АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Екі бүйрегі бірдей істемей қалған талдықорғандық азамат көмек сұрайды[:]

[:kz]

 

Екі бүйрегі бірдей істемей қалған талдықорғандық Жасұлан Ғалымов халықтан көмек сұрайды. 39 жастағы азаматқа бір бүйрегін ауыстыру үшін 25 мың доллар қаражат керек екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюроға” сілтеп хабарлайды.

Қазір Жасұланның өмірі осы гемодиалез апаратына тәуелді. Ол аптасына үш рет денесіне тараған зәрді құрылғының көмегімен шығарады. Қос бүйрегі бірдей істемегендіктен қан қысымы 230  -ға дейін көтеріліп, жаны қатты қиналатынын айтады. Ағайын-туыстың көмегімен отаға қажетті қаражаттың жартысын тапқан. Қалған ақшаны енді амалдың жоқтығынан халықтан сұрауға мәжбүрмін дейді. 

“Белоруссияда бір бүйрек 65 мың доллар жасатқаны ғана, Пәкістанда бір бүйрек жасатқанымен 45 мың доллар болады. Бала-шағам бар, бір балам бар. Қалған қаражат 25 мың доллар жетпей тұр. Халқымнан көмек сұраймын. Гемодиалез де оңай емес, давление бәріне әсер етеді. 230-  ға дейін көтеріледі давлением. Сол халқымнан көмек сұраймын, жәрдем берсе”, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Жасұлан Ғалымов. 

 

Көмек қолын созамын деуші жаны жмарт жандардарға реквизиттер: 

Жасұлан Ғалымов: 
ХАЛЫҚ БАНК: 4390 8782 8634 1895
КАСПИ ГОЛД: 8 705 144 44 21

[:]