АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат: Әлеуметтік мемлекет

РЕФЕРАТ

 

Диплом жұмысының тақырыбы: «Әлеуметтік мемлекет» деп аталады.

 Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, 7 бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І бөлім Әлеуметтік мемлекеттің негізі ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері деп аталады. ол үш бөлімшеден тұрады. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының тарихи-құқықтық алғышарттары қарастырылады,  әлеуметтік мемлекеттің түсінігі және белгілері талданады.

 

ІІ бөлім Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру мен дамытудың жолдары деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады.

Диплом жұмысының зерттеу объектісіне мемлекет нысанының теориялық мәселелері жатады. Сонымен бірге, мемлекет нысанынының түрлері, оны жіктеудің негіздері де зерттеудің объектісін көрсетеді.

Диплом жұмысының пәні. Диплом жұмысының пәні әлеуметтік мемлекеттік бірлестігінің тарихи-құқықтық дамуы және оның қазіргі кезеңдегі мемлекеттік бірлестіктердің нысандары мен арақатынасы, болашақ даму тенденциясы да зерттеудің пәнін айқындайды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың құқықтық негіздерін  қалыптастыруға ықпал етеді.

Аталған мақсатқа жету үшін, мынандай міндеттерді шешу көзделеді:

– Мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері

– Мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі (шыққан)

– Мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында

– Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі

–  Қазақстан — әлеуметтік мемлекет

–  Әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам

– Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері

– Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ГЛОССАРИЙ

 

Конституция — (тар мағынада) бұл жоғарғы заң күші бар, қоғамдық тәжірибеде іске асырылатын теориялық тұжырым мен әлеуметтік-саяси үлгінің нормативтік көрінісі болып табылатын мемлекеттің негізгі заңы. Бұл сапалы қоғамдық байланыстар мен мемлекеттік билік қатынастарын мемлекеттік-құқықтық реттеу негіздерін орнататын заң.

Конституция – (кең мағынада) бұл конституциялық құрылыстың құндылықтары, институттары мен нормалары: адам ең жоғарғы құндылық, оның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі, халық егемендігі – ресми бекітілетін ең жоғарғы құқықтық форма болып табылады.

Республика Президенті –мемлекеттік басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғаоры лауазымды тұлға.

Конфедерация – саяси, экономикалық және әскери мақсаттарға жету мақсатында құрылған мемлекеттердің уақытша одағы.

Заң – ең жоғары күші бар нормативті акт.

Саяси құқық — 1) әртүрлі өкілеттілік және тікелей демократия формалары арқылы мемлекет пен оның органдарын ұйымдастыру мен қызметіне қатысу жөніндегі құқықтық өкілеттіліктер; 2) қоғам өміріне белсенді араласу жөніндегі құқықтық өкілеттіліктерге бөлу кездеседі.

Құқық – мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүйесі, жиынтығы.

Мемлекет – бұл жария-биліктік қатынастар және институттар құратын белгілі ұжымдық, қауымдастық.

Абсолюттік құқықтар – бұл қолданушыларына міндетті тұлғалардың белгісіз тобы қарсы тұратын субьективтік құқықтар деп есептейді.

Құқықтық мемлекет-құқықтық мемлекетте қоғамдық қатынастарды реттеуде заңдар бірінші орында тұрады.

Құқықтық міндет – өмірге тәртіп пен тыныштық беруге тиіс мемлекеттік-мақсатты, ақылға сыйымды, пайдалы, обьективті шартты мінез-құлықтың түрі мен өлшемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            

 

                                               КІРІСПЕ

 

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік мемлекеттің негізі ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері, мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі, мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру мен дамытудың жолдары, Қазақстан — әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады.

Диплом жұмысының өзектілігі. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңінде жол ашқан акт болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Бұл атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жөніндегі идеяда көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мұндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей, алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі тарихи уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық, іс-әрекет қажет. Конституцияның маңызды артықшылығының бірі-оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен қағидаларға бейімділігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің 20 қыркүйек 2002 жылғы Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат туралы” тұжырымдамасында әлеуметтік мемлект идеялары туралы былай делінген: “Конституциядағы қоғам мен мемлекет қызметінің түбегейлі принциптері туралы айтылғандары ескере отырып, қоғамдық келісім мен саяси тұрлаулылықты қоғамдық та, мемлекеттік те институттар қамтамасыз етуге тиіс. Сөйтіп, түбегейлі конституциялық принцип – барша халықтың игілігіне арналған экономикалық даму, Конституцияда “меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс” деп жарияланғандықтан, экономиканың мемлекеттік те, жеке секторларында да, өмірге еніп іске асуға тиіс.

Қазақстанның көпұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттік тәуелсіздігін бекітуге қазақстандық патриотизм қағидасының маңызы зор. Оны нығайту үшін мемлекеттің, қоғамдық институттардың, отбасы мен мектептің бірлескен күш-жігері қажет.

Республика қызметінің түбегейлі конституциялық идеясы ретінде мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу мемлекеттік институттардың, саяси партияларлың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, бейүкіметтік ұйымдардың, халықтың түрлі әлеуметтік жіктері мен топтарының бірлескен күш-жігері негізінде де мүмкін болады.

Бұл орайда, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыру мен оған баға беру олардың жұмысының формальды-статистикалқ көрсеткіштерімен шектелмеуі тиіс. Бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттік заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижелері назарға алынуы тиіс.

Қазақстан Республикасы жас мемлекет болғандықтан әлеуметтік мемлекет идеясын қалыптастыру және шынайы әлеуметтік мемлект ретінде Қазақстанды дамыту болашақтың үлкен атқарылар ісі болып табылады. Бұл айтылған жағдайлардың барлығы дипломдық жұмыстың өзектілігін және күн тәртібінде тұрғандығын көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың негізгі таным жолы ежелгі ойшылдарды бей — жай қалдырып қойған жоқ. Сондықтан да, әлеуметтік мемлекеттің негізгі белгі нысандары, оны қалыптастыру туралы ұсыныстар антикалық ойшылдардың еңбектерінде көрініс тапқан болатын. Атап айтқанда, ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өзінің шығармаларында мемлекеттің қоғам үшін пайдалы болуы туралы пайымдауларын жасады. Кейінгі кезеңде әлеуметтік мемлекет идеясы туралы еуропа ойшылдары да көптеген пікірлер білдірген болатын. Әлеуметтік мемлекеттің кейбір қырлары Т. Гоббстың, Ш.Л. Монтескьенің, И. Канттың, Г.В.Ф. Гегельдің еңбектерінде өзінің негізгі ғылыми сипаттамасын алып отырды.

Қазақ даласында да  әлеуметтік мемлекеттің негіздері туралы өзінің пікірін білдірген ойшылдар баршылық. Солардың қатарына ортағасырлық ойшыл             Ж. Баласағұнды, оның «Құтты білік» атты еңбегіндегі әлеуметтік мемлекетті қалыпастыруға қатысты ойларын айтуға болады. Кейінгі алаш қайраткерлері де мемлекеттің әлеуметтік сипатына кең мән берді. Олардың қатарына                       Ә. Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты, М. Дулатовты, Х. Досмұхамедовты т.б. жатқызуға болады.

Әлеуметтік мемлекет идеясы және оның Қазақстан жағдайында жүзеге асырылуы елімізге белгілі ғалымдар: С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың,  М.Т. Баймахановтың, В.А. Кимнің, Ө.Қ. Қопабаевтың, А.К. Котовтың, В.А. Малиновскийдің, Э.Б. Мұхамеджановтың, С.Н. Сабикеновтің, Ғ.С. Сапарғалиевтің, А.А. Черняковтің, М.Х. Матаеваның, А.Т. Ащеуловтің, Ж.Н. Баишевтің, С.К. Амандықованың, Э.Б. Абдрасуловтың, Ж.Д. Бусурмановтың, К.К. Атхожиннің және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан.

Басқа да шетелдік ғалымдар: А.С. Автономов, О.Е. Кутафин,  В.Д. Мазаев, Н.А. Михалева, Б.С. Эбзеев, Т.Е. Хабриева, В.Е. Чиркин,  В.О. Лучин, О.О. Миронов, Л.П. Шмайлова, Б.А. Страшун, Б.Н. Топорнин және т.б. еңбектерінде белгілі дәрежеде сөз етілді.

Диплом жұмысының объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі пайымдау объектісіне Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі әлеуметтік мемлекетке қатысты теориялық мәселелері жатады.

Диплом жұмысының пәні. Дипломдық жұмыстың нақты пәнін Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың және мемлекеттің әлеуметтік функциясының әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудағы орны мен ролі жатады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың құқықтық негіздерін  қалыптастыруға ықпал етеді.

Аталған мақсатқа жету үшін, мынандай міндеттерді шешу көзделеді:

– Мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері

– Мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі (шыққан)

– Мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында

– Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі

–  Қазақстан — әлеуметтік мемлекет

–  Әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам

– Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері

– Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі.

Диплом жұмысының әдістері және әдістемесі. Дипломдық жұмысты жазу барысында, ғылыми нәтижелерді алуда жалпы ғылыми әдістер мен арнайы ғылыми танымдар: диалектикалық, салыстырмалы талдау, функционалды жіктеу және т.б. қолданылды.
Сонымен бірге,  ізденуші дипломдық жұмысында отандық белгілі ғалымдар С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, С.Н. Сабикеновтің,                       М.Т. Баймахановтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің, З.Ж. Кенжалиевтің, С.А. Табановтың, Ө.Қ. Қопабаевтың, В.А. Кимнің, В.А. Малиновскийдің, А.К. Котовтың, А.Т. Ащеуловтың, А.К. Айтхожиннің, Б.А. Майлыбаевтың және т.б. еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға арқа сүйеді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың негізгі ғылыми жаңалығы ретінде әлеуметтік мемлекеттің негізгі идеяларын және  Қазақстан Республикасыда әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың құқықтық және мемлекеттік базасын қалыптастырудың негіздерін айқындайды.

Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмысты жазушының қол жеткізген дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелері мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституция теориясын, оның ішінде конституция идеяларын, зерттеу ісін одан әрі ғылыми тұрғыда байыта, жетілдіре түседі. Елімізде жүзеге асырылатын конституциялық реформаларды ғылыми негіздеуде басшылыққа алуға болады.

Дипломның ғылыми нәтижелері жоғарғы заң оқу орындарында, мемлекет және құқықы теориясы мен тарихы, конституция теориясы және т.б. пәндерден дәрістер жүргізуде, тәжірибелік сабақтар өткізуде өте пайдалы.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

1.1 Мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері

Мемлекет қай қоғамда болмасын, сол қоғамның алдына қойған мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған саяси ұйымның көрінісі болып табылады. Сондықтан да, мемлекет өзінің алдындағы мақсатына жету үшін оны жүйелі түрде жүзеге асыратын функционалдық негіздерге ие болуы қажет. Бұл мемлекет қызметінің негізгі мәні де болып табылады. Мемлекет қызметі динамикалық құбылысқа жатады. Себебі, мемлекеттің алдына қойған бағытына сәйкес, сол мемлекеттің негізгі қызметтері айқындалады. Мемлекет қызметін зерттеу, біздің ойымызша, сондықтан да, әр уақытта өзінің өзектілігін жоймайды. Қазіргі таңдағы елімізде демократиялық құқықтық мемлекеттерді орнықтыруға бет алған кезеңде мемлекеттің қызметі, оның теориялық мәселелері өте өзекті сипатқа ие болып отыр.

Мемлекет қызметі туралы ой-пікірлерге зер салып қарайтын болсақ, қоғамның талап-тілегіне сәйкес мемлекеттің атқаратын қызметтері де, өзгеріп, күрделеніп, дамып отырған. Кезінде кеңестік ғылымда мемлекет қызметі коммунистік идеологияның шырмауында қалып, өзінің толықтай ғылыми бет-бейнесін жасай алған жоқ. Мемлекет қызметіне байланысты жүргізілген зерттеулер көбінесе эмперикалық негізде жүргізіліп, оның шынайы ғылыми сұлабасы ашылмады. Қазіргі кезеңде, біздің ойымызша мемлекет қызметінің концептуалдық негізін қалыптастыру қажет болып отыр. Қазіргі қоғамның дамуы да, осыны қажет ететіндей.

Кеңестік кезеңде мемлекет қызметіне байланысты мәселелерді жүйелі түрде саралап, талдаған ғалымдардың қатарына М.И. Байтин жатады. Ол өзінің еңбегінде мемлекет қызметіне байланысты кеңестік және шетелдік ғалымдардың тұжырымдарын саралап, оның жалпы бағытын айқындауға ұмтылды [1, с 190-234]. Кеңестік кезеңдегі мемлекет қызметіне байланысты теориялық тұжырымдар, бүгінгі таңда өзінің маңыздылығын жойды. Қазір еліміздің алдына қойған мақсаты тұрғысынан, мемлекет қызметін теориялық тұрғыда қайта талдап, концепуалдық негізін қалауымыз қажет. Бұл мақсатқа жету үшін жалпы мемлекет қызметіне байланысты ой-пікірлердің жай-күйіне үңілуіміз керек. Мемлекет қызметі жалпы функция деген терминмен сипатталған болатын. Егер философиялық энциклопедияларға көз жүгіртетін болсақ, функцияға мынандай анықтама беріледі: “Функция – (лат. functio–атқару, орындау) қандай болмасын қатынастар жүйесіндегі белгілі бір объектінің сыртқы көрінісі, мыс, организмдегі сезім мүшелерінің қызметі, ақшаның қызметі, мемлекеттердің қоғамдағы және т.б. функциялары. Бірқатар идеалистік бағыттар ғылымды тек қана функцияның объектілерін тізіп, анықтаумен шектеледі деп, олардың мәнін (махизм, бихевиоризм т.б.) тануды жоққа шығарады. Математика мен логикада функция деп кейбір класстардың әрбір элементттерінің салыстыру операцияларын айтады. Анықтаушы ретіндегі функцияның элементтерін оның дәлелдемелері деп атайды, ал мәндер жайындағы элементтерді-функцияның мәндері дейді” [2, 469 б]. Ал қазақстандық белгілі ғалымдардың бірі, Ө. Қопабаев пен С. Өзбекұлы мемлекет қызметінің мәнін сипаттай келе, мынандай тұжырым жасайды: “Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым  болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру үшін арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан динамикалық қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық, құқықтық мемлкет құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер.

Мемлекеттің фукциялары дегеніміз оның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін іс жүзінде асырудың негізгі бағыттары” [3, 49 б]. Ал,                           Т. Ағдарбеков болса, мемлекет қызметтерінің негізгі ұқсастықтарын саралай келе, мемлекет қызметінің мынандай ерекшеліктері бар деп есептейді:

“1 Мемлекеттің әрбір функциялары, мемлекеттік қызметтердің бір жақты жиынтықтарынан құралады. Мемлекет қызметттерінің ұқсас жақтары қоғамдық қатынастардың ерекшелігімен сипатына, олардың ықпал жасайтын объектісіне қарай бір функцияға бірігеді.

  • Бір жұмысты орындауға арнайы белгіленген көптеген мемлекет органдарының функциясынан мемлекет функциясының айырмашылығы-оның қызметін тұтас қамтитындығында. Айтылған сөз жеке органдардың белгілі мемлекет функциясын жүзеге асырудағы маңызын жоққа шығарамайды, себебі кей кездерде ондай органдар негізгі мақсаттарды шешуде басты рольдерді ойнайды. (Мысалы, Қарулы күштердің елді сыртқы шабуылдан қорғау функциясы). Сондықтан, мемлекет функциясын, оның органдарының функциясын айыра білу қажет.
  • Мемлекет функциясы, кешенді жинақты сипатта болады. Онда мемлекеттің шешуші күш жұмсаған, өмірлік маңызы бар бағыттағы ішкі және сыртқы  жұмыстары, нақты іске асырылады.
  • Мемлекет функциясын, мемлекеттің жұмыс түрлерінен айыра білу қажет. Себебі, мемлекеттің жұмысы кейде арнайы белгіленген, соған рұқсат етілген органдар арқылы іске асырылуы мүмкін, не болмаса, мемлекеттің әр түрлі органдарының құрамындағы бөлімдерімен іске асырылады. Мемлекеттік жұмыстардың түрлеріне, мысалы қылмыстық істі тергеу, кедендік бақылау т.б. жатады.
  • Мемлекет функциясын, оларды іске асыру формасымен және тәсілімен салыстыруға болайды. Қазіргі мемлекеттің функциясын іске асырудағы негізгі құқықтық нысандарыға, құқықтық шығармашылық, атқару-билеу және құқық қорғау қызметтері жатады. Мемлекет өзінің әр түрлі даму кезеңдерінде алдына қойған мақсаттарына байланысты түсіндіру, үгіттеу тәсілдерін пайдалануы мүмкін. Мемлекеттің функциясы, оның мазмұнына, нысанына сай, тәсілдері бірігіп, мемлекеттік өкіметтің сол бағыттағы мемлекет жұмысын іске асырады. Мемлекеттің барлық функциональды қызметі бас мақсатына жетуге бағытталған: адам, оның адамгершілік, материалдық, жеткілікті құқықтық және жеке адамның әлеуметтік мүдделерінің қорғаушысы. Мемлекет жеке адамдар арқылы қоғамдық прогреске тұтасымен ықпал жасайды және барлық қоғамдық қатынастарды бағыттайды.

Сонымен, мемлекет функциясында-оның негізгі қызметінің бағыты,  қоғамды мемлекеттік басқарудың мәні және әлеуметтік орны көрсетіледі”                                  [4, 88-89 бб].

Егер мемлекет қызметіне оның табиғатына байланысты берілген түсініктерді одан әрі жіктеп, талдап қарайтын болсақ, бүгінгі таңда бұл мәселеге байланысты бір бағыттағы жүйелі жол қалыптаса қоймағандығын көреміз. Мысалы, теорияда кеңінен орын алған мемлекет қызметіне байланысты түсінікті профессор В.И. Гойман-Червонюк былай деп береді: “Функции государства основные направления деятельность государства, в которых раскрывается его социальная сущность и назначение в обществе”           [5, с 42]. Ал Н.Б. Пахоленко болса: “Функции государства — это необходимо однородное, постоянное, целесообразное направление (сторона) деятельности, обусловленное объективными потребностями общественного развития с точки зрения его внутренних и внешних задач” [6, с 29], — деп түсіндіреді. Ресейлік оқулықтардың бірінде, мемлекет қызметі былай негізделген: “Функции государства — это основные направления его деятельности, выражающие сущность и социальное назначение, цели и задачи государства по управлению обществом в присущих ему формах и присущими ему методами” [7, с 143]. Бұл берліген анықтамалардың барлығынан мемлекет қызетінің белгілі бір бағытсыз атқарылмайтындығын ұғынуға болады. Бірақ та, сын көзбен қарап, көретін болсақ, мемлекет қызметіне берілген жоғарыдағы авторлардың түсініктерінің дау тудырмайтындығына күмән келтіруге болады. Осы жерде қазіргі Ресей мемлекетінің әлеуметтік қызметін зерттеген ғалымдардың бірі,                             Е.С. Мазаеваның мына пікірі, жоғарыда айтылған мемлекет қызетіне байланысты ғалымдардың тұжырымының негізсіздігін танытатындай:

“Во-первых, государственной деятельности присущи некоторые противоречия. Например, можно отнести противоречия между объективным ходом социально- экономических отношений и государственным обеспечением стабильности в этой сфере жизнедеятельности общества. Вследствие чего в одной ситуации государства сдерживает или стимулирует развитие определенных тенденций, в другой — допустим, изменяет какие-либо стороны социально-экономической политики. Поэтому в ряде случаев направление деятельности государства может провялятся как тенденция, то есть как преобладающее направление:

Во-вторых, невозможно объяснить, каким образом в функциях государства преломляются комплексные цели. Тем более что они не могут быть достигнуты деятельность в каком-либо одном направлении, так как часто сочетают противоречивые начала децентрализации и централизации;

В-третьих, невозможно уяснить, почему некогда неосновные функции по мере развития государства превращаются в основные или почему происходит отсоединение одних функций от других (при этом направлении его деятельности остаются прежними)” [8, с 14-15].

Әрине, бұл жерде мемлекет қызметінің мемлекеттің бағытымен байланысты екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сонда да, болса біздің ойымызша, қандай да болмасын қызметті бірнеше қырынан түсінуге болады. Бір қырынан алғанда, мемлекеттің қызметі — мемлекеттің алдына қойған  бағытын жүзеге асырудың көрінісі болып табылады. Екінші қырынан алғанда, мемлекет қызметі — мемлекеттің мақсатын жүзеге асырудың белсенді көрінісін білдіреді. Сондықтан да, мемлекет қызметі жүзеге аспаса да, оны жүзеге асырудағы мүмкіндігін сипаттайды.

Қарап отыратын болсақ, мемлекет қызметі әлі де болса, ғалымдар тарапынан өзінің толыққанды шешемін таба қоймаған мәселе болып тұр. Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келгенде, біз жалпы мемлекет қызметін, мемлекеттің бағытын жүзеге асыруға байланысты әдіс-тәсілдермен кешенді тұрғыда қарайтын, нақты қоғамның даму деңгейімен байланысты болып келетін және сол қоғамның алға ұсынған әдіс-тәсілдеріне сүйенетін күрделі құбылыс болып табылады. Осыны негізге ала отыра, біз мемлекет қызметінің мәні мынандай мәселелермен байланысты деп табамыз:

Біріншіден, қоғамның маңызды өмірлік мәселелерін шешуде мемлекеттің іс-әрекеттері айқындалған;

Екіншіден, мемлекеттің мәні мен оның әлеуметтік мақсаттарының арасында ажырағысыз байланыс бар;

Үшіншіден, мемлекеттің бағыты әрқашанда қоғамдағы ірі әлеуметтік экономикалық-саяси т.б. міндеттерді шешуге негізделетіндігінде;

Төртіншіден, мемлекеттің жүзеге асыратын бағыты, әрқашанда белгілі нысандарда атқарылады.

Міне, осы айтылған жағдайлардың барлығы мемлекет қызметінің мәнін айқындайды және мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын сипаттауға да мүмкіндік береді. Мемлекеттің қызметі, негізінен жалпы мемлекеттің басқару жүйесімен сол мемлекетте жүзеге асырылатын құқықтық режиммен тығыз байланысты. Міне, осындай факторлардың негізінде нақты мемлекеттердің қызметтері айқындалады. 

Сонымен қатар, мемлекеттің қызметін айқындауда және оның түрлерін негіздеуде, мынандай да факторлар себепші болады:

а) мемлекеттің мәні, нысаны, табиғаты;

ә) сол мемлекет өмір сүріп отырған кезеңдегі сыртқы және ішкі жағдайдағы өзгерістер;

б) нақты тарихи жағдайдағы мемлекеттің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.

Ойымызды қорыта келгенде, айтарымыз, мемлекеттің қызметі-теориялық тұрғыда әлі өзінің бір жақты шешімін таба қоймаған күрделі құбылыс болып табылады. Оның себебі де, жоқ емес. Негізінен мемлекеттің қызметі әр қоғамның талап-тілегіне сәйкес өзгеріп отырады. Міне, осы жағдай мемлекет қызметінің теориялық базасын жасауда қиындық тудырады. Соған қарамастан, жалпы мемлекет қызметінің мәнінің ерекшеліктерін айқындауға болады. Мемлекет қызметінің негізгі мәні, мемлекеттің алдына қойған мақсат- міндеттерін жүзеге асыру.

 

1.2 Мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі

Мемлекет теориясында қазіргі кезеңде өзінің әлі де болса, толыққанды шешімін таба қоймаған мәселелер легі баршылық. Солардың қатарына, мемлекеттің әлеуметтік қызметі жатады. Қазіргі кезеңде әлемнің көптеген елдерінің барлығы қоғам мүшелерінің әлеуметтік тұрғыда қамсыздандыру мәселесіне ерекше мән беруде. Қазақстан Республикасы да  дамыған елу елдің  қатарына көтерілем десе, осы мәселеге ерекше ықтиярмен көңіл бөлуі қажет. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі және оны өзінің деңгейінде жүзеге асыру әрқашанда қоғам өмірінде мүмкін бола қоймайтын күрделі мәселе болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі сол мемлекеттегі экономикалық өсумен тікелей байланысты болып келеді.

Қазіргі кезеңде мемлекет және құқық теориясында ғалымдар ортасында мемлекеттің әлеуметтік қызметін түсінуге байланысты жалпы бағыты, бір болғанмен, әр түрлі оның қырына мән беретін ой-тұжырымдар да орныққан болатын. Отандық заңгер ғалымдардың ішінде Т. Ағдарбеков мемлекеттің әлеуметтік қызметін былай түсіндіреді: “Мемлекеттің әлеуметтік функциясы-жеке адамның, барлық қоғам мүшелерінің өмірінің бірқалыпты жағдайын, олардың тікелей өндірістік қатынасқа тәуелсіздігінің әлеуметтік қорғалуы үшін қажет.

Құқықтық мемлекетте материалдық жағдайларды бөлу өндірушілердің арасындағы эквиваленттік айырбастан басқа тұтынушылармен іске асырылады. Оның әлеуметтік саясатының көздейтіні біріншіден, әлеуметтің табысты бөлуді әркімнің сіңірген еңбегіне қарамай жүргізу қажет. Себебі, әр түрлі объективтік себептерге байланысты өз жөнінде толық жұмыс істей алмайтын адамдардың (аурулар, инвалидтер, кәртайған адамдар, студенттер, балалар) өмір деңгейін қадірлеуді қамтамасыз ету қажеттігі. Екіншіден, мемлекет қажетті қаражатты денсаулыққа, мәдени дем алуға, білім алуға, үй салуға, көліктің нақты жұмысына және байланысқа бөледі. Сонымен, азамттардың құқықтары денсаулық сақтауға, дем алуға, білім алуға, мәдениеттің жетістіктерімен пайдалануға, яғни мемлекеттің іске асырылуы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік құқықтық мемлекеттің құрылуы қиын және ауыртпалық жолдардан өтті. Алғашқыда, қоғамның дамуы және байуы, адамдардың бай және кедей болып жіктелуіне әкеп соғады.  Формальді түрде жарияланған теңдік материалдық теңсіздікті қайта туғызып, қоғамдағы әлеуметтік жанжалдың тууына себеп болады. Тек, құқықтық мемлекет біртіндеп әлеуметтік мемлекет кейпіне ие болады, жеке адамдардың еркін дамуына формальды кепілдік, әлеуметтік қорғаудың материалдық кепілдігімен толықтандырылады. Қазіргі құқықтық мемлекет барлығына бірдей әлеуметтік қорғалуға кепілдік береді. Әсіресе, экономикалық жағынан пайдасыз жағдайдағыларға қаражат бөлініп, көмек беріледі.

Тек экономикалық, материалдық, рухани жағынан еркіндігі бар мемлекет қана, елдің тұрғындарына адал әлеуметтік саясат жүргізе алады” [4, 91-92 бб]. Сонымен қатар, ұжымдық авторлардан тұратын Қазақстандағы алғашқы мемлекет және құқық теориясының авторлары да, әлеуметтік қызметке мынандай түсінік береді: “Әлеуметтік функция-мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты-адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлеге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты-адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру” [9, 61 б]. Қазақстандық белгілі ғалымдардың бірі, С.А. Табанов мемлекеттің әлеуметтік қызметінің мәні мынада деп санайды: “Әлеуметтік сферада-халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектерді, көп балалы аналарды, жұмыссыз адамдарды), зейнетақымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтауға, білімге, жол құрылысына, қоғамдық көлікті дамытуға, байланыс құралдарына қажетті қаражатты бөлу т.б.” [10, 21 б]. Ал, Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева әлеуметтік мемлекеттің маңызы мынада дейді: “Қандай да болсын қоғам түрлі таптардан, әлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір елдерде, мысалы: Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың арақатынасын реттеу-негізінен мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық жасауды, олардың арасындағы қатынастарды, пайда болатын қайшылықтарды реттеу, шешу, жөнге салу, тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол үшін мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сәйкес мемлекет әлеуметтік функция атқарады. Егерде мемлекеттің осы қызметі кең өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны әлеуметтік мемлекет дейді” [11, 31 б].  Қазақстандық белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы мен Ө. Қопабаев Қазақстан Республикасының негізгі заңына сүйене отыра, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің мәнін мынадан көреді: “Қазақстан Республикасының Конситуциясы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырумен қатар, оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің, адамның әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты-қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған  қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан-жақты қамқорлық жасауға міндет алады.

Конституцияда былай деп көрсетілген:

  1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақаның ең төменгі мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
  2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады (28-бап).

Бұл норма мемлекетке қарт адамдарды, мүгедектерді, көп балалы отбасын, тастанды, жетім балаларды және тарихи отанына оралған қазақтарға көмек көрсету міндетін жүктейді. Сонымен қатар, мемлекеттің әлеуметтік функциясының ең бастапқы міндеттерінің бірі-кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу болып табылады. “Қазақстан-2030” бағдарламасында бұл мәселені шешуде мемлекет алдына мынандай міндеттер қойып отыр: “Осы жылдардың ішінде кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:

  • кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
  • шағын және орта бизнесті дамытуға;
  • еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді тартуға;
  • шарттар мен контракттар және бюджеттік сатып алудар кезінде жұмыспен қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келуге;
  • қоғамдық жұмыстарды, ең алдымен жол құрылысы мен орман отырғызуды дамытуға;
  • жеке кәсіпкерлерді дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің бәрін алып тастауға;
  • қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді белсенді дамытуға негізделеді”.

Бұл міндеттер мемлекеттік әлеуметтік функциялары арқылы іс жүзіне асырылады” [3, 52-53 бб]. Көріп отырғанымыздай, отандық заңгер ғалымдар мемлекеттің әлеуметтік қызметін жалпы дұрыс бағытта қарастыра отыра, өзіндік ойларын негіздеуге ұмтылады. Шетелдік ғалымдардың ішінде, оның ішінде Ресей ғалымдары да мемлекеттің әлеуметтік қызметіне ерекше мән берген. Салыстыру үшін кейбір тұжырымдарға тоқталып кететін болсақ, Ресейлік белгілі мемлекеттанушы В.Е. Чиркин мемлекеттің әлеуметтік қызметін былай деп түсіндіреді: “Социальная функция по-разному осуществляется в тех или иных государствах. В тоталитарных государствах она имеет классовые цели, хотя под лозунгами о трудящихся, рабочих и крестьянах или иногда по националистическими лозунгами социальные привилегии получала партийно-государственная номенклатура (в т.ч. местная, национальная). В современном государстве эта функция имеет общесоциальные цели. Во-первых, это регулирование отношений между различными социальными, этническими и иными общностями в стране. Государство устанавливает минимум оплаты труда, в бюджетной сфере определяет денежные оклады работников, принимает меры по организации общественных работ, оказывает помощь матерям и детям, выплачивает пособии по безработице, стипендии студентам, помогает материально молодежным объединениям. Оно создает условия для развития экономика, культуры, языка, этнических групп, помогает коренным малочисленным народам. Есть много других направлений деятельности государства, которые осуществляется в соответствии с принципами справедливости и социальной солидарности в обществе. Во-вторых, это оказание социальных услуг населению: создание сети образовательных учреждении, медицинского обслуживания, систем транспорта и связи, путей сообщения и др.” [12, с 202]. Ресейлік оқулықтардың бірінде, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің мәні былай деп бағамдалған: “Содержание этой функции предполагает охрану труда и здоровья людей, гарантированный минимальный размер оплаты труда, государственную поддержку семьи, материнства, отцовства и детства, инвалидов и пожилых граждан; развитие системы социальных служб; государственные пенсии, пособи и иные гарантии социальной защиты”                      [13, с 342]. Осылай дей келе, әлеуметтік қызметтің маңызды қырына былай мән береді: “Важные стороны социальной функции государства составляют также смягчение и преодоление таких издержек нынешнего переходного периода, как бедность, углубление неравенства и рост безработицы; стабилизация уровня жизни населения и более равномерное распределение бремени экономических трудностей между различными группами населения” [13, с 343]. Ал, тағы бір оқулықтардың бірінде, мемлекеттің әлеуметтік қызметі былай түсіндіріледі:             “С экономической тесно связно социальная функция государства. Она многообразно по содержанию и масштабна по объему государственной деятельности. Главное ее назначение – устранить или смягчить возможную социальную напряженность в обществе, постараться выровнять социальное положение людей, развивать здравоохранение, образование, культуру.

Для выполнения социальной функции государства создает фонды, которые расходуются на пенсии, пособи, здравоохранения, образование. Оно разрабатывает и реализует программы, стабилизирующие занятость населения и сокращающие безработицу, регулирует (в той или иной мере) размеры заработной платы и др. ” [7, с 153].

Міне, кішігірім отандық және шетелдік ғалымдар тарапынан мемлекеттің әлеуметтік қызметіне байланысты көзқарастар жүйесі осы тұрғыда өрбіген екен. Енді, біз тұжырымдарды қорыта келе, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің мәнін тұжырымдауға келетін болсақ, жалпы оның ұғымын бермес бұрын, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің мәнін ашатын негізгі белгілерді топтастырып алуымыз қажет. Жалпы мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері мына жағдайлардан көрінеді:

Біріншіден, мемлекеттің әлеуметтік қызметі, мемлекеттік органдар тарапынан бағытты түрде жүзеге асырылатын  қызметтің бір түрі болып табылады;

Екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік қызметі, жалпы мемлекеттің мәнін құратын, соның мазмұнын көрсететін қызмттердің бірі болып табылады;

Үшіншіден, мемлекеттің әлеуметтік қызметі қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты, қарама-қарсылықты жоюға бағытталған;

Төртіншіден, мемлекеттің әлеуметтік қызметі адами құндылықтарды басшылыққа алатын мемлекет қызметі болып табылады.

Осы ойымызды қорыта келгенде, жалпы айтарымыз, мемлекеттің әлеуметтік қызметі дегеніміз-әлемдік мемлекеттің даму тәжірибесі мойындаған  бірнеше ғасырлардан бері жүзеге асырылып келе жатқан, жалпы адами құндылықтарды білдіретін мемлекеттің қоғамдағы тағайынның мәнін құрайтын, мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылатын қоғамдық, әлеуметтік топтардың арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметінің бір түрі болып табылады.

 

1.3 Мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында

Мемлекеттің қоғамдағы орны мен ролі қай кезеңде болмасын, ойшылдарды ойландырғаны белгілі. Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғам үшін қандай роль атқару керектігі мәселесінде әр түрлі пікір-таластың да орын алғаны белгілі. Сонда да, болса тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, сан ғасыр өтсе де, мемлекет қоғам мүшелерінің әл-ауқатын көтеру үшін қоғамда қорғалуды қажет ететін топқа қызмет етуге міндетті екендігін өмір көрсетіп отыр. Ежелгі Грек ойшылдарынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі аралықта мемлекеттің әлеуметтік қызметі туралы сан түрлі пікірлер айтылды. Біз бұл жерде кейбір негізгі ойларға ғана тоқталсақ деп отырмыз.

Саяси – құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғамдағы атқаратын қызметін, алым-салықты қалай жұмсау мәселесімен көп ойшылдар байланыстырды. Мысалы, Т. Гоббс былай дейді: “Равенство понимается … не как равенство денежного состояния, но как равенство налагаемых обязанностей, то есть как равенство отношения между обязанностями и получаемыми преимуществами. Ведь хотя миром пользуются все равной мере, однако преимущества, предоставляемые миром, не для всех одинаковы. Ибо одни получают больше, а другие меньше благ. И наоборот, одни  тратят больше, другие меньше. Следовательно, можно спросить, должны ли граждане вносить средства на общественные нужды в соответствии с тем, как они богатеют, или в соответствии с тем, что они потребляют, то есть должны ли облагаться налогом лица в соответствии со своими средствами или же сами вещи, чтобы каждый платил в соответствии с тем, что он потребляет. Но примем во внимание, что там, где налоги платятся в соответствии с состоянием. Люди, имеющие одинаковый доход, неодинаково богаты, потому что один бережливо сохраняет приобретенное, другой же расточает его благодаря образу жизни, и тем самым, равно пользуясь благами мира, не в равной мере несут те тяготы, которые налагает государство, и с другой стороны, там где облагается налогом сами вещи, каждый, в своем частном потреблении, тем самым, что он потребляет, незаметно выплачивает государству положенную тому часть в соответствии не с тем, чем он владеет, а с тем, что он получил от государства. Таким образом, более не может быть сомнения в том, что первый принцип обложения налогом противоречит справедливости, а потому не является обязанностью правителей, второй же находится в согласии с разумом и их долгом” [14, с 279-280]. Жағдайына қарай алым-салықты салу мәселесі, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға бағытталады деп есептеді. Осы тұрғыдан тағы да бір белгілі ойшыл Ш.Л. Монтескьеде мынандай ой білдіреді: “Доходы государства – это часть та имущества, которую каждый гражданин отдает государству для того, чтобы оно обеспечило за ним остальную часть или дало возможность приятно ее использовать.

Чтобы правильно определить размеры этих доходов, следует иметь в виду как нужды государства, так и нужды граждан. Не следует лишать народа действительно необходимого ради удовлетворения мнимых потребностей государства.

Мнимые потребности государства – это все то, чего требуют страсти и слабости тех, кто управляет: очарование необычного проекта, болезненная жажда суетой славы и некоторое бессилие рассудка перед фантазией. Нередко беспокойные умы, поставленные государем во главе правления, считали, что нужды государства — это нужды их мелких душ.

Ни один государственный вопрос не требует такого мудрого и благоразумного рассмотрения, как вопрос о том, какую часть следует брать у подданных и какую часть оставлять им.

Доходы государства надо измерять не тем, что народ может давать, а тем, что он должен давать. Если же их заменяют тем, что он может давать, то надо по крайней мере, чтобы он мог давать всегда…

Нет большой беды, если некоторые граждане платят меньше, чем следует: их благосостояние всегда обращается на пользу обществу; но если некоторые лица платят слишком много — их разорение обратится во вред обществу. Если государство соразмеряет свое богатство с богатством отдельных лиц, то с обогащением последних увеличится вскоре и его богатство. Здесь все сводится к вопросу времени; начнет ли государство обогащать себя посредством разорения своих подданных или оно подождет, пока достигшие материального благосостояния подданные обогатят его? Станет ли оно пользоваться выгодами первого или второго способа обогащения? Начнет ли оно с богатство или кончит богатством?” [15, с 280-281]. Өзінің ойын жалғастыра келе, ойшыл мемлекеттің құрылым нысандарына байланысты да алым-салықтың түрлерін жоғарылатуды немесе төмендетуді ұсынады. Бұл туралы былай дейді: “Увеличение налогов допустимо  в большей части республик, потому что гражданин, думающий, что он платит их самому себе, желает платить их и обычно благодаря природе этого правления имеет возможность это делать.

В монархии можно увеличить налоги, потому что умеренный характер правления способствует там накоплению богатств: это как бы награда государю за то, что он уважает законы.

В деспотическом государстве налоги увеличивать нельзя, потому что нельзя еще более увеличить и без того доведенное до крайней степени рабство”  [15, с 281]. Мемлекеттің әлеуметтік қызметіне байланысты көзқарастарды немістің белгілі филосфтары И. Кант пен Г.В.Ф. Гегельдің көзқарастарынан көре аламыз. Неміс ғалымы И. Кант мемлекеттің әлеуметтік қызметі туралы, оның мәні мен маңызын мынандай жағдайлармен байланыстырады: “У верховного повелителя есть косвенное права, т.е. принадлежащее ему как лицу, которое принимает на себя обязанности народа, облагать народ налогами для его собственного (народа) содержания: для призрения бедных, для воспитательных домов и церковных учреждений, называемых иначе благотворительными, или богоугодными, заведениями.

Всеобщая воля народа объединилась в общество, которое должно постоянно себя поддерживать и для этого подчиняться внутренней государственной власти, дабы содержать тех членов общества, которые сами себя содержать не могут. Для надобности государства правительство имеет, следовательно, право принуждать состоятельных (граждан) доставлять средства на содержание тех, кто не в состоянии обеспечить удовлетворение своих, даже самых необходимых, естественных потребностей; поскольку существование этих лиц есть также акт отдачи себя под защиту и необходимую для их существования заботу общества, к чему они себя обязывают, государство основывает на этом свое право (принуждать состоятельных лиц) участвовать в содержании своих граждан. Это можно осуществлять, облагая налогами собственность граждан или торговый оборот либо выпуская процентные бумаги, проценты которых идут не в пользу государства (ибо оно богато), а в пользу народа; однако это должно быть осуществлено не только добровольными взносами (так как здесь речь идет лишь о праве государства по отношению к народу), часть которых небескорыстно (например, лотереи, которые порождают больше и представляют собой больше опасности для  общественной собственности, чем обычно, и которые, следовательно, не должны были бы быть разрешаемы), но и принудительными взносами как государственными повинностями. Здесь возникает вопрос: должно ли обеспечение бедных осуществляться при помощи текущих взносов так, чтобы каждое поколение кормило своих (бедняков), или же при помощи постепенно  накапливаемых фондов и  благотворительных заведений вообще (таких, как вдовьи дома, богадельни и т.п.), причем не путем попрошайничества, которое сродни разбою, а путем законного обложения? – первый их двух указанных способов должен считаться единство соответствующими праву государства: от этого способа не может уклониться тот, у кого есть чем жить, ибо текущие  взносы, если сумма их возрастает вместе с числом бедных, не превращают состояние бедности в средство  существования для ленивых людей (а этого можно опасаться в результат деятельности благотворительных заведений) и потому не могут стать несправедливым бременем, налагаемым на  народ правительством.

Что же касается содержания детей, подкинутых из нужды или стыда или же даже умерщвленных по этим причинам, то  государство имеет право наложить на народ обязанность не допустить умышленной гибели этого, хотя и нежеланного, прироста государственного достояния. Однако имеют ли  право сделать это путем обложения налогом старых холостяков обоего пола (под которыми подразумеваются состоятельные одиночки) как лиц, которые отчасти в этом виноваты, и с этой целью учреждать воспитательные дома или другим способам (который, правда, едва ли существует), — эту задачу до сих пор не удавалось разрешить так, чтобы не нарушить право или принцип морали”                [16, с 282-283]. И. Канттың ойы бойынша мемлекеттің әлеуметтік қызметі ол қоғамдық қажеттіліктің көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет әрқашанда адами құндылықтардан аттай алмайды. Осындай қажеттіліктер мемлекет тарапынан жоғарыдағы шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Мемлекеттің мұндай бөлініске баруы қоғамдағы әлеуметтік теңдікті сақтауға және қалыптастыруға ықпал етеді. Екінші неміс ойшылы Г.В.Ф. Гегельде мемлекеттің мәніне тоқтай отыра, полицейлік мемлекеттегі әлеуметтік қажеттіліктің қалай жүзеге асуы туралы мынандай ойын білдіреді: “Цель полицейского надзора и опеки — предоставить индивиду всеобщую наличную возможность для достижения индивидуальных целей. Полиция должна заботиться об уличном освещении, строительстве  мостов, установлении твердых цен на товары повседневного потребления, а  также о здоровье людей. Здесь существует два главных воззрения. Согласно  одному из них, полиции следует предоставить надзор над всем; согласно другому, полиции ничего не следует определять, так как каждый человек будет ориентироваться на потребности другого. Конечно, отдельное лицо должно иметь право тем или иным способом зарабатывать себе на хлеб, однако, с другой стороны, и публика имеет право требовать, чтобы все необходимое доставлялось должным образом. Обе стороны должны быть удовлетворены, и свобода промыслов не должна быть таковой, чтобы подвергать опасности всеобщее благо” [17, с 285]. Ойшыл, сонымен қатар, әлеуметтік теңсіздіктің де, өзінің ішкі заңдылықтары бар екендігін ғылыми тұрғыда негіздеуге ұмтылады. Оның ойы бойынша, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік мынандай жағдайлармен байланысты: “Случайность милостыни благотворительных учреждений, а также вечной лампады перед ликом святых и т.д. домами призрении, больницами, освещением улиц и т.д. благотворительности остается еще достаточно дела, и желание, чтобы оказание помощи в нужде предоставлялось только особенности сердца и случайности умонастроения и осведомленности, представление, будто обязательные всеобщие распоряжения являются оскорблением и обидой, не более чем ложное воззрение. Напротив, состояние общества следует признать  тем совершеннее, чем меньше индивиду приходится делать для себя, согласно своему особенному мнению по сравнению с тем, что выполняется путем всеобщих мероприятий.

В тех случаях, когда жизнь  большой массы людей оказывается ниже известного уровня существования, который сам собой устанавливается как необходимый для члена общества, а это ведет к потере чувства, правомерности и чести обеспечивать свое существование собственной деятельностью и собственным трудом, возникает чернь, что в свою очередь, способствует концентрации несметных богатств в немногих руках” [17, с 287]. Сондықтан да, мемлекет тарапынан әлеуметтік теңдік қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана, қоғам қалыпты өмір сүре алады.

Мемлекеттің әлеуметтік қызметіне байланысты ой-пікірлер Ресейдің саяси-құқықтық ой тарихында да белгілі дәрежеде көрініс тапты, оның ішінде ХІХ ғасырларда Ресейдің зиялы қауымы, бұл мәселені қоғадық қажеттілікпен де байланыстырды. Мысалы, П.А. Сорокин былай дейді: “Если государственная власть невежественна и руководится в своей политике не благом общества, а узкоэгоистическими соображениями собственной пользы, рост вмешательства таковой власти  при прочих равных условиях едва ли будет плюсом, он скорее причинит общественный вред. В обратном случае — вероятнее противоположный результат, т.е. социальная полезность вмешательства” [18, с 341]. Орыстың белгілі құқықтанушысы                                 Г.Ф. Шершеневич болса, экономикалық леберализмнің өте қиын салдарға әкелетіндігін былай сипаттап көрсетеді: “Экономический либерализм не оправдал себя и еще с одной стороны. Предоставленные сами себе фабрики и заводы создали такие условия труда, которые быстро привели к физическому истощению рабочих. Первое внимание на это обстоятельство было обращено с военной точки зрения. Государство не могло допустить такого понижения силы граждан. С другой стороны, либерализм не только не привел к всеобщей гармонии, но усилил рост экономического контраста и обострил классовую борьбу до угрожающей государству степени. Для обеспечения мира внутри, необходимого для внешней безопасности, государства вынуждены были отказаться от политики невмешательства и прийти на помощь слабейшему, облегчить несколько его положение и тем смягчить ненависть к господствующим классам, а вместе и к охраняющему его государству. Отсюда так зазываемое социальное законодательство, вытекающее из новой задачи государства. Отсюда все большая демократизация государств. На горизонте обрисовывается, хотя еще неясно, черты “социального государства” [19, с 350]. Мемлекеттегі төңкерістердің негізгі себебі де, осы қоғамды әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ете алмаудан. Сондықтан да, мемлекет қоғам мүшелерінің әлеуметтік жағдайын әрқашанда белгілі дәрежеде жақсартып отыруы қажет. Сонда ғана, мемлекетте төңкерістерге жол берілмейді. Орыс ойшылдарының ішінде әлеуметтік қорғау мәселесіне бір жақты баға берумен қатар, оның бірнеше қырлы мәселе екендігіне де көңіл бөлетін ойшылдар болған.                     Д.И. Менделеев былай дейді: “Одно устранение препятствий отнюдь тут недостаточно, потому что стремление как общему просвещению, так и к общему экономическому благоустройству, во-первых, вовсе не определяется одними личными инстинктами, вызывающими лишь превосходство одних над другими и “контрактное” (взаимообязательное) соглашение, а никак не общий строй дел этого рода; во-вторых, влияние дел этих на “общее благо” становится понятным лишь с той высоты, на которую должны подниматься современные правительства, а частной жизни складывается или даже доводит до желания “опроститься” опять до крестьянства и, в третьих, отдельные усилия тут ничего сделать не могут. Цель всей этой книги сводится  к уразумению того, что современное благо народное определяется не столько “правами граждан” (поймите, что я за них, а не против), сколько пониманием значения и усилиями для развития просвещения и промышленности” [20, с 200]. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтік қызмет өте сақтықты қажет ететін мемлекет тарапынан жүйелі шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілетін ерекше мемлекет қызетінің бағыты болып табылады.

Кішігірім саяси-құқықтық ойдағы мемлекеттік әлеуметтік қызметіне сипаттама жасаудың өзі, әлеуметтік қызметтің ойшылдар тарапынан бір жақты бағаланбағандығын көрсетеді. Сонда да, болса мемлекеттің әлеуметтік қызметі қоғам үшін қажеттілік болып табылатындығы және мемлекеттің негізгі қоғамдағы тағайыны осы екендігін аңғартады. Егер, саяси-құқықтық ой әлемдік мемлекеттік құқықтық тәжірибенің дамуының қорытындысын, теориялық негізін көрсетеді десек, мемлекеттің әлеуметтік қызметін сол әлемдік тәжірибе дәлелдеген қажеттіліктің бірі болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттің мәніне терең бойлайтын болсақ, мемлекеттің негізгі мақсаты да қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге қызмет ету болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКИАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Қазақстан — әлеуметтік мемлекет

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан күннен бастап әлемдік дамыған елдердің конституциялық құндылықтарын басшылыққа ала бастады. Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы Конституциясының 1-бабында мұндай конституциялық құндылықтар негізгі мемлекеттің даму бағытын айқындайтын деңгейде белгіленді, онда былай делінді: «Қазақстан Репсубликасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады…»                     [21, 4 б]. Шын мәнінде, әлемнің дамыған елдерінің барлығы өзінің Конституциясында бұл құндылықтарды ерекше атап көрсеткен болатын.

Бұл конституциялық құндылықтар өзінің мәні жөнінен дәстүрлі конституциялық құндылықтар санатына жатады. Себебі, бұл әлемдік мемлекеттік құрылыстың конституциялық дамуының сан ғасырлық сынынан өткен құндылықтар. Қазіргі кезеңдегі конституциялық даму тәжірибесінде барлық мемлекеттер ұмтылатын басты идеялық құндылыққа айналып отыр. Дәстүрлі конституциялық құндылық ретінде біз қарай отыра, оларға жеке-жеке талдау беретін болсақ:

Біріншіден, Қазақстанда демократиялық мемлекетті қалыптастыру мәселесіне басты назар аударуымыз қажет. Шын мәнінде, демократиялық мемлекетті қалыптастыру өзінің бастауын ежелгі антика дәуірінен алатынын біз жақсы білеміз. Ежелгі Грецияның полюстік мемлекеттер демократиялық негіздерге арқа сүйеді. Демократиялық мемлекет халық билігінің көрінісі болып табылады. Демократиялық мемлекет әлемдік мемлекеттер ұмтылатын идеялды да бейнелейді. Қазақстан Республикасы да осы жолды басшылыққа алады. Қазақстан жағдайында демократиялық мемлекетті қалыптастыру, әлі бірнеше даму сатысынан реформалық қадамдарды жүргізуді талап ететінін біз жақсы білеміз. Қазақстан жағдайында республикалық басқаруға сүйену, мемлекеттік маңызды мәселлерді демкоратиялық жолмен шешудің ұмтылудың өзі бізді демократияға бастар негізгі қадамдар болып табылады. Қазақстан демократиялық дамудың өзіндік жолын бүгінгі таңда іздестіріп, қалыптастыруға қадамдар да жасап жатыр. Қазақстан жағдайында демкоратиялық дамуды одан әрі өрбіту негізінен мынандай қағидаларға сүйену қажет деп санаймыз:

  1. Адам құқықтары мен бостандықтарының шынайылығын қамтамасыз ету;
  2. Құқықтық мемлекет тетіктерін одан әрі дамыта түсу;
  3. Мемлекеттік саясатты ашық қоғам идеясына сүйенеи отыра жүргізу;
  4. Азаматтық қоғам институттарын дамыту;

Демократиялық мемлекетті Қазақстан жағдайында одан әрі дамыту құқықтық мемлекетті қалыптастырумен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет азаматтық қоғам институттарына негізделген, билік бөлу қағидасын басшылыққа алатын, адам құқықтары мен бсотандықтарының үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет болып табылады. Қазақстан жағдайында конституциялық деңгейде бұл тағы бір құндылық ретінде көрініс тапқанмен, тәжірибе жүзінде құқықтық мемлекетті елімізде орнату, әлі келелі шараларды мемлекет деңгейінде шешуді талап етеді.

Қазіргі дамыған мемлекеттердің құқықтық мемлекетті қалыптастыру тәжірибесі белгілі дәрежеде құқықтық мемлекетті дамытудың негізгі белгілерінде орнықтырып үлгерді. Олардың қатарына мыналар жатады:  

«1. Формирование развитого гражданского общества. Гражданское общество имеет сложную структуру, состоящую из экономических, этнических, социальных, религиозных, общественно-политических институтов и учреждений, которые функционируют не только на основе государственно-правовых норм, но и посредством саморегуляции.

  1. Правовому государству присущи не только юридическое равенство всех граждан, но и создание материальных, политических, организационных и других гарантий для его обеспечения.
  2. В правовом государстве господствует право. Это не означат, что право используется как средство регулирования всех общественных отношений, регламентации любого шага человека. Господство права означает , во-первых, что при помощи правовых средств регулируются такие общественные отношения, которые весьма важны и необходимы для удостоверении материальных, духовных и иных интересов каждого гражданина всего общества в целом; во-вторых, что принимаемые законы и другие нормативные правовые акты должны быть обусловлены объективными потребностями общественного прогресса, должны исходить из идей гуманизма, справедливости, демократизма; в-третьих, что государство должно основывать свою деятельность только на праве; строго соблюдать требования правовых норм, действовать в рамках, определенных ими, защищать граждан и др.
  3. В правовом государстве граждане не только обладают широким комплексом политических, экономических, гражданских, культурных прав и свобод, но на них возлагаются и обязанности. Овладевая высоким уровнем политического и правового сознания, граждане должны активно участвовать в управлении делами государства, сами заботиться о собственном благополучии, соблюдать требования законов, не нарушать права, свободы других граждан.
  4. Важным признаком правового государства является разделение государственной власти на три ветви. Это разделение обеспечивает распределение полномочий между государственными органами, выполняющими различные функции, гарантирует государство и общество от узурпации государственной власти одной из ветвей, тем саамы создает предпосылки для установления законности, правопорядка» [22, с 11-12].

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда Қазақстан дамыған әлемдік тәжірибені өзіне енгізуге күш-жігерін салып жатыр. Еліміздің соңғы кезеңде жүргізілген конституциялық реформалар осыған куә болып табылады. Парламенттің өкілеттігін кеңейту Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігн арттыру құқықтық мемлекетті ңнегшізі болып табылатын билік бөлу қағидасын одан әрі жетілдіруге бағытталған қадамдар. Сот билігінің мәртебесін арттыруға ұмтылу да Қазақстан жағдайында адам құқықтары мен бостандықтарын өқамтамасыз етуге бағытталған қадамдардың бірі.

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан дәстүрлі конституциялық идеялардың бірі, әлеуметтік мемлекет идеясы екендігі белгілі. Әлеуметтік мемлекет, мемлекетті шын мәнінде халыққа бұрудың бірден-бір көрінісі. Әлеуметтік мемлекет идеясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияда қалыптасқан болатын. Қазіргі дамыған Европа елдерінің барлығы әлеуметтік мемлекетті дамытуға күш-жігер салуда. Қазақстанда өзін әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыруда халықтың әлеуметтік тұрғыда қорғауды қажет ететін тобының әл-ауқатын көтеруге күш салуда. Қазіргі кезеңде Қазақстанда әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру мынандай мәселлерді шешу басты мақсат ретінде тұр: «Не допустить формирования социальных полюсов и возникновения на этой основе класового антагонизма;

Разумно и целенаправленно регулировать экономические, социальные, демографические и другие отношения для создания стабильной системы жизнеобеспечения общества в целом, каждого человека в отдельности;

Ориентировать законодательство на человека, на удовлетворение его жизненных потребностей и интересов, создавая социальную защиту от безработицы, социальное обеспечение нетрудоспособных, пенсионеров и т.д.

Не допустить установления в качестве государственно идеологии идейных установок какого-либо социального слоя, исключив тем самым идеологическую конфронтацию отдельных групп населения» [22, с 13].

Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген дәстүрлі қағиданың тағы бір құрамдас бөлігі, зайырлы мемлекетті қалыптастырумен байланысты. «Светское государство означает, что в Республике Казахстан религиозные учреждения и вероисповедания отделены от государства, которое в равной мере толерантно относится к исламу и православию в Казахстане, к конфессиям других вероисповеданий. Не существует какой-либо государственной или обязательной религии. Создание партий на религиозной основе не допускается. Органы государства строятся и действуют не на основе канонического права, а на основе Конституции.

 В то же время каждый имеет право на свободу совести, осуществление которого не должно обусловливать или ограничивать его общечеловеческие и гражданские и гражданские права и обязанности перед государством. Вопрос веры или атеизма-вопрос частной жизни каждого.

Государство устанавливает и контролирует соблюдение в стране законодательстве о свободе вероисповедания и деятельности религиозных объединений.

Деятельность на территории Казахстана иностранных религиозных объединений назначение их центрами руководителей этих объединений в Республике возможно только по согласованию с соответствующими государственными органами» [23, с 27-28]. «В Казахстане сложилось поликонфессиональное общество. Наиболее крупные по численности национальности: казахская и русская-составляют примерно 80 процентов всего населения республики. Им соответствует и две крупные общины-мусульманская (суннитская) и христианская (православная). В настоящее время в республике действует более 2300 религиозных объединений и свыше                   40 конфессий и доминаций-по исламу, православию, протестантизму, баптизму, иудаизму, индуизма, что стало возможным лишь в современных условиях.             А 10 лет назад их было всего 670» [24, с 138]. Шын мәнінде, әлемде қазір діндер арасындағы қақтығыстар өрбіп тұрған кезде зайырлы мемлекет қалыптастыру Қазақстан үшін өте өзекті. Қазақстанда діндер арасындағы татулықты қалыптастыруды, тотлерантты қоғам орнатуды Президент басшылығымен көптеген шаралар өткізілуде. Соның бірі, әлемдік дәстүрлі діндердің Астанада өтетін диалогын айтуға болады.  Әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан қанда йда бір дінге басымдық бермейді. Бірақ та, діндердің дамуына қолайлы жағдай жасауға ұмтылуда.

Қорыта келгенде, айтарамыз Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан әлемдік тәжірибеде көрініс тапқан, дәстүрлі бұл конституциялық идеялар, әлі де болса мемлекет тарапынан үлкен іс-шараларды жүргізуді қажет етеді.

Әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы қалыптасу процесінде.

«Әлеуметтік мемлекет» ұғымы соғыстан кейінгі жылдардағы саяси ілімде адам құқығы жөнінде, еңбекке кабілеттілерді жұмыска орналастыру жөнінде, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін кұру жөнінде, тұрмысы төмендерді қолдау, жанжалмен, қылмыскерлікпен және тағы басқаларымен күрес жөнінде қамқоршы болуды білдіретін әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға қабілетті шартты түрде тұрақты және дамыған әкономикасы бар қазіргі демократиялық үлгідегі мемлекетті білдіреді. Кез-келген мемлекет — «әлеуметті» болғандықтан «әлеуметтік мемлекет» термині шартты ұғым.

«Әлеуметтік мемлекет» ұғымы Қазақстан заңдарына бірден енген жоқ.

Бұл проблеманы түсіну үшін Кеңес мемлекетінің социализмге өту кезеңіндегі қанаушыларға (капиталистерге, байларға, кулактарға және т.б.) көзқарасын еске алған жөн. Халықтың осы қабаты, қанаушылар ретінде, күштеу әдісімен аласталды. Соның нәтижесінде жұмысшы табы, колхозшы шаруа және еңбекші интеллигенция деп аталған қабаттар қалыптасты. Бұл Консти­туцияда жазылды.

Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған кезде қоғамда жұмысшы табы, колхозшы шаруа (мүлдем аз мөлшерде) және еңбекші интеллигенция сақталады деген пікір болды. Былайша айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның әлеуметтік құрылымына таптық ұғыммен одан әрі қолда­нылды. Сондыктан Казакстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңда «әлеуметтік мемле­кет» термині жоқ. Онда: «Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жазылған. Бірақ, заңдар социалистік, дәлірек айтканда, мемлекеттік әкономиканы қайта құруға және жеке кәсіпкерлік қызметке рұқсат етуге бағытталды. Осымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымы елеулі түрде өзгереді.

Жүргізілген түбірлі әлеуметтік-әкономикалық өзгерістер Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында көрініс тапты. Конституцияда жұмысшы табы, шаруа, интелли­генция, еңбекші деген санаттар жоқ. Сонымен бірге, Конститу­цияда капиталист, қанаушы және тағы басқа ұғымдар жоқ. 1993 жылғы Конституцияда Қазакстанның — әлеуметтік мемлекет екендігі бірінші рет жазылды. Сондай-ақ, онда меншіктің екі: мемлекеттік және жеке нысандары да бірінші рет танылды. Ол 1995 жылғы Конституцияда да жазылды. Конституция кәсіпкерліктің дамуына, тиісінше жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әлеуметтік қабаттың қалыптасуына заңдық негіз жасайды. Сонымен бірге Конституция еңбекке мәжбүрлеуге, мүлікті заңға қарсы пайдалануға және азаматтардың заңмен қорғалған мүдделерін, атап айтканда, қанауға тыйым сала отырып, адамдарды мемлекеттен және жеке меншік иелерінен қорғауға алғышарттар жасайды. Осыған байланысты адамдардың кез -келген салада еркін еңбек етуіне және еңбегіне заңмен белгіленген ең аз мөлшерден кем болмайтындай ақы алуына мүмкіндік беретіндей кең көлемді әлеуметтік-әкономикалық құқықтар көзделеді. Тиісінше, Конституция мемлекетке әкономикалық қатынас және бөлініс саласында әлеуметтік әділеттіліктің орнығуын қадағалау міндетін жүктейді. Ол үшін мемлекеттің алдына кең ауқымды міндеттер қойылады:

Әлеуметтік қарама-қарсы жіктер қалыптаспауы және соның негізінде таптық антагонизмнің тууына жол берілмеуі тиіс.

Мүліктік жағдайымен ерекшеленетін әр түрлі әлеуметтік қабаттардың мүдделері өзара түсіністікке жеткізетін кең аукымды әлеуметтік бәтуаластыққа бағытталуы кажет. Мұның кепілі Конституцияда ең басты назарға коғамнын бастауы – адамды қою болып табылады.

Тұтас алғанда қоғамның, әр жеке адамнын өмір сүруінің қалыпты жүйесін құру үшін әкономикалық, саяси, ұлттык, әкологиялық, әлеуметтік, демографиялық және басқка қатынастарды саналы және мақсатты түрде реттеп отыру керек.

Адамға жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуына, әлеуметтік қамсыздандырылуына және тағы басқаларына жағдай жасай отырып, заңдарды олардың өмірлік мүдделері мен сұранысын қанағаттандыруға бағыттау қажет.

Қандай да болсын әлеуметтік қабаттың идеологиясының мемлекеттік деңгейде белгіленуіне, оның үстіне идеологиялық қарама-қарсы күреске және тағы басқаларына жол берілмеуі тиіс.

Осы және осы іспеттес міндеттердін шешілуімен жалпы халықтық мәмілеге келуге болады, ұлттык, жеке адамдық және өзге де әлеуметтік қарама-қайшылықтар барынша азаяды. Сөйтіп, мемлекеттік мәжбүрлеудің аясын мейлінше тарылтуға жағдай жасалады.

Осы айтылғандардың бәрі Конституцияның негізіне мемлекеттің әлеуметтік мәнін анықтауда мемлекеттің әлеуметтік негізіне кайсыбір тап құрайтындай үлестік әдістің алынбағанын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің мемлекеттің әлеуметтік базасы – бүкіл тұрғындар, барша халық. Демек, әлеуметтік-әкономикалық көзқарас тұрғысынан да кайсыбір тап емес, халық қана қоғамның бірден-бір әлеуметтік субъектісі болып табылады. Сондықтан қалыптасушы мемлекетті әлеуметтік мемлекет деп толық сеніммен айтуға болады. Мұның қосымша дәлелі Конституцияның таптық құндылыққа емес, халыкаралық құқықтың баршаға мәлім жалпы адамзаттық құндылыққа бағытталуы болып табылады.

Біздің мемлекеттің таптық емес, әлеуметтік мәні оның қызметінде, бірінші кезекте оның әкономикалық қызметінде жүзеге асырылуы тиіс. Оның барлық қызметін талдау курстің міндетіне жатпайды, дегенмен, такырыбымызға орай әкономи­калык катынастарды реттеу сиякты әкономикалық қызметке назар аударғанды жөн көріп отырмын. Рынокта ішкі рыноктың да бар екенін ескере келе, өзінен-өзі іске қосылатын өзін-өзі рет­теу механизмі, Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары әко­номиканы басқарудың орталықтандырылған жүйесін бұзып, бүкіл басқару билігін дерлік өз қолына алды. Сонымен бірге қатты дамыған капиталисте мемлекеттер рыноктың жеке өзінін әкономикалық дамуын ұзақ жылдар бойы дамытуға қабілетсіз екендігіне көзі жеткендіктен, отызыншы жылдардың өзінде әко­номиканы реттеу жолына түсті. Біздің мемлекетіміз бұдан тағылым алуы тиіс. Онын үстіне бұған конституциялық алғышарттар да бар, ел байлығынын едәуір бөлігі мемлекетке бекітілген, сондай-ақ негізгі өндіріс құралдарынын да іс жүзіндегі иесі — мемлекет. Бұрынғы әкономиканы реттеудің кажеттіліктен тыс орталықтандырылған жүйесі өзінің кабілетсіздігін көрсетті. Алайда, әкономикалық қатынастарды реттеуден толық бас тартуға болмайды. Меншіктің қалыптасқан жеке секторларын ескере отырып, әкономиканы мемлекеттік реттеуді басқаша деңгейде, басқаша ауқымда және өзге де принциптермен жүзеге асырған жөн. Бұл процесті баяулату әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру процесін ұзаққа созып жібереді. Биліктің жоғары сатысындағылардың болуы мүмкін дүрдараздығы, адамдардың материалдық жағдайының төмендеуін тоқтатуға мемлекеттік органдардың қабілетті екеніне халықтың сенімсіздігі, депутаттарды сайлау кезіндегі көзбояушылық, лауазымды адамдардың және қатардағы азаматтардың жаппай құқық бұзушылығы және басқалары, міне осындай құбылыстың алғашқы белгілері болып табылады.

Тиісінше, қандай да болсын Конституция — прогрессивті, демократиялы, ол мемлекеттік органдардың барлық, жүйесінің ақылға сай, саналы және батыл әрекетінің нәтижесінде әлеуметтік мемлекет құруды жүзеге асыруға болатын саяси-құқықтық талпынысын білдіреді. «О. Бисмарком была разработана социальная политика, вошедшая в историю под названием “социального маневрирования”. В ней были реализованы патриархальные представления о помощи неимущим и принята серия социальных законов: закон о страховании на случаи болезни (18831884 гг.), закон о страховании  от несчастных случаев (1884-1885 гг.) и закон о страховании в связи со старостью и инвалидностью (1889-1981 гг)» [25, с 39]. Егер әлеуметтік мемлекетті орнықтырудың шетел тәжірибесіне жүгінер болсақ, олардың өз конституцияларында әлеуметтік  қағидасын қандай да бір түрде орнықтырудың өзіндік себептері түрткі болды. Әлеуметтік мемлекет идеясы мен формуласының алғаш рет Батыс елдерінде пайда болғандығын жоғарыда қысқаша айтып кеткенбіз, енді осы әлеуметтік мемлекет формуласының Батыс Европа мемлекеттерінің конституцияларында қалайша көрініс табатындығын қарастырдық. Олардың бүгінгі таңдағы конституцияларында мемлекеттің әлеуметтік бағдары түрліше көрініс табады. Айталық, Германия Федеративтік Республикасы Конституциясының 20-бабының 1-тармағы Герман Федеративтік Республикасы демократиялық және әлеуметтік федеративтік мемлекет болып табылады деп жариялайды. Осындай бағыттағы үлгіні Францияның (2-баптың 1-тармағы), Испанияның (1-баптың 1-тармағы), туркияның (2 бап) конституциялары қабылданған, ал Данияның (75 — бап), Грецияның (1975 ж. қабылданған Конституциясының 21-бабының 2 және 3-тараулары), Италияның (2-4 баптары), Нидарландының (18 бап), Швецияның (1 қаңтар 1975 жылғы редакциясындағы басқару туралы Заңының 1-тарауының 2-бабы) Конституцияларында болса әлеуметтік мемлекеттің мақсаттары жайында әр түрлі көрсетіледі. Ұлыбритания, Норвегия, Австрия және Швейцария сияқты елдерде игілікті тұрмыс мемлекетінің формуласы қолданылады  [26, 79 б].  Мысалы кейбір авторлар былай дейді: «Социальная политика Германии, которой уже  более ста лет, основывается в основном на перераспределении. Распределительные пенсионные  системы основаны на том, что государство заставляет граждан трудоспособного возраста содержать пожилых людей, для чего облагает налогом зарплату и перераспределяет средства от работающих к пенсионерам. Это означает, что  допускается принудительное лишение граждан  части их имущества или неимущественных прав с последующей  передачей другим гражданам (в частности, путем налогообложения) с помощью государственного  насилия. На первых порах это действовало, так как чем богаче становилась страна, тем выше становился  стандарт населения. Однако стимулы влияют на поведение людей. Если в стране платят за бедность, болезни и старость, то население через некоторое время становится бедным, больным и старым. Повышение  уровня жизни населения здесь, также как и везде в Европе, ведет к старению населения, и все  больше средств приходится направлять на пенсии. Разумеется, это бремя ложится на граждан в  виде увеличения налогов. Так, если еще шестидесятые годы государство изымало из зарплаты работающих на социальную защиту четверть заработка, то сегодня изымает налогами половину” [27, с 185]. Ал, екінші әлеуметтік жүйе туралы ойын былай жалғастырады: “Так, в англо-американской модели применяются несколько иные механизмы социального  обеспечения. Здесь большая роль отводится  социальному страхованию. Если рассмотреть на примере пенсий по старости, то здесь используется модель накопительного  счета на старость в фонде, который каждый имеет право (и риск) выбирать сам. Это значит также, что  больничные, отпускные, величина пенсии в старости не равны для всех, а зависят индивидуального от  трудового вклада и от величины индивидуальной зарплаты. Это, с одной стороны, способствует четкой  адресности, точечности государственной  поддержки сирых и убогих, с другой стороны, не будет препятствием на пути развития человеческой активности», деген. [28, 185 б]. Әлеуметтік мемлекет – Конституцияда көрсетілгендей демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болумен қатар Қазақстан Республикасы өзін сондай-ақ әлеуметтік мемлекет ретінде де орнықтырады (1-б. 1-т.). Оның тек өзіне тән сипаттамалары бар.

Ең алдымен әлеуметтік мемлекет  жекелеген топтарға (таптарға) немесе ұлыстарға емес, қоғам мен адамға тұтас қызмет етеді. Ол мемлекеттік  көздер есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге құлшынады.

Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында Қазақстан мемлекетінің қолдауына кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұрғындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік салалардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет адам мен азаматтың күнкөріс минимумы мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын қамтамасыз етуді талап ету құқығын мойындайды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі экологиялық қауіпсіздік мәселесі де кіреді [12, 30-31 бб]. 

 

2.2 Әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам

Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі — өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын ең алғаш ұсынған неміс ғалымы Лоренц фон Штайнер «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарың әкономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, өйткені, бірінің дамуы — екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді  [29].

«Әлеуметтік мемлекет» ұғымының негізін құрайтын басты қағидалар әлемдік қауымдастықпен және Қазақстанмен мойындалған бірқатар құжаттарда айқындалады. Олар: БҰҰ адам құқықтары мен бостандықтарының жалпыға бірдей Декларациясы (1948 ж.), Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсыныстары; 1995 жылы Копенгаген әлеуметтік саммитінде қабылданған декларациялар мен бағдарламалар.

Әлеуметтік мемлекет идеясының өзі қоғам өмірін ізгілік қағидалары негізінде саяси және құкықтық тәртіпке келтіру, әлеуметтік-қорғау функцияларын жүзеге асыру, азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасаудан тұрады. Дамыған, алдыңғы қатарлы елдерде мемлекет — әлеуметгік саясаттың жалғыз емес, орталық субьектісі. Мемлекет функцияларьшың көпшілігі азаматтық қоғамның субьектілеріне тапсырылады. Дегенменде, мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы рөлі бірегей. Өйткені, ол (мемлекет), биліктік өкілеттіктердің барлығына ие жалғыз саяси және құкықтық субьект ретінде қоғамдагы әлеуметтік  тұрақтылыққа, азаматтардың, отбасының, әлеуметтік топтардың әлеуметтік жағдайының орнықтылығына, қоғамдағы үдемелі даму саясатының жүргізілуіне жауапты болып табылады.

Әлеуметтік мемлекет шеңберіндегі ізгілік идеологиясы азаматтардың адамгершілік ар-намысына және түлғаның еркін дамуына деген, азаматтардың өзінің материалдық жағдайы үшін өзі жауапкершілікте болуы және қоғамдық жауапкершілікті өздері шешуі сияқты ажьфамас,іргелі кұқықтарды мойындауға негізделеді.

Әлеуметтік мемлекеттің негізгі функцияларына азаматтық коғамды қалыптастыру, яғни қоғамда мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес (қоғамдық) көптеген субьектілерді құру жатады. Бүл әлеуметтік мемлекеттің табиғатымен байланысты, оның негізіг қағидалары мынадай:

  • адам құқыктары мен бостандықтарының устемдігі;
  • ынтымақтастық.

Кез-келген қоғам және оның мүшелері өзара байланыста болады және бір-бірі үшін жауап береді. Сондықтан да, түрғындардың тіршілік әрекетіне төнген қарапайым қатарлерді (әлеуметтік тәуекелдерді) мемлекеттің құқықтық, үйымдастырушылық және әкономикалык қолдауымен үйымдастырылған қауымдастықтармен (ассоциациялармен, одақтармен, серіктестіктермен) шешкен тиімді;

— тиімді қолдау көрсету (субсидиарлық) — мемлекет адамдардың еркін ассоциацияларының дамуына үлкен мән бере отырып белгілі бір шектерде өзінің мүшелеріне көмектеседі. Бұндай институттар көпшілік жағдайда тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді мемлекеттік органдарға қарағанда жақсырақ шешеді.

Мемлекеттің жоғарғы мақсаты және оның мәні — қоғамдағы тыныштық пен келісімге жағдайлар жасау, әлеуметтік әріптестік институттарын дамыту, жүмысшыларға әділетті және лайықты жалақы алу құқығын, әлеуметтік тәуекелдерден қорғау құқығын кепілдеу болып табылады. Мемлекеттің ерекше қамқорлығында — кедейлер мен мұқтаж жандар, балалар мен еңбекке қабілетті нашар (мүгедектер, қарттар) адамдар болады.

Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуының міндетті шарты саяси және экономикалык биліктің бөлінуі болып табылады. Бұл меншік нысанының әралуандығы жағдайында ғана мүмкін. Әрбір адам қандай кәсіпорынның көрсететін қызметін таңдап пайдалануға, және олардың қайсысына барып жұмыс істеуді таңдауға ерікті. Осыған байланысты әлеуметтік мемлекеттің маңызды функцияларьшың бірі меншіктің әр түрлі нысандарын қалыптастыруға ықпал ету, соның ішінде жүмысшылардың қалың көпшілігінің денсаулыгын жақсартатын және үзілістік функциясын жүзеге асыратын кәсіподақтық жәнс әлеуметтік қорлар түріндегі жұмысшылардың меншігі. Ол әлеуметтік тәуекелдерді төмендететін, орын алған жағдайда оның орнын толтыратын зейнетақы қорлары, жүмыссыздықтан, өндірістегі қайғылы жағдайдан сақтандыру қорлары, және медициналық сақтандыру қорлары түрінде болады.

Әлеуметтік мемлекет дамыған және көп субьектілі азаматтық қоғамда ғана барынша тиімді жүмыс істей алады. Азаматтық қоғам мемлекеттің әлеуметтік саясат саласындағы монополиясын жояды. Дамыған мемлекеттердің көпшілігінде нақ осы азаматтық қоғам азаматтардың әлеуметтік қоргалу деңгейінің елеулі түрде өсуін қамтамасыз етті, оларды мемлекеттік құрылымдардың шектен тыс қорғаушылығынан және араласуынан қорғады.

Қазіргі таңдағы көптеген мемлекеттердің Конституциясында бекітілген (еңбек етуге, тынығуға, түрғын үйге, әлеуметтік сақтандыруга, еңбекті қорғауға, медициналық көмекке, білім алуға және т.б. құқықтар) көптеген әлеуметтік кепілдіктер не қамтамасыз етілмейді, не қысқартылған түрде жүзеге асырылады. Көпшілік жағдайда адамдардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік қорғалу деңгейінің төмендігі мемлекеттің әлеуметтік саясатына 9тымды ықпал ететін шынайы әлеуметтік субьектілердің (мемлекеттік құрылымдардан басқа) әлі де калыптаспағандығы себеп.

Мемлекет рөлі шамадан тыс ұлғайтылған (тоталитарлық үлгі), ал азаматтық қоғамның құрылымдары дамымаған қоғамдық жүйелердің өмір сүруінің әлемдік тәжірибесі олардың болашағы жоқ екендігін дәлелдеп көрсетті. Және керісінше, мемлекет пен азаматтық қоғам үйлесімді дамыған қоғамдык жүйелер динамикалық және өзін-өзі икемдеуші болып табылады. Осыған байланысты азаматтык қоғамның құрьшымын саналы түрде қалыптастыру іс-шараларына ерекше көңіл аударылған Қазақстанның тоталитаризмнен демократиялық қоғамға өтуінің үлттық бағдарламасын, яғни 2006 -2011 жылға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын жасау өзекті болып табылады.

2006-2011 жылға арналған азаматтық қоғамды дамыту түжырымдамасы демократиялық реформалардың жалпы ұлттық бағдаламасына сәйкес және Қазақстанның елу бәсекелес елдер қатарына қосылу стратегиясы аясында жасалды. Онда атап керсетілгеніндей, «тұжырымдаманың басты мақсаты, азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуына және олардың» адам қүқыгы мен адамдық өлшемдер туралы» халықаралық келісімдер мен пактілерге сәйкес, мемлекетпен және бизнес секторымен теңдей серіктес болуы үшін заңнамалық, әлеуметтік-әкономикалық және ұйымдастыру- әдістемелік негіздерін барынша жетілдіру болып табылады», — делінген[30].

Азаматтық қоғамның қалыптасуында қоғамдық және кәсіби ұйымдар, жұмыс берушілердің ассоциациялары, одақтары, кәсіподақтар, әлеуметтік сақтандыру серіктестіктері, тұтынушылар құқығын қорғау одағы, отбасы, сауда-өндірістік палаталар, қайырымдылық қорлар және т.б. негізі рөл атқаруы тиіс. Олар өздерінің күнделікті қызметтерінде жүмысшы мен жүмыс берушінің келісімге келуіне, барлық деңгейде экономикалық тиімділік пен әлеуметтік әділеттілікті байланыстыруға, тұрғындардың әл-ауқаты төмен топтарына әлеуметтік келісімнің қолайлы жағдайын жасай отырып көмектеседі.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты теңдік, білім берудің ұлттық жүйесі мен денсаулық сақтаудың қол жетімділігі мен барлығын қамтуы, тұрғындардың барлығының әлеуметтік сақтандарылуы идеясына негізделуі қажет. Қоғамдағы ынтымақтастық философиясы қарттарды, мүгедектерді, табысы аз, балалары бар отбасыларын, еңбекке жарамсыз және өзін қамтамасыз ете алмайтын адамдарға қаржылай қолдау көрсету түрінде жүзеге асырылуы қажет. Әлеуметтік мемлекеттің мәні де осында.

Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясаты жеке даралық жауапкершілік қағидасын ынтымактастық қағидасымен толықтырып, оларды біріктіруге бағытталған. Соның ішінде биліктің жоғары және жергілікті органдары өзінің күштерін әлеуметтік сақтандырудың, өзара көмек пен қорғаудың қажетті қүрылымдарын құруға қабілетті әлеуметтік топтарды қолдауға жүмылдырулары кажет. Мұндай топтар кәсіби құрылымдардан, жергілікті қауымнан, аумақтық үйымдардан және т.б. түруы мүмкін.

Тәжірибелік тұрғыдан мемлекет ең алдымен жеке жауапкершіліктің қалыптасуына көмектесуді камтамасыз етуі керек. Экономикалык салада жеке меншікті (оның басқа да нысандарымен қатар) тану негізінде адамдардың іскерлік белсенділігін арттыруға жағдайлар жасауы қажет.

Әлеуметтік салада мемлекет тұлғаның, отбасының әлеуметтік қорғалуы мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін негізінен өзін-өзі реттеудің, өзара көмек пен ынтымақтастық қолдау көрсетудің, яғни әлеуметтік сақтандыру серіктестіктерін, кәсіби тәуекелдерден қорғау ұйымдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және т.б. сияқты әр түрлі институттарды құру және дамыту арқылы қамтамасыз етуі керек.

Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі әлеуметтік субьектілер қарым-қатынасының жаңа жүйесін жасауды, әлеуметтік мемлекет пен азаматтық қогамды ынтымактастық, әлеуметтік келісім, міндеттер мен өкілеттіктерді үйлестіру негізінде қалыптастыруды көздейді. Әрине бүл дамудың өте қиын, бірақ қажетті сатысы болып табылады. Сонымен қатар, әлемдік әкономикалык тәжірибе жүргізілетін реформалардың табысты болуы тиімді әлеуметтік саясат ұстанғанда ғана мүмкін болатынын көрсетіп берді.

 

2.3 Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері

Қазақстан дербестік жолына түскен күннен бастап әлеуметтік  мемлекет идеясына бет бұрды. Құқыққа мойынсұнып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз етуді, әлеуметтік жағынан қорғалуын алдына мақсат етіп қойды. Сол мақсатты іске асыру үшін Қазақстан Республикасының 30 тамыз  1995 жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы Конституциясының 1 бабында әлеуметтік мемлекет орнықтыру идеясы көрініс тапты. Әлеуметтік мемлекет  идеясының негізін әлеуметтік қорғалуға жататын субьектілерді қорғау, тұрғындарының тұрмысын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, білім алуға керек мүмкіндік жасау, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыру құрайды. Әлеуметтік мемлекет түсінігі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Бұл либеральды құқықтық мемлекетте болмаған мемлекеттің жаңа қасиеттерінің пайда болды. Әлеуметтік мемлекет идеясының  негізі — өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. XX ғасырдың 60-жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекет идеялары  Франция, Германия, Швецария және Англия, т.б. елдерде құрыла бастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты – қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы – гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау… Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әр түрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берген анықтамаларында бұл — әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет — әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің нысаны болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім идеяларына  негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды. Әлеуметтік мемлекет идеясы әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтармен тығыз байланысты.  Аталған құқық категориялары маңызды халықаралық құқықтық актілер — Адам құқықтарының жалпы декларациясы және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт. Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың басты идеясы Адам құқықтары жөніндегі декларацияның 25-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер болып табылады. Аталған бапқа сәйкес әрбір адам азық-түлік, киім, тұрғын үй, медициналық күтім, жұмыссыз болып қалған жағдайда, мүгедектікке ұшыраған жағдайда өзі және отбасы қажетті өмір сүру деңгейіндегі құқықтарға ие болуы. Аталған идея Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің 11-бабының 1-тармағында көрсетілген. Пактіге қатысушы мемлекеттер, әркімнің лайықты өмір сүру құқығын таниды. Жоғарыда аталған идеялар, Пактіге қатысушы мемлекеттерді қызметтерін осы идеяларын жүзеге арылуына бағыттауы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар қатарына: еңбек ету құқығы, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, тиісті еңбек жағдайларына, демалу, білім алу, әлеуметтік қорғалу, тұрғын үйге және мәдени өміріне деген құқықтар. Жоғарыда аталған құқықтар Қазақстан Республикасы Конституциясының               24-31 баптарында көрініс тапқан. Әлеуметтік мемлекет идеясын жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық, мәдени құқықтар тобын қамтамасыз ету, кейбір мемлекеттер экономикалық жағдайға байланысты атқара алмайды.

Қазақстан Республикасының конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды дамыту қажет. Конрад Хессе идеяның жүзеге асқанының келесідей мысалын келтірген, Германияның әлеуметтік салада белсендігі жалпы бюджеттің 50% әлеуметтік реттеуге, әлеуметтік қамсыздандыруға, азаматтарының өмір сүру деңгейінің жоғралауына жұмсалатындығы. Адамдардың экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқықтарының қаншалықты деңгейде қорғалуы, әлеуметтік қамсыздандырылудың атқарылуы, әлеуметтік мемлекет идеясының жүзеге асырылып жатқандығының көрсеткіші. Әлеуметтік мемлекет идеясының орындалуын  құқықтық мемлекет жүзеге асырады. Әлеуметтік мемлекет идеясы мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне — әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші — әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші — әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы — өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.

Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы – құқықтық мемлекет құру принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен бостандығының басымдылығы – демократиялық мемлекеттің де, әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбәр мүшесінің тіршілік етуіне лайықты жағдай жасау үшін заңды түрде жарияланған азаматтық құқық пен бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.

Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы — әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді, мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен, құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан, тиімсіз құқықтар санын мейлінше азайтып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сұғуына заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған (негізделген) құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу — әлеуметтік және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десекте, құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да игіліктерді бөлу процесіне қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық  жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда болатын теңсіздіктерді болдырмауға тырысады. Әлеуметтік мемлекет өзінің қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.

Әлеуметтік мемлекет идеясынын орнықтыру бағытында Қазақстан Республикасы   Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Жаңа онжылдық — Жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты соңғы халыққа жолдауында көптеген іс-шаралар қарастырған ол туралы былай делінеді: «2020 жылға қарай қалалық, сол се­кілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар – бұл мемлекеттік мекемелерге балама. Халық денсаулығы – ол Қазақ­стан­ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының  ажырамас құрамдас бөлігі. Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайын­даудамыз.

Алда тұрған онжылдықтың аса маңыз­ды міндеті – Қазақстанның барлық аза­мат­тарының өмір сапасы мен деңгейін жақ­сарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қор­ғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады.Біздің мемлекеттік әлеуметтік сая­са­ты­мыздағы басты басымдық халықтың жұ­мыс­пен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұ­мыссыздық деңгейі 5%-дан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болсын деген міндет қоямын.Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адам­дарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стан­дарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек. 2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 60%-ы деңгейіне дейін өсіріліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттырылуы тиіс. Біз өз іс-әрекетімізде дәйектілікті ұс­та­намыз. Өткен жылы зейнетақылар, шә­кірт­ақылар, бюджет саласы қызмет­кер­лері­нің еңбекақылары 25%-ға өсірілді. Әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 9%-ға артты.Республикалық бюджетте үстіміздегі жылы да зейнетақыларды                  1 қаңтардан бас­тап, ал шәкіртақылар мен бюджет­те­гілер еңбекақыларын                      1 шілдеден бастап жиырма бес пайызға өсіру қарастырылған.Өткен жылғы экономика өсімінің оң сер­пінін шәкіртақылар мен бюджеттегі­лер­дің еңбекақыларын үш ай бұрын – 2010 жылдың сәуірінен бастап өсіруге мүм­кіндік береді деп есептеймін. Дағдарыс сабақтары тұрғын үй құрылысын дамыту саясатын жетілдіруді талап етеді. Ол үшін тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесінде  зор әлеует бар деп есептеймін. Азаматтардың, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, мемлекет пен құрылыс компанияларының тең құқылы әртіптестігі қағидатын пайдалану қажет. Ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Шағын  қалаларда халықтың 100%-ы үшін сапалы су қолжетімді болуы тиіс» [31, 10-12 бб].

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ынтымақтастық принциптерін жеке жауапкершілік принциптерімен толықтыруды, оларды біріктіруді ұсынады. Орталық және аймақтық билік органдары өзара көмек көрсету мен қорғау, әлеуметтік қамсыздандырудың қажетті құрылымын құруға қабілетті әлеуметтік топтарды қолдауға өз күшін жұмсауға міндетті. Мұндай топтар кәсіби құрылымдарды, жергілікті қауымдарды, коопертивтерді, аймақтық ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді т.б. біріктіреді. Практикалық тұрғыда мемлекет, ең алдымен, жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етуге тиісті. Жеке меншікті тануға негізделген экономикалық салада адамдардың іскерлік белсенділігін арттыруға қажетті жағдай жасау қажет.

Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылу мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда атйқанымыздай — өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – жағдайы нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т.б. дамыту саясатын жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге, жуып-шаюға бар күш-жігерін жұмсайды.

 Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 ж. қабылданған Конституциясының 1-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары не себепті Қазақстан Республикасы өзін Конституциялық дәрежеде әлеуметтік мемле­кет ретінде орнықтырды? Әлеуметтік мемлекеттің белгілері, оны орнықтырудың механизмдері мен жолдары кандай? Жалпы «Әлеуметтік мемлекет» ұғымының мәні неде? Міне осы және басқа да мәселелер осы баяндаманың зерттеу пәнінен туындайды. Өкінішке орай Қазақстанның әлеуметтік мемлекеттілігіне қатысты бірде бір толыққанды ғылыми зерттеу жүргізілмеген. Тек кейбір еңбектерде осы мәселеге қатысты қысқаша түсіндірмелерді кездестіруге болады. Осы аталған жағдайларға және бүгінгі таңда туындап жатқан түрлі факторлардың (айтып кетсек: жаһандану үрдісінің белең өріс алуына байланысты, әлеуметтік саладағы жедел түрде шешуді талап ететін мәселелер; мемлекеттің тәуелсіздік алғалы бері, жалпы экономикасының баяу болса да тынымсыз өсуіне қарамастан, эконамикалық, тұрғыдан әлсіз болып келетін халықтың бір қатар топтарының әл-ауқат жағдайларындағы өзгерістің аса сезілмеуі) әсерінен әлеуметтік институттың қажеттілігі бойынша алдыңғы шепке шығуына байланысты осы мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу қажет деп есептейміз.

«Әлеуметгік мемлекет» ұғымының мәнін түсіну үшін осы сөз тіркесіндегі «әлеуметтік» деген сөзді талдап көрейік. Әлеуметгік деген сөз-латынның «Socialis» яғни «қоғамдық», «жалпы» деген сөзінен шыққан. «Әлеуметтік» — бұл шоғырлы ұғым, оның беретін бір-біріне ұқсас түсініктерінің кеңістігі:               1) көлемі жағынан «тарих», «мәдениет» және т. с. с. термиңдердің мазмұндары мен қызметтерінің аса көптілігімен пәніне қатысты; 2) бір жағынан адамдардың иңдивидтік («атомарлық», «ядролық») болмысының өзара байланыстылыгғынан және екінші жағынан әлеуметтік — тең салмақтылық пен әлеуметтік динамиканың жекеліктен тыс құрылымдардың көрінісі [32].                      К. Маркстың еңбектеріңде «әлеуметтік» термині қоғамдықтың, топтықтың синонимі ретінде де және қандай да бір заттың адам үшін пайдалылығын белгілеу түрінде де қолданылады [33]. С. И. Ожеговтің «Орыс тілінің түсіңдірме сөздігіне» сүйенсек әлеуметік деген ұғымға коғамдық, адамдардың өміріне және олардың қоғамдағы қарым-қатынастарына қатысы бар деген анықтама береді. «Әлеуметтік мемлекеттің» ұғымы алгаш рет неміс ғалымы Л. Фон Штайның 1850 жылы жарық көрген еңбегінде кездеседі. Құқықтық ғылыми-мемлекеттік Германияның қазіргісі мен болашағы атты еңбегіңде, ол «әлеуметтік мемлекетті өз билігінің арқасында қоғамның барлық топтары үшін, жеке тұлға үшін құқықтарындағы абсолютті теңдікті қамтамасыз етіп отыруға міндетті. Ол өзінің азаматтарының экономикалык және қоғамдық дамуына септігін тигізуі кажет. Өйткені бір адамның дамуы, ақырында, екінші бір адамның дамуының алғы шарты және тек осы мағынада ғана әлеуметтік мемлекет жайыңда айтылады» [34], — деп жазады. Осы сәттен бастап әлеуметтік мемлекет термині дүниеге келіп, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ғылыми айналыста нақты термин ретінде бекіді.

Бір жарым ғасырдай уақыт өтсе де әлеуметтік мемлекет ұғымына нақты анықтама берілмеген. Кейбір ғалымдарының пікірінше әлеуметтік мемлекет — бұл барлық азаматтарды әлеуметтік қорғаудың жоғарғы деңгейі қамтамасыз етілетін дамыған мемлекеттің түрі. Олардың пайымдауынша индустриалды және постиндустриалды мемлекеттің қалыптасуы, «әлеуметтік саладағы істердің жағдайына деген жауаптылықты көтеретін және осының негізінде әлеуметтік реттеу саясатын ең маңызды қызметінің бірі ретінде қарастыратын әлеуметтік әділдік, өз азаматтарының әл-ауқаты, олардың әлеуметтік қоргғалуы бойынша іс — шараларды жүргізуге байланысты міндетін атқаратын әлеуметтік мелекетке [35] деген қажеттіліктің туындауына байланысты. Атаман терминнің пайда болғанынан бері бір жарым ғасырдай уақыт өтсе де, оның жалпы таныған нақты анықтамасы жоқ.

Бір ұғымға түрліше анықтамалардың берілу себебін, біріншіден, тарихи себептен, яғни әлеуметтік мемлекет әрдайым даму үстінде болғандықтан адамзат өркениетінің даму тарихында түрлі кезендерде, осындай мемлекеттің ұстаған саясатныц және негізгі олеуметтік кызметтерінің, нақты жағдайларға байланысты ауысап отаруынан жоне екіншіден, адами фактордан, яғни қандай да бір мемлекет тұүрғындарының тілінің деңгейінен іздеу керек деп есептейміз.

Әлеуметтік мемлекеттің үғымы мен мәнін білмегендіктен, осы құбылысты жоққа шығаратын қозқарастар айтарлықтай кең тараған. Осы қөзқарасты ұстанатындардың басты сүйенер дәлелдері — ол, «мемлекет өзінің табиғатынан олеуметтік болып келеді, сондай-ак бұл онын пайда болу себептерінің бірі» — дегенге саяды.

Алайда, бұл жансақ пікір, себебі «әлеуметтік мемлекет» деген сөз тіркесіндегі «әлеуметтік» сөзінің анықтамасы ор бір мемлекеттің әлеуметтік институт екендігін белгілеу үшін емес өндірістің дамуындағы постиндустриялды кезеңге өткен мемлекеттің жаңа мәнін көрсету үшін, материалдық игіліктерді үйлестіру саласындағы оның мазмұнын сипаттау үшін, әлеуметтік қасиеті бар кандай да бір мемлекеттің функциялары әлеуметтіктің «елегінен» өтіп барып жүзеге асырылатындығын көрсету үшін қызмет етеді.

Сондай-ақ әлеуметтік мемлекеттің ұғымы мен мән-мақсатын білмегендігіне байланысты басында казакстандықтардың көз алдына социалистік мемлекетті елестетін. Тек, жылдар оте келе бұл жансақ пікірден арылған секілдіміз. Социалистік мемлекет тек бір ғана таптың (жұмысшы табыныц) мүддесін корғайды, ал әлеуметтік мемлекетте барлык таптар, әлеуметтік топтар өзара түрде өмір сүреді және оның басқарушы табы, Ұлы Британияның премьер министрі Д. Ллойд Джорджтың «үшінші сыныпты — халқы бар, бірінші сыныпты империяны сактап қалу мүмкін емес» деп айтып кеткен қағидасын түсінеді, әрі есепке алады.

Батыс әдебиеттерінде «әлеуметтік мемлекет» түрліше талданады, бірак берілген түрлі анықтамаларды екі негізгі топқа жинастыруға болады. Тарлау түсінік бергенде, аталған ұғым мемлекеттің әлеуметтік саладағы айталық, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй салу, денсаулық сақтау, білім беру, косігттік даярлау жоне жұмыс күшін қайта даярлау еңбекті корғау салаларындағы жүзеге асырылатын іс шаралар жиынтығып қамтиды кедейтілген түсінігінде бұл термин мемлекеттін экономикалык және әлеуметтік саладағы барлық реттеу қызметтерін қамтиды.

Сонымен айтылғандарды топшылай келе әлеуметтік мемлекетке — өзінің барлық азаматтарына ол-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге, халқының әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жәрдемдесуге, қоғамда әлеуметтік тендекті орнықтыруға бағытталған саясатты жүзеге асыруға арналған деген анықтама беруге болады. Егер әлеуметтік мемлекетті орнықтырудың шетел тәжірибесіне жүгінер болсақ, «олардың» өз конституцияларында әлеуметгік кағидасын қандай да бір түрде орнықтарудың өзіндік себептері түрткі болды. Әлеуметтік мемлекет идеясы мен формуласының алғаш рет батыс елдерінде пайда болғандыгын жоғарыда кыскаша айтып кеткенбіз, енді осы әлеуметтік мемлекет формуласының Батыс европа мемлекеттерінің конституцияларында қалайша көрініс табатындығьпі қарастыралық. «Олардың» бүгінгі тандағы конституцияларыңда мемлекеттің әлеуметтік бағдары түрліше көрініс табады. Айталық Герман Федеративтік Республикасы Конституциясының 20-бабының 1-тармағы «Герман Федеративтік Республикасы демакратиялық және әлеуметтік федеративттік мемлекет болып табылады» деп жариялайды. Осындай бағыттағы үлгіні Францияның (2-баптың 1-тармағы), Испанияның (1-баптың 1-тармағы), Туркияның (2-бап) конституцияларьі кабыддаған, ал Данияның (75-бап), Грецияның (1975 ж. қабылданған Конституциясының 21-бабының 2 және 3-тараулары), Италияның (2-4 баптары), Нидерландының (18-бап), Швецияның (1 қантар 1975 жылғы редакциясындағы басқару туралы Заңының 1-тарауының 2-бабы) Конституцияларында болса әлеуметгік мемлекеттің максаттары жайында ор түрлі көрсетіледі. Ұлы Британия, Норвегия, Австрия жоне Швецария сиякты елдерде «игілікті тұрмыс мемлекетінін» формуласы қолданылады.

Көріп отырғанымздай әлеуметтік мемлекетті Конституциялық дәрежеде көрсетудің түрлі үлгілері бар. Бұл жерде олардың ор қайсының өзіндік мәні мен максаттары болды. Мысалға, ГФР «өзінің бұрынғы фашистік тортібінен бас тартарындығын және жалпы адамзат принциптеріне сүйенетіндігін бүкіл әлемге таныту және өз азаматтарын осы максатқа жұмылдыру ниетімен өзін әлеуметтік мемлекет ретінде конституцияда анықтап отырған» [36] болса, мұны оның осындай касиеті бар мемлекет ретінде түсінуге болады. Сол секілді Қазақстанның да Ата заңымыздың 1-бабының 1-тармағында өзін «әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруының өзіндік себептері болды. Біріншіден конституциялық дәрежеде мемлекеттің толык сипаттамасын беру аркылы, оны бүкіл халықтың түсінуі үшін, мемлекеттің осындай сипатына деген өзінің катынасын аныктау үшін, оған мемлекеттіц монін ашып көрсету және осының негізінде халыктың басын қосып біріктірудің маңыздылығы. Екіншіден — мсмлекеттің дамуындағы түрлі кезендерде тұлғалардың бір катар тобы мемлекеттің кейбір қасиеттеріне, соның ішінде әлеуметтігіне карсы коз-карастарыи білдіргедіктеріне байланысты мемлекеттің осындай қасиетін бекіту, жоғарыда аталған күштерді тежегіш әсері. Үшіншіден — осы сипатты атау мемлекеттің, саясаттың және құқықтың негізгі даму бағытын анықтау мүмкіндігі.

Сондай-ақ осы мәселе бойынша Қазакстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 21 желтоқсан 2001 жылғы №18/12 ресми түсіндірмесіне сүйенсек «Конституцияның 1-бөлімінің бүл жалпы ержесі Қазақстан, мемлекеттіц мүмкіншілігіне карай отырып өзінің азаматтарына игілікті өмір сүру үшін жағдай жасау және жеке адамның сркін дамуы аркылы олеуметтік теңсіздікті жүмсар-туға міндеттеме алатын мемлекет ретінде дамуға ниет танытады дегенді білдіреді». «… Талданып отырған ерсжесінде, «Өзін орнықтырады» деген тіркес қолданылған ол әлеуметтік мемлекет реттінде Қазақтан дамуының ырғақтылығын көрсетеді оған сөзсіздік және әлеуметтендіру процессіне бағытталғандық сипат береді» деп баяндайды [37].

Яғни заң шығарушының Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағыңдагы, «орнықтырады» деген сөзді қолдануынан, Қазақстаннын олі олеуметтік мемлекет больт табылмаитыңдыгьгн, тек соңдай мемлекет болып калыптасу жолында екендігін түсінуге болады. Әрине Қазақстан Батыстық тәжірибені (Мысалға ГФР Конституциясының 20-бабы) басшылықка ала отырып өзін «әлеуметтік мемлекет болып табылады» деп жаралай салуьта болар еді. Алайда мұндай мемлекетгі құру үшін айтарлықтай ұзақ уақыт қажет. «Әлеуметтік мемлекетті» қалыптастыру — бұл тұрақты экономикалық дамудан нор алып туратын узак эволюциялық процес [38]. «Бәрін айт та, бірін айт» демекші, әлеуметтік мемлекеттің қандай түрін орнықтыру кажеттілігін және оны орнықтырып болғанымыз қандай өзіндік белгілері арқылы анықтай алатындығымыз әлі де белгісіз күйі қолып қойды. Сол үшін әлеуметтік мемле­кет, тұжырымдамасын, яғни әлеуметтік мемлекетке катысты көзқарастар жүйесін қабылдау қажет. Бұл әлеуметтік құбылыс жай­ында толық түсінік алу үшін маңызды. Осы тұжырымдаманы қабылдаудың тағы бір себебі, әлеуметтік мемлекет идеясын — өз азаматтарының игілігінің қамын ойлайтын, әлеуметтік мәселелерді шешуді басты мәселелер қатарына қоятын мемлекет идеясы бүкіл қазақстандықтар үшін біріктіруші қызметін атқарар еді.

Әрине, қандай да бір идея болмасын, оның шегінен шығушылыққа жол берілмеу қажет. Оған мысал ретінде озіміздің КСРО құрамында болған кезіміздегі бастан кешкен тұрпайы социалистік саясатын айтуға болады.

Тұрпайы «теңдестіру» саясатының негізінде жұмысшылар өздерінің жұмысын атқарғаны, аткармағандыгына, көлеміне қарамастан теңдей жалақы алып отырған мұның салдары халыктың еңбекке деген ынтасын төмендетті (Осы кезенде «тунеядец» (арамтамақ, жатып ішер) деген термин, пайда болды). Мемлекет халыктан, былайша айтканда, қорғаушысына, асыраушысына айналды. «Мемлекеттің мұндай қызметі азаматтарының орнына жауапты шешімдер шығаруға, оған ізгілік жағынан алып карағанда, құқық берді» [39]. Аталған жағдайлар, көптеген ғалымдардың әлеуметтікті асыра сілтеу антидемократияға апарады деген пікірлерін растайды.

Әлеуметтік мемлекет қағидасы міндетті түрде тоталитарлық саяси жүйеге әкелдді деп айту да дұрыс емес. Мемлекеттің демократиялық, құқықтық, әлеуметтік қағидалары өзара байланысты бірін бірі толыктырып отыратын ұғымдар. «Шынайы әлеуметтік мемлекет тек, демократия, азаматтык коғам жағдайында ғана болуы мүмкін және де оның құқықтық мемлекет болуы кажет».

Құқықтық мемлекет теориясы мен тожірибесі әлеуметтік мемлекеттің идеясы мен іс жүзіне асуының алыдын орайды. Әлеуметтік мемлекет құқықтық мемлекеттің артынан келген, себебі соңғысы оның классикалық либералдық түрде, еңбастысы, заң жүзінде қамтамасыз етілуі тиіс бостандықтың, тендектің қағаз күйінде калуы және мемлекеттің азаматтық қоғам істеріне араласпау қағидасына сүйенуі. Ал бұл жағдай үлкен теңсіздікке, экономикадағы түрлі күизелістерге жоне таптық күреске окелді. Осының борі мемлекеттен мүлдем жаңа бір сапаға өтуін, жаңа кызметтерді жузеге асыруын талап етті.                    П.И. Новгородцевтың әлеуметтік кайта құруды (әлеуметтік мемлекетті калыптастырды) «құқықтық мемлекеттің калыптасуының жаңа кезеңі» ретінде карастыруы негізді еді [40]. Қазіргі уақытта демократиялық мемлекеттер құқықтық және әлеуметтік қағидалардың өзара әрекеттесуінің тиімді өлшемін табуға талпынады.

Қазақстаның өзін Конституциялық дәрежеде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруың мемлекеттің халық алдындағы, олардың — отбасы, еңбек ұжымы және жалпы қоғам көлемінде өз өмірлерін жақсартуға деген мүмкіңдіктерін тудыруды міндет етіп алуын білдіреді.

Ең бастысы адамға бағытталған әлеуметгік жаңғыртулардың тиімділігі, олардың коғам сана-сезіміне сәйкес келуіне тікелей тәуедді болатындығы баршаға мәлім. Қоғамның сана-сезіміне сойкес келмеген жағдайда халық жүргізіліп жаткан жанғыртуларды қабылдамай, әлеуметтік саладағы қайта құруларға ашық түрде ме, олде жабық түрде ме бірақ қалайда қарсы шығады. Мұңдай қарсылықтан насихаттау арқылы бір жағынан жоне тиімді әлеуметтік қайта құрулар арқылы екінші жағынан арнайы шараларды қолдану жолымен шешіледі. Алайда әлеуметтік саладағы жаңғыртуларды халықтың ділімен және оның мінезімен ұштастыра білу қажет.

Басқаша айтқанда, егер қоғам, өзіне тон құндылықтар бағамына негізделе отырып жүргізіліп жаткан аукымды әлеуметтік жаңғыртуларды әділ деп есептемесе мұндай жаңғыртуладың іс жүзіне асуы мүмкін емес.

Қазақстандықтардың жоне жалпы еуразиялыктардың дініне тән ортак құндылықтарға ұжымдастык, ынтымақтастық, біреудің кайғысын екіншісінің бөлісуін айтуға болады.

Біздің дініміздің тағы бір ерекшеліге байлыққа күмәнді, күдікті қарауымыз. Әсіресе қоғамның байлар мен кедейлерге кенеттен өшіп кетуін, еңбеккерлердің басым көітшілігі кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатқан кездегі бірқатар топтың байлығын жақтырмас. Бұл жағдаймен біздің адам еш уакытта келіспейді. Сондықтан жүргізіліп жатқан қайта құрулар осы жағдаймен келісуі қажет.

 

2.4 Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі

Қазіргі кезеңде дамыған елдердің барлығы адам құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін және құқықтық мемлекет, демократиялық ұстанымдарды негізгі мақсат ретінде алға қоюмен қатар, әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруды негізгі бағыт ретінде ұстануда. Бұл шын мәнінде, әлем елдерінің даму тәжірибесі айқындаған шындықтың бірі болып табылады. Мемлекеттің мақсаты да қоғам мүшелерінің әлеуметтік әл-аухатын көтеру екендігі мемлекет теориясында мойындалған, тұжырым екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да, мемлекеттің әлеуметтік қызметі мемлекет қызметінің жеке бағытын құрайды.

Қазақстан Республикасы да бүгінгі таңда өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет ретінде жариялаумен қатар, әлеуметтік мемлекет орнатуды мақсат тұтып отыр. Әрине, бұл мемлекет тарапынан үлкен жауапкершілікті талап ететіндігі белгілі. Қазіргі кезеңде еліміздің конституциясында және басқа да заңнамасында әр түрлі мемлекеттік деңгейдегі бағдарламаларда әлеуметтік мәселені дамыту, өткір қойылғаны белгілі. Сондай негізгі конституция талабын жүзеге асыратын құжаттардың бірі, Қазақстан Республикасы Президентінің            29 тамыз 2009 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы болып табылады. Бұл тұжырымдама елімізде осы уақытқа дейін жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформаны одан әрі тереңдетуге бағытталған. Осы уақытқа дейін елімізде 2002 – 2010 жылдар аралығындағы құқықтық саясат туралы тұжырымдама жұмыс жасап жатқандығы белгілі: “2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды.

Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды” [41, 2 б]. Көріп отырғанымыздай, бұл тұжырымдама өзінің мақсатын орындады.

Қазіргі кезеңде қабылданып отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылда 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы жаңа негіздегі міндеттерді жүзеге асыруды алға қойып отыр. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі, елімізде әлеуметтік мемлекетті одан әрі дамыта түсу болып табылады. Жалпы бұл бағдарламада Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының, оның конституциялық деңгейде жүзеге асырылу аспектісінде қарастырылған болатын. Тұжырымдамада бұл туралы былай дейді: “Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің заңнамалық, ұйымдастырушылық және басқа да шараларымен жүзеге асуы тиіс құқықтық идеялары мен принциптерін одан әрі іске асыру қажет.
Мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігері елдің Негізгі заңының барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге асырылуы төңірегінде шоғырлануы тиіс. Заңнаманы жетілдіру процесінде және құқық қолдану қызметі барысында Конституцияның үстемдік принциптерін және төменгі деңгейдегі актілердің жоғарыда деңгейдегі актілердің нормаларына сәйкестігін бұлжытпай сақтау қажет.
Елдегі заңдылық режимін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен қоса қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың қарышты дамуын да қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет. Құқықтық саясатқа кешенді көзқарас барлық нормативтік-құқықтық базаны мемлекет дамуының жалпы стратегиясы тұрғысында, оның ішінде нәтижелілік, ашықтық және есептілік принциптерінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасау жөнінен жаңғыртуға мүмкіндік береді” [41, 2 б]. Біздің ойымызша, әлеуметтік саясатты да, оның нормативтік базасын да осы қағидалар деңгейінде жүзеге асыру қажет. Құқықтық саясат тұжырымдамасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың қағидалары да белгіленген. “Қазақстанның Конституциясында әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі құқықтары мен принциптері бекітілген. Бұл орайда негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету мен қазіргі әлеуметтік саясатты іске асырудың ықпалды тетіктерін одан әрі қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттің кешенді, көпсалалы сипаттағы әлеуметтік-құқықтық саясаты әлеуметтік маңызы бар проблемалардың кең ауқымын шешуге бағытталған. Оған, атап айтқанда, білім беруді және денсаулық сақтауды, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен әлеуметтік қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды және төтенше жағдайларға жол бермеуді құқықтық реттеу жатады.
Нарықтық экономика жағдайында еңбек нарығының және халықтың жұмыспен қамту проблемаларының болуы еңбектің құқықтық қатынастарының өзекті мәселесі болып табылады. Осыған байланысты еңбек заңнамасын жүйелі талдау негізінде оның қолданылу практикасын жүйелі талдау әрі осы саладағы халықаралық тәжірбиені ескеру қажет. Бұл ретте еңбек қызметінің және еңбеккерлердің еңбек жағдайының сипатына байланысты еңбек және әлеуметтік заңнаманы одан әрі саралау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестестіктің құралдары мен қолдану саласын кеңейту мәселелері пысықтауды талап етеді” [41, 4 б]. Қазақстанда әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру өте күрделі мәселе екендігі белгілі. Бұл бағытта кешенді заңнамаларды әлеуметтік бағыттылықты қалыптастыру қажет. “Әлеуметтік саладағы заңнама мемлекеттің әлеуметтік саясаты басымдықтарының серпінін, мемлекет беретін әлеуметтік игіліктердің тізбесі мен негіздерін кеңейту, әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған қаржы көздерін айқындауда азаматтардың қатысуының жаңа нысанын жасауды есепке ала отырып ұшқыр болуы тиіс. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі осы саладағы іркіліссіз норма түзушілік процесін көздейтін мемлекеттің қаржылық мүмкіндігінің өсуіне байланысты жүйелі түзетілетін болады. Әлеуметтік заңнаманы дамытудың перспектикалық бағыттарының бірі: зейнетақы активтерін орналастыру кезінде қолда бар қаржы құралдарын пайдалану және жаңаларын жасау; азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде әлеуметтік төлемдер күн көрудің жалғыз көзі болып табылатын адамдар үшін әлеуметтік қорғаудың жүйесін жетілдіру болып табылады” [41, 4 б]. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әлеуметтік мемлекетті дамытуда кешенді заңнамаларды жаңа негізде қалыптастыруымыз қажет. Оның да  жалпы даму бағыттары жоғарыдағы тұжырымдамада белгіленген болатын. Әлеуметтік заңнамалардың ішіндегі маңыздылардың қатарына сақтандыру заңнамасы жатады. оны жетілдіру тұжырымдамада мынанда йбағытта жүзеге асырылады: “Елде міндетті және ерікті сақтандырудың заманға сай жүйесі қалыптасып, жұмыс істеуде, сақтандыру қызметтерінің толыққанды нарығы орнықты. Сонымен қатар, аталған нарықтың ғаламдық тұрғыда дамуы әлемдік тәжірибеде қалыптасқан сақтандыру жүйелері мен отандық құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, ұлттық деңгейде барабар құқықтық реттеуді талап етеді. Электрондық сауда-саттықтың қарқынды дамуы жағдайында сақтандыру жүйесіндегі құқықтық мәселелерді шешу шеңберінде Интернет-сақтандыруды дамытуға және оны нормативтік-құқықтық регламенттеуге деген қажеттілік бар” [41, 4 б]. Сонымен қатар, мемлекеттің әлеуметтік қызметіне ықпал ететін заңнаманың бірі, қаржы заңнамасы екендігі белгілі: “Қаржы заңнамасы отандық қаржы нарығының дамуы мен жұмыс істеуі үшін қолайлы орта жасауды, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары қорғалуын қамтамасыз етуге, қаржы ұйымдары қызметіне тең құқылы жағдай жасауға және қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға ықпал етуге тиіс.
Бұл ретте, әлемдік, сондай-ақ отандық экономиканың даму үрдістерін ескере отырып, қаржы заңнамасының басымдығы банктердің қаржылық тұрақтылығының мониторингіне, ықтимал тәуекелдерді бағалауға, икемді реттеу режимін қалыптастыруға, банктер қызметіндегі проблемалық мәселелерге жедел әрекет етуге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына қадағалау жүйесін әлемдік стандарттарға барынша жақындатумен байланысты болуы керек” [41, 4 б].

Біздің ойымызша, жоғарыдағы тұжырымдамада әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың басты бағыттары айқындалып,  белгіленген. Еліміздегі әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының біріне, зейнетақы саясаты жатады дейтін болсақ, Қазақстанда жинақтаушы зейнақы жүйесі енігізілген болатын. Әлемде зейнетақы жүйесінің екі бағыты айқындалған: 1) жалпы бөлуші (солидарлы); 2) жинақтаушы. Әрине екі жүйенің өзінің ұтымды тұстары мен жеткіліксіз қырлары бар. Германияның тәжірибесін мысалға келтіре отыра, А.Абрахманова ол туралы былай дейді: “Социальная политика Германии, которой уже  более ста лет, основывается в основном на перераспределении. Распределительные пенсионные  системы основаны на том, что государство заставляет граждан трудоспособного возраста содержать пожилых людей, для чего облагает налогом зарплату и перераспределяет средства от работающих к пенсионерам. Это означает, что  допускается принудительное лишение граждан  части их имущества или неимущественных прав с последующей  передачей другим гражданам (в частности, путем налогообложения) с помощью государственного  насилия. На первых порах это действовало, так как чем богаче становилась страна, тем выше становился  стандарт населения.

Однако стимулы влияют на поведение людей. Если в стране платят за бедность, болезни и старость, то население через некоторое время становится бедным, больным и старым. Повышение  уровня жизни населения здесь, также как и везде в Европе, ведет к старению населения, и все  больше средств приходится направлять на пенсии. Разумеется, это бремя ложится на граждан в  виде увеличения налогов. Так, если еще шестидесятые годы государство изымало из зарплаты работающих на социальную защиту четверть заработка, то сегодня изымает налогами половину” [27, с 185]. Көріп отырғанымыздай, бұл жүйеде мінсіз тиімді жүйе емес екен. Сонымен қатар, әлемдік елдердің басым көпшілігінде қолданылатын тағы екінші жүйе бар,  оны да жоғарыдағы автор былай деп атап өтеді: “Так, в англо-американской модели применяются несколько иные механизмы социального  обеспечения. Здесь большая роль отводится  социальному страхованию. Если рассмотреть на примере пенсий по старости, то здесь используется модель накопительного  счета на старость в фонде, который каждый имеет право (и риск) выбирать сам. Это значит также, что  больничные, отпускные, величина пенсии в старости не равны для всех, а зависят индивидуального от  трудового вклада и от величины индивидуальной зарплаты. Это, с одной стороны, способствует четкой  адресности, точечности государственной  поддержки сирых и убогих, с другой стороны, не будет препятствием на пути развития человеческой активности” [27, 185 б]. Міне, көріп отырғанымыздай, екі жүйенің де жақсы және тиімсіз қырлары бар. Қазақстан Республикасы бұл бағытта екі жүйенің де тиімді тұстарын алуға ұмтылуда.

Жалпы әлемдік тәжірибеде әлеуметітк мемлекетті қалыптастырудың бірнеше ғасырлықты тәжірибесі бар екендігін жоғарыда айтқан болатынбыз. Әлеуметтік саясатты қалыптастыруды кезіндегі Пруссияның канцлері болған  О. Бисмарк тарихта алғашқылардың бірі болып қолға алған болатын. Оның әлеуметтік саясаты туралы Г.В. Малинин мен В.Ю. Дунаев былай дейді:                  “О. Бисмарком была разработана социальная политика, вошедшая в историю под названием “социального маневрирования”. В ней были реализованы патриархальные представления о помощи неимущим и принята серия социальных законов: закон о страховании на случаи болезни (18831884 гг.), закон о страховании  от несчастных случаев (1884-1885 гг.) и закон о страховании в связи со старостью и инвалидностью (1889-1981 гг)” [25, с 39]. Міне осыдан басталған әлеуметітк саясат тәжірибесі осы күнге дейін жалғанып келе жатыр. Әлем елдерінің көпшілігі әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруда әр түрлі бағыттар ұстануда. “Егер әлеуметтік мемлекетті орнықтырудың шетел тәжірибесіне жүгінер болсақ, олардың өз конституцияларында әлеуметтік  қағидасын қандай да бір түрде орнықтырудың өзіндік себептері түрткі болды. Әлеуметтік мемлекет идеясы мен формуласының алғаш рет Батыс елдерінде пайда болғандығын жоғарыда қысқаша айтып кеткенбіз, енді осы әлеуметтік мемлекет формуласының Батыс Европа мемлекеттерінің конституцияларында қалайша көрініс табатындығын қарастырдық. Олардың бүгінгі таңдағы конституцияларында мемлекеттің әлеуметтік бағдары түрліше көрініс табады. Айталық, Германия Федеративтік Республикасы Конституциясының                         20-бабының 1-тармағы Герман Федеративтік Республикасы демократиялық және әлеуметтік федеративтік мемлекет болып табылады деп жариялайды. Осындай бағыттағы үлгіні Францияның (2-баптың 1-тармағы), Испанияның              (1-баптың 1-тармағы), туркияның (2 бап) конституциялары қабылданған, ал Данияның (75 — бап), Грецияның (1975 ж. қабылданған Конституциясының            21-бабының 2 және 3-тараулары), Италияның (2-4 баптары), Нидарландының (18 бап), Швецияның (1 қаңтар 1975 жылғы редакциясындағы басқару туралы Заңының 1-тарауының 2-бабы) Конституцияларында болса әлеуметтік мемлекеттің мақсаттары жайында әр түрлі көрсетіледі. Ұлыбритания, Норвегия, Австрия және Швейцария сияқты елдерде игілікті тұрмыс мемлекетінің формуласы қолданылады”  [26, 79 б]. Көріп отырғанымыздай, конституциялық деңгейде әлеуметтік мемлекет мәселесі әр қырынан шешілген. Бұл жалпы әлеуметтік мемлекеттің мойындалған бір бағыттағы үлгісінің жоқ екендігін көрсетеді. Сондықтан да, қазақстанда өзінің экономикалық әлеуметтік мүмкіндігіне сәйкес әлеуметтік мемлекетті дамыта беру қажет.

Біз жоғарыдағы құқықтық саясат тұжырмдаманы саралай келгенде, Қазақстан Республикасы өзінің әлеуметтік қызметін жүзеге асыруда, мынандай бағыттарды негізге алу қажет деп санаймыз:

Біріншіден, Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретіндегі бағдарламалық ұзақ мерзімдік тұғырнамасын жасау қажет;

Екіншіден, осы тұғырнаманың негізінде конституцияда белгіленген әлеуметтік мемлекет қағидасын нақты ағымдағы заңнамаларды одан әрі жүзеге асыру керек;

Үшіншіден, қоғамның әлеуметтік қорғауға мұқтаж тобының әлеуметітк жағдайын шынайы көтеруге бағытталған мемлекеттік шараларды жүзеге асыру керек.

Қорыта келгенде айтарымыз, құқықтық саясат тұжырымдамасы Қазақстанда әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруды іргелі сатыға көтеретін құжаттардың бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Диплом  жұмысын жазу барысында біз келесідей қорытындыларға келдік:

. Әлеуметтік мемлекет ХІХ ғасырларда өмірге келген қоғамды дамыту мен реформациялаудың негізгі идеясы болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қоғамда орын алған қоғамдық мұқтаждықтарды шешудің негізгі жолы болып табылатын мемлекет.Әлеуметтік мемлекет қоғам өміріндегі адамдардың әлеуметтік қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын шешуге бағытталған мемлекеттік шараларды конституциялық құқықтық негізде бекіткен және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету шараларын бекіткен мемлекеттік бір түрі болып табылады.Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру процесі бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқан үрдістің бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан жағдайында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру үшін біз қоғамның әлеуметтік мүмкіндігі жоқ топтарының жағдайларын одан әрі жетілдіре түсіуіміз керек. Атап айтқанда, мүгедектер мен зейнеткерлердің төлем ақыларын одан әрі арттыру және отбасын асырауға толық мүмкіндігі жоқ шектеулі тұлғалардың көмек ақыларын одан әрі арттыру, сонымен қатар қоғамдық әлеуметтік индикациялық факторды одан әрі жетілдіруді қолға алу қажет.Қазіргі кезеңде әлемдік деңгейде әлеуметтік  мемлекетті қалыптастыруда туындап отырған соңғы кезеңдегі қиындықтардың негізгі себебі ретінде әлемдік экономикалық дағдарысты атауға болады. Экономикалық дағдарыстың салдарынан көптеген еуропалық елдер әлеуметтік жеңілдіктерді қысқартуға мәжбүр болды. Кейбір елдерде зейнет жасын ұлғайту мәселесі де қарастырылып жатыр. Сондықтан әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудаэкономикалық фактордың шешуші ықпалы бар екендігін мойындай отыра, халықтың әлеуметтік жай-күйінің төменгі деңгейін бекітетін құқықтық құралдарды одан әрі жетілдіре түсу керек.Алдына қойған мақсатты шешудің толықтылығы.Әлеуметтік мемлекетке қатысты мақалаларды, монографиялық еңбектерді, оның ішінде елміздің ғалымдарының еңбектерімен қатар, Ресейлік ғалымдардың да еңбектерін кеңінен тарта отыра, өзінің ғылыми қорытындыларын жасады. Қазіргі таңдағы көптеген мемлекеттердің Конституциясында бекітілген (еңбек етуге, тынығуға, түрғын үйге, әлеуметтік сақтандыруга, еңбекті қорғауға, медициналық көмекке, білім алуға және т.б. құқықтар) көптеген әлеуметтік кепілдіктер не қамтамасыз етілмейді, не қысқартылған түрде жүзеге асырылады. Көпшілік жағдайда адамдардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік қорғалу деңгейінің төмендігі мемлекеттің әлеуметтік саясатына 9тымды ықпал ететін шынайы әлеуметтік субьектілердің (мемлекеттік құрылымдардан басқа) әлі де калыптаспағандығы себеп. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің мемлекеттің әлеуметтік базасы – бүкіл тұрғындар, барша халық. Демек, әлеуметтік-әкономикалық көзқарас тұрғысынан да кайсыбір тап емес, халық қана қоғамның бірден-бір әлеуметтік субъектісі болып табылады. Сондықтан қалыптасушы мемлекетті әлеуметтік мемлекет деп толық сеніммен айтуға болады. Мұның қосымша дәлелі Конституцияның таптық құндылыққа емес, халыкаралық құқықтың баршаға мәлім жалпы адамзаттық құндылыққа бағытталуы болып табылады.

 Диплом жұмысының нәтижелерін нақты қолдану туралы ұсыныстар  :

  1. Қол жеткізген ғылыми нәтижелерін мемлекет теориясының өзекті мәселелерін одан әрі зертетуде, атап айтқанда мемлекеттің негізгі қызметтері мен оның бағытын айқындауда қолдану өте теориялық негізді болып табылады;
  2. Еліміздің жоғарғы заң оқу орындарында шетелдердің мемлекет және құқық тарихы; Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы; халықаралық жария құқық; шетелдердің конституциялық құқығы, т.б. пәндерден сабақтаржүргізуде, оқу бағдарламаларын әзірлеуде, оқулықтар дайындауда қолдану ұсынылады.

Диплом жұмысының қорытындыларын тәжірибеге енгізудің тиімділігі.  Диплом жұмысының негізгі қорытындыларын Қазақстан Республикасының әлеуметтік заңнамасын одан әрі жетілдіру ісінде қолға алуға болады.

Дипломдық жұмыста қол жеткізілген нәтижелерді Қазақстан жағдайындағы әлеуметтік мемлекеттік қалыптастыруға қаысты жүргізіліп жатқан ғылыми тұжырымдарды одан әрі байыта түсуде пайдалануға болады.Қол жеткізілген нәтижелерді осы бағыттағы басқа да нәтижелермен салыстыру. Дипломдық жұмыста көтеріп отырған мәселелер атап айтқанда әлеуметтік мемлекетке қатысты С.Н. Сәбикенов, Т.А. Ағдарбеков, А.С. Ибраева, С.З. Зиманов, С.С. Сартаев, З.Ж.Кенжалиев, А.М. Қаратаева т.б. еңбектерінде сөз етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

  • Байтин М.И Сущность и основные функции социалистического государства. — Саратов,  – С. 190-234.
  • Философиялық сөздік / Редкол: Нұрғалиев Р.Н., Ақмамбетов Ғ.Ғ., Әбділдин Ж.М. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. – 525 б.
  • Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 264 б.
  • Ағдарбеков Т.А. Құқық және мемлекет теориясы. – Қарағанды: Болашақ-баспа, 2002. – 320 б.
  • Гойман-Черванюк В.И. Очерк теории государства и права в 2-х частях. Теория государства. – М., 1996. – Ч.1. – 556 с.
  • Пахоленко Н.Б. От тоталитаризма к демократии: о функциях государства в переходный период / Политические проблемы теории государства. – М., 1993. – С. 29-33.
  • Теория государства и права. Учебник для юридических вузов и факультеты / Под ред. В.М. Корельского и В.Д. Перевалова. – М., 1998. – 658 с.
  • Мазаева Е.С. Социальная функция современного Российского государства: дисс.. на соис. канд. юр. наук.: 12.00.01. – Нижний Новгород, 2001. – 160 с.
  • Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998. — 256 б.
  • Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 464 б.
  • Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: (оқу құралы). – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 96 б.
  • Чиркин В.Е. Современное государство. – М.: Междунар. отношения, 2001. – 416 с.
  • Общая теория государства и права. Академический курс в 3-х томах. Изд. 2-е перераб и доп / Отв. ред М.Н. Марченко. – М.: Зерцало-М, 2002. – Т. 1. – 528 с.
  • Гоббс Т. Основы философии. Часть третья. О гражданине // Теория государства и права: Хрестоматия: В 2 т. / Сост. В.В. Лазарев, С.В. Липень. – М.: Юристъ, 2001. – Т.1. — С. 278-280.
  • Монтескье Ш.Л. О духе законов // Теория государства и права: Хрестоматия: В 2 т. / Сост. В.В. Лазарев, С.В. Липень. – М.: Юристъ, 2001. – Т.1. — С. 280-281.
  • Кант И. Метафизика нравов // Теория государства и права: Хрестоматия: В 2 т. / Сост. В.В. Лазарев, С.В. Липень. – М.: Юристъ, 2001. – Т.1. — С. 282-283.
  • Гегель Г.В.Ф. Философия права // Теория государства и права: Хрестоматия: В 2 т. / Сост. В.В. Лазарев, С.В. Липень. – М.: Юристъ, 2001. – Т.1. — С. 283-289.
  • Сорокин П.А. Эффективность деятельности государства // Хропонюк В.Н. Теория государства и  права: Хрестоматия / Учебное пособие. – М., 1998. —  С. 341-342.
  • Шершеневия Г.Ф. Задачи государства // Хропонюк В.Н. Теория государства и  права: Хрестоматия / Учебное пособие. – М., 1998. —  С. 346-350
  • Менделеев Д.И. Функции правительства (единство правительств и его значение: первичные и вторичные функции правительства) // Хропонюк В.Н. Теория государства и  права: Хрестоматия / Учебное пособие. – М., 1998. —  С. 198-200.
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 136 б.
  • Конституция Республики Казахстан. Научно-правовой комментарий / Под ред. Г.С. Сапаргалиева. Изд. 2-е, испр и доп. – Алматы: Жеті жарғы. — 2004. — 584 с.
  • Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жаргы, 1996. – 368 с.
  • Конституционное право Республики Казахстан. Учебник / Сост.                 А.Т. Ащеулов. – Алматы: КазГЮА, 2001. – 656 с.
  • Малинин Г.В., Дунаев В.Ю. Человек и социальное государство. – Алматы: Институт философии и политологии МОН РК, 2005. – 235 с.
  • Даулетбаев С.С. Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері // Проблемы становления правового государство и конституционный процесс в Республике Казахстан: Материалы республиканской научно-теоретической конференции, посвященной 70-летию академика НАН РК М.Т. Баймаханова. – Алматы: Норма-К, 2004. – 78-80 бб.
  • Абдрахманова А. Проблемы формирования социального государства //  Вестник КазНУ. Серия юридическая. – Алматы. — — №1 (29). – С. 184-186.
  • Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 368 б.
  • Әбсаттаров Р. Әлеуметтік мемлекет: мәнімен анықтамасы //’Акикат. — 2004. — №5.- 40 —  42 бб. 
  • http://www. kaz. gazeta.kzf 2011 жылга арналган азаматтык когамды дамыту тұжырымдамасы бекітілді
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы халыққа жолдауы.«Жаңа онжылдық — Жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 2010. − 18 б.
  • Всемирная энциклопедия: Философия. / Гл. ред. Грицанов А.А. — Москва, 2001. – 998 с.
  • Stein L. Von Geschichte der Sozialen Bewwegung in Frankreich vom 1789 bis auf unsere Tage. 3bd. Leipzig, 1850 / По статье іашникова С. «Фунциональная структура социального государства» // Человек и труд. — 2002. — № 6. – С. 31 – 34.
  • Маркс К, Энгельс Ф. Шығ. — М., 1974. — 1 Т. — 242 б.
  • Социальное государство. Сущность и генезис // Человек и труд. — 1998. — №5. — 25 б.
  • Цели социального государства: содержание и развитие в реалиях Конституционного суда // Юрист. Справочная система.
  • Ким В. Л., Ким В. Г. Конституционный строй РК. Алматы, 1998. 81—82 б.
  • Арановский К. В. Государственное право зарубежных стран. Москва, 2000. – 289 с.
  • Протасов В. И. Теория права и государства. М.: Юрайт, 2001. – 321 с.
  • Новгородцев П.И. Кризис современного правосознания. — М., 1999. — 344 с.
  • Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы №858 Жарлығы // Заң газеті. – 2009. — 25 тамыз. – 2-6 бб.