АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. С. Қирабаевтың шығармашылығы

Мазмұны

 

 

Кіріспе 

 

 

 

1-тарау. Қазіргі әдебиеттің жай-күйі, замандас қаламгер шығармашылығы хақындағы әдеби-сын мақалалары

 

 

2-тарау. Ұлттық әдебиетіміздің даму кезеңдері мен әдеби оқулықтар және әдебиетті оқыту әдістемесін қарастыратын әдістемелік еңбектері

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

 

Сыншы жауапкершілігі хақында ой толғаған бір мақаласында Серік Қирабаевтың былай деп жазғаны бар:

«Қөркем әдебиет табиғатын таныр сезімталдық сыншы үшін жеткіліксіз. Оның үстіне, ол жазушы қаламынан туған образдарды өмір құбылыстарымен салыстыра алатын, көркемдік бейнелеудің сырларын түсінетін әдеби білімдар адам болуға тиіс. Сыншы жазушыдан сәл де болса ілгері отыруы қажет.) Өйткені сыншы, белгілі дәрежеде, қалың оқырманның эстетикалық үғымдарын қалыптастырушы, оның тәрбиешісі. Жазушыға ақыл-кеңес беріп, шығармалары жайлы пікір айтып отыратын қаламдас дос».

Әдемі айтылған сөз. Және бұл — сыншы ретінде ең алдымен өзіне қойған биік талабы.

Сыншы парызы тек сынау емес. Жазушының кітабын қолына алғанда, ол оны, бір нәр іздеп, игі үмітпен оқымағы анық. Шығармадан тек жақсыны дәметіп, алдымен шұғылаға көзі түспек. Шын өнерді көргенде жаны сүй-сініп қуанбақ. Кейде оның қолына нәрсіз кітап та түсіп қалар. Сонда да шығармадағы жарық көмескі тартып, алыстан өлеусірей жылтыраған шырақтай әзер-әзер көрініп тұрса да„ оның көзі әуелі сол сәулені байқамақ. Қалтыраған әлсіз шырақтан, кейін өрши жанып, жарығы молаятындай белгі көріне ме? Әлде бар куаты осы ғана ма? Сыншы абайлап қарамақ.

Абырой-атақ қамы үшін емес, алдымен туған әдебиет мүддесін ойлаған, көркемөнерге шын жаны ашыған сыншыға осы қасиеттер тән болмақ керек.

Қазіргі қазақ әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу ғылымының көрнекті ірі өкілі Серік Қирабаевтың бүкіл жазған әдеби еңбектерінен біз осы талап үдесінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан кең тынысты қаламгер тұлғасын көреміз.

Тақырыптың өзектілігі: Әр дәуір әдебиетте өз тынысын, өз суретін қалды-рады. Өз заманының шындығын шығармасына арқау ете алмаған қаламгер тарих үшін де татымды нәрсе жасай алмайды, өз замандастарына да қадірлі бола алмайды». Міне, сыншының өз өлшемі. Бұл жерде көркем шы-ғарманың қоғамдық мәні жоғары болуы айрықша айтылып отыр. Ол сапа| шығарманың шындыққа қатысынан танылмақ. Және одан жазушының өмір  тану  дәрежесі мен позициясы да көрінбек. Сыншы сондықтан да көркем шығармада шындықтың дұрыс бейнелеуі мәселесін әр-дайым партиялық принцип талабымен ұштастырады. Сонымен   қатар,   шығарманың   қоғамдық   маңызын   оның көркемдік сапасының биік дәрежеде болуына нық байланыстырып айқындайды. Серіктің әдеби-сын еңбектерінде қаламгер табысына баға берілгенде, ұлттық әдебиетіміздің даму ерекшеліктері мен  жетістіктері  көрсетілгенде, әдеби өсудің айғағы боларлық туындының мазмүн тереңдігі мен көркемдік биіктігі тығыз бірлікте  алынып сипатталады.

Серіктің сын-зерттеу еңбектерінің дені қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған Сыншының бұл еңбектерінде ұлттық әдебиетіміздің іргетасы қаланған алғашқы жасаң дәуірінен бастап, бүгінгі биіктеп ескен шағына дейінгі өсу кезеңдерінің сан-сала жайына қатысты келелі пікір өрбиді. С.Қирабаевтың шығармашылығына  жасалған алғашқы қадам болса да, соншама ауқымды тың мәселелерді көтеруі тақырыптың актуальдылығын тағы бір атап көрсеткендей.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

  • С.Қирабаевтың шығармашылығына шолу;
  • Әдебиеттанушы ғалым С.Қирабаевтың сын әлеміндегі еңбектерін саралау;
  • С.Қирабаевтың әдебиеттану ғылымының қалыптасуындағы орнын анықтау;

Ғылыми жаңалығы: С. Қирабаевтың сыршыл сынының ерекшелігі, оның әділ сын айтуында.

С. Қирабаевтың сыни еңбектерін талдаған бұл жұмыстың сыншы тарапына айтылған пікірлерді жинақтап саралау, оның бағалы тұстарына баса назар аударылады. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдебиет сыны саласына, оның ішінде С. Қирабаев шығармашылығын зерделеу, оны жақын тану – жұмыстың негізгі жаңалығы болып танылады.

С. Қирабаевтың сын-зерттеулерінде қазақ  әдебиетінің мәселелері ұлттық әдебиет ауқымындағы айғақтармен ғана шектелмей, Бүкілодақтық әдебиет мысалдарына байланысты алынып тексеріледі. Зерттеуші салыстыру әдісін, жетістікті сипаттау   үшін   ғана   емес,   кемшіліктің сырын ашу үшін де ұтымды қолданып   отырады. 

 Тақырыптың зерттелу тарихы: С.Қирабаевтың шығармашылық еңбек жолы, әдеби-сыни еңбектері жайлы кандидаттық зерттеу еңбектері бар, жалпы әр жылдары шыққан мерейтойлық мақалалар бар.Әсіресе, Ж.Ысмағұловтың «Әдебиет ғылымының ақсақалы»атты мақаласының шоқтығы биік тұр.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Бірінші тарауда — қазіргі әдебиеттің жай-күйі жайындағы, замандас қаламгер творчествосы хақындағы әдеби-сын мақалалары; екінші тарауда — ұлттық әде-биетіміздің даму кезеңдері, өсу жолының ерекшеліктерін сипаттайтын ғылыми зерттеулері және әдеби оқулықтар және әдебиетті оқыту проблемасын қарастыратын әдістемелік еңбектері қарастырылады.

 

1-тарау. Қазіргі әдебиеттің жай-күйі, замандас қаламгер                          шығармашылығы хақындағы әдеби-сын мақалалары

 

Қоғамдық өзгерістер мен халықтық ой-пікірдің әр жағдайындағы даму күйіне байланысты бұл мәселеге түрліше көзқарас туды, талас пікірлер де болмай қалған жоқ. Бүгін олардың бәрі — біздің өткен жолымыз. Соңғы жылдар ішінде жалпы қазақ тарихына байланысты жаңа көзқарас туып қалыптасты. Көптеген тарихи деректер қайта қаралып, толықтырылып, оларды нағыз ғылыми шыншылдықпен бағалауымызға жол ашылды. Халық тарихына байланысты жаңаша ойлану — қазір ұлттардың бәрінің басында болып отырған жай. Осы негізде олар елдік салты мен халықтың игі дәстүрлері, оның тарихтың прогрестік жолына бет бұруы, сол істің басында тұрған халық өкілдері мен ұлттық сана-сезімінің оянуы сияқты мәселелерді терең қарастыруға мүмкіндік алып отыр. Осы мәселеге арналған қазіргі қазақ әдебиетінің тәуір туындылары да бұл шындықты растайды.

Орыс-қазақ халықтарының тарихи байланысының түп негіздері мен олардың ынтымақтасу жолының заңдылығын көркем бейнелеуге арналған туындылар ішінде Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары көрнекті орын алады. Бұл — мерзімді баспасөзде шығып жатқан мақалалар мен көптеген оқырмандар конференцияларында айтылып жүрген, республиканың әдеби қауымы мойындап отырған шындық.

Әбіш романдарының бірден қалың оқырман назарын аударуының үлкен бір себебі — оның қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінің оқиғаларын тақырып етіп алуында Алайда тарихтың объективтік дамуы әрқашан алға қараушылар жағында   болмақ.   Қанша   ұзақ тартысқанымен, кері күш қашанда прогрестік бағытқа жол береді. Бұл жолы да солай болғанын көреміз.

Әбіш романдарының тарихилық сипаты (историзмі) күшті. Ол халықтар тарихының даму бағытына әлеуметтік өзгерістер негізінде қарайды. Адамдардың қай дәуірде болса да үміті болашақтан күткенін, өзара қарым-қатынасқа, материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсінеді. Көрші елдердің жан-жақты қыспағына түсіп, көшпелі өмір кешкен қазақтың да ендігі жерде томаға тұйық, оқшау өмір сүруі мүмкін емес еді. Дүние жүзілік әлеуметтік тіршіліктің ірі қозғалысқа түсуі, жаңа жерлердің ашылып, халықтар арасында байланыстың күшеюі, басып алу бағыну шындықтары қазақ халқын да бұрынғы күйден қозғап, ізденіс жолына бағыттады. Осы жолда оның іздегені орыс халқының кең қолтығының астынан пана табу еді. Осы бір тарихи құбылыстың заңдылығын жазушы «Үркерде» үлкен суреткерлікпен және ойшылдықпен бейнелейді. Үркер — маңдай алдыңнан туып, жолыңа нұр беріп тұрған, адастырмайтын жарық жұлдыз немесе жұлдыздар шоғыры. Үркердің қарсы алдынан туғанын қазақ қашан да жақсылыққа жорыған, халық бойын билеген үміт оты осыған жетектейді.

Ел билігіндегі азаматтар болғанын тарихи деректерге сүйене отырып, «Үркер» романы бізге кең суреттеп жеткізеді. Ол тек тәуекелге бел буған, даңққұмар билеушілердің ғана емес, жоғарыда келтірілгендей ақылдылық, ойлылық, төзімділік сияқты мінездерге бай характердің ғана қолынан келмек. Әбіш бізге осындай кесек характер ашып берді. Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір кұбылыстары — бәрі де оның негізгі қаһарманы Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой елегінен өте көрсетіледі. Осы тұрғыдан Әбілқайыр есімі романның екінші аты болуға да лайық.

Әбілқайыр романда әр қырынан көрінеді, Ең алдымен, ол — хан тұқымъі, сұлтан. Осы тұқымға тән билік-құмарлық, эгоистік сезімдерден де құр емес. Әбіш оның сұлтандық психологиясына да үңіле біледі. Бүгін болмаса, билікке қолы ертең жететінін біледі. Оның көз алдына көкпен таласқан күмбез бен алдында жыртылып-айырылып тұрған қалың қазақ елестеуі де осы сезімнің көріністері. Бұл — заңды да, хан тұқымының бәрінің басында болатын жай. Тұқым қуалаған хандыққа ертелі-кеш ие болатынын білетін олардың психологиясында соған тезірек жетуге құмарлық, өзімшілдік сезім басым болды. Олар қазіргі іс басындағы бауырларына қызғанышпен қарады, реті келсе, сол орынға тезірек жетуді қарастырды. Әкесін, туысын өлтіріп, хан болғандар бұл тұқымдарда аз емес-ті.

Алайда, Әбілқайыр жаратылысы бұлардан өзгешелеу. Ол ішін тырнаған эгоистік сезімдерін баса біледі, бірден көзге түсіп, билікке де ұмтылмайды. Хан түқымына, жалпы билік басындағы адамдарға тән даңғойлықтан, кеудесоқ мінезден де аулақ. Өзін қарапайым, сыпайы ұстап, халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайды. Көп ортасында болады, сез тыңдауға, адам тануға ұмтылады. Әбілқайырдың бұл мінезінде хан тағына өзін іштей дайындау сезіледі. Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, мінез-құлқын қалыптастыруы, толысуы ерекше қызықты. Ол романда сол кездегі ел өмірінің кең тынысымен астасып, жарқын бейнеленеді, Әбілқайырдың кедей деп кем тұтпай, Тайланды тең ұстап, дос болуы — оның азаматтығын танудан туған білімділік. Тентек інісі Мамай Тайланға зорлық жасап, шұбар атын тартып мінгенде де, ол інісін жазалап, әділдік жағында қалады. Осыны байқаған Әйтеке би: «Төренің бағы — қарашаның қайраты. Қарымдыдан құрдас жиғаның жөн екен»— депті. Әйтеке сөзі хан тағына отырғаннан кейін де Әбілқайырға сабақ боп қалғаны аңғарылады.

Халық даналығы мен ерлігінің бейнесіндей Мәтіні де Әбілқайыр танып, сыйлай біледі. Оның ақылы, сөзі әрқашан өрелі жастың ойына ой қосқанын, кекірек-көзін ашқанын көреміз.

«Не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі, мал -екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұ заманда абыройдың да аты өзгеріп кетті. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көлденең түсіп жатып алатын күдіре желке көктөбет сияқты… Күні өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап дәулет қуып, дәурен іздеген, жалыны қайтпаған жастарға үйір болған дұрыс. Тәйірі, жөн білетін текті жігітке ел ұстау деген сөз бе екен? Ол үшін үлкенге ізет, қатарға қадір, ініге ілтипаттан басқа не қажет болушы еді! Бұл жұрттың соңына ереміз бе деп үміттенетін азаматынан бар дәметері сол-ақ қой!»

Бір әңгімеде Мәті аузынан айтылатын осы сөздер де Әбілқайыр жадында қатты сақталғаны, оның бүкіл ел билеушілік, азаматтық жолының заңды қағидасына айналғаны сұлтанның бүкіл романда суреттелетін іс-әрекетінен анық танылады. Ол бедел үшін күресті. Әлі батырлығымен атағы шықпаған бозбала жігіттің Іле бойында қалмақтармен ұрыста ерлік көрсетуге ұмтылуы осыдан сияқты. Ол бұл жолы жүрек жұтқан батырлығымен көзге түсті. Батырлықтың ар жағында даңққұмарлық та жоқ емес еді. Оны Есет дәл байқапты. «Сабазың қалың ел түгел таңқалып жатқанда кірпігін де қаққан жоқ. Сазарып тұрып алды. Сұмдығына найза бойламас қу болмаса қайтсын»—дейді ол Әбілқайыр ерлігіне таң қалған жұртқа. Дегенмен бұл жолы ол қалың қазақ ілтипатына бөленіп қайтты. «Аруағыңнан айналайын, қазақтан да Қалдаман туған екен ғой» десті қалың тобыр. Ынтымағы аз, көшпелі,   жауынгер ат жақ. Шықшыттығы да мынау бет деп аталатын ұлан асыр кеңістікте жымпиып жатып қалғылары келмегендей екі жақтан ереуілдеп бой көтеріп, соқиып-соқиып шығып тұр. Дегенмен мырза құдай осынау мол пішілген кісіге де есебін тауып қытыңқылық жасап бағыпты. Шықшыт сүйектің тасасында бұғып жатқан шұнаққұлақты ешкім көре қоймастай. Дәл мынау шарадай бетке анау келте танаудың да тап онша жарасып тұрғаны шамалы. Бірақ осы бір ұлан-асыр мол дүниені бет-бетімен шашыратып жібермей, бас-аяғын жиып ұстап тұрған әлдебір сиқыр күш бар. Ол алақандай ала көзі сияқты. Қарсы алдынан келгенде, кірпігін қақпай тіке қарайтын үлкен көз қапталынан қарасаң, бір қиығынан сығалай қарайтын сынампаз саңылауға айналып кетеді екен. Сол бір екі сынампаз саңылаудың манадан бері мұның үсті-басын түгел тінткілеп шыққан түрі байқалады» («Үркер», 50-51-беттер).

Әбілқайыр бірінші көргенде әсер қалдырған Мәті портреті осы. Нағыз — қазақтың, оның ішінде біздің замандасымыз емес, жаугершілік заманның батырының тұлғасы. Сынампаз көз оны шешен де, сыншы да еткен.

Негізінен әдемі, бейнелі тілмен жазылған романдар бетінде кейде түсініксіз сөздер, ұғымдар ұшырасып қа-лып отырады. Сөйлемді жатық құратын, ойы нақты жа-зушының кейде ойын да, сезін де ауырлатып алатын тұстары да жоқ емес. «Үркердің» 10-бетінде Итжеместің өзіне-өзі ризалығын суреттеуге арналған бір сөйлем кітаптың жарты бетінен артық орын алған. «Орта жүзді қамшы беріп дауға қой» деген халықтықі қалыптасқан ұғымын «қалам беріп» (Сонда, 59-бет) деп езгертіпті. Көшпелі қазақтың ойына ол кезде қалам түсе қойды ма екен. Оның үстіне дауға түскен билер қамшы ұстайтын салт та болған.

Әбіш романдары басылғалы көп бола қойған жоқ. Оның үстіне кітап аз күннің мүлкі емес, асықпай, ұзақ оқылады. Оқырманын біртіндеп табады. Әр ұрпақ оған өз пікірін, ойын қосатын болады. Соның өзінде «Үркер» мен «Елең-алаңның» халықтық туынды екені дау тудыр-майды. Олар — ойнап емес, ойлап оқылатын кітаптар. Оларда суреттелетін тарих сабағы негізінен бізге адам-гершілік тағылым ұсынады. Жазушы тарихи фактыны парасатты талдаудан өткізе алған. Сондықтан «Үркер» мен «Елең-алаң»— Әбіш Кекілбаевтың ғана емес, қазақ романының жаңа табысы болып саналады.

Оралхан Бөкеев — алпысыншы жылдар ішінде әдебиетке келіп,| бүгінгі прозаның салмақты жүгін көтерісе бастаған топтың талантты өкілдерінің бірі. Онық шығармалары оқырмандардың жылы ықыласына бөленіп, жазушы есімі қалың қауымға белгілі болған. Кітаптары орыс тіліне аударылып, одақтық оқырмандардың кітапханасынан орын алуда. Оралханның ескі сүрлеуді таптамай, әдебиетке өзіндік үнімен, сырымен, айтар ойымен келгені, өмірді өзінше керіп тануға, өзінше бейнелеуге ұмтылысы, осы жолдағы сәтті ізденістері оның оқырманын тез табуына, оның жүрегінен жылы орын алуына себеп болғаны даусыз. Жазушының «Жалын» баспасынан өткен жылы жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ» деп аталатын повестер жинағы бұл айтқанымызға дәлел болғандай.

Оралхан геройлары — біздің бүгінгі замандастарымыз. Кәрісі бар, жасы бар — қайсысы болса да қазіргі дәуірдің азаматтық міндеттерін белсенді атқарып жүрген іс адамдары. Жазушы.солардың әрекеті, мінез-кұлқы, көзқарасы арқылы бүгінгі өмір шындығын, оның алуан түрлі сырларын ғана ашып қоймайды, өткенімізге де ой тоқтатып қарайды, болашағымызға да көз жібереді. Ол характерлерді шебер ашады, солардың көзқарасы, ұғым-түсінігі арқылы дәуірдің өзекті проблемаларын батыл көтереді. Оның біз сөз етіи отырған кітапқа кірген повестері ең алдымен осы проблемалығымен, образдарының ойлылығымен бағалы.

Жұлдыз аулы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына отыз жыл толуын мерекелейін деп жатқанда, Ақан қарт ертемен шағыр қасқа биесін мініп аттанып кетіпті. Оның қайда, неге кеткенін сұрастырған да, керек еткен де ешкім болмапты. Тек кеше кешке қарай шалының әлденеге ренжулі екенін Алма кемпір ғана байқаған. Бірақ әрнәрсені қазбалап сұрап Ақанды мазалап көрмеген әдетімен үнсіз қалған. Жалғыз-ақ шалының ел болып жиналған жерден бөлініп кетпейтінін, тек қаңқу сөзден ғана қашқақтайтынын білетін ол Ақанның бірнәрсеге қырсығып, өкпелеп кеткенін сезгендей еді.

Шынында да, Ақан өкпелеп кетіпті. Ауыл басшылары жеңіс тойын тойлауға соғысқа қатысқандарды ғана шақырыпты да, Ақанға шақыру жібермепті. Оның үстіне Құмырайды шақыра келген баланың Ақанға жолы-ғып, бәрін айтып бергенін қайтерсің?

Ақан ойға қалды. Үлкен тойға шақырылмайтындай жазығы не? Кінәсі — майданға бармағаны ма? Оны майданға емес, еңбек армиясында жұмыс істеуге жіберген өкіметтің өзі ғой. Ол қиын-қыстау жағдайда аянбай тер төккен жоқ па еді. Аурулығына да қарамай еңбек озаты атанды. Партия қатарына кірді. Жұмысқа қыры жоқ Құмырай сияқты жалқауларды майданға жіберіп жатқанда, мұны 1946 жылға дейін босатпады. «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!»— деп еңбек етті олар. Өкінішке карай, осыны бағалаған ешкім жоқ. Сол кездің өзінде «трудармияны» киноға түсірген бір адам көрмепті, «газеттенбіз» деп бір журналист келмепті. Ал, бүгін жұрт назары түгелдей жауынгерлерге ғана ауған.

«Қазірдің өзінде қарт солдаттар соғыс ардагері атанып, «немісті тырқыратып қуып барамыз, жолдасыма оқ тиді, мен аман қалдым»,— деп естелік айтып есінеп отырғанда, «Қүн демей, түн демей, кен қазып, топырақ тиеп жатырмыз»,— деп әңгімеге араласудың өзін әбес санаймыз»,— дейді Ақан.— Бірақ менің, жарылыстың астыңда қалған Бураның, ауылға келген соң көп ұзамай дімкәстік пен жіңішке аурудан қайтыс болған Қожақ пен Қаймақтың жазығы неде? Жазығы — сый-құрмет дәметпей, жанталаса еңбектенгені ме? Жазығы — жауынгерлерге қару дайындап бергені ме? Отыз жыл бойы осы оймен соғысып келемін. Жеңістің отыз жылдығына шақырылмадық. Оны былай қойғанда, «Ата, сенің наградаларың неге жоқ? Әлде, соғысқа қатыспадың ба?»— деген немеремнің сұрағына да жауап бере, алмадым-ау. Ол сұраққа әсте де мен емес, басқа біреулер жауап беруі керек еді!»

Бұл — үлкен қоғамдық проблема. Адамды және оның еңбегін бағалау адамзат тарихында бірінші рет іске асып отырған біздің елде мұндай ұлы істерді ұмыт қалдыруға ешбір жол жоқ. Кеше ғана жеңістің 40 жылдығын атап өту үстінде де майдан мүддесі үшін жан аямай күш жұмсаған тыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлесі атап айтылды. Алайда,, күнделікті тіршілігімізде оны үнемі еске ала бермейтініміз, олардың әрқашан сый-құрметтен, атақ-абыройдан сырт қалатыны да жалған емес. Ақан осыған күйінеді. Жазушы да тыл енбеккерлері мен еңбек армиясында адам төзгісіз қиыншылық жағдайында, жұмыс істеген азаматтардың ерлігін көре білуге, бағалауға шақырады. Сондықтан да ол повесін «Бәрі де майдан» деп атап, Ақанның еңбек армиясындағы, оның әйелі Алманың ауылдағы өмірін, азапты да ауыр еңбек жолын көркем бейнелеуді мақсат еткен. Шығарманың бүкіл идеялық түйіні оның образдары арқылы ашылады: Бұл тұрғыда Ақан, Алма, екінші кезектегі Құмырай, тағы басқалар жазушының үлкен табысы саналуға лайық.

Ақан — жасынан еңбек астында өскен, саналы өмірін жалтақсыз, бұлталақсыз, адал өткізген адам. Намысын ешкімге бермейтін, басқаға қиянаты жоқ жан. Бүгін де ұлғайған жасына қарамай шағын шаруасын жып-жинақы етіп, дөңгелетіп ұстайды. Аурулығы себепті өкімет тағайындаған шағын пенсиясын тәуір болған соң алудан бас тартып, еңбекке қайта араласты: ауыл малшыларына газет-журнал тасиды. Қатардан қалып отырып қалғысы келмейді.

Жазушының негізгі кеңіл аударатыны — Ақанның соғыс кезіндегі еңбегі. Соғыстың төрт жылын ол Орал тауы маңында еңбек армиясында өткізеді. Оралхан оның естеліктері арқылы Ұлы Отан соғысы кезінде майданға қару дайындасқан көпшіліктің адам айтқысыз ауыртпашылық жағдайында жасаған ұлы еңбегін суреттейді, «Біздер, еңбек армиясында болғандар, жаумен мылтықсыз шайқастық, әрине, өлім-жітім аз болды. Сондықтан да қадірсіз болдық,— дейді Ақан.— Дене жарасынан жүрек жарасы әлдеқайда ауыр дегенді ширек ғасырдан бері Құмырайға түсіндіре алмай-ақ келемін… Қайтейін, тағдырдың жазуы шығар».

Еңбектің ауыр бейнетін бастан кешкенмен, «қадірсіз болдық» деген сөзінің жаны бар Ақанның. Еңбек армиясына қатысушылардың тұрмыс-күйінің ауырлығын, моральдық жүдеулігін біздер, соғысты өткен ұрпақ кезімізбен көргенбіз. «Адам екен десем, трудармия екен гой!» деген ұнамсыз ұғым Қарағандыда кең тараған еді. Осы сөзді Ақанның әйелі Алма да айтады. Бұл — аталған ұғымның Алтай бойына да жайылғанының белгісі. Соғысқа қатыспағанмен, тылдағы еңбектің ауыртпалығын көрген, сөйтіп жеңіс мүддесіне жан аямай күш қосқан Ақан осындай жалған түсініктермен күреседі. Содан бері арылмай келе жатқан «қадырсіздігіне» күйінеді. Оның «Жүрек жарасы» деп отырғаны да осы. Бүгінгі жеңіс тойына Ақанның шақырылмай қалуы да сол ұғымнан арылып болмағандығымыздың кесірі.

Оралда   еңбек   еткен жылдар ауырлығына   қарамай Ақан үшін үлкен мектеп болғанын көреміз. Ол азаматтық жол кешті. Отанға берілгендіктің, іске жауапкершіліктің, жолдастық, адамдық қарым-қатынастардың сынынан өтті. Денсаулығын күйттеп қалмай, көппен бірге адал еңбек етті, абыройға ие болды. Қостас жолдастары — Қожақ, Қаймақ, Бурамен ғана емес, басқа ұлттар өкілдерімен тілектес, достық қарым-қатынасқа түсті. «Бұған дейін көз көріп, аяғымыз жетпеген мүлдем басқа ұлттьщ өкілдері бір шаңырақтың астында бірігіп, қара нан, үсіген картопты бөліп жедік,— дейді Ақан.— Түр-түсіміз, тіліміз бен дініміз бөлек демедік, бір кісінің баласындай маңырап табыстық. Отан соғысы біздердің басымызға қайғының қара бұлтын төндіріп қана қойған жоқ, біздерді айнымас Ұлы достыққа да үйретті». Тіпті әйел-еркектің достығы дегенді ұғынбаған Ақанға соғыс жыныстық қарым-қатынастан биік туыстық болатынын үйретеді. Ол өзінің Надеждамен қарым-қатынасын осылай түсіндіреді.

Сонымен қатар соғыс қана емес, еңбек армиясының ауыр бейнеті де адам жанына өлмес жара салды. Ауыр жұмысқа, аштыққа шыдамай қайтыс болғандар да болды онда. Қейбірі сұранып соғысқа кетті. Ауылдың аусар мінезді жігіттері тасуы қайтқан тау өзеніндей жуасып, мәңгүрт болып қалғанын да Ақан кезімен көрді. Қалжыңбас Қожақтың өз денесін өзі көтере алмай тілден қалғанының, Қаймақ ағасының тірі аруаққа айналғанының ол куәсі болды. Тәртіпке, қиындыққа көндікпеген ауыл баласы Бураның қарны ашса, жоғалып кетіп, қайтып келіп жүретін мінезіне де тұсау түсті. Ақыры Құмырайдың қырсығынан Бура өлімге душар болды. Бұл да соғыстың құрбандығы. Онсыз да ауыр тұрмысты қиындатып жүрген өндіріс басқарушысы Шахтинский мен оның әпербақандығының құрбаны болған Иван да дәуір ауыртпашылығын бейнелейді.

Ақан емірінің шындығын жазушы Құмырай бейнесін қарсы қоя отырып суреттейді. Жасынан қатар өскен, әлі күнге көрші тұратын Құмырай — Ақанның бәсекелес күндесі іспетті. Жауыңның іргеде болғаны, бір есептен, дұрыс па деп ойлайтын Ақан ақсақал. Ерегістен бе екен, немесе іштей бәсекелестіктен бе, қора-жайын таза, жинақы ұстап, өзі әрі тың, әрі сақ жүреді. Есік алды ылғи ыбырсып жататын, аяғы ақсақ демесең, денсаулығы зор, жалқау Құмырай тіршілігіне ол жиіркене қарайды. Соғыста бір аяғынан айрылғанын бұлдап, пенсия алып, жұмыстан қол үзген Құмырайдың бүгін темекісін бұрқыратып дүкен алдын аңдығаннан басқа ермегі қалмаған. Келімді-кетімділерден жүз грамм дәметкіш көңіл пайғамбар жасына келген қарт солдаттьщ беделін түсіріп жүргенің елдік бәрі көріп, біліп жүр.

Құмырай бейнесінде жасынан оқшау өскен, топқа түсіп сыннан өтпеген, менменшіл адамньщ белгілері мол. Ертеректе  бір   күресте Ақаннан жығылып қалғанын ол әлі де ұмыта алмайтын көрінеді. Еңбек армиясы да оған ештеме үйретпепті. Өз жолдастарынан бөлініп, тамағын ұрлап ішіп күн көрген. Ақан қатты   ауырып   қалғанда елдеңі алдырған етін оған сатуға саудалағаны да, өздері аш отырған бала-шағасының аузынан   жырып,   «ашпын» деп жылап, елден  ылғи тамақ алдыратыны да,  іс басындағыларды «айналдырып» өзіне оңай жұмыс алғаны да оның характерін жан-жақты   толықтыра   түседі. Ақанды орыс қызына   үйленді   деп өтірік   хабарлаушы да осы. Жұмысқа қыры жоқ Қүмырай еңбек армиясында жалқаулығымен көзге түсіп, майданға жөнелтіледі. Онда да қырып-жойғаны шамалы, майданға кірген бетте бомбаның жарықшағы түсіп, бір аяғын жаралайды да, елге қайтады. Омырауына жалғыз медаль тағып қайтқан ол: «осы медальдың   арқасында   екі кісіні   сотсыз атып тастауға қақым бар»—деп кеудесін қағады. Содан Құмырай әлі өзгере қоймаған.

«Соғыс кезінде қанатынан қайрылмаған сұңқар, тұяғынан айрылмаған тұлпар қалып па еді,— дейді Құмырайға ашулы әйелі.— Кебінің сырты бүтін болғанмен, іші түтін. Екі аяқ, екі қолы сау демесең, Ақаннан артық азап шеккен жоқ шығарсың: Отыз жылдан бері язбі жөлетке, асқазанына ас батпайды. Түйені түгімен жұтып, шелектеп арақ ішкен сенен гөрі иманды. Қартайса да аттан түспей, көштен қалмай келеді».

«Жауды жалғыз өзі жеңгендей кеудесіне нан пісіп, өзінен-өзі бұлданып, өз-өзінен кергіп, боғын боталы түйеге балап жүрер Құмырай жалғыз Ақанды ғана емес, осы «Жұлдыз» аулының тамамын ерқашты қылушы еді. Жалғыз ұлынан айрылған аналар, ерінен айрылған жесірлер мен әкесінен айрылған жетімдер қаншама дейсіз жер бетінде. Солардың әрқайсысы Қүмырайға ұқсап ел үстіне әңгір-таяқ ойната берсе не болар еді,— деп ойлайтын Ақан.—Онда ақырзаман орнар еді… Отанды қорғауға кімдер қатыспады? Әркім де әлінше үлес қосты. Аяғынан айрылмағанның барлығы — ақымақ, қоян жүрек қорқақ па екен, тәңірім-ау! Бүкіл іш құрылысым жаңа бет алысын, жетістіктерін,   сонымен   қатар   алда ізденер бағытын көрсете алады. Оралханның суреткерлік талантын да танытады.

Адам тану жолындағы осы бір жақсы бастама Сафуанның кейінгі шығармаларында тереңдей түсті. Ол адам бойынан жақсы азаматтық белгілерді, әсем сезімді, сыршыл мінезді, гуманистік көңіл күйін іздейді. Осыған қайшы келетін ұғым-түсініктерді танып бейнелейді. Сөйтіп, дүниенің қайшылықты сипатын образдарға сыйғызады. Сол жайлы пікірлер қозғайды, философиялық, психологиялық толғаныстарға барады.

Осындай бір жақсы ізденістің нышанын біз «Мезгіл» повесінен (1963) таныған едік. Осында суреттелетін өгей ана мен Мезгілдің арасындағы бауырмал, сыйластықты қарым-қатынастар жалпы адамға тән игі сипаттарды бейнелейді. Мезгіл әңгімесі арқылы берілетін ұзақ сырда оның өмір тануы мен адамгершілік жолындағы тәрбиесінде ананың атқарған ролі әдемі көрініс табады. Адамның көңіл күйіне, ішкі сырына үңілу, сезім сұлулығы, әсемдік—бәрі де бас кейіпкердің характеріне хас белгілер. Жазушы ана мен баланың ара қатынасын дәуірдің қат-қабат тартысында қалыптастырады. Аз айтылса да, повесте дәуір шындығы   шынайы суреттеледі.

Бұдан кейінгі дәуірде де Сафуан көп шығармалар жазды. Олардың бастылары—«Қарғаш» (1965), «Жыл құсы» (1969), «Өмір нұры» (1970), «Ашу» (1975), «Мәжнүн тал» (1978), т. б. Бұлар жазушының негізінен повесть жанрында тұрақтағанын, онда өнімді еңбек еткенін байқатады. Соңғы жиырма жылдың ішінде қазақ повесінің жанрлық баюына, тақырыптық тереңдеуіне, оның лириктік сипатының артуына Сафуанның елеулі үлес қосқанын бүгін жұрттың көбі мойындайды. Осы жылар ішінде ол дәуір, адам сырын тез ұғар сергектігімен, жазушылық өнерге деген биік талғамымен, өмір құбылыстары туралы ойшыл толғанысымен үлкен суреткер    болып қалыптасты. Ол адамгершіліктің   талмас   жыршысына   айналды.   Оның шығармасының қай-кайсысын алсаң да, мұны жақсы танисың.

Әсемдікті тану, бағалау, қадірлеу, сезім сұлулығын ардақтау — «Қарғаш» повесінің (әуелде «Алғашқы махаббат» деген атпен басылған) негізгі тақырыбы. Сапар мен Қарғаштың сәтсіз аяқталған сүйіспеншілігін суреттей отырып, автор алғашқы жастық сезімнің шынайы мөлдірлігін паш етеді. Сезім сыршылдығын, адам сүйгіш көңілдің тазалығын, ар абыройын бағудың жолын жазушы үлкен азаматтық идеалға айналдырады. Немесе оның «Өмір нұры», «Селдің екпіні» атты повестерін алыңыз. Мұнда да адамның рухани байлығы, өмірдің нұрлылығы кішіпейілдікте, қанағатшылықта, адам сүйгіш кең кеңілде екенін танисың.

Адам бойындағы осындай игі мінездерді бейнелейтін, соны мұрат тұтатын жазушы шығармаларында өмір шындығын жұтаңдатпайды, терең тартыста бейнелейді. Ұнамды тип сол тартыс үстінде өседі. Өз бойындағы жақсы мінез-құлықты, адамгершілік биік саланы, сыршыл сезімді ту етіп көтеріп шығады. Адамгершілікпен күреске түскен қоғам, адамзат мүддесіне қиғаш көзқарастар да белгілі образдар арқылы ашылады. Жазушы оларды да әлсіретпей, характер дәрежесіне көтереді. Ұнамды, ұнамсыз типтердің даралығы мен нанымдылығы екеуінің ортасындағы тартыстың да шынайылығын бейнелейді. «Инештегі» Инеш пен оның қармағына іліккен Белгіғұловтар, «Мезгілдегі» белсенді Жүсіп пен тышқан көз Садыр, «Қарғаштағы» аңғал қыздың адал сезімін өз құлқынына кұрбан еткен Мелдес, «Өмір нұрындағы» дүниеқұмар Шәмшігүл, «Ашу» повесіндегі ферма бастығы Қарғабек, тағы басқалар—жазушы өзіне мұрат тұтқан идеалдың дұшпандары. Сафуан оларды да жақсы таниды. Образдық Дәрежеге кетеріп, оқырман талқысына салады.

Адам бойындағы адал, кісіге сенгіш достық көңіл күйі мен соның бәрін тек өз кұлқыны үшін құрбан етуге дайын типтерді бейнелеуде жазушының «Ашу» атты повесінің елеулі маңызы бар. Мұндағы екі жақты қарым-қатынастың шиеленісуіне Лезбай қойшының иті Марғау себепкер болады. Жазушы қойшы семьясындағы кайшылықты тартыстарды Марғаудың көзқарасы, сезімі, психологиялық күйзелістері, ашуы арқылы шебер бейнелейді. Адамдық қарым-қатынастарды ашудың жолы әдебиетте әр түрлі болатыны белгілі. Бұл — әдебиет тарихына жат кұбылыс емес. Сафуанның Марғауы осы ретте қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орын алатыны даусыз. Ол біздің әдебиетімізде көркемдік ізденістің әр салада өрбіп келе жатқанының куәсі.

Туған даланың әсем көріністерін адам сезімімен, үғым-талғамымен терең байланыста суреттеу «Мәжнүн тал» повесінде орын алған. Суретші, Бағдан өзінің творчестволық шабытын табиғат сұлулығынан, ойлы, әсем, сезімтал Әспеттің бейнесінен іздейді. Сөйтіп, бұл құбылыстар суретшіні өнерге қанағаттандырған өмір сұлулығының романтикалық көрінісіне айналады.

Сафуанның творчестволық жолында бұл аталған шығармалардан тақырыбы оқшауырақ бір повесть бар. Ол — «Жьіл құсы». Бұл повесть жайында кезінде әр түрлі пікірлер болды. Шығарма негізінен ұнамды бағаланып, кәсіподақтар Орталық Советінің жұмысшы тақырыбына арналған жүлдесін алды. Менінше, повестін бағалы жағының өзі оның жұмысшы тақырыбын көтеруінде емес, адам характерінің нақтылықпен күшті жасалуында. Қазақ ауылындағы феодалдық-патриархалдық тіршіліктің тозып ыдырауы, өндірістік қарым-қатынастардың кіре бастауы кезіндегі өмір танудың қайшылықты сипаттары мұнда Битабар бейнесінде жақсы жннақталған. Өз дәуірінің ұлы Битабар ескінің тозуы-а көнсе де, жаңа, өндіріс ортасының өз ұғымына жат шындығына көндіге алмайды. Қең далада еркін өскен, күші мен қолына сенген қазақ ешкімге пенде болуды қаламайды. Өз ортасынан жұққан олпы-солпы, дөрекі, бірбеткейлігін сақтайды. Сондықтан да жазушы балуанның күрестерін қазбалап жатпайды, оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына кебірек назар аударады. Ескі феодалдық ортада туып-өсіп, жаңалықты еш дайындықсыз қабылдаған адамның қайшылықты тағдыры, психологиялық жай-күйі повесте терең суреттелген.

Мұның бәрі Сафуан Шаймерденовтің творчестволық жолы табысты өтіп келе жатқанын көрсетеді. Оның кітаптары заманымыздың әр түрлі кезеңдеріндегі адамдар тағдырын бейнелеуге арналады. Шығарманын бүкіл идеялық бағытын, ез идеалын жазушы түгелдей образдар жуйесі арқылы ашуға ұмтылады. Адам мұратын көбінесе ол сыршылдық пен сезім. иірімдерін суреттеу арқылы аңғартады. Сондықтан да оның еңбектері адам туралы толғаныс, адам жайындағы жыр болып елестейді.

Соны негізге ала отырып, повестер мен қатар шағын новеллалар, эсселер, этюдтер үлгісін туғызады. Бұл — автордың жаңаша ізденуінің айғағы. ескі жанрлық формаларды жаңартып жетілдіруі. Сонымен бірге бұл «шығарма формасын оның маз-мұнын тудырады» деген белгілі қағиданың іс жүзінде дәлелдеуге қызмет етеді.

Сафуан кітабының қазақ әдебиеті үшін жаңашылдық сыпаты күшті. Әңгіме-новеллаларды нақты деректі үлгіге, болған адамдар өміріне қатысты фактыларға құра жазу салты бізде бұрын болмаған дүние. Сафуан осыны бастап, дамытты, сол негізінде прозаның шағын жанрлық формаларын жетілдірді. Бұл — «Ағалар ала-қанының» атап айтарлық жаңалығы. Қітапты оқығанда көп адамдармен кездесіп, олардың шапағатын, жан жылуын сезесің, кісілік мектебінен өткендей боласың. Кітаптың тілі жақсы, бейнелі. Автор қысқа, ұтымды айта біледі. Стилі де байсалды, жатық. Мұндай жаңалықтарды қолдап отыру әдебиетті байыту, реалистік өнерді жетілдіру үшін аса қажет.

Кейінгі жылдары Сафуан «Әдеби толқындар» атты әдеби-сын мақалалар кітабын жариялады. Бұл кітапқа жазушының әр кезде жазған әдебиет жайлы толғаныстары, мақалалары кірген. Әдебиет мәселелерін талқылауға, жеке шығармаларды бағалауға, әдеби процестің бағыт-бағдарын айқындауға жазушылардың өздерінің араласып отыруы құптарлық іс. Мұның жақсы жағы — жазушының сыншылдық ой-пікірлері құрғақ білімге, теорияға емес, өздерінің творчестволық тәжірибесіне сүйенеді. Сондықтан жазушының сын пікірлері қашанда оқырманға, жас талапкер әдебиетшілерге кебірек ой салады. Сафуан кітабы да осы жағынан бағалы.

Оның үстіне «Әдеби толқындарда» Сафуан бүгінгі әдебиетке биік талаптар тұрғысынан қарай алатын, әділ төреші, сыншы есебінде керінеді. Ол ешкімнің жасына, беделіне жалтақтамай, пікірін ашық айтады, сын-ескертпелерін мәдениетті түрде дәлелдеп, ой сала жазады.

Сұлулықка құштарлық Кәкімбектің махаббат жайындағы өлеңдерінен тым айқын көрінеді. Мұнда үзіліп, өліп тұрған натуралистік сезім жоқ, шынайы сағыныш, кез тойдырар көркемдікке құмарту бар. Оның «сүйгенінің аппақ арының айғағындай», суымайтын жылуға толы жүрегі, қайда барса да, сүйгенін іздейді. Ақынның сүйгені — қолға түспейтін алыс арман. Осы арман оны өмір сүруге, ізденуге жетелейді. «Ғашық көзде жан пида жылылық бар», «Ештен кеш», «Жаным жалау», «Сұлулыққа отырам шек қоя алмай», «Сені іздеймін», «Кім маған айта алар екен» сияқты өлеңдер ақын бойындағы осы өлмес махаббаттың, таусылмайтын сағыныш сезімінің жырлары.

Ақынның жаңа өлеңдерінде («Махаббатты паш етем», «Қанаттымын», «Айта берме», «Сен берсең», «Қөктем лебі», «Дүнне», т. б.) бұл тақырып әрі қарай терендете жырланады.

«Ұрпақ сыры» поэмасында Кәкімбек осы тақырыпты қайта қозғай отырып, анаға қоса, әке туралы, оның өмірдегі, семьядағы орны жайлы ақындық толғаныс жасайды. Әке хаттарын оқу арқылы, әке боп тілдескен сарғайған қағаздар бетінен шертілген сыр арқылы әкенің ерлік жолы, ол қалдырған  адамгершілік тағылымы   туралы жырлайды.

Әке жайын балаға көп айтатын, сол арқылы жас адамды тірлікке үйреткен ана бейнесі поэмада әкемен тығыз байланыста беріледі. Ол — тұрмыс ауыртпашылығына қоса, әке қайғысын арқалаушы. Балаға әрі ес, әрі өмір сабағын беруші. Сиыр жеккен шана үстінде отыннан қайтып келе жатып ана айтқан мұңлы өлең сарыны бала есіне анасының әке хаттарын осылай әндетіп оқитынын түсіреді.

Көңілі босап,

Жазатын жауап елеңмен.

Сағыныш лебі шығатын шып-шып теріңнен.

Махаббатымен тербетіп бізді өсірген.

Анамнан артық ақынды

Көре алмай әлі келем мен.

Ақындық туады екен-ау   .

Қөңілдегі дүбірден,

Сезімдегі өлеңнен.

Ана мен баланың шаруашылыққа қатысы жайлы көріністер, әке өлімін қабылдауы да поэмада суреткерлікпен берілген. Ана осының бәрін ерлікпен қабылдап, жоғалған жарын ұзақ тоса біледі. «Тек жары үшін жаралғанын дәлелдейді». Тірліктегі тілегі — жары мен ұлы болады. Ұзақ қайғыдан қайтқан анасын еске түсіріп, бала бүгін әкеге:

Анам менің

Ардақты адал жарың,

Танытты сен үшін жаралғанын.

Екеуміз ек ақ, адал тілегі де,

Сүйеніш, тірліктегі тірегі де.

Ол барда жақын еді сан арманым.

Бір кетсе, орны қайтып толмайды екен,

Анаңнан артық адам болмайды екен.

«Ұлы таланттың бойында ішкі сыр, субъктивтік элементтің мол болуы — гуманистік белгісі. Бұл бағыттан қорықпаңыздар: ол сізді алдамайды, адастырмайды. ¥лы ақын өзі туралы, өзінің «мені» туралы сөйлей отырып, жалпы адамзат туралы айтады. Өйткені оның табиғатында адамзатқа тән нәрсенің бәрі болады. Сондықтан онық мұң-шерінен әркім өз мүңын табады, оның жанынан өз жанына сырын үғады және одан ақынды ғана емес, адамды, өзінің адамзат ішіндегі бауырын таниды. Оның табиғатының өзінен биік екенін мойындай отырып, әркім-ақ сонымен бірге онымен туыстығын сезінеді»,—деген еді В. Г. Белинский.

Ақын бойындағы ішкі сыр, әрине, ғайыптан пайда болатын дүние емес. Ол ақынның айналасындағы құбылыстан алған әсерінен, адамдармен, тіршіліктің басқа да түрлерімен (мәселен табиғатпен, аңмен т. б.) араласы-нан, байланыстан туады. Сыртқы тіршілікпен байланыс негізінде оның ойында сезімінде ақынның өзіне ғана тән субъективтік пікір құралады. Әлем. тіршілігіндегі бірде бір елеулі құбылыс бүгінгі ақын назарынан тыс қала алмайды, оның бәрі ақын жүрегіне сыя алады, одан өзіне тиісті бағасын күтеді.

«Өмір сүру дегеніміз сезіну мен ойлау, кайғыру мен қуану. басқа өмірдің бәрі де өлім»— деген Белинскийдің сөзі ең алдымен ақын үшін айтылған. Өйткені ақын өмірі — өлең, ал өлең өмірі — сезіну мен ойлау, қайғыру мен қуану. Адам бойындағы осы қасиеттерді ақын басқалардан өзгеше сезінеді. Ол қуанса — дүниені басына көтере әлемге бар даусымен шаттана айғайлайды, қайғырса — күйінішіне бүкіл тіршілікті ортақ ете отырып, пәлені төндіре жазады. Оның сезімталдығы мен ойшылдығы да осыдан туады. Бүл — өмірді толық сезінуден, оған деген құштар сезімнен ғана туатын қасиет. Ақынның елеңсіз тіршілігі жоғын түсіну де осы жағынан қиынға соқпайды.

Қонған екен тағдырдын құсы маған,

Енді қалай төбемнен ұшыра алам.

 Бақытым ба, болмаса азабым ба,

Біле алмадым, ал, бірақ сұсы жаман,

Тағдырымның жыр атты сыйына мен Кезіктім де,

жол тарттым қиырға кең, Мандайыма осылай жазылыпты Ғажап та қиын әлем.

Отау — айдын, жасауым — жасыл кемем,

Ойнайды айдын көгінде жасыл-жебең.

 Думандатқан жерлерде отырамын,

Көзде — мұң, басымда — елең.

Көп адамға көктемде, қыс та арайлы,

 Ал мен үшін алтын да — мыс талайғы.

Жай құбылыс секілді құшсам Айды, Бақытым да, әйтеуір, басқалардың Бағына үқсамайды. Елтімеймін дауылсыз таң ғұмырға, Түк еместей шының да, шалғының да, Жүрек емес, жүрегім — антеннадай Қабылдайтын әлемнің ән, мұңын да. Ем іздеуім бекер-ақ, бұл болмысым Қанымда, тағдырымда!

Осы бір өлеңде Фаризаның бүкіл акындық болмысы анық көрінеді. Ең алдымен бұдан біз ақындық тағдырдың ғажап та қиын тіршілігін, оны мойнына алған таланттың азапты жолын көріп танимыз. Ол өз басынын қызығын күйттемейді, әлемнің мүңы мен әніне қүлақ тосады, ақын тілімен айтқанда, оның жүрегі антеннадай дүниенің әр бұрышындағы қуаныш, қайғыны қабылдайды. Думанды ортада көзіне мұң, басына өлең оралып оңаша ой кешеді. Тыныш үйықтап, Айды қүшса қуанып, алтын көрсе көңілі көтерілетін сезім оған жат. Осының бәрін өз тағдырым деп түсінеді, оны мойындайды, басқаның бақытына үқсамайтын өз бақытын мақтан тұтады. Өлеңдегі ой сезіммен өріліп, тұтас суретке айналып, ақын тағдырын жарқын бейнелейді.

Фариза жырлары автордың кең ойлануынан, қоғам шындығы мен өз басының мұңды күйлерін түйіндестіре толғаудан   туады. Бұл— өз ортасынан оза шыққан адамның бәрінің трагедиясы. Абайдың жалғыздығы да кезінде осыдан туды. Лермонтовтың «Одиночествосы» да осындай жағдайда жазылған. Бірақ Фариза ақындығы күйректік сезімге бой алдырудан, дертке ұрынып қалудан аулақ. Оның жыры, үні өктем. Ол қазақтың даласындай жаны кең, кегінен бұлт арылмаса да тарылуды білмейтін ақын көңілін «баяғының құс қанат түлпарындай» дүбірмен оятып, қобыздың сарынымен жұбатады. «Ойсыздықтан өрекпіп тойғандардың» құлағына қайғы боп ызыңдап, елдік, ерлік ұғымы «қалғығандарды» дабыл кағып дүрліктіреді. «Жағымпазды ту сыртынан тілгілеп», зорлық көргендерге «әділет сыбағасын әпереді».

Ақынның бойындағы бес қаруы да өлең-жыры. Ол — ақынмен бірге неше түрлі қатерден өткен, соның бәрін де оның намысын батыл қорғаған, өнер мүхитын онымен бірге кешкен жан серігі. Енесін — елін іздеген қос құ-лындай ылғи желіні айналып жүретіні де олардың туған елге деген махаббатының белгісі.сыршыл жеңге,

Шыныменен өкпелеп жүрсіңдер ме?—дейді ол. «Өкпелеп жүрсіңдер ме?» атты өлеңінде ақын көңіл-күйін көтерер, оның ойын серпілтер ортаны да сол достарынан, елінен, кең даласынан іздейді. Оның ұғынуында, адам біріне-бірі қарыздар, олар бірін-бірі жан шуағымен, сезім нәрімен емдейді. Сондықтан ол да өз жанына емді солардан табады.

Мен саған қарыздармын. Сен де маған басқа қызық-шыжықтар ем бе маған. (Бірі-біріне қарыздар екендігін, Неге біле бермейді жердегі адам?») Менің мына жүзімнен жел жалаған Шаттықтардың шуағы танылмаса, Жанарымнан ой-тұман арылмаса, Оны сезім нәрімен емдеп алам. Немене анау ақкөңіл елге барам. Жусаны да жайымды ұғынатын Кемпір, шал да «қалқам» деп бұрылатын, Көтергендей ақ басын жерден анам.

Асылы, Отан, ел, жер сүю сезімі Фариза гуманизмін, оның адамды сүю, әділетсіздік пен ұнамсыздыққа қарсы күресі идеясын толықтыра түседі. Оның басындағы ой, көзіндегі мұң, ел, адамдар басындағы қайғы. Ақын соны өткір сезінеді. Оны өзінің жеке басының сезіміне айналдырады. Лирикалық өлеңнің өтімділігі үшін бұл—басты шарт. Жеке адам сезімін адамзаттың көңіл -күйімен тұтастыру шын таланттардың ғана қолынан келеді және өлмейтін өлең тудырады. Бұл тұрғыда ақынның «Жақсылық туралы жыр», «Далам менің», «Туған жер», «Ақ түн», «Дала — менің қазынам», «Қырға кеткім келіп тұр», «Айналайын, ауылдың адамдары-ай», тағы басқа өлеңдері едәуір маңызды роль атқарады. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері елі мен жерін, туған даласын шексіз сүйген, оның адамдарын, табиғатын (жусанының иісіне дейін) рухани тіршілігіне азық .еткен сезімтал, бауырмал жан. Ол қазақ даласының қай жерін болса да бөлмей, рулық немесе жыныстық ұғыммен шектелмей, тұтас сүйеді. Саумалкелдің самалы, Оқжетпестің басындағы . сағым-мұнар. Үшқараның биігі, даланың ақ түні — бәрі де оның қиялы мен сезімін қозғайды, бойына қуат қүяды. Ақын жырына да азықты содан алады.

Дала менің қазынам, жыр сандығым, Жыр нәрімен жер балқып, бусанды құм. Сортаң жердің тұзы бар тамырында Ашқылтымдау сондықтан жусан — жырым,-дейді ол.

Сондықтан қиналған, шаршаған шағында ол қырға шығып, жанына шипа іздейді. Саумал иісінен дауа табады.

Тірлік кешем қалада құлап-шатып, Жүргенім жоқ тындырып бірақ та түк. Жанды сығып, әйтеуір сүйрейді алға Жеткізем деп түбінде мұратқа уақыт. Мың ғасыр барады мені, әйтеуір, құйқа иісті қырымның жырақтатып.

Кейде менің жанымда шалғын қалмай, Сезінемін: маңым — су, алдым — жардай.

Сарқылғандай қуатым, сонда менің

Қалар көңіл-шырағым қалғып, жанбай,

Есі-дертім сол кезде қырға ауады

Бір нәрсемді сонда ұмыт қалдырғандай.

Бұл — далаға, өзі өскен өзінің жаратылысы мен табиғатына,| қанына сіңген ортаның шындығына деген сағынышты бейнелейді. Мұны, әрине, даланы калаға қарсы қою деп үғынбау керек. Ақын қаланы бүгінгі қаумалаған жедел тіршіліктің бейнесінде таныса, дала содан бір сәт босаған кезде жанға тыныштық іздер көңіл демеуі. Дала, ең алдымен, өзінің адамдарымен қымбат. Ақын көңілін жүбататын солардың дарқандылығы, шуаққа бай жан сезімі. Ол халқының әнін де, ана сүті сіңген тіршілік иісін де сақтаушы. Сондықтан Фариза өзін жалғыз түп жусан сезінсе, оның тамыр жаяр құнарлы топырағы ауыл деп түсінеді.

Ақын даланы тек бүгінгі елдің бейнесін, табиғатты көрсету үшін алмайды, одан бүкіл халық тіршілігінің ізін, тарих жолын таниды. Ол ұзақ жол легінен адамға ой салар, жүрек көзімен саралар  шындық табады.

Көзбен көріп, оймен шолып даланы Жүрек кезім талады. Сарғайтамын, шаршатамын сананы. Тіршілігімнін, тегершіні шиқылдап, Қырылдайды домбырамның сағағы. Көк жүзінде мен ұмтылған мәңгі күн Жылдарымды домалатып барады.

Бұл— тарих қана емес, уақыт құдіретін түсінуден туған ойлар. «Қаратаудың басынан кеш келеді» өлеңінде автор қазақ әнінен де сол тарихтың қайғылы ізін кереді. Тарих ізі обаларға айналып қалмай, ән болып қалғанын қалайды.

Ал, бүгінгі даланы ақын жаңарған елдің бейнесі ретінде, еңбектен өзгерген, батырлық даңққа толы жаңа өлке деп қарайды. Оны бейнелеуге Фариза жаңа образдар пайдаланады. Одан біз даланың ән ырғағының өзгергенін, оның тамырын солқылдатып дән алып жатқан адамдар еңбегін танимыз. Тың — осы жаңа, батыр даланың символы. Кеудесінде жреннің бәрін батыр жасап жатқан дала күдіретін ақын шалқыған көңіл күйінің әсеріне орап суреттейді.

Фаризаның адам сезімінің қат-қабат шиырлы қалтарысын суреттейтін, туған жерге, елге деген ынтық көңілді бейнелейтін өлеңдері оның табиғат туралы көзқарасымен тұтасып жатады. Ол өз бойындағы ақындық қуатты да, сезімталдықты да, көңіл- күйінін әрқилы   жағдайларынсол табиғаттан  алғандай сезінеді.табиғнәрсе. Өйткені ақын мен табиғат егіз. Адам бойындағы рухта табиғаттың   қүпия сыры-ның көп    белгілері болады.    Ол ашық   күнге куанады, жаңбырлы   йспанға   қарап қамығады, көктемде шалқи-ды,   дауылға   қарап,  бұрқанады.   Мұның   өзі   өмірдің шынайы суреттерінен   тұрады   Ақын сезімінің   күрделі болатыны да осыдан. Табиғаттың құпия сырлары оның жанында   кейде   өзі  де түсініп болмайтын ғажайып-сезім туғызады. Фаризаның көп өлеңдері — осы сөзімізге куә. Оларды оқи отырып, біз табиғаттың әр жағдайдағы әдемі суреттеріне тапі боламыз,   соған   ұқсас   ақын бойындағы   сезім   сырын   аңғарамыз.   «Теңіз   қайтып, бұйығып жатыр бүгін» атты өлеңде кеше ғана «кеудесіне   жиналған   запыранды   жағаға   лақтырған   тентек» теңіздің бүгінгі, бұйығы күйін суреттей   отырып,   ақын өз жанының бүгінгі   қайтқан   теңізге үқсаған бұйығы кейпін бейнелеп көрсетеді. Кеше ғана ағынды,   эқырлы ақынның да бүгін қымызы сарқылған торсықтай,   дабылы, кегі бітіп қалғаны елестейді. Бірақ теңіздің қайтуы — оның тартылуы емес, асау толқын тағы да арпалысқа шығады, ақын   жаны   да бүрқанысты   сырымен көркем, әсем.

«Қоңыраулатып   көктемдер  келді  маған», «Жарқыра күн», «Кектем күліп келеді»  сияқты өлеңдерде көктемнің  нурға  бөленген  әдемі күйін бейнелер  суреттер мол.  «Балғын бүршіктерімен   сұлу   қайың   толықсиды босанған    жас   анадай»,   «Тырмысады жабысып тасқа қына»  (тасты жасартып жатқан   емірдің  белгісі   ғой), ;«Жан) сезімін   түнекке   тасаламай,   табиғатқа   қызуын шашады арай» т. б. жолдар бұған дәлел.   Ақын   көңіл күйі  де  осыған   лайық,   шатты   екенін  көреміз.   Тасқа жабысқан қынадай оның көңіліне де үміттің ине — сәулесі қадалады,  «Қанат   қылып жанымның куанышын, ұшып келем   аяғым   жер   жанамай»,   «Ән   шырқағым келеді бар ғаламға, Шаттығымды сездірер үнімменен»  деген жолдар арқылы ол өзінің бойындағы сезім шуағын суреттейді.

Жанымда — қуаныштар,

Куанышқа ілескен бұла күш бар.

Көшіп келіп көңіліме көкжиектер

Жақындаған секілді бір алыстар.

Мүның артынша, жаңбырлы аспанды  көріп    («Жаң-ібырлы аспан түнеріп») тағы да мұңайып қалған ақынның кәңіл күйін   танысақ,   Сарыарқаның   маужыраған тыныш төсінен («Мына кештің ғажабы-ай») сабыр мен жылылық күткен ақын ананың ойлы сырын ұғамыз. Ол әйел сезімінің күрделілігін еске түсіреді. («Жұбанса да жылаған, қуанса да жылаған»).

«Түнгі қала» өлеңіндегі түнгі қаланың суреті қандай әдемі! Оны оқи отырып түнгі қала тіршілігін кызықтаған әсем сезімге бөленесің. Төбесінен нұр құшқандай жарық ай сәулесінің суреті, сыбырласқан қыз балтыр ақ қайыңдар, қызды ауылды күзеткен ұлдардай өріп жүрген көк теректер, ар жағындағы адамдардың жылуын сыртқа шығарып жатқан түнгі терезе оттары, зәулім сарайларын түнгі қаланың оты сәнмен өріп, оның кеудесінде сәуле ойнатуы — бәрі де ұмытылмас әсер қалдырады. Бұл өлеңдер Фаризаның адам сезімінің арпалысын жанды бейнеге айналдырған жырларына қосылып, ақынның суреткерлік шеберлігін танытады.

Табиғат — ақын үшін   тазалықтың,   пәктіктің, әсемдіктің бейнесі. Ол адам бойынан   тазалық   іздесе   де, табиғатқа   жүгінеді.   Ол   көз   алдында   тарылып   бара жатқан тіршілік қысымына табиғаттың кеңдігін қарсы қояды, соны іздейді  («Әлде көзден ұзаған кеңдігімнің қос ат алып соңынан қусам ба екен?»),   шаң-тозаңға былыққан қара жерден мелдірліктің белгісі — аспанға ұмтылады, жағадан жиіркеніп, теңіздің тұнығын кешеді   («Теңіздердің тұнығын   кешсем   деп   ем,   жағадағы жиіркеніп ылайлардан, ылай   көрсе   мендегі   жылайды арман»), қасаң тартқан жандардың кеудесін тазартар Арыстанды — Қарабастың    дауылын    күтеді.    Адамды сүю,   адамға   жақсылық тілеу, тілеп қана қоймай, оны жасауға ұмтылу,   осыған   қайшы   ұғым,   іс-әрекеттерге қарсы    батыл    күрес   Фариза   гуманизмінің   мөлшерін анықтайды. Ол — адамгершілік   игі мінез   үшін,   адам жанын жылытар күн, шуақ үшін, қасаңдыққа қарсы тұра алатын   шындық үшін күрескер. Адамға жақсылык жасау — оның лирикалық кейіпкерінің азаматтық программасы. Жақсылық жасау адам жанына нәр береді, «Кезінде етпеген жақсылық — қылмыспен кейде   пара-пар»,    «Жасалмай    қалған   жақсылық   ішіңді   жейді тышқандай»—дейді ол. Адамға жақсылық жасай оты-рып, оның бойындағы қасаңдықты жібіту, адамды мейірім арқылытәрбиелеу мәселесіне ақын адамдықты, адалдықты сақтаудың жолы ретінде қарайды.   Ол   адамды жылытар   шуақ   іздейді.   Бұл   саладағы ақын ойлары «Кей  ісің  ойға  салар мұң», «Шыға жаздап шырқырап шыбын жаның», «Мына күн тұр ма тағы жауғалы», «Жүрмегін күлмей жылап», «Ішімдегі ойларды тот басуда», т. б. өлеңдерде анық көрінеді. Ақын шындықтың, әзілдіктің жеңісіне сенеді. Жалғандық дүниесімен келісімге келе алмайды. Бұл өлеңдердің көбі оқырманмен бетпе-бет тілдесу түрінде, ақын монологы үлгісінде жазылған. Бұл арқылы Фариза өз ойындағысын ашық айтады, өмір туралы, жақсылық пен жамандық жайлы ұғым-түсінігін көп талқысына салады.

Фариза адам мінезінің, характердің тұтастығын іздейді. Тіршіліктің ұсақ-түйегімен шектелушілікті ұнатпайды. Оның идеясы — адамдық ірілік. «Тілеу» атты өлеңінде ол даланың жігіттерін күңкіл мен ұсақтықтан сақта деген тілек айтады. Ол ел тұтастығын, жақсы адамдардың әрқашан ұғысып, тіл табысып, жүруін, татулықты тілейді. Оларға аталар дәстүрін үлгі етеді.

Ағалары асқар шың, қырау шалған, Жігіттері ат баптап,

қыран салған. Дала көңіл халықтың ұрпағы едік Елдікті айтып ұрпаққа ұран салған.

«Қазығым — алтын қарттарым» өлеңі де ағалардың азаматтық дәстүрін мадақтауға құрылады. Олардың халық бақыты мен азаттығы жолындағы күресі, намыс пен арды ту етіп еткен ерлік жолы болады. Ақын олардың бейнесін «Тарланы болған халқымның, салмағы болған даңқымның»,, «уызымен елдік, кеңдіктің ұл-қызын ауыздандырған, әкенің жоғын  білдірмей   аймалап шығар алдыңнан», «Елімнің қанын сіңірген, жерімнің нәрін сіңірген, жүйрікті көрсе сүйсініп, жалтақтық көрсе түңілген» деген жолдар арқылы танытуға   ұмтылады. Елдіктің, адамдықтың, адалдықтың белгісіндей қарттарға арналған ықылас «Қайырымды, қайран, қарттарым!», «Қайыңдай қайсар қарттарым!», «Қазығым- алтын қарттарым!» сияқты қайталаулар арқылы толыға түседі.

«Баттың деп бекер зар-мұңға», «Мен әлі нүкте де емен, үтір де емен», «Өсек айтып, әркімнің сөзін бағып» атты өлеңдерде ол бүгінгі ұрпақтан кеңдік, ерлік, ірілік, биіктік мінез күтеді. Адамдар аласа болса, ұсақтық көрсетсе, ақын жаны жүдеп қалады. Не айтса да, ашық айтатын, қасқайып тұрып дұшпанға «жауыңмын!» дейтін, пасықтың көзіне тіке қарап, «пасықсың» дейтін, қыспаққа түскен әлсізге қол үшін беретін, қиянатқа қарсы тұратын адамдарды арман тұтады. Өмірдің мән-мағынасы күресте деп түсінетін ақын сол күрес идеясын адам баласының бақытты   тіршілігінің үстемдігіне, жеңісіне арнайды.

Фаризаның көп өлеңдері әйел тақырыбын қозғайды. Бұл — заңды да. Өзі де сол жынысқа қатысты болғандықтан ол әйел   психологиясын,   оның басындағы өмір фактыларын көбірек   біледі,   айқынырақ   түсінеді.   Ол әйелге тән төзімді, өткір сезім күйлерін, кейде сол сезімге малтығып қалатын әлсіздікті, көңілдің нәзіктігін, адал махабатты тереңірек жырлайды. Оның сезімі де мұңды, ойлы.  «Ешнәрсеге, ешкімге алаңдамай», «Шығарып салдың мені», «Қасиет көп адамда табынардай» өлеңдерінде ол қуанышы мен қайғысы аралас жүретін сүюдің азапты күйлерін нақты суреттейді. Адамдар жүрегінің тазалығы,   сүюдің саудаға,   есепке құрылмауы, сүйгенінің жанын   ауыртпауы — автордың   ой   қалауы. «Аралап   жүр көктем кеп   бар   алапты», «Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі», «Қасаңсып кеткен кезінде» си-яқты өлеңдер лирикалық кейіпкер сезімінің тазалығын, әйелге тән адалдықты, көңіл- күйінің әрқилы қалтарыстарын әдемі бейнелейді. Жаңбыр құйып тұрғанда   қол шатырдың астын жігітпен бірге паналаған қыз сезімі-нің дір етуі, қос жүректің тілсіз   қимылдап,   қабақтан түсінісуі оқырманның   көз алдына жанды сурет алып келеді. Әшейінде тәкаппар қыз да осал| тартып. «Менің тәкаппарлығымды, өрлігімді қоштасқанда өзіңмен ала кеттің» деп мойындайды. Фариза суреттейтін әйел осалдығы — ол — махаббат алдында бас ию, сезім нәзіктігі, сүюдің азабына көну. Ондай жағдайда әйел:  «байлық емес, мансап пен атақ емес, махаббаттың   өзіңнің — ең керегім» — дейді.    Сүйгенінің   сезімімен    қанаттанады. Лирикалық кейіпкердің осындай көңіл күйін ақын Қыз Жібектің қоңыраулы күймесімен өмір кешін бастап ба-ра жатқан күйде таниды.  «Айша бибі»,   «Баба   әже» сияқты тарихи ескерткіштерден ақын әйелдің адал сезіміне деген бүкіл халықтық ілтипат көреді.

Фаризаның «Әйел» деп аталатын топтамасында да әйелдер өмірінің, оның жан дүниесінің әртүрлі жайларын сез ететін өлеңдер мол. Жүректегі өлмейтін махаббат сезімі, аналық кең пейіл, семья салтанаты, ананың азаматтық дәстүрі — бәрі де ақынның гуманистік ойларын толықтыра түседі.

Өзінің ақындық толғаныстарында да Фариза әйел екенін ешуақыт естен шығармайды. Оны билейтін сезім де ақындық және әйелдік сезімдер.   «Отыр   менде   екі адам»   өлеңінде ол тағдыры тұтасқан   екі адамдың сезімнің түйісуін әдемі   жырлайды. Оның ақындық шабыты  ерлікке, өрлікке ұмтылса, «әйел затын ғашық еткен,сүйдірген», «Жақсы    көрсе қара тасты идірген» от-жалыннан    жаралса,   ал, оның    бойындағы әйелдік   сезім«Мейірімі   күн   елі,   нәзіктігі — дертіңіздің бір емі» болып суреттеледі.    Осы екі   сезім    арпалысы — ақынның жан -күйі,  оның  адамдығы   мен   адалдығының,  қуанышы   мен   мұңының   жиынтығы.    «Сапфомен   сырласу»,«Атын  жазбаған   студенттің хаты және   оған жауап»өлеңдерінде Фариза әйел көңілінің нәзіктігін, тез жараланатынын    («Аялаған жандарым жаным шығып, мені өзгеден  көбірек жаралайды»   деген   ескі гректің әйел ақыны Сапфоның   ойын бөліседі) және әйелді не мақтап, не даттап емес, өзіне тән  болмысымен жан дүниесіне үңіле жырлауды мақсат ететінін оқырманмен сырласу арқылы жеткізеді. Ол даңқ шығаруға құмар емес,жыры оқырманның көңілін тауып, әйел жүрегінен орын: алса, соған  разы.Жалпы Фариза   ақындықты    адам ырқына   бағына бермес  асау   сезім деп   бағалайды. Оның   кейде адам ойына бағынбай,   алып қашып жүрген   күйін   көреміз.Ақында   ақылмен өлшеп, сезім күшіне айтылар сын да аз емес.Жанымның қозғалысы, ағыстары —өзіңе бұрыннан да таныс бәрі.

Өзіме бығынбайды тасқын судай

Кеудемнен ән ұшқалы.

Қаламын кейде өзімді басқара алмай,

Мен — айдын, мынау дүние тас қамалдай,

Қиратып,

кері   жасар өз   бойымнан Күш   сезем   жасқанардай. Сандырақ не қиялым емес мұңым, Ойымнан шығарғам   жоқ   мен   ешбірін, Сезімім,   сезінуім,   мәнім — осы Мазмұным,   демек — шыным. Сен   маған   үйретесің:—«Атаққа ерме, Аңдап бас, құлашыңды байқап серме!» Тек сонда бір қорытынды шығармай жүр, Мендегі найсап кеуде!

Осындай жақпас қылық — дертке жалғыз дауа деп ақын ел сенімін, дос көңілін атайды. Олардың ақындық сезімінің алабұртқан күйлеріне түсіне қарап, кешірімді болатынына сенеді. Сезімнің алабұртқан алыпқашпа мінезі ақын  кеңіліне ой, мұң   сарынын ұялатады. Сондықтан ол үшін әрбір өлең жазу, ізденіс жолы — творчестволық азаптың, жыр — алауға өртенудің жолы. «Қаншама жыл» елеңінен осындай азаптың ұзақ жолын кешіп, жеткізбес жыр елін қуып келе жатқан ақынның көңіл күйін жақсы танимыз.

Қансыраймын, таламын,

Паналаймын жайма желін жағаның,

Ұмыт болған ұйқы менен күлкіні

Місе тұтпай жанарым,

Дұшпан көріп қарадым,

Төккен жасым, азабым —

Сол қалпында жыр етемін, жазамын,—

дейді ақын. Бұл сөздің түпкі сырын барлау үшін ақын психологиясының ерекшелігін, творчество азабын терең түсіну қажет. «Көңілімді шырқататын бір жан жокқ, көкірегімде мұңдар көп», «Азап — жердің бар қайғысын қақпайлап, жүрегіңе сыналау» деген жолдарда да ақын көңілін кеулеген мұңның себебі айқындала түседі. Ақын теңеуі де әдемі жаңа. Жердің бар қайғысын ақын жүрегіне сыналап кіргізу азабын ана кеудесін қинап сорған сәбимен теңестіреді.

Шынында да Фариза өлеңдері оның ойын тербеп, жүрегін сыздатып туған сәбидей елестейді, (Сәбидейін бойыма біткен екен, тууға оны тиіспін мен ендеше»). Ол ой арқылы жетіледі. Айтылмаған, сыртқа шықпаған, өлген ой — денеге біткен тыртық секілді. («Тұла бойда сау-тамтық жоқ та шығар — шұрқ-тесік, секілді жыртық кілем»): Өлең боп туған ой — жетіліп кетер сәби. Оның түр-түсі, мінезі ұнаса да, ұнамаса да ақын өз туындысын қызғыштай қорғайды («Тірі жүрсем — жақсысы, жаманы ма — шерткізбеймін ешкімге ешбірін де»). Бұл — ақынның жан сырын, ойын, өлеңін ардақтауын, оның тазалығы үшін күресін, адамдық, ақындық сезімдерінің жылылығын көрсетеді. Ол өзінің осы жан сырын оқырманымен бөліседі.

Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар, Жарқылдауға шамам жоқ, бойда мұң бар. Мені құрмет тұтқаның үнімді емес, Жырларымды оқы да, ойларымды ал, Ойларымды ал, сонан соң ойланыңдар!—дейді ол.

Фариза өлеңдерінің ойлы, мұңлы сарыны оның өмір сүргіштігінен туатыны жоғарыда айтылды. Ол «өмірді сүйем!» деп кеудесін ұрып айғайламай, оған деген байсалды   құштарлық   танытады. Өмірді қырымен, сырымен; ащысымен, тұщысымен тұтас көреді, оның сонысымен ғана қызықтығын түсінеді, сол үшін азап тартады,мұңаяды. Ол өмір мен әлім философиясының сырын да терең біледі. Оны өмірдің артықтығына сая жырлайды.«Өмір-өлім»   өлеңінде   ақын   «өмір—жаға,  өлім — су, тұнық, терең» дей отырып,   үмітін   кеме   етіп,   жағаны бетке   алып   келе  жатқанын   айтады.  Ал,   «Бір   мерген бар» өлеңінде   ажал — мергенге   бас   имейтін   өмір -дананы мадақтайды. Ақиқат елім — адам кешкен өмірдің  қатері.  Адам  сол қатер үстімен өмір — жағаға ұмтылады. Өмірдің қызықтығы да   сол қатерлерден өткен ерлік, азаматтық   жолымен    байланысты.    Сондықтан ол    алға қарай    отырып, жаңаға    тілек білдіре    тұрып («Жаңа  жылғы  тілек»)   өзін  қателестірген,   күрсіндірген жылдарын ұзатып салудың қиындығын еске алады.Соларды ойлап толғанады, көзіне жас оралады. Оның қайшылыққа, күреске толы ғасырын мадақтауы да осы-
дан туады. «Нерудаға наразылық» өлеңінде Фариза ғасырына  наразылық білдірген Чили  ақыны  Нерудаға дау айтып, «Бұл ғасырдан- құтылғанша асықтың, ал, мен оған ғашықпын!» дейді. Революция алауын кетіріп, адамзаттың азаттығы жолындағы күресін туғызып, ақынның өр даусын шығарған өз ғасырын ол көтеріңкі пафоспен жырлайды. Бұл — ақынның өмір сүйгіш үнінің азаматтық, әлеуметтік мән алуы.Фариза өлеңдерінің тақырыбы әр   алуан.   Ол   өмір құбылыстарының қай жағына болса да көз салады оның сипаттарын жіті таниды. Солардың бәріне ақынның ойлы көзімен қадала, ойлана қарайды. Ақынның әрқилы көңіл -күйін шертер жырлар да онда аз кездеспейді. Оның «Шешім», «Білмей тұрмын не дерге», «Тастамаймын бәрін» сияқты өлеңдерін оқи бастасаң, Абай айтқан «Адамның кейбір кездері» еске түседі. Оның бірінен ойлы, мұңды күйден сергіп, жүйріктің қүйрығындай шолақ ғұмырын жаңбырлатқан сезіміне тоқтау айтып, «Қар басқан Алатаудың көкірегін думанға толтырмасам болмас енді», «Төлеген, Мұқағали армандаған бір тойды дүрілдетіп бастайын ба?!» деп отырған ақынды көрсек, екіншісінен кеудесін жұлқып шапқылаған қуаныш сезімінің жанды суретін танимыз. Нағыз адамға тән көңіл- күйінің әсерін ақын суреткерлікпен бейнелейді. Соңғы өлеңде «Шарттылықтар мен шектелушіліктерден шаршаған» ақынның жаңаша үн қатып,«Тастаймын бәрін, бастаймын әнін баршаның!» деп тұрған өр даусы естіледі. Ақын үнінде бүгінгі қайта құру дәуірінің талабы, тілегі сезіледі. Осы «жүректермен үндестік табуға», кеудесінен итерген қарсы ағынға бой бермей, «сұсты мұхиттар мен   тауларға   жол   тартуға»шығады.Ақын суреткерлігін оның «Назқоңыр», «Әуеде ұшып жүрген    көк көбелек»,   «Қырғыз,   қазақ — өзімнің   қос жанарым» атты өлеңдерінен молырақ   тануға болады. Үндістандағы Роза Бағланова концертінің суреті, түнгі қаланың тыныштығын   бұза   Дели үстінде қалықтаған қазақ әнінің  бейнесі көрініске толы. Бірде ол әнші халықтың психологиясын, оның жан сезімінің қалтарыстарына үңіледі: «Үй салмай, мүсіндемей, мешіт соқпай, тарихын  әнмен  өрген»  халықтың сырлы жүрегін ұғуға ұмтылады. Әр әннен ел мен даланы, сағыныш пен ша-расыздықты таниды. «Күмістей сымға   тартқан   қызға» лайық. «Мәрт мінез батыр жігіттің» туу заңдылығын түсінуге тырысады. Осының өзінен-ақ ақын өз ойын, сезімін толықтырады. «Ойсыздықтың дертіне шалдыққан-ды» халық әнімен емдеуді ұсынады.

Қырғыз, казақтың достығын айтқан өлеңдер де бізде аз емес. Олардың көбі-ақ Алатаудың ортақтығын, қонысымыздың іргелестігін, бір өзеннің) суын бөліп ішетіндігімізді тілге тиек етеді. Осыларды Фариза да айтады. Өзгеше, басқаға ұқсамай айтуға тырысады. бұған қоса онда «екеумізді бір қанжар жаралаған» деген әдемі образ бар. Осы бір жолда қаншама тағдырластықтың ізі жатыр. Ел тыныштығы, жауға қарсы күрес мүддесі түйістірген халықтың сыры аңғарылады. Екі ел достығын ол екі көздің қос жанарына теңейді. Оның сөнбеуі — достықтың бұзылмауының кепілі.

Фариза не айтса да осылай нақтылай, сурет тілімен, образбен   айтуға  ұмтылады, қарапайым жазады, Қарапайымдылық пен нақтылық   суреткерлік   пен   бейнелілік — нағыз талантты туындының белгілері. Ол әсіреқызыл,   жылтырақтықтан,   сөзуарлықтан   аулақ.  Фариза қадамы,  ізденіс, бұл тұрғыда, мейлінше сәтті, табысты. Ол сөзді үнемді пайдаланады. Теңеулерге де жиі жүгіре бермейді, көбінесе метафоралық бейнелер жасайды да,   құбылысты   суреткерлікпен   көрсетуге    ұмтылады. «Жүрген кезде жеткізбей құлын — бақыт» деген жолдағы жеткізбей жүрген бақытты ұстатпайтын құлынға балау аркылы суреттеу.   «Өмір — бұлақ   жыраққа   қа-шады ағып» дегендегі өзінің   бұралаң  жолымен аққан бұлақ    пен   өмірді   ұқсата   балау   осыны   байқатады.«Жер — жөргектің бар ауруын жаныма жұқтырыппын», «Жүйрікпен жол тартатын көңіл-жігіт», «Жыл — ұршық зырылдады», «Ой — баламның талайын тұншықтырып», «Кеуде — ұядан қияға қанат қақсын сан ойларым», «Толқының теңіз — өмір үйіргенде», «Жыр — дертімді бұлдаман ешкімге де», «Сүт — сәулесін ұсынды Ай», «Тағы бір жыл — жапырақ тұр ұшқалы», «Жаз жайлауым — айналып нән теңізге» сияқты тіркестердегі ақын қолданған метафоралардың көбі жаңа, үйреншікті емес. Ақын солардың өзінен сурет тудырады, ойын бейнелі сөзбен өреді. Бұл сезімталдыққа, ойшылдыққа қоса Фаризаның шеберлік жолындағы ізденістерінің табыстарын мойындатады. Оның өлеңдері идеялық-көркемдік тұтастығымен, «айналасы теп-тегіс; жұмыр келген» өлең өнерінің шынайылығымен бағалы.

Біздің бүгінгі поэзиямыз талантқа кенде емес. Бір кезде В. Маяковский іздеген әртүрлі және жақсы ақындар тобы бізде лек құрады. Олар қазақ поэзиясы оркестрін құрап, әр қайсысы өз үнімен, бірін бірі қайталамай, соның қатарын толықтыруда. Фариза — осы топтағы күшті дауыстың бірі. Оның ешкімге ұқсамайтын таланты өзінің ойшылдығымен, талғампаздығымен, айналасына, төңірегіне сын көзімен қарай алатын биік интеллектуалдық санасымен, мұң мен көңіл күйі әсеріне бөленген сазды әнімен, жырымен оқшау тұр. Ол тынымсыз ізденіс үстінде. Бір кітабынан екінші кітабына өрлеумен, ізденумен жетіп келеді. «Сұхбат» (1983) жинағынан «Дауаға» (1985) дейінгі қысқа жолдың өзі-ақ мұны анық байқатады. 1984 жылы ақын «Маңғыстау монологтары» атты өлеңдері үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Дауа» — осылардың қатарында оқшау тұратын, Фаризаның ақындық келбетін, творчестволық ізденісін танытатын талантты кітап. Ақын жырларының ойшылдығы, адам мен оның қоғамдағы ізденісі, қиналысы мен көңіл күйінің күрделі шындығы оны қазіргі қайта құру дәуірі талап етіп отырған әдебиеттер қатарына қоюға право береді. Ақынның ойы мен мұңына себеп болған өмір оның жүрек жарасына да дауа болары даусыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Ұлттық әдебиетіміздің даму кезеңдері мен әдеби оқулықтар және әдебиетті оқыту әдістемесін қарастыратын әдістемелік еңбектері

Партияның сын саласындағы саясаты КПСС Орталық Комитетініц «Әдеби-көркем сын туралы» (1972) арнаулы қаулысында да айқын тұжырымдалды.

Әдеби сынның дамуы және оның идеялық-көркемдік дәрежесінің биік болуы — әдебиетті    дамытудың    және оны жаңа дәуір талаптарына байланысты  жетілдірудің бірден-бір шарты.

 Ең бастысы — сын еңбектердің идеялық-теориялық дәрежесін көтеруге, олардың әдебиет тәжірибесін жинақтап, халық арасында кеңінен насихаттап отыруына кең жол ашылды. Сын кітаптары, жинақтар көптеп шыға бастады. Соңғы жылдардың өзінде М. Қаратаевтың «Революция рухымен»,. Р. Бердібаевтың «Ғасырлар толғауы», Ш. Елеукеновтің «Замандас парасаты», 3. Қабдоловтың «Жебе», X. Сүйіншәлиевтің   «Саңлақтар    сарабы», Т. Тоқбергеновтің«Үш   тоғыс»,   Ә.  Нағметовтың    «Адам   және   қоғам», С. Оразалиновтің «Шындық және көркемдік шешім», т. б. көптеген сын кітаптары мен әдеби зерттеулердің жарық көруі — бұған айқын дәлел. Аға   жазушылардың өз тәжірибесі және қаламдас жолдастарының шығармалары туралы және  жалпы   жазушылық   өнер   тұрғысындағы ойларының жинақталып басылуы (Ғ. Мүстафиннің «Ой әуендері», Ә. Нүрпейісовтің «Жүрегі толы жыр еді» атты кітаптары) да әдеби ой-пікірдің дамуына   қосылған елеулі үлес болып табылады. Сын жайындағы қаулыдан кейін «Жазушы» баспасы «Уақыт және қаламгер» атты сын мақалалар жинағын жыл сайын жариялап   келеді. Бұлардың бетінде аға сыншылардың   ецбектерімен қатар, жазушылық лаборатория мәселелері   де, жас сын-шылардың мақалалары да көбірек орын ала    бастады. Мұның  үстіне   күнделікті   баспасөзде   сынға   берілетін орынның молайғанын ескерсек, әдеби сынды дамыту ісіне соңғы жылдар ішінде елеулі көңіл бөлінгені дау тудырмайды.

Мұхамеджан Қаратаевтың ұзақ жылдық  сыншылық еңбегін, әдебиеттің осы бір қиын жанрында   тынымсыз бейнеттеніп келе жатқанын еске алғанда,  сыншы еңбегін құрметтеудің   қажеттігі   қайта бір ойға   түскендей болады. Алғашқы мақаласын 1933 жылы  («Қызыл ат»және социалистік  реализм») жариялаған  Мұхамеджан содан бергі 46 жылдық творчестволық жолын   түгелдей қазақ совет әдебиетінің осы дәуір   ішіндегі    дамуының маңызды мәселелерін    қарастыруға,    жеке   жазушылар мен шығармалардың әдеби процестегі орнын анықтауға,сол арқылы әдебиеттің қоғамдық, партиялық міндетін жауынгерлікпен орындауына ат салысуға арнады. Осы жылдар ішіндегі сыннын әдебиеттің дербес жанры болып қалыптасуына, Қазақстанда әдебиет туралы ғылымның туып, есеюіне М. Қаратаев аса мол үлес косты. Әдебиеттік және мәдени мәні бар шаралардың сыншы-ғалым араласпай, тыс қалғаны кемде-кем болар. Ол талай әдеби дискуссияларға қатысты, өз ойын, пікірін айтты, әдебиеттің партиялық, халықтық принциптерін батыл қорғады. Әдебиеттің осындай қиын жүгін ұзақ көтеріскен сыншының біреуге ұнап, біреуге ұнамай, бірде қуанып, бірде ренжіп жүрген шақтары да аз болмағаны жасырын емес.

М. Қаратаев — әдебиет жаңалықтарын әрқашан зер салып қарап, оны белсенді қолдап отыратын елгезек сыншы. С. Мұратбеков, Ш. Мұртазаев, Қ. Баянбаев кітаптары жайлы ойлары мен жас ақындардың «Қанат қақты» атты жинағына жазған рецензиясында ол әдебиетіміздің жас күштеріне қамқорлықпен қарайды. Олардың сәтті ізденістеріне қуаныш білдіріп, ағат кеткен жерлеріне сын ескертпелер жасайды. Әдебиеттегі көркемдік пен талғам туралы ойларын ортаға салады. Сыншының ән текстері жайлы мақаласында да сыншылдық ойлар, ағалық ақыл аз емес.

Р. Бердібаевтың сыншылық өнері оның әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдық еңбегімен тығыз байланысты. Оның бүгінгі әдеби процестің актуальды проблемаларын қозғайтын еңбектері дәуір талабына құлақ ас-қыш, сезімтал, сергек сыншының заман легінің маңызды буындарын баса білетін талапшыл, іскер кабілетін танытуымен ғана емес, зерттеушіге лайық байсалды ой-пікірлерімен де бағалы. Әдебиет тарихының әрі-берісін жақсы білетін ғалым бүгінгі әдеби фактіні бөлек күйінде емес, тарихи даму процесімен байланысты көрсетуге. ұмтылады. Сөйтіп жеке жазушының, не шығарманың тағдырын, табыстарын тарихи ізденістің жүйесінде қа-растырады. Рахманқұлдың сыншылдық, ғалымдық өнерінің бірін-бірі толықтырып отыратын осындай сыпаты оның «Ғасырлар толғауы» атты еңбегін оқығанда да анық көзге түседі.

«Ғасырлар толғауы»— бүгінгі әдеби білімі молайған, таланты жетілген, көзқарасы толысқан, «заманмен аяқты тең басып» келе жатқан ғалым-сыншының бейнесін толық таныта аларлық еңбек деп білемін. Оны оқу үстінде ең алдымен байқалатыны Р. Бердібаевтың әдеби-творчестволық ізденісі, өрісінің кеңдігі, ауқымының молдығы. Оны біздің халқымыздың елдік, ұлттық қасиеттерінің қалыптасу жолы, ұлттық ой-пікірдің дамуы, мәдениеттің кемелдену жолдары қызықтырады. «Ілияс туралы бірер сөз» атты мақаласын Ғ. Мұстафин ақын және дәуір деген мәселеге құрады «Егін, шөп сияқты әдебиеттің де шығымды не шығымсыз жылдары бар,— дейді ол.— Әдебиетті жазушы жасаса, жазушыны талант жасайды. Талант бап талғайды, бабы табылмаса, толықпай жатып солады, не өзінен зорға соқтығып өледі.

Жазушылық   ізденісте Ғ. Мұстафин ой   мен көркем сөзге ерекше мән   береді.   Жазушы   еңбегінің   санымен емес, сапасымен өлшенетінін айта келіп ол: «сапа дегенім ой мен тіл. Ойы мешеу, тілі доғал шығарма өктесең .де оқушының көмейінен етпейді. Ойы жоғары, тілі алғыр шығарма қашан да естен кетпейді»,— деп жазады.

Бұл айтылғандар жазушы мақалалары әдебиет тану, әдебиет сыны үшін ғана емес, жалпы әдебиет сүйгіш, заман үніне құлақ тосқыш, ізденімпаз қауым үшін де пайдалы еңбектер екенін дәлелдейді. Мұнда өмірлік тәжірибесі мол қарт жазушының даналық ойлары мен өсиет-өнегелері жинақталған.

 «Уақыт және қаламгердің» алғашқы кітаптары қазақ әдебиеті сынының партия талабына іспен жауап беруге ұмтылған ізденістерін танытады. Оларға кірген «қалаларда, негізінен, бүгінгі әдебиеттің даму проблемалары: әдебиеттің өмірмен байланысының артуы, Соңғы жылдар ішіндегі әдеби жанрлардың дамуы мен ондағы жаңаша ізденістер, көрнекті қаламгерлердің творчестволық портреттері де  әдебиет    проблемаларымен тығыз   байланыста алынады.  Бір нәрсенің басы айқын қай мақаланы оқысаңыз ;да, ондағы негізгі пікірлер әдебиеттің дамуына деген жанашыр жақсы тілектен туады.

Жинақты шығаруға казақ әдебиетшілерінің мол тобы қатысып жүр. Олардың ішінде творчестволық тәжірибесі мен әріптестері еңбектерін оқу үстінде туған пайдалы ойларын бөліскен белгілі ақын-жазушылар да, бүгінгі әдеби процестің дамуын қадағалап, ол жайлы жүйелі зерттеу жазып жүрген ғалымдар да, жеке жанр-лардың дамуына арналған шолулар мен накты бір адамның портреттік мақалаларын жазған сыншылар да кездеседі. Соңғы жылдар ішінде көрінген жас сыншылардың ой-пікірлері аға сыншылардың олқысын толтырып, тұтас әдеби сынның даусын әлсіретпеуге қызмет етіп тұр.

Әбділда Тәжібаев пен Сырбай Мәуленов өз ойларын бүгінгі поэзияның даму фактілерімен байланыстыра айтады. Поэзия тарландарының өлең өнерін тануы, тұшынуы, оған қоятын талаптары да поэзияның жас күштері үшін үлкен ғибрат. Әбділда қазіргі дәуірдегі қазақ лирикасының толысуы, оның әлеуметтік мәні өскенін, тақырыптық байығанын әңгімелей отырып, бүгінгі ақынның интеллектуалдық биікке көтерілген жаңа кейпін көреді. «Бүгінгі жақсы лирикалардан сан алуан құбылыс, сан алуан суреттерді, портрет, мінездерді байқаймыз. Ақын туған анасын айтсын, туған баласын айтсын, бәрімізге ортақ, бәрімізге ұғымды күйде айтады. Қоғамшыл, бауырмал, аямпаз махаббатты ақын жанына жақпаған құбылыстар үшін күйіп-пісіп те қалады. Жаңа ғана жадырап тұрған күн көзін лезде ашу, кек, жалын басады. Ондай тұста барлық улы, уытты айыптаушы мен қорғаушының сөзін ақын ғана айтады. Соның бәрін жақсылыққа сүйіп, жамандықтан жиіркенгендіктен айтады. Әсемдік, бақыттылық бұзылмасыншы, ештеңе бүлінбесінші дегендіктен айтады»,— дейді ол. Ақын-сыншы бүгінгі лирикамызда осындай нышандардың молайғанын мақтаныш етеді. Сонымен қатар ол бүгінгі ақындар назарын оқушының азаматтық, патриоттық санасын жетілдіруге аударады, классикалық поэзия үлгілерін аударуды жақсарту, поэзия сынының идеялық-теориялық дәрежесін көтеру мәселелерін қозғайды.

Тәкен Әлімқұловтың бүгінгі әдебиеттің кейіпкері жайлы, көркем тіл туралы ой-толғауларында да көңіл аударар, әрбір қаламгерге сабақ болар қызғылықты пікірлер мол.Алғашқы кітаптардың белсенді авторлары қатарында М. Қаратаев, Ш. Елеукенов, М. Хамраев, П. Косенко,Т. Тоқбергенов, Н.  Ровенский,   А.   Нысаналин, т. б.   әр ұрпақ және әр   ұлт   әдебиеті   сыншыларының   өкілдері бар. М Қаратаев «Жазушы және бесжылдық» атты мақаласында қазақ әдебиеті туындыларын тоғызыншы бесжылдықтың міндеттері   тұрғысынан қарап    бағалайды.

Қандай да болмасын, әдебиет тақыр жерге өспейді, «жаңашылдық та көктен түсе қалмайды. Оның бәрі өзінен бұрынғы үлгіге сүйенеді, соны жаңа дәуір талабына лайық дамытудан, тың ізденістен туады. Талант көзі  дәстүрге сүйенсе ғана ашылады, содан кейін ғана жазушының өз ізденісімен кеңейеді,    толысады.    Бірақ бұл өзі толысқан талант кешегісін,  алдыңғы өнегесін ұмы-тып кетеді деген сөз емес. Әрқашан аға ұрпақ тәжірибесіне көз жүгіртіп отырған талант одан жаңа бір тұрғыда   қарастыруды  күтіп   тұрған ойлар    табады,    бұрын көтерген мәселелерді жаңаша оқиды, соны бүгінгі заман шындығы тұрғысынан қайта ашады. Ағалар тәжірибесінде творчестволық өнегемен қатар, адамдық, азаматтық мінездердің де үлгі боларлық, үйренерлік, ғибрат тұтарлық сипаттары аз емес. Жинақтағы дәстүр туралы әңгіменің осы жүйеде басталуы аса орынды болған. Әдебиетіміздің бүгінгі ақсақалы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов   дәстүр мен   жаңашылдық туралы   сөзді өзі көрген,   істес     болған   аға     ұрпақтың    өнегелі     өмірі мен творчествосы жайлы әңгімеден бастапты. Ол қазақ совет әдебиетінің негізін салушы   Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов сияқты «алыптар тобы» (Ғабит сөзі) тудырған жаңа   әдеби дәстүр туралы   әңгімелейді.   Осы жазушылар творчествосының өмірмен байланысы, әдебиетке жанашырлығы мен әдеби   туындыға талап қоя білгіштігі, жастарды әдебиетке баулудағы үлгілі істері, тіпті жолдастық қарым-қатынастары мен дастарқандас болу өнегесіне дейін бүгінгі ұрпаққа тағылым боларлық жайларына назар аударады.Сөз соңында Ғабең өзінің жазушылық тәжірибесіне тоқтап, жас қаламгерлерге өмір құбылысына үңіле білудің, керкемдік жолындағы ізденістердің сырын шертеді. Бүгінгі аға ұрпақтың өкілдері саусақпен санарлық болып қалған, негізгі салмақ жастар мойнына түскен әдебиетіміз үшін мұндай тәжірибе тағ-лымы керектігі тіптен дау тудырмайды. Осы үлгідегі сөздерді «тәжірибесабағы немесе дәстүр тағылымы» деп топтап, жинақты құрастырушы оған жазушылардың өз тәжірбиесі жайлыйларын да, творчрстволық ақыл-кеңесін де, бүгін әдебиет туралы байқауларын да кіргізген.

Жинақтағы мақалалардың негізгі объектісі — бүгінгі әдебиет. Тәжірибелі аға жазушылар да, аты белгілі сыншылар да негізінен жастар творчествосын сөз етеді, олардың ізденіс беталысын бағдарлайды, қапы кеткен жерлеріне ағалық қамқорлықпен ескертпе жасайды. К. Ахметованың өлеңдерін талдаған Ә. Тәжібаевтың бугінгі поэзиядағы заман пафосы, азаматтық, отан сүйгіштік идеялардың жырлануы, сюжетті жырларды молайту жайлы ойларға құрылған М. Әлімбаевтың жастар творчествосының негізгі даму бағыты мен оған қамқорлық жасаудағы «Жалын» баспасының қызметі мен міндеттері жайлы Ш. Елеукеновтің Жазушылар одағының жастармен жұмысына қатысты және жаңа кітаптар жайлы біраз тың пікірлер айтқан Ш. Мұртазаевтың мақалалары да қызықты. Соңғы жылдар әдебиетінің проза саласындағы ізденстерін, әсіресе жас прозаиктердің табысты енбегін тануда М. Серғалиевтің, М. Сқақбаевтың, Ж. Дәдебаевтың, Б. Ыбырайымовтың, Ә. Бөпежанованың, Т. Мәмесейтовтің, Т. Сыдықовтың маалаларының    едеуір маңызы бар Олар бірін-бірі қайталамай, бүгінгі әдеби порцесті әр жағынан келіп талдайды. М. Сқақбаев пен Ж. Дәдебаев  мақалаларында  жазушының    дүние танымы  мен , авторлық концепциясы, қоғамға лайық қаһармандар әрекетін  бейнелеу проблемалары  қозғалса, М.  Серғалиев прозадағы еңбек адамының образын жасау жолындағы ізденістерді    шолады,    Б. Ыбырайымов    ауыл    өміріне арналған   шығармаларды   талдаса, Т. Сыдықов   образ жасаудағы психологиялық шеберлікке назар аударады. Ә. Бөпежанова жетпісінші жылдар прозасындағы әйелдер бейнесі хақындағы ойларын бөліседі. Соңғы жылдар әдебиеті дамуының проблемаларын осылай әр тұрғыда    қарастырған    мақалалар    тұтас   күйінде    әдеби процесс пен оның жаңалықтары, жас прозаиктердің табысты беталысы туралы мол мәлімет береді және ғылымдық мәні бар түйіндер жасайды.

Бұл тұрғыда мен Ж. Дәдебаевтың «Дүние таным және әрекет» атты мақаласын беліп атауды жөн көремін.

Поэзия сыны жайында ой толғаған А. Егеубаев пен жас ақындардың түңғыш кітаптарын талдаған Т. Рахимов мақалалары да тартымды жазылған. Алайда поэзияға арналған мақалаларда ақынның творчестволық келбетіне тұтастықпен қарау жетіспейді, жеке бір ақындық жетістіктермен қанағаттанып, сонымен шектеліп қалушылық байқалады. Ақынды жеке өлеңмен емес, ақындық өмірбаянның байлығымен өлшеу жағын ойласу қажет.

Әдебиет өмірді зерттеуші болса, сын әдеби процесті, ондағы жаңалықты зерттейді. Бұл жолда оған қойылар талап көп. Шығарма шындығын өмір шындығымен салыстыра карау, оның идеялық көркемдік мәні, шығармадан туатын философиялық және эстетикалық үлгі, әсерді ашу — сынның міндеті.  

Сәкен есімі қазақ халқының сүйікті ұлдарының қатарынан құрметті орын алады. Бүгін ол туған халқының мақтан тұтар ұлттык батырларының, аты аңызға айналған қаһармандарының бірі болып отыр. Жиырмадан жаңа асқан шағында Сәкен аты  ел аузына аңыз болып ілікті. Халықты езгіге қарсы күреске үндеген отты жырларымен, революциялық   жиындардағы жалынды    сөздерімен, өзінің сол бір арпалыстың от-жалынында кешкен азапты да ерлікке толы өмір жолымен, одан кейінгі жас  Қазақ  Үкіметінің басындағы жетекшілік қызметімен оның аты ерте шықты. Ол өткен жолдың шындығының өзі аңызға пара-пар еді. Атаман Анненковтың азап вагоны мен Колчактың тұтқын лагерінен қашып құтылып, қараңғы түнекке қарсы   қажымай қайта   күреске шыққан   адамның ерлігінің өзі аңыз боп   тарады. Оны халық отқа салса күймейтін, суға салса батпаитын, қылыш кеспейтін, оқ өтпейтін, тілдессе сезден жеңілмейтін батыр, шенендердің бірі санады. Мұның бәріне Сәкеннің ғажайып ерлікке толы азаматтық өмірі, ақындық еңбегі, езінің жеке басының сүйкімділігі себеп болғаны даусыз.

Сәкен — тарихи дәуірдің ақыны. Оның өмірі де, шығармалары да әлеуметтік күрес тарихымен тығыз байланысты. Бүкіл   Сәкен творчествосы  осыған мысал. Әсіресе бұл «Тар жол, тайғақ кешуде», «Көкшетауда», «Қызыл атта» анық танылады.

Өзінің идеялық батылдығымен, көркемдік жаңалықтарымен Сәкен кітаптары кезінде әртүрлі пікір тудырып, айтыс.тартыстың объектісі болған. «Асау тұлпар», «Советстан», «Тар жол, тайғақ кешу», «Қызыл сұңқарлар», «Қызыл ат» туралы дискуссиялар бұған дәлел. Ақын өзі осы айтыстарға қатысып, өз шығармасының идеялық-көркемдік позициясын қорғаған. Романитикалық сарындағы махаббат жырлары — «Акқудың айырылысуы» мен «Лашын әңгімесі», өмір сүйгіштікті уағыздайтын «Ақсақ киік» пен «Сыр сандықтың» өзі — бір сала. Сәкен өмірдің әсемдігін сүйді. Оның аққуы да киігі де сол әсемдіктің бейнесі. Оларға қарсы оқ ату — өмірге, әсемдікке, жарасымды жарқын тіршілікке қарсы оқ атумен бірдей. Сұлулықты ардақтауға, гуманистік сезімталдыққа үндейтін ақын жырлары өмірге шексіз құштар, нәзік жанды, бауырмал ақынның өз образын да танытады.

Тұңғышқа артылатын тағы бір міндет — соңынаи ерген жас ұрпаққа ағалық көрсету еді. Бұл жағын да Сәкен абыроймен атқарды. Ол өзінің маңына әдеби күштерді топтады, олардың өсуіне, ізденуіне, оқуына көмектесті, жағдай жасады. Кезінде ол Орынборда шығатын «Еңбекші қазаққа» жауапты хатшы етіп Қостанайдан Бейімбет Майлинді шақырып алды. Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің рабфакта оқуына көмектесіп, оларға өз пәтерінің бір бөлмесін беріп қойғанын аталған жазушылардың өздері талай айтқан. 20-жылдары әдебиетке келген Асқар Тоқмағанбетов, Жақан Сыздықов, Мәжит Дәулетбаев, Қалмақан Әбдіқадыров, Тайыр Жароков, Сағыр Қамалов, Әбділда Тәжібаев, Қажым Жұмалиев, Ғали Орманов, Елжас Бекенов, т. б. ақын-жазушылардың барлығы да Сәкеннің кең қолтығының астынан шықты. Ол ұзақ жылдар қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында сабақ бере жүріп, қазақ әдебиетшілерінің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Жоғары тізімде аталғандардың бір қатары оның алдынан шәкірттік тәлім алды. Бұл тізімді отызыншы жылдары М. Қаратаев, Б. Шалабаев, Е. Исмаилов, Қ. Бекхожин т. б. жалғастырды. С. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ж. Саин т. б. бірталай қаламгерлердің алғашқы кітаптары Сәкен көмегімен жарық көрді.

Ол туысқан халықтар әдебиеттері ынтымақтастығының басында тұрды. Аға ұрпақтың достық жалғастығын бастады. Сәкеннің Маяковскиймен   кездескенін, Хамза Хакимзаде Ниязимен, Ғалымжан Ибрагимовпен дос   болғанын   замандастары   айтады. Аялы Тоқамбаев Орта  Азия университетінде  Сәкеннен лекция тыңдағанын, оның үлгісімен өлеңдер жазып, ол басқарған үйірмеге қатысқанын мақтан тұтады. Мұндай пікірді Ж.Аймырзаев та жазған. Сәкенмен достығын мақтан тұтқан пікірлерді  кезінде Л. Соболев те,  Г. Серебрякова да айтқан. Ұлттық жіктелушіліктің шекарасы бұзылып. Совет жазушыларының біртұтас одағы құрылып, туысқандық байланысқа жол енді   ашылған кезде   арамыздан кеткен Сәкен істеп үлгермеген істер әлі де көп. Оны кейінгі ұрпақ істеп жатыр. Біз үшін Сәкеннің сондай ұлы туысқандықтың басында тұрғаны қымбат. Сәкенге біреудің сыртынан ғайбат айтып келу мүмкін еместігін, Сәкеннің оны шақырып алып, бетіне басатынын тұстастарының көбі-ақ айтқан. Өзі де, өмірі де таза, жаны сұлу, сезімі мөлдір адам пендешілік кылықтардан биік тұрды. Бүгінгі замандастарымыз бойынан кейбір ұнамсыз мінездерді көріп қалганда. Сәкен өнегесі әрқашан өлмейтініне көзің жеткендей болады.

Сәкен өмірі мен ісі, еңбегі бүгін тарихтың үлесіне тиді. Ол жөнінде талай зерттеулер жазылды. Коғамдық-революциялық жолы, өмірі, еңбектері жан-жақты талданды, әлі де ол туралы талай кітаптар жазылары даусыз. Ардагер ақын, азаматтың өмірі туралы. көркем шығармалар да көптеп тууда. Сәкеннің әдеби бейнесін жасау, оның туған, өскен ортасын, революциялық еңбегін суреттеу, сол арқылы жарқын адамдық сипатын, ерлікке толы өмірін ашу — қазақтың бүгінгі әдебиетінің басты тақырыбы болып отыр. С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, А. Тоқмағанбетов, Қ. Бекхожин, Ә. Әбішев, Қ. Сатыбалдин, С. Талжанов т. б. қаламгерлер бұл тақырыпқа кептеген шығармалар жазды. Сәкенге арнап жазылған өлеңдер тіпті көп. Сәкен туралы «Тамаша адамдар өмірі» сериясында кітап басылды. Аз жылдың ішінде Сәкен тақырыбына осылай бет бұрып, күрделі еңбектер туғызудың өзі Сәкен есімінің қазақ халқы үшін қаншалықты қымбат екенін, оның әдеби бейнесін тұлғалаудың маңызын аша түседі.

Әуезов романдарынын композициясы, стилі де бірін — бірі қайталамайды. Бір ізбен созыла беретін, бірінен — бірі айырғысыз қазіргі кейбір көп томдық шығармалаға қарама-қарсы жазушы әрбір роман құрылысын негізгі қаһарманының жан дүниесін, рухани өсуін көрсету үшін пайдаланады. Егер бірінші кітаптан біз жас Абайдың ел тіршілігімен араласа келе ашылуын, ол қызықтаған жастықтьщ романтикасын танысақ, екінші кітап ойында Абай кітапқа, ойшылдыққа, ақындыққа бет бұрады. Мұндай алтыбақанның орнын түнгі боран мен дау-тартыс басады. Ал, үшінші кітап Абайдың өз табынан кетуін, туыс-бауырларды жатақтар, кедейлер ішінен тауып, өз ағайындарымен, зорлықшыларымен аяусыз күреске шығуын бейнелейді. Тертінші кітапта Абай күресі қалаға ауысады. Ол қаладағы чиновниктермен, патша адамдарымен, мешітпен ашық күреске шығады. Жазушы осы арқылы Абайдың өз басының күрескерлігіне қоса, оның жолының кейінгі жастар ішінен, кедей-жатақтар ортасынан қолдау тауып, үлкен қоғамдық күшке айнала бастағанын көрсетеді. Осыған орай соңғы романдарда стиль өзгеріп Абай қолданған пікір таласына, насихат-үгіт үлгісіне ауысады. Халықтық шешендік, публицистика көбірек орын алады.

Романда жазушы өзі суреттеп отырған дәуірдің .қоғамдық мәні бар бірде бір уақиғасын қағас қалдырмай, шындықты кең қамтыды. Олардың бүгіндік қана емес, ертеңгі күйіне көз салды. Оның образдарының бәрі де бір күйдегі тіршілікпен емес, жанды әрекет үстінде ашылады. Ең бастысы — Ұлы Абай өзінің бар болмысымен, тұлғасымен көрінген. Шығарма бізді оның өміріне қоса, бүкіл творчествосымен, әр шығармасының туу жолымен таныстырады.

«Абай жолы» эпопеясының табысы М. Әуезовтің жазушылық тәжірибесінің бүкіл дүние жүзілік мәдениет мұрасы мен орыстың классикалық әдебиеті дәстүрін толық игеріп, оны өзінің туған әдебиеті дәстүрімен жан-жақты байланыстыра алуымен тығыз байланысты. Жазушы творчествосына еткен сыртқы әдеби әсерді «ол ана жазушыдан ананы алды, мына жазушыдан мынаны алды» дейтін схемамен түсіндіру тіпті қиын.(1-248 б)

Мұхтар көп нәрсеге бас болды, тыңнан жол салды.  Көне сүрлеумен жүре беруді ол мақсат тұтқан жоқ. Дүниежүзілік әдебиеттің биік үлгілері тұрғысынан ізденді. «Абай жолы»— осының мысалы. «Абай жолынан» кейін ол жеті жылдық жоспардың әр жылы уақиғасына арнап бір романнан жазбақ боп (барлығы жеті романнан тұратын цикл) жоспарлады. Онда Абайдан кейінп ұрпақтың бүгінгі күнге дейінгі өмірін суреттеуді ниет етті. Мұның өзі де сондай бір кесек ойдың ұшқыны еді. «Өскен өркенді» ол сол романдар сериясының соңғы, кітабы болады деп санады.

«Өскен өркен» арқылы Мұхтар қазақ әдебиетіндегі ұнамды кейіпкерлер туралы бұрынғы ұғымды түгелімен жаңартты деп бағдарлады.(1-290)

Мұхтар көрсеткен бұл мінездер біздің әдебиетімізде 60-жылдар ішінде туған жаңа адамдарға тән еді. Ол осыны танып бейнеледі. «Өскен өркеннің» кейіпкерлері — бүкіл партиялық, адамгершілік сипаттарын бойына жинаған терең білімді, өмірді жақсы білетін, бүгінгі күннің қажырлы азаматтары. Олардың іс-әрекетінің өлшеуіші де қызметтік міндет емес, қоғам алдындағы жауапкершілік пен адамдық борышы. Нил Қарпов, Алмасбек Жайлыбеков, Әсия т. б. кейіпкерлердің бәрін жазушы осы жүйеде әдемі көрсеткен.

           Классикалық туындылардың мәңгі өлмейтінін, бүгінгіше естілетінін М. Әуезовтің «Еңлік — Кебек» атты пьесасынан көреміз. 1957 жылы осы пьеса кезекті жаңартудан өтіп, Қазақтың Академиялық драма театрының сахнасында қайтадан қойылды. Оның қойылуы — театр үшін де, ертеректе жазған дүниелерін таланты толысқан кезде жаңа көзбен қарап жөндеп жүрген жазушы үшін де.сүйікті спектаклінен көп жыл көз жазып қалған көрермен үшін де үлкен бір мерекедей болып өтіп еді. Редакция тапсырмасымен (мен ол кезде «Социалистік Қазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеуші ем) мен оның екі күнгі премьерасына да, оның алдындағы қабылдауына да қатысады.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі — Сәбит Мұқанов үлкен жазушылығымен бірге қазақ тарихы мен әдебиеті саласында мол еңбек қалдырған ғалым және ұстаз еді. 1938—1941 жылдар арасында Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында лекция оқыған және аспиранттардың ғылыми жұмысын басқарған Сәбит алдынан шәкірттердің бірқатары өтті. Оған жазушының әдеби және ғылыми еңбектерін оқып, тәрбие алған қазақ мәдениетінің қайраткерлерін, қалың оқырман қауымды қоссақ, Сәбит шәкірттерінің қатары молая түседі.

Әдебиет тарихы мен олардың көрнекті өкілдері жайлы зерттеулерін Сәбит    кейін де    жалғастырды.    Бұл тұрғыдағы  ғалымның  аса  үлкен еңбегі «Жарқын жүлдыздар»  (1964)   атты кітабы болып табылады.    Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаев пен тұңғыш демократ ғалым Шоқан Уәлиханов туралы екі ғылыми очерктен тұратын  бұл  еңбегінде Сәбит мәдениетіміздің осы екі үлкен қайраткері туралы көпжылдық  зерттеулерін жинақтады деп өз ой-топшылауын айтты(1-290). Шоқан өміріне қатысты   тың деректерді жинап, пайдалана білуде «Жарқын жұлдыздар» Сәбит зерттеулерінің биік үлгісі болып саналады. Бұл еңбегі үшін кезінде авторға Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. .

Ұлы Отан соғысы кезінде Әлжаппар Әбішевтің шығармалары совет адамдарының отан сүйгіштік сезімдерін, еңбектегі және майдандағы ерлік істерін суреттеуге арналды. Майдан өмірінен ол «Саржан», «Төлеген Тоқтаров», «Қек деп ұшқан оқ» атты әңгіме-повестер жазды. Бұларда -советтік патриотизмнің жеңісі, жауынгерлердің ұрыстағы уақиғалары көрсетілді. Әсіресе, автор Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың ерлік бейнесінің қалыптасу жолын, оның азаматтық, ерлік сыпатын тәп-тәуір суреттеді. Тылдағы еңбек адамдарының ерлігін бейнелейтін материалдарды Әлжаппар өзіне таныс Қарағанды шахтерлерінің ортасынан іздеді. Бұл тұрғыда оның «Қарағанды қарттың сыры», «Жер астындағы майдан», «Шахтерларға саяхат», т. б. әңгіме-очерктерінің сдәуір манызы бар. Бұларда да жазушы адам тағдырына көңіл бөліп, олардың арасындағы жаңаша қарым- қатынастардың сыпаттарын көрсетті.

Осы жолмен жазушы үлкен прозаға бет түзеді. 1939—1940 жылдары «Әдебиет және искусство» журналында оның «Достар» деген романының үзінділері жарияланған еді. Бірақ тұтас күйінде роман басылмады. Жазушының бұл саладағы алғашқы елеулі еңбегі соғыстың аяқ кезін ала жарық көрген «Жас түлектер» (1945) романы.

Шығарманың атынан көрініп тұрғандай, бұл романда Әлжаппар   советтік  шындық  жағдайында  өсіп,   тәрбие алған жас ұрпақ өкілдерінің соғыстың алдындағы және соғыс кезіндегі өмірін суреттейді.

Соғыстан кейінгі дәуірде де Әлжаппар қоғамдық дамудың міндеттері алға қойған мәселелерге қызу үн қоса отырып, «Үлкен жолда» (1949) атты повесть пен «Сахара сәулеті» (1956) атты роман жариялады. Бұларда бейбіт еңбектің кекейкесті мәселелеріне назар аударылды. Совет адамдарының табиғатты игеру жолындағы қажырлы күресі, Мойынқұм, Бетпақдала сияқты жерлерде мал шаруашылығын еркендетудің жағдайлары, ауыл мәдениетін қаланың дәрежесіне көтеру шаралары, осы жолдағы партияның басшылық еңбегі — аталған шығармалардың өзекті проблемалары болып табылады. Қөркемдік ізденістерінің ала-құлалығын еске салған кейбір сындар бола тұрса да, бұл шығармалар-жазушының біздің бүгінгі өміріміздің мәселелері жайлы мол ой түйіп, үнемі толғаныс үстінде жүретінін дәлелдеді.

Әлжаппардың тарихи тақырыпқа жазған прозалық шығармаларынан оның «Терең тамырлар» (1952 «Най-зағай» (1975), «Жаралы Сұңқар» (1978) роман-повестерін атауға болады. Мұның алдыңғысы Қазақстандағы революциялық күрес дәуірінің шындығына негізделеді де, шетел интервенттері мен ақгвардияшылар үстемдігі кезіндегі қазақ еңбекшілерінің партизандық қозғалысы жайларын әңгімелейді. Автор Совет өкіметін қорғау жолындағы халықтық күштің шынығуын суреттей отырып, әр салада ұласып табысқан үстем тап өкілдерінің жауыздық іс әрекеттерін кең ашып көрсетеді. — Кәріпжан, Максим, Айқын, Кәрібоз, Тастан, Шернияз, Назгүл бейнелері, солардың іс-әрекет тартысы — повесть сюже-тін дамытатын негізгі күш болып табылады.

«Найзағай» романы — қазақтың белгілі әнші-композиторы Мәдидің өміріне арналған. Автор беймезгіл заманда туып, өмір кешкен творчество адамының трагедиялық күйін әділетсіз заманмен қайшылықта көрсетеді. Бірақ оның осы тектес өнер адамдары өмірін суреттеген шығармалардан айырмасы бар. Автор Мәдиді ең алдымен заманның әділетсіздігіне қарсы ерлікпен бас көтерген өз дәуірінің батыры, халық қамқоры ретінде керсете-ді. Ұлы Отан соғысы кезінде Әлжаппар «Қырағылық», Шамыс гвардиясы» (М. Әуезовпен бірігіп жазған)  аты пьесалар жазды.   Бұлар да  дәуірдің  күн  тәртібіне ойып отырған маңызды мәселелеріне үн қосу тілегінен ауған дүниелер. Әсіресе, панфиловшылардың Москва түбіндегі ерлігі   уақиғаларын  суреттейтін  «Намыс   гвардиясы»   өз дәуірінің шындығын нақтылықпен көрсеткен, қазақстандық   жауынгерлердің   патриоттық   сезімін, содан туған рлік істерін насихаттаған патетикалық кетеріңкі стильдегі туынды болып табылады.   Онда қазақстандық жаынгерлердің астананы қорғау кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі мен отаншылдық сезімі көркем бейнеленесі. Авторлар шын болған уақиға мен оған қатынасқан адамдарды өзіндік   ерекшеліктерімен,   мінез-құлқымен, қайталанбас дара сыпаттарымен   көрсетуге  ұмтылады. Генерал Панфиловтың, Бақытжан Намысұлының, Сабыр анбозовтың, Телеген Тоқтаровтың, тағы басқалардың йнелерін жасауда бұл ізденіс айқын байқалады. Москваны қорғауда айрықша көзге түскен 8-гвардиялық дивизияның командирі  генерал  Панфилов — шынында да батылды, байсалды, үлгілі ұстаз ретінде танылған адам пьесада да генералдың осы ұнамды бейнесі шыншылдықпен жасалған. Оны генералдың қарамағындағы адамдармен   қарым-қатынасынан,   әңгімесінен   анық   көруге болады.   Ол — жауынгерлерге   әкесіндей   қамқор, кіші-пейіл, оларды ақылмен   жұмсай   білетін үлкен   әскери ұйымдастырушы және қолбасшы. Әр адамның бойынан жақсы мінез, қасиет тауып, соны тәрбиелеуге күш салады. Бұл, сипат, әсіресе оның  Бақытжан  Намысұлымен қарым-қатынасы арқылы жақсы ашылады. Батальон командирінің қателерін көрсете отырып, генерал оны ақылмен тоқтатып, ұстамдылыққа, әскери тәртіпті берік сақтауға үйретеді. Өзінің қызы — Валентинамен кездесулерде оның әкелік, сезімі күйі де шынайы бейне табады.

Москва түбіндегі үрыстарда осы дивизияның қарауындағы Бауыржан Момышүлы бастаған батальон жауынгерлері айрықша ерлікпен көзге түскені тарихтан мәлім. Пьесада батальон командирінің ерлік жолы Бақытжан Намысұлының бейнесі арқылы беріледі. Әскери өнерді жетік білетін, өжет, қайсар, бір бет Бақытжан — пьесадағы сәтті образдардың бірі. Ол — қажырлы, қатал, ержүрек командир. Оның қайшылықты, қызба мінезі де бүкпесгз ашылған. Кейде ол қызбалыққа беріліп, әскери уставты бұзуға да барады: Ұрыс кезінде қорқақтық көрсеткен взвод командирін атуы — комбаттың әскери тәртіпті бұзуымен қатар, тым өрескел қаталдығын да танытады. Өзі ойланбай істеген ісі үшін кейін ол опық жеп, күйінеді де. Тек генерал Панфиловтың әкелік қамқорлығы ғана оны осы теріс жолдан сақтандырады, генералмен кездесуден кейін ол ұрыс жағдайында командирдің ұстамды, байсалды болуы, нені болса да ақылға жендірудің қажеттігін түсінеді. Панфилов тәрбиесін алған Бақытжан кейін жанқиярлық соғыстың ауыр бейнетін арқалаған ісімен де, мінезімен де, әскери жүріс-тұрысымен де енегелі, тәрбиелі офицер болып шығады.

 Ұлы Отан соғысының қанды майданынан өткізсе де Әлжаппар олардың бойындағы осы қасиеттердің тұрақтылығын тексереді. Адамдар мінез-құлқын ол дәуір мен ортаның сынына салады. Мысалға «Белгісіз батыр» пьесасын алайық. Мұнда автор екі түрлі үлкен проблемаға назар аударады. Бірі — соғыста хабарсыз кеткен, ерлігі белгісіз қалған талай батырлар бар. Оларды ұмытуға болмайды. Елім деп еңіреген ерлердің есімі әрқашан халық жадынан шықпауға тиіс. Екіншісі — олардың артында қалған елдің өзі ала-құла. Мардан сияқты адал ғалымдар мен Дүрмек сияқты мансап құмар пәлеқорлықпен өсіп жүргендер қатар өмір сүруде. Белгісіз батырлардың атын жаманатқа шығарып. Дүрмектер сол арқылы кейінгі адал адамдарды ықтырып, қорқытып ұстамақ болады. Жазушы демократияның лениндік нормалары бұзылған кезде орын алған ұнамсыз фактілердің әлі де барын ескертіп, Дүрмек типтес адамдарды әшкерелейді.

Өз заманының жыршысы болу — Қалижан үшін тек бүгінгі кергенін ғана тізбелеу, соны өлең етуі емес. Ол дәуір жаңалығына әрқашан тарих көзімен қарайды. Адамзат өткен әрқилы жолдың қалтарыстарына үңіліп, тарихи салыстырулар жасайды. Осының бәрі ақындық үлкен толғанысқа негізделеді.

Серік Смайылұлы әдебиетке тым ерте араласты, алғашқы сын мақаласы 1948 жылы, әлі студент кезінде белгілі республикалық газетте жарияланған еді, содан бері алпыс жылға таяу, бір үзіліссіз әдебиеттің көрнекті қайраткері ретінде жемісті еңбек етіп келеді. Институттағы оқуын бітірмей жатып, соғыстан кейін қайтадан ашылған Көркем әдебиет баспасына редакторлық қызметке шақырылды. Оның үстіне Одақ жанындағы «Әдебиет және искусство» (кейіннен «Жұлдыз») журналында проза бөлімінің меңгерушілігі деген лауазым қоса жүктелді. Сөйтіп, ол әдеби процестің қалың ортасына бойлап кірді. 1951 жылы Институттың филология факультетін үздік бітірген студент қазақ әдебиеті кафедрасы бойынша аспирантураға қалдырылды.

Содан кейін ол «Пионер» журналында редактор «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі және редакция алқасының мүшесі болып қызмет атқарды. 1957 жылы сыншы-әдебиетші С. Қирабаевтың шығармашылық өмірінде екі түрлі маңызды оқиға болды. Біріншісі – оның аспирантурадағы зерттеушілік жұмысы нәтижелі аяқталып, ол «Спандияр Көбеевтің шығармашылығы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Екіншісі – бүкіл қазақ халқының рухани өміріндегі бір сүйінішті оқиға – отыз жетінің қуғын-сүргінінде жазықсыз жазаланып кеткен қазақ кеңес әдебиетінің классиктері —  Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров үшеуінің ақталып, аса бағалы шығармашылық мұраларының халыққа қайтарылуы еді.Соның ішінде Серік Смайылұлын ерекше елең еткізгені С.Сейфуллин есімі болды. Жасынан ауыл адамдарының аузында аңыз ертегідей естілген, кейін олардың бір-біріне сыбырлап, күрсіне айтатын даңқты жерлестері Сәкен аға ғой ол! Бұл кезде оның орталық партия комитетінде жауапты қызметке ауысып, қолына еркіндік тиген-ді. Дереу солардың кітаптарын таптырып алып, құныға бас қойған. Осындай аяулы азаматтардың дер шағында әділетсіздіктің қармағына ілініп, мезгілсіз қаза болғанына бір жағынан күйіне, екінші жағынан, ғажайып асыл қазынаға кеңеліп, бүкіл жан дүниесімен тебірене отырып оқыған ол дереу соларды насихаттаған мақалаларын газет бетіне бірінен соң бірін тоғыта бастады.

Сол кездің тағы бір жемісі «Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очеркі» атты ұжымдық жинақтың академиялық басылымына арнайы тапсырмамен Ғабиден Мұстафин туралы жазылған тарауының кеңейтіліп, жеке монография түрінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көруі еді. Келесі жылы Спандияр Көбеевтің өмірі мен жазушылық қызметі жайында, автордың кандидаттық диссертация негізінде кеңейтіп әзірлеген монографиясы басылып шықты.

Осы кезде С.Қирабаев біраз жыл белсеніп беріле еңбек еткен практикалық жұмыстардан сергіп, біржола педагогтік және еркін ғылыми-шығармашылық жұмысқа ауысты. ҚазПИ – дегі ұстаздық жұмысын жалғастырып, қазақ әдебиеті кафедрасына келді. Әуелі кафедра меңгерушісі болып кейін ұзақ жылдар бойы осы институтта проректорлық қызмет атқарды. Оның ғылыми – педагогикалық лауазымды абыроймен атқара жүріп, ғылыми-зерттеу жұмысын да ілгері дамытқан аса бір жемісті жылдары осы тұс еді. Соның алғашқы нәтижесіндей, 1960 жылы «Өрлеу жолында» деген атпен мақалалар жинағы жарық көрді. Бұдан кейінгі тындырымды жұмысы – 1964 жылы Сәкен Сейфуллин шығармашылығы туралы докторлық диссертация қорғады.

Бұл Серік Смайылұлының көп жылдық ғылыми –зерттеу жұмысының ішіндегі үлкен ерлік саналатын абыройлы нәтижесі еді. Барлық жағынан алғанда да солай. Біріншіден, Серағаңның тіпті жас кезі, әлі қырыққа да толмаған, бар болғаны 37 жастағы кезі. Бұл сол кездегі өлшеммен алғанда, ғылымдардың өте аз кезінде, докторлық дәреже үшін өте жас кезең еді. Одан кейін тақырыбы да анау-мынау емес, Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы туралы, оның үстіне ізденушінің бұл еңбегі сол кездегі Мәскеу мен Алматының ең көрнекті әдебиетші ғалымдары тарапынан өте жоғары бағаланған. Соның бір дәлелі ретінде еңбек екі рет орыс тілінде (1966ж. Алматыда, 1973ж. Мәскеуде) басылып шықты.

Осы орайда арнайы атап айтарлық тағы бір оқиға Сәкен мен Ілиястың таңдамалы өлең, дасатандары жинақталып, 1979 жылы Ленинградта «Библиотека поэта» атты тұрақты басылымның үлкен сериясы бойынша жарыққа шығуы болды. Бұл бірегей басылымды Мұхамеджан Қаратаевпен Серік Қирабаев құрастырып, кіріспе сөздері мен түсініктерін жазғанда, соның Сәкенге тиісті бөлігі түгелдей Серік Смайылұлының қолынан шыққан. Қазақтың қос дүлдүлінің  шығармаларын аударуға Евгений Винокуров, Евгений Евтушенко, Михайл Луконин, Сергей Наровчатов, Всеволод Рождественский сияқты орыстың аса көрнекті ақындары – қазақ әдебиетінің жанашыр достары қатынасқан. Соларды осы жұмысқа тартуда біздің көрнекті екі қайраткеріміздің белсене араласуы өте игілікті іс болған.

Жоғарыда атап көрсеткендей, С.Қирабаевтың 60 -жылдардың бас кезінен басталған бірыңғай ғылыми – педагогикалық жұмыс кезеңі сол бір қалыпты ырғақтан жаңылмай жалғасып, 80 -жылдардың аяқ кезіне дейін созылды да, тың ізденістер мен соны проблемаларға толы болды. Ғылыми мақала, сын – библиографиялық очерк, ғылыми эссе, шағын монография сияқты оңтайлы жанрлар түрінде жазған еңбектері ғалымның бұрынғы еңбектерінде әртүрлі себептермен назардан тыс қалған көрнекті тұлғалар мен әдебиетіміздің жаңа кезеңінде туындаған тың проблемаларға арналған өрісті ой, толғаулы пікірлерге бай еңбектер болып табылады.

Солар уақыт өте келе қайта сұрыпталып, ой елегінен тағы бір өткізіле келе, бірнеше жинақтарға енгізілді. Олар «Әдебиет және дәуір талабы» (1970), «Өнер өрісі» (1971), «Революция және әдебиет» (2 томдық — 1977), «Шындық және шығарма» (1981), «Шындық және шеберлік» (1983) атты көлемді еңбектер еді. Осылардың ішінен бірқатарлары орыс тіліне аударылып, «Революцией призванный», «Высокое назначение» (1985) деген атпен және басылып шығуы автордың тану-танылу кеңістігінің кеңейе түскеніне айқын дәлел бола алады.

Солардың ішінен қысқа да болса көзбен шолып, жалпылай сипаттап өтпегіміз – «Революция және әдебиет» атты қос томдық.

Басылымның бірінші томында, өзіміз күткендей – ақ , жаңа әдебиетіміздің жарты ғасырдан астам даму жолына жалпы шолу жасалып, оның осы заман деңгейіндегі, яғни дүниежүзілік көркемдік әлемнің өзіндік бір кең жазира кеңістік түрінде қалыптасқан мол қазынасы сипатталады. Соның кезең-кезеңмен, жанр – жанрымен өсу, даму заңдылықтары баяндалады. «Октябрь және қазақ әдебиеті», «Әдебиетіміздің есею жылдары», «Соғыс және әдебиет», «Бейбіт өмір әдебиеті» деген тараулардың аттарының өзі – ақ ішкі мазмұндарынан анық ақпарат беріп тұр. Соған жалғас келетін «Жаңа бағытта», «Биік талаптар», «Ілгерілеу жолы — ізденіс», «Уақыт және қаламгер», «Лирика және өмір» атты тарауларды қазіргі, яғни сол кезеңнің ең соңғы бөлшегіндегі әдеби процестің аяқ алысына талдау жасалады.

Осы томның заңды жалғасы ретінде екінші кітапта үлкен әдебиетті қалыптастырған басты-басты тұлғалардың шығармашылық жолдары баяндалады. Олар: жыр алыбы – Жамбыл, жаңа әдебиеттің классиктері – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин жайлы мазмұнды әңгімелер. Сыншы бұл ағалар туралы бұрын да талай жазған. Ал мына тарауларда оның зерттеушілік зердесі қорланып, қаламгерлер дүниесіне жаңаша көзқараспен молыққан кездегі тың деп айтарлықтай бағалы пайымдаулары бар.

Мәселен, Жамбыл шығармалары жөнінде зерттеуші мынадай қорытынды түйеді: «Халықтың ақындық бай сөз өнерін жаңа жағдайда шеберлікпен дамытуға мүмкіндік тауып, заман шындығынан шығармашылық қуат алған ақын көзінің тірісінде – ақ «Халық поэзиясының алыбы» атанды… Оның шығармашылығы халықтық поэзия мен жазба әдебиеттің шекарасын жақындатудың, халықтың ауызша шығарылған сөз өнерінің озат дәстүрлерін жазба поэзияда жаңашылдықпен қолданудың үлгісі болды». Автор өзінің осы ойларын шетелдік ірі тұлға, Данияның аса көрнекті ақыны Мартин Андерсен Нексенің Жәкеңе оның ақындық қызметінің 75 жылдығын тойлау кезінде жіберген құттықтау телеграммасынан мынадай үзінді келтіріп дәлелдейді: «Сіз көшпелілердің өмірінен осы заманғы адамның өміріне мыңдаған жылғы мәдениеттің көпірін салдыңыз».

Осы ойларды зерттеуші мынадай сөздермен қорытындылайды: «Жамбыл жырлары – шын мәніндегі халықтық туындылар. Ақын өз дәуірінде халық өміріндегі елеулі өзгерістерді, қоғамдық тіршіліктегі маңызды оқиғаларды қағыс қалдырмай, сергек үн қосып отырады.

Жамбыл шығармалары халық поэзиясындағы қалыпты өлең, жыр үлгілерімен туған. Мазмұны жағынан олар шешендік толғау тәрізді болып келеді. Сонымен қатар онда жазба әдебиеттің әсерімен туған әсем лирика да ұшырайды… Образдарының айқындығымен, тілінің байлығымен Жамбыл өлеңдері халық поэзиясының жарқын үлгілерін дамыта түседі». Ғалым – сыншы қазақтың сөз өнері мен рухани қазынасын жаңа дүниеде жаңғыртып, байыта түскен алыптар тобының көш басшысы Сәкен Сейфуллин туралы, және осы топтың кейінгі өкілдерінің әрқайсысына өзіндік тән белгілерді тап басып дәл айта алды.

«Сәкеннің революцияшыл пафосты жырлары мен нәзік сезімтал лирикасы, Ілиястың төкпе арыңды таланты оның бойындағы табиғи ақындықтың куәсіндей көрінетін. Мұхтар реализмі әуелден – ақ орыстың классикалық әдебиетінің үлгісінде басталып, шындықты терең бейнелеумен, характерлерінің күштілігімен көзге түсті. Сәбит халықтық әдебиеттің дәстүрлерін ала келіп, жаңа мазмұнмен байытты. Осылардың қатарында өзгеге ұқсамайтын дара, табиғи талантымен Бейімбет тұратын. Өмірде жұпынылықты сүйетін ол жазуда да әсірелеушілікке бармай, қарапайым шындықты қаз – қалпында суреттеуге шебер еді». Мінекей, ірі-ірі тұлғалар туралы қысқа-қысқа қайырған тұжырымдардың әр жағында сол тұлғалардың кең панорамалы суреттермен жеткізген көркемдік әлемдері жатқанын біз ойша ұғынамыз.

Ал олардың артында үзеңгілес замандастары Асқар Тоқмағанбетов пен Әбділда Тәжібаевтан бастап, аяғы ғалымның замандас іні – қарындастары Ғафу Қайырбеков пен Тұманбай Молдағалиевқа, Қадыр Мырзалиев пен Мұқағали Мақатаевқа, Фариза Оңғарсынова мен Марфуға Айтхожинаға дейінгі аралықтарда қалың қаламгерлер қосынының Қирабаев қаламына ілінбей қалғандары, оның тілектестік ниетінен нәр алмағаны кемде-кем болар.

Серағаңнан өзінен жасы кішілеу, тағы бір ұрпақ Әбіш, Мұхтар (Мағауин), Қабдеш, туралы олардың алғашқы қадамдарынан – ақ қалтқысыз байқап, ғалым-сыншының кезінде жақсы лебіз білдіргенін де біз көрегендік пен кеңпейілділік нышаны деп білеміз. Сол жас буын бүгінде әдебиетіміздің қабырғалы қайраткерлеріне айналғаны – біздің ортақ мәртебеміз.

Ендігі сөз төркіні өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғынан бастап, күні бүгінге дейінгі мезгілді қамтитын жиырма шақты жылдың әлеті. Бәріміздің есімізде күні кешегідей сайрап тұр. Аты шулы Горбачевтің қайта құру дейтін даңғаза ұранының нәтижесінде Одақ ыдырауға айналып тұрған кез. Соның ауыр зардабы біздің республиканы шарпыды да, аяғы қасіретті Желтоқсан оқиғасына апарып соққан. Бірақ оның есесіне біздің халық соңғы үш ғасыр бойы тұңғыш рет бодандық бұғауынан босап, тәуелсіздікке қол жеткізді де, егемен ел болдық.

Осы қарсаңда, 1988 жылы, академик С.Қирабаев М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына директор болып келді. Бұл Қазақстан аспанынан тәуелсіздік таңы қылаң бере бастаған кез. Сол күндерде әр ұжым басшысын өзі сайлап алсын деген бір тәртіп шықты да, институт ғалымдары өз қалауымен Серік Смайылұлын орталарына шақырып алған.

Сол кезде институт алдында аса зор маңызы бар екі оқиға тұрды. Бірі – кеңістік идеология өктемдігі күшін жойып, соның арқасында әр қазақтың жүрегінде әрі жазылмастай шемен, әрі жеткізбестей арман болып келе жатқан ардақты Алаш арыстары ақталып, солардың асыл қазынасы халыққа қайтарылып жатқан. Екіншісі – Қазақстан үкіметінің бұдан бұрынырақ қабылданған қаулысы бойынша ұлы Абайдың 150 жылдық мерекесіне дайындық басталған.

Міне, осы екі істің басы қасында алғашқы күннен бастап директордың өзі тұрды. Алаш көсемдерін ақтау жөніндегі ресми құжаттар жарияланған сәттен бастап, Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, сәл кейінірек Міржақып мұралары, тура мағынасында жерден қазғандай етіп, тауып алынады да, қауырт іске қосылды. Өте қысқа мерзім ішінде олардың бір-бір том таңдамалылары қауырт түрде араб, латын әріптерінен кириллицаға аударылып, баспаға әзірленді де, Тәуелсіздіктің алғашқы байғазысындай оқырман қолына табыс етілді. Баспасөз бетінде олардың мазмұн – мағыналары жайында топ-топ мақалалар жариялана бастады. Кейін әрқайсысының көптеген көптомдық академиялық басылымдарын әзірлеу қолға алынды.

Бұл алғашқы жұмыстың жүзеге асырылу жайы болатын. Сонымен қатарластырыла Абай мерейтойына әзірлік қолға алынды. Бұл туралы Үкімет қаулысында үш түрлі міндет айрықша айтылған. Олар: Абай шығармаларын жинастыру, жаңадан көп таралыммен бастыру, Абай мұрасын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау. Мерейтойға дайындалу мен оны өткізуге байланысты жүзеге асырылуға тиісті көп-көп шаралардың ішінде институт қызметкерлері тікелей орындауға тиісті үш міндет осындай еді.

Әрине, оңай шаруа емес. Өзгелерін былай қойғанда, осы міндеттерді тап-тұйнақтай етіп жүзеге асыру үшін материалдық мүмкіндіктердің өзі өте тапшы еді. Бірақ жаңа директор соған барынша күш салды.

Алдымен 1990 жылдың басынан бастап институтты Абайтану бөлімі ашылды, оған білікті қызметкерлер іріктеліп алынды. Сонан соң Абай шығармаларының екі томдық академиялық басылымын дайындау. Одан кейін Абай мұрасын жан-жақты түбегейлі зерттеудің жоспарын жасап, дайындық кезеңде толық жүзеге асыру.

Сондай-ақ Алаш арыстарының мұрасын игеру бағытында да дәл осындай көрініс болғанын айта кету керек. Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек шығармаларын насихаттау жөніндегі ұлан-ғайыр жұмыстардың ұйымдастырушысы ғана емес, соларды тікелей зерттеген орындаушылар қатарында да академиктің өзі жүрді. Алғашқы әдеби кештердегі осы жылдары бірінен соң бірі үздіксіз келіп тұрған еске алу шараларының аясында  өткізілген салтанатты жиындардағы алғашқы сөзді бас баяндаманы, лексикаларды, журнал мақалаларын көбінесе, алдымен С.Қирабаевтың өзі айтып жүрді.                                                                                                                                    

Мәселен,  Ахмет  Байтұрсынұлы  мен  Міржақып  Дулатұлының  тарихи еңбектеріне  баға  бергенде, «қазақтың  тұңғыш  революцияшыл  демократтары » деген  тұжырымды  айтқан  Серік Қирабаев еді. Сондай-ақ, Шәкәрім мен Мағжанның Абай дәстүрін жалғастырып, ұлттық поэзиямызға қосқан үлесі жайында , Ақаңның ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін салған еңбегі жайында, Міржақып пен Жүсіпбектің роман жанрын дамытудағы еңбектері жайында толымды пікірлер Серағаңның аузынан шыққанын да білеміз.Мағжанды қазақтың ұлттық ақыны деп бағалаған да Серік Смайылұлы.

Осындай өз қолымен атқарған ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде С.Қирабаев осы мерзім ішінде Алаш әдебиеті мен жалпы Тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттің проблемалары жайында үш бірдей іргелі еңбектер ұсынды.Соның алғашқысы «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері»(1995), одан кейін «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет»(2001) және соған жалғаса жарық көрген «Тәуелсіздік рухымен»(2002) атты жинақтарды біз тілектестік көңілден шыққан қанағат сезімімен айта аламыз.Бұлардың көбі жаңадан жазылған ал бірқатары бұрынғы нұсқалары тәуелсіздік тұрғысынан қайтадан қаралған еңбектер қалай болғанда да, олар жұртшылықтың бүгінгі рухани қажетіне қызмет етері сөзсіз.

Осы қатарда автордың 1991-1992 жылдары жарық көрген  екі томдық жинағын да атап өткен жөн.Бұларды негізінен, автордың институқа келмей тұрғандағы жұмыстарының жалғасы деп бағалауға болады.Бірақ солар түгелдей заманның жаңа лебімен бірсыпыра өзгеріске түсіп,оқырманның бүгінгі тілегіне сай қайта қаралған, өңделген, толықтырлған сипатта.Әсіресе,С.Сейфуллин жөніндегі монографиясы жұртшылық тарапынан білдірілген сұранысқа қарай біршама өзгертілген күйде ұсынылады.Ал екінші томы түгелдей дерлік соңғы жылдардағы әдеби процестің көрінісі болып табылады.

Әрине, Тәуелсіздік жағдайында институт ұжымының алдына қойылатын күрделі міндеттер жоғарыда сөз болған екі шарамен тәмамдалмайтын еді. Олардың ар жағында таудай талай жұмыстар тұрған. Бұл жерде солардың ішінен ең басты деген кейбіреулерін ғана атай аламыз. Мәселен, қазақ әдебиетінің тарихын егемендік тұрғысынан түбірімен қайта қарап, жаңаша жасау. Ол үшін ұлттық әдебиет тұлғаларын мен мұраларының кеңестік идеология өктемдігімен тыйым салынған және бұрмаланған нысандарын қайтадан ғылыми айналымға қосып, халықтың игілігіне айналдыру. Екінші, осындай жолсыздықтарға негіз болған ресми қаулы – қарарларды, тағы басқа құжаттарды бұздырып күшін жойдыру. Осылардың ішінен біржола жойылып кеткен әдеби ескерткіштерді іздестіріп, халық игілігіне қайтару. Үшінші, осындай алдын-ала жүргізілген дайындық негізінде қазақ әдебиетінің ерте замандардан бүгінге дейінгі тарихын жасау, ол үшін тарихтың дәуірлеу мәселесін қайта қарап, таяу жылдың ішінде ұлттық әдебиеттің толықтырылған ғылыми жоғары дәрежеде қайта қаралып жазылған көп томдық басылуын әзірлеу. Осының нәтижесінде жоғарыдағы міндеттердің барлығы да өз кезегінде орнына келді. Нәтижесінде қазақ әдебиетінің он томдық еңбегі жазылды. Бәрі де өндіріске енгізіліп қазір жеті томы жарық көрді.

Академик С.Қирабаевтың жоғарғы оқу орындарындағы ұстаздық қызметі жайында айтар болсақ, оның тағы бір қыры мектеп шәкірттері мен студенттерге арнап қазақ әдебиеті пәнінен жазған оқулықтары өз алдына бір төбе. 1952 жылы З: Қабдолов, А.Нұрқатов үшеуі бірігіп орта мектептің 9-сыныбына арнап оқулық жазды. Оқу бағдарламасы өзгергенше он алты жыл бойы қайта- қайта басылып отырылды.Кейін оқу бағдарламасы бүтіндей өзгеріп, қайта жазуға тура келгенде, оны С.Қирабаев акдемик Қ.Жұмалиевпен бірлесіп әзірлейді.Біраздан кейін автор оны да түбегейлі өзгертуге тиіс болады.Бұл кезде Қажекең қайтыс болып кетеді де, Серік Смайылұлы оны жалғыз өзі өңдеп шығарады.Бірақ бұл кісі бір кездегі ұстазының рухын сыйлағандықтан оның есімін автор ретінде сақтап қалады.Кейін бұл щқулық тағы да сегіз рет қайталап басылған.

1964 жылы Серік Смайылұлы  А.Нұрқатовпен бірлесіп 10-сыныптың оқулығын дайындайды.Кейін оны қайта өңдеуге тура келгенде, бұларға М.Базарбаев пен Б.Сахариев қосылады.Бұл оқулықта оқытудың жаңа бағдарламасына сәйкес ішінара өзгертулерден кейін сегіз рет қайталап басылады.

1989 жылы Р.Бердібаев, Н.Ғабдуллин үшеуі бірігіп әзірлеген 11-сынып оқулығы да мектеп бағдарламасына енгізіледі,біраз жыл қолданыста болған.

 Жоғары оқу орындарының филология факультетіне арнап күрделі оқу құралын М.Қаратаев пен Т.Нұртазин үшеуі бірлесіп жазды. Ғылым мен әдебиет саласындағы зор еңбектері үшін оған ҚазақКСР-ның және ҚырғызКСР-ның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері деген Абай шығармашылығын зерттеуге байланысты Қазақстан республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген атаққа ие болды. Одан бұрын «Ж.Аймауытов» атты монографиясы үшін оған республика ғылым академиясының «Ш.Уәлиханов» атындағы сыйлығы берілген. Ол көптеген ордендер мен медальдардың да иегері.

 Сөз жоқ осының барлығы бір адамның басына берілген өте лайықты марапат белгілері.оның адал да білікті еңбегінің нәтижесі. С.Смайылұлы бұрынғы одақ көлеміне қазіргі алыс –жақын көршілес елдердің ғалымдарына кеңінен танымал, өте беделді ғұлама. Қазіргі ұлттық әдебиетті зерттеу, әдебиеттану ғылымының ақсақалы.

Оның шығармашылық еңбегі ұшан-теңіз десек, көлемді монографиялардың өзі қырықтан асып кетеді екен. Әдеби-сын зерттеулері өз алдына, ал мерзімді баспасөз бетінде басылған мақалаларының өзі қаншама десеңізші. С.Қирабаевтың әдеби, сыни еңбектерін арнайы талдау, зерттеу күн тәртібінде тұрған мәселе. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды.

 

1948 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде ақын Жақан Сыздықовтың «Қос қыран» атты жаңа өлеңдер кітабы жайында Серіктің рецензиясы жарияланды. Бұл оның баспасөз бетінде алғашқы жарық көрген сын еңбегі еді. Рецензия авторы КазПИ-дің филология факультеті екінші курсының студенті болатын.

Сын өнеріне икемін езіне де аңғартып, езгеге де байқатқан осы бастапқы енбегінен кейін, ол сыншылық жолға белді бекем буып түсе бастады. Қаламы да бірте-бірте ұшталып, өткірлене берді. Ойы да қанаттанып өсе берді…

Серіктің творчестволық жолына қарасақ, оның әдеби сапарының қатар жарасып келе жатқан үш саласын байқаймыз. Бір саласы — қазіргі әдебиеттің жай-күйі жайындағы, замандас қаламгер творчествосы хақындағы әдеби-сын мақалалары; екінші тармағы — ұлттық әдебиетіміздің даму кезеңдері, өсу жолының ерекшеліктерін сипаттайтын ғылыми зерттеулері; үшінші саласы — әдеби оқулықтар және әдебиетті оқыту проблемасын қарастыратын методикалық еңбектері.

Бізде сыншы деген атауды, көбінесе бүгінгі әдебиет мәселесіне белсене араласып жүрген қаламгерге, қатысты ғана қолданып, ал әдебиеттің өткен жолын зерттеумен шұғылданушы әріптесімізді әдебиет зерттеуші деп, екеуінің арасына сәл жік қойып сөйлейтін бір әдет бар. Әдеби икемнің қай жағы басым екенін керсету үшін айтылатын болар. Кейбір әріптесімізге қатысты айтылғанда, мүмкін, бұл дұрыс та шығар. Серікті сыншы дегенде, мен сол екі атаудың арасынан жік көре алмаймын. Мұның себебі, біріншіден, Серіктің сыншы ретінде жазған әдеби мақалалары мен зерттеуші ретінде жасаған еңбектерінен бір ғана ортақ сипат табамын, жеңілдің бетімен қалқымай, тереңге бойлап отыратын байсалды ойдың желісін танимын.

Екіншіден, оның бүгінгі әдебиет проблемалары турасында қозғаған сөздерінен әдебиеттің өткенін зерттеуге де қатысы бар келелі ойларды ұшыратамын. Ал, әдебиеттің өткенін сыр шерткен еңбектерінен қазіргі әдебиет мәселелерін де қамтыған ұшқыр пікір өрісін көреміи. Бүгінгі күн тақырыбы жөнінде ой толғай ма, әлде әдебиеттің кешегісі жайында сөз қозғай ма, қай-қайсында да сыншы Серіктің айнымай ұстанып отыратын шарты бар. Ол шарт — әдеби туындының идеялық-керкемдік құнын оның шындыққа қатысына қарап айқындап, қоғамдық мақсат-мұрат тұрғысынан бағалау.

«Әдебиет пен өнер .— мәңгілік әсемдікті жырлаушы. Нағыз керкем туынды бүкіл адам баласына барлық уақытта бірдей қызмет етеді. Бірақ бұған қарап, адамзатқа ортақ құбылыстарды дерексіз жырлай беру қажет емес.

Серіктің сын-зерттеу еңбегінің үлкен бір бөлімі — жеке қаламгер творчествосы туралы сез қозғайтын мақалалары. Бұларда қазақ совет әдебиетінің іргесін қаласқан әйгілі шеберлерден бастап, бүгінгі шаққа дейінгі әр буынның көрнекті өкілдерінің өнер сапары сипатталады. Және айырықша сүйсініп айтарлық жай: сыншы жазушы еңбегі туралы сыр шерткенде, қаламгердің бүкіл өнер жолына көз жіберіп, оның алғашқы қанат қағысын да еске алып, асқан асуларын да, көтерілген биіктерін де көріп, өнерпаздың кей-кейде мүлт кеткен сәттерінде де байқап. бірақ кең тынысын танып, жоғарыдан-жоғарыға шарықтап бара жатқан екпініне қуанады. Серіктің бұл топтағы мақалаларында жазушылардың творчестволық портреттері жасалды. Сыншының Жамбыл, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет, Баймағамбет, Мұхтар, Сәбит, Сабыр, Иса, Қасым, Мәжит Дәулетбаев, Мұқан Иманжанов, Сапарғали Бегалин, Ғабит, Ғабиден, Асқар, Әбділда, Ғали, Қалижан, Хамит, Жұбан, Кәкімбек, Тұманбай, Фариза, Оралхан т. б. қаламгерлер творчествосы туралы жазған сын-шығармаларында дәл осы сипат бар.

Серіктің ғылыми-зерттеу саласындағы бастапқы еңбегі — Спандияр Кебеевтің жазушылық қызметі туралы монографиясы (Ол бұл еңбегінің негізінде 1956 жылы кандидаттық диссертация қорғады). Бұған жалғаса жазылған монографиясы Ғабиден Мұстафин творчествосына арналады.

1962 жылы Серіктің «Сәкен Сейфуллин» атты монографиясы жарық көрді. (Ол осы еңбегінің негізінде 1964 жылы докторлық диссертация қорғады). Серіктің бұл монографиясы — қазақ совет әдебиеттану ғылымына ірі үлес қосқан, сонымен қатар, сыншының өз творчествосының де биіктеп өскенін танытқан елеулі еңбек болды.

Бұл еңбекте автор Ұлы Октябрь социалистік революциясы туғызған советтік жаңа қазақ әдебиетінің ту ұстаушысы — жалынды революционер ақын Сәкеннің жазушылық жолын жан-жақты терең зерттейді және бір адамның өнер сапарының бойын ғана қаулап кетпей, социалистік ұлттық әдебиетіміздің қалыптасу, даму кезеңдерін кең қамтиды.

Екіншіден, монографияда Сәкеннің жазушылық қызметі, енер сапары қазақ совет әдебиетінің даму, өркендеу жолымен тығыз байланысты зерттеледі, күрескер ақынның революцияның дауылды жылдарындағы шығармаларының сипаты, революционер; ақын творчествосындағы социалистік құрылыс жырларының ерекшелігі, Сәкеннің драматургиялық және прозалық туындыларының сапа-қасиеті — осының бәрі де советтік ұлттық әдебиетіміздің өрлеу кезеңдернің ақиқатын танытатындаи дәрежеде, сол өрлеп-дамудың әр кезеңінің түйінді мәселелері қамтыла   тексеріледі.

Кітапта Сейфуллин шығармаларының жаңалығы, ерекшелік белгілері заманның жаңалықтарына байланысты түрде сипатталған. Өз емірін езілген халықтың бостандығы, бақыты жолындағы күреске арнаған революционер ақын өзінің бүкіл шығармаларының идеясын осы мақсатқа бағындырды. Сейфуллин шығармаларындағы жаңа әуенді, соны сапаны, өзгеше ерекшелікті көрсетуге зерттеуші, міне, пікірді сол мәселеден шығарып, өрбітіп айтады.

Зерттеуші Сәкен поэзиясының ерекшелік белгілерін, революционер ақынның әдебиетке әкелген жана әуенін оның өлеңдерінің өзгеше құрылысынан поэтикалық тілінен ғана таппайды, ақын жырларының бүкіл рухынан, сарынынан танып айтады. Сәкеннің поэзиясындағы өршіл ақынның тәкаппар үні бар; бірақ Сәкен, Мұхтар Әуезов сөзімен айтсақ, «өзімен, өз табымен тәкаппарлық етеді». Сәкен поэзиясының осы қасиеті Серіктің зерттеуінде жан-жакты жақсы танылады. Автордың бұл монографиясы кейін екінші мәрте қайтадан басылып шықты.

Сыншы-ғалым Серік Қирабаев творчествосының үлкен бір тармағы — оның адебиет пәні оқулықтарын жасау саласындағы еңбегі. Бұл салада 1952 жылдан бері белсенді еңбек етіп келе жатқан ол — республика жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған қазақ совет әдебиеті оқулығының және қазақ орта мектебінің IX—Х-кластарына арналған қазақ әдебиеті оқулықтарының авторы.

Сыншы-ғалымның өнімді творчестволық еңбегімен қатар, ғылыми-қоғамдық және педагогтық қызметін де сүйсініп айтамыз. Серік Қирабаев — филология ғылымдарының докторы, профессор, СССР Педагогика ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі. Ол Қазақтың Абай атындағы мемлекетік педагогика институтында әдебиеттен жастарға дәріс беріп, көп жылдан бері ұстаздық қызмет атқарып келеді. Қазір Серік Қирабаев — Қазақ ССР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтының директоры. Сыншы-ғалымның әдеби творчестволық ісіне қоғамдық және педагогтық қызметтерін жарасымды ұластыра жүргізуінің өзі — ірі еңбектердің қасиетін танытса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.

Қаратаев М.Шеберлік шыңына.-Алматы:ҚМКӘБ,1963.-296 Б

2.

Ыбырайұлы М.Халықтық мінез хақында// Абай журналы.1996,№2

3.

Цейтлин А.Труд писателя-Москва:Сов.писатель,1962.

4.

Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы:      Жазушы, 1991. -572 б.

5.

Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 4 т. – Алматы: Жазушы, 1978. – 194 б.

6.

Ақшолақов Т. Көркемшығарманың эстетикалық табиғаты. – Алматы: Ғылым, 2001. – 430 б.

7.

Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2001. – 215 б.

8.

А.Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш. – Алматы, Жібек жолы, 2002. – 208.

9.

Майтанов Б.. Қазақ романы және психологиялық талдау. –Алматы, Санат, 1996. – 336

10.

Егемен Қазақстан, 2007. 22 наурыз 7 б.

11.

Бердібаев Р. Биік парыз. Алматы, 1980.

12.

Қабдолов 3. Әдебиет теориясы. Алматы, 1980.

13.

Қирабаев С Революция және әдебиет. Алматы, 1974

14.

Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті, Адматы, 2003.

15.

Қирабаев С. Шығармалар.1-2 том, Алматы, 1992.

16.

Көбеев С Орыңдалған арман, Алматы, 1986.

17.

Сүйіншәлиев X. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1991.

18

Сүйінпіәлиев X. ХҮ-ХҮІП ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1990.

19.

Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997.

20.

Сөзстан. Алматы, 1980.

21.

Уақыт және қаламгер. Алматы, 1975.

22.

«Ана тілі» апталық басылымы. 1991-1996жж.

23.

«Қазақ әдебиеті» газеті, 1989, №19, 5-желтоқсан.