АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қылмыстық заң бойынша жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлары

 МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..

 

  1. Қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы және оның маңызы……………
    • Қылмыстық құқықтағы жаза институтының даму тарихы ………..
    • Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ………………………………………..

 

  1. Қылмыстық заң бойынша жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың сиппатамасы ………………………………………………………

2.1.Қылмыстық заңдағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың түсінігі және олардың маңызы………………………………..

2.2. Жазаны жеңілдететін мән-жайлардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы………………………………………………………………………………………

2.3. Жазаны ауырлататын мән-жайлардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы……………………………………………………………………………………….

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланған. 1

         Конституцияда баян етілген адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, занды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруды қылмыстық заңда ерекше маңызды рөл атқаруда. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады.

         Қазақстан Республикасының өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген жетістіктерге жетті, сондай-ақ мемлекетімізді одан әрі қарқынды дамуына кедергі етіп жатқан теріс құбылыстар да бар. Бұл теріс құбылыстардың бірі – қылмыстылық болып табылады. Мемлекетіміз қылмыстылықпен күрес жүргізуде көптеген шаралар жүргізуде. Дегенмен де қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізудің бірден-бір тәсілі ретінде – кінәлі адамға заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жаза тағайындаумен тікелей байланысты болып табылады.

         Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар сот тәжірибесінде де, ғылым саласында да көп кездесетін аса күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар қылмыстық құқық теориасындағы қылмыстық жаза тағайындау институтының ең маңызды түсінігі болып табылады. Алайда, қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар теориалық тұрғыда әлі де болса өз шешімін толық таппаған.

         Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін, істің мән –жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән – жайларды ескере отырып, заң талаптарын бұлжытпай орвндауға тиіс.

         Қылмыстық құқық бойынша жаза тағайындағанда негізінен кінәлінің жеке дара жауапкершілік принципі басшылыққа алынады. Сотталушының нақты қылмысты істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған істеген қылмысы үшін жауаптылық көрсетілген заңның тиісті баптарындағы шекті мөлшерде ғана жаза тағайындайды. Мұндай да жаза әділ, әрі заң талаптарына толық сай болуы үшін, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы, сонымен қатар қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін және ауырлататын  мән – жайлар жан – жақты ескерілуі тиіс.

         Сот әділдігін сот жүзеге асыратын болып табылатындықтан, сот өзі шығарған үкімінің әділ болуы үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды ескере отырып, жаза тағайындағанда ғана әділеттілікке жетуге болады.                          

____________________

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. өзгер. мен. толық . қоса.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасында» атап көрсеткендей:

Қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғарғы құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен  бостандықтарының бастылығы мен ажырамастылығын тану негізге алынуы деп көрсетілген.

Бұл Тұжырымдамада қылмыс жасаған барлық азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе кез келген басқа да жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бірдей екендігін білдіретін заң мен сот алдындағы азаматтардың теңдігі және қылмыстың қоғамға қаіптілігінің сипаты мен дәрежесін, қылмыскердің жеке басының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды ескере отырып, соттардың әділ жаза белгілеуі тиіс екендігін білдіретін әділеттік айтылып көрсетілген.2      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы және оның маңызы

 

1.1. Қылмыстық құқықтағы жаза институтының даму тарихы

 

Қазіргі таңдағы жаза деген ұғым байырғы кездегі әдет – ғұрып нормалары сияқты қылмыстық  құқық нормаларында көрініс табады. Жаза дегеніміз – ол мемлекеттің қолындағы маңызды құрал болып табылады, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті үйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, мемлекеттің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүдделерін, азаматтардың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтардан қорғайды.

Сондай – ақ жаза дегеніміз — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға қолданылады.

Жаза қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың нысаны болып табылатындықтан, мемлекетпен жеке адамның арасындағы туындаған шиеленісті жоятын, құқықтық тәртіптің қалыпты жағдайын қалпына келтіретін, тұлғаны әлеуметке қауіпсіз ететін, бірден бір тиімді құрал ретінде қарастырылады.

Бәрімізге белгілі, жауаптылықты дифференциялау құқықтық мелекеттің терең, мәнді сипаттамасы болып табылатын негізгі қағида әлеуметтік әділеттілікке негізделген жалпы құқықтық қағида ретінде қарастырылады. Дегенмен де, қылмыстық құқықта – жауаптылық көп жағдайда жаза арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да, жазаны кең әлеуметтік құқықтық категория – қылмыстық жауаптылықты дифференциялаудан ажырату туралы сөз қозғағанымыз жөн.

Құқық қолдану деңгейінде жазаны дифференциялау мәселесі – сот нақты істің мән – жайларын және кінәлінің тұлғасын жан – жақты түрде зерттеп және бағалағаннан кейін, нақты жағдайда қылмысты жауаптылықты жүзеге асырудың тиімді нысаны – құқық бұзушыға жаза тағайындау және оны орындау барысындағы жазаны жекелендіруден тұратын, жауаптылықты жекелендіру қажеттілігін білдіреді.

Қылмыстық құқықтағы жазаны жекелендіру қағидасын жүзеге асыру дегеніміз – жазаны тағайындау барысындағы соттардың жасалынған қылмыстардың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін, кінәлінің тұлғасын және істің мән – жайын, жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлардың болуын, кінәліні әлеуметтік ортасынан оқшауламай түзеу мүмкіндігін ескеруді білдіреді.Жазаны қатаң жекелендіру – онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстарды абайсыздықпен жасаған тұлғалардың оқшаулау элементсіз жазаны өтеу мүмкіндігінен де көрінеді.

Жауаптылықты жекелендіру қағидасы заңнамаға тек арнайы субъектіге тағайындалатын жаза түрлерін (мысалы, әскери қызыметшіге – тәртіптік әскери бөлімде ұстау) енгізуден де көрінеді. Сондай –ақ, жауаптылықты жекелендіру жеңіл жаза тағайындаудан, шартты түрде соттаудан да көрінеді.

Сонымен, жазаны жекелендіру қағидасы қылмыстық құқықта тек декларативті ғана емес, оны жүзеге асырудың қажетті нормативтік құралдарымен қамтамасыз етілген қағида ретінде қарастырылады.

Қылмыстылық пен күрес – қазіргі заманның күрделі мәселелерінің бірі. Қылмыстылық — әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны туындататын әлеуметтік себептерді залалсыздандырып қана, қылмыстылықты бір деңгейде ұстап тұруға болады. Сондықтан да, қылмыстылық пен күресте жаза бірден – бір негізгі құрал емес және де жазаны қолдану арқылы қылмыстылықты жою мүмкін емес.

Мемлекет жазаны қолдануға ең соңғы кезекте келуі керек. Мемлекет өз азаматтарына өзін — өзі қамтамасыз ететіндей, қылмыстылықты азайтуға әкелетіндей мәдениет деңгейіне жетуге жағдай туындатуы керек. Өркениет деңгейі қылмыстылықтың деңгейін анықтауда елеулі рөл атқарады.Өркениеттің нағыз көрсеткіші – мемлекеттің байлығы, қалардың көлемі емес, ел тәрбиелейтін адамның кейпі. Кез – келген мемлекеттің экономикалық жағдайы оның адамдарының күнделікті әлеуметтік халімен байланысты. Мемлекет әр отбасы, адам үшін жауапты, бірақ ол әрқашан регламентация, бақылау емес, тек көмек, қамқорлық болуы керек.

Қылмыстық жауаптылық институтына қарағанда қылмыстық құқықта қылмыстық  жазаның теориялық мәселелері кең көлемде қарастырылған. Жаза түсінігінің мәселесі теориялық, тәжірибелік аспектіде өте маңызды болғандықтан, қылмыстық құқықтың оқулықтарында және курстарда толық және жан – жақты түрде бейнеленген.

Қылмыстық құқықтың әлеуметтік – сақтандырушы функциясын жүзеге асыруда көмекші құрал ретінде қарастырылатын жаза институты қылмыстық құқықтың маңызды институттарының бірі болып табылады.

Қылмыстық құқықтың тиімділігі туралы сұрақтар, әр уақытта қылмыстық жазаның тиімділігі туралы мәселерге тіреліп, жазаның мақсаттарын дұрыс анықтауға тікелей тәуелді болады.

“Қылмыстық заңнама негіздерін” қабылдағанға дейін “қылмыстық жауаптылық” және “қылмыстық жаза” ұғымдарының айырмашылықтары туралы сұрақтар арнайы зерттеудің пәні болып табылған емес. “Жазадан” бөлек  “қылмыстық жауаптылық”  ұғымы алғаш рет тек 1958 жылы  “Қылмыстық заңнама негіздерінде” пайда болды.

Бұрын қолданыста болған қылмыстық заңнамаларда, оның ішінде 22 шілде 1958 жылғы Қазақ ССР-нің Қылмыстық Кодексінде жазаның анықтамасы берілмеген болатын. Жазаның ең мәнді деген белгілері қылмыстық құқықтың бірқатар нормаларында көрсетіліп кетті де, заңнаманың ережелері және сот тәжірибесінің негізінде жазаның анықтамасы қылмыстық құқық теориясымен берілді.

“КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңнамасының негіздерінің” 20 бабының мазмұның аша отырып, И.С.Ной үш ережені көрсетеді: “…біріншеден, онда әлеуметтік институт ретінде жаза туралы белгілі бір мәлімет бар; екіншіден, жазаны қолдану барысында қол жеткізілетін нәтиже анықталады; үшіншіден, берілген нәтижеге қол жеткізілуге байланысты жүргізілетін қызметтің бағыты мен сипаты анықталынады”.3      

Алғаш рет жазаның заңнамалық анықтамасы 1991 жылғы Негіздердің 28 бабында “Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған, адамға сот үкімі арқылы мелекет атынан тағайындалатын, заңда қарастырылған сотталғандардың құқықтары мен мүдделерін шектеу немесе айырудан тұратын, мәжбүрлеу шарасы” деп беріледі.

Жазаның басқа да анықтамалары былай деп берілді: “Жаз қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға заңға сәйкес және сот үкімі арқылы мелекет атынан тағайындалатын, және оның қылмыстық қызметіне теріс бағаны білдіретін мәжбүрлеу шарасы.”4       

Назар аударарлық анықтама ретінде А.И.Чучаевтің анықтамасын келтіруімізге болады, яғни қылмыстық жаза – қылмыстық заңмен белгіленген және сотталғандардың құқықтары мен мүдделерін айыру және шектеуден тұратын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы; жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға ғана мемлекет атынан сот үкімі арқылы тағайындалады.5   

Мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы әртүрлі.

Қылмыстық жаза – мемлекеттік мәжбүрлеудің ең маңызды шараларының бірі. “Қылмыстар жазалар туралы” Чезаре Беккарианың трактатында “тек заңдар ғана қылмыс үшін жазаны белгілей алады, ал оларды шығару билігі тек заңшығарушыға тиесілі… Ешқандай судья әділеттілікті бұзбай, қоғамның басқа мүшелеріне жаза белгілей алмайды. Заңның шегінен шығатын жаза, заңмен белгіленбегендіктен әділетсіз болып табылады” депкөрсетілген.

Көптеген ғалымдар қылмыстық жазаға әртүрлі мағынадағы анықтама берді.

“Жаза” түсінігіне анықтама беру үшін, оның мәнің, мазмұның, белгілерін сипаттау керек. Ғалымдар жазаның “мазмұны” мен “мәнінің” түсінігінің әртүрлі екендігін көрсетеді.

Профессор Н.А.Стручков осы екі түсінік “жаза мазмұны – нақты қылмысқа тән сазайын тарттыру, ал жаза – жалпы сазайын тарттыруды білдіреді” деген.

Профессор Л.Ч.Сыдыкова “егер жазаның мәні- кең әлеуметтік – құқықтық түсінік болса, оның мазмұны (сазайын тартыру) – тар тусінік; қылмыскер тартылатын нақты құқық бұзушылықтан көрінетін тек қылмыстық құқықтық түсінік” деп көрсетеді. Сонымен бірге, ол “қылмыстықжаза мәні қылмыскерге әсер етудің бір түрі ретіндегі қылмыстық жаза туралы қоғамның көзқарасының дамуының осы кездегі сипатын құрайды” әділ байлам жасайды.

 

 

 

______________________________

  1. Ной И.С. Сущность и функции уголовного наказания в Советском государстве. Изд. Саратовского ун-та, 1973г.
  2. Уголовный закон. Опыт теоретического моделирования. М., Наука, 1987г.
  3. Уголовное право. Общая часть. М., Юридичес. Литература, 1994г. Стр. 347

Жаза қылмыскердің істеген қылмысы үішн мемлекеттің жағымсыз бағалауын көрсететін және қылмыскердің бостандығын, құқығын шектейтін

не оны өтеуде одан айыратын, заңда көрсетілген күштеу (сазайын тарттыру) шарасы ” деп көрсетілген.6

         Бізше, күште әсерінің шарасының мақсаты бағытталуы жазаның мазмұнына кіреді, себебі оның мәні – қылмыстық-құқықтық емес,әлеуметтік- құқықтық түсінік. Ал жаза мақсаты – қылмыстық-құқықтық түсінік. Егер қылмыстық жазаның мәні – қылмыскерге әсер ету әдісінің бірі ретіндегі қоғамның теориялық көзқарасының осы даму этапы болса, онда мақсатты бағыттылық жаза мазмұнына кіреді, яғни күштеу әсерінің кешені қылмыстық жазаның жүзеге асырылуын шектейтін белгілі бір тәжірибелік әрекеттермен байланысты. Осыдан жаза мақсатына жетсек, онда жаза ретінде қолданылатын  күштеу шаралары тоқтатылуы керек. Бұл сот тағайындаған жазаны өтеу уақытынан шартты түрде бұрынырақ босату болуы мүмкін.

         Қылмыстық құқық теориясында жазаға берілген маңызды теориялық көзқарастарды жинақтай келе, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі заң деңгейінде “іс – қимылдың қылмыстылығы, оның жазаланушылығы және басқа да қылмыстық – құқықтық нәтижелері осы Кодекспен анықталынады” деп көрсеткен.

         Қолданыстағы ҚР ҚК 38 бабында “Жаза сот үкімі арқылы тағайындалатын, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға тағайындалады да, осы Кодекспен көрсетілген сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеуді білдіреді” деп көрсетілген.

         Көңіл аударатын мәселе, заңшығарушы жазаның түсінігін аталған баптың  бірінші бөлімінде береді де, жазаны қолданудың мақсаттарын дербес тармақта көрсетеді.

         Норманың бұл редакциясы, бұрын қолданыста болған 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық заңында орын алған қиыншылықтардан арылуға мүмкіндік береді.

         “Жазаның мақсаттары” деп аталынатын 20 бапта “жаза жасалынған қылмыс үшін сазайын тарттыру а жасалынған қылмыс үшін сазайын тарттыру ғана емес, сондай-ақ келесі мақсаттарды көздейді…”

         Біздің көзқарасымыз бойынша, аталған баптың мағыналық мазмұны дұрыс берілмеген, себебі, әртүрлі ұғымдар – жазаның мазмұны мен мақсаты бір деңгейде қарастырылған. Заңшығарушы арқылы жаза “сазайын тарттыру” ретінде түсінілген.

 _________________

6 Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко. М., ИНФРА-НОРМА, 1998г. стр. 311

 

         Заң мәтінінен “сазайын тарттыру” терминінің алынып тасталуы формальді сипатқа ие. 1919 жылғы Басшылық негіздердің 10 бабында өш алуды жоққа шығаратын қағида бекітілген болатын: “Жаза тиімді болуы  

қажет және де азаптаудың белгілерінсіз, қылмыскерге тиімсіз және артық азаптарды келтірмеуі қажет”.     

         Жазаның мәнін тану қиындығы – жазадағы сазайын тарттырудың орнын анықтаумен ғана емес, сазайын тарттырудың табиғатына деген ғалымдардың әртүрлілігімен де байланысты.

         Заң әдебиеттерінде жазаның мәні ретінде сазайын тарттырудың мазмұнына байланысты біркелкі көзқарас жоқ. Көптеген авторлар сазайын тарттыруды сотталғандарға жаза арқылы келітірілетін азаптар мен шектеулер деп түсінеді. М.Д.Шаргодский былай деп жазған: “Жаза қылмыскерді, оған тиесілі қандай-да болмасын құндылықтардан айыру болып табылады да, қылмыскерге және оның іс-қимылына деген мемлекеттің теріс бағасын білдіреді. Жаза қолданылған адамына қатысты жапа шектіруді білдіреді. Жазаның осы қажетті белгісі, оны сазайын тарттыру етеді”.7    Көріп отырғанымыздай, аталған анықтамада айырулар мен жапа шектірулерге басты назар аударылған. Кеңестік қылмыстық құқық курстарында жазаның мемлекеттік – мәжбүрлеу сипатына және жазаның мақсаттарына көңіл аударылған.8 

         Б.С.Утевский сазайын тарттыруды мәжбүрлеу ретінде анықтаған.9 Б.С.Никифоров сазайын тарттыруды бұндай кеңілтелген түсіндіруіне қарсы шыға отырып, “сазайын тарттыру — өзінің сипаты және ұзақтығына байланысты қылмыскермен жасалынған зұлым іске, қылмысқа пара-пар жапа шектіруге мәжбүрлеуге” деп көрсетеді.10

         Жоғарыда аталған көзқарастарды сынай отырып, И.С.Ной былай деп көрсетеді: “…сазайын тарттыру жасалынған қылмыстың ауырлығына сәйкес болады, егер де кісі өлтіру үшін өлім жазасы қарастырылса, бірақ та, біздің заңнамада өш алу қағидасы көрсетілмейді, ал кісі өлтіргендігі үшін өлім жазасының қолданылуы өш алуды емес, жалпы сақтандыруды білдіреді”.11  

         Қолданыстағы Қылмыстық Кодекстегі “мемлекеттік мәжбүрлеуді” “әлеуметтік қорғау шараларымен”, “сот-түзеу сипатындағы әлеуметтік қоғау шараларымен” теңестіруге болмайды. Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік мәжбүрлеу сотталғандарды құқықтарынан айыру немесе шектеуден тұрады.

         ҚР ҚК 39 бабында жаза болып табылатын, барлық мәжбүрлеу шаралары көрсетілген. Яғни, мәжбүрлі әсер етудің басқа шаралары қылмыстық жазаның күшіне ие емес.

 

________________

  1. Шаргодский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. Л., 1973г. 16стр.
  2. Курс советского угловного право. Наказание. М.,1970г.т.3.30 стр.
  3. Утевский Б.С. Вопросы теории исправительно-трудового право и практики его применения. М.,1957г. 37 стр.
  4. Материалы теоретической конференции по вопросам советского исправительно-трудового право. М., 1957г.
  5. Ной И.С. Сущность функции уголовного наказания в Советском государстве. Изд. Саратовского ун-та, 1973г. 28 стр. 9из 63

Қолданыстағы ҚК-тің басылуынан соң, қылмыстық-құқықтық әдебиетте А.Н.Ағыбаев, Е.І.Қайыржанов, И.И.Рогов берген анықтамаларда жаза мемлекеттік күштеу шарасы деп бекітілгенде, оның негізгі белгілері топтастырылып көрсетілген.12Құқықтық әдебиетте бәрі бірігіп “жаза” түсінігін құрайтын жазаның келесі арнайы белгілері көрсетіледі:

  1. Жаза – мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы.

Мемлекеттік мәжбүрлеудің бұл шарасы – істелген қылмысқа емес, істелген қылмысқа адекватты реакция болып табылады. Қылмыстық заңда қылмыс ретінде көрсетілген әрекетке қана жаза қолданылады. Осы белгісі арқылы жаза әкімшілік, тәртіптік, азаматтық – құқықтық құқық бұзушылықтарға қолданылатын басқа шаралардан ажыратылады. Жазалау арқылы, мемлекет қылмыскерді тиісті міңез-құлықты жасауға мәжбүрлейді. Жасаған қылмыс үшін тағайындалатын жазалардың қатаң анықтаған тізбегі ҚР ҚК 39 бабында берілген.

Профессор А.В.Наумовтың пікірі бойынша: “Жаза азаматтық істі шешуде қолданылатын күштеумен ұқсастығы бар. Бірақ азаматтық іс бойынша талап істелген қылмысқа байланысты емес, мүліктік не мүліктік емес түрдегі дауға ьайланысты, екіншіден, қылмыстық-құқықтық салдарға әкелмейді (мысалы, сотталғандық)”.13  Жаза әкімшілік құқықта көрсетілген әкімшілік шаралардан келесі белгілермен ажыратылады. Әкімшілік шаралардың көпшілігі (мысалы, қамау, түзеу жұмыстары, айыппұл) жазамен ұқсас, бірақ та өзінің сазайын тарттыру мазмұнына және нысанына байланысты ажыратылады. Әкімшілік әсер ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатын іс-қимылдар үшін тағайындалады, және мемлекет атынан немесе, белгілі бір мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға атынан тағайындалады. Жаза тәртіптік шаралардан ажыратылады, тәртіптік шаралар қызмет барысында міндеттерді бұзғандығы үшін қызметтік бағыныштылық тәртібінде тағайындалады.

Жоғарыда көрсетілген күштеу шараларынан өзге алдын-ала тергеу кезінде қолданылатын, заң арқылы көзделген шаралар бар: бұлтартпау, іздестіру, тінту шаралары, түрлі сараптамалар т.б. Олар кінәні табу, көрсетілген тұлғаның осы қылмысқа қатысты деңгейін анықтауға сот үкімі негізінде емес, тергеу органдарының қаулыларының негізінде қолданылады.

Осылайша, жазаны тағайындау мен атқару заң арқылы көрсетілген түрлі мәжбүрлеу шараларының кешенің қолдану нәтижесінде жүзеге асырылады.

Осы ерекеттер арқылы жазаны тағайындау, атқаруға жағдайлар жасалады, яғни әрекет қылмыскерді ұстауға, оны түрме не түзеу колониясына беруге бағытталады. Сонымен, жаза – мақсатты бағытталған мәжбүрлеу шаралары.

 

________________

  1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық Жалпы бөлім: Жеті жарғы, 2001 жыл, 212 б.
  2. 13. Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекций. М.: Изд. БЕК, 1996г. 359 стр.

Кейбір жағдайларда, мәжбүрлеу шаралары кінәсіздерге де қолданылады. Мысалы, кейін кінәсі дәлелденбеген, сезіктіні ұстау барысында.

Қылмыс жасауда әрбір айыпталышы кінәсіз деп есптелінеді, оның кінәсі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен дәлелденбейінше және соттың заңды күшіне енген үкімі арқылы

белгіленбейінше. Яғни, кінәсіздік призумпциясы қағидасы әрекет етеді.

         Жаза, мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шараларына қарағанда, ерекше құқықтық салдарды – соттылықты туындатады.

         Бір ғалымдардың көзқарасы бойынша, соттылық жаза өтелгеннен кейін туындайтын құқықтық салдар ретінде қарастырылса, келесі авторлар қылмыс жасағаны үшін сотталған адм соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енген күнінен бастап, соттылық жойылғанға немесе алынып тасталғанға дейін сотталған деп есептелінеді дейді.

         ҚР ҚК-ң 77-бабына сай, соттылық түріндегі жазаны көрсетілген мерзімінен тіс өтеу қылмыстық жазаның мақсатының жүзеге асырылуына кері әсер етеді. Соттылық түріндегі кері салдарлар оның әлеуметтік дәрежесіне әсер етіп, қоғамның толық мүшесі боламын деген арманын бәсеңдетеді. Бұл жағдай ол қоғамнан щет қалып, өз отбасы, жұмыс орнындағы ұжыммен араласпағасын, ол өз жамандығын түсінгенде, бас бостандығынан айырылғанда болады. Заңда заңшығарушының соттылықты белгілегенде қандай мақсатты көздейтіні көрсетілмеген. Егер соттылық қылмыстың рецидивіне жол бермейді және қайта қылмыс жасағанда жазаны терендету негізінде болса, жеке превенция мақсатына жетеміз. Бірақ бұл тұлға үшін қайталанған жаза болады ма? (егер жаза мақсаты өтелуінде жүзеге асса). ҚР ҚК 38-бабының 2 тармағында бекітілген жалпы, жеке превенция мақсаты бас бостандығынан айыру ретіндегі жаза жүзеге асқанда жасалады.

         Біз біртіндеп сазайын тарттыру түріндегі қылмыстық саясат элеметтерінен арылуымыз керек. Соттылықтың мерзімін қысқартуды қылмыстық жазаның мақсатының жүзеге асыруы ретінде қарастыруымыз керек.

         Сонымен, жазаны тағайындау және орындау сотталғандардың еркінен тыс түрде жүзеге асырылады. Әрине, қылмыстық процессуалдық заңнама сотталғандарға аппеляциялық қадағалау тәртібінде жазаның қатаңдығында шағымдану құқығын берген. Осыған байланысты, соттар жазаны төмендете алады. Бірақ та, барлық жағдайларда аяққы түрдеанықталған жаза өзінің мәжбүрлі қасиетін жоймайды. Сотпен тағайындалған жазадан қасақана бұлтару одан да қатоаң жазаның тағайындалуын туынтады.

         Адамдар соты арқылы жазалау мәселелері бірнеше жүзжылдық бойына қозғалынып келеді. Қылмыс жасаған адамды жазалауға құдайдың немесе мемлмкеттің құқығы бар. Осы мәселеге байланысты бірнеше теориялар – абсолютті, салыстырмалы және аралас ұсынылған.14 Қазіргі кезеңде бұл ________________

14.Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Курс лекций. Часть.Т.1.М.,1994г. 19 стр.

теориялардың өзектілігі жойылған, себебі мемлекеттің жазалау құқығы ешқандай күмән тудырмайды. Қазіргі зиялы мемлекеттерде діни санкциялар мемлекеттік жазамен бәсекелестікке түспейді.

         Мұсылман қылмыстық құқығында мемлекеттік және діни жазалар жүйесіз түрде араласып кеткен. Мұсылман елдерінің қылмыстық заңдарында діни қылмыстардың және жанға қылмыстардың жазаланушылығы сақталған. Қылмыстық істер бойынша шариат соттары Қылмыстық Кодекс және

Қылмыстық Іс Жүргізу крдексін емес, Құран және Суннаны басшылыққа алады.15  

  1. Жаза қатаң жекелік сипатта болады. Ол тек қылмыскерлердің өзіне қатысты қолданылып, өзге адамдарға телінбейді.

Әділ жаза құрамында жазаның жекелендірілуі, яғни қылмыскердің тұлғасы ескеріледі. Жазаның әрекеттілігі осы жаза қолданылатын адамның тұлғалық қолданылатын адамның тұлғалық қасиетіне байланысты.

  1. Жазаның келесі белгісі оның мазмұнына байланысты. Бұл – сотталғандарды құқықтарынан не бостандықтарынан айыру немесе шектеу.

Бостандығынан айыру жазаның келесі түрлерінен, өмір бойы немесе белгілі бір мерзімге бостандығынан айырудан, қамаудан көрінеді. Бостандығын шектеу, сотталған адамда тәуліктің белгілі бір мерзімінде осы жазаны өтеу орнынан кету құқығының болмауынан – бостандығын шектеу және тәртіптік әскери бөлімде ұстау сияқты жаза түрлерінен көрінеді.

Еңбек құқықтарын шектеу түзеу жұмыстары, әскери қызметтерін шектеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру барысында орын алады. Мүліктік құқықтарды шектеу айыппұл және мүлікті тәркілеуден көрінеді.

Ерекше, ең жоғарғы жаза — өлім жазасы болып табылады. Өлім жазасы сотталғанды адамның ең басты құқығы — өмірге деген құқықтан айырады.

Жазаның көпшілігі құқықтар мен бостандықтарды айыру және шектеудің үйлесуінен тұрады. Мысалы, бостандықтарынан айыру сотталғандардың еңбек, мүліктік, тұрғын–май, жан-ұялық құқықтарын шектелуін туындатады. Түзеу жұмыстары еңбек және мүліктік құқықтардың шектелуін білдіреді.

2.Жазаның төртінші белгісін оны тағайындау негізін құрайды. Жазаны тағайындау негізі қылмыс жасау болып табылады,сонда жаза – қылмыстың органикалық салдары.     

3.Жазаның бесінші белгісі – оның адресаты. Жазаға қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адам ғана тартылады. Қылмыстың субъектісінің тұлғасы сот арқылы жазаны дараландырудың дербес негізі ретінде қарастырылады.

Заңшығарушы жазаның түсінігіне қылмыстық – процессуалдық белгі – жазаның сот үкімі арқылы тағайындалатындығын  енгізген. Бұл тарихта орын алған заңдылықтардың бұзылуын, жазаның арнайы соттармен (“үштіктер”) __________________

15.Курс уголовного право. Общая часть.Т 2. Учение о наказание . М.,: Изд.ЗЕРЦАЛО, 1999г. 7 стр.

 

тағайындалуына жол бермеу мақсатын білдіреді.16  

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қылмыс үшін жаза аудандық соттардан Жоғарғы Сотқа дейін тағайындалады.

Жазаға, сонымен қатар, мақсатты бағыттылық тән.

Л.Ч.Сыдықова жаза белгілерін былай топтастырады. “Шартты түрде оны 2 топқа бөлуге болады:

1) материалды (мазмұнды) белгілер. Бұған қылмыстық-құқықтық

сазайын тарттыруды өзге күштеу түрінен айыратын құқықтық шектеулерді жатқызамыз.

         2) екінші топты қылмыскердің құқығын, бостандығын шектеуде қылмыстық-құқықтық сазайын тарттыру болатын қажетті жағдайлар құрайды. Бұл топ жазаның формальді белгісі.

         Егер жазаны қолдануда заң бұзылса, оның тәрбиелік мағынасы жойылып тек қорқыныш қалады. Сондықтан, жаза заңды, ізгілікті болса мақсатты болады.

         Сонымен, жаза қылмыстық құқықтың барлық қағидаларына сай болуы қажет. Заңдылық қағидасы тек қылмыстық заңда көрсетілген жазаның түрлері арқылы жүзеге асырылады. “nulla poena sine lege” заң тек ҚК болып табылатындынғын білдіреді. Жазадағы заңдылық – жазаның бірден бір негізі қылмыс құрамы болып табылатындықтан да көрінеді. Заңдылық қағидасының талабы жазаны белгілейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың толық көлемде кодификациялануы қажеттілігіне де таралады. Қылмыстық заңнан басқа ешқандай заң жазаны енгізе алмайды.

         Заңдылық институты өлім жазасы (ҚК 49б.), өмір бойы бас бостандығынан айыру (ҚК 48б.), құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларынан айырудан (ҚК 50б.) басқа жаза түрлерінің мерзімді сипатынан да көрінеді. Осы қасиеті арқылы ҚР ҚК белгісіз мерзімге жаза тағайындауға жол беретін шетелдік кодекстерден ажырытылады.

         Алғаш рет белгісіз мерзімге үкімдерді 1890 жылы Нью-Йорк соттары шығара бастаған болатын. Соттар түрмеге қамаудың тек төменгі шегін белгіледі. Түрмеде нақты қанша мерзім отыру қажеттілігін соттар емес, түрме әкімшілігі анықтады. Шын мәнісінде, белгісіз үкімдер қылмыстық енеді де, түрме әкімшілігінің жемқорлығы мен бейбастақтығын туындатады

         Жазаға қатысты тең құқылық қағидасы біріншіден, пенализацияны, яғни, сотталғандардың ұлтына, жынысына және басқа қасиеттері мен қызметтеріне қарамастан санкциялардың белгіленуін білдіреді.

         Екіншіден, азаматтардың заң алдында теңдігі қағидасының жүзеге асыру – қылмыстық жауаптылықтың шешуші кезеңі ретінде жазадан құтылмаушылықты білдіреді. Азаматтардың заң алдында теңдігі қағидасы жаза түрлерінің жүйесі мен санкцияларда әділеттік, кінә, ізгілік қағидаларымен үйлесіп отырады. Әділеттік қағидасы – сотпен жаза тағайындау барысында, жасалынған қылмыстардың  мән-жайлары мен кінәлінің тұлғасын ескеруді қажет етеді.

_________________

16.Соломон П. Советская юстиция при Сталице. М.,1998г.

         Жазада кінәлілік қағидасы жазықсыз зиян келтіру барысында жазаға жол берілмейтіндіктен және жазаның қатаң жеке сипатта болатындығынан көрінеді. 

         Әділеттілік қағидасы толық көлемде жазаға арналған. Яғни, жаза қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмысты жасау жағдайларына және кінәлінің тұлғасына сәйкес келуі қажет. Бір ғана қылмыс үшін екі рет жазалауға жол ьерілмейді.

         Жазаның ізгілік қағидасы дегеніз – қылмыстық-құқықтық нормалардың санкциялары мен сот үкімі арқылы анықталынатын нақты жағдайлардағы репрессиялық шаралардың үнемделуін білдіреді. Яғни, ҚР ҚК 52 бабына сәйкес: “Жасалынған қылмыс үшін қарастырылған жазаға қарағанда қатаң жаза түрі тағайындалады, егер жазаның жеңіл түрі жазаның мақсаттарына жетуді қамтамассыз ете алмаса”.

         Жазаға қатысты ізгілік қағидасы келесіден де көрінеді, адамға жан-тән азабын шектіру және ар-намысын қорлау жазаның мақсаты болып табылмайды.                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.

 

Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және маңызды сатысы болып табылады. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазны әділ әрі негізді тағайындау «Жаза тағайындаудың жалпы негіздері» деп аталатын арнайы ережелерге сәйкес жүргізіледі. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері жөнінде алғаш рет 1958 жылы ССРО қылмыстық заңдарында көрінісін тапқан. Сонымен қатар, бұл норма кейінне Қазақ ССР-нің 1959 жылғы қылмыстық кодексінде көрініс тапты. Бұдан бізге бұл номаның кеңес уақыты кезінде де қолданылғаны белгілі болды.17 Қазақ ССР-нің қылмыстық кодексінде бұл нориа 34-бапта көрсетілген еді. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының 1997 жылы қабылданған жаңа қылмыстық кодексінде жаза тағайындаудың жалпы негіздері 52-бапта көрініс тапқан. Жалпы жаза тағайындау дегеніміз — жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.18  Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда негізінен кінәлінің жеке дара дауапкершілік принципін басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмысты істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған істеген қылмыс үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шекті мөлшерде ғана жаза тағайындалады. Мұндай ретте, жаза әділ әрі заң талаптарына толық сай болуы үшін, сөз жоқ істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады.19  Міне тек осы мәселелерді есепке алынған жаза дәіл әрі заңға сай деп танылады.

Жалпы жаза тағайындау бұл сотқа Конституциялық заңмен берілетін өкілеттілігі, сондықтан да жаза тағайындау өте күрделі демаңызды деп есептелінеді. Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды да жауапты сәт болып табылады.

Бұл жайында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 24.08.1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтау туралы» №3 Қаулысында айтылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтау туралы» жаңа қаулысында да айтылған болатын.20  Жаза мақсатының жүзеге асырылуы көбіне тағайындалатын жазаға байланысты болады. Жазаның тағайындалуы әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне, сотталған адамның түзілуіне, сотталғанның, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасамауын    болдырмауға

________________

17.Соловьев А.Д. Вопросы применнения наказания по советскому уголовного праву.-М., 1958.-104 стр

  1. 18. Алауханов Е., Рахметов С. “Жаза” практикалық оқу құралы Өркениет 1999 жыл. 92 б.
  2. 19. А.Н.Ағыбаев Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы «Жеті жарғы» 1999 жыл. 208 б.
  3. 20. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы. 1999 жылғы 30 сәуірдегі Жаза тағайындаудағы соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы қаулысы // Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулылар жинағы 1961-2004ж.- Алматы, 2004. 189 б.

 

көмегін тигізеді. Бұл мақсатқа қол жеткізуге үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған адамға, делінген ҚК 52-бабында, оның түзілуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындауға тиіс. Сол сияқты сот жаза тағайындау барысында келесідей қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы қағидаларының нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқаг қағидалар мынылар: заңдылық, жазаның әділеттілігі, адамгершілік, жазаның дәлелділігі және үкімде оның себебі міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл қағидалар қылмыстық кодекстің нормаларында өз көрінісін табады.

         Жаза тағайындаудың жалпы негіздері дегеніміз — әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген белгілер. Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде жазаның әділеттілігі, мақсаиқа лайықтылығы, тиімділігі айтылады. Қылмыстық Кодекстің 52-бабы 1-бөлігінде «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және ҚК Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады» делінген. Жаза егр ол жасалған қылмыстың ауырлығына,   қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына сәйкес тағайындалатын болса, әділетті болып саналады. Мұнда сәйкес термині бір ғана ұқсастық емес, тепе-теңдік деген мағынада қолданылады, яғни жаза қылмысқа сыртқы фромальды жағынан емес, сонымен қатар әлеуметтік жағынан және арифметикалық жағынанда емес, заңдық жағынан тең болуы керек дегенді білдіреді. Сонымен бірге, жаза мәні жағынан заңды және негізді болуы керек. Егер оны барлығы, сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді жіне көз жетерлік ретінде жаза қабылданса ғана ол әділетті деп танылды. Тағайындалатын жазазның заңға сәйкестік талаптар ерекше маңызды. Жасалған қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот еі алдымен, аталған қылмыстың түріне Қылмыстың кодекстің Ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі керек. Сондықтан, әділетті жаза тағайындаудың міндетті алғы шарттары ретінде қылмыстың нақты заңдық сараланыу саналады. Қылмыстық саралаудағы қате әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Жазаның мақсатқа лайықтығы дегеніміз-соттың тағайындаған мәжбүрлеу шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сәйкес келуі талабын білдіреді. Соттын таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол жеткізудің жеткілікті құралы болуы керек. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 52-бабының 2 бөлігінде «қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардын алдын алу үшін қажетті жіне жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс» деп көрстілген. Қылмыстың заң сотты жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының біреуіне қол жеткізу болып саналатын –жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігін көре білуді және жасалған қылмыспен қылмыскерді сипаттайтын барлық мән жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең қатаң емес түрін дұрыс тағайындауды білуді, оның мөлшерін анықтауды міндеттейді. Сот жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып жаза тағайындайды.

Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі тиіс:

  • Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
  • Кінәлінің жеке басы;
  • Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез – құлқы;
  • Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән – жайлар;
  • Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән – жайлар;
  • Тағайындалатын жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы.

     Қылмыстың қоғамға қауіптілігі – бұл Қылмыстық кодексте қарастырылған іс-әрекеттің қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге нақты зиянын келтіруі қаупін тудыруының объективті қасиеті. Әрбір қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстың құқық теориясында екі категорияға: Қоғамға қауіптілік сипаты, яғни сапалық белгісі және қоғамға қауіптілік дәрежесі ол сандық белгісі арқылы ашылады.

     Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты – Қылмыстың сапалық категориясы, ол ең алдымен қол сұғушылық объектісінің ерекшелігімен, яғни объектінің қоғам мен мемлекет үшін құындылығымен, қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерімен және т.б. жағдайларымен анықталады. Барлық қылмыстар бір бірінен осы қоғамға қауіптілік сипаты бойынша ерекшеленеді.

      Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі–қылмыстың сандық категориясы. Бұл жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешіледі. Ол ең алдымен қылмыс құрамының белгілерімен, объектіге келтірілген зардаптың мөлшері мен сипаты: кінәнің нысаны, мақсат пен ниет, қылмыстың жасалу тәсілі, субъектінің ерекшелігі және т.б. жағдайлармен анықталады.

          Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі көбінесе қылмыстың объективтік жағынмен, ал қоғамға қауіптілік сипаты – қылмыстың объектісімен және сбъективтік жағымен сипатталады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 – сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 2- тармағына сәйкес «жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін Қылмыстық кодекстің 10 – бабы талаптырын, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасалған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, соттаушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипаты жіне т.б.) жағдайлардың барлығы ескерілуі тиіс».21   

_________________________________

21 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумы. 1999 жылғы 30 – сәуірдегі Жаза тағайындаудағы соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы //  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулылар жинағы 1961- 2004 ж.-Алматы 2004. 189 б.

Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипатымен дәрежесін анықтау кезінде нақты іс бойынша жинақталған барлық объективтік және субъективтік белгілерін есепке алу қажет.

         Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде тексеруі тиіс. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабәлеттілігі мен қатыстылығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді, сонымен бірге сотталушының отбасы анықталғаннан кейін тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруі қажет.22

          Қылмыстық кодекстің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы негіздері мынандай үш критерийден тұрады:

  • Қылмыстың кодекстің Ерекше бөліміндегі сол қылмыс үшін жауаптылық көзделетін баптар шегінде;
  • Қылмыстың кодекстің Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп;
  • Қылмыстық сипаты мен қоғамға қакіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, өылмысқа дейінгі және оны жасағаннан кейінгі оның мінез-құлқын, жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалатын жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеріп белгілейді.

Осы критерийлерді қарастырайық:

  1. Сот жазаны Қылмыстың кодекстің тиісті баптарында белгіленген шекте жаза тағайындайды. Бұл – сот жазаны Қылмыстың кодекстің Ерекше бөлімінің айыпкер жасаған қылмыс сараланатын баптың санкция шегінде ғана тағайындай алады деген ұғым. Мысалы, Қылмыстың кодекстің 264 – бабының 2- бөлігінің санкциясы екі жылдан жеті жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Қылмыстың кодекстің осы нормасы бойынша соттағанда сот бұл баптың санкциясы бойынша белгіленген ең көп және ең аз мерзімдер шегінде жаза тағайындауға тиіс.

Нақты жағдайға байланысты жаза тағайындауда санкция түрінің маңыздылығы бар. Өзінің түріне қарай қылмыстық кодекстегі санкциялардың көбі салыстырмалы анықталған, яғни жазаның түрі, оның жоғарғы және төменгі шектері көрсетілген. Мұндай санкциялар жазаны жеке даралау үшін үлкен мүмкіндікте береді

Балама санкцияларда екі және одан да көп негізгі жазалар көрсетілгеді, сот оның кез келгенін таңдай алды. Қылмыстың кодекстің санкциялардың көпшілігі балама. Олар жазаны жеке даралауға, оның мерзімі мен түрін  анықтакға көп мүмкіндік береді. Қандай жағдай болса да, сот Ерекше бөлімінің бабындағы ең жоғарғыдан, яғни жоғарғы шектен жоғарғы жаза тағайындай алмайды. Мысалы, Қылмыстың кодекстің 264 – бабының 2- бөлігі бойынша жеті жыл.

____________________      

22 . Д.Бұғыбай «Қылмыстық заң бойынша жаза тағайындау» / Заң журналы 2004 жыл  №1 50-52б

 

         Егер сот оған жол берсе, онда жаза тағайындаудағы принцип бұзылады. Бірақ, Қылмыстың кодекстің 55 – бабында көзделген мән-жайлар болса, сот Қылмыстың кодекстің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көзелдеген ең төмендегіден, яғни төменгі шектен төмен жаза тағайындай алады. Бұл жаза таңайындаудағы адамгершіліік принципінің өзінше көрінісі.

  1. Сот жазаны Қылмыстың кодекстің Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп тағайындайды. Бұл жазаның кейбір түрлерін қолданудың мақсатына, түрлеріне, шарттарына, сондай-ақ жаза тағайындау тәртібіне қатысы бар Қылмыстың кодекстің 359 – бабындағы санкцияда екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Бұл бап бойынша бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімі, Қылмыстың кодекстің 48- бабындағы жағдайларды ескерегенде, алты ай деп белгіленген. Қылмыстың кодекстің осы нормасы бойынша соттағанда сот алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындау керек.

Жаза тағайындай отырып, сот қаралған іс бойынша толық тұжырым жасайды жазалаудағы мақсатқа жету үшін жазаның қандай түрі және мерзімі жеткілікті екендігін анықтайды. Мысалы, аяқталмаған қылмысты жасағаны үшінайыпталған адамға жаза тағайындағанда сот қылмыстың ақырына дейін жетпеуіне себеп болған мән-жайларды есепке алу жөніндегі Қылмыстың кодекстің 56 – бабының 1- бөлігінің талаптарын ескереді. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, оны жасауға адамныңіс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, оның келтірілген немесе келтіруі мүмкінзиянның сипаты мен мөлшері жөніндегі Қылмыстың кодекстің 57 – баптың 1- бөлігіндегі жағдайды сотың ескеруі тиіс. Егер адам бұл тартпау шарасы ретінде қамауда ұсталса, онда үкім заңды күшіне енгенше қамауда ұсталған уақыты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның жатқызу жөніндегі Қылмыстың кодекстің 62 – баптың 3- бөлігінің талабын соттын ескеруі қажет. Жаза тағайындай отырып, сот Қылмыстың кодекстің  38 – бабында белгіленген мақсаттырды көздейді. Егер қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы орын алса, онда сот Қылмыстың кодекстің 50,60,61 – баптарында белгіленген тәртіп бойынша, ал қайталанған қылмыс бойынша Қылмыстың кодекстің 59 – бабында белгіленген тәртіп бойынша жаза тағайындалады. Соттың  Қылмыстың кодекстің Жалпы бөлімінде қарастырылған басқа жағдайларды да ескеруі қажет. Атап айытқанда, шартты түрде соттау немесе жаза өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндіктерін қарастырады. (Қылмыстың кодекстің 63,72,74 – баптары)

Жаза тағайындау кезінде қылмыстың заңның жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды соттың елемеуі әділқазылық жасалғанда заңдылықтың өрескел бұзылуы болып табылады, ол дәлелсіз үкім шығаруға әкеп соғады.

  1. Жаза тағайындаған кезде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, сондай-ақ жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды соттың ескеруі қажет. Жаңа қылмыстың заң, осы аталғандардан басқа, айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеруді міндеттейді. Жаза тағайындаудың  және қылмыстың қайталануының алдын алудың тиімділігі қылмыстың жан-жақты, дұрыс бағалауына тікелей байланысты. Жасалған қылмыстың қоғамға онша қауіп төндірмейтңн адамдарға бас бостандығынан айыруымен байланысты емес жаза қолданған  дұрыс, және керісінше, ауыр қылмыс жасаған адамға сот қатаң жаза тағайындау керек, себебі ондай әрекет жасаған адамның бойын қоғамға жат қылық жайлап алған, одан арылту үшін оны ұзақ уақыт көзден таса қылмай тәрбиелеу қажет.  Қылмыстың қоғамға қауіпті сипаты, бәрінен бұрын, қастандық жасалған нысан бойынша анықталады – жасалған қылмыстан қандай қоғамдық қатынастар бұзылады немесе бұзылу қауіпі туады, яғни бұл қағамға қауіптіліктің сапалық сипаттамасы. Осы тұрғыдан алғанда қандайда болмасын адам өлтірудің ар-ұждан мен қадыр-қасиетке қастандық жасаудан айырмашылығы бар, денсаулыққа қарсы қылмыстың мүліктік қылмыстан айырмашылығы бар.

Қоғамға қауіптілік тұрғысынан қылмыс жасаудың себептері де, тәсілдері де, басқа мән-жайлар да маңызды рөл атқарады. Мысалы, аса қатыгездікпен, бұзақылық неитпен немесе жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіру (Қылмыстық кодесктің 96-бабының «д,и,м» тармақтары) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруге қарағанда   (Қылмыстық кодекстің 99-бабы) ауыр қылмыс болып табылады. Қоғамдық қауіптіліік сипатына қарай қылмыс түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, ұрылыққа қарағанда тонау қауіптірек, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуден адам өлтіру қауіптірек. Әрине, бұл қылмыстар үшін жазалар да әртүрлі болуы керек. Қылмыс ауыр болған сайын жазада қатаң болуы тиіс, және керісінше, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағаны үшін, басқа мән-жайларды да ескеріп, жазаның жеңілірек түрін қолдані керек.23

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері  Қылмыстық кодекстің 52-бабында көрсетілген. Онда былай делінген:

1.Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы кодекстің Жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып, әділ жаза тағайындалады.

2.Қылмыс жасаған адамға оның түзелуіне және қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.

Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза  Қылмыстық

___________________

23Алауханов Е., Рахметов С. «Жаза» практикалық оқу құралы Өркениет 1999 жыл. 95-100 б

 

кодекстің 52 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарында көзделгеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз  Қылмыстық кодекстің 55-бабында белгіленген.

  1. Жаза тағайындау кезде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпалы ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген талаптарды біз үш топқа жіктеуімізге болады.

             Оның бірішісі, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әдңлеттңк принцип Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде көрсетілген. Бұл қағидаға байланысты адамның қылмыс құрамының белгілі бар іс-әрекеті ғана қылмыстық жауаптылықтық негізі бола алады. Бір қылмыс үшін екімді де қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Жазаның әділеттігі істеліген қылмыстың ауырлығына оның істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының кім екендігіне сай келуі қажет .24 Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекетінің заңдылық зардабы нәтижесі болуы керек. Осыған байланысты тым ауыр немесе тым жеңіл жаза тағайындауға жол берілмейді. Тағайындалған жаза істелген қылмысқа пара пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетеді.  Бұл жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткекн шектен шықпай тағайындауға міндетті. Мұнда санкцияның алатын орны ерекше. Түріне байланысты қылмыстық кодексте санкциялардың көбісі салыстырмалы түрде анық болады, яғни, жазаның түрі көрсетіліп, оның жоғарғы және төменгі шегі белгіленіп көрсетіледі. Балама санкцияда негізгі жазаның екі немесе одан көп түрі көрсетіліп, сот солардың ішінен кез келгенін тағайындауға құқылы.  Қылмыстық кодекстің санкцияларының көбісі балама болып келеді. Бұның бірден бір себебі, балама санкциялардың сотқа жазаның мерзімі және түрі жағынан толық түрде жекелеуге мүмкіндік беретіндігі.25 Әділ жаза тағайындаудың алғы шарты іс-әрекетті дұрыс саралау болып табылады. Яғни, істелген іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс құрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау өте қажет. Қылмысты дұрыс саралау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайындауға заң ешқандай жол бермейді. Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген шарттарды еске ала отырып, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл  жаза тағайындауға құқылы.

 

_____________________

  1. 24. Рогов И.И., Сарсенбаев. Уголовное право РК. – Алматы, 1998.-257 стр
  2. 25. Баймурзин Г.И., Рогов И.И. Уголовное право РК. – Алматы, 1998.-341 стр

Сондай-ақ, жалпы бөлімінің ережелері де басшылыққа алынуы тиіс. Сот адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па осы мәселені анықтайды. Егер қылмыс құрамы болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқаламен істеді ме деген мәселелерді анықтайды. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы, іс-әрекеттін қылмыстылығын жоятын жағдайлар, қылмыстық заңның уақыттағы, кеңістектегі қылмыс жасаған адамдарға қатысты қоллданылуы сияқты мәселелерді анықтау керек. Қылмыстық құрамы  бар іс-әрекеттерге жаза тағайындағанда сот ең алдымен ад амның қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтау міндетті. Егер сот жасаған қылмыс үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі қағидаларды- жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып бекіткен немесе бітпеген қылмыстарға, қайталанып немесе қатысып жасалынған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Мысал келтіретін болсақ:  Қылмыстық кодекстің 359-бабының санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осы бап байынша Қылмыстық кодекстің 48-бабын ескере келгенде ең төменгі мерзім алты ай болып саналады. Яғни, сот Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша алты айдан екі жылға дейін мерзімді тағайындауға құқылы. Егер, осы қылмыс аяқталмаған қылмыстар қатарына жататын болса, сот жазаны анықтау кезінде Қылмыстық кодекстің 56-бабын басшылыққа алады. Ал, қылмыс бірге қатысушылықпен жасалған жағдайда, Қылмыстық кодекстің 57-бабы қарастырылып, осы баптың санкциясы қолданылады.26

             Жаза тағайындау барысында, сот заңға сәйкес Қылмыстық кодекстің 38-бабында көрсетілген мақсыттарды көздеу тиіс. Осыған байланысты, егер қылмыстардың немесе үкімдердің жиынтығы орын алатын болса, тиісті баптар, яғни Қылмыстық кодекстің 56, 60,61- баптары қолданылып отырады. Сондай-ақ қылмыс рецидивті сипатта болған жағдайда 59-бап сәйкес қолданылады. Мұнымен қоса, сот басқа да жағдайларды атап айтқанда Қылмыстық кодекстің 63,72,74-баптарын ескеріп басшылыққа алып отыруы қажет. Сондай-ақ мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізге басшылыққа алынады. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес жазаның түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса, сол үшін көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде балама санкцияларды қолдану туралы сөз болып отыр. Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың сипатын және  қоғамға  қауіптілік  дәрежесін,  айыптаның    жеке

______________________

26 Нақысбеков Т.Ә. Диссертациялық материалдар «Қылмыстық

Құқықтағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар» Алматы 2006 ж. 95-98 б.

басының кім екендігін, істеі жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады.  

             Осы айтылған факторлардың ішінде есепке алынатын екі негізгі белгі бар. Ол біріншіден істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі, екіншіден, кінәлінің жеке басының кім екендігі, басқы айтылған жағдайлар мен мән-жайлар бұл жоғарыда айтылған екі факторлардың мазмұнын нақтылап толтырылатын, оларға бағынышты түсінік болып табылады. Осы жоғарыда айтылған екі негізгі факторға сипаттама берелік. Бірінші, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза тағайындау. Заң бойынша әрбір істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігін екі жақтан: сапалық (қоғамға өауіптілік сипаты) және сандық (оның дәрежесі) белгілері арқылы анықталады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері арқылы анықталады. Мұның ішінде объективтік белгілері (қылмыстың объективтік зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның жағдайы) субъективті белгілері, кінәнің нысаны қылмыстық ниет немесе мақсат жан-жақты іске алынады.

             Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптың жеке басының кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипаттайтын мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы өте зор.

             Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басына сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайыттарды анықтау қажет. Онының ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез –құлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қаршаған ортаға қатысты оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады.27 Бұрын сотталғандарға ішімдіктермен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатігездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген өндірісте, тұрмыста жағымды мінездемемен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.  Соттардың сотталушының жеке басының мәлімерттерін жан-жақты объективті түрде тексеруі  оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін елеулі маңызды болып табылады. Сондықтан да, қылмыстық құқықтың адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындауға сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттігімен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты жеке іске алады.

             Сонымен қатар,сот істегі жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды да есептуі қажет.28

____________________

27 Бажанов М.И. Назначение наказания по советскому уголовному праву. – Киев. 1980 г. -111 стр

28 Наказание. Курс «Советского уголовного право» . Том 3. Москва. 1970 г. – 420 стр.

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1999 жылғы 24-мауысымдағы «Жаза тағайындағанда соттар заңдылықты дұрыс сақтау туралы» Қаулысынығ 2- тармағында жасалған қылмыстардың қауіптілік дәрежесін анықтағанда, нақты қылмыстық (іс-әрекет, күнәнің түрі, себебі, тәсілі, жасалынған қылмыстың  жағдайымен кезеңі, одан болған ауырпалықтар әрбір сыбайластықтың қатыстылыңының дәрежесі мен сипаты, т.б.) жағдайлардың барлығы ескерілуі тиіс, деп жоғарыда айтылған заң талаптарының мазмұнын ашып көрсетілген. 29 Сондай –ақ соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде тексеруін оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемн белгілеу үшін елеулі маңызды болып табылады. Сондықтан да, қылмыстық құқықтың адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындауға сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттігімен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты жеке есепке алады.30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_________________

  1. 29. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумы. 1999 жылғы 30 сәуірдегі Жаза тағайындаудағы соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы қаулысы // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот қаулылар жинағы 1961-2004 ж. – Алматы, 2004.- 6 б.
  2. 30. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. «Жеті жарғы» 1999 жыл. 212 бет.
  3. Қылмыстық заң бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән- жайлардың сипаттамасы

 

2.1. Қылмыстық заңдағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән- жайлардың түсінігі мен және олардың маңызы

         Қылмыстық құқықтағы жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән- жайлар қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жаза тағайындау институтындағы ең маңызды түсінік болып табылады. Бұл түсінік ғылым саласында да, тәжірибе саласында да кеңінен қолданылады. Шын мәнінде де келгенде аталған мән-жайлар адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасқан ұғым.

         Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән- жайлар деп — кінәлінің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты, қылмыс құрамынан тысқары тұратын қылмыс пен қылмыскердің қоғамға қауіптілігін азайтатын және оның жауаптылығы мен жазасының дәрежесін төмендететін түрлі факторларды түсіну қажет.31 Жасалған қылмыста жеңілдететін мін-жайлардың бар болуы бап санкциясы шегңндегі жазаларды жеңілдеу түрін  тағайындауға, сонымен бірге қылмыстық жасаптылықтан толықтай босатуды не шартты түрде соттауды қолдануға мүмкіндік береді.

         Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән- жайлар деп – жазаның мөлшерін көтеруге әсер ететін ауырлататын жағдайлар болған кезде соттар нақты қылмыс сараланып бап санкциясы шегіндегі ең қатал жазаны немесе жазаның жоғарғы мерзімін тағайындауды айтамыз.32 Қылмыстық  жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән- жайлардың қалыптасуы мен дамуына қосымша тоқталып кетсек, төмендегідей баптарда орын алды.

         Қазақ КСР-нің 1960 жылғы 1-қаңтарында заңды күшіне енген өзіндік тұңғыш қылмыстық заңын 1959 жылғы 22-шілдеде қабылданды. Осы аталған Қылмыстық кодекстің жаза тағайындауға қатысты алты бабы, олар 34-35-36-37-38-39 баптары болды. Қылмыстық кодекстің 35-36-баптарында қылмыстық  жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән- жайлар қарастырылған еді.

         1959 жылғы Қылмыстық кодекске сәйкес қылмыстық  жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән- жайлар болып мына төмендегілер табылады :

  1. Жасалған қылмыстың зиянды салдарын айыпкердің жоюы немесе өз еркімен келтірілген залалдың орнын толтыруы немесе келтірілген залалды жоюы;
  2. Ауыр жеке басылық немесе отбасылық мән-жайлардың тоғысуы салдарынан қылмыс жасау;
  3. Күштеп немесе мәжбүрлеу салдарынан не материалдық немесе өзге тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

 

______________

  1. 31. Бажанов М.И. Назначение наказания по советскому уголовному праву. – Киев, 1980 г. 45 стр

 

  1. 32. Кругликов Л.Л. Правовая природа смягчающих и отягчающих наказание обстоятельств // Уголовное право. 1999 г. № 4. 19 стр.
  2. Жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекетін тудырған,күшті жан күйзелісі әсерінен қылмыс жасау;
  3. Қажетті қорғану шегінен шыңа отырып, қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қорғану кезінде қылмыс жасау;
  4. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы;
  5. Жүктілік жағдайында әйелдердің қылмыс жасауы;
  6. Шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу.

 

         1959 Қазақ КСР-нің Қылмыстық кодекстің 36 –бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жаза ауырлататын мән-жайлар болып мына төмендегілер танылды:

  1. Бұрын қандай да болмасын қылмыс жасаған адамның қылмыс жасауы;
  2. Ұйымдасқан топтың қылмыс жасауы;
  3. Пайдақорлық немесе өзге де ниеттерімен қылмыс жасау;
  4. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;
  5. Жас балаға, қарт адамға немесе дәрменсіз жағдайындағы адамға қатысты қылмыс жасау;
  6. Кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға азғыру немесе кәмелетке томағандарды қылмыс жасауға тарту;
  7. Аса қатыгездікпен немесе жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;
  8. Қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып қылмыс жасау;
  9. Жалпыға қауіпті әдіспен қылмыс жасау;
  10. Мастық күйдегә адамның қылмыс жасауы.

Сот жаза тағайындау барысында зағда көрсетілмеген жеңіледтетін мән-жайларды да есепке ала алтын болған. Бұрын қылмыс жасаған адамның қылмысының сипатын қарастыру барысында сот оны ауырлататын мән-ай ретінде танымауға да құқылы болған. Сонымен қатар, мастық күйдегі адамның қылмыс жасауын да сот қылмыстың сипатына қарай, бұл мән-жайды қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп те танымауға құқылы болған.33 Осы жылдар ішінде Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің жекелеген баптары көптеген өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады, ал жаза тағайындауға байланысты мәселелерін реттейтін Ережелер анау айтарлық өзгерңстерге ұшыраған жоқ. Сонымен қатар қылмыстық құқық әдебиеттерінде жаза тағайындау жүйесін жетілдіру жөнінде көптеген ұсыныстар болып жатты, бірақ та, өкінішке орай мәнді өзгерістер болған жоқ.

Қазіргі Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау кезінде соттар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдайлар мен мән-жайларды ескереді. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескеру қылмыс жасаған кінәлі адамға сот үкімінің жаза тағайындауға ________________

  1. 33. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені. 2001/11. 34 стр.

қатысты бөлігі бойынша заңдылықтың сақталғанын көрсетеді. Соттар жаза тағайындау кезінде заңда көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53- бабының 1-бөлімінде көрсетілген. Онда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп- кінәлінің жеке басына және ол жасаған қылмыс қатысты, бірақ қылмыс құрамынан тысқары тұратын қылмыс пен қылмыскердің қоғамға қауіптілігін азайтатын және оның жауаптылығы мен жазасының дәрежесін төмендететін түрлі факторларды түсіну қажет. Жасалған қылмыста жеңілдететін жағдайлардың бар болуы, бап санкциясы шегіндегі жазалардың жеңілдеу түрін тағайындауға, сонымен бірге қылмыстық жауаптылықтан толықтай босатуды не шартты соттауды колдануға мүмкіндік береді. Қылмыстық Кодексінің 53- бабының 1-бөліміндегі тізімді талдау арқылы қарастырылып отырған мән-жайлардың жасалған қылмысқа ғана емес, сонамен бірге кінәлінің жеке басына қатысты екенін көреміз. Біз қарастырып отырған Қылмыстық Кодексінің 53- бабының 1-бөліміндегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың үлгі тізбегі ғана берілген, өйткені, жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін, заңда көрсетілген басқа да  мән-жайларды да соттың еске алуына болады.

         Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдайларға – қылмыстық әрекетке, қылмыскердің жеке басына тікелей немесе жанама қатысты қоғамға қауіптілігін азайтатын және соған сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жазаға ықпал ететәән қылмыс құрамының шегіндегі және оның шегінен тыс жағдайлар жатады.

         Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерудің маңыздылығы тек арнайлы заң әдебиеттерінде ғана емес сонымен қатар Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларында да көрініс табады. Нақтылы істер бойынша соттар жазаны тағайындағанда әрқашанда Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелерін басшылыққа ала отырып Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы санкциянын негізінде жаза тағайындайды. Бірақ та , тек осы ережелерді ескере отырып қана қоймай басқа да мәнайларды ескеріп жаза тағайындаған да дұрыс болады. Сондықтан Қылмыстық Кодексінің 53- бабының 1-бөлімінде көрсетілген мән-жайларды заң шығарушы қылмыс құрамының шегінен шығатын басқа да мән-жайларды айтады.

        Сонымен жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар Қылмыстық Кодексінің 53- бабының 1-бөлімінде көрініс тапқан. Қылмыстық Кодексінің 53- бабының 1-бөліміне сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп – мына төмендегі көрсетілген топтығылар танылады:

         а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

         б) айыпкердің кәмелетке толмауы;

         в) жүктілік;

         г) айыпкердің жас балалары болуы;

         д) қылмыс жысығаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдік зиянныі орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

ж) күштен немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті  өылмыс жасау;

з) қажетті қорғанудың өқөыөтыө дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

Қылмыстық заңда сонымен қатар жеңілдететін мән-жайлар ретінде  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөліміндегі көрініс тапқан қылмыс құрамдарына жатқызуға тыйым салады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша, яғни қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру қылмысы бойынша жаза тағайындау кезінде сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «з»  тармақшасына жеңілдететін мән-жай ретінде сілтеме жасай алмайды, себебі қажетті қорғану шегінен шығу Қылмыстық Кодекстің 99-бабындағы қылмыс құрамының негізгі белгісі болып табылады және екінші рет жеңілдететін мән-жай ретінде ескеруге тыйым  салады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды есепке алу соттарға мына төмендегідей құқықтарды береді:

а) балама санкция болса жазаның неғұрлым жеңілірек түрін қолдануға;

б) Қылмыстық Кодекстің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкцияда белгіленген еі аз немесе соған жақын мерзім тағайындау,а;

в) Қылмыстық Кодексінің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін көзделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;

г) шартты түрде соттауды немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаның жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, сонымен қатар айыпкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту –тартпау немесе жауапкершіліктен мүлдем босату жөнінде міселені қарастырғанда да ескерілуі тиіс.

Ал, қылмыстық жауаптылық пен жазаның жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1- бөлімінде көрініс тапқан. Қылмыстық Кодекстің 54-бабының 1- бөліміне сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны келесідей  жағдайларда ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстың қауымдастықтың (қылмыстық ұйымының) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару;

д) айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғанысыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;

з) бегілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатігездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрі жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып жасау;

л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;

м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстық сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп тануға құқылы;

н) адамдардың өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

о) қылмыскердің қызметі жағдайына немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып құжатын пайдаланып қылмыс жасауы;

п) өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

Осы жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізімі Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөліміндегі көрсетілген мән-жайлармен салыстырмалы тұрғыда қарағанда, Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1- бөліміндегі көрсетілген мән-жайлар түпкілікті және нақтырақ болып табылады. Өйткені, сот жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде заңда көрсетілген басқа да мән-жайларды соттың  есепке алуына болады. Яғни, бұл дегеніміз –соттар жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1- бөліміндегі көрсетілген мән-жайлар ретінде тани алмайды дегенді білдіреді және бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасында гуманизм бар екендігіне тағы бір куәлік етеді. Соттар жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда соттарға мына төмендегі көрсетілгендей құқықтар беріледі: а) Белгілі бір қылмыс құрамында санкциясы балама болған кезде, осы қылмыс құрамында көрсетілген санкциясының ең қатал жазасын тағайындауға; б) Айыпкердің істеген іс-әрекетін саралағанда Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдарының санкциясындағы ең жоғарғы жаза теңестіріп не соған жақынырақ етіп жаза тағайындауға; в) Қылмыстық Кодексінің 55-бабын қолдану мүмкіндігін алып тастауға; г) Шартты түрде соттауды қолданбауға құқылы болып табылады.Өылмыс белгісі ретінде көзделген ауырлататын мән-жайлар жаза тағайындаған кезде қайталап ескерілмеуі керек. Сонымен қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар дегеніміз – жазаны ауырлататын жағдайлар жасалған қылмыстың және кінәлінің жеке басының жоғарғы қауіпті екендігін дәлелдіктейтіндіктен соттарға тағайындалатын жазаларды күшейтуге негіз береді. Жазаның мөлшерін көтеруге әсер ететін ауырлататын жағдайлар болған кезде соттар нақты қылмыс сараланып отырған бап санкциясы шегіндегі ең қатал жазаны немесе жазаның жоғапғы мерзімін тағайындайды. Заңда көрсетілген бұл ауырлататын жағдайлар сотқа кінәлінің жеке басы мен ол жасаған қылмысты ескере отырып жазаны жеке даралауға мүмкіндік туғызады.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлардың кез келгені, егер Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында ауырлататын белгі ретінде көрсетілген болса нақты қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде  қайталап ауырлатушы мән-жай ретінде ескерілмеуі тиіс. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жрғарыда аталған тізімі түпкілікті болып табылады сондықтан да соттар жаза тағайындау кезінде осы тізімде көрсетілген қандайда бір жағдайды ауырлатушы жағдай ретінде қайталап тануға жіне олардың қатарын кеңейтуіне болмайды дегенді білдіреді. Солай бола тұра, сот кінәліні немесе ол жасаған қылмысты жағымсыз жағынан сипаттайтын жоғайрыдағы тізімге кірмейтін жағдайларды анықтаған жағдайда жаза тағайындау кезінде сот үкімінде көрсетуге құқылы.

 

 

 

2.2 Жазаны жеңілдететін мән-жайлардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

 

Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау кезінде соттар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескереді. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескеру қылмыс жасаған кінәлі адамға сот үкімінің жаза тағайындауға қатысты бөлігі бойынша заңдылықтың сақталғандығын көрсетеді. Соттар жаза тағайындау кезінде заңда көделгеннен гөрі неғұрлым жеңі жаза тағайындауға құқықыл. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінде көрсетілген.  Онда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп- кінәлінің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты, бірақ қылмыс құрамынан тысқары тұратын қылмыс пен қылмыскердің қоғамға қауіптілігін азайтатын және  оның жауаптылығы мен жазасының дәрежесін төмендететін түрлі факторларды түсіну қажет. Жасалған қылмыста жеңілдетілген жағдайлардың бар болуы, бап санкциясы шегіндегі жазалардың жеңілдеу түрін тағайындауға, сонымен бірге қылмыстық жауаптылықтан толықтай босатуды не шартты соттауды қолдануға мүмкіндік береді. Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөліміндегі тізімді талдау арқылы қарастылылып отырған мән-жайлардың жасалған қылмысқа ғана емес, сонымен бірге кінәлінің жеке басына қатысты екенін де көреміз. Біз қарастырып отырған Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөліміндегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың үлгі тізбегі ғана берілген өйткені, жаза тағайындауда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін, заңда көрсетілген басқа да мән-жайларды да соттың еске алуына болады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдайларға- қылмыстық әрекетке, қылмыскердің жеке басына тікелей немесе жанама қатысты қоғамға қауіптілікті азайтатын және соған сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жазаға ықпал ететін қылмыс құрамының шегіндегі және оның шегінен тыс жағдайлар да жататды.

Қылмыстық заңдағы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды арнаулы заң әдебиеттерігде бірнеше  тұрғыда қарастырылған. И.И.Карпец қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды қылмыс құрамының элементтеріне қарай бөлген 34, ал Н.Ф.Кузнецова тағыда басқа да авторлар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды 1. Қылмыскердің жеке басының сипатына қатысты мән-жайлар; 2. Қылмыстық әрекетті сипаттайтын, яғни оның объективті және субъективтік жақтарын сипаттайтын мән-жайлар деп екі топқа бөледі 35. Авторладың бір б-л3г3 қылмыстық жауаптылық пен ______________

  1. 34. Карпец И.И. Отягчающие и смягчающие обстоятельства в уголовном праве. М., 1959 г. 25 стр.

 

  1. 35. Кузнецов Н.Ф., Куринов Б.А. Отягчающие и смягчающие обстоятельства, учитываемые при определении меры наказания. Применение наказания по советскому праву. М., 1958 г. 80 стр.

 

жазаны жеңілдететін мән-жайларды қылмысты жасаудың  себептері мен жағдайларына байланысты бөледі. жазаны жеңілдететін мән-жайларды Л.Л.Кругликов жасалған қылмыстың және қылмыскердің жеке басының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын жағдайларға және тек қылмыскердің жеке басын ғана сипаттайтын жағдайларға байланыстты бөледі.36 Кейбір авторлардың  қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды: қылмыскердің жеке басын сипаттайтын және іс-әрекеттерді сипаттайтын деп топтастырады. Ал В.С.Минская қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардыекі түрге бқледі: объективті жақ және субъективтік жағын сипаттайтын белгілер деп бөліп көрсеткен.37 В.И.Ткаченко қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды жасалған қылмысты ғана сипаттайтын, қылмыскердің жеке тұлғасын сипаттайтын және жасаған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын жағдайларға байланысты топтастырады.38 Арнаулы заң әдебиеттерінде көрініс тапқан қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды белгілі топтарға бөлуді қарастыра отырып. В.Д.Филипоновтың ой-пікіріне қосыла келе, 39 онда біз қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды мынандай келесідей топтарға бөлуімізге болады:

  1. Тек қылмыстың өзін ғана сипаттайтын мән-жайлар;
  2. Тек қылмыс жасаған кінәлінің жеке басын ғана сипаттайтын мән-жайлар;
  3. Қылмысты және кінәлінің жеке басын сипаттайтын мән-жайлар.

 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерудің маңыздылығы тек арнаулы заң әдебиеттерінде ғана емес, сонымен қатар Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларында да көрініс табады. Нақтылы ғстер бойынша соттар жаза тағайындағанда әрқашанда Қылмыстық Кодексінің Жалпы бөлімінің ережелерін басшылыққа ала отырып, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабтарындағы санкцияның шегінде жаза тағайындайды. Бғрақ та, тек осы ережелерді ескеріп жаза тағайындаған да дұрыс болады. Сондықтан Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінде көрсетілген мән-жайларды заң шығарушы қылмыс құрамының шегінен шығатын басқа да мән-жайларды айтады.  Осы жерде  Бостандық аудандық сотының істерінің біреуінен мысал ретінде көрсетіп кетсек, 1997 жылы өзінің көршісімен ұрысып қалып қасақана  көршісінің денсаулығына жеңіл жарақат келтіріп, азамат Н.Кармыков қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын, сот үкім шығарар алдында істің мән-жай ретінде оның жасы мен денсаулығын және алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс екендігін ескере отырып, (  сол  кезде  Н.Кармыковтың

_______________

  1. 36. Кругликов Л.Л. Смягчающие и отягчающие обстоятельства в советском уголовном праве. Ярославль, 1977 г. 7 стр.

 

37Минская В.С. Роль смягчающих обстоятельств в индивидуализации уголовной ответственности.

   Проблемы совершенствования уголовного законодательства и практики его применения. М., 1981г. 104 стр.

 

  1. 38. Ткаченко В.И. Общие начала назначение наказания: Учебное пособие. М., 1984г. 44-45 стр.

 

  1. 39. Филимонов В.Д. Криминологические основы уголовного право. Томск, 1981г. 12 стр.

Жасы 65 жаста болатын). Сот мәжіліс залынан қылмыстық істі қысқартып шығарылған болатын.40

         Сонымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөліміне сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп мына төмендегі көрсетілген топтағылар танылады:

         а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

         б) айыпкердің кәмелетке толмауы;

         в) жүктілік;

         г) айыпкердің жас балалары болуы;

         д) қылмыс жысығаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдік зиянныі орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

ж) күштен немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті  өылмыс жасау;

з) қажетті қорғанудың өқөыөтыө дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

Қылмыстық заңда сонымен қатар жеңілдететін мән-жайлар ретінде  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөліміндегі көрініс тапқан қылмыс құрамдарына жатқызуға тыйым салады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша, яғни қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру қылмысы бойынша жаза тағайындау кезінде сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «з»  тармақшасына жеңілдететін мән-жай ретінде сілтеме жасай алмайды, себебі қажетті қорғану шегінен шығу Қылмыстық Кодекстің 99-бабындағы қылмыс құрамының негізгі белгісі болып табылады және екінші рет жеңілдететін мән-жай ретінде ескеруге тыйым  салады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды есепке алу соттарға мына төмендегідей құқықтарды береді:

а) балама санкция болса жазаның неғұрлым жеңілірек түрін қолдануға;

б) Қылмыстық Кодекстің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкцияда белгіленген еі аз немесе соған жақын мерзім тағайындау,а;

в) Қылмыстық Кодексінің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін көзделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;

г) шартты түрде соттауды немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға.

         Ал енді, сонымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінде сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың топтастыруына тоқталсақ:

  1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «а» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде –мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан ағаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмысты айтамыз.

Кішігірім ауырлықтағы қылмыстарғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 10-бабына сәйкес, жасаған қылмысы үшін ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасаған қылмысы үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыздан жасалған әрекеттер жатады. Мұндай қылмыстарға мысалы, қылмыстарды жасыру қылмысы бойынша (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 363-бабы), мұндай қылмыстарға айыппұл түріндегі жаза тағайындау не қамауға алуға, сондай-ақ екі жылға бас бостандығынан айырумен жазаланады. Кішігірім ауырлықтағы қылмыстарды жасау,  қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып табылады, егер де мұндай әрекеттер бірінші рет жасалған болса. Соңғысы фактілі негізде емесюридикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Егер де тұлға фактілер тұрғыдан екінші рет қылмыс жасаса, бірақ та оның бірінші жасаған қылмысының ескіру мерзімі өтіп кетсе, соднай-ақ оның соттылығы жойылса, сот оның істегенін іс-әрекетін юридикалық тұрғыдан қылмысын бірінші рет ждеп танып, қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін бірішніден, қылмыс алғаш рет істелуі,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 10-бабының 2- бөлімінде көрсетілгендей, ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден қылмыс кездейсоқ жағдайлардың тоғысуы салдарына байланысты істелінуі керек.41 Қазіргі заң талаптарына сәйкес адам бұрын ешқандай қылмыс жасамаса және бұрын жасаған қылмысы үшін жауаптылыққа тартылудың заңда көзделген мерзімдері өтіп кетсе, сондай-ақ соттылығы жойылса немесе алынса, сондай-ақ ол адам бұрын жасаған қылмысы үшін жауптылықтан босатылған  болса мұндай жағдайда ол адамға қатысты бірінші рет қылмыс жасаған деп есептеледі. Ал, мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан қылмыс жасауға алдын ала дайындақтың болмауы, қылмысты табан астында немесе абайсыздықта қылмыс жасау жатады. Ал, мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан дегеіміз – кінәлі адам үшін күтпеген жерден туындаған дауды және кінәлі адамның қылмыстық іс-әрекетіне себеп болған және әсер еткен жағдайлар. Мысалы, кінәлі аданың жақын адамының өлімі, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі нәжесіндегі қолайсыз мән-жайларды жатқызуға болады.

 

____________

  1. 41. Потрнягин В.Г. Смягчающие и отягчающие обстоятельства по делам неосторожных приступлениях.

      Проблемы борьбы с преступной неосторожностью. Владивосток, 1981г., 90 стр.

                Жаңағы біз жоғарыда айтып кеткен үш жағдайда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға маңызды болып табылады. Қылмысты бірінші рет жасауы – яғни кінәлі адам бұрын мүлдем қылмыс жасамаған болса немесе ол бұрын қылмыс жасағанымен жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 69-бабы), айыптау үкімінің орындаудың ескіру мерзімі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 75-бабы) өтіп кетсе, бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіппен соттылығы алынған немесе өтелген болса (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 77-бабы) ғана танылады. Сонымен қатар мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан қылмыс жасау – бұл істің нақты барлық жағдайларын тексеріп, зерттеу негізінде анықталады. Сонымен қатар кінәлі адамға қылмыс жасау себептерімен әсер еткен және итермелейтін объективті және субъективтік факторларды да түсіну қажет. М.Н.Становский  мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан деп- кінәлі адамды қылмыс жасау итермелеген, бірақ оның мінез құлқына сай келмейтін объективтік және субъективтік жағдайларды таниды.42 Сонымен мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасалған қылмыстар мыналар танылуы мүмкін: дау, жан-жал жағдайында пайды болған әрекеттер; кінәлі адамның қылмыс жасағанда оның қоғамға қауіптілік дәрежесін толық түсінбеуі; кінәлі адамның қылмыстық іс-әрекеттер жасаған  адамдардың тобына кездейсоқ тап болуы және оның қылмыстық іс-әрекеттерді жасағанда оның еркінен тыс қатысуы, қолайсыз дау жан жал жағдайында пайда болған қазбалық әсермен қылмыс жасау және тағы да басқа жағдайлардың әсерімен қылмыс жасауы мүмкін.

  1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «б» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – айыпкердің кәмелетке толмауы. Айыпкердің кімелетке толмауы және жасы кәмелетке толмаған адамның қылмыстық іс-әрекетін жатқызады. Бұл қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайға негіз болып, жасы кәмелетке толмағанның психикасының дамуының қалыптасу сатысы негіз болып табылады. Әдетте кәмелетке толмағандардың өмірге деген жақсы мен жаманға деген көзқарастары толық қалыптаспаған болып келеді. Оларға көбінесе олардың ортасы қатты әсер етеді. Бұл жерде кәмелетке жасы толмағанның ойы әлі жетіліп, қалыптаспағандығы жастықтаң салдарынан ұстамдылық жасамай қылмыс жасайтынын еске алынып олардың кәмелетке толмай қылмыс жасауы жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылады. Осы жерде кәмелетке жасы толмаған деп – қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адам табылады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 78-бабы). Бұл орайда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумы қаулысында барлық соттарға жасы кәмелетке _______________

ңә. Становский М.Н. Особенности назначения наказания при совершении нескольких преступлений.

  Советская юстиция, 1991 г. №20, 204 стр.

 

болмағандарға жаза тағайындағанда олардың қылмысын өте мұқият зерттеп, олардың мүмкіндігінше қоғамның оқшауламайтын жаза түріне немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берілген.

         Аталған қылмыстық  жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайды былайша түсіндіруге болады. Кәмелетке жасы толмағандар өздерінің физикалық жіне психологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты өажетті өмірлік тәжірибелерге толық жеткілікті дәрежеде ие бола алмайды. Сондақтын да олар өздерінің ісірекетерінің салдарын толығымен өздеріне есеп бере алмайды. Кәмелетке жасы толмағандар олар көбінесе тәрбиенің кемшіліктеріне де байланысты болады. Сонымен қатар олардың жасаған өылмыстары өмірлік тәжәрибесі аз болғандықтан, білімінің жеткіліксіз болғандықтан, олар өзінің әрекеттерінің қоғамға қаншалығта қауіпті екендігін түсіне алмайды. Кәмелетке толмағадардың қылмыстары көбінесе олардың әлі жастығына байланысты баланың тентектік, үлкедерге, кино кейіпкерлеріне еліктеуі сипатынан көрініс алады.43

         Мельников Ю.Б. –ның пікірі бойынша кінәлі адамның кәмелетке толмауы  қылмыстық  жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде былай деп айтып түсіндіреді. Кәмелетке толмағандар физикалық жағынан әлсіз, өмірлік жағынан көзқарасы толық түсіне алмайды. Олар үлкендерге қарағанда көп еліктегіш болып келеді және оларды тез қылмысқа тартуға болады. Сонымен қатар кәмелетке жасы толмағандарды тез түзетуге және тәрбиелеуге де болады деп айтады.44 Адамның 14пен 17 жас арасындағы кезең жеке тұлғаның өмірлік тәжірибе жинау, білім алуы, жоғары оқу орындарына түсуі үлкен мағызға ие. Өйткені, бұл жас аралығындағы адам көптеген жағдайларға ұшырауы мүмкін, сондықтан да оқу, білім алу кәмелетке толмағандарды қылмыс жасаудан сақтандырады. Бірақ та,кәмелетке жасы толмағандарға қатысты істерді қарау кезінде кәмелетке жасы толмағандық жағдайын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескеруі үнемі кездесе бермейді, сонымен бірге кәмелетке жасы толмаған қылмыскердің қылмыс жасауындағы ниетттерінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілмейтіндігі белгілі болды.45 Тағы да бір ескеретін мән-жай – кәмелетке жасы толмағандығы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде соғұрлым аз ескеріледі екен. Бұл көрініс соттарға  міндетті түрде барлық кәмелетке жасы толмағандардың істері бойынша Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «б» тармақшасы ескерудің қажеттілігін көрсетеді. Жасы кәмелетке толмағандардың өылмыстық жауапкершілікке тартқан кезде, егер олар кішігірім немесе орташа аурлықтағы               қылмыс жасаған  болса,  оларға  тәрбиелік  сипаттағы  мәжбірлеу  шараларын

___________________

  1. 43. Алауханов Е., Рахметов С. «Жаза» пратиклық оқу құралы. Өркениет. 1999ж. 112 бет

 

  1. 44. Мельников Ю.Б. Дифференциация ответственности и индивидуализация наказания. Красноярск., 1989г. 76 стр.

 

  1. 45. Қайыржанов Е., Бұғыбай Д. Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындау ерекшеліктері. – Алматы.

     Өркениет, 2000 ж.

қолданылуы мүмкін. Мұндай мәжбүрлеу шараларына мыналарды жатқызуға болады: Ескерту; ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің не мамандырылңан мемлекеттік органдардың қадағалауына беру; келтірілген зиянның орнын толтыруға міндеттеу; кәмелетке жасы толмағанның мінез-құлқына, жүріс -тұрысына  ерекше талаптар белгілеу және демалысынан шектеу; кәмелетке жасы толмағандарға арналған арнаулы тәрбиелеу немесе емдеу-тәрбиелеу мекемелеріне орналастыру. Жаңа Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінің VI-бөлімінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке берілген. Онда кәмелетке толмағандардың жаза түріндегі қылмыстық жауаптылығының мәселелері, жаза тағайындаудың ерекшеліктері, жазадан босату мәселесі, тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары және олардың мазмұны,  кәмелетке жасы толмағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату, ескіру мерзімі мен олардың сотталғандығының жойылуы және кәмелетке толмағандардың жауаптылығы ережелерін 18 және 22 жас аралығындағы адамдарға қолданудығ заңдылық шектері қарастырылған.

         Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының «Соттардың қылмыстың жаза тағайындау кезінде заңдылықтың сақталуы туралы» Қаулысында кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау мәселесін талқылаған кезде соттар оларға қылмыстық жазалардың тек Қылмыстық Кодекстің 79- бабында көзделген  түрлері ғана қолданылуы мүмкін екендігін есепке алу керектігін жіе олардың мерзімдері мен көлемдері сол бапта белгіленген шектерден аспауы тиіс деп көрсетілген.46 Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 80- бабы және 81- баптарында белгіленген мән-жайларды қосымша есепке алу қажет және әрбір нақтылы жағдайда сотталушы кәмелетке жасы толмаған тұлғаның ісінің мән-жайы мен жеке басын есепке ала отырып, оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 82- бабында көзделген тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндіктерін қарастыруы қажеттілігі көрсеткен. Сонымен кінәлі адамның жасы кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардын тізімі мынадай: белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; бас бостандығынан шектеу; бас бостандығынан айыру жазалары көзделген. Кәмелетке жасы толмағандарға жаза түрлерінің бәрі тағайындала бермейді. Оларға өлім жазасы тағайындалмайды, бас бостандығынан айырудың ең жоғарғы мерзімі   -10 жыл, ал түзеу жұмыстары тарту еі шекті мерзімі -1 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы №10 Заңы бойынша Қылмыстық кодекстің 79-баптың 1- бөлімінің «д» тармақшасы өамау жазасы алынып тасталды.

 

_____________________

  1. 46. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының. 1999 жылғы 30- сәірдегі Жаза тағайындаудағы соттардың

    Заңдарды дұрыс қолдануы туралы қаулысы // Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулылар жинағы 1961-2004 ж

    -Алматы, 2004. 189 б.

 

  1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «в» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – жүктілік — қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде бұл жерде қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің істеген қылмысын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқызуы – оның айғағы. Жүктілік күйіндегі әйел үнемі психологиялық, физиологиялық өзгерістер де болады. Осыған байланысты мұндай жағдайларда бұлардың өздерін ұстауы кеміп, ашуланшақ, міншіл, кінәмшіл күйде болады. Бұл жерде заң жеңілдететін мән-жай ретінде қылмысты жүктілік жағдайында жасауы емес, жүктіліктің өзін қарастырады. Заң сонымен қатар сотталушының жүктілігін жеңілдететін мән-жай ретінде ол жүктілік жағдайында қылмыс жасаған емес, сонымен бірге қылмыс жасағаннан кейін де жүкті болып қалған жағдайын да жаза тағайындағанда жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі. Гуманизм қағидасы бойынша жүкті әйелдің физиологиялық және психологиялық жағдайын ескереді. Бірақ та кейбір авторлар мысалы, Н.О.Дулатбековтың көрсетуі бойынша жүктілік қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қылмыс жасағаннан кейін жүкті болуы емес, нақты қылмыс жасаған кезде жүкті болуы керек дейді. Бірақ та гуманизм қағидасын басшылыққа ала отырып ана мен болашақ дүниеге келетін баланың өмірімен денсаулығын және оның жақсы дамуын ескере отырып, жазасын жеңілдетеді.47 Жүктілікті жеңілдететін мән-жай деп тану мемлекеттің ана мен балаға қамқор болуы мен негізделеді. Жүкті әйелдерге мына төмендегі жаза түрлері тағайындалады: бас бостандығынан шектеу, қамауға және әдетте жүкті әйелдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру мен өлім жазасын жүкті әйелдерге қолданыға тыйым салады. Жүктілік физиологиялық тұрғыдан да, психологиялық тұрғысынан да әйелдің жүктілік жағдайы ерекше болып есептелінеді. Жүктілік кезінде әйелдің мінезі көңіл-күйі тұрақты емес жағдайда, тез ашуланшақ, тез режігіш, әр нәрсеге сезіктене қарағыш болып келеді. Бұл ерекшеліктер кез келген сыртқы факторларға тосын іс қимылдармен жауап беруге итермелейді. Яғни, жоғарыда айтып көрсеткендей заң шығарушы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жүктілік жағдайын емес нақтылы жүктіліктің өзін таниды. Егер де жүкті әйел өзінің жүктілігіне қарамай үнемі маскүнемдікпен айналысатын болса жіне салауатты өмір-салтын ұстанбайтын болып, өзінің ішіндегі құрсықта жатқан баланы сқтауға қажетті шаралар қолданбай, керісінше қылмыс жасап және жасаған қылмысын жасыру үшін кісі өлтірумен ұштасатын болса, менің ойымша, жүкті әйелдің жауапкершілігін   жеңілдететін мән-жай ретінде тану мүмкін емес.

 

 

____________________

  1. 47. Дулатбеков Н.О. Индивидуализация уголовного наказания за преступления против жизни: автограф.

    Дисс.: канд.юрид.наук. – Алма-ата , 1993г., 12 стр.

 

  1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «г» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – айыпкердің жас балалары болуы. Қылмыстық заңға сәйкес жасөспірім деп 14 жасқа толмаған адам танылады. Бұл мән-жайды қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде айыпкердің отбасылыұ жағдайы және оның жас балаларының тағдырына деген алаңдаушылыққа қамқорлыққа негізделген. Осы жерде Алматы қалалық сотының мұрағатынан мысал келтіретін болсақ, Алматы қалалық соты азамат О.Те. деген азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартудан бас тартқан болатын. Ол О.Те өзі «Дастархан» атты супермаркетінен бірнеше рет ұрлық жасаған болатын. Сонымен қатар О.Те.-нің екі жас баласы болғандықтан сот оның жеңілдететін мән-жай ретінде қылмыстық істі қысқартып жауаптылықтан босатылған болатын. Заң бұрынна бар айыпкердің жеке басын сипаттайтын жеңілдететін мән-жайларға айыпкердің кәмелетке толмауы, жүктілік, сондай-ақ айыпкердің жас балалары болуы қосылды. Бұл белгінің жеңілдететін мән-жай тізіміне бекітілуі гуманизм қағыдаларына жауап береді. Сонымен қатар айыпкердің іс-әрекетіне жаза тағайындаған кезде жаза оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдарының тіршілік жағдайына ықпалын тигізетіндігін ескеруге міндетті. Әрбір осындай жағдайда сот жауаптылықты және даралаған кезде сондай-ақ жазаның түрі мен көлемі туралы мәселені шешкен кезде аталған мән-жайдың маңызын салмақтауға тиіс. Мұндай қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуы айыпкерге неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға немес айыпкердің жазасын өтеуін кейінге қалдыруға негіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда яғни, айыпкердің жас балалары болған кезде ең бастысы жас балалар кінәлі адаммен, яғни, айыпкермен бірге нақтылы тұруы керек, сонымен қатар айыпкердің туыстық дәрежесіне қарамастан жас балалар айыпкердің асырауында болуы керек. Айыпкерге қылмыстық жаза тағайындаан кезде оның балалары немесе асырауындағы жас балалар қиын жағдайларға ұшырамау керек. Сонымен қатар тағы бір ескеретін мән-жай мысалы, кінәлі адамның жас балалары бола тұрып өзінің балаларымен біпге тұрмайтын болса және өзінің балаларына деген тәрбиелік міндеттерін атқаруға ат салыспаса, жас балаларын қылмыстық мақсатқа әдейі пайдаланған болса, өз балаларына деген көзқарасы дұрыс емес қатыгез болса, қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасауға тартса, сот мұндай жағдайда жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескеруге тиісті емес.
  2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «д» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде –қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салаларынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зияннын орнын өз еркімен толтыру қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер.

Мұндай айыпкердің іс-әрекеттерін түрлі жағдайларда түсінуге болады. Жәбірленушіге жаны ашығандықтан, өзінің істеген іс-әркеттерінің жауапкершілігінен қорқуынан, жауапкершілікті жеңілдетеді деп есептеуінен және істеген әрекеттеріне шын жүректен өкінуіне байланысты және тағы басқа жағдайлардың себебінен болуы мүмкін. Қылмыс жасалғаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық жіне өзге де көмек көрсету ол келесідей жағдайларда көрініс табу мүмкін. Мысалы, қылмыс жасағаннан кейін айыпкер адам жәбірленушінің қанын тоқтатуға көмектесуі (жгутпен байлау), жедел медициналық көмек  көрсетушілерді шақыруы, әлде өзінің жәбірленушіні ауруханаға жеткізуі және т.б. жағдайлар болуы мүмкін. Ал қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыруы ол мүліктік зияннын өз еркімен толтырудың қоғамдық теңділігін қылмыс жасағанға дейінгі болған қоғамдық қатынастарды толықтай немес ішінара жартылай қалпына келтірілуімен және де бұзылған мүліктік құқықтарды арыз шағым, мәжбүрлеу түрінде қорғаудан әлде қайда тез арада жылдам орнын толтырумен түсіндіріледі. Ал бұл жерде моральдық зиянды өтеуге байланысты  -ол мысалы, жәбірленушіден кешірім сұрауы, әлде моральдық шығындарды төлеумен (белгілі бір ақша қаражатымен төлеу) анықталады. Қылмыспен келттірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттерге жатуы мүмкін, оған мысалы, өзінің қарамағандағы адамды яғни жұмысшы адамды заңсыз түрде орнынан алып тастаса, (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 148-бабы) оны қайтадан жалақысы жоғары жұмысқа орналастыруын жатқызуға болады.   Өйткені, оны жоғары жалақылық жұмысқа қабылдануы оның жұмысқа қабылдауы оның шығындарының орнын толтырады деуге болады. Қылмыспен келтірілген кез келген мүліктік залал мен моральдық зияннын орнын толтыру жіне өзге де зиянын жоюға бағытталған іс-әрекеттер – бұл мән-жайлардың бар болуы субъектінің өз іс-әрекеттерінің зиянын танып білуі, кінәлі адамның өз кінәсін азайтуға деген ниеті жөніндегі және ол өз кезегінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдетуге негіз болады десек те болады. Нақтылы айтқанда ұылмыс жасаған кінәлі адам қылмыстан кейін қалай болғанда да өз еркімен қоғамдық қауіпті зардапты жоюға ешкім шектей алмайды және оны жоюға құқылы болады. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайды және жазаны жеке даралаған кезде соттар төмендегі мән-жайларды есепке алуы тиіс:

  1. Зиянды толықтау немесе жартылай орнын толтырылуы тиіс;
  2. Зиянды қылмыстық қудалау органдарына белгілі болғаннан кейін қалпына келтіруі немесе алдын ала келтіру сатысында кезінде не қылмыстық істі сотта қарау кезінде қалпына келтіруі;
  3. Зиянды орын толтыру айыпкердің жақсы жағынан сипаттайтын мән-жайлар болып есептелінеді. Ол яғни кінәлі адамның шын жүректен өкінуіне, кінәсін мойындап келуі, қылмысты ашуға белсенді жәрдемдесуге ықпал етуі;
  4. Зиянды қалпына келтірудің себептері-ол кінәлі адамның шын жүректен өкінуі, жазадан қорқуы не өзінің кінәсін жеңілдетуі үшін істеуі мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың бар болуы және ауырлататын мән- жайлардың болмауы жағдайында жазаның мерзімі Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең жоғарғы мерзімінен төрттен үш бөлігінен аспауы керек.

  1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «е» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – жеке басындық, отбасылық немесе өзге ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебінен қылмыс жасау- бұл жердегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сыртқы факторлардың әсер етуінен кінәлі адамның қарсы тұруға мүмкіндігінің болмауы салдарынан қылмыс жасауы. Мұндай қылмыстар көбінесе жеке басындық, отбасылық және қызметтік қатынастарының қиыншылықтарынан туандайды. Жеке басындыққа кінәлі адамның қылмыс жасағаннан кейінгі кезде қатты науқастанып қалуы , яғни, бұл жерде қылмыс субъектісінің қызметіндегі ұрыс, жан-жалдың негізінде немесе кінәлінің өзінің отбасындағы ұрыс-керістері негізде де болуы мүмкін. Оған мысал ретінде еркек әлде әйелінің, яғни ерлі-зайыптылардың бірінің көзіне шөп салуларының негізінде де болады. Сонымен қатар кінәлі адамның жақын адамдардың қатты науқастануы немесе қайтыс болуы және кінәлі адамның төтенше жағдайлардың негізінде яғни өрттің кесірінен үйсіз қалуы. Мысалы, айталық кінәлі адамның өрттің кесірінен үйсіз қалуы дейік, — бұл жерде қылмыстың жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде саналуы үшін және кінәлі адамның ауыр мән-жайлар тағысуының салдарынан деп санау үшін жасаған қылмысы кінәлі адамның нақты осы мән-жаймен байланысты болуы керек. Мұндай жағдайда кінәлі адам өзінің тұрғын жайынан айырылып, қылмысқа барса, мысалы өзіне тамақ, киім кешек, балаларыма деп ұрласа онда қылмыстың жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде саналуы мүмкін. Ал егер кінәлі адам өзі осындай жағдайда жүріп өзіне спирттік ішімдікке немесе басқа да зиянкес заттарға бола қылмыс жасайтын болса онда заңда қылмыстың жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде санауға тыйым салынады. Ал жан ашығандық себебінен қылмыс жасау – бұл болуы мүмкін өзінің жақын, сүйікті адамына, туыстарына зиян келтіргені үшін кегін алу мақсатында, сонымен қатар ұрлық жасағанда да өзіне не өзінің жақын адамының пайдасы үшін қылмыс жасауы болып табылады. Бұл жағдайларға тағы бір мысал келтіретін болсақ, кінәлі адамның ауыр халде жатқан яғни, жазылмайтын аурумен ауыратын адамның өтініш жасау арқылы яғни, өзінің бұл аурудан жазылмайтындығын біліп және жан азабынан құтылу себебінен өтініш жасаған соң науқастанып жатқат адамды жаны ашығандықтан өмірінен айыру болып табылады. Мұндай әрекеттерді заңи терминологияда «эфтаназия» деп атайды, және де жаны ашығандықтың себебінен қылмыс жасауын  жеңілдететін мән-жай ретінде қолданылады және мұндай қылмыстар өте сирек кездеседі десек те болады. Сонымен қатар кінәлі адамға бұл жеңілдететін мән-жайды қолдану үшін жаны ашыған адамның нақты ауыр халде жатқан адамның жанының азап шекпеуі үшін оның өмірінен айырған жағдайында ғана қолдануға болады.
  2.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «ж» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себебпті қылмыс жасау – бұл жерде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – бұл қылмыс жасайтын кінәлі адамның өзінің іс-қимылын таңдауға оған зорлық –зобылық көрсету нәтижесінде еркінің болмауы, яғни белгілі бір дәрежеде амалының болмауының нәтижесінде оның қылмыс жасауы туралы шешім қабылдауы, ал материалдық, қызметтік және өзге де тәуелділігін (туыстық, жеке басшысы мен жұмысшының арасында және т.б.) пайдаланып тікелей қысым жасау арқылы жасалатын жағдайлар. Күштеп мәжбүрлеу бұл мынандай жағдайларда көрініс табады: өылмыс жасаған кінәлі адамды ұрып соғумен, бас бостандығынан айыруымен, сонымен қатар оның денсаулығына зиян келтіруімен ұштасады. Ал психикалық тұрғыдан мәжбүрлеу дегеніміз- ол қылмыс жасаған кінәлі адамға тікелей жазбаша немесе ауызша болсын оған байланыссыз қорқыту арқылы сипатталады. Мысалы: кінәлі адамға өлтірем немесе денсаулығыңа зиян келтіремін деп не мүлкіңді жоямын және моральдық тұрғыдан қадыр –қасиетіңді, не ар-намысыңды аяққа таптаймын деп заңды құқықтары мен мүдделерін бұзады. Бірақ та ол кінәлі адамның амалының жоқтығын көрсететіндей шындыққа сійкес болуы керек. Егер де ол адамның күшінің төтеп бере алмайтын және аса қажеттілік жағдайында болса Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 34 және 35-баптары бойынша жауаптылығын жояды. Материалдық тәуелділік –ол болуы мүмкін, егер де тұлға өзін қамтамасыз ету үшін қаражат алуы, яғни материалдық қаражаттар алып тұру керек. Ол қажеттіліктер болуы мүмкін ата-анасының, жақын туыс адамдарының қажеттілігі үшін де және оларды қамтамасыз ету үшін де ақша қаражат алып тұруы мүмкін. Қаражаттарды алғанда тек басқа да қажеттіліктер үшін емес тек, өмір сүру үшін болуы тиіс. Бірақ та материалдық тәуелділіктерге басқа біреулердің пайдасы үшін қылмыс жасап, одан ақы алып саяжай, автокөлік сатып алу үшін және де басқа да осындай қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарын санауға болмайды. Ал қызметтік тәуелділікке келетін болсақ бұл жерде жұмысшының бастығына тәуелділігі және т.б. жағдайларды жатқызуға болады. Мұндай жағдайлар көбінесе кәсіпорындарда, мекелерде және  олардың меншік нысанына қарамастан болады. Сонымен бірге бұл жерде басшысының жұмысшыларына деген жүріс –тұрыстарына әсер ете алуымен сипатталуы тиіс. Ал өзге де тәуелділік бұл әртүрлі жағдайлармен салаларда да болуы мүмкін. Олар мысалы, оқушы мен оқытушының араснында, студент пен мұғалімнің арасында, тергеуші мен сезікті, айыпталушының арасында т.б. жағдайлар мен салаларында кездесуі мүмкін.
  3.    Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «ж» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – қажетті қоғанудың құқықты дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайында қылмыс жасау –бұл көрсетілген қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – яғни 32, 33,34,34-1, 35,37-баптарында қарастырылған әрекеттердің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың заңға сәйкестік шарттарын сақтамау нәтижесінде қылмыс жасауды түсіну қажет. Бұл мысалы, Қылмыстық Кодексінің 98,99, 100 –баптарындағы адам өлтіру қылмыстарының жеңілдететін түрлері болып есептеледі. Сонымен қатар заң осы Қылмыстық Кодексінің 32-37-баптарының аралығанда қарастырылған әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың заңға сәйкес шарттарын сақтамаудың нәтижесінде өздерінің әрекетері үшін жауаптылыққа тартылады, бірақ та осы жағдайда яғни, қажетті қорғану қылмыскерді ұстау және т.б. жағдайларды жауаптылықты  жеңілдететін мән-жай болып табылады. Рахметов С., Турецкий Н. олардың жазуы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 32- бабын былай деп айтып түсіндіреді: қажетті қорғануға құқық беру ол қылмыскерден емес, қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған адамнан қорғануға деген құқықты білдіреді, -дейді. Бірақ та соңғысы әрине көбінесе қылмыс болып табылады.48 Қажетті қорғану қылмыспен күресуде маңызды және тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Қажетті қорғану азаматтардың конституциялық құқықтары бола отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Себебі қорғану қиянат жасаудың тыюдың, оған тойтарыс берідің нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тіеелей әрекет болып саналады. Заң бойынша барлық азаматтар – кәсіби немесе өзге де даярлыңын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің, қызмет жағдайына қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының 23.12.1994 жылғы қаулысында «Соттар тек қорғаныс пен шабуыл құралдырамен сәйкестігі – сәйкессіздігі ғана емес, сондай –ақ оның қауіп төндірушінің қорғанушыға қатысты қауіптілік сипатын қорғанушының қол сұғушылыққа қарсы қолданар күші мен мүмкіндігін сонымен қатар қол сұғушымен қорғанушы күшінің ара қатынасына ықпал ететін басқа да мән-жайларды (яғни қылмыскер мен қорғанушылардың саны, олардың дене бітімі күші,жас шамасы, қарулардың болуы, болмауы, қол сұғушылықтың уақыты мен орны және т.б.) мән-жайлар ескерілуі тиіс» деп атап көрсеткен.49 Осы жоғарыда айтылғандай заң шығарушы бірқатар мән-жайларды баптардың диспозициясында айыпкердің (кінәлінің) қылмыстық жауптылық дәрежесін төмендететін белгілер ретінде төмендететін белгілер қарастырған, сондықтан

да соттар қажетті қорғанудың шегінен  шығу  кезінде  кісі өлтіру   (Қазақстан

___________________

  1. 48. Рахметов С., Турецкий Н. Необходимая оборона.- Алматы: — «Жеті жарғы» , 1996г. – 28 стр.
  2. 49. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені. 12.1994 ж. 26 б.

 

Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы), қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде кісі өлтіру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 100-бабы), денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде кісі өлтіру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 109-бабы), қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру  (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 110-бабы), осы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 3- бөліміне сәйкес өзінен өзі жаза тағайындау кезінде қайталап ескеріле алмайды.

  1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «и» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – кінәлінің қылмысты жәбірленуші тарапынан орын алған ұрып -соғу,азаптау, жала жабу, зорлау және т.б. құқық бұзушылық сипатындағы әрекеттер немесе моральға, адамгершілікке жат әрекеттер себебімен қылмыс жасау Аталған әрекеттер бір мәрте немесе жуйелі түрде де жасалуы мүмкін. Алайда заңға қайшылық немесе адамгешілікке жатпайтын қылыұтарды сот істің мән-жайларына сәйкес барлыұ уақытта анықтап отыруы қажет. Аталған мән-жай жәбірленушінің тарапынан оның қылмыс жасауына түрткі жасайды. Мысалы, заңсыз жұмысынан шығарылған азаматты сот тәртібімен оны қайтадан жұмысына орналастырған адам сол өзінің жұмыс берушісіне қайтсе де адамгершілікке жатпайтын әрекеттермен түрткі болады, содан ол оның түрткіліктеріне шыдай алмай жәбірленушінің денесіне жарақат салады, міне осындай және түрлі осыған ұқсас ситуациялар сияқты жағдайларды заң қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде есептеуі мүмкін. Соттар қылмыстық жаза тағайындау кезінде жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы мен сипатының дәрежесінің нақтылығына ерекше назар адару қажет. Күш көрсетуден, күш көрсетемін деп қорұытудан, қорлаудан жіне басқа да заңға қайшы әрекеттерден кқрініс тапқан жәбірленушінің мінез- қылығын сот іс бойынша барлық жағдайларды оның ішінде жәбірленуші мен айыпкердің арасындағы өзара қарым –қатынасын және т.б. жағдайларды есепке ала отырып танып білуі қажет.
  2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 53-бабының 1- бөлімінің «к» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасаған нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу — қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде – Бұл мән-жайлар бір-біріне өте ұқсас және жақын, бірақ та бір-біріне сәйкес келмейді сондықтан да олар бөлек аталады. Шын жүректен өкіну – бұл кінәлі адамның өзінің істеген өоғамға қауіпті әрекетіне моральдық тұрғыдан шын жүректен өкінуімен сипатталады. Кінәлінің өз кінәсін толық мойындап, құықық қорғау орындарына қылмыс және қылмыстың болғандығы жөнінде сонымен өатар қылмыскерлер туралы шындыққа сәйкес келетін етіп  ақпарат хабарлама беруі.50 Қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс нәтижесінде алынаған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу әртүрлі нысанда көрініс табуы мүмкін. Белсенді жәрдемдесу дегеніміз — қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс нәтижесінде алынаған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу, қылмыс құралын  орынды көрсету, қылмысқа қатысушылардың жасырынып жатқан жерін айту т.б. кінәлінің мұндай әрекеттері оның жауаптылығын, оған сәйкес тағайындалатын қылмыстық жазаны да жеңілдетуге негіз болады.

         Айыбын мойындап келу —  ол айыпкердің болашақта белсенді қылмыстарды ашуға, қылмыскерлерді әшкерелеуге, сонымен қатар қылмыс нәтижесінде алынаған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдеспеуінде мүмкін, әлде керісінше де болуы мүмкін себебі қылмыстар бір –біріне ұқсамайтын әртүрлі жағдайларды болуы мүмкін. Біракқ та әрине айыбын мойындап келудің өзінің жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілуі мүмкін. Айыбын мойындап келу – бұл кінәлі адамның құқық қорғау оргынына ерікті түрде арыз беруі, ол арыз ауызша болуы мүмкін не жазбаша болуы мүмкін. Бірақ та бұл арызды құқық қорғау оргыанының кінәлі адамға айып таққанға дейін болады. Ал қылмыскерлерді әшкерелеуге, қылмыскерлерді тауып беруге және іздеуде жүген қылмыскерлер мен мүліктерді, сонымен қатар қылмыскерлер туралы толық ақпараттар бергенде ғана кінәлінің басқа қылмысқа қатыстысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде  алынаған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесті деуге болады. Бірақ та кінәсін мойындап келген адамның көрсетпелері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қылмыскерлердің қаруды қайдан алғаны, нақты қылмысқа қатысушаларды және олардың рөлін, оларды, жасырынатын жерлері, сонымен бірге қылмыстық жолмен табылған мүліктерді қайда жасыратындықтары жөнінде және т.б. жа.дайларды көрсетуі тиіс. Айыбын мойындап келгенде ешкімнің қысымынсыз әсіресе құқық қорғау органдарының қысымынсыз өз еркңмен беруі тиіс сонда ғана кінәлінің берген мәліметтерінің негізінде қоғамға қауіпті емес деп тануға куәлік етеді және оның жауапкершілігін жаза тағайындағанда оның жазасын жеңілдетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

________________________

  1. 50. Комментарий к Угловному кодексу Республики Казахстан / Под.редакцией д.ю.н., профессора

    И.И.Рогова и к.ю.н., доцента С.М.Рахметова. _Алматы, 1999г. -128 стр.

 

2.3 Жазаны ауырлататын мән-жайлардың қылмыстық- 

     құқықтық сипаттамасы

 

         Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінде көрсетілген мән-жайлар қылмыстық жауаптылық пен жазаны келесідей жағдайларда ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

         а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

         б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

         в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

         г) қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару;

         д) айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

         е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

         ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;

         з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

         и) аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;

         к) қару, оқ-дәрі жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтынантын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күші көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау;

         л) төтенше жағдайды, табиғи және өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;

         м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлтушы деп тануға құқылы;

         н) адамдардың өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

         о) қылмыскердің қызметі жағдайына немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы;

         п) өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

         Осы жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізімі Қылмыстық Кодекстің 53-бабының 1-бөліміндегі көрсетілген мән-жайлармен салыстырмалы тұрғыда қарағанда, Қылмыстық Кодекстің 54-бабының 1-бөлміндегі көрсетілген мән-жайлар түпкілікті және нақтырақ болып табылады. Өйткені, сот жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде заңда көрсетілген басқа да мән-жайларды соттың есепке алуына болады. Яғни, бұл дегеніміз-соттар жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде Қылмыстық Кодекстің 54-бабының 1-бөліміндегі көрсетілген мән-жайлардан басқа қылмыс құрамын ауырлататын мән-жайлар ретінде тани алмайды дегенді білдіреді және бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасында гуманизмнің бар екендігіне тағы да бір куәлік етеді. Соттар жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда соттарға мына төмендегі көрсетілгендей құқықтар беріледі: а) Белгілі бір қылмыс құрамында санкциясының ең қатал жазасын тағайындауға; б) Айыпкердің істеген іс-әрекетін саралағанда Қылмыстық Кодектің Ерекше бөліміндег қылмыс құрамдарының санкциясындағы ең жоғарғы жазаға теңестіріп не соған жақынырақ етіп жаза тағайындауға: в) Қылмыстық Кодекстің 55-бабын қолдану мүмкіндігін алып тастауға; г) Шартты түрде соттауды қолданбауға құқылы болып табылады. Қылмыс белгісі ретінде көзделген ауырлататын мән-жайлар жаза тағайындаған кезде қайталап ескерілмеуі керек. Сонымен қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар дегеніміз-жазаны ауырлататын жағдайлар жасалған қылмыстың және кінәлінің жеке басының жоғарғы қауіпті екендігін дәлелдейтіндіктен соттарға тағайындалатын жазаларды күшейтуге негіз береді. Жазаның мөлшерін көрсетуге әсер ететін ауырлататын жағдайлар болған кезде соттар нақты қылмыс сараланып отырған бап санкциясы шегіндегі ең қатал жазаны немесе жазаның жоғарғы мерзімін тағайындайды. Заңда көрсетілген бұл ауырлататын жағдайлар сотқа кінәлінің жеке басы мен ол жасаған қылмысты ескере отырып жазаны жеке даралауға мүмкіндік туғызады.

         Ал енді сонымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөліміндегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың топтастырылуына тоқталсақ:

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «а» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы – Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде Қылмыстық Кодексте көрсетілген мән-жайды екі түрлі қайталанбалы көптік қылмыстар ретінде қарастырады. Көптік қылмыстардың басында көрсетілгендей қылмыстың қайталануы деп – егерде кінәлі адамның бірінші істеген  қылмыстық іс-әрекеті бойынша қылмыстық-құқықтық жауапкершілігі жойылмаған болса, яғни қылмыстың жауапкершілігі бойынша ескеру мерзімі өтпеген болса және жойылмаған болса немесе соттылығы алынып тасталмаған болса, сонымен қатар тұлға өзінің бірінші қылмысы бойынша сотталған болса. Тұлғаның бірінші рет істеген қылмыстық іс-әрекетінің қылмыстық-құқықтық жауапкершілігі,- егер кінәлі адам шын жүректен өкінуіне байланысты, жәбірленушімен татуласуына байланысты, сонымен қатар жағдайдың өзгеруіне байланысты болатын болса қылмыстық іс қысқартылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен бостау – бұл ешқандай шартсыз орындалады және де сонымен қатар бұл істеген қылмыстық әрекетпен бірге пайда болған қылмыстық-құқықтық қатынастың субъектісінің құқықтарымен міндеттерінің тоқталуын білдіреді.51 Бұл қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай екеуі бір-біріне ұқсас ауырлататын жағдайлар бір топқа біріктірілген, олардың екеуі де кінәлінің аса қауіпті екндігін көрсетеді және оның оған қолданылған қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу сипатындағы шаралардан кейінде заң тындаушының өмірлік кейіпіне қайта оралғысы келмейтіндігін куәландырады. Солай бола тұра, заң сотқа айыпкердің алғашқы жасаған қылмысының сипатына байланысты бұл жағдайды ауырлататын жағдай ретінде ескермеу құқығында береді. Көбіне бұл жағдай егер кінәләнәі алғашқы және одан кейінгі қылмыстары абайсыздықпен жасалған не қасақана жасалғанымен ауырлығы онша емес қылмыс қатарына жатқызылған болса да ауырлататын жағдай ретінде де қолданылуы мүмкін. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы жөніндегі түсініктер Қылмыстық Кодекстің 11-бабында, ал қылмыстардың қайталануы 13-бабында берілген.

         Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 27-мамырда қабылданған №1 «Соттардың қайталанған қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарастыру тәжірибесі туралы» Қаулысында бұрын болған соттылықтар, бұған дейін тағайындалған және шын мәнінде өтелген жазалар, жазадан босатылу негіздері туралы мәліметтерді жан-жақты және мұқият тексеріп, сонымен қатар, сотталушының жеке басы туралы басқа да деректерді анықтап, білу керектігін атап көрсетті.52

         Жоғарыда аталғандай егер бұрынғы жасалған қылмысы үшін кінәлінің соттылығы өтелген не жойылған болса не ескеру мерзімі өтіп кетсе жаңа жасалған қылмысы үшін жаза тағайындау кезінде қылмыстарды әлденеше рет жасау немесе қылмыстардың қайталануы деп қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде тани алмайды.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «б» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру – қылмыстан келтірілген зардаптың ауыр не жеңіл екендігін сот нақтылы істі қарау кезінде келтірілген зардаптың сипатын бағалай отырып анықтайды. ________________
  2. 51. Наумов А.В. Правовые последствия освобождения виновного от уголовной отвественности // СЮ, 1976,№20.-11-12 стр
  3. 52. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23-ақпандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы

    әпекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» Қаулысы

Мұндай шешімге қол сұғушылық объектісінің маңыздылығы, келтірілген зиянның мөлшер сияқты жағдайлар әсер етеді. Сонымен қатар ауыр зардап салыстырмалы белгі болып келеді. Сондықтан да әрбір нақты жағдайда істің

мән-жайын есепке ала отырып істі шешеді. Ауыр зардаптар келтіру тек қасақана қылмыстарға ғана тән белгі емес, сонымен қатар абайсыздықпен де жасалған қылмыстарда да кездеседі және де жазасын ауырлатуы мүмкін. Сондықтан кінәнің нысанына қарамастан бұл жағдай ауырлататын жағдай ретінде танылуы мүмкін. Бұл үшін сот жасалған әрекет пен келтірілген зардап арасындағы себепті байланысты анықтауға міндетті. Сонымен қатар Қылмыстық Кодекстің Ерекше Бөлімінің бірқатар баптарында ауыр зардап келтіру қылмыстың белгісі ретінде танылғандықтан жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде қарастырылмайды. Ал Қылмыстық Кодекстің кейбір баптарында ауыр зардаптар келтіру қылмыс белгілері болып табылмайды, алайда бұл қылымыстарды жасау нәтижесінде ауыр зардаптар туындайды. Мұндай жағдайларда сот осы қылмысты жасау нәтижесінде ауыр зардап келтіргені үшін ауырлататын жағдай ретіндетануға құқылы. Ал кейбір авторлар мысалы, Л.Л.Кругликов ауыр зардаптардың анықтамасын былай деп ашып көрсеткен: Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың бір түрі ретіндег ауыр зардаптар деп қылмыс құрамынан тыс тұрған, қылмыспен келтірілген қоғамдық қарым-қатынастардағы залалды өзгерістерді (мүлік, дене күшін, моральдық немесе басқа да сипаттағы) ұғыну қажет.53 Қылмыстың ауырлық дәрежесі көп жағдайда келтірілген зардаптың ауырлығына байланысты болып келеді.Зардап қаншалықты ауыр болса, жауаптылықта сәйкесінше қатаң болуы тиіс. Мысалы, ұрлық қылмыстары бойынша әрқашанда метериалдық зардап келеді және де материалдық зардап, сонымен бірге қылмыс құрамының аяқталған белгі нышаны болып табылады. Сонымен бірге ұрлық қылмысын материалдық зардаптың соммасынан тәуелсіз бір нормамен саралаған кезе, соңғысыңың ауырлығы жаза тағайындау кезінде міндетті түрде ескерілуі тиіс. Ауыр зардаптар Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің диспозицияларында қылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса, ол қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмеуі керек. Сонымен қылмыс арқылы ауыр зардаптар қылмысты қасақана жасалған қылмыстарда да және абайсыздықта да жасау салдарында пайда болуы мүмкін. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру, жасалған қылмыстың қауіптілігін жоғарылатады, сондықтан олар жасаған қылмысы үшін тағайындалатын жазаны ауырлататын мән-жайлар болып ескеріледі. Бірақ та ауыр немесе жеңілі де әртүрлі түсіндіріледі. Қандай зардаптың ауыр екенін сот нақты істі қарау кезінде келтірілген зардаптың сипатын бағалай отырып анықтайды. Кригер Г.А.-ның айтуы бойынша- Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретіндегі ауыр зардаптар деп – аталған қылмыстың  басқа жасалған қылмыстармен салыстырғанда келтірілген зиянның біршама ірі және зиянды болуын түсіну қажет.54 Аталған іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілік зардабы _______________

  1. 53. Кругликов Л.Л. Правовая природа смягчающих и отягчающих наказание обстоятельств.// Уголовное право. 1994г. №4. 123 стр.
  2. 54. Кригер Г.А. Наказания и его применение. М., 1962г. 35 стр.

қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде тек ол кінәләнің әрекетімен объективті және субъективті түрде байланысты болған жағдайда ғана бағалануы керек.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «в» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау – Бұл мән-жай ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 31-бабында Қылмысқа қатысу нысандары деген бабында адамдар тобының қылмыс жасауына былай деп атап көрсеткен:
  2. Егер қылмыс жасауға екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын сөз байласпай бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады.
  3. Егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады.
  4. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.
  5. Егер қылмысты ауыр немесе еркше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс  деп танылады. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 31-бабы).55

         Бұл жағдайларды қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың қатарына жатқызылуы заңды болып табылады, өйткені кез келген топтық қылмыстың қоғамға қауіптілігі барлық уақытта жоғары сипатқа иемденеді. Жоғарыда аталған қылмысқа қатысу нысандары бұл ұғымдар ең алдымен бір-бірінен өздерінің мазмұнымен, қауіптілік дәрежесімен ерекшеленеді. Қылмысты осы көрсетілген қатысу нысанының кез келгенімен жасау осы қылмысқа қатысушылардың барлығы үшін, олардың қылмыстағы нақты рөліне қарамастан ауырлататын мән-жай ретінде танылады. Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құрған ұйымдастырушылар жетекшілер не оларға басшылық жасаған адам Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетпен қамтылса,

ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) жасаған барлық қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) басқа да қатысушылары Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларға ________________

  1. 55. Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, 2005 ж.

қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқаны

қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 31-бабы, 5-бөлімі).   

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлмінің «г» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Қылмыс жағдайында айрықша белсенді рөл атқару – Қылмысқа қатысушылық немесе қатысып орындаушылықпен жасалған қылмыстарда қылмысқа әрбір қатысушы тұлғаның рөлдері ашылып анықталуы тиіс. Қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқаруды жауаптылықты ауырлататын жағдайға жатқызады. Бұл жағдайды да тек қылмыскердің жеке басын сипаттайттын ауырлататын жағдайға жатқызуға болады. Өйткені, қылмыс жасағанда қылмыскердің айрықша белсенді рөл атқаруы тек оның жеке басының ерекшелігіне байланысты жүзеге асуы мүмкін. Аталған жағдай қылмысты тек бір адам немесе топқа қатысып жасағанда да ескерілуі тиіс. Қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару дегенде қылмыс жасау кезінде оған қатысушы адамдардың ерекше ынта білдіріп белсенділік танытуын түсіну қажет. Бұл қылмыс жасаудың кез келген тұсында болуы мүмкін. Қылмысқа дайындық кезінде аса белсенді рөл атқару мысалы, қылмыстық топты ұйымдастыру, оған қатысатын адамдарды іріктеп алу, оларға нұсқау беру т.б. әрекеттерден тұрады. Бұл мән-жай қылмысты бір адам жасағанда да және адамдар тобының жасағанында танылады. Адам қылмыс жасағанда белсенділіктің әртүрлі дәрежесінде жасайды. Ол мүмкін қылмыс жасағанда өмірлік мән-жайларға кенеттен әсер ете отырып қылмыс жасайды немесе өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт дайындалады. Мысалы, адам өлтіруші өзінің құрбанын ұзақ уақыт бойы өлтіруге дайындалып, аңдып жүреді, бірақта өзініңжоспарын жүзеге асырмайды. Мұндай мән-жайлар жазаның көлеміне әсер етпеуі мүмкін емес. Егер де қылмыс адамдар тобымен жасаған жағдайда, ондаолардың әрқайсысының рөлдері анықталуы тиіс. Ерекше маңызды және белсенді рөлдерді қылмысты ұйымдастырушылар және т.б. субъектілер болуы мүмкін.56 Қылмыс жасағанды аса белсенділік танытқан тұлға қылмыстың басқа қатысушыларына қарағанда қауіптілігімен ерекшеленеді. Мұнда оның аса белсенді рөлі ретінде оның ұйымдастырушылық, басқарушылық және басқа да қатысушыларды жұмылдыру әрекеттерін тануға болады. Кінәләнің аса белсенді рөлін ауырлататыг жағдай ретінде оның белсенділігін сипаттайтын нақты әрекеттерді көрсете отырып соттың үкіміне негізделуі тиіс.
  2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «д» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетін алдын-ала белгілі адамдарды қылмыс жасауға тарту. Бұл қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде кінәлінің көрнеу қасақана жүйкесі бұзылуының ауыр түрімен зардап шегетін

______________________

  1. 56. Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан // Общая часть/ Издание 2-ое, дополнение. –Алматы. 1998г. -161 стр

немесе қылмыстық жауаптылық жасына толмаған және де өзінің қылмыстық іс-әрекетінің мән-маңызын түсіне алмайтын адамдарды қылмыс жасауға тартумен негізделеді. Егер де қылмыс жүйкесі бұзылуының ауыр түрімен зардап шегетін, ақыл есі дұрыс емес және қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдармен жасалса не орындаушы ретінде жасалса, онда осы аталған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, бірақ та осы адамдар арқылы өзінің қылмыстық мақсаттарына қол жеткізу үшін қылмыстық іс-әрекетті жасауға тартқан тұлғаларқылмыстық жауапқа тартылады. Сондықтан да заң шығарушы мұндай әрекеттерді жасаған тұлғаларғақатысты жауаптылығын ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылған. Егер де осы жоғарыда аталғандардың ақыл есінің дұрыс еместігін жоққа шығаратын болса, онда оларда қылмыстық жауапкершілікке тартылады және сонымен бірге оларды қылмыстық іс-әрекетті жасауға тартқан адамдар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады және олардың жазасын ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

         Сонымен қатар қылмыс жасауға мас күйдегі адамды тартуда қылмыстық жауапкершілікті ауырлатады. Себебі, мас күйдегі адамдарды қылмыс жасауға оңай тартылады және де олар көбінесе мас  күйдегі адамдар өздерінұстай алмай ауыр зардаптарға әкелуі көптен көп ықтимал сонымен қатар мас күйдегі адамды тартқан адамның өзіне де зардаптар келуі мүмкін. Бұл көрсетілген мән-жайлар шынында да қылмыс жасауға тартқан адамдардың қоғамға қауіптілігінің жоғары екендігін көрсетеді. Яғни, бұл жерде кінәлі адам психикасы бұзылуының ауыр түрімен зардап шегетін алдын ала белгілі адамды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмысқа тарту арқылы өзінің қылмыстық мақсатына жету үшін және өзін қылмыстық жауапкешіліктен құтылу не қашу үшін жасалатын іс-әрекеті болып табылады. Бұл жерде қылмыс жасауға мас күйдегі кәмелетке жасы толмағандарды тарту аса қауіптісі болып табылады және мұндай адамдарды қылмысқа тартқан адамдардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлатқаны дұрыс болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «е» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде-Ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеттері үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау. Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабы 2-тармағына сәйкес тегіне, әлеуметтік, лауазымына және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, саяси көз қарасына тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деп жарияланған.57  Осыған байланысты Қылмыстық Кодексте аталған мән-жайлар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлатады деп танылады. Басқа адамдардың заңды іс-әрекеттеріне кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасағаны үшін жазаны күшейтудің себебі сол бұл жерде қылмыскер арқылы олардың заң қорғайтын құқысымен мүддесіне қол сұғып отыр. Ал басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау барысында кінәлі адам бір қатар қылмыс жасайды, яғни екі қылмыс жасауы, екінші жағдайда бірінші жасаған қылмысынан жалтаруы мақсатында, яғни қылмыстың ізін жасыруы жасалынғандықтан жазаны ауырлататын мән-жай болып табылады. Кінәлнің мұндай әрекеттері оның жеке басының қоғпмға қауіптілігінің жоғарғы екендігін көрсетеді өйткені, бір жағынан мұндай әрекеттер қылмысты ашуды қиындатады, ал екінші жағынан қылмысты жасауды оңайлатады. Соңғы кездерде мұндай қылмыстар кеңінен өріс алып келуде, соның ішінде әсірісе ұлттық өшпенділікпен жасалатын қылмыстар ерекше орын алуда. Жоғарыда аталған жағдайда ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділікпен немесе арыздық себебімен жасалған қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмайтын жағдайлар жөнінде сөз болып отыр. Сонымен бірге басқа адамдардың заңға сәйкс іс-әрекеттері үшін тек кек алу мақсатында жасалған қылмыстар. Мысалы, бір азамат бұзақылық жасаған адамға ескерту жасаған жағдайда осы кінәлі адамның оған кектенушіліктен қылмыс жасайды. Басқа қылмыстарды жасыру не жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасады деген кінәлі бір қылмысты жасырамын не жасаймын деп екінші бір қылмысты жасайды. Мысалы, А. деген  азамат Д. Деген азаматты өлтіргеннен кейін қылмысты жасырамын деп оның үйін өртеп жібереді.

         Сонымен қатар ұлттық, нәсілдік жәни діни өшпенділікпен жасалған қылмыстар ауырлататын мән-жай болып табылады және ол біздің қылмыстық санамыздың қылмыс құрамы болып табылуымен қатар халықаралық дауларға да әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан да, осы қылмыстардың қауіптілігі жоғарғы дәрежеде болғандықтан біздің қылмыстық заң осы іс-әрекеттерді жасағаны үшін ауырлататын мән-жай ретінде танылады. Ал араздық себебі бойынша басқа адамдардың заңды іс-әрекеттері үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа да қылымыстарды жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында жаслған қылмыстар ауырлататын мән-жай деп тану себебі, бұл қылмыскердің қоғамға қауіпті дәрежесінің жоғарғы екендігін көрсетеді және де қылмыскердің көп қылмыстарды жасауы мүмкін екендігін және ауыр қылмыстарды жасауға бейім екендігін көрсетеді.58

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «ж» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да дәрменсізадамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау.

Кінәлінің өзінің қылмыстық мақсатына жету үшн әйел адамның жүктілік жағдайын, жәбірленушінің қорғансыздығы мен дәрменсіздігін пайдалануы арқылы қылмыс жасау оның қоғамға қауіптілігін және ________________

  1. 57. Уголовное право (право казахстанское, право международное): Учебное пособие.-Алматы, 1998г. 3 стр
  2. 58. Уголовное право (право казахстанское, право международное): Учебное пособие.-Алматы, 1998г. 3 стр

 

қатыгездігін көрсетеді және онда жағымсыз моральдық қасиеттердіңбар екендігін куәландырады. Жүкті әйелге қатысты қылмыс жасау тек қана қасақандылықпен сипатталады. Мұнда қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жай туындау үшін айыпкер адамның әйелдің жүктілік жағдайын алдын ала білгендігін анықтау қажет және бұл жерде әйелдің жүктілігінің мерзіміне байланыссыз кінәлі адамға белгілі болуы тиіс.

Ал жасөспірімдерге қатысты айтатын болсақ – жасөспрімдер деп заң он төрт жасқа жетпеген адамдар танылады. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің бірқатар баптарында жаөспірімдік жастарындағы адамдарға қатысты жасалынатын қылмыстар ауырлататын жағдай ретінде қарастырылған. Бұл қылмыстарда аталған ауырлататын жағдайды жаза тағайындау кезінде қайтадан ескеруге болмайтындығын айта кету қажет. Қорғансыз немесе дәрменсіз адамдарға, ауыр халде болуына, қарттылығына, психикалық не физикалық жағынан кемтар  болуына, ұйқыда жатқандығна, есінен тануына байланысты қылмыскерге қарсы тұруға қабілетсіз адамдарды жатқызуға болады. Бұл жерде тәуелділіктердің жәбірленуші үшін өмірлік маңыздылығын анықтау маңызды болып табылады және кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін тәуелді адамға қатысты тәуелділігін пайдалана отырып қылмыс жасаған кезде жауаптылығын ауырлатады.59

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «з» тармақшасы бой ынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау.

Жоғарыда аталған себептер бойынша қылмыс жасау қылмыстың және кінәлініңжеке басының аса қауіптілігін куәландырады. Мұнда қызметтік, кәсіби борышын өтеу деп адамның қызметтік не кәсіби міндеттеріне қатысты әрекеттерін орындауды, ал қоғамдық міндеттерін орындау деп кез келген азаматтың өзіне арнайы жүктелген, сонымен бірге қоғамның немесе жеке адамдардың мүддесі үшін жасайтын әрекеттерін (құқық бұзушылықтың алдын алу, жасалған не дайындалып жатқан қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарлау), түсіну қажет. Заң бұл жағдайда жәбірленушілер ретінде тек қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеп жүрген адамдарды ғана емес, сонымен бірге олардың туыстарын да қарастырады.

Аталған жағдайда жәбірленушілердің туыстарымен бірге алыс туыстарын, достарын, таныстарын және осы адамдар үшін қымбат адмдарды жатқызуға болады. Қоғамдық борышын атқарып жүрген адам деп қоғам, мемелекет, жеке адам мүддесі үшін қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді атқарып жүрген адамдарды айтамыз. Мысалы, құқық бұзушылықты болдырмауға дайындалып жатқан қылмыс жөнінде тиісті органдарға хабарлау, тағы да басқа да әрекеттерді жасаушы адамдар. Кәсіптік міндет болып-адамның біліміне сәйкес заң бойынша белгіленген тәртіппен атқарылатын қызметі (мысалы, дәрігер, оқытушы, қорғаушы, кеңсе т.б.) табылады.

_________________

  1. 59. Сборник постановлений Пленума Верховного суда Республики Казахстан (Казахской ССР) Первый том (1961-1997)-232 стр

Туыстары оның жақын туыстары және жақын достары болуы мүмкін. Кінәлі жоғарыда аталған қызметкерлердің туыстарына қарсы, оларға әсер ету, кек алу мақсатында қылмыс жасайды. Бұл жерде маңыздылығы сонда кінәлі адам осы адамдарға қарсы қылмыс істей отырып, қызметін, кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру немесе осы қызметті жек көруінен кек алуы себебімен қылмыс жасауы мүмкін.

  1. Қазақстан Республикасынын Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «и» тармқшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау.

Бұл мән-жайда көрсетілген қылмыстар адамның өміріне қол сұғушылықпен байланыстыжеке адамға қарсы қылмыстарда және т.б. қылмыстарда көрініс алуы мүмкін. Мысалы, қарақшылық, бұзақылық, қызметін өкілеттіктерін асыру пайдалану сияқты қылмыстарда да көрініс табады. Сонымен қатар бұл қылмыстар кінәлінің жеке басын және жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің аса жоғары дәрежеде қауіпті екендгін сипаттайды. Бұл жағдайлар көбіне жеке адамдарға қарсы жасалатын қылмыстарда кездеседі. Егер кінәлі адам жәбірленушіге аса ауыр зардаптар келтіріп, ұдайы азаптаса, сонымен бірге оны жақын туыстарының көзінше қинап, жапа шектірсе немесе қорласа аса қатыгездікпен жасалған деп танылады. Садизм – қатыгездіктің шектен шыққан көрінісі болып табылады және бұл жағдайда жәбірленушінің немесе басқа адамдардың азап шегуіне қылмыскер ләззаттанып, қанағат алады.60

Аса қатыгездікпен, садизмен, қорлаумен, жәбірленушіні қинап қылмыс жасау бұл мысалы, кінәлі адам жәбірленушінің денесіне бірнеше рет пышақ тығуы, ауыр жарақаттанып жатқан адамға көмек көрсетпеуі, баласын анасының көзінше қинау немесе өлтіруі не зорлауы немесе керісінше әке-шешесін балаларының көзінше қинау немесе өлтіруі не зорлауы. Кінәлі бұл жерде мұндай тәсілді қолдана отырып қылмыс жасауы жәбірленуші үшін үлкен физикалық және психикалық тұрғыдан азап шегетінін түсінеді және мұндай әрекетер тек қасақана ниетпен жасалады. Қылмыстық заң мұндай әрекеттермен жасалған қылмыстардың қылмыстық жауаптылығымен жазасын ауырлатады. Сот практикасында аса қатыгездіктің негізгі белгі нышандары ретінде көбінесе қасақана кісі өлтіру қылмыстарында кездеседі. Аса қатыгездкпен жасалған қылмыстарда сонымен бірге қылмыскер туралы да мінездеме алуға болады.61

Ал садизм арқылы қылмыс жасау-бұл адамды қинауға деген құмарлығы яғни, адамды қинау арқылы ләззат алуы. Садизмнің кең тараған түрі ретінде жыныстық азғындату және қинау арқылы қанағаттану яғни, адамға моральдық және физикалық азап шектіру арқылы қанағаттану.

________________

  1. 60. Постановление Пленума Верховного суда Республики Казахстан от 30 апреля 1999г. №1 «О соблюдении судами законности при назначении наказания»
  2. 61. Постановление Пленума Верховного суда Республики Казахстан от 23 декабря 1994г. №7 с изменениями и дополнениями,

    внесенными постановлением Пленума от 20 1996г. №11 «О применении судами законодательства, регламентирующего  

   ответственность  за посягательства на жизнь и здоровье граждан».

    Сборник постановление Пленума Верховного суда Республики Казахстан (1961-2004гг.) -110 стр.

Бұл жөнінде Француздың ұлы жазушысы де Саде (1740-1814) өзінің садизм туралы  романдарында жазған болатын. Садизмдық әрекеттер көбінесе жыныстық қылмыстарда (зорлау, еркек пен еркек не әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа түсіге мәжбүр ету) кездеседі. Бұл жерде айтайын дегеніміз жәбірленушіге тән азабын көрсету бұл кінәлі адамның мақсатының бірі болып табылады. Садизм сонымен қатар тек жыныстық қылмыстарда ғана емес сонымен қатар басқа да қылмыстарда кездесуі мүмкін.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «к» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Қару, оқ-дәрі, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтынатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау.

Бұл көрсетілген мән-жайда бірнеше ауырлататын мән-жайлар біріктірілген. Жалпы адам қылмыс жасағанда және қылмыс жасау кезінде өзіне тән қасиеттеріне сай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге қабілетті қаруларды қолданып, сонымен бірге жәбірленушіге күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу, яғни қорқыту арқылы қылмыс жасау жағдайлары қарастырылған. Жалпыға қауіпті тәсілмен қылмыс жасау дегеніміз – адамдарға, мүліктік объектілеріне едәір мөлшерде зиян келтіруге қабілетті әдістермен қылмыс жасау (өрт қою, жарылыс жасау, жаппай қырып-жою, улау және т.б.)

Ал қару деп – бір тірі нәрсені жоюға (өлтіруге) бағытталған құрал деп түсінеміз. Қарулар деп суық қарулар мен атыс қарулар деп бөлінеді. Атыс қаруларына: тапанша,винтовка, автомат, пулеметтер жатады және т.б. ойық тәрізді бағанамен атылатын қарулар жатады. Ал суық қаруларға: кинжал, фински, пышақ және т.б. жатады. Бұлар 27 қазан 1993 жылы «Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған. (Қазақстан республикасының заңы).  Сонымен қатар бұл жерде газбен және пневматикалық қаруларда осы заңмен реттеледі. Қару қолдана отырып қылмыс жасаған кінәлі адам оның қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғарылайды және заң тиісінше оның жауапкершілігін ауырлатады. Ал оқ-дәрілерге – қарудың оқтары, артиллериялық снарядтар, қарулардың бөлшектері мысалы, ракетаның бөлшектері. Жарылғыш заттарға – порох, динамит, тротил және тез жарылуы мүмкін өзге де химиялық заттар. Ал жарылғыш құрылғыларға- олар болуы мүмкін заводтан жасалуы не қолдан жасалуы мүмкін мысалы, мина.

Күш көрсету – бұл кез келген  қылмыстарда болуы мүмкін. Мысалы, қарақшылық, тонау қылмыстары. Ал психикалық мәжбүрлеу – ол жәбірленушіге әртүрлі қорқыту арқылы көрініс табады. Мысалы, өлтіремін, мүлкінді жоямын не жақындарыңды өлтіремін немесе  басқа да қорқытушылық әдісін қолдана отырып сипатталуы мүмкін және оның ауызша немесе жазбаша нысанында да жасалуы мүмкін. Ал жалпыға қауіпті әдіс – негізінде жалпыға қауіпті әдісті қолданып қылмыс жасау – қылмысты жүзеге асыру кезінде адам тек қана қылмыстың тікелей объектісіне емес, сонымен бірге көптеген басқа объектілерге де қауіпті әдсті қолданып қылмыс жасауы.62 Мұндай жалпыға қауіпті әдістер болып жарылыс, өрт қою, су астында қалдыру, қопарылыс заттарды, уландыратын газдарды пайдаланып қылмыс жасау танылады. Ескере кететін бір нәрсе – заңда  жалпыға қауіпті әдісті қолданудың зардабы емес, әдістің өзі жауаптылықты ауырлатушы жағдай ретінде танылады. Бұл арада Л.Л.Кругликов төмендегідей көзқарасты білдіреді. Сондықтан да  54-баптың «к» тармағын қолдану кезінде қылмысты жасау барысында қылмыстық-құқықтық қорғаудың бірқатар объектілерін бір уақытта бұзуға қауіп төндіретін әдісі қолданудың орын алғандығын жеткілікті түрде анықтау қажет.63

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «л» тармақшасыбойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау.

Төтенше жағдай – мемелекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары сондай-ақ кәсіпорын, мекеме ұйымдарының ерекше құқықтық  режимі болып табылады. Төтенше жағдай уақытша іс-шара болып табылады және әдетте жағдайы  тез арада қалпына келтіруге, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін орнату мен азаматтардың қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіпті жоюға және оларға қажетті көмек көрсетуге бағытталған іс-шара болып табылады. Ол азаматтардың қауіпсіздігіне немесе Мемелекеттік Конституциялық құрылысына қарсы төніп тұрған нақты бір қауіпке байланысты енгізіледі.

Төтенше жағдайлардың енгізілуіне негіз болатын жағдайлар:

а)   Мемлекеттік Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге оқталу, жаппай тәртіпсіздік, ұлтаралық дау және жергілікті блокадалар мен азаматтардың өмірімен қауіпсіздігіне және мемлекеттік билік органдарына қауіп төніп тұрғанда;

б)    өзге де қоғамдық нәубет жағдайларда, эпидемия, эпизотия, үлкен авариялар яғни адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жағдайларды жойып, қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар. Мұндай жағдайларда қылмыс жасаған кінәлі адамның қоғамға қауіптілігінің жоғары дәрежеде екндігін көрсетеді және осындай жағдайларда қылмыс жасаған адамның жауакершілігін және жазасын ауырлатқан дұрыс болып табылады.

Ал өзге де қоғамдық нәубет жағдайлар деп – ол жер сілкінісі, су тасқындары яғни, адамдардың өлімімен мүліктерінің жойылуына әкеп соқтыратын жағдайлар, ал өзге де қоғамдық нәубет жағдайынан басқа да жағдайлар болуы мүмкін оған мысал ретінде, соғыс  жағдайы,  төтенше  және

_____________

  1. 62. Закон Республики Казахстан от 27 октября 1993 г. «О государственном контроле за оборотом отдельных видо оружия»
  2. 63. Кругликов Л.Л. Правовая природа смягчающих и отягчающих наказание обстоятельств.// Уголовное право. 1994г. №4. 69 стр.

 т.б. жағдайлар. Жалпы жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайына жер сілкнісі, су тасқыны, қар көшкіні, өрт апаты, дауыл соғуы сияты оқиғалар жатады. Кінәлі адамның басқа уақытқа қарағанда, осы жағдайларды пайдаланып қылмыс жасауы оның жауаптылығының сөз жоқ ауырлатуы тиіс.

Жаппай тәртіпсіздік – Ол көп көлемде адамдардың жиналып, қоғамдық және өзге де орындарды бүлдіру, қирату, өртеу және басқа да теріс қылықтар жасау арқылы өрескел құқық бұзушылықтар болып табылады. Қылмыстық Кодекстің –бабына сәйкс жаппай тәртіпсіздік жағдайында қылмыс жасауға –

күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздік жағдайын пайдаланып қылмыс жасау әрекетін айтамыз.

Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 5-шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлар туралы» Заңына сәйкес төтенше жағдай деп – Адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығынға ұшырататын авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдайлар танылады. Бұл жерде қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларға жатқызу үшін кінәлі адамның төтенше, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайда қылмыс жасайды және оның оның ізін жабуды жеңілдетендігімен және мұндай жағдайдағы кінәлі адамның жанашырлық, адамгершілік тұрғыдан төмен екендігін көрсетеді және мұндай жағдайда қылмыс жасайтын адамдар қоғамға қауіптілігі жоғары болып  табылатындықтан олардың жауаптылығын ауырлататын мән-жай ретінде заң таниды. Бұл ретте айыакер мұндай жағдайды және өзінің іс-әрекетін жақсы сезінеді және оны қылмыс жасау үшін пайдаланады.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «м» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Алкогольдік, есірткілік немесе уытқылықт еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп тануға құқылы. Адамның мұндай күйде болып қылмыс жасауы келтіретін зиянның зор және жоғары қауіптілік дәрежеде екенін көрсетеді. Адамның алдын ала мас күйде қылмыс жасауын ауырлататын мән-жай деп нақты шешім қабылдау мүмкін емес. Бұл нақты түрде сотпен барлық мән-жайларды ескере отырып бағаланып шешілетін мәселе. Мас күйде қылмыс жасауды жауаптылықты ауырлататын емес деп тану кезінде сот үкімінде нақты дәләлдемелермен көрсетілуі тиіс.

Адамның осындай күйде болып қылмыс істеуі кінәлінің келтіретін зияндылығының сау адамға қарағанда едәуір зор болатындығы, сонымен бірге оның қауіптілігін дәрежесінінде жоғары екендігін көрсетеді. Қылмыстық істі саралаған кезде кінәлі адамның физиологиялық жағдайын анықтау қылмыстық істі саралау үшін маңызды рөл атқарады. Адамның алкоголь ішімдігін, есірткілік жүйкеге әсер ететін немесе уландыратын заттарды пайдаланып мас күйде болу арқылы қылмыс істеуі мүмкін. Сот істелген қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауға да құқылы. Мысалы: отбасына, жеке басына ауыр қайғыдан күйектеніп ішіп мас болуы немесе мас болып қоғамға маңызы шамалы қылмысты істеуі және т.б. жағдайлар.

Ал Д. Бұғыбай бұл мән-жайды былай деп жазған. Қылмысты физиологиялық мас күйінде, есірткілік не уытқұмарлықеліту жағдайында қылмыс жасау кінәлінің жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігін жоғарлатады. Алайда, қылмыстық заң соттарға жасалға қылмыстық әрекетке кінәлінің мастығының қатысы бар-жоқтығын, осы осындай күйге жеткізген жағдайларды ескере отырып, бұл жағдайды ауырлатушы мән-жай ретінде танымауға да құқығын берген.64

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «н» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы.

Аталған жағдайда қылмыс жасау әр уақытта да жазаны жоғарлатудың негізі болып табылады. Бұл жағдайда қызметкер өзі қабылдаған антын бұза отырып, өзіне тапсырылған сенімге қиянат жасайды. Өзіне қабылдаған анты мен кәсіби антының қабылдану тәртібі арнаулы нормалармен анықталады. Анттың бұзылуы мысалы, антты бұзып мемлекеттік құпияны жария етуі не банк қызметкері кәсіби антын бұзып, банк салымшыларының қаражаттарын өзі пайдаланып кетеді немесе сол сияқты мәліметтерді жария етеді және т.б. (әрекеттер). Кінәлі адамның өзінің берген антын немесе кәсіби антының талаптарын бұзып, қызметтік немесе басқа да әдеп мәселелеріне нұқсан келтіретін қылмыс жасауы. Көбінесе бұл жағдайлар қылмыс жасаған әскерилерге, дәрігерлерге қатысты қолданылады.

  1. Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «о» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде – Қылмыскердің қызметі жағдайында немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы. Бұл жағдайда қызметкер адам өзіне сеніп тапсырылған қызметтік жағдайын пайдаланып сенімге қиянат жасай отырып, қылмыс жасауға пайдаланады. Осындай қылмысты лауазымды адамдар, қатардағы қызметкерлер де жасауы мүмкін. Шарттан туындаған сенімді пайдаланып қылмыс жасау қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларға жатады. Бұл жағдайда қызметкер өзіне сеніп тапсырылған қызмет жағдайын пайдаланып сенімге қиянат жасап, оны қылмыс істеуге пайдаланады. Мұндай ретте осындай қылмысты лауазымды адамдармен қатар қызметкерлерімен бірге қатардағы қызметкерлер де жасауы мүмкін. Шартқа байланысты мәселе Азаматтық Кодекс нормалары арқылы реттеледі. Шарт заңды тұлғалармен де жеке азаматтармен де жасалуы мүмкін. Шарттан туындайтын сенімді пайдаланып қиянат жасауды заң ауырлататын мән-жай ретінде таниды.

______________________

  1. 64. Д.Бұғыбай «Қылмыстық заң бойынша жаза тағайындау» / Заң журналы. 2004 жыл №1. 60 б.

Кінәлінің өзіне қызметі бойыншы көрсетілген сенімді немқұрайды қарауы немесе шартпен тапсырылған сенімді пайдаланып қылмыс жасауы сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай бұл жағдай көбінесе мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және экономикалық қызмет салаларында орын алады.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің «п» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде — Өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

Өкімет өкілінің түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының ескертпесінде берілген. Осыған жататын адамдардың нысанды киімін немесе құжатын пайдалану арқылы қылмыс істеуге зор мүмкіндік береді. Сондықтан да мұндай мән-жайлар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлатуға негіз болады. Мұндай мән-жайда өкімет өкілі болып табылмайтын адамның белгілі бір қылмыстық нәтижеге жету үшін өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын заңсыз пайдалану арқылы жеке азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға бағытталған әрекеттері. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлардың кез келгені, егер ол Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында ауырлататын белгі ретінде көрсетілген болса нақты қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде қайталап ауырлатушы мән-жай ретінде ескерілмеуі тиіс.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоғарыда аталған тізімі түпкілікті болып табылады сондықтан да соттар жаза тағайындау кезінде осы тізімде көрсетілген қандайда бір жағдайды ауырлатушы жағдай ретінде қайталап тануға және олардың қатарын кеңейтуіне болмайды дегенді білдіреді. Солай бола тұра, сот кінәліні немесе ол жасаған қылмысты жағымсыз жағынан сипаттайтын жоғарыдағы тзімге кірмейтін жағдайларды анықтаған жағдайда жаза тағайындау кезінде сот үкімінде көрсетуге құқылы.65

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

______________________

  1. 65. Д.Бұғыбай «Қылмыстық заң бойынша жаза тағайындау» / Заң журналы. 2004 жыл №1. 60 б.

Қорытынды

 

Қандай да қылмыс болмасын сот істің мән-жайын, қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын, қылмыскерлердің жеке тұлғасын жан-жақты зерттей отырып, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеруі тиіс.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауылататын мән-жайларды ескеру, қылмыс жасаған кінәлі адамға сот үкімінің жаза тағайындауға қатысты бөлігі бойынша заңдылықтың сақталғандығын көрсетеді.

Сот әділдігін сот жүзеге асыратын болып табылғандықтан, соттың өзі шығарған үкімінің әділдігіне жету үшін, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып. Жаза тағайындағанда ғана сот өз үкімінің әділеттігіне жетуге болады.

Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар сот тәжірибесінде де, ғылым саласында да өте көп кездесетін және аса күрделі мәселелерінің бірі. Бірақ та заң ғылымдарының айтуы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қылмыстық құқық теориясы тұрғысында әліде болса өз шешімін толық таппаған деп көрсеткен.

1959 жылғы 22-шілдеде қабылданған Қазақ ССр-нің Қылмыстық Кодексімен салыстырмалы түрде қарастырғанда, 1997 жылы 16-шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жаза, жаза тағайындауға байланысты сондай-ақ қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды көп өзгеріске ұшырап, жаңаша түрде көлемі ұлғайып, қазірг заманға сай етіп түзілген.

Мұның өзі мемлекетіміздің демократиялық және қылмыстылықпен күрес жүргізудегі белсенділігін көрсетеді. Сонымен қатар бұл мән-жайлар экономикалық және саяси жағынанда маңызы өте зор. Мысалы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды қолдану арқылы әділ жаза тағайындауға болады, сондай-ақ халықты үрейлендіріп қылмыс жасаудан сақтандыруға болады.

Біздің қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңымыз қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрініс тапқан баптарына сілтеме жасауға тыйым салады. Бірақ та қылмыстық кодекстің 53-бабының 1-бөлімінде көрсетілген мән-жайларды заң шығарушы қылмыс құрамының шегінен шығатын басқа да мән-жайларды айтады. Ал ауырлататын мән-жайлардың тізімі түпкілікті болып табылады. Сонымен қатар жаза тағайындағанда шектен тыс жаза берілсе, сотталған адам ыза-кек туады. Ал өте жеңіл жаза берілсе, сотталған адамжазаға онша мән бермейді. Бұл екі жағдайда қылмыс қайталануы мүмкн, себебі әділқазылық принципі сақталмағандықтан, жаза өз мақсатына жетпейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Нормативтік құқықтық актілер:

 

  • 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж. өзгер. мен толы. қоса.
  • 2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16 шілде 1997ж.өзгер.мен толық.қоса.
  • 3.Қазақ ССР-нің Қылмыстық Кодексі 22 шілде 1959ж.
  • 4.Қазақстан республикасы Жоғарғы Соты Пленумы. 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Жаза тағайындаудағы соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» Қазақстан республикасы Жоғарғы Соты қаулылар жинағы 1961-2004ж. – Алматы, 2004.189 б.
  • 5. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы

 

 

 

  1. Оқулықтар және арнайы әдебиеттер:

 

  • Ной И.С.Сущность и функции уголовного наказания в Советском государстве. Изд.Саратовского ун-та, 1973г.
  • Уголовный закон. Опыт теоретического моделирования. М.,Наука, 1987г.
  • Уголовное право. Общая часть. М., Юридичес. Литература, 1994г. стр.347
  • Уголовное право. Общая часть. Под.ред. И.Я.Козаченко. М.,ИНФРА-НОРМА, 1998г. стр.311
  • Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. Л.,1973г. 16 стр.
  • Курс советского уголовного право. Наказание. М.,1970г.т.3.30стр.
  • Утевский Б.С.Вопросы теории испрвительно-трудового право и практики его применения. М., 1957г. 37 стр.
  • Материалы теоритической конференции по вопросам советского исправительно-трудового право. М.,1957г.128стр.
  • Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. Л., 1973г.16стр.
  • Курс советского уголовного право. Наказание. М., 1970г.т. 3.30стр.Утевс стр.
  • Ной И.С. Сущность и функции уголовного наказания в Советском государстве. Изд.Саратовского ун-та,1973г.28стр.
  • Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Жеті жарғы,2007 жыл 212 б.
  • Наумов А.В.Уголовное право. Общая часть. Курс лекций. М.. Изд БЕК, 1996 г. 359 стр.
  • Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Курс лекций. Часть.Т.1.М.,1994г.19стр.
  • Курс уголовного право. Общая часть. Т 2. Учение о наказании. М.,Изд.ЗЕРЦАЛО,1999г. 7стр.
  • Соломон П. Советская юстиция при Сталице. М., 1998г.
  • Соловьев А.Д. Вопросы применения наказания по советскому уголовному праву. М.,1958.104стр.
  • Алауханов Е., Рахметов С. «Жаза» практикалық оқу құралы. Өркениет 1999 жыл. 92.
  • А.Н.Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Жеті жарғы. 2007 жыл.208б.
  • Д.Бұғыбай «Қылмыстық заң бойынша жаза тағайындау» Заң журналы 2004 жыл №1 50-52б.
  • Рогов И.И., Сарсенбаев. Уголовное право РК.Алматы, 1998.257 стр.
  • Баймурзин Г.И., Рогов И.И. Уголовное право РК. Алматы, 1998. 341 стр.
  • Нақысбеков Т.Ә. Диссертациялық материалдар «Қылмыстық құқықтағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар» Алматы 2006 ж. 95-98 стр.
  • Бажанов М.И. Назначение наказания по советскому праву. Киев. 1980г.111стр.
  • Кругликов Л.Л. Правовая природа смягчающих и отягчающих наказание обстоятельств. Уголовное право. 1999г. №4. 19стр.
  • Қазақстан республмкасының Жоғарғы Сотының бюллетені.2001/11.34стр.
  • Карпец И.И. Отягчающие и смягчающие обстоятельства в уголовном праве. М., 1959 г. 25 стр.
  • Кузнецова Н.Ф., Куринов Б.А. Отягчающие и смягчающие обстоятельства, учитываемые при определении меры наказания. Применение наказания по советскому праву. М,1958г. 80стр.
  • Кругликов Л.Л. Смягчающие и отягчающие обстоятельства в советском уголовном праве. Ярославль, 1977г. 7стр.
  • Минская В.С. Роль смягчающих обстоятельств в индивидуализации уголовной ответственности. Проблемы совершенствования уголовного законадательства и практики его применения. М,1981г. 104стр.
  • Ткаченко В.И. Общие начала назначение наказания: Учебное пособие. М.,1984г. 44-45стр.
  • Филимонов В.Д.Криминологические основы уголовного право.Томск, 1981г.12 стр.
  • Накисбеков Т.А. «Обстоятельтва, смягчаящие уголовную ответственость и наказание» Журнал Фемида.Февраль 2005г 13 стр.
  • Потрнягин В.Г. Смягчающие и отягивающие обстоятельство по делам неосторожных преступлениях.Проблемы борьбы с преступной неосторожностью.
  • Владивосток,1981г.90 стр.
  • Становский М.Н.. Особенности и назночения наказания при совершении нескольких преступлений.

Советскаяюстиция,1991г.-№20 204 стр

  • Мельников Ю.Б. Дифференция ответственности и индивидуализация наказания.Красноярск, 1989г. 76 стр.
  • Қайыржанов Е. Бұғыбай Д. Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындау еракшеліктері.- Алматы. Өркениет,2000 ж.
  • Дулатбеков Н.О. Индивидуализация уголовного наказания за преступления против жизни: Автореф.Дисс..канд.юрид.наук.-Алма-ата,1993.-12стр.
  • Рахметов С., Турецский Н. Необходимая оборона.-Алматы:-«Жеті жарғы », 1996г.-28стр.
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бюллетені.23.12.1994 ж. 26 б.
  • Коменнтарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан.Под.редакцией д.ю.н.,профессора И.И. Рогова и к.ю.н.,доцента С.М Рахметова.-Алматы, 1999г.-128 стр.
  • Наумов А.В. Правовые последсвия освобождения виновного от уголовный ответственности СЮ, 1976.№ 20.-11-12стр.
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы ақпандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауакершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысы.
  • Кругликов Л:Л: Правовая природа смягчающих и отягчающих наказание обстоятельств // Уголовное право. 1999г.№4.123стр.
  • Кригер Г.А. Наказание и его применение. М, 1962г. 35стр.
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы 2005.
  • Каиржанов Е. Уголовное право республики Казахстан /Общая часть/ Издание 2-е, дополнение. – Алматы 1998г. – 161стр.
  • Уголовное право (право казахстанское, право международное): Учебное пособие.-Алматы, 1998г. 3стр.
  • Уголовное право (право казахстанское, право международное): Учебное пособие.-Алматы, 1998г. 74стр.
  • Сборник постановлений Пленума Верховного суда Республики Казахстан (Казахский ССР) Первый том (1961-1997).-232стр.
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30сәуірдегі «Жаза тағайындау кезінде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» №1 Қаулысы.
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы №7, 20 1996 жылғы №11Пленумның қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Азаматтардың өмірі мен десаулығына қолсұғушылықты регламенттейтін заңнаманы соттардың қолдануы туралы» Қаулысы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының қаулылар жинағы (1961-2004жж).-110стр.
  • Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 27 қазандағы «Жекеленген қарулар түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау туралы» Заңы.
  • Кругликов Л.Л. Правовая природа смягчающих и отягчающих наказание обстоятельств //Уголовное право. 1999г. №4.69стр.