АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дүмше емшінің құрбаны: 3 жасар қыздың ішінен 7 ине шықты (фото)[:]

[:kz]

Балгер 3 жасар қыздың ішіне 7 инені сұғып жіберген, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

 

Дәрігерлер кішкентай қызды рентгенге түсіріп, кескіндемеден оның ішінде 5 сантиметр болатын 7 ине тұрғанын анықтаған.

 

Оқиға Батыс Бенгалияда болған көрінеді. Қыз бала Калькуттадағы ауруханаға қолы сынған күйде жеткізіліпті. Инелерді баланың ішінен алып шығу үшін дереу ота жасалған.

 

 

Белгілі болғандай, кішкентай балаға қара магиямен айналысатын балгер инелер сұққан.

 

Анасының айтуынша, бұл инелер баланың іш-құрылысында 15-20 күндей болған екен.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөзінің мәлімдеуінше, балаға анасы қызмет ететін үйдің қожайыны қол көтеріп, ол содан кейін ғана ауруханаға жеткізілген.

 

Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды. Анасының қожайыны болып табылатын қара магиямен айналысатын 50 жастағы балгер күдікке алынып, баланың денсаулығына зиянын тигізгені үшін қамауға алыныпты.

 Alashainasy.kz

[:]