АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Серік Қалиевтің шығармашылығы

М а з м ұ н ы

 

Кіріспе——————————————————————————————

 

  1. Серіктің ақындық шеберлігі

1.1  Табиғатпен тілдесіп, жырмен сөйлеп келемін————————-

1.2  Ақын жырларындағы көңіл-күй——————————————

  1. Дін – ізгілік діңгегі

(немесе мұсылманшылық ақын көзімен)———————————-

  1. Серіктің тағы бір қыры ————————————————————-

 

Қорытынды———————————————————————————-

Пайдаланылған әдебиеттер ————————————————————-

 

Кіріспе

 

         Тақырыптың өзектілігі: Жамбыл облысы қай кездерден – ақ өнерге бай өлке. Арыға бармағанның өзінде кешегі жыр алыбы Жамбылдың кіндік қаны тамған, кең алқабын Кенендер әнмен тербеткен, Қылышбай қылыш тілмен өлең өрген, Сауытбек Ақбөпесін «аңсап» өткен өңірде жырдың бесігі тербелмей қалған күн болған емес. Өнердің жасаушысы халық болғандықтан елдің іші қашан да кемел дарындардан кенде емес. Әр кезең өз тұлғасын тудырады, әр өнер иесі өз заманының жемісі.

         Бүгінде тамырын тереңге жайған текті Тараздың өнер өлкесіндегі тегеуірінді дарындардың бірі – ақын Серік Мақұлбекұлы Қалиев. Есімі Республика жұртшылығына кеңінен таралып үлгерген осы жерлесіміздің шығармашылығы бүгінде құнарлы топыраққа түскен дәндей тереңнен нәр алып, жапырағын кеңге жайып жайқалған бәйтеректей кемелденіп, жыл санап толыға, молыға түсті. Ақын осы күндері ірілі – ұсақты жеті – сегізге тарта кітаптардың авторы. “Шын мәніндегі өлең қандай болу керек?” деген сұраққа Серіктің жырлары толықтай жауап бере алады. Қазіргі күн поэзиясында өзіндік орны бар, қолтаңбасы қалыптасқан, ешкімге еліктемейтін, көкейінде тұрған, санасына тұнған ойды өзінше қорытып, өзіне ғана нақышты өрнектерімен оюлап бере алатын дара дарын. Ақынның мұндай дәрежеге жетуіне ізденімпаздықпен өткен ұзақ жылдар, шақша басты шарадай етердей жанға тыныштық бермеген шабытты шақтар, күрсінулер, қуанулар, жадыраулар, мұңайулар, бәрі – бәрі тиісті мөлшерде өз ықпалын тигізіп өткен еді. «Өлең деген тумайды жайшылықта, өлең деген тумайды қайшылықта» — деп Мұқағали ақын айтып кеткендей — өлең өмірдегі құбылыстардың сөзбен өрілген көркем суреті. Бүгінгі кезеңнің көркем әдебиетінің дамуына елеулі ықпал етіп, әдебиетке өз ерекшелігімен келген Серік шығармашылығы еленуге тұрарлық. Ешкім де тектен – текке еңбек етпесе керек. Қандай да бір бейнеттің түптің – түбінде берер зейнеті бар. Сол сияқты халық үшін атқарылған игі іс, халық үшін жазылған текті жыр ел алдынан ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір бағасын алу керек. Басқа емес, арнайы Серік Қалиев шығармашылығын таңдауымыздың негізгі осыда жатыр.

          Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Тақырыптың мақсаты — наным – сенім жағынан «қырық пышақ» болып жатқан қазіргі қоғамдық ахуалға Серік ақынның шығармашылығын негізге ала отырып, сол арқылы жауап беру, шешімін таппай жатқан түрлі рухани мәселелерге қатысты ақын жүрегінің күйн сезіну. Өз ұғым – түсінігіміздің деңгейін ақынның көзқарасымен салыстыру. Діни тақырыптардан өзге де өлеңдеріне жаңа қырларынан талдаулар жасау.

         Тақырыптың міндеті – жергілікті қаламгерлердің арасында да шашасына шаң жұқырмас жыр жүйріктері бар екенін, оның бірі диплом жұмысына арқау болғалы отырған Серік ақын екенін дәлелдеп беру. Сол арқылы ақынның әдебиеттегі өзіндік болмыс – тұлғасын даралау. Сан қатпардан құралған «шығармашылық еңбек» атты әлемнің көзге көріне бермейтін елеусіздеу тұстарын аттап өтіп кетпей, оның ой – қырына тиянақты түрде үңілу.

         Шындығында поэзия қалай көрсең сол қалпында ғана қалып, астарлылық дегеннен ада сипатта көзге ұрып тұратын бір қалыпты дүние емес. Бұл туралы Үнді халқының даналығы: «Поэзия туралы пікір айту үш соқырдың піл туралы әңгімелесуі сияқты» — дейді. Сондықтан өлең атты ұлылықты тек өзіміз көрген, өзіміз түсінген тұстарынан ғана қарай салмай, ол туралы танымымызды тереңдете түсудің мәні зор. Өлең – тірі организм, онда да мінез болады. Оның да шама – шарқына қарай ғұмыр кешу кезеңі болады. Сүйегі нашар, бітімі жаман өлеңдер ұзақ жасай алмайды. Ал, поэзияның бар талабына жауп беруге лайқты, ойлы да терең, мәнді де мағыналы өлеңдер өмір барда адамзат баласымен мәңгі бірге жасаса береді.

Алғашқы топтағы өлеңдер әлсіз дарындардың қаламынан туып, бақытсыз ғұмыр кешеді. Оларды тіпті «тірі өлең» деп атаудың өзі артықшылық.

Екінші топтағы өлеңдерді өмірге келтіру кемел де кемеңгер дарындардың еншісіне бұйырған ерекшелік. Ондай өлеңдер шынайы сезімнің тереңінен шымырлап шығып, ойдың озық даналығымен өріліп, көркемдіктің ғажайып түрлерімен көмкерілгеннен кейін сол болмысына лайықты ғұмыр кешеді.

«Өлең» атты бекзат дүниенің осы сипаттарына Серік ақынның шығармашылығы қаншалықты жауап бере алады, — біздің мақсат пен міндетіміз сол мәселерді талдау жұмыстарының төңірегінде өрбиді.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Серік Қалиевтің ақындығы туралы мұндаға дейін өнер сүйер жұртшылықтың аузынан арагідік пікірлер айтылып жатты. Ақын шығармашылық өмірінде біреуден мақтау естіп қуанды да, біреуден даттау естіп сыналды да. Әркім әр түрлі пікір айтты, әркім әртүрлі баға берді. Бірақ ақын шығармашылығында әлі де сол «пікір айтушылардың» назарына іліге қоймаған, бірақ арнайы тоқталуды қажет ететін тұстары баршылық. Соның бірі Серік шығармашылығындағы – психологиялық паралеллизм.

Диплом жұмысында ақынның шығармашылық жолы:

  1. Исламға келгенге дейінгі шығармашылығы.
  2. Исламға келгеннен кейінгі шығармашылығы.

деп екі кезеңге бөлінеді.

         Алғашқы кезеңге қатысты ғылыми жаңалық сол, Серік өлеңдеріне тән психологиялық паралеллизм алғаш рет талдаудан өтеді. Соның негізінде ақынның өлеңдері жайлы тың пікірлер айтылады.

         Екінші кезең яғни діни тақырыптарға байланысты өлеңдерінде Серік өлеңдерінің тәрбиелік мәні туралы сөз болады. Ақынның пікірлері қасиетті Құран – Кәріммен, Пайғамбар хадистерімен және Абайдың қара сөздерімен

толықтырып, салыстырылады. Серіктің көзқарасы мен өзіміздің көзқарасымыздағы «Алланы тану» мәселелері тілге тиек етіледі.

         Бұл жағынан әлі Серік шығармашылығына талдау жасалынбаған. Диплом жұмысы осы тың дүниеге қарай қадам басып, шама – шарқының жеткенінше талдау жасап көруімен бағалы.

 Зерттеу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негізі: Құран – жеті қабаттан тұратын мына ғаламат әлемнің шексіз де мәңгілік аудармасы. Құран – адамзаттың тәрбиешісі. Құранның негізгі мақсаты – адам баласының жан – тәнін кірден арылтып, рухына бақыттылық қанат тағып, жаннатқа лайық ету.

Алайда осы қасиетті кітаптың біздің халқымызды тәрбиелеудегі ролі қандай? Оның қазақша аудармасынан қазақтар хабардар ма? Хабардар болса неге ондағы айтылған өмір сүру бағыттарына лайық өмір сүрмейміз? – діни тақырыптағы ақынды толғандыратын негізгі мәселер осылар. Алайда, бұл сұрақтар тек Серікті ғана ойға салып қойған жоқ. Өзге дін адамдарын айтпағанда қазақтың бас ақыны, данагөй Абайды да ғұмыр бойы толғандырып өткен еді. Өйткені біздің бұл тұрғыдағы көзқарастарымызда кемістіктер көп. Оқымай – ақ, ізденбей – ақ дін мәселесі төңірегінде де өз ақылымыздың жеткен жерінен шешім шығара саламыз. Ал, ақын ең алдымен өзін туған халықтың мұңын – мұңдап, жоғын жоқтаушысы, жаны адал жанашыры. Батыс әдебиетінің биігінен бар ғаламға еңсе көрсетіп, елеулі ақынға айналған Гетенің: «Дүниеге қандай да бір сызат түссе ол ең әуелі ақын жүрегі арқылы өтеді» — деуі данышпандық. Қоғамдағы қай нәрсеге болса да алғашқы болып елеңдеп, алғашқы болып үн қосатын, осы – ақындар.

Серіктің діни көзқарастары өлең арқылы насихатталғандықтан оның шығармашылығын әсіресе өлеңнің атасы Абаймен байланыстыра қарағанды негізгі нысана етіп алдық. Сонымен қатар бұл зерттеу еңбекте ақынның жеке басының ұстанымы емес, оның өлеңдерінің тәрбиелік мәні туралы айту басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының корытындылары мен тұжырымдарын жалпы білім беретін мектептердің бағдарлы сатысында, таңдау бойынша оқитын факультативтерде, әдеби шығармашылық үйірмелерде қолдануға болады.

Зерттеу әдістері: Жұмыстың мақсат-міндеттерін шешу үшін жинақтау, сұрыптау, талдау әдістері қолданылды.

 Құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеті,  ғылыми жаңалығы, зерттеу нысаны және құрылымы туралы сөз болады.

Негізгі бөлім – «Серіктің ақындық шеберлігі», «Дін – ізгіліктің діңгегі», «Серіктің тағы бір қыры» деп аталатын үш тақырыптан тұрады.

Қорытынды бөлімде диплом жұмысының жалпы түйіні жайлы әңгіме болады. Жұмыс барысындағы баяндалған сан – қилы пікірлер жинақталып, бір қорытындыға келтіріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер — негізгі әдебиеттер, қосымша әдебиеттер және баспасөз материялдары болып үш топқа бөлініп жазылады.

 

1 Серіктің ақындық шеберлігі

 

  • Табиғатпен тілдесіп, жырмен сөйлеп келемін

 

Болмысынан бойына — даралықтың, ойына – даналықтың нәрін жиған,  дархандығы – даладай, аңқаулығы – баладай, арда халқымыз “Найзаның ұшымен, білектің күшімен” сырт көздің “сұғынан” қорғап, бүгінгі біздерге аманат етіп қалдырған құс қанатын талдырардай ұлан – ғайыр мекенін текті өнермен тебірентіп келді. Қазақтың әр аймағы әуелеген әннің, күмбірлеген күйдің, жалыны ыстық  жырдың бесігіне бөленіп, маң даланың төсінде небір маңғаз дарындар асыл өнерге алқалы топты ұйытып, тарих тасына аттарын қашап жазып, соңдарына өшпестей — өлместей мұралар қалдырды. Әр рулы елдің өз “мықтысы”, әр өңірлі өлкенің өз мақтанышы болды. Солардың арасында әсіресе Әулиеата топырағының алар орны ерекше. Бұл аймақ қашаннан да өнердегі өресі биік өр ұлдардың мекені еді. Кешегісі мен бүгінгісі қосып есептегеннің саусағын саннан жаңылдыратын Жамбыл облысындағы әсіресе жыр жампоздарының әдебиет әлеміне қосқан үлесі ұлан – ғайыр. Ақындық мектебінің тамыры тереңде жатқан осы мекенде туған бүгінгі таңдағы  поэзия жанрының өрен жүріктерінің бірі – ақын Серік Мақұлбекұлы Қалиев [1; 109б].

Серік 1962 жылы қазіргі Тараз қаласының тақау маңындағы Амангелді ауылында дүниеге келген. Әкесі Мақұлбек адалдығымен де, адамдығымен де айналасына сыйлы адам болған. Сонымен қатар атағы алысқа жайлып кетпесе де Мақұқлбек қарттың екі сөздің басын бір ұйқасқа байлай білетін дарын, қабілеті бар болған көрінеді. “Әкеге қарап ұл өсер”… — дегендей Серіктің ақындық тағдыры әуел баста әкеден берілген осы “екінің біріне, егіздің сыңарына” қонып, дари бермейтін ерекше өнерді жан – тәнімен сүйе біліп, шексіз құмар болған бала кезінен бастау алыпты. Сөзіміз дәлелді болуы үшін ақынның әкесі туралы жазылған мына бір өлең жолдарын мысалға келтіре кетейік:

…Үлестіріп жақсы сөз жан басына,

Жүріп келем көше өрлей мен де асыға.

“Әкесіне тартпаған” деген сөзден,

Ауыр сөгіс мен үшін бар ма сірә?

[2; 6 б].

 Осылайша басталған Серіктің шығармашылық жолының жемісті тұстары сол кезде өшіп барып, қайта жанданған айтыс өнерімен тікелей байланысты болды. Серік халыққа алғаш айтыс ақыны ретінде танылды. Көзі қарақты көрерменнің есінде болса ол кездегі айтыстың талабы мен тәртібі қазіргіден мүлде басқаша болатын. Өйткені ол “Кеңес үкіметінің” қылышынан қаны тамып тұрған заман еді. Сондықтан айтыстағы жырлануға тиісті басты тақырып ауылдар мен аудандардың, шаруашылықтар мен ұжымдардың жетістік, кемшіліктері болатын. Айтыстың тәртібі бойынша жереби арқылы бір жұпқа түскен екі ақын аз дегенде ай бұрын бір – бірінің елді мекенін аралап, олқы соғып тұрған тұстарын қағазға тізіп алып, өз ауылының жетістігін мақтап, қарсыласының ауылының кемшілігін даттап айтысатын. Қысқасы, қазақтың ғана маңдайына бұйырып, қазақта ғана дамып, кемелденген қасиетті өнер “амалсыздан” саясаттың сойылын соқты. Айтыс қазақ сахынасына қайта оралған сексенінші жылдардың басында алғашқылардың бірі болып Қатимолла, Қонысбай, Аяз, Тәушен, Әсия, Әселхандар шықса – екінші толқын ақындары осы Серік пен оның Жандарбек, Есенқұл, Жадыра, Әзімбек сияқты көптеген замандастары болды [2; 3б].

Міне, сол тұста бір тәртіпке бағынып, қатып қалған қазақ айтысына Серік өзіндік ерекшелігімен еніп, тың серпін әкелді. Серіктің сол кездегі басты жаңалығы – жұпыны ғана жұптала салатын жұтаң өлеңнің өн бойына қан жүгіртіп, жұртшылықтың жүрегіне жылы тиетін сұлу да сырлы лириканы айтыс сахынасына алып шығуымен өлшенеді. Сондай – ақ елді бір мезетте сергітіп, айтыс тыңдауға деген ықыласын оята түсетін қазақы қалжыңға жүйріктігі де ақынның абыройын асырып, тыңдарманын тәнті етіп, оған деген елдің махаббатын арттыра түсті.

«Бірде Серік пен Үміт Битенова айтысып отырады. Әңгіме Үміттің егіз ұлдары жайлы болып кетеді. Сонда Серік:

Не білесің Үміт – ау, не білесің?

«Жеңемін»! деп Серікті желігесің.

Жинап – жинап баланы бір – ақ туып,

Қайта – қайта туғанға ерінесің!» —

деп жауап қайырады [3; 27б].

Серіктің мұндай аяқ асты табылған әдемі қалжыңдары мен тамаша тапқырлықтарын тізе берсек өз алдына бір үлкен әңгіме.

         «Ұстазы пейілді болса, шәкірті зейінді болады» — дейді дана халқымыз. Айтыс жайлы әңгіме қозғағанда Серіктің тағы бір атап өтетін үлкен қыры – ұстаздығы. Облыстардың топтық айтысында бір кездері Жамбылдықтар Семей ақындарынан үлкен жеңіліс тапқаннан кейін біздің айтыскерлердің намысына шоқ түскен шақта облыста ақындар мектебі қайта құрылды. Серік сол мектептен тәлім алған ақындардың сахнада өрелі өнер көрсетулері үшін өз кезінде аянбай тер төкті. Қазір «қазақ айтысының Жамбылдан кейінгі феномені» [5; 5б]. атанған Мұхаметжан Тазабеков белгілі ақын Айтмұхамбет Исақовтың шәкірті екені жергілікті жұртшылыққа аян. Сол Айтмұхамбеттің өзі Серіктің шәкірті. Бұл туралы жуырда ғана жергілікті телеарнаның «Баяғыда» атты хабарында ақын Шорабек Айдаров баса айтып өтті. Одан өзге Ахметжан Өзбеков, Айнұр Тұрсынбаева, Мадина Сәбденбекова сияқты бір топ жас ақындар да осы Серіктің шәкірттері. «Өзі төбе көрсетпесе талантты табу оңай емес» — дейді белгілі жазушы С. Мұқанов [5; 150б] Бойында жыл еткен ұшқыны бар жастардың дарын қабілетін кісі емдеген тамыршыдай дәл басып, оларға бағыт – бағдар сілтеген Серіктің жанкешті еңбегі ақталды. Осы аталған есімдер қазір шаршы топты шаң қылып, талай – талай дода жарған қуатты айтыскерлер ретінде бүкіл Республика жұртшылығына танылып үлгерді. Абайдың:

       Ақырын жүріп, анық бас,

       Еңбегің кетпес далаға.

       Ұстаздық еткен жалықпас,

       Үйретуден балаға — [6; 135б].

дегеніндей осы еңбек, осы бейнет еш кеткен жоқ. Шәкірттері ұстаздарының үміттерін ақтады. Бүгін қазақтың айтыс өнері кемелденіп, дами түсті десек осы өнердің тасын өрге сүйреген талай – талай шәкірттер дайындау арқылы атысты алға тартқан арда ұлдардың бірі Серік ақын екенін естен шығармағанымыз жөн.

         «Өмір — өзен» — дейтін өрелі сөз бар халқымызда. Расыда да солай, ол бір орында тұрмайды, үнемі алға жылжу үстінде болады. Өнер де сол сияқты. Егер теңіздің немесе көлдің жағалауына барып айнадай жарқырап жатқан айдынға қарап тұрсақ толындардың артқы легінің алдыңғысын қуалап, жағаға шығарып тастап жатқанының куәсі боламыз. Осы мысалдағыдай қашан да өнерге  жас буын өкілдері келгенде «ескі» топтың толқыны бірте – бірте оларға орын босатып, шетке қарай ығыса береді. Бұл туралы тағы да Шорабектің «Ақын сахнадан жалыққанынан немесе өлең таппай қалғанынан кетпейді, ол «модадан» қалып қалады» деген сөзін мысалға ала кеткенді жөн көрдік [8; 75б]. Сондықтан, ақын берерін беріп болды, енді одан елең еткізер жаңалы күтудің қажеті жоқ деген тоқтамға келу орынсыз. Өйткені ақын қашан да ақын күйінде қалады. Бойына сүтпен еніп, сүйекке сіңген қасиетті қабілет оны ешқашан да тастап кетпек емес.

         Серік айтыс сахнасынан кеткеннен кейінгі өмірінде де көптеген елеулі еңбектер атқарды, ірілі – ұсақты жеке кітаптары жарық көрді. Атап айтар болсақ олар; «Отыз тістен шыққан сөз», «Ақмоншақ», «Жұлдыз сезім», «Егіздің сыңары», «Ғашық хат» тағы басқалар. Сонымен қатар ақын өлеңдері Облыстың ақын – жазушыларының шығармашылығынан құралған «Ұжымдық жинақтарға да» енген. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсатына көшпестен бұрын енді Серіктің осы кітаптарында жарияланған өлеңдеріне пікірімізді білдіріп, талдаулар жасап өтейік.

         Психологиялық паралеллизм арқылы жүректегі сезімін, жастық тілегін табиғат құбылысымен шендестіру бағзы заманнан бізге жеткен сол бір ұлы сезімді одан сайын мөлдіретіп, ақындық шеберлікпен жырлау Серік Қалиевтің жырларына да тән қасиет. Махаббат сезімін, сұлу да сырлы сезімді табиғат көрінісімен шендестіре суреттей отырып, адам жанының әдемілігін, сұлулығын сөзбен өрнектейді. Ақын сол жан сұлулығын жырға қосады. Асқақ та пәк жан сезімін табиғат көркімен астастыра жырлайды:

                       Жаз да кетті – ау дегенше әне – міне,

                       Көз жүгіртем жеткен күз әлеміне.

                       Басқа бір күн жылытқан жаным мынау,

                       Қызғанамын мен бірақ сені әлі де, —

Ақын күздің жеткенін жүрек түбіндегі сағыныш, аңсау сезімімен шебер қанаттастырады. Алдан тек табысуды ғана күткен пәк сезім иелерінің жолдары екі бөлек айырылса да бәрібір көңіл түкпірінде. Сол бір аяулы жанға деген мәңгілік сағыныш жүретінін шебер жеткізген. Мәңгілік аңсаумен, күтумен ғұмыр кешудің өзі кейде ауыр боп көрінгенмен, сол ауыр мұң тасасында үзілмеген үміт, түбі бір кездесерміз деген ешқашан орындалмайтын арман тұратыны да айқын. Тағдыр екі бөлектенгенмен мынау жалған дүниеде өзіңе іштей тілектес бір адам барын сезіп жүрудің өзі де бақыт емес пе?! Аппақ уыз сезім әмірінен шыға алмай, сол бір сағынған жанға өлең арнаған лирикалық кейіпкердің жаны мұңдылығымен, тазалығымен қызықтырады. Ешбір жан түсінбеген кезде де оңаша кетіп, сол бір санада сарытап сағыныш боп қалған жанмен жыр арқылы тілдесу тек ақын маңдайына ғана бұйырған бақыт:

                       Думан құрса, құс біткен жиылып ап,

                       Үндемейді монтиған бұйығы бақ.

                       Қиын, қиын — өмірде күтіп өту,

                       Ал, күтпеу ше – одан да қиынырақ.

         Табиғат құбылысы, табиғат стихиясы ақын көңілінде шабытты шағымен астасып кеткен. Сүйген жардың көңілге ұялаған жарқын бейнесін жүрек түбіне сағыныш қып сақтай білген ақын оны ешқашан да ұмытпайды. Шын сүйген жүректің оны мәңгі есте сақтауға, мәңгі күтуге құдіреті жетеді. Лирикалық кейіпкер өмірде сол бір бейнемен мәнді. Міне, осы ойдың нақты көрінісін әлгі бір психологиялық паралеллизм арқылы нәзік жеткізе алған. Осы ойды әрі қарай қозғай берсек шын сүйіскен жүрек, ұғысқан көңіл, табысқан тілек иелерінің бейнесін көреміз. Тағдыр жолының бұралаң, қиындығын іштей ұғынамыз. Нағыз адамгершілік пәк сезімді танимыз. Міне, Серік Қалиевтің махаббат лирикасы психологиялық паралеллизм арқылы философиялық түйін жасаған адам жанының әдемілігін, сұлулығын бейнелеген. Кез – келген адам мәңгілік ғашық боп өтпейді. Тек жан – дүниесі мөлдір де пәк адам ғана басқа бір жанды сүйіп, оған өмір бойы бақ тілеп, өзін сол жолда құрбан етуге де әзір болады. Оған ұлы Абайдың «Жарқ етпес қара көңілімнен» бастап барлық махаббат лирикасын куә етуге болады [9. 242б]. Ақынның адамгершілігі де, сол мөлдір де сұлу сезімді жырлауы да, ғашық жар бейнесін асқақтата, биік бір ұғыммен,мөлдір сезіммен бейнелеуінде. Бір адамды мәңгі сүйген жүрек бар адамға да жақсылық жасауға әзір. Өйткені ол сезім сырын біледі, нала мен мұңды да өз басынан өткергендіктен түсінеді.

       Дария жақтан көтерілгенде,

       Қып – қызыл болып қалқан – ай.

       Өбісіп тұрар от еріндерде,

       Бар еді – ау, бір күш қалқам – ай! –

Табиғат көрінісі мен өз сезімін қатар суреттей отырып, сол бір  шаққа деген сағынышын, аңсауын бір шумаққа сыйдырып жіберген. Жастық шақты сағыну, уыз күннің ақ арманын аңсау ақын жүрегінің өзгеше бір қырын, сезімталдығын білдіреді.

                       Сүйеді таңдар әуелі шыңды,

                       Жапырағын талдар үзбепті.

                       Сен айтқан әннің әуені сынды,

                       Себездеп ақ нұр бізді өпті, —

Таңды бірге қарсы алған ғашық жандардың хәлін таң шапағының тау шыңдарын шарпуымен, талдардың нәзік те әдемі жапырағымен қанаттастыра бедерлеген. Махаббат мәңгілік тақырып болғанмен, әр ақын осы бір мәңгі жас тақырыпты өзінше жырлаған. Ол ақын шеберлігіне, дүниетанымына байланысты екені баршаға мәлім [10; 309б]. Серік те өз ақындығының түпкі себебін сұлулыққа ғашықтығынан деп философиялық тұжырым жасайды. Шынымен, сұлулық, әсіресе, жан сұлулығы мынау дүниені жамандықтан қорғау емес пе? Психологиялық паралеллизм әдісін тамаша меңгерген Серік өлеңдерін алатын болсақ, ақын туған жеріне ғашық, туған елге ынтық. Өйткені, туған жердің бір қырында әкесі жатыр мәңгіге орын теуіп. Әке ақылын аңсаған, ақ сақалын сағынған бала әке қабірінің басына келіп былай толғанады:

                       Келіп тұрмын басыңа тағы, міне,

                       Қос түп жусан өсіпті қабіріңе.

                       Көзім алды көп елес бұлдыраған…

                       Бұлдыраған – даланың сағымы не?

Қос түп жусан — әке өмірінің жалғасы перзенттерін меңзейді.

Қос түп жусан…қалыпты солып бірі,

Көңіл құрғыр босайды көріп мұны.

Екіншісі қарайды бәрімізге,

Таңның мөлдір шығына толып түрі –

Әке қабіріне өскен қос түп жусан — өмір символы. Оның біреуі солып қалып, біреуінің таң шығымен мөлдіреп бүкіл дүниеге қарауында философиялық тұжырым бар. Бір өмір, әке өмірі солғанмен, әке жолын жалғастыратын ұрпақ бар артында. Қос түп жусанмен өз көңіліндегі әкеге деген сағынышын, көңіл – күйін қанаттастырып берделеуі ақын көңілінің жүйріктігін танытады. Ақын бар әлемді сүйеді, бар дүниеге ғашық [10; 471б]. Осы ғашықтық, әрине, ата – анаға деген махаббаттан, перзенттік сүйіспеншіліктен бастау алғаны ақиқат. Ақын туған жерін сағына жырласа да, тау мен өзен – көліне сағынышты сәлем жолдаса да әкесін тебіреніп еске алады. Таудың биіктігінен өз көңіліндегі әке бейнесін шарпыстыра отырып, тау — әке, әке – тау ұғымын қалыптастырады. Өйткені сол туған жерге деген сүйіспеншілікті алғаш жүрегіне берік орнатқан әке, әке ақылы, әке өсиеті. Әкесіз туған жер, туған жерсіз әке болуы мүмкін емес. Әкесін, ата – анасын ыстық ықыласымен жырлаған ақын туған жерді одан да ыстық, одан да отты жырмен жырлайды, жүректі тебірентеді:

Сезімге от, дәтке қуат сенен алам,

Өзім деп, өзегім деп келем аман.

Олпы тұрған сақадай оқшау төбе,

Оқшырайып қарадың неге маған?

 

«Суын іш, жапырағын жараңа таң», —

Деп сізді қалдырмап па еді маған атам?!

Тым суық қарсы алдыңыз неге бұлай,

Сазарған сартас мола, сағана там?

Ақын өз жүрегіндегі туған жерге деген сағынышты үн – түнсіз тұрған оқшау төбе, сазарған сартас, сағана там суретімен егіздей бедерлейді, нақыштайды. Алып – ұшып келген ақын көңілі мен үн – түнсіз қарсы алған төбе – төбе баурайындағы сартас мола, сағана тамдар қайшылықты көрінеді. Ата өсиетін жадында ұстаған ұлға туған жердің әрбір тасы да, әрбір моласы, тамы да қымбат.

Келіп ем тыңдайын деп сөз данасын,

Апырмай, сел еткізді – ау, көзқарасың.

Мұншама тосырқадың жарықтығым,

Танымай тұрған қарттай өз баласын.

Лирикалық кейіпкердің жан сыры арқылы оқырманның көз алдына өңменіңнен өтердей сынай қараған, суық жанарлы қарт елестейді. Алып – ұшқан көңіл лезде сабаға түсіп, сабырлы, ұстамды салқындылық үстемдік алғандай болады. Көптен келмей кеткенін лирикалық кейіпкер туған жердің тау – тасын өз атасы, әкесі кейпінде теңеу, суреттеу арқылы жеткізеді.

Басқа деп қарамағын тегі бөліп,

Еске алдым мен атамды сені көріп.

Әуелі танымай қап ол да сендей,      

Бір қысып ап сүйетін еміреніп…

 

Ал, қане, құшағыңды аш, сарыбастау,

Сары шалым секілді тебіреніп.

         Туған жерге деген қазақы ұғым, қазақы көзқарас. Туған жердің қадірін бір білген жан болса, ол – қазақ. Қазақ үшін кең даладан, тауы мен өзен – көлінен артық құдірет жоқ [10; 146б]. Сарыбас тауды өз атасының бейнесіне теңеп, жүрегіндегі сағынышын, аңсауын да қазақы мінез, қазақы психологиямен шарпыстыра жеткізген. Сары шал бүгінде жоқ. Бірақ сарышал жатқан атақоныс бар. Оқшырайып тұрған сарыбас тауды қазақтың ашушаң сары шалы кейпінде суреттей отырып, өз көңіліндегі сезімін жан сарайындағы толғанысты психологиялық егіздеу арқылы жеткізген. Өмірін ата мекенінде өткізіп, сонда туған жердің сынық сүйем жерін «жастанып жатқан сары шал – ата» бейнесі туған жер бейнесімен кірігіп кетіп,  философиялық түйін жасауға жетелейді. Туған жер, ата – ана, туыс – бауыр – бәрі – бәрі бір бірінен бөліп алуға болмайтын ұғымдар ретінде көрінеді. Көптен ат ізін салмаған баласын танымай қап, бір ұрсып ап тебіреніп сүйетін сары шал бейнесі бәріміздің жүрегімізге қандай жақын, ыстық болса, мидай жазық далада оқшырайып тұрған сары бас тау, сартас мола, сағана там да көңілге нұр құйып, жылы сезімге бөлейтін суреттер, бәрі – бәрі қазақтың табиғатына жақын, таныс көріністер. Ақын жырларында туған жер әр қырынан, әр түрлі бейнелеу құралдарымен жасалған күйде көрінеді. Ақын туған жер келбетін өткен күнге деген сағынышпен, аңсаумен жарыстыра, табыстыра нақыштайды. «Қысқы кеш» дейтін өлеңінде боранның ұлып, тау төбесіне төнген бұлттың түнеруі, қар борап, желдің ышқына үдеуі – лирикалық кейіпкердің жастық сезімі мен, көңіл дүрбелеңінен, сағынышымен егізделіп өріледі.

Боран, боран, бүлік қой бұл дегенің,

Созар екен қаншаға дүрбелеңін.

Ақ ұлпа қар, қасат бұлт сіреседі – ау,

Соны айтқым кеп тұрды да үндемедім.

Көңілдегі тәтті мұң, өкініш ақ ұлпа қармен қатар өріліп, сурет боп жеткізілген. Ақын бораннан да, туған жердің қыстағы ұлып тұрған дүлей боранынан да өз көңілімен үндестік табады. Ақын көңілі боранды да тәтті мұңға үйлестіріп суреттейді. Себебі, ол бар дүниеге ғашық. Туған жердің дауылы, бораны, көктемі, қысы, күзі ақынға ерекше ыстық. Серік өлеңдерін оқығанда жаныңды сағыныш сезімі баурайды. Ақынның өткен күндерге сағынышы жалпы жастық шағына деген сағынышы, ғашық жарды сағынуы, ата – анаға деген перзенттік сағынышы – туған жер келбетімен тұтас өріліп отырады. Негізі, қазақ халқына тән, ұлттық сезім – сағыныш сезімі бар халықта да өз көрінісін табатын шығар, алайда, қазақ халқында ерекше көрінеді [4; 97б]. Себебі, қазақ халқының табиғатына тән, осы бір сезім өз бастауын сонау көне замандардан алып келеді. Сағыныш сезімінің қазақ халқында оттылау да, тәттілеу көрінуі – табиғи.  Кең даланы мекендеген, қыстау мен жайлаудың қамымен жүретін қазақтар ағайын – туғанымен сағынысып көрісетін болған. Жалпы, қазақ халқының тарихында да күрделі соқпақтар көп, бұралаң көп. Кең даласынан айырылып, басқа жерге қоныс аударуға мәжбүр болған сонау «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңінен бастап, қаншама қиын кезеңдер өтті халық басынан. [3; 100б]. Содан да шығар, әйтеуір сағыныш сезімі қазақ ақындарында әр қырынан көрінеді. Серік те аса бір киелі сезімді өзінше толғайды. Тютчевтің ұстазы Райч: «Табиғат – бәрімізге ортақ, бірақ та ол бәрімізге бірдей емес және ол әр уақытта өзгеріп отырады» деген болатын [1; 201б]. Серік те табиғат құбылысын осы сағыныш сезімімен шарпыстыра, үндестіре отырып, өзінше жырлайды. Табиғат пен адам гармониясын өзіндік бояулармен өрнектейді.

Біз жоғарыда Серік шығармашылығына кіріспес бұрын оның ақындық шеберлігі жайында әңгіме өрбіттік және де бұл жерде Серік шығармашылығы тек психологиялық паралеллизм тұрғысынан ғана талданып өтті. Алайда Серіктің шығармағылығының өзіндік ерекшелігі туралы әңгіме осымен тоқталмайды. Ақынның алғаш қолына қалам ұстағаннан мұндаға дейінгі жазған дүниелері бір ғана емес бірнеше диплом жұмысына арқау бола алады.

Серік ақын есімі алғаш өнесүйер қауымға айтыскер ретінде танымал болғанымен оның өлеңнің балауса көк шыбығын поэзияның мәуелі бау – бақшасына әлдеқайда ертерек қадап қойғанын ел біле бермесе керек. Бүгінде ол балауса көк шыбық тамыры тарамдалып, нәрді тереңнен тартатын үлкен бәйтерекке айналған [12; 327б]. Демек, Серіктің өлеңдері поэзия дариясына өзіндік сыңғыр үнімен, еркелік ерекшелігімен келіп құятын әбден қалыптасып қалған, негізі мықты, дәстүрі орнықты арналы саланың бірі.

Ақынның әр кітабы өзінің өмірбаяны секілді, керек десеңіз шығармашылығынан елге берген есебі секілді. Жалпы автор табиғатында ақжүрек, мейірман, қиянаттың қылаудай, жамандықтың жасудай белгісі жоқ таза жан. Кез – келген шығарма иесінің мінез – құлқын, болмыс – бітімін оның жүрекжарды дүниесінен іздеу керек. Тіпті іздеп те қажеті жоқ, өзінен — өзі табылады, өзінен — өзі әр шумақтың, әр тармақтың тасасынан бой көрсетіп тұрады.

«Тазалық» өлеңінің алдында Серік былай дейді: «Ақындық жайлы әрдайым ойлаймын. Ақын кім? өлеңді жақсы жазатын, бірақ санасы сара емес, жүоегі таза емес адам ба, әлде, өлеңі ортаңқолды, бірақ жаны нұрлы, сезімі сырлы жан ба? Білмеймін, сұлу сөз, әдемі теңеулерге күдікпен қараймын…» Енді өлеңнің өзіне құлақ түріңіз:

…Көк түтіндей қалқиды мұң көңілде,

Бір жауқазын жүректің тұр төрінде.

Дәл осындай таза ауа күнде болса,

Таза жырлар жазылса күнде –күнде.

Поэзиядағы тазалық, оған қатысты талап осындай болса керек! Ал, тазалықтың таразышысы қай кезде де ақын!

Қазіргі жастар поэзиясы, шындығын айту керек, көьінде жарқ – жұрқ. Бір оқығанда керемет  сұлу. Тым тәтті. Таңдайыңды ойып жібереді. Тағы үңіліңіз. Сұлулықтың бірте – бірте әрі кете бастайды. Қолдан опалап, қолдан сүрмеленген жасанды сұлулық сияқты. Опа – майын, сүртіп – сүртіп тастап, қайта оқысаңыз, салмақсыз, қызылды – жасылды бояуын қалыңдап жаққан сүреңсіз өлеңнен жалындап шыққан табиғи үн таба алмайсыз. Айқай – шуы құлақ жаратын,айқыш – ұйқыш прожекторы көз қарықтыратын дискотека дерсіз [13; 5б]. Серік поэзиясы дискотека емес, тұшындыратын, таңдайыңды оймайтын, қайта сөлді дәм қалдыратын, тербетіп – тербелетін, жүрек соғысын жақыннан сезіндіретін би падишасы — әсем вальс секілді. Шаршамайсың, балқисың. Әдемілікті ұстап көресің, оның қияли ғана көрініс немесе елес емес екенін ұғынасың, шындықты, шынайылықты мойындайсың.

    Баламды еркелеткенде

    Сағынып кетем әкемді.

Шынайы.

    Күн өкшелеп келеді Айды қашқан,

    Булығады бұлттар қайғы басқан.

    Жуасыған жерімнің желкесінен

    Тістелейді кісінеп Айғыр – аспан!

Бұйығы, күнделікті тіршілігін бір қалыпты кешіп жатқан табиғатқа Серік осындай қызуқанды мінез беріп, одан сайын тірілтіп, асауландырып жібереді. Ол шын ақынның ғана қолынан келсе керек.

    Дәмді – дәмді дәмелер, көрсетіпсің бекер бой!

    Жақсы қыз да жатпенен тұрмыс құрады екен ғой?

Ақынға тән аңқаулық.

«Прокурор өпкем сені жазғырады…», «Адвокат бүйрегім саған бұрып…», «Көз – құлақ куәлікке келіп отыр…», «Аһ ұрып отыр міне Ақыл – қазы»… Осындай ойлы да орынды тіркестер өрнекшіл ақынның шеберлігіне ғана бағынатынын бәріміз де жақсы білеміз [14; 544б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Ақын жырларындағы көңіл-күй

 

Қазақ жырының керуен көшіне көрік беріп жүрген Серіктің қай жинағын оқысаң да, кең тынысты кемел өлеңмен қайта табысып, тұма бастаудың тұнығын сіміргендей күй кешесің. Су жорғадай тайпалған ақынның бар өлеңі сұлу сырға, нәзік сезімге толы.

  Сен білесің бе?

    Құйылғанмен көзіңнен қаныма нұр,

    Үйір ғой менің нәзік жаныма мұң.

    Дәл қасыңда отырып өзіңді әркез

    Мың жылдық сағынышпен сағынамын!

Ақынның қарлығаш жыры кеңістік көгінде шарқ ұрып, кербез көлдің айдынында жүзгелі қашан? Ол көл де, кеңістік те қазақтың қара өлеңімен қасиет – кие таныған қазақтың қаракөздерінің патша көңілінде.

Серіктің поэзиясында сырмақтың оюы, текеметтің түріндей соны өрнек, қанық бояу көп. Алғаш жарық көрген «Жұлдыз сезім» атты жинағымен – ақ ел назарын өзіне бұрған ерен ақынның ізгілік, тазалық, адалдық атаулыға іңкәр жүрегінің лүпілін сезбеу мүмкін емес. Әсіресе мына бір өлең – алғаусыз айтар сырымен, табиғи тұтастығымен сезімнің сері пернелерін тап басып, жаныңды бірде күйдіріп, бірде ысыта алатын қазақы өлең, аймаңдай жыр.

    Жаныммен қапа боп қалған

    Жолықтым.

    Сезімде кінә.

    Жылаңқы махаббаттардан

    Жалыққан кезімде мына.

Осылай басталатын өлең тілге де, ой сезімге де селкеу түсірмей ғажап орындалған. әрі қарай небір тосын теңеу ұлттық бояумен астасып, өлеңнің бағын жандырып, сөздің ажарын ашқан. Әр жолын оқыған сайын ақынның тіл шұрайының сонша жетіктігіне, сөз қолданыстағы ерекшеліктеріне тәнті боласың. Бұл оның кез – келген өлеңіне шырай беріп, рең кіргізер қасиеттер.

         Осы өлеңдегі:

       Жанарың жанған оттай боп,

       Жолықтың.

       Өзіңде кінә.

       Түксиген жарқабақтай боп,

                 Іш күйген кезімде мына [15; 48б].

Санаңа бірден кірігіп кететін сәтті теңеу, тәтті жолдар өлең сөздің бекзат болмысын айқындағандай. «Түксиген жарқабақтай боп» деген жолдың өзі – ақ бауыры да басы да тұлға – бітіміне көрік беріп тұрар көкжелекті, көкорайлы көрік – сымбаттан жұрдай болып, ен даланың төсінде ешкімге керексіздей меңірейіп тұрған тау бөлігінің сүреңсіз бір көрінісін көз алдыңа алып келеді. Іштейгі дәл осындай көңіл – күйдің «салтанат» құрған шағында кердескен кербез сұлуға қанша жерден көңілі ауса да, «гүлге оранған жапырақты бел, ажарында рең бойында жылуы жоқ жаман жартасты қайтсін» дегендей есі кете ғашық болып, шөліркеткен бақытқа қолы жетпей Мәжнүннің күйін басынан кешірген шын іңкәр жүрекке тән үркектік, шын ынтызар сезімге тән қыз алдына батылы жетіп бара алмау, құштарлығын айта алмау…

Сол өлеңді:

       Көңілді ел көп көсеген – ді,

       Жеңілген өзімде кінә.

       Айдалып кетпесе енді,

       Айналып көзім добыңа…

Деп түйеді ақын. Өз сезімін өзі қанша жерден тежегенімен, ес кетірер есер сезімнің алдында қауқарсыз қалып, бар дүниені көздің қарашығындай ғана бір қыздың жолына құрбан ету қаупінен сақтанған ақынның көңіл толғанысы өлең соңына осындай қорытынды береді.

Жалпы, Серік поэзиясы баыпты да байсалды мінезді, зерттеп, зерделеп оқуды қажет ететін құбылыс. Ақын жырлары шынайы да сыншыл, табиғи да сыршыл [16; 171б].

Табиғаты, кестелі тілінің сонша жақындығынан болар Серік ақынның өлеңі санаңа сәуле сіміртіп, сұлу саз, әдемі ырғағымен жаныңды тербейді. Әуезді үндестік әр дыбыспен үйлесім тауып, әсем ән тыңдағандай әсер етеді.

Сезімге толы жанарлар…

Жаралынып жүз жамалған.

Қабырғаларға қамалған,

Жұлқынған мына жүректі,

Жұбатар қандай амал бар?

 

Сезімге толы жанарлар…

Кеудемді кетті өртеп бір,

Елесі ме екен ертектің?

Мысы басты ма білмеймін,

Ұшырастым да селк еттім.

 

Сезімге толы жанарлар…

Қуатын менше сезген бе ел?

Несіне кештеу кез келді ол?

Қақпалап жүр ме періште.

Қаптаған мынау көздерден?

 

Сезімге толы жанарлар…

Еседі еліте самалды ән.

Самалға санам алаңдар.

Амал не, жадау жүректі

Оята алмайды жаңа арман?

Оята алмайды жаңа арман!

Сезімді аялар аяулы жыр. Үш – төрт шумақ жырға өкініш, сағыныш, мұң сияқты адам жанындағы асыл қасиеті, киелі сезімдердің бәрі сыйып кеткен. Сол асылдардың бәрі жаңағы Серік айтқан қыздың жанарында тұрғандай әсер аласың. Әдебиет теориясында аллетрация, ассонанс деп аталатын үндестік пен үйлесім – ақын жырларына тән қасиеттердің бір қыры [17; 313б].

Ақын ақпа – төкпелік өлең табиғатының тамырын тереңнен тартады.

Қара суда білгенмін  балық барын,

Қармақ салып алайда жанықпадым.

Қызықтым да, қарауға жалықпадым,

Қыздар деген қыздырма халыққа бұл.

Немесе:

Бозқырау түскен бозала таңда,

Боздаған бота мың үріккен.

Бозбала сезім мазалап сонда,

Бозборан қылып жүгірткен.

 

Сарыжапырақ ұшқан сарыала таңда;

Сарнаған бота мың үріккен.

Сарқылып төзім санада сонда,

Сабылтып мені жүгірткен.

         Серік поэзиясының келісті керімсалы ояу көкіректерді әлі талай желпиді. Жоғарыдағы жолдардан жыр жүректің лүпілі дүниенің дүбірі мен діріліне ұласып, сағыныштың сырлы ырғағы болып сыңсып, арманыңның айдынында аққулар ән салғандай арда бір күйге кенелерің ақиқат [18; 207б].

Серіктің кітаптарын оқи отырып, ақынның мұңын танып, сырын тыңдайсың. Ол мұң шынайылығыңа шырай кіргізер, санаңа серік, сезіміңе серт болар ұлы қасиеттерден құралып, махаббат тілінде сөйлейді, өлеңдегі өміршең өрнектердің өлмес ғұмыр кешеріне сенесің. Сене отырып «ақыл айтқыш ақындар», тақылдаған тақпақ пен ұйқы шақырар ұйқастардың жанкүйерлерді жалықтыра бастағанын мойындамасқа лажың қалмайды. Ал, Серік ақын жырларының шеберлікпен сомдалған табиғи болмысы шыңыраудан шыққандай шыншылдығымен сендіреді.

         Ақын қашан да ел рухының шырақшысы, өзі өмір сүрген уақыт жүрегінің кардиограммасы. Солай десек те ақын шығармашылығы ұраншылдық пен марапат – мадақ жырлардан ада. Бұл қасиет – талант тазалығын айқындап, оны талайлардан оқ бойы оқшаулап көрсететіндей. Тасмаңдай тағдырдың таразысы ақын сөзінің салмағын сонысымен арттырып тұрған шығар?

Саламат дедім көктемге,

Қанағат дедім өткенге.

Кеңшілік Құдай бегенмен

Кемшілік шіркін көп менде.

 

Оң көзбен көрсең, данамын,

Сол көзбен көрсең баламын.

Алуды біліп тұрсам да,

Беруді білмей қаламын.

Жыр да, сыр да, мұң да киелі бір нұрға шомылып алғандай. Ақын шеберлігі арқылы өмірдің мың – сан бояуы мен құбылыстары өлең болып өрепки төгіледі. Қаймана қазақтың жүрек төріне орын тауып, бүгінде ғасыр ақыны атанған Мұқағали ағамыздың «В жизни не знаю, а, в поэзий не врать» деген сөзін еске алайықшы. [19; 29б]. Серіктің жыры осы талапқа толықтай жауап беріп тұрған жоқ па? Әлем әдебиетінің әйгілі өкілінің бірі Марк Твен: «Біз, адамдар – ай секілдіміз. Бәріміздің бір – бірімізден жасырып жүрген көлеңке тұстарымыз бар» — деген пікір айтқан. Расында да солай, кез – келген адам — пенде. Бірақ анау – мынау кем – кетігін жұртқа жария етпей, қайта бір – біріне соншалықты ізгі болып көрінгенді жаны сүйеді. Ал, Серіктің ақындық табиғаты тазалығымен құнды. Оның поэзиясы ешкімнен сырын жасырмай, шынын айтуымен бағалы. Алайда ол мінез, «мен жаманмын» деп жар салу емес, қайта өлеңімен оқырманды ойландыру. Кейбір адамдардың өзіне көрінбейтін көлеңке тұстарын анықтап беріп, сол арқылы ізгілікке шақыру. Адамға «сен сондайсың» деп мінін бетіне айту ауыр тиеді. Ал, өз мінездерінің кемістіктерін өлеңнен оқып, өлеңнен көрсе оған ешкім де өкпелемейді.

Серіктің өлеңдері жан – дүниеңді додаға салар драматизмімен тұтас бір әлемді көз алдыңа әкелер уақыт тамырының бүлкілі сияқты, әрбір туындысы, әрбір өлеңінің санаңа қорғасындай жүк артар салмағы бар.

Серікке тән мінез, ширыққан сезім, шымыр ойдың қоспасы секілді талантының жемісі мәуелеп тұрады [20; 32б].

Серіктін өнерге қояр талабы биік, талғамы терең ақын екенін әрі шын жанашырлығын дәлелдей түсу үшін респуликалық «Дүние — дастан» газетіне жарияланған мына бір мақаласын тұтастай мысал ретінде келтіріп өтейік. «Даудың басы Дайрабайдың көк сыйыры» — дегендей әңгіме жергілікті композитор Сәрсенбек Бәкірдің әніне жазылған Серік Томановтың «Сезімді қайтем тулаған» атты өлеңіне «Әруақ» қоғамының басшысы Айдархан Сихаевтің «Сезімді сақта, сезімді бапта» — деп «өзгерту» жасағанынан басталды. Ол өлең «Жамбыл – Тараз» газетінің бетіне жарияланғаннан кейін Пернегүл Үсенова атты ақын қыз оған сын мақала жазады. Бұл мақаланы оқып, Айдархан мен оның айналасындағылар; «Дос адам едің ғой, мұндай мақаланы өзің редакторлық жасап отырған газет бетіне жариялатқаның қалай» — деп өкпе – назға толы қарсы мақала жазғандарында Серік оларға «Айдархан менің досым, ал, ақиқат одан да қымбат» атты мақаламен былай жауап берді:

«Бісміллә!» деп жауап жазуға оқтала беріп тоқталам. Өйткені айыптау хатын қайта оқығанда көзім теңіздегі өлі суға кездескен қайықтай ілгері жүзе алмай тұрып қалады. Жауап беріп ақталып жатпай, тек хатты ғана жариялап, арғы жағын өздерің біліңдер деп елге сала салған көп жеңіл сияқты. Бірақ хат жауап күтіп жатыр. Ә дегенде сауатсыз Сихаев, сауатсыз басылым «Жамбыл — Тараз»… дейсің деп жазғырады. Біріншіден П. Үсенова Сихаевтің өлеңге деген сауатсыздығын айтып отыр. Айдарханды қайта – қайта ғылым кандидаты деп ақтағаннан пайда жоқ, доктор, акадэмик болса да ол атақты өлең жазудан қорғаған жоқ қой. Екіншіден «Сауатсыз басылым» сөзі таза шағыстыру. «Мұндай дүниені өлең деп жариялаудың өзі ұят» деп тұр Үсенова. Бұл да Айдарханның өзіне қатысты. Бірақ, газет редакциясы «Бұл бізге де жасаған ескерту» деп қабылдай берсін. Онда тұрған не бар? Тілек айтқанның бәрін жау санай беру керек пе екен? «Серік өзі сол өлеңді оқып па? Оқыса «өлең – сөздің патшасы» екенін білетін жігіттің бірі – ау деп, мен ойлайтын Серіктің іші тар пенделердің бірі болғаны «…Айдарханның шыққан биігін көре алмай…» Менің өлең жайлы түсінігіме жылы лебізін айта өтіпті. Рахмет. Өзім де солай ойлаймын. Бірақ, «Өлең үшін өлгенше майдандасам» деген өз сөзім де бар. Меніңше, Айдарханның өлеңінен Пернегүлдің мақаласы көш ілгері. Бірде Пернегүл осы мақаласын әкеліп: «Сіздің досыңыз жаздым. Жариялайтын шығарсыз… Газетке шыққан өлеңін оқып көріңізші» — деп өлеңді де ұсынды. Екеуін де оқып болып, жариялауға келісім бердім. Не істеуім керек еді, «Жоқ, бұл материял нөмірге бармайды. Өйткені ол менің досым» — деймін бе? Қолымнан бар келгені материялдың ауырлау жерлерін жұмсартып, мұртын бастым. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ». Менің газетте отырғаным менің жақындарымның сыналмауына кепілдік бола алмайды.

 Ал, Айдархан екеуміздің көре алмайтын неміз бар? Екеуміздің де есепшотымыз бар, онда көк тиын жоқ. Мөріміз бар, оның қуаты жоқ. Ол қазаққа әруақты уағыздайды. Он бес ғасыр ислам жеңе алмаған қазақтың әруағына жақтасам дейді. Күлкілі. Аянышты. Шыққан биігі осы ма, мен көре алмайтын? Әлде ғылым кандидаты болғаны ма? Таяқ лақтырсаң доктордың басына тиетін заманда кандидаттың күні қызығатын емес. «Әруақ» қоғамы аса абыройлы ма? Ондай да ештеңе байқалмайды… Менің де күнім күн емес. Қарны аш, қалтасы тесік қазаққа бірдеңе айтқым келеді. Онымды керексініп тұрған ешкім көрінбейді. Әйтеуір алашапқын әурешілік. Өзіміздікі өзімізге дұрыс сияқты…

«Тырнақ астынан кір іздеуші демеушісі» деп мені айтып тұр. Айдарханда ала алмаған ақым бар көрінеді. «Әріптің тура түспегендігінен баспадан қате кеткен бірен – саран жолды тауып…» дейді. Баспадан қате кетпейді. Кетсе редакциядан кетеді. Бірақ, бұлай өз кінәсін өзгеден көріп, жалт беруі жарасып та тұрған жоқ. …Досына жағылған күйеге, ия, күйеге іштарлықпен айызы қануына…» «Тақырыбы атасының атын шымшылап тұрған…»

Мен Айдарханның күдікшіл екенін білетінмін, бірақ кекшіл екенін білмейді екем. Біреуді сынаған адамның арам, аяр, ішінде ит жидіп жататынын да білмеуші едім. Көрдік. Көндік. Хат иесі қатты кіжінген екен. Өткенде Айдарханның «өлеңін» көріп Пернегүлдің күйініп келгені мынаның қасында түк емес сияқты боп қалды. Бірақ, ол да ашуланған еді. Сын айтсаң, «күйе жаққан!» деп қарайтын заман келіпті. Егер отыз жетінші жылдар болса, мен «жапон шпионы» боп бірінші кетеді екем. Өлеңнің сиқы жайлы анық айтылып тұрған сөзді Сихаевтің сиқы деп өзгертіп тұрған өздеріңіз. Әрі қарай Айдарханның Бәукеңнің суретін маған тегін салып бергені, Баукеңнің сұсты жүзі тәубама келтірмегенін айтады. Жиырма жылдан бері оны пайдаланып келіппін. Айтқысы келіп отырғаны «Ақмоншақ» атты кітабымның сыртындағы қаламмен салған қыздың суреті Өз басым бұл екі суретті де газет пен кітаптың көрімдігі деп түсінген едім. Жиырма жылда досымның жиырма минут (Мейлі, жиырма сағат – ақ дейікші) уақытын алғанымды оны пайдаланып жүрмін деп есептемеппін. «Есептескен ел болмайды» — деген достар арасындағы азын – аулақ өткен – кеткен, алған – бергендерді қопарыстырған хат иесі Айдархан екеумізді бірдей жиырма жылдан бері білемін дейді. Ал, мен оны танымайды екем… Айдарханның өзі жақсылығым өтіп кетіп еді деп шын өкінсе, қорықпай – ақ қойсын. Өйткені:

Біреуге тәтті өтірік ұнайды нақ,

Біреуге ащы шындық шырайлырақ.     

Ұмытар едім кейде жақсылықты,

Жақсыңды ұмытпайды Құдай, бірақ! [20; 60б].

Ал, Құдайдан қайтқанына сенбесе өзімнен қайтсын. Ақысын төлейін. Хат иесі әрі қарай менің сауатсыздығымды әр мақаламнан тапқысы келеді. Тапқан сияқты болады да көкейіндегіні «көкиді» сөзін пайдаланады. «Мың жылдың арғы жағында өмір сүрген кісінің ұлтын анықтау да қиын». Міне, менің  саяси надандығым. Алпамыстың, Қожанасырдың, Айша бибінің ұлтын білетін сияқты. Мақала Манастың ұлты емес, Бауыржанның тұратын тұғыры жайында еді ғой. Бұра тартып «халық жауын» қолдан жасағысы келеді. Саз әлемінде жеті нота бар, бірақ сазгерлер одан жетпіс нота жасап алады. Жеті түс бар, одан суретшілер жетпіс түс жасай береді. Мысықтың көзі бес түрлі қара түсті ажыратады деуші еді. Біз адамды жақсы, жаман деп неге екіге ғана бөлеміз? Адамның таза, адал, сүйкімді, жағымды, сыршыл болғаны жақсы, сонымен қатар үлкен жүректі болса қандай ғажап болар еді! Бір сөз шамыма тиді деп ертоқымын бауырына алып тулағаны қалай ?  Құдай ондай қасиет бермесе ол дәрежеге ақылмен жетуге болмай ма?

Осы да кісінің жер – жебіріне жететін жағдай болмай ма?

Өз басым сыннан қорықпаймын. Өйткені жасырар құпиям жоқ. Тырнағымның астына үңіліп те қажеті жоқ, бар мінім көзге ұрып тұрады. Менде тіпті кемшіліктен басқа ештеңе де жоқ сияқты. Бұл шыным.

«Көңіл кірі айтса кетеді…» Айтылғаны дұрыс болды. Мынандай ауыр сөз адамның ішінде жатқанынан сыртқа шыққаны жақсы.

Жақсыға еткен жақсылық –

Арнап бір берген нармен тең.

Жаманға еткен жақсылық –

Ағып бір кеткен сумен тең –  деген.

Мен жұрттың, достардың жақсылығын өте көп көрген адаммын. Ұмытпауға тырысамын. Бірақ, сын айту жамандық жасау емес. Көп жыл бұрын баспаға берген кітабым тас – талқан болып сыналды. Әке – шешем ол сынды маған көрсетпей жүр екен. Оқыдым да күлдім. Өлеңімдегі өрескел салақтыққа өзім күлдім. Тура айтылған. Марқұм Шамсат Саменов радиода жұмыс істеуші еді, өлең жащсам сол кісіге апарып сынататынмын. Аямайтын. Маған сонысы керек еді. Айдархан да маған өлеңдерін оқытатын. Жаратпаймын. Жаман өлең жазып керегі не? Түнеу күні оның істеп жүрген тірліктерін әурешілік деп түсінетінімді айттым. «одан да суретіңді салып жатпайсың ба, сені танытатын суретің ғой» дедім. Ол сурет салуға жағдай жоқтығын айтып сылтауратты. Мен жағдай жасаймын дедім. Көп ұзамай арендаға бір бөлме тауып бердім. Ақысын төлеп тұруды мойныма алдым. Ол келмеді. Осы күнге дейін Айдархан атын әйгілейтін ең қажетті туындысы дүниеге келер ме еді, кім білсін? [21; 34б].

Менің Бағлан Омаров атты сазгер досым бар. Сол маған: «Сен ән айтпай  ақ қойшы» деп өтінгесін тойда, сахнада ән айтқанды қойдым. әйтпесе өз ойымша да, біраз кісінің пікірінше де тәп – тәуір әнші едім. Бірақ, досым бұл салада менен білгір болғасын тыңдадым. Сендім. Ақындық менің ғана меншігім емес. Қызғануға хақым жоқ. Ал, өнер аспанының тазалығы үшін бәріміз жауаптымыз. Сол аспан астында қара түтін бұрқыратып от жағып отыруына қарсымыз.

«Айдархан досым күйдіру үшін от жағып біреудің қолымен көсеу ұстап отыр деп айта алмын» деуі шектен тыс сенімділік – ау деп ойлаймын. Бұл жазғандарымды ақталу деп түсінбеген дұрыс, бұл тек сауалға жауап қана. Сөз соңында, мен хат иесіне алғыс айтпай кетсем, әділдік болмас еді. Өйткені ол Айдарханға шын жанашыр екенін шырқырап тұрып білдірді. Қатты, ауыр сөздерге дейін барды. Оның сөзін сөйлейтіндер, ол үшін қиналатындар бар. Сол үшін де рахмет. Мені қойшы, сырттағы біреумін ғой. Бар әңгіме бір – ақ нәрседен басталған – Пернегүлдің өлеңге деген көзқарасынан. Ол, әрине, өз пікірінде қалады. Мен де солай [22; 121б].

Мақала осылай аяқталады. Бұл мақаланы әрпін өзгертпей түтас беріп отыруымыздың екі себебі бар. Біріншісі: Серіктің қөркем өнерге деген көзқарасын білу, оның адамдар арасындағы анау – мынау түсініспеушіліктерге кіршіксіз таза перизат болмысының қандай сезімде болуын көзбен көру. Екіншісі: арада жылдар өтер. Бұл күндер де қайта оралмас сағынышқа айналып, бірте – бірте тарихтың сан қатпарлы тереңіне қарай сүңги берер. Сонда, арада мүмкін жылдар, мүмкін ғасырлар өткенде Серік ақын шығармашылығы біреулерді қызықтырып,  оны зерттейтін жандар табылып жатар. Сол кезде шаң басқан архивтердің бір қысынан осы диплом жұмысы табыла қалса келешек өнер жанашырларының бір керегіне жарап қалар деген мақсатпен осындай тоқтамға келдік. Автор бұл мақаланы өзінің «Қайрау» атты өлеңімен аяқтапты. Біз жоғарыда Серік өлеңдіріне ғылыми тұрғыдан баға беріп, талдау жасадық. Енді автордың бұл мақаласын достықтан да ақиқатты артық қойған ақындық серті деп түсініп, осы бөлімнің соңына нүкте қойғанды дұрыс көрдік.

 

 

2 Дін – ізгілік діңгегі

(немесе Мұсылманшылық ақын көзімен)

 

Серіктің ақындығы туралы ендігі жерде әңгіме қозғағанда оның шығармашылық өмірбаянын екі кезеңге бөліп қарастырған абзал:

  1. Исламға келгенге дейінгі шығармашылығы.
  2. Исламға келгеннен кейінгі шығармашылығы.

Жоғарыдағы  тарауда ақынның алғашқы кезеңдегі шығарамашылығы  талданды. Ал, бұл тарау Серіктің екінші кезеңдегі шығармашылық жолына  талдау  жасайды.

Әңгімемізді Абайдың қара он алтыншы қара сөзімен бастауды жөн көрдік. Ұлы ақын онда былай дейді:

«Қазақ құлшылығым құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса болғаны. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазамын ба?» дейтіғұны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болад тағы, тілімнің келмегенін қайтушы ед» дейді.

Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?» [6; 27б].

Міне, Абай заманындағы қазақ тұрмысына тән исламның ахуалы әлі солай. Өзгерген түк те жоқ. Тек аузымызбен ғана мұсылманбыз. Амалға келгенде бәріміз де ақсап жатамыз. Осы орайда бір нәрсені түсіну керек: Ислам тек арабтың ғана меншікті діні емес, ол адам баласына ортақ дін. Барлық ұлттар мен ұлыстарды ізгілікке үйретіп, бүкіл әлемді татулыққа, ынтымаққа, тазалыққа, адалдыққа шақыратын бірден -–бір рухани құндылықтардың қайнар көзі. «Прошу считать меня магометанином…» деп ұрпағына аманат айтып кеткен орыс әдебиетінің ұлы көсемі Лев Толстой: «Кез – келген саналы адамның түптің – түбінде табан тірер тұғыры – ислам діні» [22; 35б]. деген даналық пікір айтып кеткені Толстойдың тағылымына қанық қалың оқырманның қай — қайсысына болса да  аян деп білеміз. Демек, ислам – саналылырдың діні. Әрі ел арасындағы адамшылыққа жат оқшау әрекеттерді ешкімнің бақылауынсыз – ақ ретке келтіріп отыратын адамды тәрбиелудегі ең тапырмас құрал.

         Серіктің қазіргі мақсаты халыққа рухани азық болар бар жақсының бәрі осы ислам діні төңірегінде екенін ұқтыру. Абай атамыз қазақтың мұсылманшылығына жоғарыдағыдай баға берсе Серік «Біз» атты өлеңінде бұл туралы былай дейді;

Аќылдыњ аќсап пайымы,

Аќырет ж±ртын аз ойлай,

Д‰ниеніњ улап уайымы,

Ќарайды ж‰рек — ќазандай.

 

Ќайнайды ќаныњ саќырлап,

Ойында ж±рттыњ осы єлем.

Мешітке бармай, топырлап,

Мазарѓа ќарай ќашады ел.

 

Шулатып жермен жаћанды,

Шуаќќа т‰нек ш‰йліккен.

Тура жол тапќан адамды,

Турауѓа дайын билікті ел.

 

Асыѓы т±рып алшыдан,

Сайтанныњ сойќан айтаѓы.

Жаралѓан бейбаќ – тамшыдан,

Жаратќанѓа аќыл айтады.

 

¦ѓа алмай ќаќтым тањдай кµп,

¦яла алмаймыз неге біз?

¤зіміз мінсіз жандай боп,

¤згені ќатты сµгеміз.

 

Пайымдай алмай бойыма,

Пайдасыз ілім жинадым.

Шайтанныњ салѓан ойынан,

Шайќалды талай иманым. [23; 65б].

 

Расында да қазіргі біздің жағдайымыз осы өлеңдегідей емес пе? Жасанды жала жабудың жасадай да белгісі жоқ, бәрі де тура өмірдегідей. Бірақ өлең жолдарындағы кейбір сөздердің астарындағы айтар ойды дұрыс түсінген жөн. Мысалы: «Тіріге түскен құранды, өліге арнап оқытты» — деген жолдарда автор «өлген адамға құран бағыштаудың қажеті жоқ, ол дұрыс әрекет емес» дегенді айтпайды.бұл жерде біздің Жаратушыны тек басымызға жаманшылық түсіп, қасіретке тап болғанда ғана еске алатын қазақы мінезіміз сынға алынып отыр. Расында егер біз «Құран – Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» атты кітапқа үңілен болсақ ондағы сөздердің бәрі тек жер бетінде өмір сүріп жатқан бұл дүниелік адамдар үшін жазылғанын түсінер едік. Құранның өлген адамға қажеті  жоқ, пайғамбардың хадистерінен қарасақ оқылған Құранның оларға тек сауабы ғана баратынын түсінген болар едік.

«Судың да сұрауы бар» деген мақал тегін айтылмаса керек [16; 127б]. Кеудеңдегі жанның өзі жаратушының саған берген аманаты. Қазақша айтқанда «қамшының сабындай» ғана қысқа өміріңі неге жұмсадың, қалай өткіздің, оның бәрінің түптің – түбінде сұрау бар және соған лайық жазасы бар. Өз айқайыңның өзіңе жаңғырық боп жететініндей өмірдегі жақсылы – жаманды әректеттеріңнің бәрі саған қайырылып соғады, айналып өтпейді. Бұл жайында хадис:

«Ақыретте адам баласы: Өмірін қалай өткізді?, жастық шағын қалай өткізді?, дүниені қайдан тапты?, оны қайда жұмсады және қандай амал етті?, осы бес нәрседен сұралмайынша аяғы өздігінен алдыға жылжымайды» [27; 13б].

— десе Серік ақын осы талаптарға сай келмей сүріп жатқан өз өмірін де, өзгенің өмірін де көріп, Алланың қаһарынан үріккен жүректің қорқынышын былайша жеткізеді:

Ќап-ќара жалын тозаќтан ќорќам, тозаќтан.

С±п-суыќ хабар кеп жете ме деп со жаќтан.

Шыжылдап майлар, шатырлап с‰йек жанѓанда,

Лаѓнет айтып бес к‰ндік сынаќ жалѓанѓа,

Ібілісті ќарѓап т‰зу бір жолдан тайдырѓан,

Азапќа лайыќ, мазаќќа ѓана сай ќылѓан,

Мыњ шаќты емес, миллион жылѓа айдалып,

Ќор болар ма екем ќып-ќызыл шоќќа айналып. –

деп ұлы жаратушының тартапынан болар қатерден осыншалықты үрейленеді.

Егер біз жаратылыстау ғылымдарынан хабарымыз бар болса оттың әуелі қызыл болып, одан қатты қызуы артқанда әлгі қызыл түстің көк түске ауысатынын, ал оттың температурасы ең соңғы қатты қызу температурасына жеткенде қап – қара жалынға айналатынын білер едік [28, 89б]. Ал, моншаның ыстығына ары кетсе бір сағаттан артық төзіп бере алмайтын әлсіз пенденің күні оттың ең жоғарғы қызуы – қап -қара жалынға оранғанғанда қандай болмақ? Осыны айтып елге ой салуды көздеген ақын ары қарай азаптың «атасынан» секем алған жан сезімін төмендегідей жолдармен одан ары жалғастырады:

Адамныњ ±лы ем д‰ниеге мынау таралѓан,

Дєрежемді айтсам, періштеден артыќ жаралѓан,

Б‰гінде біраќ періште ќайда, мен ќайда,

Кім созар ќолын м‰шкілдеу біздіњ жаѓдайѓа,

Бауырларым да, бала-шаѓам, дос-жекжатым,

Шайќаспай беріліп,  шайтанѓа єскер боп жатыр,

Бєрі де «дана», бєрі де «кµсем» шетінен,

Дєуірлеп дєурен с‰руге мыќтап бекіген,

Аќырет ќамын жасамай ж‰ріп єлекпен,

Алланыњ ±лы мейірімінен дєметкен.

Сол оттан ќорќам, тозаќтан ќорќам. Тозаќтан.

Кµрмейді соны ќазаќтар біздіњ кµзі аќќан. –

дей келіп қоғамымыздағы шариғаттың тыйымына сай келмейтін «қотыр»

тұстарға мынадай дәлелдерді алға тартып, жыр өрімін ары қарай жалғастырып әкетеді:

Аѓылѓан солай параќорлардыњ парады,

Маск‰неміњ, єне, ќолтыѓына ќысќан араѓы.

Жемќорыњ анау — отырѓан єрењ тыныстап,

Зинаќорыњ ж‰р шоколад, шампан, г‰л ±стап,

Сопылар кетті Аллаѓа пірін серік ќып,

Зіркілдеп зікір салѓандарынан зеріктік.

Дымыњды білмес д‰мшелер кетті молда боп,

«Ќ±даймен ќоса, єруаѓым, µзіњ ќолда!» деп.

Сєуегей, балгер, тєуіптер кетті дес бермей,

Ќ±ранныњ ќатал ескертпелерінен сескенбей,

Єр тµмпешіктіњ єулие санап, асыѓа,

Мєрмєрдан µріп, кесене салдыќ басына.

Ќарасањ ќайда аѓыл да тегіл ысырап.

Ысталды кеуде Тєњір кєріне ±шырап.

¤нерде ж‰рген сезімніњ сансыз ќ±лдары,

Сендер де болдыњ атаќ пен дањќтыњ ќ±рбаны.

Аќын мен єнші серіліктен ептеп татса дєм,

«Оралыњ барда ойна да к‰л!» деп ќаќсаѓан.

Жазушы ќайтпек бауыры б‰тін, басы аман,

Кейіпкерлердіњ таѓдырын ойдан жасаѓан…

Сан ѓасыр б±рын баќилыќ болѓан кісініњ,

Ќиялѓа еріп саламыз сурет, м‰сінін.

Айтылѓан ѓайбат сµздерге сµзсіз жауап бар.

Саулайды тілден тірнектеп жиѓан сауаптар.

Ќалады ертењ ќарќ та ќарќ к‰лкі, ќалжыњыњ,

Тозаќта шµлдеп ішкенде ыстыќ, ќанды іріњ.

 

Жегеніњ сонда тікенек тектес ас болса,

Ата-анањмен де алмайсыњ онда достаса,  —

деген жолдармен Құран – Кәрім мен пайғамбардың хадистеріндегі қатты

ескертіліп айтылған мұсылманшылықтың шарттарынан асып өтетін әректтерімізді тізбелеп баяндап өтеді. әрине, бұл жердегі өлеңнің кейбір тұстарына көпшілігіміздің келіспеушік танытарымыз анық. Оған кінәлі ұзақ жылдар бойы халқымызды тілінен, дінінен, әдет – ғұрып, салт – санасынан айруды көздеп, басымызға әңгір таяқ ойнатқан кезіндегі Кеңестік өкіметтің идеологиясы екені анық. Ол саясат біздің ұлттық болмысымызды түбегейлі өзгертіп, ұлттық қасиеттерімізді түбегейлі жойы жібермесе де, қазақылығымыздың қаймағын шайқап, санамызға сары су үймелетіп жібергені анық. Біз көп нәрсені өзімізше түсініп, көп нәрсеге өзімізше баға береміз. Ал, шындығында қазіргі бағытымыз бізді қайда бастамақ? өзіміз діннен хабарсыз бола тұра ол туралы пікір айтуымыз жөн бе? Күман тудырардай бола тұрса да «білгішсініп» Құран мен хадистен тысқары дәлелдерге сүйеніп, дауласуымыз дұрыс па? Ойналарлық мәселе… [24; 21б] Сондықтан өлең жолдарындағы кейбір пікірлер көңілімізге қонбай тұрғанмен оны сынға алуымыз үшін үлкен дайындықтардан өту керектігімізді ескерген абзал. Сондықтан бұл жерде ақынның жалпы өмірдегі ұстанымы қандай деген сұрақтан гөрі, оның өлеңдерінің берер рухани қазынасының салмағы қандай деген сұрақ төңірегінде әңгіме өрбіткеніміз жөн.

Шайтанѓа тозаќ, жєннаттан оѓан ‰міт жоќ,

Солќылдаќтарды єкетіп жатыр ‰гіттеп.

Сондыќтан т‰скен тµрт кітап, сансыз пайѓамбар,

Саќтаныњдар деп сайтани сауыќ сайраннан.

Жаратушы µзі жµн сілтеп сені ќорѓаса,

Азѓырушыѓа ќашќыњ келеді алдаса.

Ѓибадат т‰гел, ќ±лшылыќ б‰тін болмаса,

«Ниетім т‰зу, ж‰рек таза» деу – далбаса,

Раббына ќ±л боп µмір с‰ргісі келмеген,

Т‰сінбей ќойдым тєкєппарсыѓан елге мен.

Кµз ж±мып барып, ел ішкен уды мен де ішкем,

Єдісі артыќ нєпсімді сонда жењбестен.

Сєл ерте білсем, сан соѓып ќалмай оњбастан,

Сєждеге мањдай тигізбес пе едім он жастан.

Ќ±рышты судай ќайнатќан пештен кµп ыстыќ,

Азаптан ќорыќпай єзєзілдермен µбістік.

Ќимастай ќызыќ, хараммен жиѓан мал-м‰лік

Сорлатар ма екен тµзгісіз отта жандырып?

¤ртеніп жатып µлейін десем µле алмай,

¤кірер ме екем µмірге екі келе алмай.

Біз ќайбір, достар, Пайѓамбар сынды асыл ек,

Асыѓып аќќан судаймыз ќ±мы, тасы кµп.

Шын м±сылман боп µте алмау – с±мдыќ ќасірет.

Жєрдем бер, Алла, жєннатты бізге нєсіп ет.

Ємин!

Өлеңнің соңы осындай ойларды айтып, осындай түйінмен аяқталады [25; 98б]. Саналы қазақ қайбір мәселенің төңірегінде әңгіме қозғай қалса да Абайды айналып өткен емес. Біз де Абайдан сөзімізге арқау болар не бар болды екен деп тағы да бір үңіліп көрейік:

         «Кімде – кім жақсы дүр, жаман дүр ғибадат қылып жүрсе, оны ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі – иманның иғтиқатын махкамелемек керек, екінші – үйрені жеткенше осы да болады ғой демей үйрене берсе керек…»  (он екінші қара сөз) [6; 31б].

Міне, Сеірк Абай айтқандай бұл өлеңде елді тура жолға шақырып қана қоймай, «ақ жолда» жүрміз деп ойлайтын кейбір шала сауаттылардың ұстанымына да тоқталып, Алланы біреудің айтуымен емес, өзінің ізденісімен, ақылымен танығанның дұрыс әрекет екенін айтып отыр. Жұртты имандықыққа шақырып, қанша жерден әрекет еткенімен елді теріске уағыздайтын бүлікшілер тек біздің кезде емес, пайғамбардың көзі тірі заманда да аз болмаған. Ондай «адастырушыларды» исламша терминмен «Бидағатшылар» деп атайды. Халыққа бақыттың да, басқаның да бәрі тек ешкімге жаманшылық жасамай, жоққа сабыр, барға қанағат қылып, имандылық жолымен жүргенде ғана келетінін түсіндірмек болып ақ тер, көк терге түсіп жүргенде өзі сияқты азаматтардың жолын кес – кестеп, кесірін тигізіп жүрген сондай ылаңшылдарға ақын былай дейді:

Ќиял ќуѓан бауырым,

Ќонсын кµктен ќ±с-кµњіліњ.

Иістеніп кетіпті

Исламнан тысќы µміріњ.

¦лттыњ ќамын жеген боп,

¦ѓымдыѓа тістендіњ.

Б±ра тарттыњ бєрін де

Б±йырылѓан істердіњ.

Алла сµзін «т‰зетіп»,

Єзєзілге к‰ш бердіњ.

Айтќандарыњ біліп ќой –

Білікті емес, б‰лікті ой.

Араб жаќќа емес б±л,

Адамзатќа т‰скен дін.

 

 

Зікір салып зіркілдеп,

Ѓибадатты ерсі еттіњ.

Есіл дінін Алланыњ,

Ертегі етіп кµрсеттіњ.

Айналып басыњ зырќырап,

Шыбындай жаныњ шырќырап,

Аузыњнан кµбік б±рќырап,

Мас адамдай шайќалып,

Шайтан мінез байќалып,

Елігесіњ ќиялѓа,

Желігесіњ зиянѓа.

Осы істеген істеріњ

Сау аќылѓа сияр ма?

 

 

Жаѓушы еді Тєњірге

Нєпсіге ермей ќашќандар,

Дінге енгізбес жањалыќ

Жаратќаннан жасќанѓан.

Уєдесі бар Алланыњ

Адамзатќа Ислам

Толыќ етіп тасталѓан.

Бастасањ µйтіп ылањды,

Орыс та салар ±ранды:

«Орайластыр, деп, Ќ±ранды

М±жыќќа к‰нде мас болѓан».

Аталарына сиынып,

Арабќа м±рнын ш‰йіріп,

Кµрмедім елді єсте оњѓан.

Шындыќќа жµн ѓой дос болѓан.

Ж‰ректі жібіт тас болѓан.

‡йсіндерге бір кітап,

Арѓындарѓа бір кітап

Т‰се бермес аспаннан!

         Ақын өлеңдері бір ойы бір ойды толықтырып, бір шумағы бір шумағымен астасып жатқандықтан әрі көбісі әлі баспа бетін көрмеген, Серіктің өз қолынан алынған дүниелер болғандықтан қысқартып – кеспей өлеңдерінің ұзын ырғасын толықтай мысалға алып отыруды жөн көрдік. Сонымен қатар өлеңнің әр жолы керекті, әрбір сөзінің өлеңнің мәнін ашуда атқаратын рөлі бар. Бұл өлең әлі сиясы кеппеген, ыстығы басылмаған дүние. Дәл қазір тедедидар арналарында да, баспасөз беттерінде де таңертеңнен кешке дейін «жын қуған бақсылардай басын шайқап» зікір салатын ағымдар қатты сынға алынып, үлкен талас – тартыс жүріп жатыр. Әрі оладың ұстанған ағымы, жүрген бағытының тура жол еместігі жан – жақты дәлелденіп, жалпы жұртшылықтың ақ – қараны ажыратуына мүмкіндік туды. «Ақын — өзі өмір сүріп отырған қоғамның барометрі» деген сөз әдебиетшілердің есінде болар. Сол айтпақшы, айналасында болып жатқан халықты адастырардай ұғым – түсініктерді көзбен көрген соң Серік ақынның ол төңіректе өзіндік пікір білдіріп, ақиқатқа араша түсуі – заңдылық [26; 70б].

Осы өлеңдерді жазғандағы, осыншама шыр – пыр күй кешкендегі ақынның

бар көксегені адалдық, кішіпейілділік, кешірімшілдік, бауыррмалдылық сияқты адами қасиеттер ғана. Елдің бақыты – оның бақыты. Туған халқы, ел – жұрты өзі көксегендей ізгіліктерге сай болса ақында одан өткен арман да жоқ. Ия, шынайы талант деген атқа лайық шын ақын сондай болса керек.

Кµктем етіп кµркейтсе де мањайын,

Кµріп ж‰рміз µкпешілдіњ талайын,

¤шігуді ќояйыќшы µзгеге,

Кешірімді болайыќшы, аѓайын!

 

Кµк нµсерін кµл етсе де жауындар,

Кµк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейіліњді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайыќшы, бауырлар!

 

Болашаќќа ќол ±стасып барайыќ,

Аќиќаттыњ ауылын іздеп табайыќ,

Кішірейіп кетпес ѓазиз басымыз,

Кішіпейіл болайыќшы, халайыќ!

 

Ел болѓанмен емеспіз ѓой онша кµп,

Сонда даѓы бµлінумен шаршап ек,

¤зімізге ќалайт±ѓын нєрсені,

Тілейікші µзгеге де болса деп.

 

¦лттыњ ќамын ж‰ректермен ±ѓынып,

Ж±рттыњ ж‰гін кµтерейік ж±мылып,

Ќаратайыќ ќ±былаѓа ж‰здерді,

Таратайыќ адамзатќа жылылыќ!

         Бір кездері «дін — апиын» деп оқытқан замандардың болғаны бүгінде әмбеге аян [7; 455б]. Солай болсын – ақ делік. Ал, апиынға уланған санадан жүрегіңді елжіретер, жан – дүниеңді тебірентер осындай сұлу жыр туар ма еді. Енді бүгін ондай пікір айтып, ондай тәрбие бергендердің бәрі ең алдымен адамшылықтың жауы екеніне төреші уақыт жұрттың көзін жеткізіп берді. Ал, дінсіздікті дәріптеген қоғам бізді неге апарып соққанын айтпаса да халық іштей түсінеді, түсінеді де күрсінеді. Халқымызда ата – анасын қартайғанда қаңғытып, қарттар үйіне өтікізу бар ма еді? Баланы нексіз туып алып көрінген қуысқа тастай салу ата – бабамыздан қалған салт па еді? Қазақы әйел еріне қарап ежірейіп пе еді? Қазақы бала бетіңе қарап бедірейіп пе еді? Өзге елдердің неше түрлі ғұлама ғалымдарын өзгеде жоқ тамаша қасиеттерімен тамсандырып, соншалықты ізгілікті бойларына жиғандағы аталарымыздың ұстанған діні ислам еді ғой. Осы орайда «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген халық мақалы еске түседі. Расында да әлемдегі бар нәрсенің егесі сол бір ұлы жаратушы Алла ғана. Ал, оны өлеңмен уағыздаудың жөні бөлек. Осы орайда хазіреті пайғамбар Мұхаммед Мұстафа Саллаллаһу Ғалеһи Уассаламның «Ақынның сөзінде сыйқыр бар» деген сөзін дәлелге тарудың маңызы ерекше [29; 111б].

Бұл тақырыпта жазылған Серіктің өлеңдері жетіп – артылады. Жұмыс ақын шығармашылығы туралы болғандықтан бұл бөлімнің де қорытындысын ақынның аталмыш тақырыпқа байланысты жазылған «Шырпы шумақтар» деп аталатын топамасымен аяқтауды жөн көрдік.

Ќираѓандай ќымбатыњ тасќа ќ±лап,

Жасыма дос, жанарыњ жасќа б±лап,

¤мір µтті деп µксу бекершілік,

Босќа µтті деп µкіну басќа біраќ.

* * *

Жоќќа санап жалѓанныњ бар жалтылын,

Жалѓыз ѓана Жаратќанныњ ал тілін,

Сынаќ µмір сындырмасын саѓыњды,

Жан ќиналмай жєннат ќайда, жарќыным.

* * *

Кµксемесењ кµруді мєњгі µртіњді,

Аќиќаттыњ алдында ал, бµркіњді!

Шындыќ шіркін ќай кезде тєтті боп ед,

Ащы дєрі жазбай ма бар дертіњді.

* * *

апќанын таяныш ќып харамменен,

Адам кµп ќажылыќќа барам деген.

Жарылќап мањдай термен жарлыларды,

Жаќпай ма Жаратќанѓа амалменен.

* * *

Жолын таппай жортатын жолдасым кµп,

Бєрімізді бір Алла оњласын тек.

К‰ні біткен к‰нєћар бейшараныњ,

Жањылыспа: «Єруаѓы ќолдасын!» деп.

* * *

Кµњілініњді тоќ ете ме малды екеніњ?

Білмейсіњ байлыќтан да мєн кетерін.

Ќорќасыњ бастыѓыњнан, ойламайсыњ,

Бастыѓы бастыѓыњныњ Алла екенін.

* * *

Ж‰рсе де кµкті мойын соза тіреп,

Біреуге б±л µмірдіњ µзі аќырет,

Жєннатты адам ‰шін жаратып ед,

¤леді біраќ кµп ж±рт тозаќы боп.

* * *

Иланѓын дінге болса егер есіњ,

Иманныњ нєріменен кµгересіњ,

¤зіње дейінгініњ несін алып,

¤зіњнен кейінгіге не бересіњ?

Аялдама секілді біздіњ µмір,

Кµлігіњ келген к‰ні жµнелесіњ,

Шайтанныњ ќызыѓынан аулаќ болсањ,

Алланыњ раќымына бµленесіњ.

* * *

Аѓуда µмір µзен лайланып,

Бетінде иірімі шыр айланып,

Бєрі де оќыѓанныњ ѓалым болмас,

Иманмен танымаса Ќ±дайды аныќ.

К‰нєні бізге тіпті деме бµтен,

Сауапты ±мытпауыњ керек екен,

Моншаныњ ыстыѓына шыдамаймын,

Тозаќта к‰нім ќайтіп кµрер екем?

* * *

Тілімніњ айтпаќ сµзім ±шында т±р,

Білімніњ сауапсызын ±сынба ќ±р,

Орнасын м±сылмандыќ ж‰регіње,

Болмасын т‰сіњ м‰мін, ішіњ кєпір.

***

Сіњіріп иман н±рын ж‰регіње,

Ќ±дайѓа ќ±лшылыќ ќыл шын егіле,

Кµктемде-аќ кµктей солѓан шыбыќтар кµп,

Кім кепіл к‰зге дейін ж‰реріње?

* * *

Алланыњ айтќандары ±намаса,

Алмассыњ оѓан онша ќ±лаќ аса.

Тозаќќа ќанша шыдай алам десењ,

Соншалыќ б±л µмірде к‰нє жаса.

* * *

Аз емес шайтан шалып аќсаѓандар,

Білмейді соны µздері бєтшєѓєрлар,

Жәннатта қаншалықты болғың келсе,

 

 

 

 

3 Серіктің тағы бір қыры

 

         Ақын Серік Қалиев туралы әңгіме болғанда оның «ел аузындағы» қазақы қалжыңдарды жинастырып, кітап етіп бастырғандағы еңбегін айта кетпеуге болмайды. Бұл жинақ 1997 жылы жергілікті баспадан «Отыз тістен шыққан сөз» деген атпен басылып шықты. Кітапқа Жамбыл облысы ақындарының, сондай – ақ тілге шешен, сөзге жүйрік адамдардың айтқан әзіл сөздері енген. Осыған қарап Серікті сатира жанрының жандануына да елеулі үлес қосқан азамат деп бағалауға әбден болады. Оқи отырып ақынның өзінің де, орынды пікір, орнықты әзілге таптырмас шебер жан екеніне көзіміз жетеді. Бұрын айтыстарын естіп, өлеңдерін тыңдап жүрген таныс тұлғаларда да бейтаныс қырларынан танимыз.

         Кітапқа топтастырылған әзіл – қалжың сөздер жай күлкінің ғана әңгімелері емес, жастарды тәрбиелейтін, тіл ұстартуға барынша көмектесетін құрал іспетті. Кітап қалың оқырман үшін өте қызықты дүниелерге толы.

         Қазақ даласа қандай шұрайлы болса, тілі сондай шырайлы. Бір ауыз сөз ел тағдырын шешкен. Жер дауы, ел дауы, жесір дауы құдіретті тілдің үкіміне бағынған [27; 147б].

         Қожанасыр хикаялары, Алдардың әңгімелері, Тазшаның тапқырлықтары сияқты кешегі би – шешен бабаларымыздың қазыналарының қатарын толықтырар бұл жинақ оқырман үшін қызықты. Енді солардың бір – екеулеріне тоқталып өтсек:

         Толымбектің (Әлімбекұлы) «Ара» журналында істеп жүрген кезі екен. «Әне үй  береміз, міне үй береміз» деген уәдемен әбден шаршапты. Бірде қызметке ол ұлы Тұрсынды ерте келеді. Жаратылысынан қолды – аяққа тұрмайтын ерке Тұрсын салып – ұрып «Араның» бас редакторы Қалтай Мұхаметжановтың кабинетіне баса – көктеп кіріп барады. Кішкентай баламен әңгімелесіп дәлізге шыққан Қалтай Мұхаметжанов баласын іздеп жүрген Толымбекке:

         — Әй, Толымбек, мынау сенің ұлың ба? – дейді.

  • Ия, менің ұлым.
  • Екеуміз әңгімелестік. «Қатын алайын десем папам алдырмай жүр» — деп,

үстіңнен шағым айтты. Неге қатын әпермей жүрсің? – дейді онсыз да қалжыңқой қаламгер.

Ұрымтал тұстың осы екенін сезген Толымбек:

  • Байқұс бала алған қатынын қайда паналатар екен, әкесінің әлі күнге дейін үйге қолы жетпей жүр – депті
  • Қап, өзіме де обал жоқ! – деп, Қалекең санын соғып бұрыла беріпті.

* * *

Екі жасқа енді келген Серіктің ұлы Қошқарбайдың туған күні болады. Оның  

тойындағы асабалық міндетті достары Қасқырбай ақынға жүктейді. Байыпты басқарылған туған күн соңы басалқалы әңгімеге ұласып, қазіргі қазақ халқының ауыз біршілігі мен ынтымақтастығы туралы сөз етіседі. Сонда Серіктің Бегалы досы:

  • Ынтымақтастықтың басы осы деп біліңдер. Бүгін Қошқардың тойын

қасқыр басқарды ғой  — деген екен [2; 30б].

         Міне, осы сияқты әзіл әңгімелерден құрылып, оқырманын бір сәтке болса да дем алдыратын қалжың кітап тек қана күлкі сыйлап қоймай, сонымен қатар қазақтың тілінің қаншалықты сұлу, қаншалықты икемді тіл екеніне тағы да бір көз жеткізеді. Ойсыз айтыла салған ештеңе де жоқ. Бәрі өзінше әдемі әрі әрлі әзілдерден құралған кітап пышақтың қырындай жұқалаң бола тұра үлкен салмаққа ие. «Халық айтқыштары» атты айдармен тарлатын кітаптарға бір сала етіп қосуға әбден болады.

Тараз өңірі – ежелден ақындарға, өнерпаздарға бай өлке. Оның ішінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, шығармаларында белгілі бір ортақ әдеби дәстүрлер қалыптасқан, Жамбылдың ақындық мектебімен қанаттаса, сабақтаса дамыған үлкен бір ақындар шоғыры өзіне көңіл бөлуді керек етеді. Бұлардың поэтикалық мұралары сол тұстағы әдебиетіміздің дамуының сипаттарын аша түседі. Осы себептерден де Тараз өңірі ақындарының шығармашылық ерекшеліктері зерттеу тақырыбы етіп таңдалып алынды.

«Біздің поэзия өзінің өткен тарихтық тегінен үзіліп, төркінсіз әдебиет болып кеткен жоқ! Халықтың асыл мұрасының үлкен арнасын саналы мұрагер есебінде үлкен көлемімен ілгері қарай жақсы дамытып, асырып, өсіріп келеді» [1; 149 б], – деп М. Әуезов жазғандай, әдебиетіміздің асыл қазыналарын түгесіндеп, анықтай беру – бүгінгі өскелең әдебиетіміздің дамуының бір белгісі болмақ.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Тараз өңірі халық ақындарының ақындық дәстүрі қазақ әдебиетінің тарихи дамуында мазмұн-түрінің аса бай және саналуан екенін айғақтай түседі.

Әдебиеттің жан-жақты дамып, барлық жанрларда қарыштап өскен, ұлттың рухани сұранысына жауап берген бай-бағылан дәуірін тудырған ХХ ғасыр қаламгерлері, олардың ғұмыры, тағдыры, шығармалары туралы бүгінге дейін айтылып келген пікір, талдау, зерттеу енді жаңа тұрғыда толығып, соны пайым, жинақтау тұжырыммен қоюлана түспек. Жасыратыны жоқ, кеңес өкіметі құлап, компартия билігі құрығанға дейінгі жетпіс жыл бойы әдебиет, өнер, гуманитарлық ғылымдар марксизм-ленинизмнің аузына қарады, соның ішінде әдебиетке де зорлықпен енгізілген қисындар көп болды. «Сондықтан да
ХХ ғасыр әдебиетін жаңаша пайымдау, оның кезең-кезеңіндегі стильдік-жанрлық ізденістеріне, бейне, көркемдік қазынасына баға беру, талантты қаламгерлер шығармаларының эстетикалық байлығын анықтау, бір сөзбен, бос топырақтан кенді ашып алу – жеңіл-желпі шаруа емес, бұл – көп қайрат-қажыр жұмсауды талап ететін ұзақ шиыр» [2; 7-8 бб]. Р. Нұрғалиевтің бұл пікірі
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Шу өңірінің ақындарының шығармашылығын жалпы әдебиетіміздің даму сипаттары тұрғысынан екшеп, игі үлгілерін ұрпаққа ұсыну ниетін мақсат еткен осы зерттеудің тақырыбының өзектілігін анықтауда бағдар бола алады.

«Қазақ әдебиетінің тарихында импровизатор ақын, жыршылардың өлең, толғаулары елеулі орын алады. Олардың ауызша, бертінде бірқатары жазуша шығарып, таралған шығармалары халық өмірінің шындығын кеңінен қамтып, бейнелеп отырды. Өлең, жырлары, есімі халық арасына белгілі ақын, жыршылар бізде мол» [3; 3 б], – деп М. Дүйсенов айтқандай, Тараз өңірінде де ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген ақындардың өлең-жырлары ел арасында кең тараған қазына.

Бұл кезеңдегі Тараз өңіріндегі ақындық дәстүр сол қарсаңдағы жалпы қазақ әдебиетінің дамуымен сарындас болды, оның бір бұтағы ретінде көрініп, дамыды.

«Әдеби орта, оның жалпыхалықтық әдебиеттің дамуына қосқан үлесін, өзіндік ерекшеліктерін тексеру – әдебиеттану ғылымындағы маңызды мәселелердің бірі» [4; 7 б].

Алайда зерттеуде Тараз өңірінің халық ақындарының ақындық дәстүрі туралы айтқанда, бұл өңірде өмір кешкен барша ақындарды қарастыру көзделмеді. Олардың ішінен шығармалары жалпы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігін айқындай, толықтыра түсетін және оны байытуда үлес бола алатын халық ақындары екшелініп алынды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы Тараз өңірі халық ақындарының шығармашылығының қазақ әдебиетіне үлес болып қосылатын ерекшеліктері мол. Олар:

  • Көркемдік эстетикалық сапасы жоғары, тың әрі соны сөз айшықтары, бейнелі тіркестер көп. Ол өрнектер қазақ әдебиетін байытып, жергілікті халық ақындарының ақындық дәстүрінің көркемдік ерекшелігін көрсетеді.
  • Әдебиетіміздегі өзге ақындар айтысына шешілуі жағынан ұқсамайтын ерекше айтысы бар. Ол қазақ әдебиетіне жаңа үлес болып қосылады.
  • Халық ақындарының шығармалары арқылы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының қоғамдық әлеуметтік, тұрмыстық суреттерін, қайшылықтарын, халқымыздың ұлттық құндылықты мінездерін ұрпаққа танытатын танымдық мәні бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Адам мен табиғат, қоғам мен мемлекет арасындағытепе-теңдік бұзылған тұста ақындық трагедия басталады.

Қорыта айтатын болсақ, ақынды ақынның өзінен ешкім танып білмейді, білуі де мүмкін емес. Анық ақын – айсберг. Әрбір жолы мен әрбір сөзінің ар жағында жасрынып тұрған талай сыр, талай ой, талай сурет жатады. Қанша танымдық, зерттедік, білдік дегенмен ең қарапайым жолдардың бүкіл болмысы мен бояуын ақынның өзіндей ешкім ұға алмайды.

Серік Қалиев көп ізденетін ақын. Егер біз оның творчествосын тұтастай алып қарасақ, әрбәр жаңа өлеңдер жинағы сайын оның ақындық шеберлігін жаңа қырын байқаймыз.

Әйгілі қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов: «Шығармашылық адамының орны қаламы қай биікке көтерсе сонда болады» — деген пікір айтыпты [27; 386б]. Сол айтпақшы бұл диплом жұмысы Серіктің қазіргі шыққан биігінің ары кетсе бел ортасына дейін – ақ қамтып үлгерді. Ақын туралы айтар әңгіме, жазар сөз әлі де көп. Өйткені оның шығармашылығы бір тамырдан нәр алып, бір діңгектен таралғанымен бұтақтары мезгіл санап көбейе түсіп, алып та сұлу мүсінге айналған бәйтерек тәрізді. Оның жанға сая көлеңкесінің астында көңілге медеу, жаныңа демеу болардай жұбаныш та көп, бақыттың даңғыл жолын нұсқар қуаныш та көп.

Зерттеуде ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Тараз өңірінде өмір сүрген халық ақындарының дәстүрі мен оның ірі өкілдерінің әдеби мұрасы ғылыми жүйеде қарастырылады. Олардың сол кезеңдегі жалпы қазақ әдебиетінің даму көздерінен бастау алатыны, Жамбыл мектебі өнегесімен сабақтастығы көрсетіледі. Сол халық ақындарының қазақ әдебиеті тарихында өзіндік поэтикалық ерекшеліктерімен орын алатын ақындар екені әдеби тұрғыдан дәйектелінеді.

Тараз өңірі – ежелден ақындарға, өнерпаздарға бай өлке. Оның ішінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, шығармаларында белгілі бір ортақ әдеби дәстүрлер қалыптасқан, Жамбылдың ақындық мектебімен қанаттаса, сабақтаса дамыған үлкен бір ақындар шоғыры өзіне көңіл бөлуді керек етеді. Бұлар: Қылышбай Ержанұлы, Орақбай Қабақұлы, Сауытбек Ұсаұлы, Бармақ Мықамбайұлы, Өзбек Ақжолұлы тағы басқалар. Бұлардың поэтикалық мұралары сол тұстағы әдебиетіміздің дамуының сипаттарын аша түседі. Осы себептерден де Тараз өңірі ақындарының шығармашылық ерекшеліктері зерттеу тақырыбы етіп таңдалып алынды.

«Біздің поэзия өзінің өткен тарихтық тегінен үзіліп, төркінсіз әдебиет болып кеткен жоқ! Халықтың асыл мұрасының үлкен арнасын саналы мұрагер есебінде үлкен көлемімен ілгері қарай жақсы дамытып, асырып, өсіріп келеді», – деп М.Әуезов жазғандай, әдебиетіміздің асыл қазыналарын түгесіндеп, анықтай беру – бүгінгі өскелең әдебиетіміздің дамуының бір белгісі болмақ.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Тараз өңірі халық ақындарының ақындық дәстүрі қазақ әдебиетінің тарихи дамуында мазмұн-түрінің аса бай және саналуан екенін айғақтай түседі.

Әдебиеттің жан-жақты дамып, барлық жанрларда қарыштап өскен, ұлттың рухани сұранысына жауап берген бай-бағылан дәуірін тудырған ХХ ғасыр қаламгерлері, олардың ғұмыры, тағдыры, шығармалары туралы бүгінге дейін айтылып келген пікір, талдау, зерттеу енді жаңа тұрғыда толығып, соны пайым, жинақтау тұжырыммен қоюлана түспек. Жасыратыны жоқ, кеңес өкіметі құлап, компартия билігі құрығанға дейінгі жетпіс жыл бойы әдебиет, өнер, гуманитарлық ғылымдар марксизм-ленинизмнің аузына қарады, соның ішінде әдебиетке де зорлықпен енгізілген қисындар көп болды. «Сондықтан да
ХХ ғасыр әдебиетін жаңаша пайымдау, оның кезең-кезеңіндегі стильдік-жанрлық ізденістеріне, бейне, көркемдік қазынасына баға беру, талантты қаламгерлер шығармаларының эстетикалық байлығын анықтау, бір сөзбен, бос топырақтан кенді ашып алу – жеңіл-желпі шаруа емес, бұл – көп қайрат-қажыр жұмсауды талап ететін ұзақ шиыр». Р.Нұрғалиевтің бұл пікірі
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Шу өңірінің ақындарының шығармашылығын жалпы әдебиетіміздің даму сипаттары тұрғысынан екшеп, игі үлгілерін ұрпаққа ұсыну ниетін мақсат еткен осы зерттеудің тақырыбының өзектілігін анықтауда бағдар бола алады.

«Қазақ әдебиетінің тарихында импровизатор ақын, жыршылардың өлең, толғаулары елеулі орын алады. Олардың ауызша, бертінде бірқатары жазуша шығарып, таралған шығармалары халық өмірінің шындығын кеңінен қамтып, бейнелеп отырды. Өлең, жырлары, есімі халық арасына белгілі ақын, жыршылар бізде мол», – деп М. Дүйсенов айтқандай, Тараз өңірінде де ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Серік Қалиев сынды ақындардың өлең-жырлары ел арасында кең тараған қазына.

Бұл кезеңдегі Тараз өңіріндегі ақындық дәстүр сол қарсаңдағы жалпы қазақ әдебиетінің дамуымен сарындас болды, оның бір бұтағы ретінде көрініп, дамыды.

«Әдеби орта, оның жалпыхалықтық әдебиеттің дамуына қосқан үлесін, өзіндік ерекшеліктерін тексеру – әдебиеттану ғылымындағы маңызды мәселелердің бірі».

Алайда зерттеуде Тараз өңірінің халық ақындарының ақындық дәстүрі туралы айтқанда, бұл өңірде өмір кешкен барша ақындарды қарастыру көзделмеді. Олардың ішінен шығармалары жалпы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігін айқындай, толықтыра түсетін және оны байытуда үлес бола алатын халық ақындары екшелініп алынды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы Тараз өңірі халық ақындарының шығармашылығының қазақ әдебиетіне үлес болып қосылатын ерекшеліктері мол. Олар:

а) Көркемдік эстетикалық сапасы жоғары, тың әрі соны сөз айшықтары, бейнелі тіркестер көп. Ол өрнектер қазақ әдебиетін байытып, жергілікті халық ақындарының ақындық дәстүрінің көркемдік ерекшелігін көрсетеді.

ә) Әдебиетіміздегі өзге ақындар айтысына шешілуі жағынан ұқсамайтын ерекше айтысы бар. Ол қазақ әдебиетіне жаңа үлес болып қосылады.

б) Халық ақындарының шығармалары арқылы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының қоғамдық әлеуметтік, тұрмыстық суреттерін, қайшылықтарын, халқымыздың ұлттық құндылықты мінездерін ұрпаққа танытатын танымдық мәні бар.

Жерлесіміз Серік Қалиевтің ақындық болмысы туралы өрбіткен әңгімеміздің де бір қорытындыға келіп, аяқталар тұсы жетті. Аяулы жанымен, ақ қардай арымен, аңқылдаған адалдығымен, ұя бұзбас ұяңдығымен жұрттың қалаулы азаматына айналып, қаламын қару етіп, қара өлеңнің қасиетін бойына сіңірген бүгінгідей мезгілде өнерінің өрісін осы арнаға бұрды.

         Біз жастықтан кәрілікке, саулықтан науқастыққа, барлықтан жоқтыққа қарай бет түзеп бара жатқан Алланың сынақ үшін жарық дүниеге жіберілген жаратылысымыз.

Жұрт ішінде қазір Серік туралы алуан – түрлі пікірлер бар. Егер оның «ерсілеу» көрінетін әрекеттері болса қай нәрсеге де жанын сала берілуінен болатын шығар? Егер оның көп көзқарастары жалпы жұртшылықтан қолдау таппай жатса мүмкін оны түсінуге тырыспаған өзіміз кінәлі шығармыз? Бүгінгі Серік тұрмақ кешегі ұлы Абайға да сойыл көтеріп, соққыға жыққанымыз елдің есінен кете қойған жоқ. Ал, Абай бәзбіреулер ойлағандай «ақымақ» емес еді, олай болса күллі әлемнің алдында сол ұлы ақынымыздың есімімен мақтанар ма едік?

       Айтамыз біздер ақын деп,

       Адамды шоқ боп маздаған.

       Ақынға керек ақыл көп,

       Асаулық керек аздаған. –

деп Қадір ақын айтпақшы, ақындық – даналықтың бір сыңары. Даналықпен қаруланған қауқарлы жырлар бүгінде Абай есімін ұлық етті.

Жалпы қандай тақырыпқа барса да, шөл шөбіндей тамырын тереңге тартқан Серік поэзиясы сезім ұйытқыларымен қоса үйлесім кемелдігімен ерекшеленеді. Хан тәңірі мұзбалағы Мұқағали «Жапалақ емеспін мен – жалбақтаған, Қыранмын екі көзін қан қаптаған» — деп жырлап еді. Қыран ұшқан ұядан осал балапан қанат қақпаса керек. Серік шығармашылығы туралы да осындай пікір айтуға болады.

 Серік сияқты өмірдің шындығын, шынайылығын, құдіреттің күштілігін поэзиямен ұштастырып, адамзаттың санасын тазалап, өмірге құштарлығын арттыратын ақындарымыз көбейе берсін демекпіз.

Қазақ әдебиеті бүгіндері өзінің даму кеңістігін кеңейтіп, тарихи желісін ұзартып, көшін толықтыруға бет алып отыр. Ұлы Тәуелсіздігіміз ұлттық рухани қазыналарымызды түгесуге, мәдени толықтыққа жетуге жол ашты.

Т. Кәкішев айтқандай, «Көркем әдебиетті тек ұлы ақын, жазушылар ғана жасамайды. Оның ұлылы-кішілі, ірілі-уақты өкілдері болады. Әдебиет тарихи әр кезеңге, әдебиетке ат салысқан, оған өзінше аз да болса үлесін қосқан ақын-жазушыны ұмытпайды, ұмытуға тиісті емес» [29; 77 б].

«Қазақ әдебиетінің тарихын құрайтын негізгі арна халық ақындарының поэзиясы – бүгінгі уақытқа дейінгі қуатты ағынды өзендей, бүгіннен асып, болашаққа жететін ең өміршең өнер екендігін байқатып отыр. Қазақ әдебиетінің тарихы – уақыт өткен сайын бұрынғы-соңғы мұралармен толыға түсетін халықтық қазына» [30; 37 б].

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Тараз жеріндегі ақындардың ақындық дәстүрлерінің қазақ әдебиетінің жалпы дамуымен тамырлас әрі оны тақырыптық-көркемдік жағынан байыта түсерлік қуаты бар екені назар аударады. Бұл турасында зерттеуде Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Сүйінбай, Жамбыл, Бейімбет, Ілияс тағы басқа шығармаларына тірек жасалады.

Қоғамдық өмір, тарихи жағдай, әлеуметтік мәселелер т.б. құбылыстардың әдебиетте көркемдік бейнелеу құралдары арқылы көрініс тауып отыруы белгілі бір дәстүрлерге айналып отырды. Осы орайдан жалпы қазақ қоғамының тарихи-әлеуметтік жағдайлары, қазақ әдебиетінің даму сипаттары Тараз жерінің ақындық ортасының шығармашылық дәстүрінің негіздері болды деген тұжырым жасалды.

Қаралып отырған кезеңде қазақ әдебиетінің дамуында сыншылдық дәстүр басты бағыт болды. Ол С. Торайғыров сияқты тағы басқа ақындардың шығармаларынан да аңғарылады.

Сыншылдық халық поэзиясына да тән дәстүр болды. Жамбыл шығармаларында көп кездесетін қоғамдық қайшылықтар мен әлеуметтік теңсіздіктерді халықтық психология детальдары арқылы беру дәстүрін Серік Қалиев те кең қолданған.

Қай дәуірдің ақындарының шығармалары болса да, онда өз заманы бейнеленетіні белгілі. Серік те сол дәстүрмен халқының тұрмысын, хал-күйін, әлеуметтік теңсіздіктерді, қоғамдық қайшылықтарды суреттейді, алайда Серік те оларды көрсетуде өзіндік қолтаңбасы айқын білінеді, өзіндік көзқарас сезіліп тұрады, өзіндік шешім жасалынады, оптимистік сарынға құрылады.

Серік жырлары ұлттық бояуға мейлінше қанығып туады. Онда ұлттық мінез, ұлттық құлық айқын көрініс табады, оның өзі өлеңнің ұлттық мүддемен байланысын күшейтіп тұрады. Ақын шығармаларының композициялық дамуы динамикалық әрі үдемелі келеді. Оларға автор айтайын дегенін бірден тіке аша бермейді, көбінесе көркем айшықты сөз орамдарын ойжамылғы етіп, негізгі ойына бүркеншік ретінде қолданады. Серік тіласты юмор мен иронияны ұтымды жасайды. Сөйтіп халықтық поэзияда кең қолданылатын бұл дәстүрді өзінің көтеріп отырған әлеуметтік мәселелерге бейімдеп пайдаланады. Ол метафораны күрделі эпитетпен оңтайлы толықтырып, идеялық шешімінің қуатын арттыра түседі.

Серік жырларындағы азаттық сарыны қазақ поэзиясының дәстүрлі азаттық үнімен сабақтасып жатады. Бірақ онда түйіннен шығу жолын іздеуден гөрі өмір сүріп отырған тәртіптің жақсылығын күту үміті басым жатады. Серік реализмі жалпыдан нақтылыққа жақын. Нені жырласа да өз өмірімен, өз тағдырымен тікелей байланыстырып айтады.

Сонымен Серік Қалиевтың әлеуметтік тақырыпқа жатады деп топталған өлеңдері өз дәуірінің көркем бейнесі бола отырып, халқының тұрмысын, хал-жайын, әлеуметтік қайшылықтарды, қоғамдық шындықтарды суреттеп жеткізеді. Қай заманның ақындары болса да жырлаған бұл мәселелерді суреттеуде Серік өзіндік қолтаңбамен ерекшелене көрінеді.

Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Тараз өңірінің ақындық дәстүрі тарихи-қоғамдық жағдайларға сәйкес жалпы қазақ әдебиетінің сипаттарымен өзектестікте түрлі жанрларда көркемдік- эстетикалық жағынан сапалы қалыптасып дамыған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қалиев. С. Егіздің сыңары, — Алматы: Тоғанай, 2000.
  2. Қалиев. С. Жұлдыз сезім, — Жамбыл, 1993 .
  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп. 1969 .
  4. Исмайлов Е. Ақындар. – Алматы: Қаз. Мем. Көркем әдебиет баспасы, 1956 .
  5. Өміралиев. Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. — Алматы, 2001 .
  6. Маржан сөз. – Алматы: Жазушы, 1978 .
  7. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 1974 145 б.
  8. Құран – Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. – Сауд арабиясы, 2000 .
  9. Абай. Энциклопедия. – Алматы: — Атамұра, 2005 .
  • ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. – Алматы: Ғылым 1994 .
  • Қалиев. С. Ақмоншақ. – Тараз, 1996
  • Сыздық. Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004.
  • Қабдоллов З. Сөз өнері. — Алматы: Санат, 2002.
  • Қалиев. С. Отыз тістен шыққан сөз, — Тараз: Сенім, 1997.
  • Әуезов М. Әдебиет тарихы, — Алматы: Ана тілі,
  • Құрманғалиева. С. Шешендік өнер, — Алматы: Мұраттас 1994.
  • Иман – шарт. – Алматы: Шапағат, 1996 .
  • Әлімбаев М. Өмір. Өнер. Өнерпаз,- Алматы: Өнер, 1990 .
  • Абай. Қара сөздер, — Алматы: Қазақстан, 1993 .
  • Даналардан шыққан сөз.- Алматы: Мектеп, 1987 .
  • Мақұлбекұлы. С. Ғашық хат, — Алматы: Нұрлы әлем. 2002 .
  • Мырза — әли. Қ. Жазмыш, — Алматы: Атамұра, 2004 .
  • Сөз тапқанға қолқа жоқ. – Алматы: Жазушы, 1988 .
  • Естеміров. М. Намаз үйренейік. – Шымкент, 2004.
  • Жаманнан жирен. – Алматы, 1998 .
  • Исламның ғажайып құндылықтары. – Алматы, 2003 .
  • Исламның ақиқат көзімен қарағанда. – Алматы, 2003.
  • Рухани тәрбие сабақтары. – Алматы, 2003 .
  • Мұхаммед пайғамбар. – Алматы: Шапағат, 1993.
  • Сапарбаев И. Айтыс та, мүшайра да — өнер.// Қазақ әдебиеті.1992. 27 — саны.
  • Мақұлбекұлы. С. Айдархан менің досым, бірақ ақиқат одан да қымбат. // Дүние – дастан. 2000. 9 – саны.
  • Лев Толстой. Прошу считать меня Магометанином. // «Иман» журналы. 2003 . 2 – саны.
  • Құран – адамзаттың тәрбиешісі. // «Иман» журналы. 2003. 3 – саны.
  • Бақтыгереев. Ж. Өлең сөздің патшасы. // Қазақ әдебиеті. 2003. 16 — саны.
  • Елемесов. Қ. Барымызды бағалай аламыз ба?. // Жас алаш. 31- саны.