[:kz]
Қазақстан президенті коронавирусқа қарсы күрес жағдайы жақсармаса, үкіметте кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
«Қазақстан Президенті: Бұл мәселеге қатысты Үкімет тарапынан да өрескел қателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек. Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмыс бітіріп жатыр?» — деді президент.
Бұған қоса ол денсаулық сақтау министрлігінен де қателіктер кеткенін атап өтті.
«Келесі маңызды міндет–толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету. Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде бірқатар өрескел қателіктер жіберді. Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ.Үкімет те бақыламады», — деді президент.
«Ағымдағы ахуал екі аптадан кейін түзеледі деп үміттенемін. Олай болмаса, үкіметтің осы құрамдағы жұмысы туралы мәселе туындайды», — деді Тоқаев.
[:]