АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ЕКІ БАЛАНЫ ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН БАТЫР ЖІГІТ АБЫЛАЙ[:]

[:kz]

 

 

 

Бұл туралы  инстаграм қолданушысы   batyr_bloger  өз парақшасында былай деп жазды 

ЕКІ БАЛАНЫ ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН БАТЫР ЖІГІТ АБЫЛАЙ✊
Бүгін Алматыда сұмдық оқиға болыпты. Орталық цирктың жанында екі бала аяғын фонтан суына салмақ болған сәтте тоққа түсіпті. Оларды құтқарам деп жанұшыра жүгірген аналары да тоқтан теміpге жабысып қалған. Оқиғаның куәгері болған Үкілай Бестай ханымның жазбасынан үзінді келтірсем:
.
Бүгін орталық цирк алдындағы фонтон жанында балмұздақ жеп, балалармен демалып отырғанбыз.

Бір уақытта кішкентай 2 қыз аяқ киімдерін шешіп, аяқтарын суға салмақшы болып отырған.

Әп-сәтте байқамай қалдым, екі қыз ортадағы темірге қадалып қалды. Оларды шығарам деп анасы жабысып қалды. Дыбыстары да шықпай, серейіп қалғандарынан ток ұрғанын ұқтым.

Тезірек жанымдағы адамдарды шақырып, көмектесіңдер дедім. Мен сияқты ешкімнің жүрегі дауаламады.

Сол кезде осы Абылай деген жігіт өзін ток соғып жатса да, кезек-кезек оларды судан шығарды.

Үшінші қызды ересек азамат шығарды. Себебі ток ұра бергеннен Абылай да әлсіреп қалды.

Бірінші қыз тез есін жиды. Екінші қызды бірден шөптің үстіне жатқызып, кеудесінен басып есін жиғыздық.

Олардың анасын асфальттің үстінде кеудесін басып есін жиғызған еді, кейін қайтадан көгеріп кетті. Сонда да осы Абылай және видеодағы азамат соңына дейін анасы мен қызының өмірі үшін күресін тоқтатпады.

Үшінші аман қалған қыз Талдықорғаннан келіпті, анасының құрбысы лагерден алып 4 баланы қыдыртып жүрген екен. Жазым деген аяқастынан деген осы. Қатты шок алдық. Анасы аман қалса екен деп тілеп отырмын🤲🏻
.
PS: Алматы қаласының әкімдігі мынау не сұмдық?! Тапа-тал түсте қала орталығында тоққа түсіп қалу деген масқара ғой😱

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Батырдың парақшасы🤵 (@batyr_bloger)

[:]