АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат: Тиімді әдіс — тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары

Р Е Ф Е Р А Т

 

Бітіру жұмыс 44 беттен, 16 суреттен, 5 кестеден, 29 әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың өзектілігі: Зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің объектісі, пәні, болжамы, мақсаттары,  міндеттері, жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық негіздері, әдістері, теориялық, практикалық мәні, зерттеудің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру) сипаттама  беріледі.

Оқу үдерісіне жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын ХХІ ғасырдың талабына сәйкес айқындау үшін білімнің әр түрлі салаларына білім және ғылым, білім және адам құқы, білімнің қоғам дамуындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технология т.б. талдау жасалып қорытындылану қажет.

Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды талап етеді.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып өркендеуіне байланысты дарынды жастарды тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болуда. Сондықтан да жастарды білімге құштарлыққа, ізденуге, талпынуға тәрбиелеу арқылы баланың қабілет-қасиеттерін ашып көмектесу керек. Өйткені, осындай жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды ете алады; қазақ елінің ертеңіне қызмет ете алады.

Зерттеу жұмысының нысаны: Жалпы білім беретін мектептегі «Биология» пәнін оқыту үрдісі.

Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласы Ж.Жабаев атындағы

№ 161 гимназия.

Зерттеу жұмысының пәні: Тиімді әдіс — тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Тиімді әдіс — тәсілдерді биология сабақтарында пайдаланып оқыту, оның теориялық негіздерін анықтау мен әдістемелік тиімділігін тексеру.

Кілттік сөздер: технология, көрсеткіштер, ӨТС, спирометрия, компьютер, ЖҚТБ (АҚТҚ), прогресс, субъект, технология, стандарт, аудитория

 

 

 

 

 

 

М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ  

3

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

7

1.

Әдебиетке шолу      

7

1.1.

Оқудың әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым

7

1.2.

Оқыту әдістерінің тарихы   

8

1.3.

Жаңаша оқыту – жетістік көзі

11

1.4.

Оқыту әдістерінің құрлымы және оның функциялары

17

1.5.

Оқыту әдістерін топтастыру  

20

1.6.

Оқытудың жекелеген әдістерінің сипаттамасы

22

2.

Интерактивтік оқыту технологиясы 

26

2.1.

Интерактивтік оқыту түрлері  

26

2.2.

Интерактивті оқуды ұйымдастырудың міндетті шарттары

28

3

Эксперимент нәтижелері мен кепілдемелер

30

3.1.

Тиімді әдіс-тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары, оқыту әдістемесі мен нәтижелері 

 

30

3.2.

Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық тәжірибе жұмысына талдау жүргізу  

 

37

 

ҚОРЫТЫНДЫ     

38

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

41

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бітіру жұмысының өзектілігі – қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды  пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1], Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар дайындау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей-ақ, білікті мамандарды даярлау — өзекті мәселелердің бірі [2,3,4].

Болашақ мамандарды даярлау – қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жататыны белгілі жайт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық міндеттеріне сай, өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Білім саясатының өзекті мәселелері –білім берудің сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білуіміз керек. Сондықтан да мен бітіру жұмысымның тақырыбын: «Тиімді әдіс тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары» деп таңдадым.

Зерттеу жұмысының мақсаты — мектептегі «Биология» пәнін оқыту үрдісінде оқушыларға бағытталған педагогикалық технологияны пайдаланып әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқыту, оның теориялық негіздерін анықтау мен әдістемелік тиімділігін тексеру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Тиімді әдіс — тәсілдерді биология сабақтарында пайдаланудың теориялық негізін анықтау.
  2. «Биология» пәнін оқытуда әр түрлі тиімді әдіс — тәсілдерді пайдаланып оқыту мүмкіндіктерін нақтылау, оны пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.
  3. Тиімді әдіс-тәсілдерді биология сабақтарында пайдаланудың әдістемелік жүйесін негіздеу.

Зерттеу жұмысының нысаны: жалпы білім беретін мектептегі «биология»  пәнін оқыту процесі.

Зерттеу жұмысының пәні: Тиімді әдіс — тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану.

Зерттеу жұмысының әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге қатысты педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие процесін бақылау; сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжрибе арқылы тексеру.

Зерттеу жұмысының болжамы: Тиімді әдіс — тәсілдерді биология сабақтарында қолдана отырып, оқыту үдерісінде кәсіби мамандарды дайындау және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.

Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: Орта мектеп биология сабақтарында әртүрлі белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқыту үдерісінде кәсіби мамандарды дайындау, теориялық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, казіргі білім беру проблемалары, политехникалык жене кәсіптік білім беру, кәсіби педагогика, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

Зерттеу жұмысының көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың, экологтардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы  жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-телекоммуникация саласындағы ғылыми еңбектері.

Қазақстан Республикасының Конституциясы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасыоқулықтар, әдістемелік құралдар, мұғалімдер тәжірибелері [5,6].

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Жалпы оқушыларға бағытталған технологияны пайдаланып оқытудың теориялық негізі анықталып, оны пайдаланудың тиімділігі көрсетілді. Практикалық маңызы: жалпыға баға берудің белсенді әдіс тәсілдері.

Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласы Ж.Жабаев атындағы №161 гимназия.

Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Белсенді әдіс-тәсілдерді биогия сабақтарында пайдаланудың теориялық негізі.
  2. Белсенді әдіс-тәсілдерді биогия сабақтарында пайдаланудың мүмкіндіктері мен тиімділігі.
  3. Белсенді әдіс-тәсілдерді биогия сабақтарында пайдалануда оқу материалдары мен кешенді түрде (оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар, оқу-жаттығу компьютерлік бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар) қамтамасыздандырылады.

 Бітіру жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы 47 беттен, кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен 17 суреттен,5 кестеден тұрады.

«Әдебиеттерге шолу» бөлімінде: Белсенді әдіс-тәсілдерді биогия сабақтарында пайдаланудың теориялық негіздері, оқу-тәрбие процесіне ену жағдайы мен маңыздылығы сипатталады.

«Эксперимент нәтижелері мен кепілдемелер» атты бөлімінде «биология» пәнін оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді  пайдаланудың мүмкіндіктері анықталып, тиісті жолдары мен тиімділігін көрсететін эксперимент жұмыстарының мазмұны беріледі.

Бітіру жұмысының қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелері, тұжырымдар жасалынады. болжамды растайтын негізгі қорытындылар және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 

  • . Оқудың әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым

 

Әдіс (методос деген грек сөзінен туады—зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.

Педагогакалық энциклопедия «Оқыту әдістері» — мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, — деп жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардын оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика түрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.

Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды[8].

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелср: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады[9].

Оқыту әдісі мақсатына жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатна жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардң белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты[10].

«Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдер). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.

«әдіс» пен «тәсілдің» шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады[11]. Мысалы:

  1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациядан көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.
  2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.
  3. Лабораториялық сабағтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады.
  4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.

Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытуда қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық әдіс, арифметикада бүтін (тұтас) сандар әдісі,бтология, химияда және физикада лабораториялық, практикалық жұмыстар қолданылады[12].

Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтері мұғалімдер арасында әлі де бірыңай түсініктердің жоқтығын көрсетті. әдіс және тәсіл туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұрққа жауап берген мұғалімдердің 40 проценті әдіс, әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіреді. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы кейбір мұғалімдердің педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерімен таныс емес екені байқалады. Сондықтан мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылуы қажет[13].

 

  • Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар

 

ХХ-шы ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғалымдар Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский, М.М.Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.

30-жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шимбирев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін осынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.

50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алады. Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін, үшке бөледі: сөздік әдістер; көрнекілікпен жұмыс істеу әдістері; оқыту-практикалық сабақтар әдістері.

50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді[14]

Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.

Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. әдетте, әңгімелеу, бастауыш сыныптарда 10-15, ал жоғары сыныптарда 20-25 минутқа созылады. әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих, георафия,биология, сабағтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды. Әңгіме әдісі сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады.

Сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бірізділікпен анқтауды қамтамасыз етеді. әңгімені осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбір етеді. әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.

Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдық мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады.

Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс-әрекетін басқарудың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білсе, онда оқушылар жаңа материалды қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды. Мұғалімнің басты міндеті оқушылардың танымдық, іс-әрекетінің ішкі процесін сезу, күдікті және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға комектесу.

Практикалық жұмыстар. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс- әрекеттерінде қолданылады. Практикалық сабақтар мектеп шеберханаларында, оқу-тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында, оқу-әндірістік комбинаттарында өткізіледі.

Оқу-тәжірибе учаскесінде оқушылар өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізеді, одан алынған мәліметтерді күнделікке жазып отырады. Тәжірибе жұмысы аяқталғаннан кейін күнделікті биологая кабинетіне тапсырады. Күнделік мәліметтері ботаника сабақтарында пайдаланылады.

Оқушьшар практикалық сабақтарда оқыту машиналары ЭВМ, компьютер арқылы түрлі тапсырмаларды орындайды. Практикалық жұмыстар еңбек, физика, химия, биология сабақтарында да пайдаланылады. Практикалық жұмыстар оқушыларды әнімді еңбекке баулу үшін политехникалық біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырады.

Түсіндірме — иллюстративті әдісті ақпараттық-рецептивті әдіс деп те атайды, өйткені ол мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бейнелейді.

Мұғалім ауызекі сөздердің (әңгіме, лекция, түсіндіру), баспа сөзінің (оқулық, қосымша әдебиеттер), көрнекі құралдардың (суреттер, кестелер, кино-диафильмдер, натуралды объектілер), практикалық жұмыстардың (тәжірибе көрсету, станокта жұмыс істеу, есеп шығару, шығарма жазу, аннотация жазу т.б.) көмегімен сабақта балала білім беруді іске асырады. Сабақ үстінде оқушылар тыңдайды, көреді, оқиды, бақылайды, сабақ әстінде тапсырманы орындайды.

Репродуктивті әдіс — бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру және мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекетінің тәсілін қайталау болады.

Көрсетілген іс-әрекетінің тәсілдерін және оқушыларңа жарияланған білімді бірнеше рет еске түсіру арқылы тапсырмалар жүйесі бойынша мұғалім олардың іс-әрекетін ұйымдастырады. Мұғалім мазмұны әр түрлі тапсырмалар береді. Оқушылар оларды орындайды — есептер шығарады, биология сабақтарын үлгі бойынша жіктейді, нұсқау бойынша түрлі тәжірибені орындайды т.б.

Нұсқау тәсілдерін жетілдіру мақсатында жазба нұсқаулар, схемалар пайдаланылады, кинофильмдер көрсетіледі, ал еңбек сабақтарында әр тұрлі тренажерлер қолданылады. Бұл әдіс тек қана оқушылардың іс-әрекеттерін сипаттайды, ал екінші жағынан мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастырушы, талаптандырушы деп қарастыруға болады. Осы әдісті үжзеге асыруда алгоритмдеу лкен роүль атқарады. Алгоритм оқыту процесінде қолданылатын математикалық ұғым.

Ю.К. Бабанский бірсыпыра Ресей ғалымдарының (Е.Я.Голант, Б.П.Есипов,  М.Н.Скаткин,  И.Я.Лернер,  А.Н.Алексюк, М.И.Махмутов, С.Г.Шаповаленко т.б.) оқыту әдістері жіктеуіне сүйеніп, оларды үш топқа бөлуді ұсынды[15,16,17].

  1. Оқу-танымды іс-әрекетін ұйымдастыру және іске асыру әдістері:

сөздік әдістері (әңгіме, әңгімелеу, лекция); көрнекілік әдістері (иллюстрация, демонстрация, оқу теледидары); практикалық әдістер (жазба жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар, тәжірибе және бақылау, оқушылардың өндірістік бригадаларында, шеберханаларда, еңбек тапсырмасын орындау, оқыту машиналарымен жұмыс, дыбыс жасап шықарушы аппаратуралар т.б.); индуктивті және дедуктивті әдістер; репродуктивті, проблемалы ішінара іздену әдістері, өз бетінше жұмыс істеу әдістері.

  1. Оқу-танымдык іс-әрекетінің ынталандыру әдістері:

оқушылардың танымдық ықыласын қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілікті қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілік және міндетті ынталандыру әдістері; оқудың қоғамдық және жеке адамның маңыздылығын түсіндіру, оқыту талаптарын қою, мадақтау, ұялту.

  1. Оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін-өзі

бақылау әдістері:

Ауызша бақылау әдістері; жазбаша бақылауәдістері; лабораториялық бақылау әдістері; өзін-өзі бақылау әдістері.

Ю.К.Бабанский ұсынған жіктеуде оқыту әдістері педагогика оқу құралында толық баяндалған. Сондықтан әрбір әдістерді жеке-жеке сипаттаудың қажеті жоқ сияқты.

Қазіргі жағдайда білім беру ісін одан әрі жетілдіру мақсатымен оқыту әдістерін бірыңғай жүйеге келтіру басты меселелердің бірі. Бірақ бұл жөніде ғалымдар арасында бірыңғай көзқарастардыңң жоқ екені байқалады. Мұның себебін қалай түсіндіруге болады.

Біздің байқауымызша оқыту әдістерін жіктеуді әрбір автор өзінше дәлелдейді. Мысалы, кейбіреулер оқыту әдістері жіктеудің негізгі етіп білім көзін, екінші біреулер дидактикалық міндеттерді, ал, тағы біреулер оқушылардың танымдық іс-әрекетін негізге алады т.б. Екіншіден, оқыту әдістері мен тәсілдерінің шекарасы жылжымалы болады деп жоғарыда айтылған. Сондықтан оқыту процесінде кейде әдіс тәсілге, ал тәсіл әдіске ауысып отырады. үшіншіден, бір әдіс әр түрлі дидактикалық мақсаттарға қызмет етеді. Мысалы, әңгіме әдісі жаңа білімді меңгеру, білімді, іскерлікті дағдыны тексеру, дидактикалық міндеттерін шешуде қолданылады.

 

1.3. Жаңаша оқыту – жетістік көзі

 

Білім беру- оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д.Б. Эльконин дәлелдегендей 3-10 жас аралығындагы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Яғни бұдан шығатын қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С. Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі — бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.

Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті яғни (актуальды) жерлерінде проблемалар бар: 1) Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.

Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-деп көрсетеді С.В. Селевко.

Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалыктар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалыктарға мына өзгерістерді жатқызамыз:

— оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы;

— білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін;

— тәрбие және білім жүйесі құрылымын.

Білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламалардағы өзгерістерін:

— мектептің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін;

— мұғалім мен оқушы қарым-қатынастарына, ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас;

— оқыту әдістемелеріндегі өзгерісін;

— білім беру мекемелерінің құрал — жабдықтарындағы және ақпараттық технологияларды қолданудағы өзгерістер;

— оқыту мекемелерінің құрылысындағы өзгерістерді жатқызамыз.

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Білім беру технологиясы ұсынылуда:

Соның бірі дәстүрлі педагогикалық технология.

Дәстүрлі сынып сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:

— оқушылардың таным кабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;

— сыныптағы оқушылар құрамының әр кез тұрақты болуы;

— сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулыктарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі.

Оқушылар мектепке жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта барады:

— Оқытудың негізгі бірлігі-сабақ. Сабақ бір пәнге негізделеді;

— Сабақ барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі;

— Оқушылар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді;

— Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.

Мұғалім өз пәні бойынша жалпы әр оқушының оқу сапасын қорытындылап, бағалайды. Дәстүрлі оқыту технологиясының тиімсіз жақтары: Дайын білімді хабарлайды, оқушы орындаушы, мұғалім басқарушы болады.

В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба белгілері арқылы табысты оқыту.

Материал ірі мөлшерде енгізілді және блоктарға бөлінген. Оқу материалы тірек схема-конспектілер түрінде беріледі. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

— білім, білік дағдыны қалыптастырады;

— барлық баланы оқыту;

— оқытуды жеделдету.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

— үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

— жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

— ізгілендіру, ерікті оқыту;

— әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

— оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

С.Н. Лысенкова «Оза оқыту технологиясы».

Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.

Түсіндіре басқару — әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері байланысты қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.

Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс-әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.

Н.П. Гузик «Сынып ішілік деңгейлік саралау»

Бұл технологияны автор «деңгейге қарап сыныпішілік саралап оқыту» және дамытушы сабақтар циклы бар «қиыстырылған оқыту жүйесі» — деп атаған.

Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар бес типтен құралады:

— тақырыпты жалпы талдау сабақтары (дәрістер);

— қиыстырылған семинар сабақтар (оқушылардың оқу үрдісінде оқу материалдарын тереңдей талдауы);

— қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынықтар);

— материалды пәнаралық қортындылау сабақтары;

— тақырыпты тапсырмаларды қорғау сабақтары, практикум сабақтар.

Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан да мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлепсаралап оқытуды ұйымдастырады. Онда әртүрлі қиындық дәрежесіндегі үш типті «А», «В», «С» деңгейлеу бағдарламасы алынады.Деңгейлік бағдарламалары (деңгейлік тапсырмалар емес, тек бағдарламалар ғана) маңызды екі тұсты қарастырады:

а) белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді (репродуктивті деңгейден шығармашылыққа дейін);

б) балалардың белгілі деңгейді өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалады (мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты көмек, үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).

Дамыта оқыту

Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

— оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,

— іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,

— осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.

1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді. (Сурет1).

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Дамыта оқыту технологиясы

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі

Оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда

болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді. Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялардың бірі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

Проблемалық оқытудың мақсаты

Ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. (Сурет 2).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.  Проблемалық оқыту технологиясы

Даралап саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі   

Әр сабақты өткізуге арналған жоспарда, ең бірінші сол сабақтың мақсаты көрсетіледі. Сондай-ақ деңгейлік тапсырмаларда оқушылар ерекшеліктерін ескере отырып белгілі бір мақсатта берілуі қажет.

Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Оқушылардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау оқушылардың іскерліктерін жүзеге асырады.

Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет.

Аталмыш технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, оқушыларын жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы

Оқушыны сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдістерін сабақтарда қолданудың маңызы зор, тиімді. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану негізінде оқытудың әр түрлі формаларын қолдана отырып оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.Ізденіске баулып, естіп көріп білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасымен жан-жақты ізденіп, танысып талдау. Сынып оқушыларының оқу тәрбие процесінде психологиялық педагогикалық тұрғыда бақылау, білім деңгейін диагностикалық үнемі зерттеу. Жан-жақты дамыған шығармашылық талапқа сай жеке тұлға тәрбиелеу.

Бүгінгі өскелең ұрпаққа тәлім тәрбие үйретіп, білім беру әр ұстаздың міндеті. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары

  1. Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады.
  2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.
  3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
  4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды.

Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да жоғарыда айтылған жаңа технологиялар – жетістік көзі[26].

 

1.4. Оқыту әдістерінің құрлымы және оның функциялары

 

Оқыту әдістерінің проблемасы өзіне педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибесінің ерекше назарын аударады.«Оқыту әдістрі» деген терминді қалай түсінуге болады? Бұл ұғымға біріңғай айқындама жоқ екендігін айта кеткен жөн. әртүрлі айқындама бар. Биология әдістемесінде оқыту әдісі ең алдымен оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларды меңгеру мақсатын -дағы қолданылатын оқытушы мен оқушының негізгі жұмыс тәсілі ретінде айқындалады. Б.В. Всесвятский бұдан басқа айқындама береді. Бұл әдісті оқытушының оқушы белгілі бір білімлі,тәжірибелік жұмыстарды және дағдыларды жақсы меңгеруіне бағытталған биологияны оқытудың негізгі тәсілдеріннің бірі ретінде қарастырады [24].

Биология әдіскерлері Н.М. Верзилин және В.М. Корсунская оқу әдісін оқытушының оны меңгеруінің тәсілі деген анықтамаға тоқталады [2].

Оқыту үрдісі оқытушы мен оқушының өзара байланысты қызметіне сәйкес қалыптасатындықтан,оқыту әдістері сабақ берудің және білім алудың өзара байланысын көрсетеді. Оқытушы мен оқушының қызметін бір ретке келтіру белгілі бір оқу- тәрбие міндеттеріне негізделеді.

Сөйтіп,оқыту әдістеріне білім беру, дамыту және тәбиелеу мақсаттарына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушының өзара байланысты қызыметінің реттелген тәсілдері ретінде айқындама беруге болады [22].

Әр әдістің күрделі құрлымы болады. Әдіс құрлымының құрамына құрамдас элеметтер ретінде (оның бөлшегі,құрамбөлігі) ретінде сипатталады,ол оқу операциялары мен оқыту құрамдары түріне көбірек негізделген.

В.А.Тетюрев әдістемелік тәсілдерді оқытудың әртүрлі әдістерін де қолданылатын оқытушы мен оқушының жекелеген элементтерінде қарастырады [25].

Әдіс пен тәсіл арасындағы айырмашылықтарға біржақты ақындама жоқ, өйткені, олардың аражігін ашу қиын. Әдістемелік тәсілдердің әралуандылығы әдіс жүйелерін шығармашылық қолдану үдерісінде көрінеді.Әдістемеде биология пәнінен сабақ беру әдістемесінде әдістемелік тәсілдің үш тобын бөліп қарастыруға болады: ұйымдастыру, логикалық және техникалық.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей.логикалық тәсілдердің рөлі ойлау және танымдық белсенділік дамуында өте зор.

Логикалық тәсілдерге

 Обьектілердің ұқсастығы және айырмасылығы проблемаларды қою, обьектінің белгілерін анықтау, қортындылар мен жинақтап қорыту және т.б.бойынша салыстыру жатады.

Ұйымдастыру тәсілдеріне

Тапсырма бойынша препаратты дайындау, айқындауышпен жұмыс, оқушылардың жұмысты атқаруын ұйымдастыру, нұсқаулықты тыңдыу, гербаризатция және т.б. жатады, бұлар оқушылардың назарын, қабылдауын және жұмысын бағыттайды.

Техникалық тәсілдерге

 Кестені толтыру, даптерге жазба түсіру, қондыр ғыларды дайындау, көрсетілетін обьектіні орындау, фильмнің үзінділерін қайталау, оқулықпен сұраққа жауапты табу және тағы басқалары жатады. Біздің бақылауымыз және жеке педагогикалық тәжірибеміз көрсеткендей, оқыту үрдісінің тиімді лігі әдісті сәтті таңдаудан ғана емес, сонымен қатар едауір дәрежеде оның ішкі құрамына, оқытушының сыртқы педегогикалық қызметінің тәсілдерін шебер үйлестіре білуіне және оқушының ішкі танымдық қызметіне байланысты болады.Сондықтан оқытудың казіргі заманғы теориясы мен практикасының өзекті проблемасы әдістердің ұтымды құрлымын айқындау болып табылады.

Оқыту әдістерінің құрлымын қалыптастыру кезінде олардың функцияларын есепке алу қажет «функция» ұғымының бірнеше мағнасы бар. Әдістемелік әдебиетте оқыту әдістерінің төмендегідей жалпы педагогикалық функцияларының сипаттамасы беріледі: мотивациялық, білім беру, дамытушы және тәрбиелеуші [2,16,24].

Оқытушы сабаққа дайындалып, әдістің сол немесе басқа сатысының ұтымдысын пайдалана отырып, олардың әрқайсысы қандай функция орындайтындығына және мотивациялық немесе тәрбиелік, білім беру немесе даытушылық дәрежесін күшейту үшін олардың құрлымы қандай болуына мән беріледі.

Әдістердің білім беру функциясы негізгі болып табылады. Ол оқушылардың білімдерді,біліктілік пен дағдыларды жеттік меңгеруге жәрдемдесетін тәсілдерді қолдануды қарастырады. Оқушының танымдық дербестігі мен шығармашылық белсенділігін артыру мақсатында оқытудың казыргі заманғы құрлымына өз бетінше жұмысқа арналған тапсырмалар, ойлануға арналған сұрақтар, танымдық тапсырмалар, эвристикалық тапсырмалар мен сұрақтар енгізіледі. Әдістердің білім беру функциясы тек танымдық тапсырмаларды орындау кезінде ғана емес, сонымен қатар ауызша баяндау, проблемаларды қою, оқыулықпен жұмыс және тағы басқа негізінде де жүзеге асырылады.

Әдістердің тәрбиелік функциясы білім берушіліктен ажырамастай бірлікте болады. Ол оқытудың әр әдісіне тән. Әдістердің тәрбиелік функциясы оқушының жалпы өнегелік — эстетикалық, идеялық-саяси және еңбек сапаларын қалыптастыруға көмектеседі, яғни оның дүниетанымын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Әдістердің дамытушы функциясы білім беру және тәрбиелеумен тығыз байланысты. Дамытушы функциясы ең алдымен психикалық үдерістердің саналылығын және өздігінен болатындығын қалыптастырудан көрінеді.

Дамытушы функцияны оқытудың әр түрлі тәсілдеріне енгізілген белгілі бір тәсілдер орындайды. Мысалы ой қызметінің тәсілдері, эвристикалық тәсілдер, оқу тапсырмаларын шығармашылықпен орындау, тапсырмалармен жаттығуларды орындау, приборды құрастырып жасау және т.б.

Оқыту әдістерінің мотивациялық функциясы оқушының елгезектік қабілетін қалыптастыру, оқушылардың пәнге танымдық қызығушылығын қолдау мен бекіту болып табылады. Бұған әдіс құрылымына белгілі бір тәсілдерді енгізу арқылы, мысалы материалды баяндауда қарма-қарсылықты күшейту немесе көрнекі құралдарды қолдану, оқушылардың таңданысын, тамсануын туғызатын күтпеген жайтты алға тарту, білімнің мазмұнына және оны меңгеру үдерісіне қызығушылық арқылы қол жеткізуге болады. Әдіс оқушының күрделі тапсырмаларды шешуге, оқып-үйрену барысында қиындықтарды жеңуіне ішкі импульсін тудыратын тәсілдерді қамтуы тиіс. Бұған проблемалық ахуалдарды құрайтын, проблемалық тапсырмалардың, танымдық міндеттер мен эвристикалық сұрақтардың әдістері құрылымына кіретін тәсілдер жәрдемдесе алады.

Сабақтарда білім беру, дамытушы, тәрбиелік, мотивациялық функциялардың үйлесімі оқыту әдістерінің құрылымын қалыптастыруға елеулі түрде әсер етеді. Мысалы, жаңа материал ауызша баяндау немесе оқулықпен өз бетінше жұмыс негізінде оқытылуы мүмкін. Оқу үрдісінің дамытушы тиімділігін күшейту үшін ауызша баяндау құрылымына проблемалық ахуалдарды құруға арналған әртүрлі тәсілдер, іздніс элементтері, танымдық және проблемалық сұрақтар мен тасырмаларды шешу кіреді.

Сонымен, оқыту әдістерінің құрылымы оқу материалының мазмұнына, мақсаты мен дидактикалық міндеттеріне, функцияларына, оқушының дайындығына, олардың жас ерекшеліктеріне және оқытушының дайындығына, материалдық базаның дәрежесімен оны пайдалану мүмкіндігіне байланысты.

 

1.5. Оқыту әдістерін топтастыру

 

Бүгінгі таңда әдістеме теориясында оытудың әдістерін топтастыру ең қиын мәселе күйінде қалып отыр. Әдістерді топтастыруда бірыңғай жүйе жоқ. Әдістердің жлпы теориясы, мектептердің бай тәжірибесі аталған мәселеге әртүрлі тәсілдерді бағалауға мүмкіндік береді.

Мектеп тәжірибесінде неғұрлым қарапайым және кең таралғаны білім негіздері бойынша оқыту әдістерінің топастырылуы болып табылады. Осы белгі бойынша әдәстер үш топқа бөлінеді: сөзбен (білімді ауызша жеткізу, сұқбат, оқулықпен, анықтама және ғылыми әдебиетпен жұмыс), көрнекілік (суреттер, көрсетілімдер, байқаулар), практикалық (жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар- Н.М. Верзилин, С.Г. Шаповаленко, Е.Я. Голант бойынща және т.б.

Басқа ғылымдар оқыту әдісін оқытушының қызыметі және оқушының қызыметі бойынша топтастырады: оқытушының жаңа материалды баяндау әдістері; оқушының өз бетінше жұмыс әдістері — Б.В. Всесвятский, В.А. Тетюрев, В.Ф. Шаланов бойынша және т.б.

М.А. Данилов және Б.П. Есипов әдістері дидактикалық міндеттер бойынща топтайды: а) білімді алу; ә) шеберлікпен дағдыларды қалыптастыру; б) қолдану; в) шығармашылық қызмет; г) бекіту, тексеру;

Е.Т. Бруновт және И.Д. Зверев әдістерді топтастыруды екі көрсеткіш бойынша қарастырады: дербес белсенділік дәрежесі бойынша (түсіндірме-суреттік, ішінара-ізденушілік, зерттеушілік) және білімдердің көздері бойынша (ауызша, тәжірибелік, көрнекілік).

М.И.Махумутов оқыту әдісін белсенділік дәрежесі бойынша топтастырады:

1) талаптанбаушылықтар (ақпараттық-хабарлаушы, түсіндірме-суреттік немесе репродуктивтік (қата қалпына келтірушілік);

2) талаптанушылық (ішінара-ізденушілік, зерттеушілік)

М.Н.Скаткин және И.Я.Лернер әдістерді оқушылардың танымдық дербестігі деңгейлері бойынша бөледі: түсіндірме-суреттік, репродуктивтік, проблемалық баяндау, ішінара-ізденушілік немесе эвристикалық және зерттеушілік.

Оқытудың қолданыстағы жүйесінде жалпыдидактикалық және бинарлық болып бөлінеді. Жалпы әдіске жататындар:

1) көріністі (көрсетіп баяндау әдісі);

2) монологиялық( монологиялық баяндау әдісі);

3) диалогиялық ( диалогиялық баяндау әдәісі);

4) эвристикалық (эвристикалық әңгімелесу әдісі);

5) зерттеушілік (зерттеу тапсырмаларының әдісі);

6) алгоритімдік ( алгоритімдік ұйғарулар әдісі);

7)бағдарламалық ( бағдарламалық тапсырмалар әдісі);

8) дидактикалық ойын;

9) интенсивті әдістер және т.б.

Бинарлық принципіне сәйкес жалпы әдістерден басқа әдістер жүйесінде, оқытудың және оқудың нақты әдістерінің қосалқы жүйесі байланысты, бұл орайда әрбір жұп белгілі бір жалпы әдістің мазмұнын көрсетеді. Жұп (бинарлық) әдістер оқытушы қызыметімен оқушылар қызыметінің сипатымен айқындалады. Сабақ беру әдістері:

1) ақпараттық-хабарлау; 2) түсіндірушілік; 3) қолдау көрсетушілік;

4) талаптандырушылық; 5) нұсқаулық.

Оқудың әдістеріне жататындар:  1) атқарушылық; 2) репродуктивтік;

3) ішінара – ізденушілік; 4) ізденушілік; 5) тәжірибелік.

Биологияны оқытудың тәжірибесінде оқыту әдістері неғұрлым елеулі белгілері бойынша топтасады:

1) оқушы білім алатын қайнар көздер; 2) оқытушы қызыметінің сипаты; 3) оқыту үрдісіндегі оқушылар қызыметінің сипаты.

Бұл үш белгі оқыту мен оқытуды біртұтас үдеріс ретінде түсінуден туындайды, оқытушының қызметі және оқушының қызыметі өзара байланысты және негізделген, ал білімінің қайнар көздері оқытушының қызметі мен оқушының қызыметі тығыз өзара бірлікте болады.

Сондықтан әдістерді топтастырудың негізгі жоғарыда аталған үш белгінің бәріде болады. Білімінің қайнар көздері оқытушының қызметі мен оқушының қызметнің біртұтастығы бойынша әдістерді топтастыру қарапайым әрі қолайлы болады;  оқу пәні мазмұнының өзіне тән ерекшелігіне байланысты әдістерді дұрыс таңдауға және қолдануға мүмкіндік береді.

Осылайша биологияны оқытудың әдістері үш топқа бөлінеді:

1) сөзбен (түсіндіру, әңгімелеу, сұхбаттасу, мектеп лекциясы);

2) көрнекілік (тәжірибелерді, табиғи объектілерді, бейнелеу құралдарын көрсету);

3) тәжірибелік (сынақ жасау, байқау, мектеп маңында жұмыс істеу, обьектілерді тану және айқындау, зертханалық жұмыстар).

 

1.6. Оқытудың жекелеген әдістерінің сипаттамасы

 

Оқытудың сөзбен айтатын әдісіне жататындар:сұхбат, әңгіме, түсіндіру, мектеп лекциясы.

Сұхбат- бұл нақты оқу — тәрбиелік мақсатпен және міндеттермен, сондай-ақ тиянақты жасалған жоспар бойынша оқытушы арасындағыдиалогқа құрылған оқыту әдісі.

Әдіс ретінде сұхбаттың ерекшелігі оқытылытын ақпаратбөліктей берілетіндігімен және оқушылардың наразы оқтын — оқтын өзгеріп отыратындығымен сипатталады.

Сұхбат өткізу үшін басты талап – оқушыларда белгілі бір білімнің болуы керек. Барлық сұхбаттың негізгі құрлымдық элементі оқытушының сұрақтары болып табылады. Бұл берілетін мәтериялдан табиғи түрде туындап,оқушының оны жақсы меңгеріп алуына бағтталуы тиіс, бұл оқушылардың бұдан бұрынғы дайындығына немесе нақты қол жеткізген жеке тәжірибесіне сүйенуі керек. 

1) Сұрақтарды мүқият дайындап алу. Сұрақтар қойылған кезде оқушыларды ойландыратындай болуы керек.

2) Оқушыларды алған білімін әртүрлі жағдайларда, мысалы, тапсырмалар мен жаттығуларды шешуде,тәжірибе жасауда қолдануға дағдылануға үрететіндей етіп сұрақтар қоюдың маңызы зор.

Дидактикалық мақсаттар бойынша (сұхбат қандай мақсат ұстанатындығына және сабақтың қандай кезкңінде қолданылатындығына байланысты) сұхбаттар кіріспе және жинақтап қорытушы болып бөлінеді.

Кіріспе сұхбат жаңа тақырыпты оқр алдында жұргізіледі және жеке түрдегі сипат алады. Кіріспе сұхбат үрдісінде оқытушы оқушылардың есіне бұрынғы алған білімдерін түсіреді,сосын жаңа материялды түсіндіруге кіріседі. Кіріспе сұхбат көмегімен оқушылардың бұдан бұрынғы тақырыптарда немесе курстарда алған сүйенетін білімдері қайтадан жандандырылады;байқау үрдісінде дербес алынған білімдер жүйелендіріледі және наақтыланады.

Жинақтап қортушы сұхбат тақырыпты,бөлімді,курысты оқып үйренудің аяғына жүргізіледіәрі дндуктивтік сипат алады: бір оқушы оқылған ережені тұжырымдайды, ал екіншісі бұл ережені дәлелдейтін және дамытатын мысалдар мен фактілер келтіреді. Мұнда сұхбаттың мақсаты алған білімді жүйелендіру, бұрын өткен мәтериялды алда оқытылатын материялмен байланысын орнату болып табылады. Жинақтап қорту сұхбатын жүргізу кезінде негізгі биологиялық ұғымдарды бөліп көрсету,олардың мазмұнын айқындау және аталған ұғымдардың қалай меңгерілгенін білу маңызды.

Әңгіме – нақты материялды немесе оқу ақпаратын жүйелі ретпен баяндау.

Бұл әдісті оқытушы материял мейлінше күрделі болғанда,ал оқушылардың сүйенетін білімі жоқ кезде,сонымен қатар оларды сұрақтардың шешімін дербес шешуге қатыстырудың мәні болмашы болғанда қолданылады.

Оқытушы өзінің әңгмесінде ғылыми тәжірибелерге немесе қоршаған өмірдің тексерілген фактілеріне бақалғандарына сүйенеді, әр кезеңді логикалық баяндайды, қортындылардың үлгілерін береді және ұғымдардың байланыстарын белгілейді.

Әңгіме де әдістердің әр түрлі фактілердің қатарынан жинақтап қорыту тұындағанда индуктивті болып құрылуы мүмкін немесе жалпы ереже фактілермен далелденгенде дедуктивті болуы мүмкін.

Белгілі бір жүйенің элементтері қосарлана көрсетілген, басты және екінші дәрежедегі ұғымдары мен олардың байланыстары белгіленген сол жүйеде білімді баяндау оқушылар үшын түсінікті болуы керек.

Сонымен қатар баяндаудың құрлымына обьектілерді немесе табиғат құбылыстарын айқындау жатады, оған осы жүйенің басқа элементтерімен сол обьект қалай байланыста екендігін анықтауды оқып – үйрену қатысты болады. Мысалы кез келген жануардың сипаттамасында оның экологиялық – эвалюциялық ұстанымдарының жүелілік жағдайын негіздеу, оның биоциноздағы орнын көрсету, ал адамның әр органын органдардың және тұтастай алғанда ағзаның бөлігі ретінде зерттеу маңызды болады.

Әңгіме әдісі қолдануға қойылатын педагогикалық талаптар

  1. Оқытушының тиянақты дайындалуы: әңгменің жоспары болады, оның мазмұнын жан — жақты ойластырады.
  2. Әңгіменің мазмұнындағы маңыздысын проблема қою немесе сұрақпен боліп қарау керек.
  3. Ұғымдардың негізгі тұстары мен тұжырымдарын дауыс екпінімен бөліп көрсету.
  4. Әңгіме дәлелді, негізді түрде баяндалады.онда ғылымның соңғы жетістіктері мен өмірдегі оқиғалар қамтылады.
  5. Әңгіме ғылыми жағынан ұстамды,оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғынықтыболуы шарт.
  6. Оқушылардың сөзі екпінді, нақты және анық болуы тиіс.
  7. Әңгіме кезінде схемаларды және терминдерді тақтаға сызу, табиғи обьектілерді, кестелерді,суреттерді көрсету, фильмнің үзінділерін, диапозитивтерді, слайдтарды және т.б. көрсету жүзеге асырылады.

Әңгіме дидактикалық мақсаттары бойынша мынадай түрге бөлінеді:

1) кіріспе; 2) түсіндірме; 3) сипаттау.

Мектеп лекциясы әдіс ретінде ауызша айтылатын баяедаудың басқа түрлерінен үлкен мәнімен, маңыздылығымен және тақырыптың ауқымдылығымен, ғылыми қатаңдығымен және баяндаудың жүйелілігімен ерекшеленеді. Бұл әдіс проблемалық баяндаудың сипатын иеленеді.

 Бұл орайда оқытушы оқушыларға ғылыми зерттеудің эвалютциясын көрсете алады. Алдымен фактілер айтылады, оны салыстыра отырып, ғылымда шешілмеген мәселелер қамтылады, содан кейін оларды шешудің тәсілдері көрсетіледі.

Ғылыми зерттеудің жолы бірнеше кезеңнен тұратындығына тоқтала кетіп,жаңа проблемаларды қамтиды. Ғылыми ізденіс тәжірибелермен тексерілетін ақиқатты растайды.

Мектеп лекциясы 30-45 минутқа және одан көп уақытқа созылуы мүмкін. Ол өзінің құрлымы бойынша күрделі әрі тек ауызша баяндаудың әралуан түрлерін ғана емес( сипаттау, әңгіме, түсіндірме), сонымен қатар оқытудың өзгеде тәсілдерін (сұхбат, модельдерд, кестелерді, т.б. көрсету) біріктіреді. Мектеп лекциясы негізінен жоғары сыныптарда қолданылады.

 

 

Түсіндірме

Оқытушыны күрделі мәселелерді,мысалы, ұғымдарды, заңдарды теуриялармен ережелерді жүйелі, қатаң логикалық тұрғыдан баяндаумен айқындалады.

Практикалық түсіндіру тұжырымдардың дәлелдігімен, ережелердің негізділігімен фактілермен жинақтап қортуды баияндаудың қатаң логикалық жүиелілігімен сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ИНТЕРАКТИВТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

2.1. Интерактивтік оқыту түрлері

 

Бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.«Интерактивтің» негізгі сипаттамалары қандай? Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы [21].

Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау.Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді.

Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді. Интерактивтілік бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұқбаттасып оқыту барасында оқуышлар сыни  ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары,  родік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады[27]:

  1. Бағыттау

Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

  1. Ойын-сабақты өткізуге дайындық

 Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту  кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұнын туралы өзара талқылайды.

  1. 3. Ойынды өткізу

 Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласыуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап бері немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.

  1. Ойынды талқылау

 Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз поязицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.

  1. Шағын топтардағы жұмыс

Алдын ала сақтандыру оқуы процесін оқушыларға шамамен жобалап құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу. Мұндай жағдайда оқытушы диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса, жұмыстың мұндай нысаны қолданылады, қатысушылардың әр түрлі топтарының бір және сол мәселеге қатынасын анықтайды.Білім процесінің субъектісі ретінде топтың интерактивті режимін енгізу не береді? Бұл, ең алдымен:

— Қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады.

— Топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады.

-Жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер сменасының икемділігін кеңейтеді.

  1. Тест сынағы

Тест сынағы әдісінің көмегімен жастардың хабарландырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағын дұрыс жасау әдісі орынды болуы тиіс: олар сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.Тест сұрақтарын ала отырып оқушылар оларды назар сала оқулары және тиісті графада өздерінің жауап нұсқаларын: «дұрыс», «дұрыс емес», «білмеймін» деп белгілеулері тиіс.Содан кейін, егер тест жасырын болмаса, жауаптары сабақтарда немесе топтарда талқыланады. Жасырын тест сынағы қорытындысын оқытушылар (тренерлер) шығарады. Ал кәдімгі тест сынағы қорытындысын – жауаптарын оқушылармен  бірге талқылағаннан кейін оқытушылар (тренерлер) шығарады.

  1. Рөлдік ойын

Рөлдік ойын —  бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды. Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.

  1. Бейнефильмдерді көру және талқылау.

Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін төмендету жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады. Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады. Фильмді көрсетер алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады.Соңында оқушылармен  бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек.

 

2.2. Интерактивті оқуды ұйымдастырудың міндетті шарттары

 

  1. Оқушылар мен оқытушылардың арасында сенімділік, жоқ дегенде позитивті қатынастардың болуы;
  2. Демократиялық стиль;
  3. Оқушылар мен оқытушылардың арасында қарым қатынас жасау процесінде өзара ынтымақтастық болуы;
  4. Оқытушылардың жеке («педагогикалық») тәжірибесі, оқу процесіне ашық үлгілерді, фактілерді, образдарды енгізу;
  5. Ақпарат беретін нысандар мен әдістердің көптүрлілігі, оқитындардың іс-әрекет нысандары, олардың ұтқырлығы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУ

 

3.1. Тиімді әдіс-тәсілдерді биология сабақтарында пайдаланудың жолдары, оқыту әдістемесі мен нәтижелері

 

Тыныс алу жүйесі

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік:Тыныс алу мүшелерінің  қызметі мен құрылысы жөнінде жалпы түсінік беру.

2) Дамытушылық: Тыныс алу мүшелерінің  сызба суреттері арқылы танымдық қабілетімен біліктілігін дамыту және дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту.

3) Тәрбиелік: Өздігінен жұмыс істеуге, өзара тексеруге,ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:  сұрақ – жауап.

Көрнекілігі:  мультимедиа, кестелер, сызба нұсқа, суреттер, бағалау парағы, дәптер.

Пәнаралық байланыс: Валеология, биология

Оқыту формалары: жеке және ұжымдық.

Оқушылардың танымдық іс — әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме, ізденіс, проблемалық сұрақ.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа қатысуын және керекті құралдарын тексеру.

  1. Негізгі бөлім.
  2. Өткен материалды қайталау.
  3. Кестемен, суреттік тапсырмамен жұмыс істеу.
  4. Осы тапсырманы тексеру.
  5. Суреттік тапсырма негізінде жаңа тақырыпты түсіндіру (Суреттер 3-7), (1-5 кестелер).

 

Сурет 3. Сабақ барысында қолданылатын әдістер

 

 

Сурет 4. Дидактикалық материялдар

 

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Тыныс алу жүйесінің құрлысы қандай?
  2. Тыныс алу жүйесі қандай қызмет атқарады?
  3. Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
  4. Тыныс алудың қандай маңызы бар?
  5. Дыбыс қалай пайда болады?

    Тыныс алу жүйесіннің сізба — нұсқасы

 

                   
     
     
 
 
     
 
   
 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5.Тыныс алу мүшесінің құрлымдары

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6.Тыныс алу мүшесінің реттелуі

III. Сабақты бекіту кезінде берілген тапсырмалар

  1. Берілген сандарға тыныс алуға қатысатын мүшелердің атын жазыңыз

          Сурет 7. Тыныс алу жүйесінің мүшелері

  1. Сызықтық диктант бойынша сұрақтарды белгілеңіз

Сызықтық  диктант

  1. Кеңірдек 16 – 20 шеміршекті сақинадан тұрады.
  2. Өкпе көпіршіктерінің саны – 300 мың
  3. Ересек адам минутына 70 – 75 рет тыныс алады.
  4. Тыныс алуға қабырға аралық бұлшық еттер қатысады.
  5. Өкпенің тіршілік сиымдылығы 2000 – 2500 см

 Дұрыс жауаптар белгісі:      ^

 Дұрыс емес жауаптар белгісі:  −

 

3.Биологиялық дикдант

 

  1. Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тәрізді адамда-_________________ алады.
  2. Дененің ___________ сіңіріп және ________газын бөліп отыруы тыныс алудың негізі
  3. Тыныс алу мүшелері ______________________________орналасады
  4. Кеңірдек доға  тәрізді ________________________  шеміршекті сақинадан тұрады.
  5. Газ алмасу дегеніміз_________________________________________
  6. Бір минутта адам неше рет тыеыс алады?________________________
  7. Тыныс алу мүшесінің қандай ауыруы бар?______________________

 

Жауабы:

1.Тыныс алады

  1. Оттегін және комірқышқыл газын.
  2. Кеуде қуысында .
  3. 15-18.
  4. Оттегінің немесе көмірқышқыл газының қысымы жоғары орталықтан қысымы төмен орталыққа өтуі.
  5. 18.
  6. Туберкулез

1-Кесте

 

  1. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметін тауып кестеге толтыру

Мүшелердің  атаулары

Қызметі

1. Мұрын қуысы

 

2. Ауыз қуысы

 

3. Көмей

 

4. Кеңірдек

 

5. Өкпе

 

2-Кесте

 

  1. Сабақтың қорытындылау. Бағалау парағы

Тапсырмалар

 

Оқушының аты – жөні

Оқулықтағы кестемен

жұмыс

 

Сызықтық

диктант

 

Биологиялық диктант

 

 

Тест жұмысы

 

 

Қорытынды

 

 

Баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-Кесте

№1 сабақ  бойынша төмендегідей нәтижелер алынды

Сыныптар

«5»

«4»

«3»

«2»

Орташа балл

8«А» тәжірибелік сыныбы

16

7

5

0

 

4,5

8«Ә» бақылау сыныбы

10

8

6

0

4,0

 

4-Кесте

          №2 сабақ бойынша төмендегідей нәтижелер алынды

Сыныптар

«5»

 «4»

 «3»

 «2»

Орташа балл

8«А» тәжірибелік сыныбы

17

7

4

0

 

4,6

8«Ә» бақылау сыныбы

8

10

7

0

 

4,2

5-Кесте

№3 сабақ бойынша төмендегідей нәтижелер алынды

Сыныптар

«5» 

«4»     

«3»     

«2»    

Орташа балл

8«А» тәжірибелік сыныбы

     20

      5

      3

0

  4,8

8«Ә» бақылау сыныбы

    11

      10

       3

      0

   4,3

3.2. Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық тәжірибе жұмысына талдау жүргізу   

Бітіру жұмысының тақырыбы бойынша педагогикалық тәжірибе жұмысы 18.01.2010-27.03.2010 ж. уақыт аралығында №161 Ж. Жабаев атындағы қалалық гимназияда өткен практика кезінде жүргізілді.

Тәжірибелік сынып – 8 «А», оқушылар саны – 28. Тәжірибе алдындағы үлгерім деңгейі – орташа. Тәжірибеге алынған сыныпта сабақтарды мен жүргіздім. Өтілген сабақтардың жалпы саны – 7. Бақылау сыныбы – 8«ә» , оқушылар саны – 24. Бақылау сыныбында биологиядан сабақтарды ББП-61К4, 4 курс студенті – Дәуренбекова Дариға. Бұл сыныпта да өткізілген сабақтардың жалпы саны – 7. Тәжірибеде барлығы 51 оқушы болды. Жүргізілген сабақтардың жалпы саны – 14.

Тиімді әдіс тәсілдерді биология сабақтарында  пайдаланудан алдын, ең алдымен берілген тарау бойынша курс бағдарламасында меңгерілуі тиіс, дағды және міндетті білімдерді анықтап аламыз (Сурет 8).

 Берілген тарау бойынша оқу материалын зерттеп, кілтті сөздерді жіктейміз, олардың өзара байланысын және өзара бағыныштылығын анықтаймыз. Тақырыптың жақсы меңгерілуі үшін тірек-схемалар, тесттік тапсырмалар және сұрақтардың жүйесін құрастырамыз. Әрбір оқушы үшін деңгейлік тапсырмалар дайындаймыз.

 

    Сурет 8. Өтілген сабақтың жалпы қортындысы.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік   бәсекелестікті  күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы  атты  жолдауында  «Білім  беру  реформасы – Қазақстанның бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін қамтамасыз  етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының  бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр– бұл ақпараттық қоғам дәуірі технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдени- еттілігіне  мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаны,бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХғасыр–ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. ҚР-сы дағылымитехникалық  прогрестің негізгі белгісі қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі  қоғамдыақпараттандыруда педагогтардыңбіліктілігін ақпараттықкоммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгіміндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі — бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран»  болып табылады.

  Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік — ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:

  • мектептің материалдық -техникалық базасына;
  • ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;
  • оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
  • оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, оқу — тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Қазіргі уақытта жаратылыстану — ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

  1. Тиімді әдіс-тәсілдерді биология сабақтарына пайдалана отырып, оқушының өзіндік оқу-танымдық іс-әрекетінің жоғарылауы.
  2. Тиімді әдіс-тәсілдерді биология сабақтарына пайдалана отырып, оқушылардың сабақ үстіндегі белсенді әрекетіне, өз уақытын дұрыс және өз бетінше жоспарлауына, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануына қол жеткізеді. 3. Оқытушы осы әдіс тәсілдерді пайдалана отырып,оқушылардың жеке мәселелеріне,өз дігінен жұмыс істей алуға бағыттау мүмкіншілігі болады.

Зерттеу жұмысының болжамы дәлелденіп, осы методиканың мектеп практикасында  кеңінен қолдануға болатындығы көрсетілді. Ғылыми жұмыстың алдына қойған мақсаттары бітіру жұмысының талаптарына сәйкес орындалды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығы.- Б.85.
  2. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. -Астана., №1. 2004.-Б.79.
  3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319-ІІІ Заңы. – Б.62.
  4. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы //Егеменді Қазақстан-Алматы, 1994 ж. 25 тамыз. –Б.37.
  5. ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 23 қазанындағы №551 бұйрығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартының (Негізгі қағидалар). -Астана., — Б.88.
  6. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. -Астана, №1. 2004.-Б.78.
  7. Зимня.И.А.Педагогикалық психология. Оқулық. -Алматы: Дәуір., -2005.-359с.
  8. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы: Мектеп., 1977.- 488с .
  9. Ж.Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы: Білім,- 2002.- Б369
  10. «Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж — 45 б
  11. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология /– Алматы: Мектеп, 1982. –Б. 285 .
  12. Верзилин Н.И.,Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии.М.:Просвещение,1976.ІІ Издание. – C.348
  13. Қисымова Ә.Қ., Нұрланов Е.Б. Оқыту технологиялары. І бөлім. Оқу-әдістемелік құрал.- Алматы: Мектеп,- 2007.- 188б.
  14. Дидактика средней школы /Под рет. М.А.Данилов, М.Н.Скаткина. М.:Просвещение,1975. -285с..
  15. Махмутов М. И.Совеременный урок М.:Педегогика,-169с.
  16. Бронов Е.П., ЗверовИ.Д. Методики обучения анатомии, физологии и гигиене человека. /М.:Просвещение,1973, -298с.
  17. Қисымова Ә.Қ., Увалиева Т.Ж. Оқыту технологиялары. ІІ бөлім. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы:Білім,- 2007, -265б.
  18. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.-М.: Народное образование, 1998. -265с.
  19. Проблемы методики обучения биологии в средней школе / Под ред. И.Д.Зверева. -М.: Педагогика,1978. -180с.
  20. Быков В.В. Метод науки.- М.: Педагогика,1974. -320с.
  21. Темюрев В.А. Методы обучения биологии. — М.: Уч. Педизд. 1960, -275с.
  22. Верзилин Н.И. Проблемы методики преподавания биологии. -М., «Мир», 1974, -358с.
  23. Всесваятский Б.В. Общая методика биологии. -М.: Учпедгиз. 1968, -195с.
  24. Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. //Серия «Школа развивающего обучения». -Ростов-на-Дону: издательство «Феникс», 2003, -187с.
  25. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. – 2006. — №5. – Б.75 .
  26. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. – М.: Просвещение, 1980.-369с.
  27. Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» — М.: Мир, 2004,- 78с.
  28. Суворова Н. «Интерактивное обучение: Новые подходы» -М.: Мир, 2005, — 45с.