АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Ыбырай Алтынсариннің  психологиялық ой-пікірлері

 

 

Алматы — 2009

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………..

 

І. ХІХ Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ   ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ы.Алтынсариннің  психологиялық ой-пікірлерінің

этнопсихологиялық  негіздері. …………………………………………………….

1.2. Ы.Алтынсарин мұраларының психологиялық  тұрғыдағы 

бағыттары……………………………………………………………………………………

Бірінші  тарау бойынша ой — тұжырымы………………………………..

 

ІІ. ТАРАУ  Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ  ҚАЗАҚ  ЖАСТАРЫН ОҚЫТУ, БІЛІМ   БЕРУ ІСІНДЕГІ ҮЛЕСІ.

2.1. Ы.Алтынсариннің   “Қазақ хрестоматиясы” оқу  құралының

жасөспірімдердің   жан  дүниесін,   ақыл-ойын  қалыптастырудағы рөлі…..

2.2. Ы.Алтынсариннің   психологиялық тұрғыдағы   еңбектерін   оқу  үрдісінде

қолдану……………………………………………………………………

Екінші тарау  бойынша   ой-тұжырымы………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің  өзектілігі

ХІХ ғ. Екінші  жартысындағы   қазақ жерін  Ресей  империясы  түгелдей   жаулап  алуын   аяқтаған  болатын.  Өлкеге   ішікі    жақтан   қоныстанушылар   ағыла  бастады.  Ел  билігімен  қатар,   жер  билігі  де    түгелдей   патша әкімдерінің    қолына   көшті,   жекелеген  өнеркәсіп  орындары,  сауда-саттық,  ақша қатынасы дами  түсті.  Патшалық   езгіге  қарсы  күресте  қанаты қатая  түскен   орыстың    төңкерісшіл демократиялық мәдениеті  әр  түрлі    келімсектер  арқылы  қазақ  даласына    еніп,    ол  бұқара    халықтың    жүрегін  жылытатынын  байқатты.  Қала   мәдениетінің   ықпалы    күшейді,   ғылым   мен   мәдениетке    қазақ  жастарының    ықпалы  арта  түсті.   Дала  халқының    сана-сезімі   ояна  түскен   осы  тұста  қоғамдық   аренаға   халқымыздың    аяулы   перзенті  -ұлы демократ ойшылы  Ы.Алтынсарин  шықты./1/

Ол арнаудлы    психологиялық  еңбектер   жазбаса  да,   оның    адамның    сан алуан  психологиялық  сипатын ашатын   шығармаларымен  (оқу құралдары, хаттары мен   жазбалары,   өлеңдері  мен   әңгімелері,  аудармалары) қоғамдық,  психологиялық мәселелерге    орайлас көптеген   деректер  кездестіруге   болады. 

Әлемдік  озық   мәдениеттің   шоқ   жұлдыздарының,   ғұлама  ойшылдардың  адамның   жан  жүйесі  жайлы  мұраларының    қазіргі     ұрпақ   тәрбиесін   оның   жеке  тұлға    ретінде   қалыптасып,   дамып  жетілуіне   қосар  үлесі өз  алдына  бір төбе.

Ы.Алтынсариннің   ұлттық  дәстүр,   салт-сананы,   адамның   бойындағы   сан  қилы   психикалық   ерекшеліктерді,  оқу-білімді насихаттап,   көзі  ашық,   көкірегі  ояу   ұрпақтың    болашағын    өз  туындыларының   негізгі   арқауы   еткен    психологиялық   тұжырымдарының   қазіргі  заман   талабымен   үндесетін  өміршең   дүниелер./2/

Ы.Алтынсарин мұраларына  зерттеп,   тұңғыш  өмірбаянын   жасаған,  оның   педагогикалық,  психологиялық  ой-пікірі  мен   жұмысын   жүйелі   түрде   талдаған  орыс   шығыстанушылары  мен  ғалымдары,  оқу-ағарту жұмысының   озық ойлы,  ғалым-ұйымдастырушылары болды.   /3/

Олар –орыстың  белгілі  шығыстанушы-ғалымдары В.В.Григорьев/4/  (1816-1881), Н.И.Ильминский (1822-1891)/5/, А.А.Бобровников (1822-1865)/6/, Орынбор  оқу   округінде  әртүрлі  дәрежелі   мектептерді  басқарған зертеуші-ғалымдар В.В.Катаринский  (1846-1902)/7/, А.Е.Алекторов  (1861-1918)/8/, А.В.Васильев (1861-1943)/9/, Н.А.Бобровников (1853-1921)/10/, М.П.Ронгинский (1866-1927)/11/, Еділ бойындағы   аз   халықтар    арасындағы   ағарту    жұмысының  жанашыры  болған   С.В.Чичерина (1868-1918)/12/, чуваш халқының  озық  ойлы   педагог  — ағартушысы И.Я.Яковлев (1898-1930)/13/, Қазан  университетінің  профессоры хакас Н.Ф.Катанов (1862-1922)/14/,белгілі  пелагог-ұйымдыстырушы,  Ыбырай  Алтынсаринның  шәкірті, әріптесі Ғ.Балғымбаев (1866-1943)/15/, тағы  басқалары.  Бұлардан  басқа  да   Ыбырай    творчествосы  мен  оның  қазақ  халқының   тарихында   алатын    орны  туралы айтқандар  саны көп.

Ыбырай   төңірегін  кеңіте,  молықтыра  түсуде  Ә.Ламашев  он  жылдам  астам  жұмыс  істеді.  Алтынсаринді танытуда, қомақты  істер  атқарғандарды   саралап,   таңдап  алуда  халқымыздың   ұлы   педагогіне  қатынасын   анықтауда біршама  жұмыстар  атқарды.  Ыбырай  Алтынсариннің  ұстаз-достары  десек  В.В.Григорьевтің, Н.И.Ильминскийдің, В.В.Катаринскийдің, ал ізбасарлары десек   А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, М.П.Ронгинскийдің, Ғ.Балғымбаевтың  аттары  аталады  да олардың   тақырыбына  байланысты  қысқаша тоқталып өтіледі. Ал автор олардың  әрқайсысына   жеке  көңіл  бөліп,   монография  түрінде   баяндайды./16/

 Қазақстандық ғалымдар атап айтқанда, И.А.Грамс, С.Хасанова, филолгия ғылымдарының докторы  Б  Әбілқасымов/17/ т.б.  зерттеулері  де  бар.

Білім  беру  жүйесінің   әр  сатысында    Ыбырай   шығармаларын    оқып-үйрену,  оны  оқу   бағдарламаларына    ендіру    мәселесі  бұрыннан   қолға   алынғаны  белгілі.

Бірақ   ағартушы   ұстаздың   шығармаларын  жүйелеп,  бір бағытпен    кең   көлемде    оқыту   назардан    тыс   қалған. Жалпы   білім беретін   мектепке   арналған    ана  тілі,  әдебиет    оқулықтарында    тек   оқу-білімге   шақыратын өледері   мен   санаулы   аударма   әңгімелері   ғана   қамтылған. Ал   жоғары   оқу  орындарының,   психология  педагогика  және  психология   мамандарының    оқу   бағдарламасында,  мәселен  “Этнопсихология”  пәнінде    өте  аз  сағат    бөлінгендіктен  (мәселен, лекция 30  сөожж 30) Ыбырай   мұраларына    кең  көлемде    тоқталып   өтуге   уақыт    тығыз.

 Өркениетке   бет алған  заманда   қазіргі    ұрпақтың   өзінің   тарихи,   мәдени, ағарту    мұраларынан  қол  үзіп,  көз  жазып қалмауы  үшін    ұлттық байлық – ұлы   тұлғалардың  кейінгі  ұрпағына   қалдырған   мол   қазынасын   білуі  тиіс. 

Осы   мақсатпен    біз   дипломдық   жұмысымыздың   тақырыбын “Ыбырай Алтынсариннің  психологиялық ой-пікірлері”  деп атауды жөн  көрдік.

Зерттеудің  мақсаты:     Ыбырай Алтынсариннің  еңбектеріне   психологиялық   тұрғыда    талдау   жасап,   жүйелеп,   мұраларын   ғылыми   негіздеу.

Зерттеудің  міндеті:

  1. Ыбырай Алтынсарин мұраларына психологиялық тұрғыда   талдау  жасау.
  2. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын жүйелеп, негіздеу.
  3. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту үрдісінде   кеңінен  қолдану    мақсатында    студенттердің   өзіндік   жұмыс  түріне лайықтап, қарастыру;

 

Зерттеу  жұмысының  пәні: Ыбырай Алтынсариннің   этнопсихологиялық  көзқарастарының   бағыттары;

Зерттеу  жұмысының  нысаны: Ыбырай Алтынсарин психологиялық және  этнопсихологиялық  мұралары:

Зерттеу  жұмысының   теориялық   және  практикалық маңызы.

Зерттеу  жұмысы  студенттердің  Ыбырай Алтынсариннің   мұраларын   психологиялық,  этнопсихологиялық  тұрғыда   жүйелеуге,   негіздеуге    мүмкіндік   жасайды.  Зерттеу   жұмысының   нәтижелерін    педагогикалық  мамандықтар  саласында   даярланып  жатқан   студенттер мен жоғары оқу  орындары  және   жалпы  білім беретін мектеп оқытушылары  оқыту    үрдісінде   қолдануларына   болады.

   Диплом  жұмысының  құрылымы: Зерттеу  жұмысы 2 тараудан, қорытындыдан, 2 кестеден,  пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен  тұрады.   

 

 

 

 

 

 

 

І. ХІХ Ғ. ЕКІНШІ  ЖАРТЫСЫНДАҒЫ   ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ   ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ   КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ   ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

 

  • Ы.Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлерінің    этнопсихологиялық  негіздері

 

Ыбырай  Алтынсариннің  өмірі    мен творчествосын  зерттеген   ғалымдар  А.Эфиров/18/, Б.Сүлейменов,  Ә.Дербісалин/19/, Ә.Сыздықов/20/, Қ.Бержанов, т.б Ыбырай  Алтынсарин енгізген  оқу   жүйесін  қолдап, оның   өміршеңдігі  мен   болашағын  мақтан  тұтқан.  Әсіресе,  оқытушылар   даярлайтын    мектептер мен  қыздар  училищелері   жұмысын,  олардың    халыққа    тигізіп  отырған  игі   әсерін    газет-журнал  беттерінде   кең   насихаттап  отырған.  “қазақ  қыздарының   оқи  бастауы,- деп жазды. А.Е.Алекторов,-жалпы  білімге  дала   халықтарының    құштарлығын  дәлелдейді.  Мұсылман  діні   әсерінің    барған    сайын    төмендей    беруін бұл  сияқты  фактілер  дәлелдейтін сияқты.  Торғай   облысында,  мысалы,  әп-әдемі  ұйымдасқан   төрт   орыс-қазақ  училищелері: Ақтөбеде,  Торғайда, Қарабұтақта, Қостанайда  жұмыс  істейді.  Олардың атқарап  отырған ісі,  ат-атағы  біраз  аймақтарды шарлап кетті.  Қостанай қаласына    жалғас  орналасқан Александровскіде  әйел –қыздарға арналған    орыс-қазақ  прогимназиясының  ашылуы  бізді   тіпті шектен шығара   қуантып  отыр.  Бұл   прогимназия  үш  миллион  қазақтар   үшін   ашылған   бүкіл  Россиядағы жалғыз  оқу   орны,  тек   жолы  болсын” Ғ.Балғымбаев/21/  оқу  -ағарту   ісін   жақсартуға   байланысты    осындай   педагогикалық   мәні  зор   салиқалы ойлар  айтқан    үлкен   педагог, мәдениет  қайраткері. Өмірінің  соңғы   жылдарында ол Ы.Алтынсарин  туралы   естелік   жазып  қалдырды.  Ұлы педагог  Ы.Алтынсарин    оқушысы,  әрі  әріптесі болғандықтан  Ғ.Балғымбаев ағартушының   семьясы,   жолдас-жоралары,   жұмыс  істеу  тәсілі,   қарым-қатынасы,   адамгершілігі  жайлы   естелікте  мол  қамтылған.   Арқалықтағы  Ы.Алтынсариннің   педагогикалық  музейінде бұл   естеліктің   толық   көшірмесі сақтаулы. А.С.Будилович /22/ Ыбырай  Алтынсаринның    оқу-ағарту жүйесіндегі   бастамасы  мен   тындырған    ісін   әлденеше  рет   қайталай   айтып,   жоғары  баға   берді.  Ол қазақ   балаларының  тек   жетіден  бірін ғана  оқуға  тартылып,   отырғанын,  мектептердің   мүлде   аз   екенін   тебірене жазды,  өз   ұсыныстарында  қазақтар   арасындағы  оқу-ағарту  ісін   шұғыл  жолға    қою   керектігін     батыл  айтты.

А.С.Будилович  Ыбырай  Алтынсариннің  “Қазақ хрестоматиясын”  жоғары  бағалады.  “Бұл  оқулық    халық  тілінде,  орыс   графикасында   жазылған.   Бұл    бастама    жалғаса  бермек”. /23,24/   

  1884 жылы Алтынсариннің «Шарият-ұл-ислам» ( Тәңірі заңдарының ережелері) аталатын еңбегі Қазаннан басылып шықты. Оны қолжазба күйіде Н.И.Ильминскийге, әріптестеріне көрсетіп, олардың орынды пікірлерін ескерді./25/

  Бұл еңбекті жарыққа шығарудағы негізгі мақсаты туралы 1882 жылдың 12 сентябрінде ол былай деп жазды: «… қазіргі кезде қазақ арасында Мұхамбеттің діни оқу жайылып, етек алып барады… діни оқуға пайдаланатын… кітаптарда ешбір жүйе де, көбінде ешбір мағына да жоқ…» — дей келіп, діни оқуға кедергі жасап, белгілі дәрежеде тосқауыл қою мақсатында осы кітабын жазғанын айтады.

  Ыбырай мұраларын зерттеуші ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ә. Дербісәлин «Шарият-ұл-ислам» кітабында алға қойған мақсаттары: «Біріншіден, діни қиялдар мен жалған уағыздаушылықты теріске шығару, екіншіден, оларға дін туралы жай ғана түсінік беру, үшіншіден, мектептерде міндетті түрде жүргізілетін дін сабағына осылардың негізінде жаңа оқулық жасау» — деп орынды тұжырым жасады.

  Ыбырай Алтынсарин сол жылдың 1 ноябрінде Қарабұтақ бекінісінен тағы да бір кластық қазақ мектебін ашты. 1887 жылы Торғай даласында үлкен мәдени оқиға болды.

  Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыс графикасымен жазылған алғашқы кітап деп ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында ресми жұмыста болған қазақ интеллигенциясы да, оның творчествосын зерттеген кеңесік ғалым-жазушылар да айтып жүр. Қолда бар архив документтеріне жүгінсек « о баста қазақ жазбасына орыс графикасын енгізу идеясын орыс оқымыстылары берген сияқты. Олар қазақтарды қалайда татар ықпалынан тезірек шығаруды, қазақ тілін шағатай тілі дәстүрінен арылтуда қазақ жазбаларында орыс графикасын қолданудың зор маңызы болуға тиіс деп ойлады.

 

  • Ы.Алтынсарин мұраларының психологиялық тұрғыдағы бағыттары

 

  Ы.Алтынсарин   Шоқан  сияқты  арнаулы  психологиялық  еңбектер  жазып қалдырмаған  кісі,  әйтсе  де  оның    сан алуан ойға  толы   шығармаларынан  (оқу  құралдары,   хаттары мен жазбалары, т.б.).  қоғамдық    және   педагогикалық  психология    мәселелеріне    орайлас айтылған көптеген  қызықты    деректер табылады. Бұл пікірлер  оның   өзі   айналысқан    практикалық   істерінен  туындаған  сияқты.  Ой  қозғаған  осындай   түйіндерге: бала  және  оны  тәрбиелеу    жолдары,  оқыту    процесінің  психологиялық,   педагогикалық   негіздері,   мұғалім – ұстаз  проблемалары,  қоғамдық  психология  мәселелері,  жастарды оқу  білімге  шақыру, кәсіптік  техникалық білім  беру,  әсіресе  қазақ  қыздарына білім  беріп, сауатын  ашу  мәселелері,   оқу  әдістемелік  құралдарын дайындау, қазақ  халқының  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып     т.б. жайттарды   жатқызуға   болады.

Ыбырай  Алтынсаринның мұраларын әр кезеңде  зерттеген  ғалымдардың  еңбектеріне  және ағартушы  — педагогтың  өзінің  төл  шығармаларына  талдау  жасай  отырып,  мұраларын  жүйелі  зерттеу  мақсатында   оның  шығармаларын   белгілі  бір  бағытта  жіктеуге  мүмкіндік  алдық. Оны  төмендегідей  кесте  түрінде  көрсетуге  болады (кесте 1). 

 

Кесте 1 Ыбырай  Алтынсаринның  шығармаларының  бағыттары.

       
   
 
     

 

 

5. Этнографиялық очерктері

 

4. Хаттары

 

Ы.Алтынсариннің   мұраларының   жіктелінуі

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы  кестеге  сүйене  отыра,  әр  бағытқа  психологиялық  тұрғыда  талдау жасап  көрейік.

Бірінші  бағыт   Оқу  -білімге  арналған  өлеңдерінің  психологиялық ерекшеліктері

Ы.Алтынсарин  қазақ  жастарын оқыту,  білім  беру  ісін  басты  мәселе  деп   қараған.  Оның    қазақ  жерінде  мектеп   ашуы,  оған   жастарды,  әсіресе  қыз  балаларды     тартуы,  олардың   сауатын    ашу   мақсатында   оқу   құралдарын    жазуы  осының    айғағы.

Шығармаларын   психологиялық  тұрғыда талдап,  жіктей  отыра,   бірінші  бағытына оқу-білімге  шақырған   өлеңдерінің  топтастырылуында, мәселен,  “Кел  балалар,  оқылық!” өлеңі дүниені  тану,  көкірек   көзінің   ашық    болуы,   дүниенің   кілті оқуда,  білімде деген   идеясын   айтады./26/ Мәселен,  «Кел  балалар  оқылық” өлеңінде:

 

 Кел, балалар,  оқылық,

…Оқысаңыз, балалар,

                                         Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдынан

                                         Іздемей-ақ табылар…

***

                                         Мал дәулеттің байлығы

                                         Бір жұтасаң жоқ болар,

                                         Оқымыстыны байлығы

                                         Күннен-күнге көп болар,

                                         Еш жұтамақ жоқ болар…

***

                                         Оқу деген шыны-ды,

                                         Тұрған сайын шыныққан…

                                         Оқу білген адамдар

                                         Май тамызған қылыштан…

                                         Білмегенді білуге

Білімнің  тозбайтынын,   оның  арқасында    тілеген-тілегің,   арманың орындалатынын, білім-байлық, оның таусылмайтын кен  екендігін, адассаң жол  табатын,  жөн  сілтеушінің   дегенді    ескертеді.

Өнер  де,  білім  де   оқумен   тығыз    байланысты,   қартайғанда  тіреу    болар,  сүйеу  болар-білім,  оқу  деп  түйіндейді.

“Өнер білім  бар  жұрттар” өлеңінде де  өмірді,   қоршаған   ортаны   өзгертетін,   адамның    білімі,  жасампаздық  қиялы  деп  ой   тұжырыдайды:/27/

 

Өнер  білім  бар  жұрттар

Тастан  сарай  салғызды.

Айшылық  алыс  жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам  хабар алғызды.

Аты  жоқ  құр  арбаны

Мың   шақырым  жерлерге

Күн   жарымда   барғызды.

Адамды  құстай  ұшырды,

Мал істейтін  жұмысты

От пен  суға  түсірді.

 Отынсыз  тамақ  пісірді,

Сусыздан сусын  ішірді.

Теңізде  жүзді  балықтай,

Дүниені  кезді жалықпай,

Білгендерге  осылар –

Бәрі   дағы   анықтай.

 Білмегенге  танықтай,

Біз  де  бекер  жатпалық

Осыларға  аныспай.

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге  түсіп  жарыспай.

Желкілдеп  шыққан  көк  шөптей,

Жасөспірім  достарым,

Қатарың  кетті-ау алысқа –ай,

Ұмтылыңыз  қалыспай!

Біз  надан  боп  өсірдік.

Иектегі  сақалды,

“Өнер   -жігіт көркі”  деп

Ескермедік  мақалды…

Біз  болмасақ, сіз барсыз,

Үміт  еткен   достаарым,

Сіздерге  бердім   батамды!..

* * *

Адамға бір өзіндей көзің сүзбе,

Бір әділ қазынасы кең патшаңды ізде.

Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,

Жаратқан бір тәңіріңнен күдер үзбе.

                                                 * * *

              Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға,

              Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.

             Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай,

             Басыңнан бағын тайған шағыңыңзда.

***

Екінші  бағыт Әңгімелерінің  балалардың  танымдық  әрекеттерін  дамытып, қалыптастырудағы мәні

 

  Ы.Алтынсарин  өз “Хрестоматиясында”  жас  өспірімдердің    жан   дүниесін,  ақыл-ойын  қалыптастыруға   ұдайы  көңіл   бөлу  мектеп  пен  ата-ананың  ортақ    міндеті  деп  есептеді./28/  Көшпелі    қазақ баласының  айналасын  дұрыс   қабылдай  алуы,  осыған    орай    оның    байқағыштық  қасиеттерін   арттыру,  жетілдіру  мақсатын  көздеп,  “Хрестоматияға”  үнді  ертегісінен  мынадай  бір  тамаша    үзінді  берген: “Біреу ағашқа  іліп  қойған  етін ұрлатып  алып,  айналасына  жар  салады.  “Аласа бойлы, қолында  қысқа  мылтығы  бар,  соңында  тарақ  құйрық  кішкентай   иті  бар,  бір  қарт  адам   көрдіңіз бе?”  деп.  Бұл  кісіні  әркім  көрген  екен,    сілтеумен барып  тауып, ұрысып  ұстапты-мыс.   Ауылдас  адамдары  үндіден  “ұрының түсі-түгін қайдан білдіңіз?” —  деп сұрапты.  Сонда  үнді   айтыпты  дейді: — Ұрының  аласа   бойлы  екенін  білгенім,  менің    қолыммен ілген    етімді,  ол    ағаштың    астына  тас  қойып,  соның  үстіне  шығып  алыпты. Қарт  екенін білгенім, жүргендегі   ізінен  байқадым – адамның    арасы  тым   жақын екен.  Мылтығының    қысқа   екенін:  етімді ұрларда,  мылтығын  ағашқа   сүйеп  қойған  екен, сонда  мылтықтың   аузы ағаштың  кішкене  қабығын  жырып  кетіпті,  жер  мен  сол жырылған  қабақтың   арасынан   шамалады.  Ұрының   қасында  иті бар екенін және  ол иттің  әрі  кішкентей,   құйрығы тарақ  құйрық  екенін   білгенім   етімді    ұрлап  жатқанда,  ит  анадай    бір    құмайттырақ  жерде   отырған  екен;  соның   құмға түсіп  қалған   ізінен    және     бұлғаңдатқан   құйрығының   табынан байқадым депті-міс”.

Ыбырай  Алтынсарин  осы  үзіндіде  байқағыш  болудың  адам  өмірінде,  оның  дүние  тануында   қаншама маңыз  алатынын,  тіпті  мұндай    қасиет  білімі  жоқ,  бірақ  өмір  тәжірибесі  мол адамдардың   басында  да  біртіндей   қалыптасатын  сөз етеді  де,   шәкірттерді,  өмірді  жан-жақты   зерттеп  білуге,  түймедейден  түймедейді  таба   білетін  ізденімпаз,  зерделі  болуға   меңзейді.

Психология ғылымы – адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше екендігін, істеген істің, жүріс-тұрыстың, демалыстың, яғни өмірдің сан алуан саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке айналып отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жарамды жақсы әдеттермен қатар жарамсыз, жаман әдеттер де болатындығын ескертеді. Мәселен, салақтық – жаман әдет, одан тәнге де, жанға да пайда жоқ. Осы орайда Ы.Алтынсариннің «Салақтық» атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиянды екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыждағатты болғанмен жуынып, таза жүруді білмейді. Ақыры сол тазалыққа бейғамдығының кесірінен ауырып, қайтыс болады.

Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәрі-бәрі де балалардың жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан-дүниесіне әсер етерліктей  іріктелініп алынған. Осы әңгімелерде мұғалімлер мен ата-аналардың балаларды әр түрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Мәселен,  “Өрмекші,  құмырысқа,  қарлығаш” әңгімесінде   баланы  еңбек  етуге,   жұмыс  істеуге  әдеттену қажет  екенін  ескертсе,  “Әке мен  бала”  әңгімесінде   “аз  жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа  тап  боласың; азға  қанағат ете  білмесең –көптен  де  құры боласың, -деген  ойды  айтады.

“Асыл  шөп”  әңгімесінде   Зылиха мен  Бәтима атты  екі  құрбының  арасындағы  диалогқа  құрылған.  Мұнда  адам  бойындағы  қажеттілік  құндылықтардың  бірі сабырлықтың  қандай  күйде,  қандай  жағдайда  да  керектігі, сабырлық  сақтау  оның  ерік  жігерінің, қажыр  қайратының  бір  көрінісі  ретінде  байқалатыны,  шыдамдылық  таныту  — табандылықтың  белгісі  дегенді  меңзейді.  Бұл  халқымыздың  “Сабыр  түбі  — сары  алтын” ,  “Сабырлы  жетер мұратқа ” деген   даналық  сөздерімен  психологиялық  үндестікте  байланысқан. 

Сол  сияқты  “Бақша  ағаштары” әңгімесінде  жас  баланы жас  шыбыққа  теңейді.  “Баланы жастан”  дегендей,  оның  тұлға ретінде  қалыптасуы  тәрбиеден,  әлеуметтік  ортамен   қарым-қатынасының үйлесімді  өрілуімен, бағып  қағудан,  таным  әрекеттерінің   дамуына   мүмкіндік  жасаудан  тұратынына  анық  суреттеледі.  Ал  “Шеше мен  бала”,  “Мейірімді  бала”,  “Таза  бұлақ”,  “Әдеп”, “Қанағат”, “Аурудан  аяған  күштірек”,  “Баланың  айласы”, “Бай мен жарлы  баласы” әңгімелерінде  балалардың  мейірімді,  қайырымды, зерек,  зейінді,  байқағыш,  тапқырлық,  батылдық,  адам  жанын  түсіну, басқаға  ауырлық  түсірмеу  сияқты психикалық  қасиеттердің  олардың  бойында  қалыптасуына  үлгі  өнегесі мол шығармалар  екендігі даусыз.          

Үшінші  бағыт. Оқу  -әдістемелік  шығармалары.

 

Ы.Алтынсарин  көтерген    психологиялық   мәнді  мәселелердің  енді    бір  тобы  оның    әдістемелік    пікірлерімен  араластырып  жатады.  Ыбырай    жақсы   тәрбиеші  ғана  емес,   ол  сонымен бірге    тәжірибелі,  ой-пікірі   озық    мұғалім  де  еді. Ы.Алтынсариннің  “Қазақтарға  орыс тілін   үйретудің  бастауыш  құралында”   көптеген    қызғылықты  психологиялық    пікірлер    бар.  Осы    айтылғанға  орай  ол бірде  былай  деп жазды:  “Әуелі    оларға (шәкірттерге  -автор)  зат  есімге  ғана    жататын  зат   аттарын  үйретемін,  содан   кейін   заттың  сынын    көрсететін   сын есімді   үйретемін.   Осылардан  кейін  зат  есімді    олардың    сынымен қосып “ақ адам”    деген  сияқты   сөйлемдерді  құрап  үйретемін”.  Екінші  бір  жерде  ол:  “Қазақ  балаларына   орысша   кітаптарды    оқытуға,  оқығандарын    түсіндіріп  отыруға   кіріспей   тұрып,  олардың    жеке   сөздерді    болсын  және  негізгі   грамматикалық ережелерді    болсын  түсіну   үшін   бірқатар  жүйелі    әзірліктен  өткізу    керек  болды.  Мұндай  алдын ала  әзірлік   жасалмаса,   оқушылардың    түсінігі  тым   шалағай  болып  шығады…  ешбір    грамматикалық    ереже   жайында  белгілі    бір   түсінік  алуға   оқушылардың   шамасы    келмей  қалады,  көпке  дейін  “она”  деген сөздің орнына   “он”  деп,  “иду деген  сөздің орнына  “шел” деп,  тағы  солар  сияқты  қателер  жасап  жүретін    болады”.    

Ғұлама  педагогтың  осы  ойларында  қаншама  тамаша  психологиялық   түйіндер  жатыр. Ол шәкірттердің   білімді    жай  жаттап алып,  үстірт  меңгермей  миға  тоқып,  санасынан  өткізіп,  әрбір   сөздің  мәніне   терең   бойлап  түсінуін  талап етті.  Ол мұғалімдерге   барлық пәнді   осылайша   жүргізудің  қажеттілігін,  яғни  Қ.Д.Ушинскийдің  тілімен   айтқанда    оқу    жүйесіне    барлық  сезім  мүшелерін   (көз,  құлақ,  иіс,  т.б.)  қатыстырып,   оқушылардың  қызығу  белсенділігін  арттыра берудің    ерекше    маңыз   алатындығын  ескертті.  Ол сондай-ақ  қазақ  балаларының   өзіндік   кейбір    ұлттық   ерекшеліктерін  көрсете  келіп,  осы    жәйтті  де   оқыту  -тәрбие ісінде   мұғалімдердің   үнемі   ескеріп  отыруын қажет  деп   санады.  Мәселен,  оның   өзі   қазақ   балалары  үшін   “Хрестоматия”   құрастырғанда   осы    жағдайды   қатты  ескергені байқалды.  “қатаң  тұрмыста    өскен қазақтарға,  — деп жазды  ол,  -мәндірек  әңгімелер  керек  болады.  Мысалдарды  қазақ  балаларының   оқығысы   келмейтінін,   оқыса  үлгеретінін,  ал олардың    ата-аналары:   балаларымызға  сауысқан  мен  қарға  сөйлеседі  деген  сияқты жоқ   нәрсені  деп,  тіпті   ренжитінін  тәжірибемен білемін.  Қазақ балаларына,  меніңше,  мағыналы анекдоттар,  жұмбақтар,  ойына  ой  қосатын  әңгімелер  немесе  оларды  қызықтыратын,  мысалы  жібек   құртының   көбелектерінің   өзгерулері,   құндыздың   өзіне   үй  салып  алатыны сияқты   әңгімелер  тәуірірек  болады”.

Алтынсариннің қазақ  балаларына  орыс  тілін   үйрету  жөнінде    айтқан  пікірлерінің    қазіргі  күн   талабымен ұштасып  жатқан   жерлерін  ерекше  атап өткен абзал. Мәселен,  ол  шәкірттердің алдымен  орысша  ауыз    екі   сөйлесуін  дамытуды   сабақтарын  өткізу   қажет  дейді.  Оның  осы   пікірлерінде  қазақ  балаларының   психологиялық  ерекшеліктерімен санаспайынша,  яғни  екінші  тілді үйрету    үшін  оларға  арнаулы  жағдай    жұмсамайынша  оқыту ісі    қиынға   соғады  деген    тамаша    идея    жатыр.  Қазақ   мектептеріндегі орыс  тілін оқытуда соңғы   жылдарға  дейін Ы.Алтынсарин ұсынған  осы   ұсыныстар   ескерілмей   келгені   бізді   қынжылтады./29/

Ы.Алтынсариннің  тәрбиеші   ұстаз,  мұғалімдік   өнер  жөніндегі    айтқандарында  психологиялық  түйіндер  аз емес.  Ол оқу — тәрбие  процесіндегі   мұғалім   рөліне айрықша  маңыз  береді,  мектеп  ісінің  сан-санасындағы   жетісіктерді  мұғалімнің  білімі  мен  іскерлігіне,  беделі  мен  өз  жұмысын  жан-тәнімен  сүйене    білуіне    байланысты  деп  түсінді. “…қазақ  мектептерінің  бар келешегі –деп   жазды  ол, -көбінесе  істің    қазіргі  басталуына  байланысты,   сондықтан  да  мен  қазір    жақсы  оқытушы   дүниедегі   заттың  бәрінен   де  қымбат  көремін”.  Ол әсіресе  Торғай   облысында  өзі    инспектор   болған  жылдарында  (1879-1889) мұғалім проблемасына,   оның    жеке  тәлімгерлік   қасиеттеріне   ерекше  көңіл  бөлген  еді.  Ы.Алтынсарин  мұғалімдердің    оқыту    тәсілдерін    үнемі    жетілдіріп  отыруын,  олардың   “педагогикалық  және   оқытушылық”   тәсілдерді меңгеру қажеттілігін  баса  айтты.  Ол мұғалімдердің   алдына  мынадай  міндеттер  қойды: нағыз мұғалім   болу  үшін  шәкірттердің   өзіндік   ерекшеліктерімен  мықты   санасу  қажет,  ол үшін педагогикалық  әдебиеттерді    үнемі   оқып,   қадағалап отырмаса  болмайды.  Мұғалімге аса  сезімтал,  бала   жанын  жазбай танитын  адам болу   қажет  екенін  атай келіп,  ол оқу-тәрбие  саласында   ізденбейтінін   мұғалімдерге  қатты   ренжиді.  “Мұндайлар, — деп  жазды ол, — оқушыларды адастыра,  сонан  кейін   қойылған  сұраққа  оқушылардың   жауап  бере  білмегеніне  ренжіп,   өздері  де ашулана  бастайды,    тіпті  оқушыларға    өшігуге  дейін барады.  Содан  кейін   оқушыларды   бұрынғыдан  да   адастырады,  мүлде  шатастырып,   оларды  тіпті  ешбір  жауап  бере  алмайтын  халге  жеткізеді” дей  келіп,  сабақ беру  методикасы  төмен    мұғалімдерді ол “баламен түсінісе  алуға  шорқақ,   дарыны  жоқ  адам”  деп   сипаттайды. “Оқушыларды бағалағанда, -деп  жазды Ы.Алтынсарин,/30/ -олардың  іске  қатысы  жоқ  сөздеріне  қарап емес, олардың   егістерінің  бетіне  шыққан   жемістеріне,  яғни   оқушыларына  қарай   бағалау  қажет”.

Тәлім-тәрбие,  оқыту  ісінің  нәтижесі    шәкірттерден  гөрі мұғалімдерге  көбірек   тәуелді.  Кінәнің  ең   үлкені-бала жанының  нәзік  қылдарын  дұрыс  сезе  алмайтындарында.  “Оқушылардың   түсінбеушілігін  оқытушылардың   өз кінәсі  деп  білмей,    оқушылардың   зер    салмайтындығынан немесе    топастығынан”  деп  білетін  оқытушылардың  қатты    адасатыны  айтпай-ақ  түсінікті,- дей  келіп,  ұлы  ағартушы   мұғалімнің жадына  мына  жәйтты  мықтап   шегелейді! — “Ол кімен істес   болып  отырғанын, еш уақытта  да  ұмытпауы  керек..  егер балалар  бірдемені  түсінбейтін болса, онда   оқытушы  оларды кінәламауға  тиіс. Ол балалармен  сөйлескенде  ашуланбай,   жұмсақ  сөйлеуі,   шыдамдылық  етуі  керек,  әрбір   нәрсені  де   ықыласпен  түсінікті етіп    түсіндіруі  керек,  екі ұшты астарлы  сөз,  орынсыз  терминдерді қолданбау  керек”.  Алтынсариннің  тәрбиеші  ұстаздың  жеке  басы   туралы   айтқан  пікірлерінің  негізгі арқауы —   тәлімгерлік жұмыс -өте   нәзік,  қасиетті  іс. Ол  ұстаздан өте  сезімталдықты,   балаға деген сүйіспеншілікті,  оның   жанын  жазбай  тануды қажет  етеді.  Шәкірттерді  сүйе білген  оқытушы ғана   қатаң  талапты,  әрі   өнегелі,   беделді  тәрбиеші  бола   алады.  Оның   қазақ  елінің   жағдайында   айтқан    осындай   тамаша  ой-пікірлеріне   ерекше  сүйсінесің. Профессор Т.Тәжібаевтың  Алтынсаринді  “Қазақстандағы  педагогикалық ойдың   пионері”  деген  бағасының  тайға  таңба  басқандай,  әділ  баға   екендігіне  еш  шүбә   келтірмейсің.  Өйткені  басқа   пікірлерін  былай   қойғанның   өзінде  ардагер   педагогымыздың  мұғалім  жөнінде  айтқан  осы   пікірлерін  өзі-ақ  оны  осылай    деп    тануға  толық  болатындығын  айттырмай   дәлелдейді.

Ыбырай  Алтынсарин  өз   халқының    жақын  келешегі  үшін  бар саналы  өмірін  сарп  еткен,  халыққа  қызмет  етуден  артық  іс  жоқ  деп  түйген,   туған  халқын,  ел-жұртын  шексіз  сүйген,  нағыз отаншыл  азамат  еді.    Сондықтан    да    оның    көптеген   шығармаларында    қазақ    халқының    өзіндік    психологиялық    қасиеттері, салт-санасы, әдет-ғұрапы жайлы   айтқандары ерекше  назар   аудартады.

Алтынсарин    қазақ   халқының    аса  малсақ,  сонымен  бірге  мал   бағу  өнеріне  аса   жетік  халық  екенін   айта   келіп,   оның    ақыл-ой   парасаты  да   жоғары,  және   ежелгі  мәдениеті  бар  ел екенін   талай  рет  атап  өтеді: “Қазақтарға, -деп    жазды  ол,  -осы    дарында,   ақыл-есі мол   халыққа  қазір  кешікпей  тұрып рухани  және   қоғамдық  даму   жолына    түсетін  бағыт  беру, қалай  дегенмен аса    қажет   болып отыр”.

Ыбырай  қалың   бұқараны, қазақ  еңбекшілерін зор   қадір  тұтып,  сыйлаушы еді.  Ол  осы   бір    қарапайым   жандардың   еңбек  сүйгіштігін,  адалдығы мен  шыншылдығын,   жинақылығы  мен  ақ  ниеттілігін ерекше  риза   көңілмен,   үлкен  мақтаныш  сезіммен:”Осы  қарапайым,  ақ   көңіл, ал кейде  тіпті  қызықты  адамдармен  әңгімелесіп,  көңілді  көтересің”,-деп  жазды.

Сол кездің өзінде-ақ  Ыбырай  халқымыз  туралы  бір-біріне  қарама-қарсы екі   түрлі   көзқарастың   бар екендігі  жақсы   түсінді.  Ол кейбір мен менсіген  орыс  миссионерлерінің қазақ-халқын  кем тұтып,  оған  тілін    тигізіп: “қазақ  тентек,  қазақ қанішер  халық”  деген  пасық  ниетті  оңбаған пиғылдарына  бар  ашу-ызасымен  аяусыз соққы  беріп,   өз  халқының   ғасырлар  бойы   жинақтаған  мәдени  мұрасын,  тамаша  психологиясын  мақтаныш  етті. “Бізді,-деп жазды  ол,- өзгелер табиғатынан   ақылды,  іскер    халық  деп   ойлайды. Осының   шындығын іс   жүзінде  көрсетуіміз керек…  қазақ  -табиғатынан ақынжанды,  дарында  халық”,  —  деп жазды  Ы.Алтынсарин  “Орынбор листогы”  газетіне  жазған бір  мақаласында.         

Ыбырай  Алтынсарин әрбір уезд орталығынан бір-бірден интернаты  бар  қыздар мектебін  ашуға  бар  күшін  салады.   Торғайда осындай  мектеп ашуға 1888 жылы  Орынбор оқу  округінің   алдына  ресми мәселе   қойылды.  Мектеп  ашуға  әзірлік   мол,  тек  ресми  рұқсат  қажет  еді. Алайда  оған  рұқсат Ыбырай  дүние  салғаннан  кейін,  1890 жылы  ғана берілді. Реті  келгенде   айта  кетейік,    Ыбырай   Алтынсарин  ұсынған қыздар  мектептері  Торғайда 1891 жылы, Қостанайда 1895 жылы,  Ақтөбеде 1896 жылы ашылды.  Орысша  -қазақша  қыздар  мектебінде  оқушылар саны  1896 жылы  211-ге жетті,  олардың   141-і  орыс,  70-і  қазақ  қыздары  еді. 

1888 жылдың    августь  айының 21 күні  Қостанайда  Ыбырай Алтынсарин Торғай  жеріндегі тұңғыш    орыс  мектебін  ашты.  Мектепке  ер  балалар   ғана  қабылданатын  болады  да,  алғашқы  екі  күнде   мектепте   оқуғы   57 бала  жазылды.

Осы ыжылы  Ыбырай  уезд   орталықтарындағы  орыс-қазақ   училищелерінің жанынан  кәсіптік  мамандықтарға    даярлайтын  бөлімдер  құрылды.  Сөйтіп,  Яковлевтің  көмегімен   қолөнер  мектебіне    қосымша  тағы  төрт жерден  мамандар   даярланатын  болды.  Сол  жылы-ақ  аталған  мектептер  қажетті   құрал-жабдықтармен,  мұғалім   кадрларымен  толық   қамтамасыз  етілді.   Торғай  даласында ауыл   шаруашылығына маман  кадрлар  даярлау  үшін  басқа  да   арнаулы   оқу   орындарын  ашу    мәселелерін  Орынбор    әкімшілігі алдына  Алтынсарин  қайыра    қойып  отырды.   Мысалы,  Торғай  облысының  әскери губернаторына  1888 жылдың  28  декабрінде мынадай   мәселелерді  жедел   шешуді   ұсынды: тәжірибе ретінде  Ырғыз  училищесі  жанынан  тері   заводын   ашу  керек. Тері  илеу  және  сабын  жасау  заводтарын  басқа  да  училищелер   жанынан  ашса  артық  болмас  еді,  шикізатқа    жақын  тұратын  болыстық  мектептер  жанынан  осындай  заводтар ашу  пайдалы,    өйткені    шығарылған    өнімді    өткізу    ыңғайлы.   Алтынсарин  “осы   сияқты  техникалық    мәні  бар  шараларды іске  асыру    сахарадағы   қазақтарға   игі  әсерін    тигізер  еді”  дейді.

“ойымыз,  -деп  жазды  Алтынсарин,  -қазақ  даласына   техникалық    білім    тарату… /31/

Ыбырай Алтынсарин  “қазақ хрестоматиясын”  орыс  графикасымен  жазылған  алғашқы  кітап  деп  ХІХ  ғасырдың  соңғы  он  жылдығында    ресми   жұмыста    болған  қазақ   интеллигенциясы  да,  оның  творчествосын зерттеген ғалым-жазушылар да айтып  жүр.  Қолда бар  архив  документтеріне   жүгінсек “о баста  қазақ  жазбасына  орыс    графикасын  енгізу   идеясын    орыс    оқымыстылары  берген  сияқты.  Олар  қазақтарды  қалайда    татар   ықпалынан   тезірек    шығаруда,    қазақ   тілін   шағатай тілі  дәстүрінен  арылдауда  қазақ   жазбаларында   орыс   графикасын   қолданудың  зор  маңызы  болуға тиіс    деп  ойлады”./32/

 

                           Төртінші  бағыт.    Хаттары.
 

1861-1863 жылдары Ыбырай Алтынсарин орыстың ұлы демократ – педагогы К.Д. Ушинскийдің «Детский мир» аталатын тамаша еңбегімен танысады, оны аса жоғары бағалайды. 1862 жылы Н.И. Ильминскийге жазған бір хатында былай дейді: «Балалар әлемі» («Детский мир») маған өте ұнап кетті, өйткені, онда менің аудармақ болып жүрген нәрселеріме жарамды мақалалар көп екен. Молдалардың оқытып жүрген татар, араб, парсы тілдеріндегі кітаптарының бәрі де адам баласын дұрыс ойдың бәрінен адастырады, кері кетіреді. Ал басқа халықтар сияқты қазақтарға да олардың өздеріне түсінікті тілде жазылған, оқығанда ақыл беріп, ой түсіретін кітаптар екен. Бар күшімді жинап мен «Балалар дүниесінен» бір мақаланы аударып көргелі отырмын. Тірі болсам оны сіздің шолып шығуыңызға жіберемін»./33/

  1870 жылы ол қазақша жазуға орыс графикасын пайдалану мүмкіндігі туралы Н.И.Илминскийге хат жаза бастайды. Соңғы жылдары Алтынсарин қазақ даласындағы оқу ісінің болашағы туралы  көп ойлай бастады. 1871 жылдың 21 авгусында  Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында ол мынадай қорытындыларға келгенін білдіреді: «Мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы, олар қазақ даласының кез келген жеріне ретсіз салынатын болса, ешбір пайда келтіре алмайды… Артта қалған халықты білімге қызықтырып тарту үшін мектеп бітіргендерге қай жерінен болса да бір артықшылық берілуі керек. Сонда ғана оқушылардың саны ешбір күмәнсіз тез өседі. Осылай еткенде ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады.

Ыбырай  Алтынсариннің  Н.И.Ильминскийге қазір  бізге   белгілі  29 хаты  бар,  олардың   алғашқысы  1860 жылдың 22 июль  күні  Торғайдан    жазылған.  Соңғы 1889 жылы 6 — мартта   жазылған екен.  Соңғысында: “  Сіздің  2- мартта   соққан  соңғы   телеграммаңызды  мен  5 -мартта,   кеше  алдым” – депті.  Бұл хаттарды  тек  амандық білу  үшін  ғана   жазылған   дүниелер   деп қарауға   болмайды , олар  Ыбырай  Алтынсаринның   педагог –ұйымдастырушы  ретінде   арқалаған  жүгінің  салмағын,   сауатын,  ой-өрісін,  жан   байлығымен алдына  қойған   мақсат-мүдделерін ашатын    асыл да  баға   жетпес   қазыналар.

Ыбырай  жазған  әрбір  хат  жеке бір шығарма десе  де  артық  емес, өйткені    оның   мазмұны    мен   көркемділігінің  жоғары  екеніне Н.И.Ильминский әдейі көңіл   аударған.  Ол Ыбырайдан  алған   хаттарды    өз  әріптестеріне   көрсетіп,  оқып,  оның   мазмұндылығымен    қойып   жүрген    мәселелерінің  ауқымды    екенін  қошеметтеген.  Ыбырай  Алтынсарин  бір  хатында: “Бір  хатыңызда  сіз “Ильминский) менің   хатымды  басқаларға   көрсетіп  едім,  олардың   бәрі  де  сені  мақтады  депсіз”- деп   жазыпты.

Ыбырай  Алтынсарин   бір  хатында   былай   деп жазды. “Арбаша  жазу мен  құдай   парызын көбінесе   шала  сауатты  қазақтар,  немесе  шетелдіктер    үйретеді,   олар  балаларды   ауқатты  қазақтардың    үйлерінде  оқытады,   оқуға    сол  үйдің   балаларымен    қатар   ауылдастарының    балалары  да   жиналады.  Міне,  осы  қала  деген    ауқатты  қазақ  үйлерінің   бәрінде  дерлік    оқу   қазіргі  кезде  осылай жүргізіліп  жатыр… бұл  қазірдің   өзінде – ақ  қазақтың жас  буындарына  өте  жаман  әсер  етіп  жатыр,  ал келешекте    де  одан  да  көбірек   әсер   етуі ықтимал”.

Осындай  “әсерлерден”  құтқару   жолы  орыс   ғылымы  мен   тілінде   жатқанына түсінген  Алтынсарин  діни  фанатизмге қарсы  күресті.  Ол ашқан   мектептің   басты  міндеті-қазақ  жастарына   ғылымға   ұмтылдыру  орыс  тілін   үйрету   деп  шешті. Ыбырай  Алтынсарин   барлық   жағдайда   да  Н.И.Ильминскиймен  ақылдасып,  кеңесіп  отырды.

Николай  Иванович Ильминский  Ыбырай Алтынсариннің   бірінші  биографы. Ыбырай  Алтынсаринді   танушылар  үшін   оның   жазып қалдырған  “Воспрминания  об И.А.Алтынсарине” “Қазань, 1891, Литотипогафия  В.М.Ключикова) аталатын  еңбегі   теңдесі  жоқ қазына. Ыбырай  Алтынсариннің   өмірі мен  жұмысына  байланысты  фактілер,  болған   өзгеріс-оқиғалар,  жазысқан  хаттар,   ресми  әкімшіліктермен  арадағы    қатынас  қағаздар  бізге Н.И.Ильминскийдің   осы   естелігі арқылы  жетті.  Бұл естелік  оның   Ыбырай  Алтынсаринге   орнатқан ескерткіші  және  қазақ  халқының   алғашқы  училищелері мен  оқу-ағарту    ісіндегі   тарихына  шолу  жасаған   ғылыми  еңбек.  Естеліктің  көлемі  396 бет.  Кіріспе,  оның    алдыңғы   бетінде  Ф.Загорский  түсірген   фото Ы.Алтынсарин  ұлы  Абдулхамитті  (Абдолла)  алдына   ұстап   арқалы    орындықта   отыр.  Еңбектің  34- беті Н.И.Ильминскийдің  тікелей  естелігіне  арналған,  Торғай   облысында   орыс-қазақ  училищелерін    ашуға,  олардың   жұмысын  ұйымдастыру  туралы  “Ережелерге”,  циркулярларға,  басқа  да  ресми  қатынас   қағаздарға,  осы  өңірдегі   оқу    орындарының   тарихына   байланысты    материалдарға 198 бет,  ал Ыбырай  Алтынсариннің   хаттары  мен басқа   жазған   қағаздарына  195  бет   арналған.  Соңғы  бөлімдерінде  Ыбырай  Алтынсариннің  өз  қолымен  Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге,  А.А.Соколовқа т.б.  жазған  92  хаты  бар.   Осы  ұшан  теңіз материалдарды  ауырып  жүріп  Н.Ильминский  бірер   жыл  ішінде  В.В.Катаринскийдің,  А.А.Соколовтың, ұлы  педагог  Ыбырай  Алтынсариннің   зайыбы Айғаныстың  көмегімен   жинап  алғаны туралы  осы  “Естеліктің”  кіріспесінде айтылыпты.  Н.И.Ильминскийдің  өмірі  мен   творчествосын  түзуші биограф ғалымдар “Ыбырай  Алтынсарин  туралы   естелікті жазуда, оған    материалдар    жинауда Ильминскийдің   қанша  еңбегі сіңіріп,  қиналғаны  туралы жазған.

Мысалы,  Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  балалары   оқитын   техникалық,  не  ауыл  шаруашылық  училищесін  ашуды ойластырып,  халық  арасынан   қаражат  жинай  бастайды.  “Біздің  — деп  жазды  ол В.В.Катаринскийге  1884 жылдың 4 февралінде жолдаған хатында, -оқу  жұмыстарымыз  тәуір  жүріп  жатқан сияқты.  Елден үй   басына    жинайтын   ақшаны 15 тиыннан  1 сомға  дейін    көбейту  туралы губернатордың   ұсынысы  бірқатар   болыстарда  қазірдің   өзінде-ақ  дәл  орындалды. Егер  1885 жылы да  бұл  жұмыс   қазіргідей   жақсы    жүріп   отыратын  болса,  біздің  едәуір    ақшамыз  болады.   әсіресе, 20 мыңдай  үйі  бар  Николаевск уезінде    едәуір ақшамыз болады.  Сондықтан   мен  енді  осы   ақшаның    бірқатарын   Қостанайда   бір  жөні   берік   негізге   қойылған   техникалық  және  ал  шаруашылық  училищелерін  ашуға  жұмсаған  пайдалы   болар  еді  деп  ойлаймын.  Бұл  жөнінде   сізбен  кеңесуге  уақытымыз  бар ғой  әлі,  ал  бұл  туралы   попечительдің   пікірі   қандай   екен? Менің   қазір    тағы  да   бір ойымды    бөліп  жүрген  мәселелері  қазіргі  мектептерді   уездік  мектептерге   айналдыру  және  құрметті қамқоршыларды  наградтау   туралы  еді.  Қолымыз   тие  қойған кезде осы    мәселелер    туралы   хабарласыңыз  тәуір    болар  еді”. Бұл үзінді  Ыбырай Алтынсарин  мен В.В.Катаринский  арасындағы   сырласу, ақылдасу  мен  мақұлдасудың  соншалықты   жоғары   дәрежеде   болғанын   тағы   да   дәлелдей    түседі.

Бесінші  бағыт.   Этнографиялық  очерктері

 

1870 жылы Россия географиялық қоғамының  Орынбор бөлімінің бірінші «Запискасында» Ыбырай Алтынсариннің «Орынбор ведомоствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі», «Орынбор ведомоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» атты этнографиялық  мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар ұлы педагогтың публицистикаға алғаш қалам тартуы болатын.

Бұл  еңбектер  орыс  зиялы   қауымына  қазақ  қоғамының  әр   алуан  тұрмыс-салт  ерекшеліктері  туралы  түсінік  берген  тұңғыш   жазба  еңбектер еді.

Ыбырай  Қазақтардың  өлген  адамдарды  жерлеу   дәстүрін  сөз  еткенде  мұсылман  елінің   шариғат заңы   бойынша,   өлген  адамды    қалай  арулап жуып,  о  дүниеге   шығарып  салу  рәсімін жан-жақты баяндауға  тырысқан.  Өлген  адамның  “күнәсін  сатып  алу”   дегенді    дүмше   молдалардың   шығарған  “заңы”  екенін    әшкерлейді.  Олардың  “аңқау  елге  арамза  молда”    болып,  өлген  адамның   ораза    ұстамаған  әрбір   күніне  30 қадақ,  бидай   салық  салып, сөйтіп  365  күнде 277  пұт 20  қадақ,  ал  егер  өлген  адам 60 жыл  өмір  сүрген  болса,  166 тонна  астық төлеу  керек   екенін,  оны  ақшаға  шақса,   артында  қалған  мал-мүлкі түгел жетпейтінін,  сөйтіп молдалар,   әйтеуір,  қайткен  күнде  де   шариғат   талабын  орындау    үшін  ысқатқа  шығарылған  малды аса қымбатқа   бағалап,  молдалардың   оны  тегін   алатынын  айыптайды.

Сондай-ақ   бұл еңбекте  өлген адамның   жаназасын   шығару,  бейіт  тұрғызу,  өлген кісінің  әйелі,  қызы,  анасы,  апа-қарындастарының  бір  жыл бойы  (асы  берілгенге  дейін)  қара   жамылып,  дауыс  айтып  жоқтауы,  ағайын-туған,   құда-жекжаттардың   көңіл  айтып  келуі,  бата  жасауы, азасына  мал  шығаруы  т.б.  дәстүрлер  сөз  болады.  Бейіттің  ауыл   төңірегіндегі ең  биік қыраттау  суға  жақын  жерге  тұрғызылатыны,  еркектердің   моласының   төбесіне  найза,  әйелдердің  моласына  бақан  немесе  пішпек,  ал балалардың   моласының басына   бесік  қою    рәсімдерін  әңгімелейді.  Кісі  өлген  үйдің    белбауына  найза  шаншып,   оның  ұшына  жас  адам  өлсе  қызыл,  орта  жастағы  адам   өлсе –қара, ал қарт  адам  өлсе,  ақ  орамал  байлайтыны,   жылына  сауын  айтып ағайын-туыс,  ел-жұрт,   құда  жекжаттары     жиналатыны,  ас  беру   тәртібі:  қонағасы  берген кезде  әрбір  қазаққа  оның   құрметтілігі,  абырой-дәрежесіне  қарай   тиісті  сыбаға  мүшелер  таратылатыны,  атап айтқанда:  қарттар мен молдаларға  бас,  балаларға  құлақ,  сұлтандар  мен ел  билейтін  әкімдерге  жал,  жая,   қабырға,  жамбас,  ал   ішек-қарын әйелдер    мен   малшыларға  тиетіні айтылады.

Сондай-ақ  ас  беруде ат   жарысы,  палуан  күресі,  көкпар  т.б.  ойындар болатыны,  ас  беру рәсімі 63 жастан  (пайғамбар  жасынан)  асып  өлген атақты,  бай    адамдар құрметіне  жасалатыны,  ал ас  тарқатар  кезде,  үй  иесінің   жылына  арналған   тұл  ат   сойылып,   қаралы  белгілер  алынып,  ауыл  бұрынғы  қалпына келтірілетіні,  өлген   адамның  ұстаған  заттары   (ер-тұрман,  сауыт-сайманы,   сәнді-киімдері)құда-құдағилар  мен   құрбы-құрдастарына   таратылып берілетіні,  бұл өлген  адамның   жақсы  қасиеттері   көпшілік  жұртқа   тарасын  деген   жақсы ырымнан    шыққаны  баяндалады. Әсіресе,бай  қазақтар  өлгенде,  жылына  қора-қора  қой, үйір-үйір жылқы  сойылып,  ат  бәйгесі мен  балуан   бәйгесіне  көп қара  мал,  алтын-күміс  жамбы  тігілетіні,  ал  мұның  өзі   бәленшенің    асы  осындай   аста- төк   болып  еді деп,   бірнеше  жыл  бойы  мақтан қылып,  айтып  жүру  үшін   жасалатын,  орынсыз  ысырапқорлық  шығын  екені  атап   көрсетілген.

Сондай-ақ,  бәйгеден  аты   озып  келген  адам  мен   күресте   жыққан  балуанның  бәйгелерін  олардың   туыстары,   таныстары  үлесіп   кететінін,   мұның  бәрі  қазақтың    атаққұмар,   дайғойлығы  екені   орынды  сыналған.  Қазақтың  өлген   адамды   жөнелтудегі  ескі  салт-дәстүрлері мен   ырымдарын   бүгінгі жастарға білдіруде  бұл   еңбектің   білімділік,   этнографиялық құндылығының    зор  екендігі  дау жоқ.

Ал  Ыбырай  “Орынбор ведомствосында  қазақтардың  құда   түсу,  қыз ұзату  және   той   жасау  дәстүрлерінің   очеркі” атты  еңбегінде   қазақтың  өзара    қоғамдық  қарым-қатынасы  әдет-ғұрыптар  бойынша    реттеліп  келген  кезде,  абақты,   түрмесі  жоқ  заманда,  ағайын-ауыл,  ру   араларындағы  дау  жанжалды  ақ  білектің  күшімен,  ақ   найзаның   ұшымен шешуде  ағайын-жұрттың,  құда-жекжаттың  көп    болуының    үлкен    рөлі   болғанын  айта  келіп,   малды,  бай  адамдардың  өздеріндей мал  басы  көп,  жанды-жақты,  ел ішінде  беделді  адамдармен  құда   болуды  көздегенін,  ондайда  тіпті бала    бала  тумай  жатып,  әйелдері  екіқабат  болғаннан  көңіл   қосып    құда болу  салт-дәстүрлерінің   мән-мағанасын  талдайды (7,91-99).  Қазақта  балалары  11-12 жасқа  келгенде   құда   түсіп  “Он үште отау иесі”  деп,  үйлендіре  салу  салт  болып  кеткен.

Сондай-ақ,  қыздарды  өте  жастай   күйеуге  беру  немесе  он  жасар ұлды,  әмеңгерлік  заңымен,  күйеуі  өлген  ағайынның өзінен екі-үш есе үлкен  балалы  әйеліне  де   үйлендіре  беретінін  әдеттерін  сынайды.  өлген  адамның  жас  інісі  болмаса,  күйеуінің   алпыс-жетпістегі шал   ағайынына  тиюге  тиіс  болғанын,  “жесір ерден  кетсе де,   елден  кетпейді”  деген әмеңгерлк  заңға  бағынып  келгенін   әшкерелейді.  Ал жас  жесір  әйел   бас  бостандығы   үшін   күресуге   талпыныс   жасап, өз  сүйген   жігітімен   қашып кетсе,    оның  дау-жанжал,  төбелес,  шабысқа,  тіпті  кісі өліміне  дейін   баратын  болған  (7, 92).  Сондай-ақ,  әйел   өлген шалдар немесе    бала  көру  үшін  тоқал алатын  байлар   жас  қыздың   өмірін   ойыншыққа  айналдырып,  қызды еріксіз  қалың  малға  сатып  ала   беретін  айыптайды.

Автор.  “Құда  түсу,  қыз  айттыру  заңы   Есімханның   бұйрығы бойынша  орнаған,   оның  бір  жағы   жауынгерлік заманда  қол  жинау  үшін  де   маңызды  болды”  (7,93), -дейді.  Сол сияқты    жауласқан    елдің  мал   айдап,  қыз алып   келу,  шабындыдан түскен  қызды елдің   ақсақал,  билеріне  тарту  етіп,   әйелдікке  (тоқалдыққа)  беретінін,  сондай    қазақ    ішінде  қалмақтан  шабындыда  келген   бәйбішелердің  жиі   кездесетінін  де  сөз  етеді.

Қазақтың  жеті  атаға  дейін   бір-бірінен қыз  алыспау заңы,  басқа  рудан  қыз  алу,  біріншіден,  өріс  кеңейтуді  көздеу  болса,  екіншіден,   екі  рудың  бір-бірінен қыз алып,   құда  болу  арқылы  жаулықты  тоқтату  үшін  де  қажет  болған сияқты.  Ыбырай: “Мұхаммедтің заңы  бойынша,  жақын  қарындасына  да   үйлене  беруге  рұқсат  етеді.  Бұл  заң   қазақтан  басқа  мұсылман  елдердің    бәрінде  бар.  Қазақтың жері көп,  малмен   көшіп-қонып  жүргендіктен,   қол  жинап,  жауынан  қорғану  үшін  тұрмыс  заңы  тудырған  салт-дәстүр  болуы  ықтимал.  Алайда  оның  генетикалық  жағынан  да  пайдасы   бар” (7,92), дейді.

Баласына  қалың  беріп  құда   болғысы  келген  адамның  ел  аралап  қызы  ұнаған  үйдің   керегесіне қамшысын  қыстырып кететінін,  ол  құдалықтың  бастапы  белгісі   екенін,  мұнан  кейін  көп   кешікпей  жаушы   (елші)  жіберіп,  қыздың  әке-шешесінен ризашылық  сұрайтынын,  құдалар  келіп,   қалыңмалға  келісім   жасайтынын,   қалыңмалдың    мөлшері  қыздың   жасауы  мен  әке-шешесінің   әл-ауқатына  байланысты қырық  жеті   немесе  отыз  жеті    қара  мал    болатынын,  ал   кедей  адамдар  құда   болғанда,  ірілі-уақты жиырма  жеті, он жеті   мал  беретінін  сөз  етеді.

Қалыңмалмен  қоса,  бес  жақсы  туралы  да  келісетінін,  қыздың   сәукелесі,  алтын  жүзік, сырға, мақпал  шапан,   жорға  ат  пен күміс  ертоқым сияқты  асыл  заттардан тұратыны айтылады.  Құда  болатын  жақ  (жоғарыдағы бес   жақсыны  сатып  алу  үшін)  оны  ақшалай  беретіні,  бес жақсының   құны   шамамен  500-600 теңге  ақша  мөлшерінде  болатыны  (ол кезде  бір  жылқы  он-он  бес сом,  бір  қой  үш-төрт сом  болған. –С.Қ.),  ал мұның  өзі   дәулеттілердің  малын   азайтуға  себеп  болса,  кедей   адамдар  15-20 жыл байға  жалданып   жүрсе  де  мұнша   мал  таба  алмайтыны,  сондықтан кедейлер    қыз  алу  үшін  қалыңдықтың    аға — інісіне  өз  ауылындағы   ағайындарының    бір  қызын  беріп, қарсы    құда  болумен  тынатыны  баяндалады.

Автор  қазақтың  “Құдасын  құдайдай сыйлай  отырып”  олардың  алдынан  арқан   керу,  беттеріне  үн  немесе   балшық   жағу,  еркектерге  зорлап  әйелдердің  кимешегін  кигізу,  өгізге  теріс  қаратып мінгізіп қою,  аяқ киімін ұрлап  тығып қою,  шапандарының  етегін сырмаққа  тігіп  қою сияқты мазақ  жасау,  күлкі ету  рәсімдері  мен  құдаларға (қонақтарға)  киіт кигізу  салттарын  әңгімелейді.  Бұл  дәстүр   құдаларды  (қыздың  төркіндерін  жігіттің  әке-шешелері)  шақырғанда  да   қайталанатыны  айтылды.

“Күйеу  қайындап  барғанда, -дейді Ыбырай, — мүмкіндігінше  жақсы  киінуі,  ер  тұрманы  таза   күмістеген  болуы  керек.  Күйеу  басына  бетін   көрсетпейтін оқалы  тымақ кию қажет.  Ілуге  әкелген  малдарын  қайын  жұрты  көріп,  егер  оны   азырқанса  немесе  мал  басынан  кемістік   тапса,  күйеуді ауылға  түсірмей,  қайтарып  жібереді.  Күйеу    қайын  атасына    оның   көңіліндегідей  ілу  әкелуге  тиіс.  Тек   сонда  ол   құрметпен  қарсы    алынады”  (7,95).  Бұл   еңбекте  қыз  ауылында болатын “қынаменда”,  “қыз кезіктіруде  берілетін  кәделер  (“желі аттар”, “ит ырылдатар”,  “кемпір өлды”,  “отқа  салар”,  “қол  ұстатар”,  “шаш  сипатар”,  көрпе қимылдатар”  т.б.),  құдашалар  мен  құдаларға,  қайын  ата  мен қайын  енеге  үлестірілетін  кәделер  (көрімдік,  өлі-тірі,  ата  күші,  ана  сүті  т.б.)  түгел дерлік   сөз  болады.

Сондай-ақ,  күйеу  қалыңдығына  ұрын  келіп  кеткеннен  кейін,   қалыңдықтың ата-анасының  ауыл – аймақ, ағайын-туғанмен  ақылдасып қызға    жасау  әзірлейтіні,  қалы кілем,  қасқыр  ішік,  алаша,  түскиіз,  сырмақ,  әбдіре  т.б.  үй   жиһаздары,  білезік,  сырға,  сәукеле  сияқты  зергерлік  асыл   бұйымдар  даярланатыны, ал  қыз    жасауын   даярлауға   рулы    ел,    ағайын-туыс  болып  ат  салысатыны,   мұның   туыстық  қарым-қатынасты күшейтуге  себебін  тигізетіні  айтылған.    Қазақ   ауылында    қыз  ұзату,   келін  түсіру  дәстүрлерімен байланысты  ат шабыс,  балуан  күрес,  алтын    табақ  ату,   теңге  алу,  қыз қуу  сияқты қызықты  ұлттық  ойын-сауықтар,  домбыра  тарту,  өлең  айту, күйеу  мен   қалыңдықты  таныстыруға  арналған  “жар-жар”, “беташар”,  “айт келін”  сияқты   тұрмыс  салт   жырлары мен   ақындар    айтысының   мән-мағынасы  да   назардан  тыс   қалмаған.    Ол    жырларда    айтылатын  “Атаңды,  енеңді,   жұбайыңды  сыйла,   ол  сенің   шешең  мен  әкең,  күйеуіңді  сыйла,  ол  сенің  құдай   қосқан  жарың,   өсек  айтпа,   орынсыз  үй   қыдырма,  үлкенге   ілтипат  жаса,  кішіге   қамқоршы  бол,  шаруаға  икемді  бол,    еңбекті    сүй”   деген  өсиет  -нақылдың   тәлімдік    мәніне   тоқталып,   келіннің  лкенге   иіліп  сәлем  беруі, орынсыз   оны-күлкіден,  келеңсіз  қылық  пен   бейсауат жүрістен жас   адамның    аулақ  болуы  отбасы  бірлігіне   ұйытқы,  себепкер  болатынын  айта  келіп,  Ыбырай  қазақтың    тұрмыстық  салт-дәстүрлерінің   үлгі-өнегелік  жағын   ашып  көрсеткен.

Ыбырай  молдалардың   неке  қию  кезіндегі   іс-әрекетіне  тоқталып,  жасы  үлкен    шалға  немесе  өзі   сүймеген  адамға    еріксіз    бара  жатқан  қыздың    некесін зорлап қию  құдай   алдында   адамгершілік   ардан аттау  деп  айыптайды.  Сөйтіп,   Ыбырай  да  ұлы   ақын Абай  сияқты,  некелесуде  бас   бостандығының    болуын  қолдайды.  Махаббат  бостандығы  үшін   күрес ұлы ағартушылардың   бәріне  ортақ  гуманистік көзқарас  еді.

Ыбырайдың  қазақ   халқының   алт-дәстүрлерін  зерттеудегі  мақсаты  дәстүрдің    озығы  мен тозығын   ғылыми   түрде   талдап,  өзінің   көзқарасын  білдіре  отырып,  мән-мағынасын  ашу,  озық  дәстүрді   тәрбиенің   құралы   ету  еді.  Сонымен    бірге   қазақ  мәдениеті,   тұрмыс-тіршілігі  жөнінде   орыс   достарына  ғылыми  мағұлмат  беруді   көздейді.  Ол  кейбір  орыс   чиновниктері  ойлағандай   қазақтардың   “ұры”  және  “тағы, көшпелі,   мәдениетсіз,  жабайы  халық”  емес,  “өзіндік   мәдениеті,  өнері  бар халық”   екенін    білдіру  үшін   қазақтың    салт-дәстүрін  арнайы  зерттеп,  очерк  жазған.  Қазақтың    салт-дәстүрін  жан-жақты  зерттеп,  жинақтаумен   бірге,   әр  ауыл  мен  болыс   сайын  мектеп  ашып,  мектеп  жанынан  монша,   кітапхана  салып,  қайтсем  қазақ елін  мәдениетті    елдердің   қатарына    жеткіземін  деп   арпалысқан  Ыбырай  “қазақ  халқы  деген  оқу-білімге  сусап  отырған  халық,  әттең,  бұл  іске  оқыған  адамдардың   жаны   ашымайтыны  есіңе  түскенде,  кейде   күйінесің”  кейбір    ақылдысымақтардың   “қазақ тентек,   қанішер  халық”  деулері  мәнгі-бақи  тек  қағаз  бетіндегі   мағынасыз  сөз  болып   қала  бермек… Қазақтарды оқыту   жөнінде   бастықтарымыз  бекіністердің жанынан мектеп  салудан  гөрі,  үйлерінің  онсыз  да  қызыл  төбелерін  боятқанды,  онсыз  да  ақ қабырғаларын    ақтай   түскенді   тәуір  көреді” -деп,  ел билеуші  орыс  әкімдеріне  қатты  реніш   білдіреді.      

 

 

Бірінші  тарау  бойынша  ой  тұжырымы

 

“ХІХ ғ.  екінші  жартысындағы   қазақ   ғұламаларының   психологиялық   көзқарастарының   ғылыми   негіздері” атты   тарауда  Ыбырай Алтынсариннің  шығармаларына  психологиялық   тұрғыда    талдау   жасалынды.  Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен  қызметі,  еңбектерін   зерттеген  орыс   ағартушысы – ғалымдарымен  қазақ   педагог-психологтары  және филологтардың өз  салаларының  ерекшеліктеріне    орайластыра   қарастырылған   зерттеулеріне   сүйендік.   Мәселен Ыбырайдың   шәкірті  Ғ.Балғымбаев  ағартушысының оу-ағарту  ісін жақсартуға   байланысты  идеясын қолдап,  жоғары баға  берсе,  Ә.Дербісәли “Шарият –ұл –ислам” еңбегінің   негізгі үш  мақсатын  ашып  көрсетіп,  болашақта   мектептерде   жүргізілетін    сабақтарына  осы   еңбекті  негізге ала  отыра   жаңа  оқулық   жазу   керек  деген  ой   тұжырымдарын   жасайды.

Ыбырай Алтынсариннің   шығармаларын  психологиялық    тұрғыда   талдау  жасаған   психологтар  академик Т.Т.Тәжібаев /34/, Қ.Б.Жарықбаевтар /35/   өз  зерттеулерінде    оның  еңбектерінің     құндылығы  — адамның  жеке   басына   тән  психикалық    ерекшеліктерді   дамытуында,   қалыптастыруында    деген     пікірді  ұстанды.

Осы  тараудың   екінші     бөлімінде   Ыбырай Алтынсариннің   шығармаларын  белгілі    бір   жүйемен   талдауға   талпыныс    жасалды. Соның   нәтижесінде  “Ыбырай Алтынсарин  мұраларының   жіктелуі”   атты   1-кесте   жасалында.  Мұралары  бес  бағытта   қарастырылды (1-кесте).

Адамның   дүниетанымын  ғылыми   негіздеуде   оқу-білімнің   алатын  орны   ерекше.  Сондықтан  1-бағытта   ағартушының   жастарды оқу  білімге  шақыратын   өлеңдеріне  психологиялық  тұрғыда   сипаттама  берілді.  Ыбырай Алтынсариннің  “Кел,  балалар,  оқылық”,  “Өнер –білі бар жұрттар!, өлеңдерінің   өз кезегінде   жастардың    санасын   сілкіндіріп,  көзін   ашуға   өзіндік  әсері    болғаны  даусыз.  Бұл   өлеңдердің   мәні    қазіргі   заманда  да   өз маңызын    жоймағаны да   анық.

Қазіргі  заман    талабына   орай,  білім   беру  парадигмасы тек  білуге,    үйренуге  ғана  бағыттамай,  жеке  тұлғаны  жан-жақты  қалыптастыруға  мән  беріп  отырғаны   Ыбырайдың  әңгімелерінде  балалардың  танымдық әрекеттері  дамытудағы  үлесін  айтпай  кетуге  болмайды.  Оның  әрбір әңгімесінде   жеке   тұлғаның  үйлесімді   дамуына   турашыл,   ерік-жігері  мықты,   тұрақтылық,  зеректік,   байқампаздық  т.б.  жағымды қасиеттердің   қалыптасуына  бағыт бағдар беріліп отырғанын  әрі   халқымыздың  “Білімдінің  жүзі    жарық,  білімсіздің  күні  ғаріп”  деген  аталы  сөзімен  астарласып    жатқанынын  да байқаймыз.

Бұл  тарауда   оның   хаттарына    да    талдау   жасалынған.   Зерттеулердің  нәтижесінде   сүйене  отырып,  оның    мұрағатта сақталған 92 хатын  бар екенін,   оның    ермек    үшін   жазылмағанын,  қазақ  жерінде   мектеп  ашу   мәселесі,  қазақ   жастарын   өз тілінде    оқыту,   тіл  тазалығын   дәріптеу,   дінді   дұрыс   түсіну сияқты    мәселелерге   арналған.  Ал,  қазақ   халқының  салт-дәстүрі мен  әдет- ғұрыпының   этникалық    ерекшеліктерін    сипаттайтын    еңбектері Этнографиялық   очерктеріне” де    психологиялық   тұрғыда   талдау жасалынды.       

 

 

 

 

 

ІІ. ТАРАУ  Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ  ҚАЗАҚ  ЖАСТАРЫН ОҚЫТУ, БІЛІМ   БЕРУ ІСІНДЕГІ ҮЛЕСІ

 

2.1. Ы.Алтынсариннің   “Қазақ хрестоматиясы” оқу  құралының жасөспірімдердің жан  дүниесін, ақыл-ойын қалыптастырудағы  рөлі

 

Ыбырай Алтынсариннің    алдыңғы  қатарлы  орыс  педагогтарының оқу  құралдарын  басшылыққа  ала  отырып,  қазақ  ауыз  әдебиеті   мен салт-дәстүрлеріне   негізделген  екі  төл  оқу    құралын (“Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс  тілін   үйретудің    бастауыш  құралы”) 1879  жылы   жазылып   бастырып  шығарды. Оқу  құралының  құрылымы  негізінен  үш  бағытты  қамтыған, мәселен,   қазақ    халқының  аңыз,  әңгімелері,  ғибарат    пен   өсиетке   толы    өзінің   дидактикалық  әңгімелері  мен    өлеңдері    және  үшінші    бағыты   орыс,  батыс классиктерінің   әңгімелерінің  аудармасы.

Хрестоматияға,  Ыбырай,  біріншіден,  қазақ    халқының   “Қара  батыр”,  “Байұлы”, “Жиренше шешен”,  “Тазша  бала”  туралы   ертегі  т.б.   аңыз әңгімелерін  енгізсе, екіншіден, өзінің  “Бай  баласы  мен  жарлы  баласы”,  “Әке мен  бала”, “Аурудан –аяған күштірек”, “Жеміс  ағаштары”,   “Асыл  шөп”, т.б.  ғибаратқа,  өсиетке    құрылған    дидактикалық    әңгімелері  мен   өлеңдерін,   үшіншіден,  “Талаптың  пайдасы” ,  “Бір уыс  мақта”,  “Алтын шеттеуік”,  “Мейірімді  бала”, “Жаман  жолдас”,  “Силинші  ханым”,  “Зергерлік”  т.б.   орыс,  батыс классиктерінің   тәлімдік    мәні  зор   әңгімелерін  аударып енгізді.

“Қазақ  хрестоматиясы”  оқу  құралының  алғы  сөзінде  Ыбырай  Алтынсарин  былай  дейді: “Бұл кітапты  құрастырғанда  мен, біріншіден,  осы  біздің  ана   тілімізде  тұңғыш рет шыққалы  отырған  жалғыз  кітаптың  орыс-қазақ  мектептерінде  тәрбиеленіп  жүрген қазақ  балаларына  оқу  кітабы  бола  алу  жағын, сонымен  қабат,  жалпы  халықтың  оқуына  жарайтын   кітап  бола  алу  жағын  көздедім; екіншіден,  бұл  кітапта  келтірілген  әңгімелердің  қазақтар  үшін  ұнамды  болуы жағын  көздедім;  сондықтан,  бұл  кітапқа  енгізетін  әңгімелерді  тергенде көп  қиыншылықтарға  кездестім,  әрбір  мақаланы  әр  жағынан  ойлап  барып,  қосу  керек  болды”.

Ыбырай Алтынсарин хрестоматияны  екі  кітап  етіп шығаруды  ойластырған. Бірінші  кітапта  енгізілген материалдар  мынандай төрт  тарауға бөлінген:

  1. Балалар өмірінен  алынған әңгімелер,  бұлар  түрлі  орыс  хрестоматияларынан,  көбінесе, Паульсонның  хрестоматиясынан  алынды; мысалдар мен  халық әдебиеті; балалардың  туғандарына  жазған  хаттары;
  1. Әртүрлі жастағы  адамдардың  өмірінен  алынған  әңгімелер;
  2. Ең таңдаулы  қазақ  ақындарының  өлең-жырларынан  үзінді;
  3. Қазақтың мақал-мәтелдері.    

Екінші кітабында қазақтың  төл әңгіме,  аңыздарынан басқа,  табиғат  тарихы мен  жалпы  тарих  жөнінде, география,  өндіріс  техникасы  жөнінен  және  кеңсе ісін  жүргізу  үлгілерінен мақалалар іріктелініп  алынған.  

Ағартушы   — педагог осы  еңбегін жарыққа  шығарудағы мақсатын былай  деп сипаттайды:  “қазақ халқы азбаған  халық,  оның  талабы біреу  салып  берген  тар  шеңбердің  қыспағына  сия  алмайды; оның  ой  пікірі  еркін; оның  келешегі  үшін оған  тек  сана — сезім  жағынан жалпы  білім мен  пайдалы  өнерді үйрену  керек  болып отыр. Ал осы  айтылған  мақсаттарға  жету  жолында,  мен  білсем  осы  күнге  дейін ешқандай  жетекші  құрал  болған  жоқ”.  Осы  айтылған пікірден “Қазақ хрестоматиясы” оқулығының  қазақ  жастарының  сауатын ашып,  ғылым,  білімнің  жұмбақ  қырларын  ашуға, дүниені  танып  білуге  нұсқау  беретін бірден  бір  құнды  еңбек  екенін көруге  болады. 

Оқулықтағы  мәліметтердің  мазмұнына   талдау  жасай  отыра,      “Қазақ хрестоматиясы  оқу құралының  құрылымы”  атты  кесте   жасалынды (кесте 2).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кесте 2  “Қазақ хрестоматиясы”  оқу құралының  құрылымы 

 

Адамның  мінез-құлқының,  жеке  басының   қалыптасуы  тәрбиеге   байланысты  деп қараған Ыбырай  Алтынсарин    өзінің  осы  пікірін “Бақша  ағаштары”  деген  әңгімесінде    өте    орынды  келтірген.  “Бағып  -қағуда  көп   мағына  барында  шек    жоқ,  шырағым:  мұнан  сен  де  өзіңе   ғибарат  алғайсың;  сен   жас   ағаштың,   саған  да   күтім  керек.  Мен  сенің  қате    істеріңді    түзетіп,  пайдалы  іске   үйретсем,  ал сен   менің    айтқанымды  ұғып,  орнына келтірсең,  жақсы  түзу кісі  болып өсесің,  бағусыз бетімен  кетсең,  сен  да  мынау    қисық   біткен  ағаштай  қисық  өсесің” , -дейді.  Біз  бұл  әңгіме    арқылы  автордың   педагогикалық    көзқарасын    айқын   аңғармыз. Ыбырай  “адам  мінезін түзеп  болмайды, сүйекке  біткен  мінез,  сүйекпен бірге  кетеді”  дейтін  теріс   көзқарасқа  қарсы  адамның  жақсы, я  жаман  болуы   тәрбиеге,  өскен ортасының  игі  әсеріне  байланысты  деген   қағиданы қуаттап  отыр.

Ол  өзінің  хрестоматияға   енгізілген әдеби  шығармаларының  бәрін   негізгі   педагогтық  ісімен   тығыз   байланыстыра  білген. Яғни, хрестоматияға  енгізген  шығармаларды   іріктеуде,  біріншіден,  әр  халықтың  тұрмыс-тіршілігі мен  салт-дәстүрлеінен  хабар беру принципі көзделсе,    екіншіден,  оқушыларды  адалдыққа,  еңбекке,   ұқыптылыққа,  талаптылыққа, тәрбиелеу,  адамгершілік  жақсы   қасиеттерді   олардың   бойына дарыту көзделді,  үшіншіден,  жастардың,  әсіресе,   бастауыш  сынып   оқушыларының   түсінігіне   жеңіл,  тілі  жастық әңгімелерді беруге  тырысты.  Мысалы,  Ыбырайдың  хрестоматияға  енгізген  “қара  батыр”    ертегісінде    жауынгершілік    заманда     түрікмендердің  қолына тұтқын  болып  түскен Қара  батыр    деген жігіттің   қарлығашпен   дос  болып,  сол арқылы еліне   хабар   беруі,  ел-жұртының  қол    жинап келіп, оны    тұтқыннан  босатуы баяндалады.   Осы  арқылы  автор құстардың   адамға  деген   достығын   паш етіп,   балаларды  табиғатты   қорғауға  үндейді.  Ал “Байұлы” атты   әңгімесінде   кедей-кепшікке   қайрымды  бай  баласының    өз   құрбысына   астындығы  атын  түсіп беріп,   баланың  әкесінен   бата  алуы,    сол    батаның қабыл болып, Байұлының  асқан бай,   аузы  дуалы  би  болуы  суреттеледі.  Бұл жерде  “Батаменен ер көгереді”,  “баталы  құл  арымас” деген  халық   қағидасы шығармаға    идеялық   арқау  болып  отыр.

Ал “Жәнібек  батыр”  әңгімесін  ұсынуда  автор   жастайынан ел кезіп, көнекөз   қариялардан  бата  алып өскен   Қаракерей Соқыр  Абыздың  “Алдыңа  келсе   әлгіңдегіңді  ауыл –аймағың  кетпес алдыңнан.   Жолдастың  мыңын  алма,  бірін  ал,  бір кісі  мың  кісіге   олжа   салатұғын.  Олжаңды    аямасаң,  жолдасың  қалмас жаныңнан”  деген   өсиетті    мен  Кіші  жүздің    тоқсанға  келген  Тайжан биінің  “Өгізді өрге   салма-қанатың  талар,  жаманға  жүзіңді   салма-сағың   сынар”  деген   өсиетін   есте    сақтап,  ел  билеген    Жәнібек   бидің  -мірің  жастарға   үлгі  еткен.

Ыбырай “Ұлықпан  әкім”  әңгімесі арқылы  ғылымның   адам  өміріне   пайдасын   насихаттауды мақсат етсе,  Жиренше  шешен,  Тазша  бала әңгімелерін ұсына   отырып,  оқушыларды   тапқырлыққа  тәрбиелеуді  көздеген.

Ыбырай  өзінің   “Таза  бұлақ”   әңгімесінде  адамның    көңілінің   таза  болуын  дәріптесе,  “Қыпшақ  Сейітқұл    әңгімесінде “Еңбекпеннен  ер  көгереді” ,  мұратына  жетеді,  ал  “Қарақшының баласы  жолда  қалады”,  “Ұрлық  түбі  қорлық” деген  ойды  қорытады.  “Әке  мен  бала”  әңгімесінде    еңбекті   дәріптеп,  “Бай  баласы  мен  жарлы  баласында”   жалқаулықты  айыптап,   аңғарымпаздықты,  өнерге,  еңбекке   бейімділікті   марапаттайды.

Ыбырай   аударып,  херестоматияға  енгізген орыс   жазушылары  Пауэльсонның,  Ушинскийдің,  Толстойдың   әңгімелерінде  де:   қайырымдылық,  кішіпейілділік,   талаптылық,  еңбек сүйгіштік сияқты   зор   адамгершілік    қасиеттер    дәріптеліп,   оған  қарама-қарсы    жауыздық,   екіжүзділік,   дүниеқорлық  т.б.   жексұрын  мінез-қылықтарды  әшкерлелеу  өзекті  орын  алды.  Ыбырай  осы   арқылы    жастарды    ізгі    жүректі,  инабатты,   талапты,  ел-жұртына  пайдалы азамат   болуын  көздейді.  Бұл  шығармалардың    бәрі   халықтық  өлең-жыр,  мақал-мәтелдерде  насихатталатын гуманистік  идеялармен   өзектес  болып   келуінің    өзі    тектен-тек  емес.  Сондай –ақ Ыбырай  “Силинші ханым”  атты   әңгімесінде    бұдан  бес   мың  жыл бұрын   жібек   құртының    қасиетін  танып   біліп,   пайдаға  асырған  қытай   жұртының   ханымы  Силиншіні,  “Данышпан  қазы”  атты  әңгімесінде  әділдігімен    аты  шыққан  Алжир  жұртының   патшасы  Бауақасты,   “Қанағат”  атты әңгімесінде    қанағаттылықты   дәріптеуші араб   жұртының   батыры  Әзірет Әліні,  “Тәкаппарлық”  атты    әңгімесінде   Американ  президенті  Вениямин  Франклиннің    ақылды қарттан кішіпейілділікті   үйренуін,  ал  “Жамандыққа  жақсылық”   әңгімесінде   қызылбас  патшасы  Абдолланың   әділдік  пен   адалдықты   дәріптеуін,  “талаптың  пайдасы”  атты   әңгімесінде   орыс  патшасы  І  Петрдің  жас    талапкер  баланы    тәрбиелеп, атақты    суретші  етіп   шығаруын,  “Жомарт”  атты  әңгімесінде    адал  еңбекпен  мал   табуды  мақсат  еткен  араб оқымыстысы Атымтай  Жомартты  суреттеу    арқылы    педагог-жазушы,  біріншіден,  адамгершілік  қасиеттерді   жастардың    бойына қалыптастыруды  ойластырып  отырған болса,  екіншіден,  “Жақсыда  жаттық жоқ”,  “Жақсы  туса елдің  ырысы”- деп,   жастарға  үлгі   тұтар өнегелі    адамдар  әр   жұртта  да   бар  деген ойды    білдіруді    көздеген.  Өзге  жұрттың  өнеге   тұтар  ұлы    адамдарын   бауыр    ету    гуманистік  ұлы    қасиет.  Осы асыл  қасиетті   дәріптеп,  жастардың    бойына  дарытуды Ыбырай  да,  Абай  да  ақындық –азаматтық  парызымыз  деп  қараған.  

 

2.2. Ы.Алтынсариннің   психологиялық тұрғыдағы   еңбектерін оқу  үрдісінде   қолдану. 

 

Ғылыми-техникалық прогрестің  талаптары,  қоғамның   экономикалық   өмірінің   барлық   салаларының   қарқынды  дамуы,   жоғары  мектептің    негізгі  мақсаты қоғамдағы   әртүрлі    мәселелерді   белсенді  түре,    шығармашылықпен    шеше   алатын   мамандарды    даярлау  проблемасының    өзектілігін  көрсетеді./36/ 

Студенттердің  өзіндік  жұмысы —  болашақ  мамадарды  даярлаудың  аса маңызды   жолдарының  бірі,  жас   тұлғаны жан-жақты   жетілдіріп,   қалыптастырудың   міндетті  шарты  болып   табылады. Жоғары  оқу  орны    студенттерінің  өзіндік  жұмысы  әрі  күрделі,   әрі  жан-жақты,  ол  оның   танымдық іс-әрекетінің   барлық    жағдайын  қамтиды.  Студент жоғары    оқу орнында   оқып  жүріп  жүрген  кезден-ақ  өз  білімін    көтеріп  алдағы    кәсіптік    еңбегіне    дайындалуы қажет.  Студенттердің  өзіндік жұмысы олардан  мейлінше    дербестікті,  өз  еркімен   жүйелі    жұмыс   істеуді  талап  етеді.   Олар  өздерінің  істейтін    жұмыстарының   мақсатын  айқын   түсінсе,   жұмысты  өз  еркімен,  қалауымен  орындаса  оның  алдағы  нәтижесіне   қызығушылығы   артып,  оны  жемісті   аяқтауы  әрекет    жасайды.  Сондықтан  да  студенттің  өзіндік  жұмысын   бір  ғана   белгімен  сипаттауға  болмайды.

Студенттердің   өзіндік жұмысы – болашақ  мамандарды    даярлаудың   аса  маңызды   жолдарының    бірі,  жас   тұлғаны   жан-жақты жетілдіріп,   қалыптастырудың    міндетті   шарты  және   құралы  болып   табылады./37/

СӨЖ студенттің   өзі  даярланып  жүрген   пәні    бойынша   тоериялық    білімін   кеңейтеді,  тереңдетеді,  шығармашылық,   кәсіби,   ғылыми   ойлау    қабілетін  дамытады.  СӨЖ  болашақ  маманның  өз    кәсібінің   қыр-сырын  жан-жақты  меңгеруін,  күрделі   мәселелерді  өз  бетімен шеше  алуға  талпыныс  жасауын,    практикалық  дағдыларының    дұрыс    қалыптасуын  қамтамасыз етеді.  Әдіскер  ғалымдар  студенттердің   өз  бетінше   жұмысын    үш   қырынан,  яғни   мазмұндық,   мотивтік,   оперативтік  тұрғыдан   қарап    ұйымдастыру  тиімді   екендігін  айтады.  СӨЖ-ді   ұйымдастырудың    мазмұндық   аспектісіне   факті,    анықтама,  қорытынды,   ереже,   пайымдауларды  іріктей,  оқу,   оқу-әдістемелік  әдебиеттерді   мұқият   таңдап   саралау  жатады./38/

Мотивтік   аспекті  студенттердің   тұрақты   және    ғылыми-танымдық     қызығушылығын,   ерік-жігерін  тәрбиелеу,  олардың    жеке  дара  ерекшелігін, білім деңгейін    ескертуді  қажет  етеді.  Оқу  үрдісінде    дәстүрлі  емес   дәрістерді  жиі  оқу,   пікірсайыс,  диспут,   педагогтік   ынтымақтастық,  іскерлік ойындар  секілді  тиімді   әдіс- тәсілдерді  қолдану – барлығы да  оқушының   қызығушылығын  туғызып,  мағұлмат-түсінігін   мойындататындығы  белгілі./39/

Оперативтік  аспекті  тұрғысынан  қарау  өз  бетінше   орындалатын   тапсырма,   жаттығулардың    біртіндеп,   өз  кезегімен   күрделеніп  отыруын   қаматамасыз  етеді.

Өз  бетінше   білімін  толықтыру,  ең   алдымен,  студенттен   шығармашылықты,  мақсатты түрде  жұмыс  істеуді,  өзін-өзі   бақылап,  бағалауды қажет етеді.  Сондықтан  студентті  осы   іске  белсенді   жұмылдыруда   оқушының  әдістемелік    шеберлігіне  көп  нәрсе   байланысты. Мұның  өзі  өз  кезегінде    оқушыдан  көп    ізденуді    қажет  етеді. Оқушыны   үнемі  ізнедіс   үстінде   болған  жағдайда    ғана  өз  міндетін   толыққанды  атқара  алады./40/

Студенттердің  психологиялық  біліктілігін   жетілдіру   тек  лекция,  семинар  сабақтарымен  шектелмей,  олардың  өз  бетінше дербес   ізденімпаздығын  арттырып  отыруға бағдарлануы қажет. Мұндай  талаптардың    студенттердің    өзіндік    жұмысын    барынша   тиімді  етіп    ұйымдастыруда    пайдасы  өте  зор.  Студенттердің  өзектілік    даярлық    жұмыстарын   жұргізудің   түрлері  мен    формалары  әр    алуан.  Мәселен,    белгілі  бір   тақырып  бойынаша реферат  жазу,  бақылау   жұмыстарын  орындау,  психологиялық ойындар  мен   тапсырмаларды    ұйымдастыру,   есептер   шығару,    берілген    материалдарды  ауызша    баяндау    сияқты    түрлі  әрекеттер     жүргізуге   машықтандыру./41/  Сонымен    бірге,  психологиялық   ой-пікірлерге,  ғұлама  ғалымдардың    еңбектерін  оқып-үйреніп,  оларды   конспектілеп,  аннотация  мен  тезистер  дайындауға,  яғни  ғылыми-әдістемелік  жұмыстарды  жүргізуге     төселдіру.  Осы   бағытта   студенттердің   өзіндік   дербес   жұмыстарының   тақырыбы  ретінде ХІХ  ғасырдың   екінші     жартысындағы   қазақ     ғұламаларының    қоғамдық   ой-пікірлеріндегі    психологиялық    пайымдаулар  қамтылды.      

0314 “Педагогика  және  психология”   мамандығының   оқу  жоспарында   “15-19 ғ.ғ  этнопсихологиялық  көзқарастар”  атты “ХІХ ғ. ІІ –жартысындағы қазақ  ғұламаларының   психологиялық   көзқарастары” атты  екінші  бөлімінде  Ы.Алтынсаринның өмірі  мен  қызметі,  шығармаларының   психологиялық  ерекшеліктері қамтылған.  Алайда   мұнда    ағартушының   шығармаларын   ғылыми  негізде   жүйелеп  оқыту     қарастырылмаған.  Осы  орайда,    біз өз   жұмысымызда   зерттеу   нысаны  болып  отырған Ы.Алтынсаринның  шығармаларын  талдап,    іріктеп,   белгілі  бір    жүйеге    келтіру  көзделді. (Ол І-тараудың   2-бөлімінде   ашып   көрсетілген).

Бұл Ыбырай   шығармаларын   студенттердің  өзіндік жұмыстарының   (СӨЖ)  мазмұнына  енгізсек,  олардың   ғұлама  — ұстаз  жайлы    білімдерін жетілдіру,    болашақ  ұстаздардың   “ұлы  ұстаз”  тағлымын ұстануларына  мүмкіндік    туар    еді,   деген   мақсаттан   өрбіген  еді.

Студенттердің   өзіндік   жұмысына    төмендегідей  тақырыптарды ұсынуды  жөн  көрдік:

  1. Ы.Алтынсаринның шығармаларының  зерттеліну  жағдайлары;
  2. Ы.Алтынсаринның өлеңдері мен   әңгімелерінің    психологиялық    маңызы.
  3. Этнографиялық очерктері — қазақ   халқының  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрыпын   суреттейтін   құнды    шығармалары   ретінде.
  4. Оқу —  әдістемелік  құралдары  “Қазақ  хрестоматиясының”     құрылымы.
  5. Хаттары.
  6. Орыс және  батыс   классиктерінен   аудармаларына   талдау.

Студенттердің  өзіндік   жұмыстары  түрлі  формада  өткізіледі. Олар: реферат,   конспект,  тезис,  курстық,  дипломдық  жұмыстар  жазу,  сондай-ақ  ауызша  өз  пікірін    ортаға  салу,   пікірталас  ұйымдастыру,   жұрақ  жауап,  әңгіме,  сөзжұмбақ,  бейнесөз  құрастыру  т.б.  түрлерін   қолдануға  мүмкіндіктерін  пайдалану. 

Өзінідк   жұмыстың  мұндай   түрлерін    қолдану   олардың    логикалық   зерделеу  жүйесін   шыңдайды,  өз пікірін   дәлелдей   алуға,   өзгелермен  пікір  таластыруға     төселдіреді.

Ең  бастысы – ұлы  ұстаз  өмірі  мен  шығармашылығынан   мол  ғибарат,   үлгі    өнегені  бойына дарытып,  өзін  және  өзгелерді  дұрыс  бағалай  білуге  үйреніп,  тұлға  ретінде   үйлесімді  қалыптасудың  бағыт бағдарын    анықтайды.     

 

 

 

 

 

Екінші  тарау  бойынша  ой  тұжырымы

 

“Ыбырай Алтынсариннің   қазақ  жастарын   оқыту,  білім беру  ісіндегі  рөлі”   атты    екінші    тарауда  ағартушы — педагогтың   жас  өспірімдердің   жан  дүниесін,  ақыл-ойын  қалыптастырудағы маңызы  зор  “Қазақ хрестоматиясы” оқу    құралының   мазмұнына    талдау   жасалынған. 

Оқу  құралдың   құрылымы  негізінен   3 бағытта   қамтылған,  мәселен,   қазақ    халқының  аңыз,  әңгімелері,  ғибарат    пен   өсиетіне   толы    өзінің   дидактикалық  әңгімелері  мен    өлеңдері    және  үшінші    бағыты   орыс,  батыс классиктерінің   әңгімелерінің  аудармасы.

Осының  негізінде    “Қазақ хрестоматиясы”  атты  кесте   жасалынды (кесте 2).

Ыбырай  қазақ   жастарын  оқытып   тәрбиелеу   ісіне   ең    басты  мәселе  деп  қараған.  “Халық үшін  қызмет ететін    білімді   адамдардың    қатарын    көбейту  арқылы  қазақ    қоғамның    мешеулігін  жоюға  болады,  сондықтан  жастарды   оқытып-тәрбиелеу   ісінен артық  ешнәрсе  жоқ”, -деп  ой  түйді.

1879 жылы  Ыбырай Алтынсариннің    “Қазақ хрестоматиясы”   оқу  құралына    жазған    өзінің  алғы   сөзінде: “Бұл кітапты   құрастырғанда   -мен   біріншіден,  орыс-қазақ   мектептерінде    тәрбиеленіп  жүрген   қазақ    балаларына  оқу    кітабы  бола  алу    жағын   көздедім;  екіншіден,  әңгімелердің   қазақтар  үшін  ұнамды   болу  жағын  көздедім;  сондықтан    бұл   кітапқа   енгізетін  әңгімелерді   тергенде   көп    қиыншылықтарға   кездестім,  әрбір   мақаланы    әр   жағынан    ойлап  барып    қосу  керек  болды”    де  ағынан жарылды.    Бұл  ағартушының    өз халқының    болашағы    жарқын,    жастары  сауатты,  басқалардан  кем  болмай,  өз  ұлтының   ұлтжанды,  елжанды   азаматы болып өсуін   көксеген  армандарынан   туындаған    құнды    пікірлері.  Бұл   ұстаным    қазіргі    елбасымыздың    білім  беруді    әлемдік   стандартқа   сай жетілдіру, белсенділікке    лайық  білім  беруді   іске  асыру   идеясымен   үндесіп   екенін  аңғару  қиын  емес. 

“Ыбырай Алтынсариннің    психологиялық   тұрғыдағы    еңбектерін   “педагогика  және  психология”  мамандығының  оқу  үрдісінде   қолдану” атты  бөлімінде  осы  аталған   мамандықтың    оқу   үрдісіндегі   “Этнопсихология” пәні студенттердің    өздігінен  орындайтын   жұмыстарының   мазмұнына    толықтыру   мақсатында    пайдалануға    болады  деген   ұсыныс   енгізу    қарастырылды. Студенттердің   өзіндік    жұмыстарына (СӨЖ)  лайықтап  тақырыптар іріктелінді. Мәселен, 

  1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі  мен  қызметі,  қазақ   жерінде   мектеп ашуы;
  2. “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің    бастауыш  құралы” оқу   құралының  маңызы;
  3. “Этнографиялық очерктерінің, этнопсихологиялық  мәні;
  4. Оқу -білімге арналған өлеңдеріне   психологиялық   тұрғыда  талдау.  т.б. мәселелерге   айланысты  тақырыптар  ұсынылды.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан республикасының  “Білім  беру”  заңында көрсетілгендей,  адамзат  құндылықтарының,  ғылым  мен тәжірибе негізінде,    жеке  тұлғаны   қалыптастыруға     қажетті  жағдайларды   жасау   –  білім   беру  жүйесінің   негізгі    міндеті.   Жас  ұрпақтың    бойында    қалыптасатын    таным   әрекетінің    (қабылдау, ойлау,  сөйлеу,  қиял т.б.)  дамуы  ең  алымен    оқу,  білім   әрекеттерін    ұйымдастыруға  байланысты.  Дегенмен,   білімділік,   біліктілік    адамзат    жинақтаған   білім  жүйесі    мен  ата-баба  дәстүрі,   ұлттың  ұлы  ойшылдары  мен   ағартушы    тұлғалардың  құнды  еңбектерін  оқып  үйренумен   сабақтастыра  жетілдірілсе,  онда   тәжірибе,   білім және  өткенді  құрметтеу   сынды   дағдылар   сауаттылықпен   жүзеге  асары  сөзсіз. Осы   тұрғыда   зерттелініп  отырған    тақырып  осы    үрдіспен сабақтас.

Жас  ұрпақты    оқу, білімге    шақырып,  олардың   заман    талабына    сай    дамып,   жетілуіне өзіндік   үлесін   қосқан ағартушы  — демократ  Ы.Алтынсарин  еңбектерінің  психологиялық маңызын қарастыру – қазіргі  кезде  жан-жақты үйлесімді   дамыған жеке   тұлғаны    қалыптастыру    мәселесі   көтеріліп  отырғанда   аса  маңызды.

 Біздің  зерттеуіміздің    нысаны    Ы. Алтынсарин   шығармаларының    психологиялық    ерекшеліктері.  Зерттеу  жұмысының    барысында   ағартушы-педагогтың     төл еңбектерімен  және  оның  шығармаларын  жан-жақты    зерттеген   ғалымдардың  ізденістеріне сүйендік.

Зерттеудің   мақсаты   педагогикалық  жоғары оқу    орындарында,    педагогика    және   психология    мамандығы    бойынша   даярланып    жатқан   студенттердің     оқу  жоспарына,  атап  айтқанда,   “Этнопсихология” пәні  негізінде   студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) мазмұнына Ыбырай Алтынсаринның   еңбектерін    енгізу  көзделді. 

Зерттеу жұмысының   барысында  Ыбырай Алтынсаринның мұраларын талдап, топтастырудың    негізінде    мынандай   қорытынды   жасауға  мүмкіндік  туды:   

  1. Ы.Алтынсаринның еңбектеріне психологиялық тұрғыда    талдау жасалынды;
  2. Ы.Алтынсаринның мұраларын   жүйелі    түсініп оқу   мақсатында   шығармалары  нақты    бағыттарға   жіктелінді.
  3. “Педагогика және психология” факультетінің    “педагогика және  психология”   мамандақтарының   оқу  жоспарындағы  15-19 ғ.ғ.  этнопсихологиялық көзқарастар”  атты  арнаулы    курстың  негізінде   студенттердің  өзіндік     жұмысының    мазмұнын  Ы.Алтынсаринның шығармаларымен     толықтыру  ұсынылды. 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы Алматы,1995
  2. Жарықбаев Қ.Б. Ы.Алтынсаринның психологиялық көзқарастары // Ы.Алтынсарин Алматы 1991.
  3. Жарықбаев Қ.Б.Қазақ психологиясының даму жолы // мұрагер  Алматы  №1.
  4. ГригорьевВ.В, О передаче звуков  казахского языка буквами русской  азвукий
  5. Ильминский Н.И. Воспоминание об Алтынсарине
  6. Бобровников А.А, Ы.Алтынсарин
  7. Катаринский В.В. Ы.Алтынсарин
  8. Алекторов А.Е.Казахско –русская азвука
  9. Васильев А.В. Ы.Алтынсарин
  10. Бобровников Н.А.Естеліктер
  11. Ронгинксий М.П. Ы.Алтынсарин
  12. Чичерина С.В. О языке преподавание  в  школах
  13. Яковльев Я.П.Краткий очерк Симбирской  чувашской школы
  14. Катанов Материалы и письма
  15. Балғынбаев Ғ.Ы.Алтынсарин  турлы естеліктер
  16. Ламашев Ә Ы.Алтынсарин және   оның  орыс  достары мен  ізбасарлары  Алматы 1998.
  17. Илминский Н.И.Воспоминание об Алтынсарине
  18. Әбілқасымов Б.Қазақ жазбасында орыс  графикасының  қолданылуы тарихынан Алматы 1977.
  19. Эферов А.Ф.И.Алтынсарин Алма-ата1949.
  20. Дербісалин Ә. Ы Алтынсарин Алматы 1965.
  21. Сыздықов Ә. Педагогические идеи и просветительская деятельность Ы.Алтынсарина Алматы 1949.
  22. Балғынбаев Ғ. Торғай  облстық партия  комитетінің  архивы
  23. Будилович А.С. Очет о командировичной поездке 
  24. Будилович А.С.  Госпидино Министру просвещения
  25. Будилович А.С. Труды особого совещания  по вопросам образования  восточных инородцев 
  26. Алтынсарин Ы. Собрание  сочинений  в трех  томах, том ІІ
  27. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев  С. Қазақтың  тәлімдік  ой  пікір  антологиясы Алматы Рауан 1994
  28. Жарықбаев Қ.Б Развитие  педагогической  мысли дореволюционном казахстане  автореф.  докт.  дисс.Киев  1982
  29. Қалиев С.қазақ этнопедагогикасының  теориялық  негіздері мен тарихы  Алматы  Рауан 
  30. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық  мұралары  Алматы  рауан 1991.
  31. Алтынсарин Ы Таза  бұлақ Алматы  1988
  32. Чечерина С.В. Как началось дело  просвещения  восточных народов
  33. Тәжібаев Т.Т. Просвещение  и школы Казахстана во второй  половине  ХІХ века  Алма-ата 1962
  34. Тәжібаев Ы.Алтынсарин психологиялық көзқарастары.
  35. Алдамұратов ӘЖ. Қызықты  психология  Алматы 1997.
  36. Алдамұратов  ӘЖ. Психология  салаларының  бағдарламалары Алматы 
  37. Алдамұратов ӘЖ.Жалпы психология Алматы 
  38. Алдамұратов ӘЖ, Мұқанов М.психология  пәнінен лабораториялық практикалық  сабақтар.Алматы 1978.
  39. психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері  ред Алдамұратов  ӘЖ. 
  40. Жарықбаев Қ.Б. Психология ғылымы,  оның  Қазақстандағы даму  перспективалары  қазақстан мектебі  1975 № 8
  41. Жарықбаев Қ.Б, Калиев С. Қазақтың  тәлімдік  ой –пікір антологиясы  Алматы Рауан 1998.