АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Екінші Мейрамбек»: Еден жуып жүріп ән салған балақай көпшілікті таңғалдырды (видео)[:]

[:kz]

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде еден жуып жүріп ән салған балақайдың видеосы тараған болатын. Кейін «1001 түн» бағдарламасы желіде танымал болған баланы тауып, бағдарламаға қонаққа шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқын Ойраттың желіде еден жуып жүріп, өлең айтқан видеосы таралып кеткен. Алайда ол ән айтуға ұялатынын жеткізді. Бағдарлама жүргізушілерінің айтуынша, Жарқынның әкесі — жылқышы. Өзі отбасыдағы бес баланың екіншісі. «Сахнаға шыққанда өзімнен өзім қобалжимын. Мен Рамазан Стамғазиевке ұқсағым келеді. Мен домбыра шертемін. Үйірмелер жабылып қалды. Әкемнің орындалмай кеткен арманы бар. Ол да мен секілді әнші болғысы келген», — дейді Жарқын Ойрат.

Айта кетейік, желі қолданушылары Жарқынның желіге тараған видеосын көріп, «Екінші Мейрамбек» деп атап кеткен еді. «Қандай таланты бала», «Талант бар, таныс жоқ», «Өнерің өрге жүзсін», «Екінші Мейрамбек қой» деп пікір білдірген болатын.

kaz.nur.kz

 

[:]