АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Тіршіліктану пәнінен «кіріспе» тақырыбын оқыту

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

ТІРШІЛІКТАНУ ПӘНІНЕН «КІРІСПЕ» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2008

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ.

 

  1. ТІРШІЛІКТАНУ ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕРІ.

1.1 Тіршіліктану пәніне арналған оқу бағдарламасының құрылым ерекшеліктері.

1.2 Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру және тәрбиелеу мәселелері, мұғалімнің іс-әрекеті.

 

ІІ. ТІРШІЛІКТІҢ ЖЕР БЕТІНЕ ШЫҒУ ТЕГІ БОЛЖАМДАРЫ

МЕН ТЕОРИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР.

2.1 Креоцианизм теориясы-тіршіліктің табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте пайда болуы.

2.2 Тіршіліктің өздігінен пайда болу теориясы.

2.3 Тіршілік мәңгілік – «Тұрақты күй» теориясы.

2.4 Панспермия теориясы.

2.5 Биохимиялық эволюция теориясы.

 

III. ТІРШІЛІКТАНУ ПӘНІНЕН «КІРІСПЕ» ТАҚЫРЫБЫН

ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН ТӘСІЛДЕР.

3.1 «Кіріспе» тақырыбындағы оқушыларға қалыптастыратын ұғымдар және тақырыпты оқыту әдістері мен тәсілдеріне жалпы сипаттама.

3.2 Күнтізбе жоспары.

3.3 Тақырыпқа арналған екі сабақтың әдістемелері.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

ӘДЕБИЕТТЕР.

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған. Тіршіліктің пайда болуы, оның шығу тегі адамзатты ерте заманнан бастап-ақ толғандырған. Оған дәлел көне Грек ғалымдары мен философтарының еңбектеріндегі тіршіліктің пайда болуы туралы алуан түрлі ойлар мен тұжырымдамалар, болжамдар болып табылады. Мысалы, Аристотель, Қытай философтары, Үнді философтары осы мәселе бойынша бүткіл ғұмырында айналысқан.

Тіршіліктің даму тарихын оқып білуде әдетте доктринаға сүйенеді. Доктрина — саналы түрде, соқыр сеніммен бір ілімнің, қандайда бір болмасын сенімнің жолын ұстаушылық болып табылады. Мәселенің бабына бұл жолмен жету ғылымнан алшақ жатыр және ол ой — өріске қиянат жасау болып табылады.

Сондықтан жұмыстың барысында мектеп оқушыларына осы проблема бойынша білім қалыптастыруда тіршіліктің шығу теориясының көпшілікке танымал жорамалдары қарастырылып, сонымен бірге оқушылар тіршіліктің дамуы туралы алуан түрлі көзқарастар мен таныса алады.

Тіршіліктің пайда болу теориялары мен болжамдарының алуан түрлі нұсқалары қарастырылып семинар сабағында талқыға салынады. Түрлердің пайда болу жолдары туралы мәліметтер беріледі.

Теориялардың негізінде алған тұжырымдамалары тек ой жүзінде ғана қабылданады, себебі тіршіліктің пайда болу кезеңіндегі болған іс — әрекеттер мен оқиғаларды көрнекті түрде дәлелмен, суретін дәл күйінде беру мүмкін емес. Бұл жағдай ғылыми және теориялық болжамдардың құрылымына тән көрініс. Дегенменде эволюциялық теорияны — барлық ғылыми болжамдардың жиынтығы ретінде көп жұртшылық қабылдайды.

Тақырып бойынша оқушыларға білім беруде мұғалімнің көздеген негізгі мақсаты, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Сонымен бірге оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз беттерінше тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарасты таңдай білуге үйрету. Жұмыстың екінші бөлімінде, тірі ағзалардың пайда болуымен алуан түрлілігін, бір-бірімен тығыз байланыстағы құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда сипаттайтын тұрғыда берілген.

Осылай бола тұра тіршіліктің пайда болу көрінісін дәл мағынасындағы ақиқат деуге де болмайды, басқа да проблемаларды шешуде кездесетін күрделі жағдайлар сияқты бұл мәселені, жаратылыс ғылымдарына немесе метафизикаға жататыны дәл мағынасында анықталмаған.

Тіршіліктің дамуына, оның көріністеріне қабылдауға болатын болжамдар нәтижесінде мейлінше көптеген дәлелдемелер келтіріп нақты гипотезалық сипат берілді. Жалпы жұмыстың барысында қозғалған мәселелер бүгінгі күн талабына сай, адамзаттың көзқарасына сай берілген. Ал көзқарастардың алуан түрлілігі әрбір адамның білім деңгейіне рухани жан дүниесіне байланысты қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты:

Мектептегі оқу тәрбие жұмысының барысында тіршіліктану пәнінің «Кіріспе» тақырыбы бойынша оқушыларға биологиялық білім беру, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, эволюциялық дамудың негізгі жолдарымен, бағыттарымен таныстыру, сонымен бірге қазіргі биологиялық ғылымдардың зерттеу әдістерін пайдалана отырып, органикалық тіршіліктің тарихи дамуын танып, білуге болатынына көз жеткізу.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Биология ғылымдарының дамуына және оның әртүрлі бағыттарына жалпы түсінік беру.
  2. «Тіршіліктің қасиеттері мен заңдылықтары» тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу , жоспарын түзу.
  3. «Тіршілік дегеніміз не?», «Тіршіліктің көріністері», «Жер бетіндегі тіршілік тарихы мен негізгі белгілері мен кезеңдері», және «Органикалық дүниенің даму тарихы» тақырыптары бойынша ғылыми көзқарастарды қалыптастыру мақсатында алуан түрлі әдістер мен әдістемелерді оқыту барысында қолданудың және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау.

Зерттеу объектісі:

Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушыларға аталған тақырыптар бойынша биологиялық білім мен ғылыми көзқарасты қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін іс жүзінде қолдану және оның тәрбиелік білімдік, дамутышылық деңгейін анықтау.

Жұмыстың жаңашылдығы:

  1. Бағдарламада осы тақырып бойынша берілген 1 сағатқа үнемделген сағат санынан бір сағат қосып, тақырып 2 сағатқа бөлінді.
  2. Тақырыптар бойынша екі сабақтың методикалық өңдеулерінің жаңаша формаларының нұсқасы жасалынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТІРШІЛІКТАНУ ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕРІ.

 

1.1. Тіршіліктану пәніне арналған оқу бағдарламасының құрылым ерекшеліктері.

 

Қазіргі заманда орта мектептің мұғалімдеріне өзінің әрекетінде бағдарлама және әдебиет таңдауына мүмкіндік беріледі. Мектеп биология курсының әр бөлімінде бірнеше альтернативті бағдарламалар жасалған. Сонымен қатар тәжірибелі мұғалімге өзінің жеке оқушыларға арналған оқу бағдарламасын қолдануына мүмкіндік береді. Осыдан жауабын тез табылуын қажет ететін сұрақтар туады.

  1. Қазіргі заман биология пәніне арналған оқу бағдарламасы қандай болуы қажет?
  2. Оқу бағдарламасын дұрыс жасауға және педагогикалық тұрғыдан биология пәнінің мұғалімі дайын ба?

Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Оқу бағдарламасы – бұл ең бірінші қазіргі заман білім есебіне және мақсатқа жету үшін бағытталған оқушылар мен мұғалімдер арасындағы бірігу әрекеті. Оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу құралының қымбаттылығы ондағы берілген материал, мектеп бағдарламасына сай оңай түрде айтылады және күрделі жалпыбиологиялық заңдылықтар оңай есте сақталады және түсінікті етіп беріледі. Оқу материалы жақсы жүйеленіп берілген. Осы құралда берілген сөздік-логикалық схемаларды, салыстырмалы жалпылама таблицаларды мұғалім биология сабағында қолдана отырып үлкен табыстарға жетуі көзделген. Бұлай материалды жүйелеу келесі нәтижелерге мүмкіндік береді:

— Оқушылардың жақсы меңгеруі үшін мәтіннен негізгі атаулармен түсініктерді бөліп алуға;

— Негізгі оқу құралын қысқа түрде, дәптерге жазып алуға оңай және есте сақтау үшін ұсынылады;

— Оқу материалының фрагменттері логикалық байланысын анықтап нақты қалыптастыратын білім блогының құрылымындағы орнын анықтау.

Құралда берілген схемаларды мұғалім сабақ өту барысында тақтаға сызуына болады. Құралдың мәтіні педагогқа бұл схемаларды сауатты және мазмұнды етіп түсіндіруіне, ал оқушыларға берілген материалдың қисынын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Тақырыптың соңындағы жинақтап қорытындылау сабағын сабақтың үстінде немесе бос сағатта өтуге болады. Қорытындылау сабағы оқушылардың осы тақырыпта алған жалпы білімдерін тексеруге тиімді. Оның ішінде міндетті түрде мақсаттары, есептері, оқу әрекетінің мотивтері, оның мазмұнды аспектісі, процесті аспекті, оқу процесінің қорытындылары және олардың сұраныстары қажет. Осы оймен келісе отырып биология оқу бағдарламасы тақырыптар және түсініктер тізбегі бола алмайды. Бағдарламада процесуалдық жағын көрсету керек, себебі бір тақырыптың материалы оқушылаға әртүрлі болып үйретілуі мүмкін, бірыңғайлы немесе әртүрлі оқу әрекетін, практикалық немесе теориялық жоспар түрінде, көрнекі құралдарды пайдалану арқылы.

Оқу қорытындылары бұл жағдайда әр түрлі болуы түсінікті. Сонымен қатар әр нақты тақырыпты оқу базалық немесе тереңдетіліп оқыту саласында бағдарламада көрсетілгендей өз тәсілі болады. Әйтпесе, берілген тақырыптың құралдарын, әдістерін дұрыс анықтауға, педагогикалық технологияны таңдап алуға, сабақтың логикалық жүйесін құруға мүмкіндік болмайды. Бағдарламада берілген түсініктеме хатында қысқа түрде негізгі дидактикалық, психологиялық және әдістемелік ойлары нақты оқу бағдарламасының бөлігі болуы керек.

Егерде олар методикалық догма түрінде жинақталмай, тек нақты практикалық ұсыныс түрінде болса да бұл мұғалімнің шығармашылық потенциалының ашылуына методикалық қателерінен сақталуына, эмоциясымен күшінің құртылуының сақталуына көмектеседі. Альтернативті бағдарлама бойынша сабақ беру мектептегі материалдық базаны өзгертуге алып келеді. Мысалы биология кабинетінің қосымша құралдармен жабдықталмай өтілуі мүмкін емес. Бұл лабораториялық және практикалық жұмыстардың үлкен сағат санының өтілуіне керек. Сондықтан, оқу бағдарламасында биология курсына керекті құрал — жабдықтар, құралдар туралы бөлім болуы қажет.

Жаңа бағдарламамен жұмыс істеу мұғалімнің педагогика психология биологияны оқыту әдістері туралы теориялық дайындығын қажет етеді. Сондықтан, бағдарламаның авторларынан біз бағдарламамен жұмыс істеу үшін әр түрлі әдебиеттер туралы нақты ұсыныстарының болуын сұрауымыз қажет. Бағдарлама соңында биология пәнінің мұғаліміне арналған әдебиеттер болуы қажет. Кез-келген педагогикалық процесс оқушылардың дамуына, тәрбиеленуіне және оқу қорытындыларына бағытталған. Көптеген мұғалімдерге арналған бағдарламаларда оқу қорытындыларына арналған бөлім мүлдем жоқ. Ол бөлім болған жағдайда онда тек қана білім және оқушылардың іскерлігі туралы жазылған. Кейбір кезде білімі мен іскерлігі туралы айтылмайды. Бағдарламада ол болуы қажет, себебі басқа жағдайда мұғалімнің жұмысын бағалауға мүмкіндік жоқ. Өкінішке орай, орта мектептердегі биология пәнінің оқу бағдарламалары қазіргі заманнның талаптарына сай емес. Ол дегеніміз, биология пәнінің мұғалімі оқу бағдарламасын дұрыс таңдауы қажет. Осы мақсатпен оқу бағдарламасының анализіне арналған жоспар беріліп отыр. Ол әр түрлі биологиялық бағдарламалармен жұмыс істеу процесінде мұғалімнің жауап беруіне арналған сұрақтар ретінде берілген.

  1. 1. Берілген бағдарлама оқушылардың қандай контингентіне арналған? Жәй мектептер мен сыныптарға, гимназиялық сыныптарға, биология пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптармен мектептерге арналған.
  2. Бағдарламаның негізгі тақырыптары мен бөлімдері қандай? Бағдарламаның құрылуы логикаға сәйкес пе? Сіз неге олай ойлайсыз?
  3. 3. Барлық бағдарлама мен оның бөлек бөлімдерін оқылып бітуіне неше сағат саны беріледі? Осы сағат саны беріледі? Осы сағат саы жеткілікті ме?
  4. Бағдарламада оқытудың мақсаты мен міндеті жинақталған ба? Нақты қандайлары? Олармен келісуге болады ма? Неге?
  5. Бағдарламадағы ойдың таратылуы, пән аралық байланысының құрылуын болжамдайды ма? Осы процесс мұғалімге тән бе? Сіз неге олай ойлайсыз?
  6. 6. Биологияны оқытуға берілген бұл бағдарламаларда дидактикалық және психологиялық концепциялар, принциптер, ойлар көрсетілген бе? Нақты қандайлары? Бұл бағдарламаның таратылуында нақты соның болуымен келісуге болады ма? Неге?
  7. Бағдарламаның іріктелген оқу мазмұны ғылыми принциптерге сай ма? Бұл неден көрінеді?
  8. Бағдарламаның мазмұнды оқу ойы таратыла ма? Қалай?
  9. Бағдарламада оқытуға берілген курс немесе бөлімдерге қысқа әдістемелік ұсыныстар жинақталған ба? Нақты қандайлары? Олар бұл курсты оқытуға жеткілікті ме? Сіздің ойыңыз бойынша бағдарламада берілген методикалық ұсыныстар мақсатталынған ба? Неге?
  10. 10. Биология пәніне арналған оқу процесінің қорытындылары бағдарламасының сұраныстары анықталған ба? Ол қаншалықты нақты және дұрыс жасалынған? Барлық керекті аспектілер есептелген бе? Сіздің көзқарасының бойынша бұл қорытындыларға жетуге болады ма? Неге?
  11. Бағдарламада оқушылардың интеллектуалды және практикалық жұмыстары айтылған ба? Қазіргі заман мектебінің шартына сай бұл лабораториялық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру мүмкін бе?

Орта мектепке арналған биология пәнінен әртүрлі оқу бағдарламаларды анализдей отырып бірнеше маңызды қорытындыларға келеді. Оның біреуі мынау болып табылады: егер биология пәнінің мұғалімнің қолында жоғарыда аталған сұраныстарға сай келмейтін бағдарлама болса, онда оны педагогикалық практикада қолданудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда қорытындысында дұрыс ұғым бермейтін педагогикалық нәтижеге алып келетін әдісті қолданғаннан гөрі, дұрыс құрылған дәстүрлі бағдарламамен жұмыс істеу қажет. Басқа да қорытынды маңызды. Егер мұғалім логикалық жағынан жақсы және әрекетті құрастырылған, педагогикалық тұрғыдан сенімді көрінетін, барлық керекті бөлімдері бар, мұғалімнің қызығушылығы мен мектептің материалдық-техникалық жағдайларына сай келетін жаңа бағдарламамен танысса, онымен жұмыс істеуді бастаудың мәнісі бар. Мұғалімнің көңілін мынаған аударамыз, мектепке әр түрлі бағдарламамен жұмыс жасағанда барлық керекті әдебиеттер қажет. Орта мектепке арналған сауатты жүргізілген оқу бағдарламасының анализі мұғалімді қажеттіліктерінен сақтайды.

 

 

1.2 Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру және тәрбиелеу мәселелері, мұғалімнің іс-әрекеті.

 

Тіршіліктану курсы ғылымда зерттелетін негізгі тіршілік заңдарының барлық құрылыс дәрежесін білуге мүмкіндік береді; биологиялық процестер мен құбылыстар механизмдер саласындағы жаңалықтар мен таныстырады; адамның биосферадағы орнын көрсетіп, оның жағдайына жауапкершілікпен қарайды.

Бұл курс интегралдаушы роль атқарады, өйткені мұнда бұрын оқылған фактілерді тарихи көзқарас тұрғысынан қарастырып бір күйге келтіреді; ол материалдар органикалық дүниенің негізгі заңдылықтарына бағынады, оны оқып білу нәтижесінде табиғатты саналы пайдалану, оны қорғау және қалпына келтіру іске асырылады. Курста органикалық дүние дамуының жалпы теориясы — дүниеге ғылыми көзқарас негіздерінің бірі баяндалады. Оқушылар даму процестерінің диалектикалық сипатын (тұқым қуалау мен өзгергіштік) құбылыстарының қайшылығын, прогресс пен регресті, ассимиляция мен диссимилация процесстерін т.с.с. оқып біледі. Оқушылар пайымды фактілер негізінде тіршілік құбылыстарының материалдық сипаты жөнінде және бүкіл органикалық дүние жөнінде білім алады; табиғаттың алуан түрлілігіне және қарамай, оны оқып білуге болатыны жөнінде бұлтартартпайтын дәлелдерді аңғарып көреді.

Тіршіліктану курсының мазмұны оқушылардың философиялық мәселелерге жетелейді және олардың дүниеге көзқарастарын қалыптастырады. Бірқатар мұғалімдер сабақта философиялық анықтамаларды хабарлауға, философиялық категорияларды атауға әрекет жасайды, оларға мысал ретінде нақты биологиялық материалдар келтіреді.

Алайда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру күрделі де нәзік іс. Бұл үшін биологиялық құбылыстардың мағынасын ашу қажет және билогияның өз материалы негізінде материяның нақтылығын, тірі материяның өзінен-өзі жетілуін және өзінен өзінің қозғалысын және т.б. көре білуге оқушыларды үйрету қажет.

Тіршіліктану курсында тірі табиғат құбылыстарының себепті қағидалары әңгіме болады, оларды түсініп білудің тарихи жолы қалыптасады. Табиғаттағы әрбір құбылыс өзінің алдындағы құбылыстың нәтижесі және болашақтағы құбылыстың алғы шарты ретінде, себепті байланысқан тізбектің буыны ретінде қарастырылады. Сөйтіп, теологиялық көзқарастың барлық мүмкіндігі жойылады, дінге қарсы белсенді ғылыми көзқарастарың жақсы негізі қолданады.

Мектептерде биологияның оқу-тәрбиелік процесін ұйымдастырудың негізгі түрі әлде де сабақ болып табылады.

Сабаққа оқу ұйымшылдығы, оқушылардың біркелкі қатысуы, сабақтың уақыттылығы, сабақ кестесі болуы қажет. Дидактикада бірнеше сабақтардың жүйелері бар. Егер оқушылармен педагогтардың мазмұны әрекеттерін байқасақ келесі сабақ типтерін атауға болады.

1) Аралас сабақ.

2) Оқушылардың жаңа білімдері және іскерлікті дамытуға арналған сабақ.

3) қайталауға, жүйелеуге және өтілген материалды жалпылауға арналған сабақ.

4) Оқушылардың білімі мен іскерлігінің сапасын бағалауға және тексеруге арналған сабақ.

Егер сабақтың нақты оқу тақырыбындағы орнын ескерсек мына сабақ функцияларын ажыратуға болады, кіріспе сабақ, оқушылармен жаңа тақырыпты оқу сабағы және қорытындылап жинақтау сабағы. Осы аталған сабақ түрлері қазіргі педагогикалық практикаға арналған жалпы биология бөлімінде кездеседі. Тіршіліктану пәнінен әдістемелік тұрғыдан дұрыс өтілген сабақ мұғаліммен оқушылардың бірлескен жұмысында келесі оқу тәрбиелік міндеттерді шешеді.

1) Биологиялық білімнің сапасын жоғарылатады, оқушының көзқарасын кеңейтеді.

2) Оқушылардың қоршаған орта және өзін-өзі білуі мен іскерлігін өмірлік практикасында қолдануына мүмкіндік береді.

3) Оқушылардың биология оқу процесіне эмоционалды қымбаттылық пен қарауының, өзіндік білім көтеруін, дамуын қалыптастырады.

4) Оқушыларда жекелік қасиеттің қалыптасады.

Осы айтылған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты және оқу тәрбиелік процессте олар ажыратылмайды. Жоғарыда айтылған міндеттерге тіршіліктану сабақтарының шешілуіне әртүрлі методикалық практикалар әсер етеді. Олардың бірнешеуін атап өтейік:

— ойлау сабағы;

— саяхат сабағы;

— тірі ағзалардың тобының үстінен сот сабағы;

— ойын сабағы;

— дөңгелек стол сабағы;

— диспут сабағы;

— конференция сабағы;

— зерттеу сабағы;

— серуен сабағы.

Әрбір мұғалім үлкен кластарға сабақ өту барысында өзінің шығармашылық талаптарын қолдануына құқығы бар. Биология сабағында мұғалімдер мен оқушылардың жұмыстарының нәтижелі болуына қандай шарттар керек деген сұрақ мұғалімді мазалайды. Осы сұраққа жауап бере отырып сабақтың тиімділігіне әсер ететін бірнеше комплексті факторларды келтіруге болады: мұғалімнің педагогикасының жалпы сипаты, сынып оқушыларының интелектуалды потенциалдылығы, биологияның оқытылуына оқушылардың қарым-қатынасы, оқушылардың сыныптағы жастары мен саны, биология кабинетінің қазіргі заманға сай құралдармен жабдықталуы, оқушылар мен мұғалімнің арасындағы жекелік қарым-қатынастар, оқушылардың сабақ кестесіндегі сабақтың реттік нөмірі және т.б.

Енді келесі жағдайды елестетіп көрейік. Биология пәнін жақсы меңгерген, әдістемелік негізі бар мұғалім, қарым-қатынасы өте жақсы, мықты, күшті сыныптың оқушыларымен жұмыс істейді. Сабақ белгілі деңгейде жабдықталған. Сабақ оқушылар онша шаршай қоймаған оқу күнінің ортасында болып жатыр. Бұл сабақ міндетті түрде жақсы, нәтижелі өтіледі деп есептеуге болады ма? Бұндай кепілдік беру мүмкін емес. Бұл сабақтың педагогикалық эффективтілігі жағынан төмен өтуінің себебі, мұғалімнің сабаққа жеткілікті дәрежеде дайындалмағандығынан әрекетті жоспарына мысал келтірейік.

1) Сабақтың тақырыбын және оның оқу бөліміндегі орнын анықтап алыңыз, сабақтың мақсатын жақсылап жүйелеңіз.

2) Осы тақырыпқа арналған мектеп оқулығының бағдарламасының мазмұнымен, ғылыми белгілі әдебиеттермен, биология пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік ұсыныстарымен танысыңыз. Осы оқылған әдебиеттерден сабақтың мазмұнына сай материалдарды алыңыз.

3) Сабақтың мақсатынан және оның мазмұнынан сабақтың өтілуі кезінде қолданатын әдістерді анықтаңыз.

4) Керекті оқу құралдарын таңдап алыңыз.

5) Сабақтың структурасын, оның негізгі бөлімнің логикалық кезектілігін анықтаңыз.

6) Сабақтың әр түрлі кезеңдеріне уақыт бөліңіз.

7) Сабақтың жалпы жоспарын құрып, жазып алыңыз. Сабақты дәстүрлі түрде құрғыңыз келсе келесі сызбанұсқаны қолдануыңызға болады.

— сабақтың тақырыбы;

— сабақтың мақсаты;

— сабақтың әдістері – керекті құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы:

— ұйымдастыру кезеңі (сабақтың мақсаты, жоспары және тақырыбын атау, оқушылардың сабаққа дайындалуы, мұғалімнің журналға сабақтың тақырыбын жазуы).

— өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы).

— жаңа сабақты өту барысы.

— өтілген сабақты қорытындылау (сұрақ-жауап арқылы).

— үйге тапсырма.

Егер сабақты берілген уақытта бітіре алмаймын деп ойлаған жағдайда үйге тапсырманы тақырыпты атап болғаннан кейін, сабақтың басында беруге болады.

8) Сабаққа конспект жазу керек.

Төменде сабаққа конспект жазудың кейбір мысалдары берілген. Конспектте сабақтың барлық құрылымы айқындалуы қажет. Материалдың жанындағы үлкен жолда сабақта қолданылатын сол жерге керекті әдістері, оқу құралдары жазылуы тиіс. Конспектіде сабақтың әр бір бөлімі көрсетіліп қойылуы керек. Сабақтың жаңа кезеңін басқа сиямен белгілеп қойса да болады. Ол сіздің сабақ өту барысында керекті жерді жоғалтып алмау үшін қажет.Оқу мазмұнында берілген жаңа терминдер мен түсініктердің астын сызып қоюға болады.Конспекттің мәтінін оқушылар мен қиын меңгерілетін дәлел және ойлармен толықтыруға болмайды. Сонымен қатар сабақта тек оқулықтағы мазмұнмен ғана шектеп қоюға болмайды, себебі оқушыларға қызық болмайды. Конспектіде оқушылардың өзіндік практикалық және интелектуалды әрекеттеріне арналған орнын жазуы керек. Қазіргі заман сабақтарында биология пәнінің мұғалімі тек дәлелдер мен ойларды ғана атаумен шектеліп қоюына болмайды. Сабақтың әр түрлі бөліктерге бөлініп емес, бірыңғай болып өтіліуі маңызды. Конспектте дайындалған қосымша материалдар болғаны дұрыс. Оларды уақыт жетіспеген жағдайда қолданбауға болады. Оқушыларға берілетін сұрақтар мен тапсырмалар бірінен соң бірі, тез ажырытылатындай етіліп жазылуы керек. Осы жоғарыда аталған ұсыныстардың барлығы конспектте берілетін болса, онда ол шын мәнінде жұмысшы болып табылады. Осындай конспкект сабаққа керек және сол бойынша жұмыс істеген жағдайда уақыттың бос кетуінен қорықпау керек.

Тіршіліктің жер бетінде шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер.

 

Жердің пайда болуы мен бүкіл әлемнің пайда болу теориялары әртүрлі және барлығы да толық дәлелденбеген. Стационарлық күй теориясына сүйінсек, бүкіл элем «үлкен қопарылыстың» нәтижесінде нейтронды қоймалжыңнан пайда болды делінген. Құдіретті күш жаратқан немесе қара тесіктің бірінен пайда болған тұжырым да бар. «Әлемнің алла тағаланың жаратқаны» деген көзқарасты ғылым жоққа шығара алмайды. Сол сияқты теологиялық көзқарастар да тіршіліктің дамуы табиғат заңдылықтарының негізінде дамыды деген болжамды теріске шығара алмайды.

Жер бетінде тіршіліктің дамуы теорияларының негізгі бес жолын көрсетуге болады:

  1. 1. Тіршілік табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте жаралды (креационизм).
  2. Тіршілік өлі табиғаттан (заттан) бірнеше рет пайда болды (өздігінен тіршіліктің пайда болуы).
  3. Тіршілік мәңгілік (стационарлық күй теориясы).
  4. Тіршілік біздің планетамызға басқа планетадан келді (панспермия).

5 Тіршілік химиялық және физикалық заңдылықтарға бағынатын құбылыстардың нәтижесінде пайда болды (биохимиялық эволюция).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ТІРШІЛІКТІҢ ЖЕР БЕТІНЕ ШЫҒУ ТЕГІ БОЛЖАМДАРЫ

МЕН ТЕОРИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР.

 

2.1 Креационизм теориясы-тіршіліктің табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте пайда болуы.

 

Бұл теория тіршілік өткен уақытта табиғаттан тыс оқиғаның нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты кең тараған діни ілімдер жақтайды. 1650 жылы Арма қаласының (Ирландия) архиепископы Ашер әлемді 4004 жылы біздің дәуірімізге дейінгі алла тағала жасады, 23 қазан күні таңғы сағат 9-да адамды жасап шығарумен өз жұмысын аяқтады деп есептеп шығарған. Ашер бұл сандарды Адам мен Христос (кімді кім жасады) аралығындағы Библияның генеологиясындағы көрсетілген адамдардың жастарын қосып есептеп шығарған. Арифметикаға сүйенсек бұл дұрыс сияқты, бірақ археологиялық қазбадан табылған дәлелдемелер бойынша Адам Таяу Шығыста дамыған қала цивилизациясы кезінде өмір сүріпті.

Тіршіліктің пайда болуы туралы иуда-христиандық көзқарастар Бытия кітабында жазылған 1.1-26. пікірталастар туғызады. Барлық христиандар Библияны жаратушы тәңірдің адамзатқа қалдырған өсиеті екенін мойындағанымен де әлі күнге дейін алшақтық пен келіспеушілік қатарласып келеді. Кейбіреулері әлем алты күнде ұзақтығы 24 сағаттан пайда болды дейді. Олар басқа көзқарастың барлығын жоққа шығарып, алла тағаланың пайымдауы, және оның сыры дейді. Басқа христиандар Библияны ғылыми кітап деп есептемеді; Бытия кітабында барлық адамға түсінікті формада теологиялық сырдың мәнін барлық тірі жан жануарларды жаратқан алла тағала деген көқарасты құптайды. Тіршіліктің пайда болуын ғылыми бақылаулар мен эксперименттер арқылы дәлелдеуге ұмтылса, дін құдайға сенім мен сырласу арқылы шындыққа жетуді көздейді.

«Сенім көрінбейтін құпияға сену, күткен нәрсенің орындалуы. Сенім арқылы барлық дүние құдайдың сөзімен жаратылғанын білеміз» (Еврейлерге жолдау, 11,1-3).

Сенім ғылыми жолмен дәлелденбеген сөздерді заттарды мойындау. Сондықтан ғылыми көзқарас пен діни көзқарас, ойлау бір-бірінен алшақ жатыр. Ғылым үшін ғылыми көрініс әр уақытта болжам элементтерінен құралады, алдыңғы шарт, ал діни сенім адамына теологиялық шындық абсолютті. Әлемді құдай жаратқан, ол тек бір ақ рет болған деген тұжырымның өзі, ғылыми зерттеулер жүргізуге болмайтындығының кепілі. Ал ғылым тек бақылауға болатын құбылыстарды зерттейді, сондықтан ол діни концепцияны жоққа шығара алмайды, ешқашан дәлелдей де алмайды.

 

2.2 Тіршіліктің өздігінен пайда болу теориясы.

 

Бұл теория креационизммен қатар Қытайда, Вавилонда және Египетте таралды. Биологияның негізін қалаушы деп есептелетін Аристотель (б.э.д. 384-322) тіршіліктің спонтанды пайда болу теориясын жақтады. Өзінің бақылауларының нәтижесінде бұл теорияны ары қарай дамытты, оны организмдердің үздіксіз қатарға орналасуымен байланыстырады – «табиғат баспалдағына»: «табиғат белгілі бір кезектілікпен өлі объектілерден жануарларға өтуді жасаған, сол жануардың тіршілік ету кезеңінен басқа алдыңғы уақыттағы мақұлықтарды орналастырсақ, көрші топтар арасындағы тығыз жақындықты көреміз, олардың айырмашылығы шамалы» (Аристотель).

Аристотель бұл тұжырымдамасымен Эмпедоклдің органикалық эволюция пікірін бекітті. Аристотельдің спонтанды тіршілік пайда болу болжамы заттардың бөліктері «белгілі бір бастамадан» тұрады, «бұл бастама» қолайлы жағдайда түрлі организмге айналады. Аристотельдің көз қарасының дұрыстығы ұрықталған жұмыртқада бастаманың бар екендігі, бірақ ол бұл бастама күн сәулесінде, шірігін етте, батпақта бар деуі дұрыс емес.

Христиан дінінің таралуына орай бұл көзқарас біртіндеп көлеңкеде қалды.

Ван Гельмонт (1577-1644) үш аптаның ішінде тышқандарды шығарған экспериментін жария етті. Ол үшін кір жерде, қараңғы шкаф, бір уыс бидай керек. Тышқаннның пайда болуы үшін «қарқынды бастама» адамның терісі деп есептеді.

1688 жылғы италияндық биолог, дәрігер Франческо Реди тіршіліктің спонтанды пайда болуына күмән келтіреді. Реди шіріген еттегі ақ құрттар шыбынның личинкалары екендігін дәлелдеді. Бір қатар эксперименттер жүргізіп тіршіліктің тіріден пайда болатындығын дәлелдеді. (Биогенез концепциясы) Редидің эксперименттері тіршіліктің өздігінен пайда болады деген концепциясын жоққа шығара алмады. Клерикальды емес ортада бұл теория ең негізгі теория күйінде қалды.

Антони Ван Левенгуктың микроскоптық зерттеулері биогенез және спонтанды теорияларды жақтаушылар арасында пікір талас туғызды. Нәтижесінде басқа ғалымдар тіршіліктің спонтанды жолмен пайда болу теориясын дәлелдеу үшін эксперименттер жүргізді.

1765 жылы Ладзаро Спалланцани тәжірибе жүргізді. Ет және көкеніс сорпаларын бірнеше сағат бойы қайнатып, бірден жақын оттан алып қойды. Сұйықтықтарды бірнеше күн өткеннен соң зерттеп, онда ешқандай тіршіліктің жоқ екендігін дәлелдеді. 1860 жылы Луи Пастер тіршіліктің пайда болу проблемасымен айналысты. Бұл уақытқа дейін микробиология саласында көп жаңалықтар ашып жібек және шарап өндірісіне қатерлі проблемаларды шешті. Бактериалардың барлық жерде таралатынын, сонымен бірге өлі денелер тірі бактериалармен тез арада уланатынын дәлелдеді, залалсыздандыру әдістерін тапты (пастерилизация).

Спалланцанидің әдістерінің негізінде жасалған эксперименттердің нәтижесінде Пастер биогенез теориясының шындыққа жақын екендігін тіршіліктің өздігінен пайда бола алмайтынын дәлелдеді.

Биогенез теориясының нақтылануы басқа проблема тудырды.

Егер тірі ағзаның пайда болуы тірімен байланыста болса, ең бірінші тіршілік қайдан пайда болды? Тек стационарлық жағдай ғана мұндай сұрақтарды туғызбайды, басқа теориялардың барлығы тіршіліктің даму сатысының бір кезеңінде өліден тірінің пайда болу стадиясы қарастырылған. Бұл бірінші реттегі тіршіліктің пайда болуы болды ма?

 

2.3. Тіршілік мәңгілік – «тұрақты күй» теориясы.

 

Бұл теорияның тұжырымы бойынша жер еш уақытта пайда болмаған ол мәңгілік. Оның бетінде барлық уақытта тіршілік үзілмеген, тіршілік өзгерсе болымсыз ғана өзгерді, түрлер де бар кезеңде болған.

Жердің жасын анықтауда үлкен алшақтық болды. Орта есеппен Ашердің есептеуі бойынша 6000 жылдан бастап, қазіргі кездегі есептеулер бойынша радиоактивтік ыдыраудың жылдамдығын есепке алу кезінде 5000×106 дәрежесіндегі. Ең соңғы есептеулер жердің жасының ұзақтығын көрсетуде, бұл жағдай стационар теориясын жақтаушылардың жер мәңгілік деген көз қарасын нығайтуда. Бұл теория түрлерде мәңгілік, олар еш уақытта пайда болмаған, түрлердің екі-ақ мүмкіншілігі бар сандарының өзгеруін немесе тіршілігін жою. Бұл теорияны жақтаушылар қазбадан табылған қалдықтардың белгілі бір түрдің пайда болу кезеңі мен түр ретінде жойылу кезеңін жоққа шығарды және оның дәлелі ретінде саусақ қанатты балық Латимерияны келтірді. Полеонтологиялық көрсеткіштер Латимерияның 70 млн. жыл бұрын бор дәуірінде жойылғанын дәлелдейді. Мадагаскар аймағындағы табылған саусақ қанаттылардың тірі өкілдері, бұл тұжырымның қайта қаралуына әкеліп тіреді. Стационар теориясын жақтаушылар қазіргі кездегі тіршілік ететін түрлерді қазба қалдықтарымен салыстыра отырып тұжырым жасау керек, бұл жағдайдың өзінде де тұжырымдар шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін дейді. Стационар күйді дәлелдеу үшін, бұл теорияны жақтаушылар, полеонталогиялық қазбалардың экологиялық жағдайға байланысты пайда болғанын түсіндіреді. Мысалы: белгілі қыртыстардан кенеттен табылған түрді олар сол түрдің популяцияларындағы санының көбеуіне немесе сол түрдің қалдықтарының қолайлы жерге ауысуы деп түсіндіреді. Бұл ағымда эволюцияның түсініксіз аспектілері полеонтологиялық шежіренің арасында үзілістің маңызына көптеген тұжырымдамалар беріліп осы бағытта кеңейтілген түсіндірмелері бар.

 

2.4. Панспермия теориясы.

 

Бұл теория тіршіліктің пайда болуының ешқандай механизмін алға қоймайды, тіршіліктің жер бетінде кенеттен пайда болу теориясын ұсынады. Сондықтан бұл көзқарасты жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу теориясына жатқызуға болмайды: ол проблеманы ғаламның басқа бір бөлігіне әкеліп тірейді.

Панспермия теориясы – тіршілік Галактика мен ғаламшардың әр түрлі бөлігінде, әр кезде бір немесе бірнеше рет пайда болуыны мүмкін дейді. Бұл теорияға негіз болатын жер бетінде бірнеше рет көрінген НЛО жартастардағы заттардың бейнесі, ракеталарға және космонавттарға ұқсас. Сонымен бірге бөгде планеталықтар мен кездесу туралы хабарламалар. Кеңестік және Американдық ғарышта жүргізілген зерттеулер күн жүйесіндегі планеталарда тіршілік иелерінің бар болуының ықтималдығы болымсыз, бірақ олар күн сәулесінің жүйесінен тыс тіршіліктің бір немесе жоқтығы туралы ешқандай мәліметтер берілмейді. Метеориттер мен кометалардағы жүргізілген зерттеулер олардың бойынан тіршіліктің алғы шарттарын олардың бойынан цианогез заттары, синиль қышқылы органикалық қосылыстар табылған. Мүмкін осы заттар жалаңаш жер бетіне «тұқым» ретінде келіп түсуі. Метеориттердің бойынан тіршіліктің қарапайым формаларына ұқсайтын объектілердің табылғандығы туралы мәліметтер бар, бірақ оның биологиялық табиғаты туралы мәліметтер ғалымдарды сендірмей отыр.

 

2.5. Биохимиялық эволюция теориясы.

 

1924 жылы орыс ғалымы А.И. Опарин жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жайлы өз пікірін жарыққа шығарды. Іле шала 1929 жылы ағылшын ғалымы Дж. Хогдейн өз бетінше дәл сондай тұжырымға келіп, Опариннің одан әрі дамыта түсті. Осы бағытта жүргізілген көптеген зерттеулер екі ғалымның ұсынған пікірлерін дұрыстап, соңғы кездегі теориялардың ең тиянақтысы деп тапты. Бұл теория бойынша жер бетінде тіршіліктің пайда болуы былай сипатталады.

Жер өз қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде айтарлықтай салқын болған. Кейін келе өз ішіндегі радиоактивті заттардың ыдырауы нәтижесінде біртіндеп қыза бастады. Жер қойнауының температурасы 1000 градус С-дан артқан кезде ондағы қатты жыныстар балқып бір бірімен реакцияға түсе бастады. Реакция нәтижесінде көп мөлшерде бөлініп шыққан газдардың қысымы артып, жерді жарып шығып, оның айналасында атмосфера түзілді.

Атмосфера құрамында су, көмірқышқыл газ, көміртегі, метан, амоний т.б. заттар болды, бірақ молекулалық оттегі жоқтың қасы еді. Радиоактивті заттардың ыдырау қарқындылығының төмендеуіне байланысты жерде біртіндеп салқындай бастады. Температура 100 градус С -дан төмендеген кезде су буы қоюлана келіп, ыстық нөсер жаңбыр болып, күні, түні, айлар, жылдар бөсіп жауады. Міне осылай алғашқы мұхиттар түзілді. Атмосферадағы газ күйіндегі органикалық заттар жаңбыр суында еріп, ерітінді күйге көшті. Алғашқы атмосферада өттегі мен озон болмағандықтан, энергияға бай сәулелер жер бетіне мол түсіп тұрды. Жиі найзағай ойнап, күн күркірейтін болды, сол себепті жерге жай түсіп жатты. Ыстық жаңбыр суында еріген заттар өзара химиялық реакцияға түсіп, соның нәтижесінде алғашқы мұхитта көмірсулар, аминқышқылдары азотты қосылыстар молая бастады. Олардың біртіндеп абиогендік жолмен қарапайым ақуыздар, нуклейн қышқылдары, липидтер, т.б. түзіле бастады. Бұл тіршіліктің пайда жолындағы бірінші қадам еді.

Америка ғалымы С.П.Миллер 1953 жылы метан, амиак, сутегі және су қоспалары арқылы электр разряды өткізу жолымен бірнеше амин қышқылдарын алды. Орыс ғалымдары Т.Е.Павловский мен А.Г.Пасынский формальдегид пен амони тұздарының судағы ерітіндісіне қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерімен әсер ету арқылы әр түрлі амин қышқылдарын алды. Жапондық ғалым К.Харида және Американ химигі С.Фокс зертханалық жағдайда метан, амиак, сутегі, су буы, т.б. заттар қоспасына жоғары температура мен әсер ете отырып амин қышқылдарын алды. Бұл тәжірибелер Опарин жасаған болжамның дұрыстығын дәлелдей түсті. Түзілген органикалық қосылыстар көптеп жинақтала келе мономолекулалық жиынтықтарға коацерваттарға айналды. Бұл сияқты коацерваттарды әр түрлі ақуыздың судағы ерітіндісін, мысалы желімтік (клейстер) пен гуммиарабиктің ерітіндісін араластыру арқылы зертханалық жолмен алуға болады. А.И.Опариннің коацерваттар айналадағы ортадан өзіне әрқилы заттарды сіңіре отырып көлемін ұлғайтып, тығыздала түсетінін байқаған.

Коацерваттарды әлі де болса тірі ағза деуге де болмайтын еді, өйткені оларда тек өсу, сыртқы ортамен зат алмасу сияқты қасиеттер ғана болды. Коацерваттар құрамына кіретін әртүрлі ақуыздың ішінде ферменттердің ролі зор болды. Бір коацерваттар құрамындағы ферменттер химиялық реакцияларды тездетіп, күрделендіріп, оның өсуіне жақсы әсер етсе, екінші бірі коацерваттарға әсер ете алмады. Мұның өзі коацерваттар құрамының тұрақтылығына сақтауға мүмкіндік беретін тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталуға әкеліп соқты.

Тіршіліктің пайда болу жолындағы келесі кезең өзін — өзі ұдайы өсіп — өндіруге қабілетті молекулалардың қалыптасуы болды. Ондай молекулалар ақуыздар мен нуклеин қышқылдары еді. Нуклеин қышқылдары өздеріне ұқсас түзе отырып, ақуыз синтезін қатаң реттей алды. Ал ақуыз -ферменттер нуклеин қышқылдарының жаңа көшірмесін жасау әрекетін іске асырды. Міне осылай тіршілікке тән негізгі қасиет өзін-өзі ұдайы өсіп өндіруге қабілеттілік пайда болды.

Біз жоғарыда айтып өткендей тірі ағзалар ашық жүйе болып табылады. Өйткені барлық ағзалар сырттан келген энергияны пайдаланады және онсыз тіршілік ету мүмкін емес. Энергияны пайдалану тәсіліне қарай осы күнгі ағзалар екі топқа бөлінеді; күн энергиясын пайдалана алатын (жасыл өсімдіктер) автотрофтылар және органикалық заттар ыдырағанда босап шығатын энергияны пайдаланатын (жануарлар және жасыл емес өсімдіктер) гетеротрофтылар.

А.И.Опариннің айтуы бойынша алғашқы ағзалар гетеротрофтылар болуы тиіс. Олар өте ертедегі су қоймаларында орасан көп болған органикалық заттармен қоректенген, бірақ келе-келе ағзалар санының көбеюіне байланысты, дайын қорек азайып олардың қорек үшін бәсеке күшейе түскен. Мұндай жағдайда өте икемділері тірі қалып, өсімтал ұрпақ берген. Ағзалардың сыртқы орта әсерінен төзімділігі артып, құрылысы күрделене түскен. Ядро және сыртқы қорғаныс қабаты пайда болғаннан бастап, оларды бір жасушалы ағзалар деп санауға мүмкіндік туды.

Тіршіліктің пайда болу жолындағы аса бір ірі қадам ағзалардың бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуге көшуі. Сөйтіп алдымен хемосинтездеуші, бертін келе фотосинтездеуші ағзалар пайда болды. Олардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде атмосфераға оттегі бөлініп шығып, ағзалардың тыныс алуына жұмсалып, табиғатты органикалық қалдықтарды тотықтыра бастады. Міне осылай, энергия босатудың жаңа, өте тиімді әдісі — оттекті ажырау жүрді. Жасыл өсімдіктердің қарқынды дамуына байланысты атмосфера оттегіне байы түсті. Ол оттегінің біразы ағза тіршілігі үшін зиянды ультракүлгін және иондаушы сәулені сіңіріп, ұстап қалатын озонға айналды. Озон экранының түзілуі тіршіліктің судан құрлыққа шығып, бүкіл жер бетіне таралуына жол ашты.

Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе деген сұрақ жиі қойылады. Ол мүмкін емес, өйткені А.И.Опариннің теориясынан біздің ұққанымыз қарапайым органикалық қосылыстардан тірі ағзалардың пайда болуы – тіршілік ортасына бейімделудің өте ұзаққа созылған әрекеті болып табылады. Пайда болған ағзалар арасында табиғи сұрыпталу, өзін-өзі ұдайы, өсіп өнуге қабілеттілік сияқты бірнеше миллиондаған жылдарды қамтитын әрекеттер жүруі тиіс. Сондай-ақ қай жерде болса да түзілген органикалық заттарды гетеротрофты ағзалар бірден қорек ретінде пайдаланар еді. Олай болса, ең алғаш абиогендік жолмен пайда болған тірі ағзалар енді одан әрі өздеріне ұқсас ағзалардың тек биогендік жолмен дамиды деген қорытынды туады.

 Ең алғашқы ағзалардың табиғаты.

Қазіргі кездегі белгілі болған мәлімдемелерге жүгінсек ең алғашқы ағзалар гетеротрофтар болған деген тұжырымға келеміз, себебі алғашқы органикалық заттардың ерітіндісінен тұратын ортадан осы күйдегі энергиясы тек гетеротрофтардың ғана пайдалануға мүмкіншіліктері болды. Қоректік заттарды синтездейтін химиялық реакциялар өте күрделі, сондықтан тіршіліктің ең алғашқы формаларда мұндай іс-әрекет жүруі мүмкін емес.

Биохимиялық эволюцияның барысында пайда болған күрделі органикалық заттардың кейбіреулері клетканың жаңа материалдарын синтездеу үшін энергия көзі ретінде күн сәулесінің радиациясын пайдалануы мүмкіншілігіне икемделді. Пайда болған клетканың бойындағы жаңа құрылым клетканың жаңа материалдарын құруға мүмкіндік туғызды, енді ол клеткаларға органикалық заттарда бойына сіңіру қажет болмады — клеткалар автотрофтарға айналды.

Гетеротрофтардың санының біртіндеп көбеюі, қоректік заттардың ең алғашқы ортадағы мөлшерін күрт төмен түсіруі мүмкін еді, пайда болған бәсекенің қорытындысы ретінде автотрофтардың шығуы жылдамдады.

Ең алғашқы фотосинтездеуші ағзалар энергия көзі ретінде күннің радияциясын пайдаланғанымен бос оттегіні пайда болатын метаболизм жолынан алшақ еді. Дамудың соңғы кезеңінде оттегін бөліп фотосинтездеуші ағзалар пайда болған. Ол ағзалар қазіргі кездегі көк — жасыл балдырларға ұқсаған, осы процестің негізінде атмосферада біртіндеп оттегінің мөлшерінің көбеюі және оның иондануы озон қабатының түзілуін қамтамасыз етіп біртіндеп жер бетіне түсетін ультракүлгін радиациясының мөлшерін азайтты. Бұл жағдайда жаңа күрделі синтезделетін заттардың түзілуін тежеп, тіршіліктің бейімделген формаларының тұрақтылығын жоғарлатты. Қазіргі кездегі ағзаларға жүргізілген физиологиялық зерттеулер энергияның пайда болуы мен ыдырауының биохимиялық жолдарының алуан түрлі екенідігін көрсетті, бұл жағдайлар табиғаттағы ең алғашқы ағзалардың бойында өткен процестердің көрінісі болуы мүмкін.

Жоғарыда тоқталып өткен болжамдар мен тұжырымдарға қарамастан тіршіліктің пайда болу проблемасы әлі шешілмеген, биохимияның барлық жетістіктері тек ой жүзінде тоқтам мен болжам жасауға мүмкіндік береді, оқушыларға тек қарапайым түрдегі болжамдардың құймасы ғана берілді. Басты мазмұн бола алатындай болжам әлі жоқ, күрделі өлі заттардан қарапайым тірі ағзалардың пайда болуы құпия күйінде қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ТІРШІЛІКТАНУ ПӘНІНЕН «КІРІСПЕ» ТАҚЫРЫБЫН

ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН ТӘСІЛДЕР.

 

3.1 Кіріспе тақырыбында оқушыларға қалыптастыратын ұғымдар және тақырыпты оқыту әдістері мен тәсілдеріне толық сипаттама.

 

Органикалық дүние — жердің биосферасын мекендейтін барлық тірі (микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар және адам) организмдер. Бұлардың әрқайсысы өз тіршілігінде бір-бірімен өзара және органикалық емес табиғатпен тығыз байланыста болады. Органикалық дүние миллиондаған жылдарға созылған эволюция процестері нәтижесінде қалыптасқан. Органикалық дүниенің даму тарихын материалистік тұрғыдан Ч. Дарвин түсіндірген.

Ғалымдар жердің жасы 4,5-7 млрд. жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай 5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте ертедегі түзілген жер қыртыстардан табылған қазба қалдықтарға сүйене отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтауға болады.

Архей заманы — жер қыртысын тарихындағы көне заман. Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың, бактериялардың және көк жасыл балдырлардың қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның, аммиактың, судың мөлшері азайып, көміртегіоксиді мен оттегінің мөлшері арқан.

Протерозой заманы ең ұзаққа созылған, бұл заманда тау түзілу әрекеті жүре бастады. Тіршілік аса күшті қарқынмен дамыды, біржасушалардан көп жасушалар пайда болды. Протерезойдың соңына таман жануарлар типтерінің басым көпшілігінің өкілдері пайда болды.

Полеозой заманы — бұл ертедегі тіршілік заманы. Бұл заман 6 дәуірге бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь ( қосарбетті қара).

Мезозой заманы — органикалық тіршіліктің бұл орта ғасырында бұрынғысынша тау түзілу әрекеті көптеген аймақтарды қамти жүрді. Осыған байланысты климат әлдеқайда құрғақ болып, құрлықтың көлемі арта түсті.

Триас. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар заманы деп атайды. Қосмекенділердің көпшілігі құрғақ климатқа бейімделе алмай, өз орындарын жорғалаушыларға берді. Триаста өмір сүрген жорғалаушылардан бүгінгі күнге дейін жеткендері тасбақалар, крокодилдер.

Юра кезеңінде жылы теңіздердің көлемі артып онда бірқатар басаяқты былқылдақдененілер тіршілік етті. Жорғалаушылар біртіндеп ауа кеңістігін де игере бастады. Бор кезеңінде жалаңаштұқымды өсімдіктер көптеп жойылып жабық тұқымдылар кең өріс алып тарала бастады. Теңіз суы кейін шегініп, өсімдіктер құрап азая түсті. Сөйтіп мезозой заманының соңында ауаны, жер бетін, суды мекен еткен алып жорғалаушылар ортаның қолайсыздығынан жойылып, олардың орнына құрылым дәрежесі әлдеқайда жоғары омыртқалылар — құстар мен сүтқорректілер келіп шықты.

Қайнозой заманы. Бұл жаң тіршілік заманында осы қазіргі кездегі флора мен фаунаның қалыптасу әрекеті жүрді. Кайнозой екі кезеңге — үштік және төрттік кезеңге бөлінеді.

Бүгінде биология ғылымының қамтымайтын саласы жоқ десе де болады. Ол тірі организмдердің құрылысы мен қызметін, дамуы мен өзара байланысып, шығу тегі мен таралуын, өлі табиғатпен ара қатынасын зерттейді. Органикалық дүниенің жануарлар мен өсімдіктердің, микроорганизмдердің вирустрдың қасиетін олардың пайда болуы мен даму заңдылықтардың қарастырады. Өмірді алға бастыратын жаңалық атаулы ғайыптан пайда болмайтыны, ескінің қойнауында туындамайтыны белгілі. Ендеше бәрі өзгеріп жатыр екен деп, өткеніміз бен соның жемісі бүгінімізді «сыпырып» тастасақ, болашағымызды белгілейтін сол жаңалықтан айырылым жол таппасымыз ақиқат. Қаншама уақыт қорланған қоқыстан суырылып «мен мұндалап» ол жаңалық өзі келіп қолыңа түспейтіні де шындық. Бұл тарихи тағлымымызды дұрыс болжауға көмектеседі. Сондықтан ең алдымен, биологиядан жалпы білім берудің бүгінгі қалыптасқан жайы, одан алған оқушы білімінің сапасы қандай деген мәселеге талдау жасап, анықтап отыру қажет.

Оқушыларға жоғары сатыдағы организмдердің (өсімдіктер, жануарлар, адам) морфологиясымен, және әредік сүтқоректілердің жүйеленуімен (жекелеген жануарлардың аттарына) байланысты материалдарды бірсыдыры түбегейлі оқытқан жөн. Ал, организмнің жеке мүшелері құрылысы мен қызметінің бірлігін тұтас организм мен оны айналадағы орта арасындағы өзара байланысты, тіршіліктің жалпы заңдылықтарын (бейімділік оның салыстырмалы сипаты, тұқым қуалау, оның заңдылықтары т.б.), тіршілік процесстерінің физикалық — химиялық негіздерін (зат, энергия алмасу, биосинтез т.б.) өз өлкесіндегі өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, тіршілігін жөнді жолға қойып, түсіндіру барысында барлық әдістерді қолданып, сабақты түрлендіріп түсіндірген жөн.

Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беріп, бүрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді.

Оқыту әдістері оқытуды мазмұнымен тығыз байланысты. Әдіс білім игеру барысындағы мұғалімнің жетекшілігіне және мектеп оқушыларының танымдық қабілетінің дамуына бағытталған іс-әрекеттерін де қамтитінін көрсетеді. Мұғалім тақырыпты ашу барысында картиналар мен диафильмдерді пайдаланады, мұғалім практикалық жұмыс барысында түсінік береді, нұсқау кеңес беретін оқулықтарды т.б. пайдаланады.

Биология сабағында әрбір әдістерді тақырыптық мазмұнына, оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің шеберлігіне сәйкестендіре отырып пайдалана білу қажет. Оқыту әдісіне жұмыстың әр алуан тәсілдері енеді, оларды әдістің детальдары, элементтері ратінде қарастыру керек. Тәсілдер әдетте, қосалқы мэнде болады. Олар бір әдістің ғана емес, әртүрлі әдістердің бір қатар бөлігі болуы да мүмкін. Мектептерде биологиядан білім берудің басты мақсаты: эволюциялық ойлау дамыған экологиялық жағынан қалыптасқан, тіршіліктің ең жоғары құндылық деп бағалайтын биологиялық білімді дүниенің біртұтас ғылымы бейнесін терең түсінудің маңызды бөліктері ретінде меңгеріп, соған пайдалана білітін, ғылыми әдістерді меңгеріп іс жүзінде, қажетті жағдайларға қолдануға икемді, биологиялық сауатты адам тәрбиелеу.

Бұл мақсатқа биологиялық жалпы бөлімінің үш бөлікті біртұтастық сипаты бар мынадай құрылымдық мазмұны сэйкес келеді:

1) Тірі табиғат туралы білім. Бұл тірі табиғаттің біртұтас ғылыми бейнесін беретін тіршілік, оның деңгейлері, тіршілік процестері, қасиеттері сияқты иргели биологиялық ұғымдары және органикалық дүниенің көптүрлілігі, биологиялық білімнің қолдану аясын, адам туралы білім негіздерін қамтиды.

2) Тірі табиғатты танып білудің танымдық әдіс-тәсілдері туралы білім. Бұған биолгиялық құбылыстардың объективті заңдылықтарын терең ашып, түсінуге көмектесетін, оның әдіснамалық негізі болып табылатын теориялық синтездің қарапайым синтез, талдау, терең синтез, модельдеу сияқты әдіс тәсілдер туралы білім жатады.

3) Осы білімді меңгеріп, білікке айналдыруға көмектесетін оқушы іс-әрекеттерінің түрлері. Бұған ғылыми зерттеу (бақылау, тәжірибе, эксперимент т.б.) және нақты сипаты бар іс-әрекеттер арқылы орындалатын жұмыстар кіреді. Сонымен қатар бұл айналадағы басқа тіршілік иелеріне, олардың жағдайларына өз қарым-қатынасын (тіршіліктің, адамның және өз халқының салт дәстүрлерінің баға жетпес құндылығын түсіну), қоршаған табиғи ортадағы өз орнын, ролін анықтауға бағытталған оқушы адамгершілігін тәрбиелейтін іс-әрекеттерді де (таза экологиялық орта үшін күресу, тірі табиғатты қорғау, мейірімділік қорларын жасау т.б. сияқты ізгі істерге қатысу) қамтиды.

Органикалық дүниенің дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін эволюция туралы ілім биологияның теориялық өзегі болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту мұғалімнен жоғары теориялық даярлықты, методикалық шеберлікті қажет етеді.

Мысалға мына сабақты алып қарайық: «Табиғи сұрыпталу және эволюцияның басқа факторлары». Сабақтың мақсаты: Табиғи сұрыптау- эволюцияның жетінші факторы, мекен ортаға бейімделген жаңа түр жаратушы тек сұрыпталу процессі екендігін, сұрыпталудың әсерін танып білу тірі табиғаттағы тарихи өзгерісті материалистік тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік бергендігін оқушылардың анық түсініп еске сақтауын қалыптастыру қажет.

Сабақтың міндеті

  1. Табиғи сұрыпталу әсерінің мысалдарын қарастыру.
  2. Сұрыпталушы фактор орта жағдайлары болып табылатын, табиғи сұрыпталудың жасампаздық жолын анықтау.
  3. Басқа факторлармен салыстарғанда табиғи сұрыпталу эволюцияның ең негізгі күші екендігін көрсету.

Сабақтың білімдік, тәрбиелік және дамутышылық міндеттері: нақтылы ботаникалық және зоологиялық материалдар арқылы табиғи сұрыпталудың мәнін ашу және осы негізде тірі материяның өздігінен қозғалатын, өздігінен дамитын, шынайылылығын көріп, оқушылардың бейімдерінің тереңдеуіне, оларға диалектикалық- материалистік көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік жасау қажет: оқушыларға табиғи сұрыпталу нәтижесінде жүріп жататын биологиялық заңдылықтарды танытып білдіру. Қолдан және табиғи сұрыпталулардың ұқсастығы мен өзгешелілігін салыстырып, ауыл шарушылындағы генетика мен селекцияның пратикалық мәселелерін, сондай-ақ медицинадағы генетикалық мәселелерді оқушылардың талдай білуін дамыту.

Сабақ барысында мынадай әдістерді қолданып, әңгіме баяндау, кеңес (сұрақтар мен жауаптар) тақырыпты түсіндіру. Сабақ көрнекіліктерінің тақырыпқа әсері мол, оған мынадай көрнекіліктерді қолданған жөн: дидактикалық карточка тапсырмалар, схема таблицалар, тірек — конспект. Сабақ барысында гербарийлер, коллекциялар, қолдан жасалған және баспалық таблицаларды да қолданған дұрыс.

Табиғи сұрыпталудың анықтамасын түсіндіруде оның қазіргі кездегі түсінігінде особьтардың тек тірі қалуға ғана емес, сонымен бірге олардың көбеюінің зор маңызы ескеріледі. Ұрпақтың тірі қалуы, өсетін жасына жетуі, көбеюдің қарқындалығы бейімділгіштіктің негізгі белгісі ретінде қарастырылады. Оқушыларға мутациялардың сипатын және олардың бақытсыздығын анықтап, әрқашанда тек сұрыпталу процессі белгілердің мекен ортаға бейімделуінің ең тиімді қызмет атқаруының бағытында, яғни жаңа формалардың жасалу бағытына зор әсер ететіндігін білдіру. Табиғи сұрыпталудың эволюциядағы жасампаздық, жетекшілік рөлі, бұл прцесстің материалистік түсінігі туралы қорытындыны оқушылар дәптерлеріне жазады.

Мұғалім жаңа мтериалдарды оқыту кезінде бастапқыда шағын кіріспе әңгімелеу өткізеді, соңынан экранды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың назарын берілген объектіге аударады. Оқушыларға экрандық құрал пайдаланудан бұрынырақ сұрақтар қойса жақсы болады: табиғи сұрыпталудың популяцияда басталатынын қалай түсінуге болады? Табиғи сұрыпталудың жасампаздық рөлі неде?

Балалардың ойлау қабілетін жандыру үшін сабақта экрандық құралдары пайдалану жоспарын ойластырып, оны көрсету уақытын белгілеу керек.

Мұғалімдер соңғы кезде телевизиялық хабарларды осы тақырыпты ашуда кең пайдаланып жүр. Мұғалім телевизиялық сабақ өткізген кезде тақырыпқа жалпы кіріспе жасайды, оқушыларды саналылықпен қабылдауға даярлай отырып материалды пысықтайды.

Биологиядан білім берудің теориялық әдістемелік деңгейін көтерудің басты кепілдерінің бірі-оны оқытудың материалдық базасын нығайтып, оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Бағдарламалар, оқу әдістемелік және дидактикалық көрнекі құралдарын жасау.

Сабақтың жетістігі, мұғалімнің алдын-ала дайындаған конспекті мен жоспарын қандай дәрежеде қолданыла білуінде. Осыған байланысты биология сабағын өту барысында кездесетін қиыншылықтардан құтылудың кейбір анықтамаларын айтып өтейік. Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылардың сабақаты жақсы менгеруі үшін, негізгі оқу мазмұнын тақтаға жазу жүйесін қолдану керек. Бұл жерде сөздік-логикалық схемалар, жалпылау таблицалары көмектеседі. Сабақты түсіндіру барысында да оқушылармен әңгімелесуді ұмытпау керек. Оқушылардың орындарынан берілген сұрақтары, олардың жауаптары тек сіздің рұқсатыңыз бойынша жүруін қамтамасыз етіңіз. Оқушылардың сөйлесу мәдениетін тәрбиелеңіз. Жаңа материалды жаман тәртіпте түсіндіруге болмайды. Бұл так сабақтың соңында сіздің көңіл-күйіңізді құртады және тақырыптан бір нәрсе тыңдап, түсінем деген оқушыларды да шаршатады. Олардың тең жартысы бұл жағдайда жаңа сабақты түсінбей қалады. Барлығы сізді тыңдаулары керек, тынышталдырып ғана сабағыңызды жалғастырыңыз.

Сабақты, оқушыларды бос отырмайтындай етіп ұйымдастыру қажет. Бұл көптеген кездесетін қиыншылықтардың болмауын, сонымен қатар прблемасын шешуге көмектеседі. Сабақта пәнге қызығушылықты арттырып қосымша ғылыми белгілі әдебиеттерден бай мүмкіншілігінің бар екендігін ұмытпаңыз.

Оқушылармен олар түсінетіндей етіп сөйлеңіз, яғни солардың дәрежелеріндей. Биология курсының қиын сұрақтарын қарастырған кезде оларды қайталап беруге болады. Оқушыларды қазіргі заман биологияның ғылымдағы шешілмеген прблемаларымен таныстырыңыз. Оқушылардың өтілетін материалдардың практикалық керектілігіне көңілін аудартыңыз. Жалпы ойрарды нақты мысалдармен көрсетіңіз. Оқушылардың жаңа оқу әрекеті түрінде логикалық ауысуын қамтамасыз етіңіз.

Оқушыларға оқу әрекетінің әр түрлі жоспарларын ұсыныңыз; -объектілерді салыстару жоспары -объектті түсіндіру жоспары –тәжірибе жүргізу жоспары — зертханалық жұмысты орындалу жоспары -микроскоппен жұмыс істеу жоспары -әдебиеттермен жұмыс істеу жоспары.

Оқушылардың биология сабағында оқулықпен сабағында оқулықпен жұмыс істеу барысында келесі әркекет түрлері болуы мүмкін; -параграфтың соңындағы сұрақтарға жауап беруі

— параграфтың мазмұнын айтып беру.

— Дәптерге жаңа негізгі терминдер мен түсініктерді көшіріп жазу.

— Негізгі анықтамаларды көшіру

— Конспектілеу

— Параграфтың жоспарын дайындау

— Параграфтарғаарналған өзіндік сұрақтарын қолдану

— Дәптерге таблицаларды толтыру

— Оқулықтағы безендірілген суреттермен жұмыс жасау

— Оқулықта келтірілген өсімдіктер мен жануарлар түрлерін анықтау.

Оқушыларды сұрау барысында әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Белгілі оқымысты әдіскерлер Н.М. Верзилин және В.М. Корсунскаялар биология сабағында келесі оқушылардың білімін тексеруге арналған әдістерді атап көрсеткен.

— оқушылардың тақтада ауызша жауап беруі;

— биологиялық есептердің шешілуі

— тақтадағы таблицалармен схемаларды ұжымдасып толтыру;

— таблицадағы жануарлар мен өсімдіктердің бөлімдерін көрсетіп ауызша жауап беру;

— суреттегі бөліктері атап жазбаша жауап беру;

— объектінің белгілерін салыстыру;

— оқушылардың жеке тапсырмалары (доклад, реферат, тәжірибилерінің қорытындылары және т.б.)

— жолдасынаң жауабын талқылау;

— жазбаша бағдарламаланған сұрау;

— дәптерге таблицаларды өз бетінше толтыру.

Биология пәнінің тәжірбиелі мұғалімдері оқушылардың білімін және іскерліктерін тексеру үшін әр түрлі сабақтын ұйымдасу түрлерін қолданады:

— оқушылардың индивидуальды білімін тексеру үшін, оларға дидактикалық карточкалар бойынша әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.

— биология пәнінен кросводтарды шешу;

— мұғалімнің тақтаға жызылған түсініктерінің арасындағы байланыстарын оқушылардың іздеп тауып түсіндіреді;

— мұғалімнің берген немесе өз бетінше дайындаған жоспарына оқушының жауап беруі;

— кластастары жауап беру үшін, оқушылардың биология сабағына дайындаған сұрақтары;

— мұғалімнің тақтаға әдейілеп қате жазған терминдерін оқушылардың дұрыстауы;

— негізгі терминдер мен түсініктерді қайталау және т.б. Оқушылардың танымдақ әрекеті репродуктивті ұқсастық, уақытша-ізденіс және шығармашылық деңгейде болатынын еске түсіру қажет. Сабақта мұғалім мүмкін болса, осы 3 танымдық әрекетті қамтитын тапсырмаларды қолдану керек. Оқушының шығармашылық дамуына көңіл аудара отырып оған жүмыс істету үшін қиын сұрақтар берілуі керек.

Оқушыларды дәптерге жүйелі түрде жазуға үйрету керек. Оның жазып отыратындары:

— оқулықта болмаса түсініктерді,

— сабақтың жоспары мен мақсаты,

— сабақта ойланатын сұрақтарды,

— материалды түсіну үшін керек таблицаларды, схемаларды,

— практикалық жұмыстар мен тәжірбиелердің қорытындыларын

— көріністі айқындайтын мысалдары

— жауаптың жоспарын

— лабараториялық жұмыстардың жоспарын

— танымдық әрекеттің пайда болуының жоспары

— керекті әдебиеттердің тізімі,

— ендігі сабаққа берілген үй тапсырмасы.

Сабақтағы оқушы мен мұғалімнің әр бір әрекеттері педагогикалық мақсатты және белгілі бір мағынасы болуы керек екендігін есте сақтау қажет. Ал сабақтың уақыты шектеулі.

 

«Кіріспе» тақырыбын сабақтарға бөлу және күнтізбек жоспары. Әдістемелеріне жалпы сипаттама.

«Кіріспе» тақырыбында қарастыратын мәселелердің көлемін кеңейтіп алғаннан соң, қазіргі биологияның өзекті мәселелеріне нақты тоқталатын жағдайда, мұғалім жоспар бойынша бөлінген 1 сағатқа, сақтамдағы сағаттан тағы да бір сағат қосып, тақырыпты 2 сабаққа бөліп оқытады.

Бірінші сабақта тіршіліктің қасиеттері және критерийлері қарастырылса, екінші сабақта тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері және биологияның зерттеу әдістерімен жетістіктеріне тоқталады.

«Кіріспе» тақырыбын осылайша бөлу, оқушылардың биологиялық түсініктерін алдағы өтетін тақырыптарда жалғастыруға мүмкіншіліктері бар, сонымен қатар алдын ала алған білімдерін жаңа сабақтарда пайдаланады.

«Кіріспе» тақырыбында оқушыларға қазіргі кездегі жалпы биологиялық өзекті мәселелер жайында нақты түсініктер қалыптастырудың маңызы зор. Себебі оқытылатын тақырыптардың мазмұны, «Кіріспе» тақырыбындағы қарастырылған мәселелердің шешуі болып табылады және оқушылардың көзқарастарын дамыту діңгегі.

Сабақты қазіргі таңдағы биология, күрделі ғылымдар комплексі, екендігін әңгімелеуден бастап, тірі табиғат туралы, оның заңдылықтарына және дамуына тоқталамыз.

 

Тіршіліктің үнемі қозғалыста болатынын, материяның ерекше қозғалыстағы формасы екені туралы түсініктер қалыптастыру керек.

Қазіргі кездегі биология, жекеленген, маманданған пәндер жиынтығынан құралады, олардың арсындағы қарым-қатынас, тығыз байланыс өте жоғары деңгейде көрінеді.

Биологиялық зерттеулердің нәтижесінде тіршіліктің биологиялық көрінісінің мәні ашылып, фактілер жүйесімен дәлелденеді. Тірі жүйелердің дамуы, ұрпақ қалдыруы, құрылысы, қызметтері жайлы концепциялар, ойлар, түсініктер қалыптасады ғылымдардың интеграциялануы табиғатын түсіну қиын проблемаларды шешуге көмектеседі ғылыми пәндердің зерттеулерінің барысында биология ғылымы жаңа теориялармен, идеялардың жиынтығы, фактілермен толықтырылды.

Биология циклінің классикалық ғылымдарымен бірге (анатомия, физиология, морфология, ботаника, зоология т.б.) биологияның жаңа салалары пайда болды, олар тіршіліктің терең физико-химиялық негіздерін зерттеумен шұғылданады (мысалы, биохимия, биотехнология т.б.)

Биология ғылымдарының прогрессивтік дамыу, басқа да ғылымдар салаларының дамуымен тығыз байланысты. Физика ғылымының заңдылықтарын білу ағзаның жүйке жүйесінің қызмет жасау принципін түсінуге мүмкіндік береді. Химияның заңдылықтарын білу, жасушаның ішкі процесстерін түсінуге, ал математиканы меңгеру-биологиялық зерттеулердің қорытындыларын шығаруға, есептеуге көмектеседі.

Қазіргі кездегі биология ғылымдарының шешетін мақсаттары мен міндеттері алуан түрлі. Олар, ағзаның құрылысы онда болып жатқан өзгерістер, қызмет жасау заңдылықтары, тіршіліктің алуан түрлілігі, жекеше даму мен тарихи дамудың процесстері, мекен ету ортасымен ағза арасындағы байланыстардың ерекшеліктері, тұқым қуалаушылықпен өзгергіштік және басқа құбылыстар.

Қазіргі таңда молекулалық биология, генетика, экология ғылым салаларын меңгеру адамзаттың жалпы мәдениет деңгейінің көрсеткіші.

Жалпы биологияның комплексі түрде қарастыратын мәселелері, генетика негіздері сұрыптау, ағзалардың жекеше дамуының заңдылықтары, цитология, экология негіздері және биосфера туралы ілім органикалық тіршіліктің дамуы және адамның шығу тегі, эволюциялық ілім болып табылады.

Жалпы биологияның теориялық негізі тіршіліктің критерийлері. Бұл дегеніміз тірі ағзаларға тән қасиеттерді, ерекшеліктерді қарастыру.

Тіршіліктің 1-ші критерийі-тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейінің күрделі және өте жоғары дәрежеде екендігі. Бұл жайды тірі ағзалардың құрылым және функциональді бірлігі жасушаны мысалға келтіріп көрсетуге болады.

Осы жағдайды күрделі көп клеткалы ағзаның құрылысының мысалынан да көрсетуге мүмкіншілік бар.(сүткоректілердің ағзасы)

Тіршіліктің 2-ші критерийі — зат алмасу. Тірі ағзалар айналадағы ортадан үнемі заттарды сіңіреді де. Керексіз заттарды сыртқы ортада қайта шығарып отырады. Мәселен. Адам денесіндегі клеткалар сыртқы ортадан оттегі, су-, глюкоза, аминқышқылдары, минералды тұздар, витаминдер, мочевина, несен қышқылдары, т.б. шығарады. Ендеше жасуша ашық жүйеге жатады, сондықтан да сыртқы ортамен зат алмасу әрекеті үздіксіз жүріп отырады.

Заттар сіңіріледі, өзгеріске ұшырайды және энергия бөлінеді.

 

Тіршіліктің 3-ші критерийі — тірі ағзалардың құрамына, өлі табиғатта кездесетін химиялық элементтер кіреді. Бірақ элементтердің мөлшері тірі ағза мен өлі табиғатта бірдей емес. Тірі ағзалардың құрамындағы химиялық элементтердің 98%-і төрт элементтің еншісіне тиеді; көміртегі, оттегі, азот және сутегі. Тірі денелерде өлі табиғатта кеңінен таралған заттармен бірге, тек тірі ағзаға тэн көптеген заттар бар.

 

Тіршіліктің 4-ші критерийі — дискреттік.

Тірі ағзалар жүйесінде көрініс беретін материяның жалпы қасиеттерінің бірі- дискреттік (үзік, бөліну). Кез келген биологиялық жүйе, мысалы ағза, түр, биогеоценоз, жекеше, автономды бөліктерден тұрады, солай бола тұра бөліктер бір-бірімен қарым-қатынаста, құрылымдық- функциональды бірлік түзеді.

Биоценоздың мысалында қарастырып көрейік. Биоценоздың құрамына продуценттер кіреді (әртүрлі ағзалар, күн сәулесінің әсерінен өз бойында көмірсулар синтездейді), консументтер (продуценттердің дайындап берген органикалық заттарын тұтынушы), редуценттер (консументтер мен продуценттердің өлі денелеріндегі органикалық заттарды ыдыратушы). Продуценттерге жасыл өсімдіктер жатады, консументтер-жануарлар, редуценттерге шіріту бактериялары жатады. Көрсетілген ағзалардың топтары қаншалықты дербес, автономды, маманданғанына қарамастан бір-бірімен тығыз байланыста, бірінсіз-бірі тіршілік ете алмайды себебі олар энергия және заттар ағымымен біртұтас байланыста. Биоценоз деңгейінде продуценттер, консументтер, редуценттер арасындағы салыстырмалы тәуелсіздікпен бірге, тығыз байланыс бар.

 

 

Тіршіліктің 5-ші критерийі — тітіргенгіштік.

Барлық тірі ағзаға тән қасиет. Әрбір биологиялық жүйеге қоршаған орта әсер етеді. (организм, мүше, жасуша т.б.).

Тітіргенгіштік тірі ағзалардың қоршаған отраның әсеріне жауап қайтаруы. Тітіргенгіштік қасиетке байланысты ағза қоршаған ортаның әсерлеріне таңдап жауап қайтарады. Тітіргенгіштік барлық тірі ағзаларға тән қасиет болғандықтан ол тек адамдар мен жануарларда ғана емес, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың вирустардың да бойында көрініс береді.

Бунақ денемен қоректенетін жыртқыш өсімдіктерде тітіргенгіштік айқын байқалады (шыбынжұт, шықшыт). Барлық өсімдіктер жарықтың түсуінің ұзақтығы мен мөлшеріне жауап қайтарады, кеңістіктегі жарықтың түсу бағытына тітіркенеді ( күнбағыс).

Тітіргенгіштік қарапайым жануарлардан да көрінеді. Мысалы, кіршікшелі-кебісше тұзды аз судың тамшысынан, тұзы аз су тамшысына қарай жылжиды, егер бұл тамшылар бір-бірімен байланысты болған жағдайда. Бұл мысалда қарапайым жасуша сыртқы ортаның әсерін жүйке жүйесінің қатысуынсыз қабылдайды, себебі бұл жәндіктерде жүйке-жүйесі жоқ.

Жоғары сатыдағы көпклеткалы жануарларда тітіргенгіштік рефлекстің түзілуімен сипатталады, бұл жүйке жүйесімен тығыз байланысты.

Тіршіліктің 6-ші критерийі ағзаның өсуі.

Өсу-ағзаның салмағының, мөлшерінің артыуы. Жасушалардың мөлшері мен санының артуы. Жануарлар мен әсімдіктердің ағзаларының өсуі, ағзадан бөлінетін биологиялық белсенді заттар-гормондардың әсеріне тікілей байланысты және олар өсуді реттеп отырады.

Кейбір жануарлардың белсенді өсуі тіршілігінің белгілі бір кезеңдерінде байқалатын болса, екіншілерінде тіршілік барысында ұдайы өседі. Балықтарда, жорғалаушыларда байқалады. Барлық жағдайда ағза жас кезінде қарқынды өседі.

Өсімдіктер-тіршілігін жойғанша өседі.

Тіршіліктің 7 – ші критерийі – ұрпақ қалдыру (көбею).

Әрбір жекеше алынған жүйе белгілібір мерзімде ғана тіршілік ете алады. Сондықтан тіршілікті жүздеген, мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы жалғастыру тек өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру нәтижесінде жүзеге асады. Әрбір дара уақыт өткен соң тіршілігін жояды, бірақ сол түрдің тіршілігі әрі қарай жалғасады.

Ұрпақ қалдырудың негізінде жаңа құрылымдар мен жаңа молекулалардың қатысуымен жаңа ағза өндіру. Жаңа ағзаның қасиеттерімен ерекшіліктері, ата-енелерінің ағзасындағы жасушада орналасқан нуклеин қышқылында (ДНҚ) орналасқан.

Тіршіліктің 8-ші критерийі- даму.

Ағзаның өсуі оның дамуымен жалғасады, бірақ бұл түсініктердің айырмашылығы бар. Даму сапалы өзгерістермен сипатталады. Материяның тірі формасының дамуы жекеше және тарихи дамумен сипатталады.

Жекеше дамудың барысында ағзаның барлық қасиеттері мен ерекшеліктері біртіндеп көрініс береді. Тарихи даму жаңа түрлердің пайда болуымен және тіршіліктің пргрессивті күрделенуімен сипатталады. Тарихи дамудың нәтижесінде планетадағы тірі ағзалардың алуан түрлілігі пайда болды.

Тіршіліктің 9-ші критерийі-өзін-өзі реттеу қабілеті.

Барлық тірі ағзалар өзінің ішіндегі химиялық заттардың концентрациясын реттеуге қабілеті, ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, жасушадағы органикалық заттардың синтезі мен ыдырау процесстерін үйлестіре алады. Жоғары деңгейдегі күрделі құрылымды тірі жүйелер де (мысалы, биоценоз) энергия беретін заттардың ағымының жылдамдығын реттеп отырады.

Өзін-өзі реттеу қабилеттілігін жасуша деңгейінде және ағза деңгейінде қарастырамыз.

Клетка деңгейіндегі өзін-өзі реттеу.

 

 

 

Ағза деңгейіндегі өзін-өзі реттеу.

 

Тіршіліктіц Хшы критерийбірі ағзалардың мекен ету ортасына бейімделуі.

Бейімделушілік деп ағзалардың нақтылы орта жағдайларында тіршілік етіп ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуын айтады қазіргі биологиялық көзқарастардың тұрғысынан үйлесімділік ағзада жаратылыс күшінен емес, ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болды деп уағыздайды.

Бейімделеушілік «үйлесімділік» тіршілік ортасына сәйкестік. Бас тапқыдан берілді ме? -Эволюция процессінде пайда болды ма?

Бейімделушілік-ағзаның жалпы қасиеті. Бұл түсінік, нақтыдан гөрі көлемді түсінікке жатады. Ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуын идиоадаптация деп атайды. Осылыйша бейімделушілікті жарқанаттан, дельфиннен, тюлень, көртышқан, фламинго және басқа жануарлардан көруге болады. Суда қозғалудың нақты бейімделушілігін балықтардың сүйірленген денесінендері сілемей затынан көреміз. Балықтардың кейбір түрлерінде лабиринтті аппараттарының болуы тек судағы еріген оттегімен ғана тыныс алумен шектклмей, атмосфералық ауамен де тыныс алады. Кейбір балықтардың уылдырық шашу кезіндегі мінез-қылықтарының күрделінуі де бейімделушілікке де жатады. Жануарлар мен өсімдіктердің, басқа да түрлерінде бейімделушіліктің сан-алуан түрлерін кездестіруге болады.

Бұл келтірілген мысалдар тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін баяндайды. Тіршіліктердің биологиялық көріністері мен бейнесі,басқа да принциптік жағдайларды усынады. Бұл принциптер кез-келген биологияның ғылым салаларында алатын орны ерекше. Дәлірек айтқанда, бұл тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері туралы ойлар тіршілікті зерттеу барысында әртүрлі деңгейдегі жүйелермен таныс боламыз. Бұл жүйелер тіршіліктің жалпы қаситтерін иелене отырып, тек өздеріне тән ерекшеліктерімен айқындалады. Осы негізде тіршіліктің тірі материяның әртүрлі деңгейлері бөлінеді молекулалық, молекуладан жоғары жасушалық, түр-популяциялық, биоценотикалық, биогеоценотикалық, биосфералық т.б.

Тірі материяның әрбір деңгейінің ұйымдасуының өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, өзіндік зерттеу әдістері бар әрбір ұйымдасу деңгейін зертейтін ғылымдардың саласын атап көрсетуге болады. Мысалы, тіршіліктің молекулалық биология, биоорганикалық химия, молекулалық генетика т.б. ғылымдар саласын зерттейді. Тіршіліктің қандай да болмасын деңгейін бөліп қарау шартты түрде ғана, барлық деңгейлер бірімен-бірі тығыз байланыста, тірі табиғаттың біртұтастығын көрсетеді ғылымның проблемаларын шешу үшін, берілген, алда қойған проблемеларды алуан түрлі бағытта жүргізілетін зерттеулердің көмегімен және тіршліктің әртүрлі деңгейлерін зерттеу барысында жүргізу қажет. Адамның «озон тесіктеріндегі» аймақтарда ұзақ болуынан болатын қауіп-қатерлерден (биосферелық деңгей), ағзаның жасушаларына ультра-күлгін сәулелерінің шамадан тыс түсуінен болатын өзгерістерді білмейінше түсіндіру мүмкін емес (тіршіліктің жасушалық және молекулалық деңгейі).

Адам ағзасын тиімді емдеу, ауру тудыратын бактериялардың құрылысы мен жасушасының қызметін толық білмейінше мүмкін емес (тіршіліктің жасушалық деңгейі, ағзалық және популяциялық-тіршілік деңгей проблемалары). әртүрлі деңгейдегі проблемаларды шешу тіршіліктің барлық деңгейлерінің бір-бірімен тығыз байланысын көрсетеді, ізденуші, зерттеушінің тірі табиғат жайлы түсінігінің біртұтастығын қалыптастырады. Тіршіліктің биологияінісі билогиялық зерттеушілердің алуан түрлі әдістерін қолдану нәтижесіндегі нақты фактілердің жиынтығы мен терең талдау барысында қарастырылды қандай да болмасын ғылымның дамуы, ғылыми зерттеулердің эволюциясына байланысты, оны қолдана білуге, тұжырым жасауға да байланысты.

Қазіргі кезеңдегі тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері.

Тірі материяның ұйымдасу деңгейі

Деңгейдің қысқаша сипаттамасы

Берілген деңгейді оқыту үшін берілетін сұрақтар мен проблемалардың мысалдары

1.

Молекулалық

Кез келген жүйе биологиялық макромолекулалардан құралады: нуклеин қышқылдары, полисахаридтер және ақуыздар. Осы деңгейден басталып ағзаның тіршілік әрекеті басталады: зат алмасу мен энергияалмасу, тұқым қуалаушылық ақпараттарын беру т.б.

Биополимерлердің құрамын және құрылысын зерттеу(мысалы,ақу ыздар)

2.

Молекуладан жоғары деңгей

Әр түрлі химиялық заттардың молекулалары бірімен-бірі қосылып жасушаның органоидтарын түзеді: митохондрий, пластидтер, рибосомалар т.б. Әрбір органоид жасушада өз қызметін атқарады, және өзіне тән құрылысымен ерекшіліктері бар.

Жасушадағы әртүрлі органоидтардың қызметін және құрылысын оқып үйрену.

3.

Жасушалық

Жасуша-барлық тірі ағзалардың даму бірлігі және құрылымдық, қызметтік бірлік

Жасуша ішіндегі әрекеттердің-өзін-өзі реттеу, ассимиляция және диссимиляция қызметтерін, жасушалар құрылысының ұқсастықтары және айырмашылықтарын оқып беру.

4.

Ұлпа-жасушалық деңгей

Құрылысы, атқаратын қызметі, шығу тегі бір жасушалар тобы ұлпаларды құрайды. Ұлпалар мүшелер түзеді, мүшелерден жүйелер құрастырылады.

Әртүрлі ұлпалардың типтерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Әрбір мүшенің қызметін оқып білу. (мысалы. жүрек)

5.

Ағзалық

Ағзалық деңгейдің элементарлық бірлігі дара (особь) қарстырылады. Оның алғашқы пайда болу, кезеңінен бастап тіршілігін жойған кезеңіне дейінгі дамуын қарастырады. Тірі жүйе ретінде. Жоғары сатыдағы ұйымдастырылған ағзалар мүшелер жүйесінің тығыз байланысында біртұтас құрылым ретінде қарастырылады.

Ағзаға қоршаған ортаның әсерін оқып білу, мысалы, әртүрлі температуралық жағдайда суық қандылар мен жылы қанды жануарлардың қозғалуын зерттеу.

6.

Түрлік-популяциялық

Популяция-ағзадан жоғары жүйе. Ағзалардың бір түрге жататын жиынтығы ұзақ мерзімге бір мекен ету ортасына бірігеді. Бұл жүйеде элементарлы түрде эволюциялық процесстер, өзгерістер жүріп отырады.

Бір биологиялық түрдің дараларының арасындағы тіршілік күрестің сипатын танып білу. Популяция дараларының сандарының арту себептерін зерттеу.

7.

Биоценотикалық

Биоценоз-дегеніміз алуан түрлі ағзалардың мысалы, өсімдіктің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың микроорганизмдердің бірлесіп тіршілік етуі. Биоценоздарда ағзалар продуценттер, консументтер, редуценттер болып бөлінеді. Олар әртүрлі қызметтер атқарады

Заттардың және энергия айналысып бір-біріне беруде, өткізуде тығыз байланысты.

8.

Биогеоценотикалық

Биогеоценоз-мекен ету ортасымен факторлары, әртүрлі деңгейдегі құрылымды түрлерге жататын ағзалардың жиынтығы.

Биогеоценоздардың ішінде өтетін іс-әрекеттерге өлі табиғаттың факторларының әсерін зерттейді. Биогеоценоздағы болып жатқан маусымдақ өзгерістерді зерттейді.

9.

Биосфералық

Барлық биоценоздардың жиынтығын биосфера-деп атайды. Жер планетасындағы тіршіліктің барлық құбылысын қамтитын жүйе. Бұл деңгейде барлық тірі ағзалардың тіршілік әрекетімен байланысты зат айналымы мен энергия алмасуы жүреді.

Біздің

планетамыздағы тіршілік үшін аса маңызды, көлемді мәселелер «озон тесіктері» және «булану эффектісін» зерттеу.

 

Биология ғылымдарының дамуының бірінші кезеңдеріне зерттеудің сипаттама әдістері тән. Бұл әдіс бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ, жинақтау және фактілерге сипаттама беру ғылымның барлық салаларында қолданылады. Зоология, ботаника, экология этология т.б. салаларда бұрынғысынша пайдаланылуда.

18 ші ғасырдың өзінде ағзаларды және оның бөліктерін бір — бірімен салыстыру әдісі кеңінен қолданылды. Жүйелеу, Жасуша Теориясының негізі салыстырмалы әдісті қолдануының нәтижесінде дамыды. Биологиядағы эволюциялық ойлардың нақтылануы анатомия, памантология, эмбриология т.б. ғылымдар саласындағы салыстыру әдісін қолданумен тығыз байланысты. Осы әдісті қолдану сүтқоректілер мен бауырымен жорғалаушылардың арасындағы эволюциялық байланыстарды анықтауға, прогрессивтік белгілерін көрсетуге мүмкіншілік береді. Осындай ғылыми мәселелерді шешу барысындағы салыстырмалы әдістер біртіндеп тарихи әдіске ауысады, тарихи әдістің мақсаты ағзалардың шығу тегін және дамуын, құрылымын, қызметтерін зерттеу.

Биологияның жаңа зерттеу әдістеріне модельдеуді жатқызуға болады. Модельдеуді жатқызуға болады. Модельдеудің негізінде белгілі бір құбылысты немесе іс — әрекеттің көрінісінің жобасын зерттеуге, білуге болады. Образды модель белгіге немесе математикалық модельге өтеді. Эксперимент математикалық есептеулер жүргізудің есептеуді компьютер арқылы орындау мен аяқталады. Математикалық жолмен модельдеу әртүрлі жағдайларды болжамдауға мүмкіндік береді.

Мысалы: атомдық соғыстың биосфераға әсерін анықтау, қоректік заттардың қорына байланысты әртүрлі жағдайларда, белгілі жердегі тұяқты жануарлардың популяциясының өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді.

Дегенмен, биологиялық зерттеулердің негізгісі бұрынғыдан бақылау және эксперимент. Бұл әдістер бір — біріне жақын ұқсастықтарымен бірге, айырмашылықтары да бар. Бақылау белгілі бір объектіні табиғи немесе жасанды жағдайда алға қойған мақсатқа сай зерттеу, танып білу, белгілі бір факторлардың ғана әсерін бақылау емес. Сондықтан бақылау кезінде зерттеушінің өтіп жатқан құбылыстың барысына әсер ету көзделмейді.

Эксперимент — бақылаумен салыстырғанда жасанды жағдайда өткізілетін объектіні зерттеудің белсенді формасы. Экспериментте зерттеуші белсенді түрде объектіге өзгертілген факторлардың әсерін зерттеу және оған объектінің жауап беру реакциясын зерттейді.

Эксперимент әдісі құбылысты шектеу арқылы зерттеуді көздейді, және оны бірнеше рет қайталауға да болады. Эксперимент құбылыстың мәнін терең түсіну мен қатар, ол құбылысты меңгеруге мүмкіндік береді.

Биологиялық ғылыми зерттеулерді сауатты өткізу, ғалымның ғылыми экспериментін маңызын терең түсінуін және арнайы білімінің болуын қажет етеді.

Ғалым мақсат дегеннің не екенін, ғылыми зерттеудің объектісін және болжамын нақты білуі керек; Қайталау тәжірибесі; бақылаудағы өсімдіктер мен жануарлардьйң тобын; вариациялық фактор; тәжірибенің немесе бақылаудың әдісін, сапалық және сандық көрсеткіштердің қорытындысын білу; нәтижелердің ғылыми көрсеткіштері; эксперименттің кемшіліктері сияқты көрсеткіштерді нақты білуі керек.

Зерттеушілік іс — әрекеттер белгілі құрылыммен, жүйелілікпен жүргізіледі. Жақсы көрсеткіштерге жету ғалымның зерттеу жұмысын жұмысын жүргізу барысындағы іс -әрекетінің жиынтығына, дұрыстығына байланысты.

Эксперимент жүргізудегі ғалымның әрекетінің сипаты:

  1. Зерттеу жұмысының тақырыбын, мақсатын, міндеттерін дұрыс таңдап алу.

2.Болжамдарды тұжырымдау.

3.Зерттеу жұмысының барысын жоспарлау және оның әдісін анықтау.

4.Эксперимент жүргізу үшін жабдықтарды дайындау мен жағдайлар жасау.

5.3ерттеу жұмысының практикалық бөлімін жүргізу және оның сапалық, сандық нәтижелерін тіркеу.

6.Алынған нәтижелерді өңдеп, таблицаларды, гистограммалар, диаграммалар, графиктер сызу.

7.Алынған нәтижелерге теориялық талдаулар жүргізіп, оның ғылыми нақтылығын бағалау.

8.Қорытындысын жасау.

9.Тақырып бойынша зерттеудің өміршеңдігі мен шешуін таппаған мәселелерді анықтау.

10.Зерттеу жұмысының қорытындысын жасап, жазбаша түрде бекіту. (есеп түрінде, олимпиада, диссертациялық жүмыс, ғылыми мақала түрінде)

Нағыз ғалымның көрсеткіші, қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарына аналитикалық жағынан қарап, шешімін табуы. Бұл жағдайда ғалым, мәселелерді шешу үшін өзіндік ойлауымен, практикалық және теориялық мақсаттарды ұтымды, үйлесімді шеше алатындай болуы керек.

 

«Кіріспе» тақырыбына арналған 2 сабақтың жоспарлануы.

1 Сабақ. Тіршіліктің негізгі крийтерийлері.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Оқушылардың тіршіліктің критерийлері туралы білімдерін кеңейту. Тіршіліктің негізгі қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: Өсімдіктер, жануарлар, тәнтану пәндерінен алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Тіршілік туралы ғылыми көзқарастарын, логикалық ойлауын тәрбиелеу.

Сабақтың барысында мына мәселелер қамтылады:

  1. Тіршілік дегеніміз не?
  2. Органикалық дүниенің сан алуандығы.
  3. Тіршіліктанудың өзекті мәселелері.
  4. Биология ғылымдарының салалары, басқа ғылымдармен байланысы.
  5. Биология ғылымдарының дамуына еңбегі сіңген ғалымдар. Қазіргі таңдағы биология ғылымдарының шешуге тиісті міндеттері.
  6. Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері (критерийлері).

— тірі ағзалардың жоғары деңгейден ұйымдасуы және оның күрделілігі;

— зат алмасу;

— тірі ағзалардың химиялық құрамының бірлігі;

— дискреттілік;

— тітіргенгіштік;

— ағзаның өсуі;

— көбею. Өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру;

— даму;

— өзін-өзу реттеу

— тірі ағзалардың мекен ету ортасына бейімделуі.

  1. Сабақты қорытындылау.

2 Сабақ. Тірі материяның ұйымдасу деңгейлері және биологиялық зерттеулердің әдістері.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Тірі материяның ұйымдасу деңгейлері және биологиялық зерттеулердің әдістері туралы түсініктер қалыптастыру.

Дамытушылық: Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлерін нақты мысалдар арқылы анықтай білуге үйрету және олардың сипаттамаларын меңгерту, ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазіргі биология ғылымдарының өзекті мәселелеріне оқушылардың құндылықпен қарауын ғалымдардың ашқан жаңалықтары мен еңбектерінің негізінде оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.

Сабақтың барысында мына мәселелер қамтылады:

1.Тіршіліктің молекулалық деңгейі;

2.Молекуладан жоғары деңгейі;

3.Жасушалық

4.Ұлпалық және мүшелік;

5.Ағзалық деңгей;

б.Түр-популяциялық;

7.Биоценотикалық;

8.Биогеоценотикалық;

9.Биосфералық;

10.Биологиялыыық зерттеулердің әдістері:

А) сипаттау әдісі;

Б) салыстырмалы әдіс;

В) тарихи әдіс;

С) модельдеу әдісі;

Д) бақылау және эксперимент әдістері;

Е) шығармашылық, зерттеу жұмыстары туралы қысқаша мәлімет

11 .Жинақтап қорыту.

«Кіріспе» тақырыбын 2 сағатқа бөліп оқыту әдісі, оқушылардың алған білімдерін алдыңғы өтетін сабақтарда пайдалануына және осы материалдарға негіздеуіне мүмкіншілік береді.

Сондықтан «Кіріспе» тақырыбының жалпы биология бөлімдерін оқытуда, оқушылардың білім қабылдауы үшін стратегиялық мәні зор.

Екі сабақты да мұғалім дәріс тәсілімен өтеді.

Сабақтың негізгі қорытындылары:

1.Қазіргі кездегі биология — тірі табиғатты материяның ерекше формасының қозғалысы ретінде, оның заңдылықтары мен тіршілігін, дамуын зерттейтін комплексті ғылым.

2.Тіршіліктің биологиялық көрінісінің фундаменті болып табылатын, тіршіліктің критирийлері, сол арқылы тірі ағзалардың қасиеттері және ерекшеліктері сипатталады.

3.Тіршіліктің негізгі критерийлері болып табылатындары: тіршіліктің формаларының күрделі және жоғары деңгейде ұйымдасуы, тірі ағзалардың химиялық құрамының бірлігі, дискретттілігі, тітіркенгіштігі, даму мен өсуге қабілеттілігі, өзіне ұқсас ұрпақ қалдыруы, өзін-өзі реттеуге қаблеттілігі, тіршілік ету ортасына бейімделуі.

  1. Биологиялық зертеулердің мәселелерін шешуде тіршіліктің барлық критерийлері бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады.
  2. Тіршіліктің биологиялық көрінісінің негізгі қағидалары, тірі материяның ұйымдасу түрлері туралы идеялар.
  3. Қазіргі кезде тіршіліктің келесі деңгейлерін қарастырады: молекулалық, молекулаға дейінгі, жасушалық, ұлпамүшелік, ағзалық, түрлік-популяциялық, биоценотикалық, биогеоценотикалық, биосфералық.
  4. Тіршіліктің барлық деңгейлерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығы, тірі ағзалардың бір-бірінен шығу тегін мезгейді, тірі табиғаттың біртұтастығын көрсетеді.
  5. Адамзаттың табиғат туралы білімі, ғылыми дәлелдемелерді, биологиялық зерттеу әдістерін пайдалану нәтижесінде жинақталды, олар: сипаттау, салыстырмалы-тарихи, модельдеу, бақылау, эксперимент әдістері.
  6. Жалпы биологиялық білім қазіргі қоғамда, өмірде үлкен практикалық және теориялық маңызы бар.

Оқушыларға берілетін тапсырмалар мен сұрақтар.

  1. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың химиялық құрамы бірдей немесе ұқсас деген тұжырым бар. Бұл тұжырымды дәлелдеңіз немесе теріске шығарыңыз.
  2. Биологиялық түрдің дискреттілігін дәлелдеңіз.
  3. «Даму» және «өсу» түсініктерінің айырмашылығы неде? Ағзаның өсуіне қандай сыртқы жағдайлар жылдамдатып, баяулатады? Мысалдар келтіріңіздер.
  4. Ағзадағы нақты бейімделу барлық уақытта пайдалы ма? Мысалдар келтіріңіздер.
  5. Неге ғылымда тіршіліктің бірнеше критерийлерін қарастырады, біреумен неге шектелмейді. (мысалы, тек зат алмасу мен).
  6. 6. Экспериментпен бақылаудың айырмашылы неде?

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Богданова Т.Л: Задания и упражнения. Пособие для поступающих в вузы. М:Высшая школа,1991.
  2. Беляев Д.К. и др. Общая биология.М: Прсвящение.1973.
  3. Бернал Дж. Возникновение жизни.М: Мир 1969
  4. Боген Г.Современная биология М:Мир 1970.
  5. Воронцов Н.Н.Сухорукова Л.Н.Эволюция органического мира:

Факультатив.Курс: Учеб. Пособие для 9-10 кл. Сред.Шк. М: Прсвещение,0991. 223 с.

  1. Верзилин Н.М.Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии.М: Просвещение,1976.
  2. Дарвин Ч.Происхождение видов М: Сельхозгиз,1952
  3. Грин Н.,Стаут У, Тейлор Д, Биология М: Мир1990
  4. Заводский К.М. Вид и видообразования. Л. Наука 1968
  5. Заводский К.М. Развитие эволюционной теории после Дарвина Л:Наука 1973
  6. История эволюционных учений в биологии . Под. Ред. В.И. Полянского и Ю.И. Поланского М: Наука 1966
  7. Касымбаева Л,Аманжолова. Тіршіліктану. Алматы. Рауан 1997
  8. Ковалев Н.Е, Шевчук Л.Д,Щуренко О.И. Биология. М: Высшая школа.1986
  9. Корсунская. В.М Жалпы биология сабақтары. Алматы. Мектеп 1980
  10. Кулев А.В. Общая биология. Санкт Петербург. Паритет 2001
  11. Кемп П. Армс К. Введение в биологию. Пер. с англ. М.1988.671 с.
  12. Комиссаров Б.Д. Метологические проблемы школьного биологического образования. М: Просвещение. 1991. 159 с. 19. Мамонтов С.Г. Биология. М: Высшая школа.1991
  13. Мамонтов С.Г., Захаров В.Б., В.Б.
  14. Методика обучения разделу «Эволюция» в школьном курсе общей биологии. Ярославль; ЯГПИ им. К:Д: Ушинского,1992
  15. Общая биология: Учебник для 10-11 кл. Средней школы под ред. Ю.И.Полянского. М: Просвещение,1991
  16. Общая биология: Учебник для 10-11 кл. Школ с углубленным изучением биологии под ред. А.О. Рувинского М: Просвещение, 1993
  17. Опарин А.И. Присхождение жизни на земле. М: Медицина, 1965
  18. Под редакцией Беляева К., Керкиса Ю.Я. Общая биология. М: Просвещение 1973
  19. Полянский Ю.И. Жалпы биология. Алматы. Мектеп. 1988
  20. Северцов А.Н. Главные направления эволюционного процесса М: Издательство МГУ, 1967
  21. Савременные проблемы эволюционной теории. Под ред. Поляеского В.И. и Полянского Ю.И. Л: Наука. 1967
  22. Тимофеев-Ресовский Н.В. , Яблоков А.В. Микроэволюция. Серия «Биология». М: Знание, 1974
  23. Яблоков А.В., Юсупов А.Г. Эволюционное учение. М: Высшая школа.1976