподақ билетім.

Әкесі қуанғанынан қолы қалтырап кетті. Үй ішіне Бауыржанның қалай Сырғабековке барғанын, одан соң Тәштитовке кіргенін бәрін тегіс жырдай ғып баяндап берді [ 9; 57-64 бб].

Е, қызынды оларды осылай ету керек қой! — деп мұны естігенде Момынқұл көкем біржола өркештеніп кетті. Кейіннен ол ел ішінде кылдай қиянат көрсе: «Бұл қызталақтарды біздің Бауыржанша үйрету керек» деп кез келген жерде күпілдеп шыға келетін болыпты.

Екі-үш күн үйде болып,Бауыржан Алматыға тартты. Онда осы күнгі Гоголь мен Фурманов көшелерінің қиылысқан жерінде медицина институты болатын. Ректоры Санжар Аспандияров деген кісі еді. Өзі Халық Комиссары. Бауыржан дәрігер боламын деп сол кісіге барды. Қабылдаттырды. Жатақханадан орын бергізді. Алғашқы сабаққа барды. Алғашқы сабақтан кейін-ақ ол институттан қашып құтылды. Мәселе былай болды.

Алғашқы сабақта бәрінің үстіне халат кигізіп, подвалдағы үйге алып барды. Үйге кірісімен жалаңаш жайрап жатқан өліктердің үстінен шықты. Оларды көрісімен денесі дір ете қалды. Ертіп кірген дәрігер:

Бұның атын мәйітхана деп атайды. Мұнда — дей бергенде-ақ Бауыржан зыта жөнелді. Есік алдына шығып, халатын өткізді де, институтты тастап қашты. Артынан жаңағы басы жоқ, аяғы жоқ тыр жалаңаш өліктер тырақайлап қуып келе жатқандай көрінді. «Жоқ, оқусыз қалсам да бұл институттын қарасын кермеймін» деп қашып бара жатып. Қанша қашса да, содан он жыл кейін өліктердің ортасын кешіп жүретінін білмеген еді. [ 9; 50-57 бб].

Содан Гоголь көшесін қуалап келе жатса бір үйдін алдында: «Ауыл шаруашылық институты» деген жазу тұр. Қуанып кетті. Осыған түсейін, агроном болайын деп ойлады. Ректоры Ораз Жандосов екен. Осылай да осылай деп жайын айтты.

Шырағым, — деді ректор, — жеті жылдық біліммен институтқа түсе алмайсың. Осы институттың екі жылдық кешкі рабфагі бар, соған түс. Халың қалай, ақшаң бар ма? Жоқ.

Онда сен маған көмекші хатшы болып, бір жағынан айлық ал. Сөйтіп, бір жағынан кешкі рабфакта оқып, бір жағынан Ораз ағаға көмекші хатшы болып Бауыржан үш-төрт айдай жүрді. Жандосов өте шешен, ақылды кісі еді. Кабинетінде көп болмайтын: аңда-мұнда шақырып, отырғызбайтын. Сондықтан Бауыржан сабағын алаңсыз оқып, отыра беретін.

Бір күні кешке рабфактың оқу ісін меңгерушісі бірер сұрағына жауап бере алмағаны үшін Бауыржанға жатып кеп ұрысты. «Жандосов сияқты білімді адамның қасында отырып, сабақ білмеуге ұялсаңшы. Және өзі жалақы алып оқиды. Жалақы алған студент оқушы ма еді?» деп жерден алып, жерден салды [ 10; 43-67 бб].

Осыдан кейін Бауыржан Ораз ағаға көрінуге ұялды. «Өлімнен ұят күшті» деген емес пе, ол кісіге айтпастан, рабфакты да, көмекшілікті де тастап, кетті де қалды . Енді Сырғабековке де, Тәштитовке де баруының реті жоқ деп білді. Сөйтіп, салбырап көшеде келе жатқанында артынан біреудің Бауыржан деген даусы естілді. Жалт қараса бұрын Жуалы аудандық атқару комитетінде өзіммен бірге қызмет істеген Тимофей Терентьевич Дубовик деген кісі келе жатыр.

Дубовик жол-жөнекей Бауыржанның хал-жайын сұрады. Асханада отырғанда өзінің қазір Шымкентте өнеркәсіп банкының басқарушысы болып қызмет істейтінін айтты. Бауыржанды жай-жапсарына әбден қанғаннан кейін ол Шымкентке қызметке шақырды. Мен басқаратын банкке экономист боласың, — деді.

      Сөйтіп Бауыржан Шымкент өнеркәсіп банкының қызметкері болып шыға келді.  Дубовик қолын қалтасына салып жатып.— Мә, екі жүз сом ақша. Бұл сенің әзірге алған авансың болып есептеледі. Мә, мынау Шымкенттегі менің үйімнің әдірісі. Қазір поезға мініп жүріп кет те, тура біздікіне барып тұр. Екі-үш күннен соң артыңнан мен де жетемін деді [ 9;78-81 бб].

Бұл 1931 жылдың бас кезі болатын. Бауыржанның  маңғазданып, бұлданарлық жайы жоқ еді. Асханадан шығысымен вокзалға барды да, билет алып, бірден Шымкентке тартты.

Бауыржан Шымкент келіп. Артынан астанадағы жұмысын бітіріп, Дубовик те қайтып оралды. Келісімен ол: «Б. Момышұлы Шымкент өнеркәсіп банкының экономисі болып тағайындалсын» деген бұйрық жазып, қолын қойды да, Корнеев деген аға экономисті шақыртты. Корнеев Бауыржанға еш нәрсе үйреткісі келмеді.

Алғашында осқырынып жүргенімен, артынан ол ептеп Бауыржанға үйрете бастады. Оның тапсырмаларын Бауыржан бұлжытпай орындай берді. Қарт Бауыржанға бірте-бірте жібіп, жұмсара түсті. Арнаулы білімі болмаса да экономист боп бір жыл қызмет істеді.

1932 жылы ноябрьде Бауыржанды военкоматқа шақырды. Жиналған жігіттерді тыр жалаңаштандырып, дәрігерлердің алдынан өткізіп жатыр.

Сіздің де денсаулығыңыз жарамды,—деді комиссар Бауыржанға.— Бірақ қарт кісінің жалғыз баласы болғандықтан, сізге берілетін жеңілдік бар. Егер әскерге барғыңыз келмесе, сізді де қалдыруға болады.

Бармаймын деуге аузы бармады.

Барамын, алыңыздар, — деді комиссарға. Ертеңінде үйіне мынадай қағаз келді:

Келу картасы №20

Азамат Момышұлы Шымкент шақыру комиссиясының ұйғарымы бойынша әскерге жарамды деп танылып, 8 командаға тіркелді.

Сол себепті ол 1932 жылдың 7 ноябрінде сағат 7-де Шымкент қорғанына келуге міндетті [ 7; 45-61 бб].

Комиссия председателі (Қол қойған).

Іс жүргізуші (Қол қойған).

(Мөр басылған).

Әскери кызметті Бауыржан Термезде өтеді. Қызыл әскер болды. Жауынгер қатарында тапсырма орындай жүріп, үздік қызыл әскер атағына ілінді. Полкымыздың командирі Дмитрий Коваленко деген кісі еді. Бір күні стрельбищеде болған жаттығуда сол кісінің көзіне түсті. Алғашқы әскери ұстазы Николай Редин.

Партия мен үкімет әскерде көп қызмет істедің, демал деп, айына екі жүз сом пенсия тағайындап, ауылына қайтарды. Елге келгеннен кейін екі қолы алдына сыймады. Қызметке тұрайын десе, мамандығы жоқ. Қалай дәрігер, агроном бола алмағанын жоғарыда айтты. Мамандығы болмаған соң Бауыржанға жұмыс бер деп ешкімге айта алмады. Қарап жүруге тағы да болмады.

Сонымен 1933 жылдың аяғында, қақаған қыста, әскерден оралды. Алыстан аңсап келгенде туған үйін есігін алдынан шығып әкең ашқан қандай ғанибет десеңші, шіркін! Бауыржан ашаршылық жылдары келген еді үйінде едәуір мүлік болушы еді. Ертеңінде айналасына көз салса төрдегі жүк те, төсектегі жиһаз да жұтаңтартып кетіпті. Солардың бәрі тамаққа жұмсалыпты. Бауыржан келген күні үйде небәрі бір пұттай ғана ұн қалған екен. Сол азғантай ұннан күн сайын бір уыстап алып, быламық істеп күн көріп отырса керек. Бір үйлі жанның қыстан шығар бар үміті соған тіреліпті [ 13; 34-45 бб]. Үйдің осы жайын көрген Бауыржан  ауырғанына қарамастан 2-3 күннен кейін Шымкентке тартты.

Алдымен өзімнің ескі ұясы өнеркәсіп банкысына барды. Барса Дубовик әлі сонда екен. Оны көріп Бауыржан қуанып, Бауыржанды танып ол шаттанып, екеуі  мәз-мейрам болды.

Бұрынғы Корнеев ақсақал кетіп қалған еді, оның орнына аға экономист болып, Догалин деген кісі келіген. Бас бухгалтер болып сақал-шашы әппақ қудай Бурмистров деген шал отырыпты. Дубовик Бауыржанды оларға таныстырды.

Дубовик Бауыржанды жалақысы жоғары деп кен істері жөніндегі аға экономист етіп тағайындады. Бұйрықтың екінші пунктіне Бауыржанға  көшіп-қону қаражатынан босатылсын және 30 сом жәрдем жасалсын деп және қосыпты. Бухгалтерге есептеттіріп, барлығы 110 сом ақшаны Бауыржанға ұстаттырды да: Ал, Бауыржан, осы қазір үйіңе жөнел, — деді Дубовик. — Мына ақшаның жартысынан көбін қарттарға бер. Сен он бес күннен кейін тағы да жалақы аласың. Өзіңе сол жетеді. 2-3 күн үйінде аунап-қунап, жұмысқа біржола көшіп кел [ 14; 56-65 бб].

Үйінде екі-үш күн болып, қайтадан Шымкентке келді. Дубовик Бауыржан келгенше  бөлме дайындаттырып коямын деп еді. Ол сөзіңде тұрыпты. Бауыржанға  деп әзірлеттірген оңаша бөлмеге бастығы  өзі бастап келді. Соқа басты жігітке шағын бөлменің өзі даладай болып көрінеді екен. Үстіндегі шинелі нен басқа не астыға салар, не басқа жастанар ештеңе  жоқ. Жапанға шыққан жалғыз ағаштай болып, бөлменің ортасында сойдиды да қалды.

Саспа,—деді Дубовик менің қысылып тұрғанымды аңғарып. — Қазір саған Борис бауырың матрац, жастық, көрпе әкеліп береді. Өзің төсек-орын сатып алғанша, соны лаждай тұрарсың [ 15; 67-69 бб].

Тимофей Терентьевич аузын жияр-жимаста болған жоқ, есіктен бір матрацты көтеріп Борис кіріп келді. Оның артынан бір жастық пен көрпе құшақтап Дубовиктің әйелі енді. Әкесі мен шешесіндей болып камқорлық жасаған осы бір тамаша семьяның жан жылуы өмір бойы Бауыржанның жүрегінде қалды. Дубовик сол кезде елуге тақаған кісі еді. Бауыржанның жаңа серіктері Догалин мен Бурмистров та жақсы адамдар болып шықты. Бауыржанға үнемі көмектесіп, болысып отырды. Командировкаға шықса олар Бауыржанға бар жайды түсіндіріп, әлек болып жатады. Бауыржан, сөйтіп, алдымен Ленгір, одан кейін Ащысай шахталарын тексеріп қайтты. Екі ұстазының айтқандарын бұлжытпай орындап, керек боп қалар-ау деген мәселелерге өз бетімен назар аударып, тындырып келген ісін көргенде, Бауыржанның зеректігіне, ыждағаттылығына олар мәз болады. Міне, өстіп жүргенде бір күні Дубовик орнынан ауысты.

 Орнына Георгий Федорович Марченко деген кісі келді. Онымен үш ай істес болды. Табанының бүрі жоқ, тайғанақ, жалтақ кісі еді. Ондай кісіні Бауыржан бастығы болмақ тұрғай, құдай болса да ұнатпады. Оның осындай қылығын көрген Бауыржан, ұстараның жүзіндей болып, күн сайын жұқара берді.

Шымкенттегі осы күнгі атақты қорғасын заводы ол кезде жаңа салынып жатқан болатын. Бір күні Марченко Бауыржанды сол заводтың финанс жағдайын тексеріп келуге жұмсады. Дабыл бар. Егер игерілмеген қаражат соншалықты көп болса, онда заводтын счетын жауып тастау керек деді. Барып тексерді. Завод ақшаны ала берген. Бірақ соның оннан бірін де игермеген. Сөйтіп, финансистердің тілімен айтқанда, завод «өлі капиталдың» астында қалған. Акт жасады. Сала-саламен көрсетті. Заводтың счетын әзірге жаба тұру керек деп, Марченкоға баяндады. Ол қол қойды.

Счетының жабылып қалғанын естіп, бір күні Марченкоға заводтың бас бухгалтері — Белугин келді. Марченко Бауыржанды шақырды. Өзі қол қойған документтерді қарап отырды да Марченко: Счеттың жабылуы дұрыс, — деді. Белугин орнынан атып тұрды. Мынадай бір боқмұрын келіп біздің счетымызды жаба берсе, онда ол завод ешқашан да салынбайды, — деп айқайлады ол Бауыржанды нұсқап. Содан соң Марченкоға зіркілдеді. — Қазір кұрылыстың барлық жұмысы тоқтап тұр. Егер счетымызды осы қазір қайтадан ашпасаңыз мен сізді сотқа беремін.

Марченконың көзі жыпылықтай бастады. Онда счетты қайтадан ашайық, деп қарап отыр.

Ашты. Бауыржанның зығырданы қайнады да: «Жұмыстан босатыңыз, сіздің қоластыңызда қызмет істемеймін» деп, бастығына дереу арыз жазып апарып берді.

Сөйтіп Бауыржан жұмыстан босап қалды да ауылына қайтты. Бір күні Мыңбұлаққа, Момышұлының атына Алматыдан соққан жұмбақ телеграмма сарт ете түсті. Оны естіген кішкентай ауыл қысық көзін кеңірек ашып, селт ете қалды. Телеграммада былай делініпті:

«Приезжайте за наш счет для переговоров. Бархан».

Бауыржан Алматыға тартып кетті. Вокзалдан түсе сала бірден Барханға барды. Ұрысатын шығар деп жас әтештей шақарланып, үрпиіңкіреп кіріп еді. Бірақ Бархан ұрыспады. Тіпті сен неге кызметті тастап кетіп қалдың деген де жоқ. Бауыржан бір сол қызметті үзіліссіз істеп келе жатқандай сөйледі.

Сізді ең жақсы қызметкеріміз ретінде жоғарылатсақ деген ой келіп еді, — деді ол Бауыржанға жайлап қана. — Егер келісіміңізді берсеңіз СССР Өнеркәсіп банкының республикалық басқармасына аға консультант етіп тағайындар едік те, бұдан былай бірге қызмет істер едік. Келісемін, — деді Бауыржан.  Рақмет, Борис Михайлович, — деді Бауыржан [ 17; 3-8 бб].

Бархан орынбасары мен бухгалтерді шақыртты. Оларға Бауыржанды таныстырып, орынбасарына Бауыржанға үй бергізуді жүктеді, бухгалтерге көші-қон қаражатын бер деп міндеттеді. Алматының кеңсесінен орын, көшесінен үй тиіп, жырғап, жетісіп қалды. Ол кезде Кұрманбек Сағындықов Казсовпрофта істейтін еді. Ол Бауыржанға өз үйінен темір тесек, көрпе-жастық әкеп берді. Бархан білімді кісі еді. Қызметкерлеріне әр жайды өзі тікелей ұғындырып, түсіндіріп отыратын. Дубовиктен кейінгі жарыған бастығы осы кісі болды. Жақсы бастық —жарты бақыт қой, шіркін! Өйткені ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді. Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.  Бархан Бауыржанды өз кабинетіне оңаша шақырды. Барды. Ол бір өте жайдары күйде отыр екен. Ленинградқа Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсқа оқуға жіберді.

Барса жалақысы сол қалпында сақталады деді. Сонымен Бауыржан Ленинградқа келді. Барханның айтқаны рас болып шықты. Ленинград дегенің ой жетпейтін өзгеше бір дүние екен. Онымен салыстырғанда Бурный да, Шымкент те, Әулиеата да, Алматы да айдалада қалды. Тіпті Ленинград ғажайыптарына әжем айтатын әр алуан ертегілерің де ілесе алмай қалды [ 19; 56-76 бб].

Иә, сөйтіп Бауыржан Ленинградтың көркем ескерткіштерін, көрікті көшелерін, әсем аландарын күн сайын құмартып аралай берді, аралай берді. Аралаған, көрген сайын өзімнің іштей түлеп, жаңарып, жақсарып бара жатқанын байқаған сияқты да болды.

Ленинград! Өмірбойы ауыз жаппай сөйлесеңде айтып тауыса алмайтын мәңгілік жыр ғой бұл қала деген ой түйді. Содан Бауыржан оқуды бітіріп келді. Ертеңінде ол Бауыржанды КСРО Өнеркәсіп банкының басқарушысы Туманов жолдасқа ертіп апарып таныстырды. Бауыржан академия жанындағы бір жылдық курсты үздік бітіріп келгенін, болашақта өзінің Бауыржаннан жақсы банк қызметкері шығады деп үміттенетінін айтты.

Туманов Бауыржанның жұмысымның одан сайын жемісті бола беруіне тілектестік білдірді.

 Со бір айлық жиын Бауыржанның барлық болашақ тағдырының тетігі болды. Егер Бауыржан сол бір айда көзге түспесе, онда Бауыржаннан басқа Бауыржан шыққан болар еді. Бір айдан кейін қайтып келді. Келген бетте аға консультант-экономист болып жоғарылатылды. Бар ықыласымен кірісіп жұмысын тағы да ілгері жүргізіп әкетті. Енді жаңадан алынған жас қызметкерлерге өзі ұстаздық ете бастады.

Ұлы Отан Соғысы аяқталып, Кеңес үкіметі жеңіске жетіп, фашистік Германия тізе бүкеннен соң Б.Момышұлы Қазақ КСР-нің Қарулы Күштерінде әскери қызметтерді атқарады. 1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап ”Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету” әскери академиясында аға оқытушы болып қызмет етті. 1955 жылдың   желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б. Момышұлы Қазақ КСР Жазушылар одағының мүшесі болды.1982 жылы  10-маусымда  Алматыда батыр Бауыржан Момышұлы  дүниеден өтті.

Қорыта келгенде Бауыржан отыз жетінің қасабынан аман өтсе де, ұлтжандылығы, халқын сүйгіштігі оның алдынан өле-өлгенше кедергі болып кездескені анық. Оны қарсы алдынан атпаса да сыртынан қанжар сілтеген, қарауылға алғандар, жала мен ғайбатты қарша боратқандар өте көп еді. Аңызға айналған батыр полковник шенінде, 72 жасында Алматыда қайтыс болды. Бауыржан Момышұлының соңғы суреттерінің бірінде сақал-мұрты өсіп, жағы суалған, бет-жүзі жетпіс емес, жүз жасағандай қартайған қария тұр… Ол көп, өте ұзақ жасаған еді. Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттарына тоқталсақ.1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі.

1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады. 1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды [ 22; 37-48 бб].

Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені (2 рет)», «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен ”Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысында атқарған орасан зор еңбегі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын тағайындау туралы” жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Міне қазақтың біртуар азаматы, қазақ әскери әдебиетінің негізін қалаушы ағамыздың өмірі осылай болған. Бауыржан  Момышұлының өмірі, шығармашылығы қазақ патриоттарына мәңгілік өшпес мұра болып қалды [ 23; 57-67 бб].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі

Батыр Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келген ол қолына 18 жасында қалам алды. Рас, Бауыржан Момышұлының жазушылық таланты ерте оянған. Оның « менің әкімдік карьерім  мансабым ауылдық милиционерден » басталды. Бірақ әдебиеттегі жолымды сол кездің өзінде іздей бастаған. Ол заманда біздерде қазақтың сауатты жігіттерін, жаңа өмірді орнатушыларды саусақпен санауға да болатын. Жай жағдайдың ауанына лайық біздердің ағартушы да, баспагер де, әрі жазушы, әрі редактор да болуымыз керек. Бірақ әрқайсысымыз өзімізге әуелден тәңірі тағайындаған істі іздедік, деп, өзінің маңдайына әскери өмірдің қиындығы мен қызығы бұйырғанын еске алып, тебіренетіні бар. Бауыржан Момышұлының тырнақалды тұңғыш очеркі 1928 жылы Жуалы ауданының (ол кезде Жуалы, Түлкібас, Сайрам ауданы бір) «Социалистік мал шаруашылығы» деген газетінде «Тау сағыз бен көк сағыз» деген атпен жарияланды. Осы очеркінің өзінде-ақ Бауыржан Момышұлының қалам сілтесі, сөз саптауы жұп-жұмыр келіп, келешектегі жазушының табиғи болмысы елес беріп тұрады.

Бауыржан Момышұлының баспасөзде тұңғыш жарияланған шығармасы қандай еді? деген сұраққа, уақыт талабына үн қосып жазған шығармасымағы осы очерк болатын деп айтқан  еді. – «Тау сағыз бен көк сағыз» дегені не сонда?  Бұрын елде резіңке деген бұйым тапшы болған. Сол кезде біздің жақтың басшылары еңбекшілерге бір арнайы шөп өсіртіп, содан резіңке айыратын. Небір замандар өтті ғой қазақтың басынан. Бауыржан Момышұлы бір жағынан Кеңес өкіметінің саясатының ықпалы бар, екінші жағынан әскери қызметтің темірдей тәртібі бар, кезінде орыс тілінде өндіре жазған сияқты. Иә, бүгінде аса құнды рухани мұраға айналып отырған Бауыржан Момышұлының жазбалары басым бөлігі орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді [ 24; 48-56 бб].

 

 

Ой қорытудың өзі қиын болып тұр. Бауыржан Момышұлы сынды қаһары қатты гвардия полковнигінің сол бір соғыс жылдарының өзінде қазақ халқының рухани әлемі мен ана тілі, патриоттық тәрбие жайындағы жазбаларын жадыда жаңғырттық. Бауыржан Момышұлы жазбалары дәл бүгінгі күні дәл сол кездегідей өміршең, өткір мәселе болып тұр. Жұбаныш ететін жағдай тәуелсіздікке қол жеткіздік, заңдар жазылып, бағдарламалар түзіліп жатыр, «қой баққан» бабаларымыздың ой баққан дәуірі келе жатыр. Жан-дүниесімен қазақ тіліне ара түскен Бауыржан Момышұлының аманатын, асыл тілегін азат ел болып, көш түзеген біздерге орындауға жазсын деген қорытынды жасайын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 СОҒЫС ӨНЕРІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

2.1 Соғысқа дейінгі әскери қызметі және соғыс кезіндегі іс – әрекеті

Бауыржан Момышұлының әскери қызметі  1932 жылы ноябрьден басталады. Қиыр Шығыста, Украинада қызмет етті. Қызыл армия жауынгерінен бастап, взвод, рота командирі, Қазақ әскери комиссариаты нұсқаушысы және инспекторы қызметтерін атқарған.

 Осы жылы оны военкоматқа шақырады. Ол былай болған еді;

          Жиналған жігіттерді тыр жалаңаштандырып, дәрігерлердің алдынан өткізіп жатыр.

Сіздің де денсаулығыңыз жарамды,—деді комиссар Бауыржанға.— Бірақ қарт кісінің жалғыз баласы болғандықтан, сізге берілетін жеңілдік бар. Егер әскерге барғыңыз келмесе, сізді де қалдыруға болады.

Бармаймын деуге Бауыржанның аузы бармады.

— Барамын, алыңыздар, — деді комиссарға. Ертеңінде үйіне мынадай қағаз келді:

— Әскери кызметті Бауыржан Термезде өтеді. Қызыл әскерде болды. Жауынгер қатарында тапсырма орындай жүріп, үздік қызыл әскер атағына ілінді. Полкымыздың командирі Дмитрий Коваленко деген кісі еді. Бір күні стрельбищеде болған жаттығуда сол кісінің көзіне түсті [ 33; 67-77 бб]. Алғашқы әскери ұстазы Николай Редин деген кісі болды. Бұл жайында Бауыржан «Помком взвод Николай Редин» деген әңгімесінде жазған.

Партия мен үкімет әскерде көп қызмет істедің, демал деп, айына екі жүз сом пенсия тағайындап, ауылына қайтарды. Елге келгеннен кейін екі қолы алдына сыймады. Қызметке тұрайын десе, мамандығы жоқ. Қалай дәрігер, агроном бола алмағанында жоғарыда айттым. Мамандығы болмаған соң маған жұмыс бер деп ешкімге айта алмады. Қарап жүруге тағы да болмады. Сөйтіп, бір жыл өтті. Мен әскери борышымның мерзімін өтеп болдым. Осы кезде Коваленко маған взвод командирі болып әскерде қалсаң қайтеді деген ұсыныс айтты.

— Кәрі әкенің жалғыз баласы едім, — деді Бауыржан оған. — Қатардағы қызыл әскер ретінде парызымды өтедім ғой. Өмір бойы әскери адам болсам деп ойлаған кісі емеспін. Сондықтан мені елге қайтаруыңызды өтінемін. Бірақ Бауыржан сол кезде осы әскери салада аты аңызға айналары үш ұйықтаса түсіне кірмеді.

Коваленко қарсы болған жоқ. Қыс түсе Бауыржан әскерден босап, елге қайтты.

— Сонымен 1933 жылдың аяғында, қақаған қыста, шинелінің екі етегі делендеп, шлемінің екі құлағы салпандап, Бурныйға тоқтаған поездан дік етіп жерге түсті. Содан ауылдарды аралап жүріп үйге де келіп қалыпты.

Бауыржан үйінің қақпасы бекітулі екен біліп. Жүгіріп отырып, үй сыртындағы қар басқан терезеге барды. Бетін суық шыныға тақап тұрып әкесіне дыбыс берді [ 34; 99-110 бб].

— Бұл кім? — деп жалғыз ұлын сағынып, елегізіп отырған әкесі терезе алдына келді. Бауыржанның даусын естіп ала – құла болып далаға атып шықты. Шіркін, алыстан ауылды аңсап келгенде алдыңнан әкең шыққаны қандай ғанибет десеңізші. Содан ашаршылық жылдарында  келген Бауыржан үйіне қараса төгіліп жатқан дүниеден еш нәрсе қалмапты, бәрі де сол азық – түлік алуға  кетіпті. Ауылда жатуға дәті бармады, жұмыс іздеп Шымкентке барды. Сонда бұрынғы жұмысына қайтадан кірісіп кетті.

Содан Бауыржанды 1935 жылдың күзінде бір айға әскерге шақырды.

Со бір айлық жиын Бауыржан Момышұлының барлық болашақ тағдырының тетігі болды. Егер Бауыржан  сол бір айда көзге түспесе, онда Бауыржаннан басқа Бауыржан шыққан болар еді. Бір айдан кейін қайтып келді. Келген бетте аға консультант-экономист болып жоғарылатылды. Бар ықыласыммен кірісіп жұмысын тағы да ілгері жүргізіп әкеттім. Енді жаңадан алынған жас қызметкерлерге өзі ұстаздык ете бастады.

Сөйтіп жүргенде 1936 жылдың мартында Бауыржанды Казвоенкомат шақырды да, дереу Ташкентке жөнелтті. Келсе, баяғы Бахалов бір айлық жиында ерекше көзге түскен командир деп, жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирі етіп тағайындатыпты. Ол содан кейін ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан Момышұлын жарты ротаның командирі болады [ 35; 57-78 бб].

Жаяу әскердей ешкім де жауынгерлік ерлікке шексіз қуанып, жеңіліске қабырғасы қайыса қатты қайғыра алмас. Ол бәрін «аттың» немесе «техниканың» көмегінсіз өз қолымен жеке өзі айқасып жеңіп алады.

Машинаның ақаулығын немесе оқ-дәрінің жеткізілмеуін, болмаса әр түрлі жағдайларға байланысты қимыл жасауға шамашарықтың болмағанын сылтауратып ұрыс жүргізудің әдіс-тәсілдері мен мүмкіндіктерінен жаяу әскердей ешкім де бас тартып ақтала алмақ емес. Жаяу әскердің аузынан «мүмкіндік болмады» деген сөз айтылмайды. Жаяу әскер ұрыс даласында не мерт болады немесе жаралы күйде қалады.

Ажал оғын атып, жолындағы кедергілердің бәрін қиратып, жаншып, таптап өтетін темір табанды жан түршігерлік болат тажалға қарсы күресу үшін дәл жаяу әскердей ешкімнен де абдырап-саспай тұрақтылық, сабырлылық, парасаттылық көрсетіп, өз парызын саналы түсіне білушілікті талап ете алмайсың, ал ол болса бейнебір өзінің денесін кез келген қалың сауыттан да берік, оқ өтпейтіндей кеудесін жойқын қиратқыш құралға — танкіге қарсы тосады [ 37; 38-52 бб].

Жаяу әскердің атқан оғы басқаларға қарағанда әлсіздеу болғанымен, болмашы винтовканы адам ақылмен қолданғандықтан оның атқан оғы дәл тиіп, жауын мерт етеді. Жаяу әскердің оғы қалай дегенмен де аузынан тажал шашқан аждаһадан — патша-зеңбіректен де, басқа да қуатты қарулардан да қауіпті, жусатып түсіреді, ал зеңбірек болса жауар күнгі аспандай күркіреп, көбінесе қорқыныш пен үрей тудырады, адамға дәл тие бермейді. Бірақ күн қаншама қатты күркіреп, найзағай жарқылдағанымен барлық жерге түспесі белгілі, аспан қаһарын алақандай жерге төкпей ме екен. Оның үстіне жаяу әскер қолма-қол айқасқа, найзаласқан ұрысқа кіре алады, мұның өзі жеңіске жеткізеді.

Ұрыс кезінде, шабуылға шыққанда дәл жаяу әскердей ұрыстың ең бір қызған, шешуші кезеңінде, қолына ұстаған винтовкасының найзасының ұшымен жаудың денесін ғана емес, сондай-ақ қас дұшпанның көкірегін де сезінетіндей қарсыласқа ешкім де тым жақын, бетпе-бет келе алмайды.

Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері мен ұлттық мақтаныш, намыс дәл жаяу әскердің бойындағыдай ешбір әскер түрінде соншалықты айқын көрініс таппаған [ 38; 57-65 бб].

Сөйтіп, жаяу әскер — ұрыста шешуші күш екен. Жағдайдың сан құбылып кететінін және жақын қашықтықта жүргізілетін ұрыстың адам психологиясы-на қатты әсер, ықпал ететініне бір сәт ой жүгіртіңізші, сонда мына ұрыстың қайнаған қазанында қанды шайқаста жүрген жаяу әскер бейнесінің өте күрделі әрі соншама қарапайым екеніне көзіңіз тағы да жете түседі.

Батальонымның тағдыры қыл үстінде тұрды. Жауынгерлерім толқулы, қобалжулы. Устав тәртібіне қарсы әрекет етудің әлденеше есе асқынуынан да гөрі Бауыржанды қашқындардың асаудың құбыжық екені туралы ұлғайта, бұрмалап жеткізген үрейлі сөзі, солдаттардың толқулы жан дүниесі қатты алаңдатты. Осы тығырықтан жол тауып, қалай болған күнде де немістерге сөзсіз соққы беру керек деп шештім [ 39; 89-93 бб].

Батальон ұрысқа мұқият дайындалды. Генерал Панфиловтың: «Батальонға не жетпей тұрғаның білесіздер ме? Оған жаудың тұмсығынан есеңгірете соғу ғана жетпей тұр»,— деген сөзін А. Бектің тамаша келтіргені бар.

Көңілі алаң. Немістер қайда? Білмейміз. Бауыржан он шақырымдық қашықтыққа дейін барлауға адам жіберді, немістер жоқ. Он бес, жиырма, жиырма бес шақырым жерлерде де олар көрінбеді. Ақыры Середа деревнясында жаудың бары анықталды. Ол біздің алғы шептен жиырма-бес отыз шақырымдай қашықтықта еді.

Немістер Середа деревнясына батыс жағындағы басым торап арқылы, ал Шахово станциясына солтүстік тұстан «Болычево» совхозына оңтүстік бүйірден енген. Шахово станциясы мен «Болычево» совхозы жаудың басып алуға өршелене ұмтылған жол торабындағы елді мекендер болатын. Новлянское селосының шығысқа қарай Житахидан тартылған жол Максимово арқылы біздің шепті кесіп өтетін. Батыстан шығысқа қарай қозғалған немістер Шаховодан «Болычевоға» дейін жекелеген топтарын қалдыруды мақсат етсе керек. Сөйтіп маңдай тұстан ұрмай солтүстік пен оңтүстіктен айналып өту арқылы маневр жасап, шығысқа қарай тоқтаусыз жүріп отырған. Ал Максимово Новлянское бағытына келгенде одан әрі жылжи беруді доғарған [ 40; 43-46 бб]. Середа селосы солтүстік пен оңтүстік бағытта ұрыс жүргізу үшін дұшпанның шоғырланған күшін реттеп отыратын пунктке айналған, сол себепті негізгі күштері нақ осы жерден Шахово мен «Болычевоға» қарай аттанатын. (Картадан көрсетеді).

Барлаудан оралған жігіттер осы жайларды хабарлап, немістердің бізден 25 шақырым жердегі Середа селосына топталып жатқанын айтып келді. Енді не істеу керек? Середаға тікелей шабуыл жасап, немістерді соғу керек деген шешімге тоқтадық. Түн жамылып, Середаға тұтқиылдан тап беріп, қолдан келгенше немістерді қыру, ең құрығанда бір «тіл» алып келу. Максимово селосына апаратын жолға мина қойып, Шаховоға апаратын жол бойындағы көпірді қирату және документтер мен тұтқындарды қолға түсіру қажет деп таптық [ 41; 49-58 бб].

Басты  мақсат — жауынгерлердің өз күшіне деген сенімін нығайту, жаудың да жан сауғалап қашатына көз жеткізу. Соған байланысты отряд құрамына барлық бөлімшелер өкілдері де енуге тиіс болды. Бауыржан әр бөлімшеден екі-үш адамнан таңдап алды. Бұл, бір жағынан, бізге тиімсіз еді, екінші жағынан, ұрысқа қатысқан жауынгерлер жорықтан соң жолдастарына мәнжайды қанықтыра әңгімелеп беретіні сөзсіз ғой. Бауыржан әрине, олардың басын қосып жиналыс өткізе алмаймды. Ұрысқа қатысқан солдат, темекісін тартып, жанында отырған жауынгер серігіне: «Мен гранатаны былай лақтырғанда, неміс жанұшыра айқайлап жіберді. Біз өйттік, бүйттік,— деп майын тамыза әңгімелеп бермей ме! Солдаттарымызға керегі де осы емес пе? Сондықтан Бауыржанға  құрама команда жасақтауына тура келді, тіпті ұсақ бөлімшелерден де бір-бір жауынгер алдырды. Біздің полктың командирі Елин болатын, ол өзі парасатты жан еді [ 42; 37-45 бб].

Жүз солдатты үш топқа бөліп, белгіленген уақытта үш жақтан 30 адаммен шабуыл жасау жөнінде жоспар жасалды. Жауынгерлер мен командирлерді жинап алып, тапсырманы тағы қайтара пысықтады. Октябрьдің он алтысы күні отряд жорыққа аттанды. Сол күні Максимовоға жеткен олар, бастарын қайта қосып, төңіректі жете барлап, тапсырманы қайта анықтап алды. Селода сол түні мұнда жаудың полкы келіп жеткенге дейін жаяу әскері мен мотоатқыштары бар екені мәлім болды. Бұл жайлы маған радиобайланысы арқылы баян етті. Бауыржан шабуыл жасауды тоқтатуға бұйрық берді, себебі соншама күшке қарсы бару ажалға қарсы құр қол барғанмен бірдей еді. Ертесіне деревняда үш жүзге жуық қана немістер бар деген қосымша хабар жетті.

1941 жылдың 18 октябріне қараған түнгі сағат екіде деревняға шабуыл жасалды. Тәтті ұйқыда жатқан немістер іш киімдерімен төсектерінен тұра сала бастары ауған жаққа тым-тырақай қашқан, біздің ержүрек жауынгерлер олардың үрейін ұшырып, ажал оғын аямай сепкен. Бес соғыс машинасын қиратып, штабтағы қажетті документтермен бірге бір немісті тірідей қолға түсірген.

Ұрыс небәрі бір сағатқа созылды. Біздің жақтан алты адам жарақаттанып, сержант Мосяш оққа ұшты.

Таң сәріде отряд кері оралды. Алғашында жауға аттанған солдаттардың көбісі анық өлімге бара жатқандай сезінген болатын, ал бүгін оларды танып, білу қиын еді. Бәрі көңілді, сергек, кейбіреулері өздері соғыс көрген солдаттардың қатарына қосып та үлгергендей. Батальонның да еңсесі көтеріліп қалды.

Тапсырманы абыроймен орындап шықты, яғни біздің оқ та немістерге даритындығын дәлелдеді, сөйтіп өкінші міндет те орындалды. Осы шайқасқа қатысқандарға былай деп сөз тастады:

— Жолдастар! Сіздер бұл ұрыстағы ерліктеріңіз туралы шат көңілмен айтуларыңызға болады, бірақ өтірік айтып, бөсіп кетпеңіздер[ 43; 35-65 бб].

Осылай ескерту жасамаса, олардың өз жандарынан қосып айтулары да мүмкін ғой.

Дүйсенбі қараңғы түнде тап берген Середа шабуылының ұрыс қимылы жауынгерлеріміздің өзіне және жеңіске деген сенімін, шепті нығайтуда кейінгі кез келген шабуылдың бәрінен де маңызы зор болды. Сондықтан Бауыржан өз батальоны туралы сөз еткенде ешқашан Середа жорығы туралы айтуды естен шығармаған. Түнгі шабуылдың бұл учаскедегі кейінгі оқиғалардың барысына ешқандай да ықпалы, әсері болмаса да біз көп жағдайда оған қарыздармыз. Меніңше, ең бастысы ол солдаттарымыздың психологиясы мен жан-жүрегіне ұмытылмас әсер етті.

Соғыстағы Бауыржан Момышұлының тағы бір іс – әрекеті жайлы. Жағдай асқына түсті. Жау өзінің артиллериялық позициясын шамамен біздің алғы шебімізден төрт-бес километр алыс Житахи, Ситьково аудандарына бұруға мәжбүр болды. 22 октябрь күні немістер біздің майданды бұзып, Ново-Шуриноға шығу үшін өз күштерін Новлянск тобына қарсы бағыттап, кескілескен ұрыс жүргізді. Оларға 1073-ші атқыштар полкінің бірінші батальонының екінші ротасы қарсы тұрды, рота командирі Севрюков (Алматы темекі фабрикасының бұрынғы бухгалтері) еді [ 43; 67-78 бб].

Сонымен бірге дұшпан бір мезгілде Черновоға шабуыл жасады. Таңғы сағат сегіздерде олар Новлянск ауданына қарсы артиллериялық дайындықты бастады. Немістер қарсы жақтың жүйкесіне тиюге шебер-ақ. Біресе зеңбіректерімен атқылап, біресе самолеттерімен бомбылап, жер мен көкті отқа орап бақты. Ысқырып, ұлып ұшқан снарядтар мен миналардың жарылысы құлақ тұндырады. Әуені будақтаған қара түтін көлегелейді. Осы көріністер мен ысқырған оқ, атыс үнінің сарыны адамның көңіл-күйіне, жүйкесіне қатты әсер етеді, үрейін ұшырады.

Әдетте артиллериялық дайындық екі сағаттан аспайтын, бір жолы немістер әдейі сегіз сағатқа созды. Бұған алғаш түсінбей, кейіннен олардың бәрімізді тып-типыл жермен жексен етіп жойып жіберіп, өлігімізді таптап, маршпен аттап өтеміз деп ойлағанын білдік. Біз енді оң қанаттан оқ жаудырдық, Бауыржанның  сол қол жағымнан майор Мешковтың батальоны қайрат көрсетті.

Дұшпан орманға жиналып, ұрысқа дайындала бастады. Осы сәтте Бауыржан лейтенант Севрюковтың ауыр жараланғанын білді. Оны Бауыржанға баяндаған оның ординареці қағылез татар жігіті Мұратов еді. Бауыржан Краевты тауып алып, екінші ротаға жіберіңдер деп бұйрық берді де, өзі Новлянскіге кетті. Командалық пункттен Новлянскіге дейінгі жол орман арқылы өтетін. Бауыржанға сондағы өзіміздің бақылау пунктіне бару қажет еді. Жасыратыны жоқ, қиналу, торығу, толқу құшағында келе жатты. Орман ішінде сыр бермеуге болады, ал ашық далаға, алаңқайға шықнан соң жаудың көзінше атпен құйғыта шабу қауіпті-ақ болатын. Көңіл күйі де онша емес. Бірақ Бауыржанның бақытына, орманнан шыға берісте Новлянскіден бері, Бауыржанға қарай келе жатқан екі доңғалақты арба кездесті. Үстінде батарея командирі Кухаренко отыр екен. «қайда?!» деп сұрады Бауыржан, Кухаренконың қашқын, сұмпайы сиқына зығырданы қайнап. Іле: «Кері қайт!»—деп айқай салды. Оның беті жеңіл ғана жараланыпты. Ол екі доңғалақты арбаны дереу кері бұрды. Кухаренкоға деген ашу-ыза өз қорқынышын жеңуге көмектесті. Шіркеуден өтіп, өзіміздің бақылау пунктіне Кухаренкомен бірге келді. Байқаса, телефон байланысы үзіліпті, тез арада радионы қосты да, батареяға: «Атыңдар!» деп бұйрық берді [ 44; 62-89 бб]. Мұның алдында ғана Кухаренко топографиялық дайындық бойынша оқ жаудырып — бәрі далаға босқа кеткен, снарядтар жаудан аулаққа түсіп жарылған. Бұрынғы артиллерист ретінде Бауыржан оны бірден байқап, «оңға қарай екі градусқа бұрып атыңдар» деп бұйрық берді. Бұл үлкен түзету болатын. Екі снарядымыз неміс тобының дәл үстіне түсті (бұл артиллериялық атыс практикасында аса сирек кездесетін бақытты жағдай), жау жағында үрей мен қорқыныш туды. Бауыржан екі снарядтың ойран салғанына өте қуанып, «әр зеңбіректен жиырма снарядтан атыңдар!» деп бұйырды. Устав бойынша бұлай етуге рұқсат етілмейтін, ал Бауыржан жауды дәл осылай төмпештеп, тірі қалғандарымен бетпе-бет шайқасып көрермін деп шешті, өйтпесек өзіміздің тас талқанымызды шығарып кетуі мүмкін. Дүрбісін алып қараса, немістер қатары мүлде сиреп қалыпты. Елу метрдей биіктікте жау самолеті ұшып барады екен, ұшқышы маған жұдырығын түйіп сес көрсетеді. Бауыржан пистолетпен атып салды. Ыза-кек кернегенде адам сақтануды біржолата ұмытады екен. Немістер шіркеуді дәлдеп ата бастады. Байланысшымыз снарядтың жарықшағы тиіп, қаза тапты. «Әрбір бес минут сайын бес снарядтан атыңдар» деп бұйрық берді де, төмен түсіп, ротаның командалық пунктіне жүгіре жөнелді. Онда Мұратов пен Беловицкийді кездестірді [ 45; 5-7 бб].

Рота командирі жараланыпты, Біз әр зеңбіректен жиырма снарядтан қосымша атып, немістердің үрейін ұшыра түстік. Бұдан соң қасына Беловицкийді ертіп, оң қанаттағы окопқа қарай жүгірді.

Ұрыс даласында жүгіру қауіпті. Мұның алдында біз жалған окоптар қаздырғанбыз. Жолда солардың біріне жасырынды. Өң-түсі жоқ, еңсесі түскен жауынгерді көрді. Орнынан тұрып, окоптан шығайын десе, әл-дәрмені жоқ. Әрең деп өзіне өзі келді. Дегенмен, сонда қарсымдағы елу метрге жету ақыреттей  көрінді.

Жүгіріп келе жатып атқыштар ротасының саяси жетекшісі Жолмұхамед Бозжановты кезіктірді. «Сен мұнда не істеп жүрсің?» деп сұраса, ол өз взводын тексеруге келіпті. Рота командирі жараланғанын көргесін оның міндетін өз қолына алыпты.

Немістер кері шегінді. Оларды шегіндірген соңғы жиырма дүркін атқан снарядымыз болса керек. Кешке жау екі жаяу әскерімен Красная Гора майдан шебін атқылап, екі жаяу әскер полкымен бұзып өтті. Онда біздің екінші батальонның алтыншы ротасы орналасқан еді. Бұл 1941 жылдың 22 октябрінде болған оқиға. Жау айналып өту маневрі арқылы дивизия мен полкті екіге бөліп тастады. Бір топты олар Козиноға, екіншісін Чубиново-Лукьяноваға, үшіншісін Ново-Шуриноға қарай жіберді, Бауыржанға қарсы Новлянск тылынан шықты. Оларға қарсы соққы беру үшін бізде резервтік күштер жоқ болатын. Осы кезде жау біздің Трулиси ауданындағы капитан Мешковтың учаскесіндегі шебімізді бұзып, Волоколамскіге қарай ұмтылды. Дұшпан дивизия учаскесінің төрт жерінен қорғанысты бұзып өтті [ 46; 4 б].

Бауыржан барлық рота командирлерін жинап алды да, мынадай бұйрық берді: «Қару-жарақты тиімді, үнемдеп пайдалана отырып, айнала қорғанысқа көшіңдер! Тек қана, қажетті жағдайда, жауды 50-100 метрдей жақындатып атыңдар, ешқандай тұтқын алынбасын, ешкім тұтқынға түспесін! Аянбай атысып, әркім соңғы оқты өзіне деп сақтасын! Артиллеристер жауды картечпен тура нысанаға алып төмпештесін! Аса қиын үміт кесілген жағдайда соңғы снарядпен зеңбірек пен расчетті де жоқ етсін! қандай да болмасын тәртіп пен реттілікті бұзушылықтың және әскери Уставқа мойынсұнбаушылықтың жазасы — тек ату. Ешбір сөгіс пен ескертуге жол жоқ [ 47; 6-10 бб].

Бұл кезде неміс колонналары Волоколамскіге қарай жылжып Спас-Рюховск ауданында ұрыстар жүргізіп жатты. Оларға қарсы шайқастарды генерал Панфиловтың өзі басқарды. 24 күні 1073-атқыштар полкінің бірінші батальоны кескілескен ұрыс жүргізу нәтижесінде қоршаудан шығып, Иваново ауданы мен Сталин атындағы совхоз маңындағы орманда тыныстауға тоқтайды. Осы кезде Ново-Шурино, Спас-Рюховск бағытында, әр машинада 20-30 фрицтен отырған неміс колонналары көрінеді. Оларға қарсы ұрысқа біз сегіз зеңбірек пен сегіз станокті пулеметті бөлдік.

Жауынгерлеріміз неміс колонналарына оқты қарша боратты. Мұны «дұшпанның құйрығын бұрау» деп атайды. Жаудың алға жылжуына мұрша бермеу мақсатымен жол қарауылға алынып, атқыланумен болды, Тура нысанаға алып сегіз зеңбірек пен сегіз пулеметтен күтпеген жерден оқ жаудырып дұшпанның бір батальонға жуық әскерінің көзі жойылды. Осылай алға жылжу мүмкін болмаған соң немістер Иваново ауданындағы біздің топты құртуды ұйғарды. Содан 1037-атқыштар полкінің бірінші батальоны тағы да ңұрсауда, жау шеңгелінде қалып қойды.

Немістер тікелей шабуылға көшті. Көп ұзамай олар қолайсыз жағдайға ұрынды. Спас-Рюховск жолы жабылып, оқ астында қалды. Әрине, бұл шайқаста немістер жағынан да, біздің жақтан да шығын болды. Бақытымызға орай паналаған орманымыз жан-жағынан батпақты жерлермен шектесіп, жаудың танкімен жақындауына мүмкіндік бермеді. Сондықтан немістер тек адам күшімен ғана қимыл жасап бақты.

Түн жамылып, батальон Клишино арқылы солтүстіктегі Крюково мен Волоколамскіге бет түзеді. Алдыңғы лекте жылжушыларды басқы жорық күзетушілері (ГПЗ — головная походная застава), екі қанатты қорғаушылар (БПЗ — фланговая застава), тылды күзетушілер (тыловая застава) деп аталады. Ұрыс барысында мұны ажырата алмаған сауатсыз, біліксіз командирлер де кездесті. Бұған кінәлі бір жай, бізде қозғалыс жолсыз жерлермен өтті.

Бірінші атқыштар ротасының командирі Ефим Ефимович Филимонов Миловани деревнясы маңындағы кішкене сай-жыраны Клишиноға апаратын жол деп қалып бағытынан жаңылысып шығысқа қарай ауытқып, дұшпанның тура қарсы алдынан шыға жаздады. Ал батальон колоннамен созылып, Милованиден бір-ақ шықты. Жырадан орманға дейінгі аралық бір жарым шақырым ашық алаңға ұласқандықтан дұшпанның көз алдынан жүру өте қауіпті еді. Бір жақсысы жау бізді кетіп қалған деп ойлап, әскерін лек-легімен алға жылжыта бастады. Бұл кезде біз олардан небәрі бес жүз метрдей қашықта тұрдық. Филимоновтың біліксіздігінен уақыт жағынан ұтылдық. Біз болсақ — қараңғылықты жамылып өтіп кетпек едік. Бізді қырып тастамас үшін шабуылды өзіміз бастауымыз керек, мерт болсақ та қорғаныста емес, шабуылда өкінішсіз мерт болайық деп шештік. Аз шығынмен қатерден құтылу үшін не істеу керегін ойладық [ 48; 18-20 бб].

Зеңбіректер мен пулеметтерді құрып, ұрыс жүргізу қажет пе? Бірақ бұл жерде уақыт тапшы, аса шапшаң қимыл қажет. Әттең қысқа уақытта ашық алаңды аман жүгіріп кете алсақ өте жақсы болар еді. Өйткені, ашық алаңды жүз адамның күшімен де алу қиын.

Зеңбіректер мен пулеметтерді шайқасқа қоспай, жауынгерлерді ромбы тәрізді етіп сапқа тұрғызып, винтовкаларды кезей ұстап ұрысқа кіреміз деп шешті.

Бізде екпіндей жүгіріп шабуыл жасау тәсілі қалыптасқан. Бұл жолы олай етпей, жай нық адыммен жүріп отыру керек дедік. Көздеп атуды да қажет деп таппадық. Өйткені, ол жылжу қарқынын тежейтін болды. Бірінші, екінші, үшінші роталарды, байланыс взводы, пулемет ротасы төрткүл қиықша, ромбы тәрізденіп тізілді, ал зеңбіректер мен арбалар ұрысқа кірмей ортада жылжып отырады деп ұйғарылды [ 49; 50-51 бб].

Ұрысқа кіретін жауынгерлер сапқа тізілді. Мұнда жаппай оқ ату мен немістердің бас сауғалау сезімін ерекше есепке алдық. Винтовкаларды оқтың ұшу траекториясы адам бойынан аспайтындай етіп ұстауға бұйрық берілді, артиллерия мен арбалар ұрысқа кірмей, тек ортада жүріп отыруы көзделді.

Бозжанов пен Рахимов ромбы тәрізденіп тізілген сап бұрышынан табылды. Біз жырадан төрт қатардан сап құрап өтіп бара жатқан жау колоннасына бір мезгілде барлық винтовкалардан дүркіндетіп оқ ата бастадық. Бірінші дүркін сәтті болып, дұшпанды баудай орып түсірді.

Артиллерия қарулары мен арбалардың дөңгелектерімен немістердің өлігін таптап, жаралыларын жаншып селдей аққан жау қанын кеше жүріп өттік. Орманға да жеттік-ау. Осы кезде жаудың тоғыз танкісі біздің соңымызға түсті. Екі зеңбірегімізді кері бұрып, екі танкісін қираттық. Олар да біздің екі зеңбірегімізді жойды, жүк арбаларымыз бен жаяу әскеріміз орманға кіріп те үлгерді. Бұл шайқаста отыз адамымыз мерт болды. Есесіне, бір батальонға жуық немісті таптап өттік. Қоршаудан шығудың бір эпизоды осындай [ 50; 7 б].

Бауыржан Момышұлының соғыстағы келесі әрекеті. Бауыржан  Горюнада болатын. 17 ноябрьде дұшпан авиациясы тағы да шабуыл жасады. Лейтенант Филимонов немістер шабуыл жасауға жиналып жатқандығын хабарлады. Ал генерал Панфилов жауды жиырмасына дейін тоқтатып тұруға бұйрық берді. Шынында дұшпандар жүз жиырмадан адамымыз бар әр тобымыздың тұрған жерін артиллериялық қанжоса атыс алаңына айналдырды. Жер қатып қалған, қазып, паналау қиын. Немістер қандай жағдай болса да тораптық пунктті басып алуға бекінді. Байқаймын, жерде де, аспанда да басымдылық дұшпан жақта, әйтсе де оған жиырмасына дейін тойтарыс беруге бұйрық бар. Осындай қантөгіс, қырғын жағдайда жүз жиырма адамның қайсысы аман қалар екен деген суық ой еріксіз сумаңдады.

Бауыржан жиырмасына дейін мына қырғыннан ротадағы бірде бір адам тірі қала қоймас деген тұжырымға келді. Әрине, тапсырма орындалмайды. Оны да ішім сезді. Ендеше, басқа әрекет керек. Дұшпан қалай ойласа солай ойлауына мүмкіндік беру керек. Оның Матрениноны алғысы келеді ме, ала берсін [ 51; 4 б].

Жүз жиырма адам алты жүз дұшпанды жеңді дегенге кім сенер?! Тек осылай дей салсақ, жағасын ұстап, «өтірігің бар болсын, шарағым» деп естіртіп айтушылар көп-ақ болар.

Темір жол мен тас жолдың айқасқан жерін түйін делік. Біреуімен біріне бірі тіркеліп поезд, біреуімен машиналар, арбалар жүреді. Ресейдің қалың орман, қаптаған шалшық саз, жолсыз жерімен машина, ат арба түгілі салт атты адамның ұзақ жүруі де мүмкін емес. Сол себепті ақыры аттылы-жаяудың күні мимырт қимылға тәуелді.

Соғыс кезінде дұшпанның бос жатқан жабайы шалшық орманның ішінде әкесінің ақысы бар ма, керісінше, оған да жол керек. Ал басып аламын деп келе жатқан қыстаң, қалалар да тек сол жол бойында.

Қорытып айтқанда, Волоколамск қаласының шығыс жағында егес, тартыс, барлық жағаласып, арпалысып қан төккен соғыстар ылғи жол үшін, жол бойында болды деп айтсақ қателесе қоймаспыз. Жолды бөгеп  қолдан шығармай, көлденең түсіп жатсаң, дұшпан үшін айналаға құшақ жайып, жаяу әскерімен, болмаса танкпен өкпе тұс бүйректен соғуға жер жағдайсыз-ақ.

1941 жылдың ноябрінің 17 жаңасы елдің көбінің есінде болар. Жалпы майдан жағдайына тоқтаудың керегі аздықтан, сол күнгі көзбен көрген көп оқиғаның біреуін шала-шарпы болса да айтайын деп тұрмын.

Екі жолдың айқасқан жері Матренино станциясын лейтенант Филимонов басқарған 120 атқыштар үш күннен бері қорғап жатыр. Жігіттердің беліне қыстырып жүретін кішкене күректерінің тоңған жерге тісі өтіп, еш болмаса белуардан жер ошақ сықылды шұңқыр окоп та қазып ала алмады.

Азанда он бес самолет келіп станцияны бомбылап, атқылап ойран салған. Есімізді жинап алғанша зуылдап ұшып, күрсілдей жарылып, зеңбірек, миномет оқтарының түрлі-түрлісі жауа бастады. Тоқтар емес. Ызыңдап ұшқан шойын жаққа бас көтертпейді. Күндізгі сағат 12-ге дейін жаудың істеген қылығы — атқылау мен бомбылау болды [ 52; 5-8 бб].

Зеңбіректің оғынан пайда болған жер ошақтай шұңқыр жерді паналағанның жаны қалады. Снаряд тап үстінен дәл түспей қасыңа келіп жарылғанда ауа толқыны жанша соғып, құлағыңды шың еткізіп, қопарылған топырақпен тірідей көміп, біраз уақыт есіңді есеңгірете шығарып, басып қалғаны болмаса, қан шығарып залал етпейді. Сол себепті сондай атыстың астында әскерлердің бетегеден биік, жусаннан аласа күй кешіп, жер бауырлап, ой, шұңқыр іздейтіндері қорқақтық емес — тіршілік, аман қалудың, соғыстың бір әдісі, айласы ден тану керек.

— Неміс қояр емес қой. Не көрінеді? — деп сұрады Филимоновтан.

— Иә, қояр емес. Бізді атқылап-атқылап, топырақпен араластырып күлімізді көкке ұшырып, ойы шамамда, тапа өлігіміздің үстіне келмек қой деймін,— деді.

— Жау әскері көріне ме?

— Орманның шетінде бес-алты жүздейі жиналып жатыр. Мына қоймай атып жатқаны, шабуыл жасап, жаяу әскерін шығынға ұшыратқысы’келмегені ғой.

— Олай болса, тапа соның ойындағыдай-ақ болсын. Соның-ақ тілегі орындалсын. Шығынсыз алам деген станциясын алсын. Ротаңа бет-бетіңмең бытырап, үрейлене, жоғары көпірге қарата қашыңдар деп бұйрық бергін,— деді, Филимонов таң қалып;

— Не деп тұрсыз, жолдас комбат? — деді.

— Солай, жаңылыс есіттім деп тұрсың ба? Бауыржанның бұйрығы  солай, барғын,— деді.

Жүз жиырма жігіт орындарынан тұра салып, алдыартына қарамай, бет-бетімен тым-тырақай, станцияны тастап зытып берді.

— Халт, алт (тоқтат)! — деген дауыс неміс жақтағы орманнан шықты.

Демнің арасында зеңбіректер атуын тоқтатты. Немістер орманнан шығып, төрт-төрттен қатар түзеп, лек-легімен (роталарымен) салтанаттанып қыстақ пен станцияға кешікпей — ақ кіріп келді. Біздің жігіттер көпірдің астына барлығы жиналды [ 53; 6 б].

Ол кезде немістер солдаттарына: Мына қыстақты, қаланы алсақ, барлық бағалы нәрселер сенікі — талап алуға еріктісің. Барлық сұлу келіншектер, сұлу қыздар сенікі — зорлап, қорлауға еріктісің,— деп айуан мінезді құзғындарын соғысқа салатын еді. «Бес сағат есінен таныта атқылағаннан кейін станцияны қорғап жатқан қызыл әскер қашып кетті, ешқандай қауіп жоқ» деп ойлады білем, сор маңдай жау командирі станцияға ене салысымен-ақ солдаттарын елді тонауға қуып, үй-үйге таратып жіберді. Кейбіреулері тауықты, кейбіреулері шошқаны қуып, ұстай алмай жүр. Ақыры қыстақтың шет-шетіне қарауыл қоюды да ұмытты. Бәрі тапа нағашысының үйіне келгендей бейғам [ 45; 27-30 бб]. Отыз-қырық минут өткеннен кейін, қызыл тұмсық болып, оңай олжаның қызығына батты-ау деген кезде көпір астындағы жүз жиырма жігітті қырықтан үш топқа бөлді. Оларға Филимонов, Хабиболла Рахимов, Жолмұхамбет Бозжанов бастық болып тағайындалды.

— Ал жігіттер, біз станциядан 200—300 метрдей жерде тұрмыз. Мылтықтарыңды серт ұстап, қыстақтың үш жағынан бір мезгілде жүріп бара жатып атқылап, «ура!» деп дауыстарыңмен барынша айқайлап, шабуыл жасап, тиіңдер. Немістер мына бейғамдығының игілігін жақсылап көріп, сендердің найзаларыңның дәмін татсын. Барыңдар, жолдарың болсын,  тәуекелге бел  байлады, да — деп  жарлық етті.

Күтпеген жерден, жайбарақат талаудың қызығына батып жатқан дұшпанға үш жақтан бірден тарсылдап атылған мылтықтардың, бар пәрменінше уралап айқайлап, жүгіріп қарсы шабуыл жасап келе жатқан жүз жиырма жігіттердің ащы дауыстары күннің күр-кіреуінен, жердің сілкінуінен оңай әсер еткен жоқ. Үрейленбеске шама қанша, немістер үй-үйден дүркірей үркіп шығып, кейбіреулерінің аузындағы асы тамағынан өтпей түйіліп, кейбіреулері талаудан алған заттарды құшақтай, біреулері шалбарының түймелерін асығыста салуға шамасы келмей, қолымен түре ұстап, командирлерінің «һалт» деген ойбайына бой бермей, тіпті пистолетін алып қорқытқанын да елемей бет-бетімен, алды-артына қарамастан, жығыла-сүріне сасып, қыстақтан орманға қарай дегбірсіздене зытқанын көріп, қуаныштан жүрегі жарылып кете жаздап:

— Ия, бабамның аруағы қолдадың ба?! — деппін.

Командирге тән салқындылық, қайсарлық, ұйымдастырушылық қабілеті Бауыржан Момышұлының бойынан осы шақта көрінеді.

Қорыта айтар болсақ, Бауыржан Момышұлы өзінің істеген мамандықтарының ешбіріне селқос қарамаған [ 54; 4-9 бб]. Соның арқасында көптеген жетістіктерге жетіп отырған. Әскер  қызмет істеп жүрген кезінде де сол қасиеті көптеп көмектесті. Әскерге барып тез арада көзге түсуі бұлда болса Бауыржан атасыздың бойындағы дарындылығы. Ал соғыстағы іс – әрекеті оның ұйымдастыра білуі, жаудың күшін бағамдай білуі, керек кезде бұйрыққа бағынбай өзінің әскері үшін жан пида болуы тек Бауыржан Момышұлы сияқты тұлғалардың бойынан кездеседі.Бауыржан Момышұлы өзінің соғыстағы іс – әрекеті арқылы сол кездегі әскер адамдарына үлгі бола алды.

2.2 Соғыстан кейінгі академиядағы дәрістері – соғыс тактикасына қосқан жаңалығы

Армиямен қоштасқаннан кейін 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды. Соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Кеңес Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады.

Бауыржан Момышұлы өзінің соғыстағы іс – әрекетін соғыс біткеннен кейін академиядағы курстанттарға дәріс ретінде айтып берді. Бауыржан атамыз өзінің дәрістерін бастамас бұрын сол күні қандай тақырыпта сөйлейтінін алдын ала жоспар құрып келетін. Бауыржан Момышұлының дәрістерін барлығы да ықыласпен тыңдайтын [ 55; 3-8 бб]. Себебі, айтылып жатқан дәрістерінің барлығында өзі істеген, және сол кездегі жас курсанттарға өте әсерлі болатын.

    Сонымен Алматы қаласында 1944 жылдың 19 қаңтарда  Бауыржан Момышұлы оқыған дәрістерінің жұмыс жоспары. Мынадай;

  1. Ұрыс және оның психологиясы

 Қосымша тақырыптар

  1. Панфилов
  2. Офицерлер Солдаттар

4.Майданнан жазылған хаттар бөліміндегі

Алматы қаласы. 1944 жылдың 19 январы. Сағат 12-ден — 18-ге дейін.

Соғыстың теориялық және практикалық мәселелері жөніндегі менің көзқарасым кейбіреулерге бәлкім кең емес, тар, тіпті анайылау да болып көрінуі ықтимал, мен бар болғаны жеті жылдық білімі бар адаммын, арнайы әскери мектепті де бітірген жоқпын, таулы жерде көлікке әскери жүк артып, түсіретін батареяда солдат мектебінен өттім, тек соғыс жылдарында ғана нағыз әскери адам болдым.

Осыған байланысты, бәлкім, түбегейлі ұшталған, екшелген көзқарасты менің баяндауларымнан сіздер сирек табарсыз деп ескерткім келеді.

2-ші күні — Волоколамск бағытында.

3-ші күні — 1942 жылғы қысқы науқан.

4-ші күні — Қорытындылар.

Күніге 5—6 сағатқа созылатын жұмыс жоспарым осындай.

Екі жарым жылдан бері қалтама үнемі блокнот салып жүремін, оған мені қызықтырған нәрселердің бәрін жазамын. Мұндай жазбалар едәуір жиналып қалды. Қолжазбамның 60—70 процентін орыс тілінде, 30—40 процентін қазақ тілінде жаздым. Менің талдап айтып бере алғаным — бұл блокноттағы жазбаларымның 30—40 проценттейі ғана.

Бұл қолжазбалардың сипаты қандай? Бұл менің соғыс туралы толғаныстарым, немесе оны жазушының образбен ойлауы емес, жай ғана — ерлікке тәрбиелеу туралы ойлар деп айтамын [56; 10-11 бб]. Бұл қолжазбалардың маз-мұнымен сіздерді әңгімелесу барысында таныстырамын.

Дивизиядағы ескі басшы құрамнан бүгінге дейін шын мәнінде тірі қалған мен ғана, Алматыға келгенімді пайдаланып, соңғы күндерімді дивизияның тарихын график түрінде құрастыруға арнадым. Графикті құрастыру алғашында жеңіл сияқты көрініп еді, бірақ олай болып шықпады. Атласты алуыма тура келді, бұл атластан көп нәрсені таба алмадым. Картаны есте қалған материалдар бойынша құрастырдым, сондықтан, көріп отырсыздар, кейбір елді мекендердің аттары түсірілген жоқ [ 57; 5 б].

Мен неліктен соғыс жөнінде жазып жүрмін? Өйткені, соғыс адам өміріндегі ең бір дүр сілкіндірерлік, жан түршігерлік оқиға. Тылда адам соғыс туралы ойша елестетіп қана жүреді. Майданда ой жүзінде елестету егер де ол ақиқаттан биік тұрса, жақсы, бірақ соғыста қазіргі заманғы ақиқаттан биік еш нәрсе де жоқ, сондықтан ақиқат шындықты талап етеді. Сіздер театрдан немесе кино экранынан соғыстың көріністерін көріп жүрсіздер, бірақ сіздер оның ішкі мән-мазмұнын кинодан да, театрдан да көре алмайсыздар, себебі көптеген жазушылар мен өнер қызметкерлері соғыс туралы шындықты, ақиқатты терең түсіне алмайды, долбарлап, қиялдан шығарып жазады, мұнысы шындыққа сай келмейді.

Мен жауынгерлік өлең текстіне лирикалық музыка жазған бір композитордың шығармасына зығырданым қайнағаны бар. Суретші де әйтеуір бір полотно салып әйтеуір, ішкі мазмұны жоқ көшірмені береді. Бұл, шынында, адамдардың соғысты тереңірек білмеуінен болып жатса керек. Соғыс туралы шындықты, мұнда тылда отырып тану қиын, тіпті мына біздер, ұрысқа қатысушылардың өздері де, оны түбегейлі, ұңғыл-шұңғылына дейін біле бермейміз. Соғыста шындықты табу өте қиын, ал оны жинақтау, қорыту одан да күрделі. Соғыс туралы ақиқатқа жету- бұл үлкен проблема [ 73; 78-100 бб].

Мен соғыс тақырыбына жазылған әдебиеттерді оқыған кезімде олардың көпшілігінің шындыққа келмейтініне көзім жетті. Баспахананың бояуымен жазылған кітаптар да, адам қанымен жазылған кітаптар да болады. Мен баспахана бояуымен емес, майдан даласында шынайы қалпында, бар болмысымен қанмен жазылған соғыс кітабын оқыдым. Бауыржан атамыз бұл дәрісіндегі айтқысы келгені шын мәнінде адамның жүрегіне ой салатын шығарманы жазу үшін жазушыы жазатын нәрсесін өзі істеу керек. Міне, Бауыржан атамыз өтірік ойдан құрастырушы жазушыларға зығырданы қайнап айтқан сөздері де болды. Оның жаңалығы қазақ әскери әдебиетінің негізін қалады.

Екінші дәрісі 20 қаңтар 1944 жыл. Сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін болды.

Бауыржан Момышұлы. Жолдастар! Мен бұл әңгімені 6—7 сағатқа есептеп едім. Алғашқы тақырыпты асығыс түрде аяқтағым келмейді, сондықтан бүгін 3—4 сағат уақытты кешегі айтылған тақырыпқа бѳлемін. Әңгімеміздің соңында солдат жѳнінде тағы да аздап тоқталамын.

Келесі мәселе — офицер, командир.

Командир, офицер қандай болуға тиіс? Офицерлер негізінен үш категорияға бѳлінеді. Мен иығына погон тағып, әскери форма киген қарапайым адамдарды емес, саптағы офицерлерді айтып отырмын. Сонымен: 1 категорияға — жақын қашықтықта ұрыс жүргізетін офицерлер; 2 категорияға — тактикалық ойлау мен тактикалық мақсаттағы офицерлер; 3 категорияға — оперативтік ойлау мен оперативтік мақсаттағы офицерлер (генералдар) жатады. Мен: пайымдау мен ойлау деген ұғымдарды айтқан кезде, оған ешқандай да түсінік беріп жатудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын.

Офицерлерді бұлайша бѳліп қарастыруды сіздер әскери әдебиеттен таба алмайсыздар, қалай болғанда да, ѳзім де кездестірмедім. Бұлай бѳлу тым дѳрекілеу де болып кѳрінуі ықтимал, дегенмен осылайша шартты түрде бѳлуге болатын сияқты. Бұл топтағы әрбір офицердің жауынгерлік қатарда, ұрыс кезінде ѳз орны, міндеті болады. Олардың айырмашылығы басшылық ету масштабына, ойлау мен қызметке тағайындалады [ 32; 47-67 бб].

Командир — әскердің миы, ұрысты ұйымдастырушы, жеңіске жеткізуші тұлға. Командир туралы жазып немесе әңгіме айтып тұрған кезімде, мен командирдің творчестволық адам екенін дәлелдегім келеді. Біздер әдебиетшілерді, суретшілерді, композиторларды творчестволық еңбектің адамдары деп есептейміз, алайда біздер айтып жүргендеріміздей, ұрыс пен соғыс бұл ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де ғой, онда неліктен бұл ѳнерді ұйымдастырушы да жасампаз адам болып саналмайды, неліктен біз оны творчестволық адам деп санамаймыз? Шын мәнінде командир — бұл творчестволық еңбектің адамы. Командирдің ерлігі — оның парасаттылығында, сенімді, қайтпас ерік-жігеріне байланысты. Әрбір солдат ѳзінің ыждағаттанып, тырмысып істеген ісіне кѳңіл бѳліп, жылы лебіз білдіргенді күтеді [ 58; 1 б]. Солдат дегеніміз кім? Солдатқа ешқандай да демократиялық право берілмеген, бұл жерде әмір етуші мен мойынсұнушы бар. Егер мойынсұнушы адам парызын, бұйрықты орындауға тырысса осыған байланысты онда орындаған бұйрығы үшін әрбір солдат жылы лебіз күтеді. Демек, командир: жѳн-жосықсыз мақтама және кінәсіз даттама деген қағиданы ұстанғаны жѳн. Бұл қағида қайдан шығып отыр? Егер адамды мақтасаң, демек, ол атақ-даңқты кѳтере алмай ақымақтана, есіре түседі, бұл адамның жағымсыз кѳлеңкелі жағы. Ал ақылдылар үшін атаң-даңқ — бұл зіл батпан ауыр жүк.  

Егер адам белгілі, танымал бола бастаса, демек ол образға, ѳзінің жеке «мені» енді ѳзіне тән болмайтын адамға айнала бастайды. Барлық назарды ол парызға аударуға тиіс, ал жеке басының мәселесі ол үшін белгілі дәрежеде ысырыла бастайды. Билік те қауіпті. Егер билік ақылды адамның қолына берілген болса — онда ақылды басшыға, ал егер ақымаққа берілген болса онда есерсоққа айналады, бұл әсіресе соғыста қауіпті.

Мынандай бір оқиға болған еді, бір аға лейтенант дұшпанның тылында қимыл жүргізе отырып, ішінара тапсырмалар орындап тұрды. Оның фамилиясы Малярчук, ал оны жолдастары лақап етіп «зробила» деп атап кетті, себебі ол мәлімет беріп жатып былай дейтін еді: «Зробилы три блиндажив». Тапсырманы ол орындауын орындап шықты, алайда ѳзінің бѳлімшесінің жартысын жау тылында қалдырып оралды. Олардың бір бѳлігі кейіннен партизандарға барып қосылды [ 59; 1-2 бб]. Солдат ретінде ол ерлік, ал командир ретінде қылмыс жасады. Бірақ та бұл лейтенант ақыл-ойы аса жетік адам еместі, сонда да болса оны «Ерлігі үшін» медалымен наградтадық. Егер ол нағыз офицер болған болса, мен, әрине, оны айып батальонына жіберер едім, ал ол «Зробила» болғандықтан, оны мен кешірдім. Біздің «Зробила» нашар лейтенант болды. Ол тіпті топографияны да білмейтін. Ол тіпті қай жерде болғанын да айтып бере алмайтын. Оның картаның масштабы жѳнінде түсінігі жоқ еді, ол құбылнама (компас) бойынша бағыт-бағдарды мүлдем айыра алмайтын. Ол тапсырмаларды орындап, дұшпанды жоятын, бірақ ѳзі қай жерде болғанын картадан тауып кѳрсете білмейтін (картадан Ригадан Холмға дейінгі аралықты шарлап дал болатын). Ол бұл тапсырманы қабілетіне қарай барлық жан тәнімен орындап шықты, ал мен оған топографияны білмейсің деп, құбылнама бойынша ғана емес, сонымен бірге жұлдыздарға қарап та бѳлімді алып шыға алмадың деп айып таға алмадым. Сондықтан мен былай деп айттым: «Егер ол жѳні өзінің жасаған ерлігі үшін наградаға ұсынылуға лайықты».

Ұрыста жеке үлгі-өнеге көрсету. Жеке үлгі-өнеге дегеніміз бұл инициатива көрсету болмақ. Мен бұл жерде аздап шегініс жасай кетейін. Рота жер бауырлап жатыр, адамдарды шабуыл жасауға көтеру қажет. Дұшпан сөзсіз оларды оқ бората қарсы алады. Командир: «Алға, шабуылға бастаңдар!- деп команда береді. Мен әзірше команда беріле салысымен-ақ адамдардың бірден өре көтеріліп шабуылға шыққанын кездестіре қойған жоқпын [ 60; 8-10 бб]. Мұның өзі әбден заңды да, өйткені кімнің өлімге бас тіккісі келеді дейсіз? Адамдарды шабуылға бастап көтеруден ең ауыр міндет жоқ. Мұндайда батылдау бір адам орнынан  ұмтылса, онда барлық рота көтеріле жөнеледі. Әрине, шабуылға шыққан кезде бүкіл рота батыл, бірақ та олардың ішінен батылдауы кім? Алғаш болып көтерілген адам ғана батыл болмақ. Осыдан келіп,төмендегідей: «инициатива — батылдыққа жол бастар» деген қорытынды жасалынады. Солдатта жұрт жек көретін тобырлық сезім болады. Мен мұны мұндай жағдайда коллективтің жауынгерлік ынтымағының асыл қасиеті деп білемін. Әрине, тобырлық сезімнің жаман жағы да бар [ 61; 16-19 бб].

Әскерлерге басшылық ету мен оларды басқарудың негізін (рас, бұл тым қатты айтылған) мойынсұнбаушылықпен күрес құрайды. Нағыз солдат болу оңай емес, дегенмен командирге де әскерді тәртіпке көндіру оңайлыққа түспейді, ал соғысу одан да қиынырақ. Сапта тұрғанда мойынсұнушылық, бағынушылық ұрыс кезіндегі мойынсұнбай, бағынбай кетушілік жағдайларының болмауына кепілдік бере алмайды, кедергі әрбір қадам басқан сайын ұшырасып отырады, сондықтан да командир үнемі өзінің бөлімін жинақылық жағдайда, дайындықта ұстағаны жөн, атты әс-керлер: «атты жолға әзірлеңдер», демейтін бе еді. Кімде кім өзінің қарамағына тәртіпті адамдар келді,  әрі бәрі де қалпында, ойдағыдай деп есептейтін болса, онда ол адам қателеседі — бұл мұнымен де бітпесе керек. Мойынсұнбаушылықпен, бағынбаушылықпен күрес туралы әңгіме айтқан кезде мен қарсылық білдіру деген сөзді «бунт» мағынасында емес, одан анағұрлым кеңірек мағынада түсінемін [ 62; 17-18 бб].

Келесі пунктіміз — бақылау. Бұйрықтың орындалуын, оның бұрмаланып кетпеуін немесе ойлағандай етіп жүзеге асырылуын міндетті түрде тексеру керек. Өйткені ұрыс кезінде барлық нәрсе ойлағандай болып шыға  бермейді. Сондықтан бұйрықты бере отырып, оның орындалуын көре, оны түзете білген жөн, сонда ғана оның нағыз бұйрық болғаны, ал егер бұйрықтың орындалатын пункттері сақталынбаса не ойластырылмаған болса, онда бос далбаса болғаны.

Бауыржан Момышұлының бүгінгі оқылатын дәрісбаяны өте маңызды мәселелер.Ол мынадай  «Майданнан жазылған хаттар» бөлімінде берілді үш бөлімнен тұрады.

  1. Тактика.
  2. Оперативтік өнер.
  3. Стратегия.

Тактика — ұрыс жүргізу жөніндегі ғылым. Тактика шағын бөлімшелерден бастап, жоғары жалпы әскерлік құрамаларға дейінгі әскери топтарда ұрысты ұйымдастыру мен жүргізуді зерттеумен шұғылданады.

Оперативтік өнер — ірі әскери топтардың, яғни оперативтік-стратегиялық бірлестіктердің ірі қимылдарын — операцияларды ұйымдастыру мен жүргізуді зерттейді.

Стратегия — жалпы алғанда соғысты даярлау мен жүргізу жөніндегі ғылым.

Қарулы күштердің ұйымдық құрылымында мынандай ұғымдар бар: бөлімше (рота, батарея, батальон, дивизион), бөлім (полк), құрама (бригада, дивизия, корпус) — олар тактикалық міндеттерді, яғни ұрыс жүргізу міндеттерін шешеді, бірлестік (армия, майдан) — оперативтік міндеттерді шешуге арналған.

Ұрыс қимылдарының аумағы мен қанат жаюына байланысты мынандай ұғымдар бар: ұрыс, шайқас, операция, науқан. Жауынгерлік міндеттердің маңыздылығына қарай қолданылатын мынандай: тактикалық міндеттер, оперативтік міндеттер, стратегиялық міндеттер және осы міндеттерге сәйкес іс-қимылдың бағыты мен іс-қимыл объектісі дейтін ұғым бар [ 63; 26-28 бб].

Ұрыс — соғысушы жақтардың ұйымдасқан түрдегі қарулы шайқасы, ұрыста әскерлердің қимылдары мақсаты мен уақыты жағынан бірлікте болады әрі шайқас онша үлкен емес атыс және тактикалық кеңістікте өрістейді. (Атыс кеңістігі дегеніміз атылған оқтың жететін шегі, жері, яғни оқ борасынының астында қалатын кеңістік. Тактикалық кеңістік дегеніміз дұш-панның қорғанысының тактикалық ұрыс тәртібінің тереңдігі, түкпірі).

Ұрыстың басты да негізгі мақсаты — дұшпанның адам күші мен қару-жарағын жою, құрту. Дұшпанның қарсылық көрсете алмайтындай етіп сағын сындырып моральдық күші мен қабілетін басып, жаншу, басқаша айтқанда, ұрыстың басты мақсаты — жаудың көзін жою.

Барлық әскер түрлерінің бірлескен күштерімен ұйымдастырылып жүргізілген ұрыс, олардың жалпы жауынгерлік міндеттерді орындау мақсатында өзара бірлесе қимылдауын (яғни қимылдың үйлесімділігі) жалпы әскерлік ұрыс деп айтады, басқаша айтқанда, жалпы әскерлік ұрыс дегеніміз бірлескен әскер түрлерінің ұрысы болып табылады [ 64; 2 б].

Шайқас — белгілі бір ауданда өрістеген әрі тактикалық және оперативтік масштабта (олардың комплексі) мақсат, уақыт жағынан бірлікте болатын бірсыпыра ұрыстардың жиынтығы.

Операция — деп уақыт жағынан, кейде майдан бойынша бөлек-бөлек болып, бірақ жалпы бағыт бойынша, белгілі бір опоративтік бағыттарда дұшпанның ірі әскери топтарын тас-талқан ету мақсатында біріккен ірі жалпы вокбри топтың ұрыс қимылдарының жиынтығын айтады.

Ұрыс — тактикалық ұғым, шайқас — оперативтік-тактикалық үғым, операция — оперативтік-стратегиялық ұғым екен. Олар өздерінің уақыт, кеңістік жағынан өрістеуі, сипаты, міндеттерінің аумағы, мақсаттарының сипаты, масштабы, тартылатын күш пен қару-жарақтарының құрамы жағынан әр түрлі.

Солдат пен офицер — соғыс адамдары, біздің заманымыздың бейнесі, ең алдымен олар өз бойына қанқұйлы соғыс тәжірибесін жинақтаған зерделі, парасатты жандар [ 65; 14 б]. Олардың характері бір көргеннен-ақ бейне бір бірден тани кететіндей көрінеді, біраң сізге көрінген шыңға жетісімен; сіз төмендегі жайды, сізден қашықтап, алыстап, жылыстап бара жатқан көкжиекті байқайсыз. Сіз оған жеткен кезде, сіздің алдыңызда жаңа көкжиек ашыла түседі, сіз енді алға, ілгеріге қарай бет түзейсіз.

Командалық ету дегеніміз өзіңнің әбден байыпталған еркіңді орындауға еріксіз көндіру, әмір ету, өмірде өз творчестволық ойыңды тайсалмай жүзеге асыру деген сөз, мұны әскери терминологиямен айтқанда түпкі ойдың шешімі дейді.

Солдаттың алғашқы ерлігі — бұл совет офицерінің еркіне мойын ұсыну, бағыну. Офицердің алғашқы ерлігі — халықтың атынан, мемлекеттің атынан әмір ете білу. Халық атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу, оны біздер жауынгерлік құрмет көрсету дейміз.

Армиядағы ең қиын шаруа мойынсұну, бағына білушілік, ал әмір ету мойынсұнуға қарағанда одан да қиынырақ іс. Ойланып тұжырым жасау ойлаған нәрсені орындағаннан күрделірек. Нағыз ақылды командирдің жасаған шешімі бұл да ауыр творчестволық еңбек, ол оның творчестволық ойының жемісі болып табылады. Мәселенің дұрыс шешімін тауып, қарамағындағыларға бұйрық бергенше командирдің іштей қаншама ойланып, толғануына, уайым-қайғы жеуіне, қиналып, мазасыздануына, толқуына тура келеді.

21 январъ 1944 жыл.     Сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндеріндегі жағдай сіздерге жақсы мәлім болғандықтан оған ерекше тоқталып өтудің қажеті бола қоймас. Қалың бұқараға советтік баспасөз құралдарының 1941 жылғы соғыс қимылдары мен майдандағы хал-ахуалды дер кезінде егжей-тегжейлі баяндап отырғандығын да ашық мойындауымыз керек.

Бас қолбасшының 23 июньдегі совет халқына арнаған сөзі бәрімізге де ерекше қозғау салды. Осыдан-ақ оның халқымызға деген жан толқытарлық ыстық ілтипатын жете сезінуге болатын тәрізді, тіпті оның мән-мағынасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін еместей.

Енді қарсы жақтың стратегиялық мақсаты жайында сөз қозғалық. Неміс басқыншылары шоғырланған ірі күшпен соққы бере отырып, біздің әскерлерімізді бөлшектеп, тас-талқан етіп, жойып жіберуге, еліміздің оперативтік және стратегиялық тұрғыдан алғанда маңызды саяси, экономикалық орталықтарын қысқа мерзім ішінде басып алуға, сөйтіп тыныс-тіршілігімізді біржола тұншықтыруға ұмтылды. Олар Батыстағы және Польша лагеріндегі лаңкесті әрекеттерін үлкен масштабта біздің елімізде қайталауға тырысты [ 66; 13 б] .

Біздің Бас командованиенің алға қойған мақсат-мүддесі — олардың әскери техникасы мен адам күшіне батыл тойтарыс беріп, жолын бөгеп, дұшпанды әлсірету, күштердің ара қатынасын өз пайдамыз жағына қарай өзгертуге жағдай жасау, сөйтіп қуатты күшпен қарсы шабуылға шығып, зұлым жауды тас-талқан ету. Бұл жайында кезінде көп жазылды да. Мен сіз-дерге мәлім жайларды қайталап айтып жатпаймын. Тікелей өзіміздің 316-шы атқыштар дивизиясының қимыл әрекетіне тоқталып етпекпін. Дивизиямызға елу шақырымдық Волоколамск бекініс ауданын қорғау міндеті жүктелді. Ал немістер болса бізден әлі алыстау, көш жерде еді. Полктар мен батальондарға қорғайтын, бекініс жасайтын учаскелер бөлініп берілді.

Батальондардың жағдайларына тоқталайын. Қызыл әскердің ескі және жаңа уставы бойынша батальон екі шақырымға дейін созылған қорғаныс шебін құра алса, біздің батальондарға алты-сегіз шақырымға дейінгі жерге қорғаныс шебін құру тапсырылды, яғни негізгі нормадан үш-төрт есе артық жер берілді. Біздің батальонды әскери даярлықтан толық өткен деуге болмайтын, ол жаңадан шақырылған адамдардан тұрды, оның үстіне толық жабдықталынбаған әрі жарақтандырылмаған еді. Бұл жөнінде: «Таяқпен танкке қарсы тұрдық»,— деп жазған да болатынмын [ 67; 6-13 бб].

Осындай күшпен алты-сегіз шақырымға созылған қорғанысты жаудан қорғау оңай емес еді; Мен батальон командирі ретінде, біздер келіп жететін немесе шегінетін бөлімдер үшін шеп әзірлеп жатырмыз, мұнда басқа бөлімдер келер, менің батальонымның учаскесіне екі-үш полк келіп көбиетін шығар деп ойладым. Осы сегіз шақырым аралықты жалғыз менің батальонымның қорғайтынын ол сәтте ойыма да алған жоқпын, оны жалғыз батальонның ұстап тұруы мүмкін емес деп есептедім.

1941 жылдың 16 октябрінде Волоколамск бағытында ұрыс жүргізіп жатқан неміс әскерінің оңтүстігіндегі тобы бізді айналып өтіп, «Болычево» совхозына соққы берді. Біз жаудың шабуылын маңдай тұстан күткен едік, ал ол бүйірімізден келіп тиісті. Бұл біздің алғашқы қақтығысымыз болатын. Немістердің алғашқы күшті соққысын сол жақ қанатта орналасқан Ка-провтың 1075-ші полкі алдымен қабылдады. Жаудың күші ересен еді. Бақайшағына дейін қаруланған жау өскерін танктер, мотоатқыштар мен самолеттер қолдады. Бұл бағытта немістер өте күшті ұрыс қимылдарын жүргізді. 1075-ші полк жауынгерлері «Болычево» совхозы мен Федосьино, Княжево Соколово селолары арасындағы шептерге бекіне кескілескен ұрыс жүргізіп бақты [ 68; 16-17 бб].

21 октябрьде немістер 1075-ші полкті шегіндіріп, Гуон өзенінің жағасына, одан капитан Лысенконың батальоны қорғап тұрған, бұрын аудан орталығы болгы Осташово деревнясына жетті. Лысенко ерлікпен шайқасты. Полкты талқандап шепті бұзып өту үшін шоғырланған ірі күшпен төрт тәулік бойы соғысты біздің жауынгерлер ержүректілікпен қарсы тұрып  дұшпанның мұндай үлкен күшіне осындай  бір тәулік тойтарыс беру оңай емес еді.

Жаппай ерлік көрсету дегеніміз не? Бұл  күрес, жорық жасау мен соғыс техникасын сәтті пайдалану шеберлігі, солдат пен офицерлердің тәртібі. Сегіз адам сексен адамды ешқашан жеңе алмайды, күштің аты күш емес пе? Бұл жөнінде қазақ мақалы «Білекпен — біреуді, ақылмен — мыңды жығасың» — демей ме? Суворов санмен емес, айла тәсілмен ғана жеңіске жетуге болатынын айтқан ғой.

Жау колонналары жинақталып, сегіз танкісі бізге жақындап келеді. Миналанған деп ойлап, алдыңғы үш танкінің экипажы — тоғыз адам көпір үстін қарауға шықты. Осы кезде «өлгендер» тіріліп кетіп, «ура!» деп айқайлай түрекеліп, сексен адам төрт жүз адамға қарсы шабуылға шықты. Пулеметші тез арада көпірге қарай жүрген экипажды жер жастандырды.

Нәтижесінде жүз елу неміс жойылды, бір зеңбірек, бір трактор-тягач, жүз елу снаряд, үш танкі және документпен қоса штабтың машинасы қолға түсті. Осылай қоршауда қалу қаупі кейде сақтандырумен бірге, жеңіспен де аяқталғаны бар.

Немістер майдан шебін тағы бұзды. Дубосеково арқылы Ядрово, Омельфиноға өтуге ұмтылды. Гусеновода ұрыс жүргізіп жатыр. 1073-полктің бірінші батальонына Ядрово, Покровское, Матренино, Дубосеково жақтан дұшпандар шабуыл жасауда.

1941 жылдың 17 ноябрі күнгі кешінде менің командалық пунктіме 1073-атқыштар полкінің командирі Елин, полковник Капров, майор шеніндегі танкіге қарсы соғысатын полк командирінің біреуі келді. Бұл күні мен қолға түскен документтерді — төрт қапшық қағаздарды штабқа жібердім.

Бір айта кететін жай, парнографиялық суреттерді өздерімен бірге алып жүру — немістердің әдетіне айналып кеткен. Себебі, ол суреттердің неміс армиясын тәрбиелеуде өзіндік сыры, мәні бар. Соны немістер жасыру орнына, мемлекеттік насихат құралы ретінде жұртқа жария етеді.

Генерал Панфилов түнгі сағат он екіде мені телефонға шақырып, жағдайды баяндауымды талап етті. Жағдайды баяндадым. Осы сәтте командалық пунктімде полковник Капров пен Елиннің де бар екенін мәлімдедім. Панфилов маған:

— Барлық топ үшін басшылық етуді қабылдаңыз! — деп бұйырды. Мен пунктте полковник бар екенін тағы да түсіндіруге тырыстым, бірақ генерал «сіз қабылдаңыз» деді.

Менің қобалжып тұрғанымды көрген Бозжанов:

— Ақсақал, өзіңіз басқарыңыз, бізді ешкімге тапсырмаңыз,— десе бола ма? Оның мына сөзінен кейін күдігім, қобалжығаным сейілді.

Мен командалық пунктіме келдім де «генерал Панфилов басшылық етуді қабылдауға бұйрық берді». дедім. Сөйтіп мен алты сағат мерзімге топтардың командирі болдым.

Осы жағдай кезінде маған полковник Капровтың тәртібі, саналылығы, ұстамдылығы керемет ұнады, ол генерал Панфиловтың бұйрығын бұлжытпай орындады. Шенінің, жасының үлкендігіне қарамай маған қалтқысыз бағынуы — оның айырықша қасиетін танытса керек [ 69; 3-5 бб].

Өзім қалап алған диссертация тақырыбының шеңбері маман бөлімдердің, құрамалар мен бірлестіктердің командирлері, штабтар жұмыстарының нысандарын, әдістемелерін, сондай-ақ Мәскеу түбіндегі қорғаныс ұрыстарында өз жолын бастаған әскерлердің шабуыл қимылы әдістерін терең және жан-жақты зерттеу жасауды міндеттеді.

Міне Подольск қаласы, Ұлы Отан соғысының архивіндемін. 316-атқыштар дивизиясының кейіннен 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына аты өзгертілген дивизияның құжаттарын: генералдар И. В.Панфилов пен И.М. Чистяковтардың жұмыс карталарын, қол қойған бұйрықтарын, басқа да құжаттарын қайта-қайта оқып, қарадым. Кенет маған үлкен қуаныш пен толқу туғызған құжат – 316-дивизия командирінің Армия қолбасшысына жолдаған білдірісі тап болды: «1073 атқыштар батальоны үшінші батальонының командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлы ұрыстан дивизияның негізгі күштері шығуы үшін білгірлікпен қалқан жасады және өздері иеленген жерді келесі тиімді шепке дейін ұстап тұруды қамтамасыз етті. Батальон дұшпанның басым күшінің көп мәрте шабуылын тойтарып, өз бетімен әрекет ете отырып, қоршаудан жарып шықты. Батальон командирі шегіну кезінде кеннеттен қарсы шабуылдар ұйымдастырып, осы арқылы дұшпанның қозғалысына бөгет жасады. Батальонның жеке құрамы өжет және батыл әрекет етіп, батырлықпен топтасқандық үлгісін көрсетті. Шығын елеусіз, батальон ұрысуға қабілетті».

Бірнеше жылдан кейін Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» атты кітабынан генерал И.В. Панфиловтың өз батальонын ауыр ұрыстан кейін бастап әкелген комбат Б.Момышұлымен кездесуінен үзінді: Мүмкін, менің қолымда нақ осы көрініс туралы білдіріс болған шығар. Бірақ басқа құжаттарымен танысу Бауыржан Момышұлы батальонына дивизияның басты күштерін қорғау үшін сан рет тосқауыл болу міндеті тапсырылды деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Және әрбір ретте дұшпанның басым күштерімен ауыр түрде орындап отырған. Батальон соғысқа қабілеттілігін сақтай білген екен [ 70; 5-9 бб].

Осынау аса қиын міндетті шешудің қалайша сәті түсіп отырған деген сұрақ туады. Соғыс басталар сәтте біздің соғыс ғылымымыздың негізінен шабуылдаушы ұрыс проблемаларын зерттеуге бағытталғанын айта кетейік. Ал, ұрыстан шығу және шегіну кезіндегі әскер қимылы оралымдылықтың /маневрдің/ бір түрі ретінде қаралады да, жалпыға бірдей қабылданған пікірге ие болған жоқ. Нақ сондықтан да соғыстың бастапқы кезеңінде көптеген шекарадағы округтердің бөлімдері мен құрамалары сәтсіз ұйымдастырылған шегінуге байланысты адам және техника күшінен үлкен шығындарға ұшырады.

«Шегінуді ұйымдастыру немесе ұрыстан шығу ең бір қиын іс. Бұл ең күрделі маневр, оның үнемі сәті түсе бермейді, өйткені өкшелеп келе жатқан дұшпан әрбір қадам өз еркін таңады, қайта топтасуға мәжбүр етеді. Бұл жағдайларда штаб жасаған график құбылмалы ауа райындағы сынап бағанасы сияқты безек қағады» — деп жазды Бауыржан Момышұлы  [ 71; 5-7 бб].

Иә, қырық бірінші жылдың сол бір ауыр жазында Қызыл Армияның бөлімдері шекараны қалдырып шегіне берді. Ал, күзде ол өз өмірбаянындағы ең бір мазасыз күндер мен түндерді бастан кешірді. Соңғы шепті қорғай отырып, Қызыл Армия болат спираль сияқты, біресе созылып, біресе шегіне дейін тарылды. Кейде осы спиральді тек осындай қысымды көтере алмай, жарылып кететіндей әсер қалдыратын.

Болат спираль жарылған жоқ! Қызыл Армия фашистердің таңдаулы құрамаларына күйрете соққы бергені сондай, қысқа уақыт ішінде жау Мәскеуден 200-300 километрге шегеріп тасталды. Мәскеу түбіндегі ұрыстардың барысын демін ішіне тарта бақылап отырған әлем демін жеңіл алып, қатарында біздің жерлестеріміз – 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен командирлері және басқа бөлімдердің жауынгерлері мен командирлері ерлікпен шайқасып жатқан Қызыл Армияның күші мен қуатын сеніммен қарады. Бауыржан Момышұлының есімі, қазақтың аты әлемге әйгілі болды.

Зұлым жаумен өліммен бетпе-бет айқаста жеңімпаз болып шыққан, соғыста отырып, соғыс қисынына, ұрыс жургізу тактикасына теңдесі жоқ үлес қосқан жандардың ерлігін тарих ешқашан ұмытпайды. И.В. Панфиловтың, Б.Момышұлының зерделі ақыл-ойы, ерекше ұйымдастырушылық және адамгершілік қасиеттері оларға ұрыстың ең бір ауыр сәттерінде бірден-бір дұрыс шешім таба білуге мүмкіндік берді. Ал «спираль — серіппе» болса, солардың бірі болатын.

Бауыржан спиралінің ұрыстан шығу мен шегіну кезінде қолданылатын әскер қимылы тактикасының жаңа түрі екенін анықтаудың маған сол кезде ұрыс қимылдарының қыруар архивтік құжаттарын зерттеген шақта сәті түскен еді. Бұл жұмыс карталары, схемалар, ұрыс білдірістері болатын [ 72; 2 б].

Бауыржан спиралінің мәні неде? деген сұрақ пайда болады.Сәл-пәл күшейтілген құралдарға ие болған батальон дивизия командирінен тапсырма алып, майданда кеңінен қорғаныс ұстанады да, өз күш-жігерін дұшпан қимылының ықтимал бағытына, әсер жағдайының басымдық әкелетін учаскелеріне аударады. Қорғаныс ошақ тәріздес сипатқа ие болып, роталар танкке қарсы қуатты сенімді тіректер жасап тұрады. Ұрыстың алдыңғы шеті мен роталар арасындағы аралықтарда аралас мина қойылған алаң белгіленеді, артиллерия мен атқыш қару-жарақтың шоғырланған және бөгет келтіретін атыс нүктелері айқындалады. Көпірлер мен өткелдер қиратылуға дайындалады, жолдар мен орман соқпақтарында ағаштар құлатылуға белгіленеді. Ротаның тірек пунктері инженерлік құрылыстарымен: окоп, траншея жабындылармен сенімді түрде жабдықталады. Бір сөзбен айтқанда, батальон қорғаныс ауданын берік ұстап, дивизияның негізгі күштеріне озық кету мүмкіндігін бере отырып, мүмкін болғанша дұшпанды ұзақ бөгеп тұру үшін барлығын жасайды.

Ұрыс басталуымен бірге артиллерия дұшпанға алыс қашықтықтан соққы береді, танкке қарсы құралдар жау танкілерін жойып жібереді, атқыш қару оғымен дұшпанның жаяу әскері танкілерінен бөлініп қалады. Қорғанысқа жұлқына енген дұшпан қарсы шабуылдармен құртып жіберіледі. Жақсы ойластырылған өзара әрекеттестік, бір жағынан дұшпанға үлкен шығын келтіріп, оның қарқынын бәсеңдетуге, екінші жағынан, ұрыстан батальонның негізгі күштерінің шығуын ұйымдастыру үшін жағдай жасайды.

Батальон тек дивизия /полк/ командирімен белгі алғаннан кейін ғана шегінеді, өзінің шегінуін бүркеу үшін взвод немесе әр ротадан бір бөлімшеден қалдырылады. Ұрыстан шығу және шегіну түнде жүзеге асырылады. Роталар күні бұрын белгіленген аудандарға келіп шоғырланады немесе комбаттың командасымен дербес маршрутпен қозғалады. Алға және қаптал тұстарға жаугер барлаушы шолғыншылар жіберіледі. Азимут бойынша бағдар жасай отырып, негізінен түнгі уақытта қозғалады, жер жағдайы: орман, жыра және басқа жергілікті жердің бүркеме қасиеттері жақсы пайдаланылады. Негізгі жолға жіберілген барлаушылар дұшпан туралы мәлімет: колонналар құрамы мен олардың әрекет ету сипатын, әсіресе елді мекендерде демалысқа орналасу жағдайларын хабарлайды. «Москва үшін шайқас» кітабын оқи отырып, батальон взводтары мен роталарының батыл қимылдары туралы көптеген мысалдарды табады.

Сонымен, Бауыржан Момышұлының батальоны енжар шегінбейді, оның үстіне, жауды тырғайлап, үрейі кете қашпайды екен, керісінше, батальон жолды бойлай, «спиральді» шегінеді, мұның өзі жұмыс карталары мен схемаларынан айқын көрінеді. Сонымен бірге дұшпан колонналарына көптеген жерден шабуыл жасап, оның техникасын, тірі күшін құртып жібереді, сол арқылы оны дивизияның басты күштері қорғаныс шебіне жетіп алғанға дейін титықтатады.

Әсіресе елді мекендерге демалысқа орналасқан дұшпанға түнгі шапқыншылықтар тиімді болып отырады. Елді мекенге шағын топ болып, жан-жағынан дүркін-дүркін оқ ата отырып, шабуыл жасау дұшпанның үрейін алып, берекесіздік туғызады да, олар қанжармен және біздің пулеметшілеріміздің бөгесін оғымен құртып жіберіледі.

Айтылғандарды қорытындылай отырып, қорғаныс ұрысы тактикасын дамытудағы комбат Бауыржан Момышұлының ролін айқын елестету үшін біздің әскери деректеріміздің ережелеріне көз тастайық.

Қорғаныстың беріктігі. Бұл ұрыс қимылдарының бірі ретінде қорғанысқа қойылатын берік талаптардың бірі. Қорғаныстың беріктігі ұғымында қорғанып әскердің дұшпанға үлкен шығын келтіру, оның шабуылын тойтарып тастау мен қорғап тұрған ауданды ұстап тұру қабілеті түсініледі. Қорғаныстың беріктігіне, әскери жарғының паш ететіндей атыс жүйесін білгірлікпен ұйымдастыру, бөгеттер мен жергілікті жерде инженерлікті жерде инженерлік құрылыстар жасау,… әскердің табандылығы арқылы қол жеткізіледі. Соғыс алдындағы жарғыларда осындай түсіндірілу болды. Соғыс жылдарында әзірленген нұсқауларда, содан кейінгі әскери жарғыларда қорғаныстың беріктігін қамтамасыз ететін тағы бір жаңа жағдай пайда болды – бұл әскердің оралымдылық /маневр жасау/ қабілеті еді [73; 78-100 бб].

Енді комбат Бауыржан Момышұлының тіпті ол мүлде қолайсыз жағдайларда болғанның өзінде өз батальонымен маневрді білгірлікпен жасап, дұшпанға зиян келтіре отырып, уақыт ұта білгенін байқау қиын емес.

Кейбір командирлердің, әсіресе соғыстың бас кезінде әскер табандылығын шектеулі және бір жақты түсінуіне әрі маневрдің ролін бағаламауына байланысты сәтсіздікке ұшырағанын зерттеулер көрсетеді.

Бүгінгі күні біз Бауыржан Момышұлының маневрлі ұрыстың шебері болғанын, ал оның «спиралі» елеулі дәрежеде тактикада жұмылдырушы қорғанысты орнықтыруға ықпал еткенін сеніммен айта аламыз.

Өз жауынгерлік қабілетін сақтай отырып, отты ішінен сан мәрте шыққан батальонның өміршеңдігін қалай түсіндіруге болады?

Мұны, менің көз қарасымша, батальонның букіл жеке құрамының ерлігімен, Брудный, Донских сияқты бөлімше командирлерінің білгір және батыл қимылдарымен, Бозжанов, Ғабдуллин және Тоқтаров сияқты нағыз комиссарлардың ержүректігі және қатаң басқаруды жүзеге асыра отырып, ең бір сын сағаттарда алқындылығын жоғалтпаған ұрысты ұйымдастырушы комбат – аға лейтенант Бауыржан Момышұлының ерекше талантымен түсіндіруге болады.

Армия генералы И.М. Чистяков «Отанымызға қызмет етеміз» деген кітабында «Бауыржан Момышұлын Панфилов ержүректігі мен батылдығы үшін бағалайтын. Мәскеу түбіндегі оның батальоны қоршауда болып, бірнеше күн полкпен байланысы болмады, осыған қарамастан, күші басым дұшпанмен айқасты. Қиян-кескі ұрыстарда гвардияшылар екі тәулік бойына 400-ден астам фашисті жойып жіберді, одан соң Волоколамск тас жолы бойымен олардың шабуылын тоқтатты. Содан соң орманда маневр жасап, қоршау құрсауын бұзып шығып, өз полкіне қосылды. Осыдан соң Панфилов өзінің жанында Момышұлының батальонын резерв ретінде ұстап, ең бір ауыр жағдайларда ұрысқа салып отырды»,  — деп атап көрсетеді [ 74; 55-93 бб].

Майдан жолдарын еске ала отырып, өткен ұрыстар мен операцияларды талдай отырып, Бәукең былай жазады: «Тек ерік-жігері жоқ, қорқақ командирлер ғана тұйыққа тірелген жағдайды сылтау қыла отырып, қоршаудан майда топ болып шығуға бұйырып, тұтастай полктарды таратып жіберді. Генералдар Галицкий, Доватор дұшпанның терең тылынан дивизияларын ұйымшылдықпен шығарып алды. Галицкий де, Доватор да сиқыршы-керемет тудырушылар еді, олар қандай жағдайда да өздеріне сенетін әскер тізгінін қолына ұстаған қарапайым жігерлі командирлер болды. Қатаң басқарған жағдайда ұрыстан ұйымшылдықпен шығып, шегінген және бөлімдер мен құрамалар командирінің бірыңғай командованиесімен тағы да дұшпанға ұрыс салған бөлімдер мен құрамалар аз болған жоқ».

Нақ осы Б. Момышұлы сияқты комбаттардың, И.В. Панфилов сияқты комдивтердің жауынгерлік тәжірибесі біздің әскери жарғымызға әскердің ұрыс қимылы түрінде ұрыстан шығуға және шегінуге арналған арнайы тарауды енгізуге; «ошақтың» және «жұмылдырушы қорғаныс» терминдерін кіргізуге және негіздеуге мүмкіндік бергеніне сенімдімін.

Ұрыстың басқа түрлерін жүргізу тактикасында да Бауыржан Момышұлының қосқан үлесі елеулі. Оның зерделі қолбасшы, шығармашылықпен ойлайтын әскери маман ретіндегі таланты ол полкке, содан соң дивизяға командалық еткен соғыстың келесі жылдарында ашылды. Оның нақ осы қасиеттері Бәукең академияда оқып, жұмыс істеп жүрген кезде жалпы мойындау, құрметке иеленуіне мүмкіндік берді.

Құрамалар мен бөлімдердің ұрыс қимылы түріндегі терең ұрыс қисыны 30-жылдардың басында әзірленді. Оның мәні барлық тереңдікте дұшпанның қорғанысын бір мезетте басып тастау, таңдап алынған бағыттағы тактикалық алапта оның қорғанысын бұзып өту және ұрысқа табысты дамытатын эшалонды енгізу әрі әуе десантын қондыру жолымен тереңдіктегі шабуылды қауырт дамытудан тұратын. Терең ұрыс қисынының негізгі ережелері оқу жаттығулары мен маневрлерде тексерілді. Алайда кез-келген жаңа құбылыс сияқты терең ұрыс қисыны әскер практикасына баяу енгізілді.

Бауыржан Момышұлы жаңа тұрпаттағы командир ретінде шабуылдың бұрынғы әдісін: дұшпанды тек шабуылға шығушы жаяу әскер тізбегінің алдында ғана зақымдауды, дұшпан қорғанысын баяу, «көшіруді» және әрбір қорғаныс позициясын біртіндеп жеңуді жоққа шығарды, «шабуылдың мұндай әдісі», — деп атап көрсетті Б. Момышұлы, әскерді қаруландыруға келіп түскен соғыс техникасының атқыш және маневрлік мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қамтамасыз етпейді және үдемелі ұрыс қарқынын жоғарылатуға кедергі келтіреді. Әскер практикасына соғыс қимылдарын жүргізудің жұмылдырғыш әдістерін енгізудің белсенді жақтаушысы бола отырып, Б. Момышұлы терең ұрыс қисынын қолдап қана қоймай, сондай-ақ оның дамуына да атсалысты.

Ұрыс пен операцияларды жүргізудегі жаңа көзқарастар қисындар, есеп-қисаптар тексертілетін нағыз лаборатория – соғыс жағдайы болып табылатыны мәлім. Полк командирі, одан соң дивизия командирі ретінде Бауыржан Момышұлы терең ұрыс қисынын полктың /дивизияның/ шабуылдау практикасына батыл енгізді. Ол бұл қисынды /теорияны/ қолдануда барынша тиімділікке жету үшін полктар мен дивизиялардың командирлеріне танк, артиллерия және басқа бөлімшелерді /бөлімдерді/ тікелей бағындыру есебінен дербес қимылдауға арналған жағдайлар жасаған дұрыс болады деп санады. Ал берілген құралдардың ату және маневрлік мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалану үшін полктар мен дивизиялардың командирлері танк, артиллерия және басқа құралдардың практикалық-техникалық сипаттамаларын, қасиеттерін жақсы білуі тиіс.

Бауыржан Момышұлы әскерлердің бүкіл тектері арасындағы тығыз өзара әрекеттестікті ұйымдастыруға маңызды мән берді. Ол мұны терең ұрыс қисынындағы тиімділікті және тұтастай алғанда шабуылдауды қамтамасыз ететін маңызды шарттың бірі деп атап көрсетті.

Шабуылдаушы ұрыстың ең бір жауапты шырқау сәті дұшпанның қорғанысын бұзып-жарып өту деп көрсетті Б. Момышұлы. Мұны табыспен жүзеге асыру үшін полктің шабуылдау алабындағы бұзып өтетін учаскені біліктілікпен таңдап алып, дұшпанның  сан жағынан едәуір басымдылық жасап, негізгі күш пен құралдарды шоғырландыру керек дейді Бәукең. Б. Момышұлы штабтан күштер мен құралдардың арақатынасының объективтік есебін талап етті, барлау бастықтарын, басқа да қызметтерді тұрақты түрде тыңдап барып, тек осыдан кейін ғана шешім қабылдады.

Шешім қабылдау процесіне ол шығармашылықпен қарады, жағдайды әлденеше рет бағалап, ұрыс дамуының перспективасын дұрыс айқындап алуға ұмтылды. Әр түрлі бағыттағы мамандарды тарту, әдетте, қате шешімді қабылдауды болдырмайтын. Б. Момышұлының негізгі ережелерінің бірі-шешімді әзірлеу үшін уақытты барынша пайдалану еді. Ол ең бір бірегей шешім, егер, ол кешігіп қабылданса, тиімді бола алмайды дегенге сүйенді. Бұл бағасы жоқ тәжірибені қазіргі практикада пайдалану қажет.

Жұмысқа қабілетті штабы бар командирдің шешімді қабылдауы, бағыныштылары алдында ұрыс міндеттерін қоюы күрделі іс емес. Енді қабылданған шешімнің ойластырылғандай болып орындалуы маңызды. Бұл үшін ұрысқа қатаң және тұрақты басшылық жасау яғни, күш пен құралдарды басқару қажет деп үйретті Бауыржан Момышұлы.

Жұмыс карталары мен схемалардан полк командирі, дивизия командирі Б. Момышұлының басқару пунктерін ұрыс тағдыры шешілетін жерлерден таңдап алғандығы көрінеді. Құжаттар дивизия командирі Бауыржан Момышұлының ұрыстың сын сағаттарында өзінің басқару пунктін полктің, тіпті батальонның басқару пунктеріне ауыстырып, қабылданған шешімге түзету енгізе отырып, соғысты басқарғанынан айғақ береді. Жеке өзі бағыныштыларына міндеттер қойып отырады.

Дивизия командирі Бауыржан Момышұлы жұмысындағы батылдық пен салқындылық, өзін билеу мен дәлме-дәлдік офицерлер үшін ғана емес, сондай-ақ Бауыржан Момышұлының ұрыстың ең бір қиын және қауіпті сәттерінде көріп жүретін жауынгерлер үшін де сенімді қолдау ретінде қызмет етті.

Дұшпанға бір мезгілде зиян келтіру және шабуылдың жоғары қарқынын қолдау үшін маңызды шарттардың біріне комдив Б. Момышұлы әскердің материалдық-техникалық, медициналық жағынан қамтамасыз етілуін санады. Сондықтан ол командирлер мен штаб офицерлерінен ғана емес, сондай-ақ тыл қызметі офицерлерінен де жоғары кәсіптік даярлықты талап етті.

Соғыстан кейін академия тыңдаушылары алдында сөйлеген сөзінде Бәукең кез келген лауазымды иеленетін командирдің, офицердің жоғары біліктілігі әскердің жоғары ұрыс дағдысының, ұрыстағы жеңісінің негізі деп атап көрсетті [ 75; 23-24 бб]. Керісінше, соғыс уақытындағы офицердің біліксіздігі, нашар кәсіби даярлығы ұрыс пен операциядан ұтылуға әкеледі, ал бейбітшілік уақытында әскери оқу жаттығуында, бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік даярлығында төмен көрсеткіштерге соқтырады.

1941 жылдың күзінде Спас-Рюховск қалашығындағы Бауыржан Момышұлы батальонына неміс әскерлері шабуыл жасап, 8 сағаттық қантөгістен соң фашистер батальонды қоршауға алады. Дегенмен, батыр Бауыржанның сарбаздары Ивановский селосы маңында фашистердің автоколонасына шұғыл шабуыл ұйымдастырып, оны жойып жіберіп, қоршауды бұзып өтеді. Бұл кезде фашистер майданнан қосымша әскер алып, батальонды қайта қоршайды. Сонда Бауыржан Момышұлы өз батальонын жаңа әдіс — ромб тәрізді  қатарға тұрғызып, жаудың шебін бұзып өтеді.

Сонымен, Бауыржан Момышұлы – үздік қабілетті, табиғат талантты аямай сыйлаған, қысқа уақыт ішінде жалпы әскер ұрысының принциптері мен заңдылықтарын өз бетімен меңгеріп алған адам. Оның өткір ақыл-ойы, зерделі қабілеті оған ұрыс жағдайындағы оқиғалар барысын қатесіз болжап білуге және аңғаруға мүмкіндік берді. Нақ сондықтан да Бауыржан Момышұлы батальонға, полкқа, ал соғыстың шешуші кезеңінде дивизияға да табысты және сенімділікпен басшылық етті.

Әскери академиядағы оқу мен жұмыс оған қисындық білімдер қорын кеңейтуге және қарулы күрес процессін, әскери құрылыс процесін ауқымды ұғынып, көре білуге мүмкіндік берді.

Бауыржан Момышұлы шәкірттернің бірі генерал-полковник
Голушко И.М.өзінің «Тыл солдаттары» деген кітабында былай деп жазды: «Біздің аудиториямызға үздік оқытушылардың жағымды ықпалы туралы айтқанда ең алдымен біздің көз алдымызда жартылай аңызға айналған адам туралы айтпай кете алмаймын. Әңгіме жалпы тактика курсын оқыған полковник Бауыржан Момышұлы туралы болып отыр. Біз Момышұлының лекциясын үнемі қызығып күтетінбіз. Кез келген материалды ол тапқыр баяндайтын, конспектіден гөрі көбіне схемаға жүгінетін және әрбір тезисті ұрыс тәжірибесінің өнегелі мысалдарымен нығайтатын. тактиканың күрделі мәселелерін ажырата отырып бізді ойлаудың дербестігіне жан-тәнімен үйрететін» [76; 88-91 бб].

Ескерте кетейін, кейбір авторлар Б. Момышұлын Қазақстанның Суворовы, Жуковы деп жазды. Мұндай теңеу, салыстыру, менің ойымша Бауыржан Момышұлының ерекше әскери қолбасшы дарындылығын насихаттауға жеткіліксіз. Бауыржан Момышұлының майдандағы ерекше ерлігі, соғыстан кейінгі азаматтық еңбегі: жазған кітаптары ұрпаққа қалдырған тарихи қазынасы. Батырдың есімін халқы ғасыр тұлғаларының қатарына ендірді.

Табиғат заңы, Бауыржан Момышұлымен үзенгілес болған, соғыстың майданына қатысқан қариялар азайды. Ол ерекше ертұлғаны көріп, сұхбаттасқан адамдардың да саны көп емес. Солардың бірі мен. Бауыржан Момышұлы көп көрдім деп мақтана алмаймын. Бірақ 1975 жылғы тыңдаған лекциям естен кетпес. Менің толғанысым – Бауыржан Момышұлы дарынды әскери қолбасшы, әскери педагог, әскери жазушы, әскери философ және ойшыл дана. Бауыржан Момышұлының әскери теория мен практиканы, әскери педагогика мен әскери психологияны байытатын теңдесі жоқ мұра қалдырғаны талассыз имандық.

1982 жыл, қазан айы. Сол жылы Бауыржан Момышұлы о дүниеге аттанды.

Кезекті лекция аяғында бір тыңдаушы:

– Лекцияңызға қанағаттымыз, Бауыржан Момышұлы туралы бір сыпыра мәліметтер алдық. Бірақ, бұл ерекше ер тұлғаға неге Кеңес Одағының батыры атағы берілмеді – деп сұрақ қойды.

–– Бұл шешім Бауыржан Момышұлының көзі тірі кезінде кабылданбағанына біз де таң қаламыз. Өкінеміз! Бірақ, Бауыржан Момышұлы батыр атағын халық берген жоқ па?! Ол талантты комдив, әскери педагог, әскери жазушы, әскери философ және ойшыл дана тұлға. Оның әскери ғылым мен практиканы, әскери педагогика мен әскери психологияны байытатын теңдесі жоқ мұра қалдырғаны талассыз иландық.

Қорытындылайтын болсақ жаратылысынан ғажап ақылдылығы мен ержүректілігі, қайнаған күш-қуаты, қайтпас қайрат жігері Бауыржан Момышұлы көзі тірісінде-ақ аңызға айналдырды. Өкінішке орай, бейбіт кезде Оны бағалай алмағандар болды.

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысының 1418 күні мен түнінде ерлік жасап жүрді», — деп жазды. Бауыржан Момышұлының жауынгер серіктерінің ой-пікірлерін түйіп айтты.

Бауыржан Момышұлы: «Мен – запастағы полковникпін, бірақ азамат ретінде әрқашан саптамын!», — деген [ 77;  90-97 бб].

Запасқа мерзімінен бұрын шығарылса да жасымады, қажымады, шорт сынбады, өзіне жауыққандарға жем болмады. Бауыржан Момышұлы адамгершілік, Азаматтық және Отанды сүю сияқты асыл қасиеттерді ардақтаған тамаша кітаптар жазды. «Бұл – Бауыржанның екінші ерлігі»- деді Бауыржан Момышұлының майдандас досы жазушы Д.Ф. Снегин.

XX ғасырдағы ұзақ та қанкешті соғыс қаһарманынан Бауыржан Момышұлының бір ерекшелігі осы десем, қателесе қоймаспын.

Бауыржан Момышұлының есімі – ерліктің символы, қазақ халкының мәңгілік мақтанышы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байғұт, М. Сағыныш саздары / М. Байғұт // ЕГЕМЕН  ҚАЗАҚСТАН. — 2009. -12 қыркүйек. — 5 б. Экземпляры: всего:1 — Ч1(1)

Жәкеев, С. Баукеңмен болған үш кездесу / С. Жәкеев // Ана тiлi. — 2010. -14 — 20 қаңтар. — 8 б. Экземпляры: всего:1 — Ч1(1)

Келденова, Г. Жас ұрпақты Б.Момышұлының өмірі мен өнегесі үлгісінде тәрбиелеу / Г. Келденова // Қазақ және әлем әдебиетi. — 2009. — №1. — 7-8 б.

 Экземпляры: всего:1 — ЧЗ-5(1)

Қадырбаев, Н. Қасіретті  қантөгістің  қасиеті  қымбат:  Бауыржан  момышұлының  » Курляндия  майданы » деректі  романын  оқығанда / Н. Қадырбаев // Қазақ Әдебиетi. — 2009.- 6-12 қараша. — № 47. — 6 б. Экземпляры: всего:1 — ЧЗ-5(1)

Қазыбек, М. Батырдың жан дүниесі / М. Қазыбек // Парасат. — 2008. — №11. — 8-10 б. Экземпляры: всего:1 — ЧЗ-5(1)

Маталиева, А. Бауыржан Момышұлы — сан қырлы жазушы / А. Маталиева // ҚР ҮҒА Хабарлары: Тіл, әдебиет сериясы. — 2007. — № 5. – 113 б.

 Экземпляры: всего:1 — Ч1  (1)

Мәмбетов, Қ. Соғыс шындығы / Қ. Мәмбетов // Жалын. — 2007. — № 10. — 78-85 б.

 Экземпляры: всего:1 — Ч1  (1)

Мәмбетов, Қ Шындық џшін шайқастық / ҚМәмбетов // Ұлағат. — 2007. — №6 . — 82-86 б.

Экземпляры: всего:1 — Ч5(1)