АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Дуалаған-ау!?»: Шымкенттегі базар өртенген кезінде түсірілген ВИДЕО пайда болды[:]

[:kz]

 

 

Шымкенттегі «Бекжан» сауда орталығының маңындағы автотұрақтан өрт шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өрт шыққан сәт түсірілген видео «smotra_shymkent» instagram парақшасында жарияланды. Видеоны көрген желі белсенділері болса, «Осы «Бекжанды» дуалаған-ау, өртене береді», «Осы базардың бағы ашылмады ғой», «Бекжаннан басқа өртейтін жер жоқ па, түсінбеймін, осы ше…», «Қашан қарасаң өртеніп жатады», «Неге осы Бекжан базарда өрт шыға береді екен?», — деп әлгі жерде өрт оқиға жиі болып тұратындығынан хабардар екендігін байқатты.

Айтпақшы, видеодан аспанға көтерілген көк түтінді байқауға болады.

Ал Шымкент қалалық  ТЖД өкілдері: «Өртті сөндіруге 70 өртсөндіруші мен 24 дана техника жұмылды. Өрттің аумағы 280 шаршы метрге жеткен. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт шамамен сағат 15.40-да сөндірілді. Себебі анықталып жатыр», — деді.

 

 

[:]