АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ішімдікке сылқия тойған Нұр-Сұлтан тұрғыны көліктерге пышақ ала жүгірген (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтанда ішімдікке сылқия тойып алған ер азамат көшеге шығып, көліктерге пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға 8 маусымда орын алған. Ер азаматтың ерсі қылығы бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты. 

«Абай даңғылы мен Янушкевич көшесінің қиылысында ер азамат көшеде өтіп бара жатқан көліктерге пышақ ала жүгірген. Ол пышағын қайрап алып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Полицейлер күдіктіні тұтқынға алды», — делінген ресми хабарламада. 

Қазіргі таңда ер азамат Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Ұсталған азамат 29 жастағы елорда тұрғыны екені анықталған. Заттай айғақ ретінде қайрақ пен пышақ тәркіленіпті.

Аталған жайтқа қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

[:]