АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елдің талқысына түскен тақырбас келін ана атанды[:]

[:kz]

Жаз айында дүркіретіп той өткізіп, елдің талқысына түскен тақырбас келін ана атанды.

Жәния MAKVIN лақап атымен шыққан Нұрболат Базарбаевтың әйелі. Ол «Қазақстан дауысы» және «Хочу к Меладзе» жобалсы арқылы танылған әнші.

Сәбилі болғанын Нұрболат Базарбаевтың әйелі Жәния мәлімдеді. Ол баласымен түскен суретін желіге жүктеді.

“Бізге бір күн болды”, – деп жазды Жәния желіде.

Желі қолданушылары жас ананы құттықтап, тілегін жазды.

“Бауы берік болсын, денсаулығы мықты болсын”, “Ана бақыты бұйырғаны үшін қуаныштымын”, – деп жазды желі қолданушылары.

Әлі де тақырбас күйінде жүргені үшін сынға алғандар болды.

“Ана атанғаныңды шашыңды өсіріп, орамал тағатын шығарсың енді”, – дейді бірі.

Әнші жұртты ерекше шаш үлгісімен таңғалдырған қалыңдығы туралы айтып берген еді.

 

Источник: Stan.kz

[:]