АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Павлодардың қарын мұғалімдер тазалайды [:]

[:kz]

Түркістан облысында оқушылар арасындағы қатыгездік қоғамдық резонанс тудырған-ды. Әркім оның шығу себебін өзінше айтты. Түрлі байлам жасады. Біздіңше мұғалімдердің еңбегі өз деңгейінде бағаланып, тек білім берумен айналысса көптеген мәселелр туындамас еді. Алайда мектеп ұстаздары әкімдердің қара жұмысшысына айналғалы қашан. Мәселен қары қалың түсетін солтүстіктегі Павлодар қаласының қарын мектеп мұғалімдері күрейді екен.

Павлодар қаласыда көшенің тазалығына мұғалімдер жауап береді екен. Бұл туралы шаһардың әр тұсында ақпарат жазылып ілінген тақтайшалардан білуге болады. Павлодар әкімі Әнуар КҮМПЕКЕЕВTotal.kz сайтының тілшісіне осы тақырыпқа орай сұхбат берген екен. Кездесуде қала басшысы ұстаздардың көше сыпырмайтынын, тек мектеп ауласында ұйымдастырылатын сенбіліктерге қатысатынын айтқан. Яғни, мұғалімдер шарбақпен қоршалған аумақты ғана таза ұстап отыруға тиіс. Алайда,іс жүзінде жағдай басқаша екен.

Total.kz сайтының тілшісі ұялы телефондағы арнайы қосымшаның көмегімен тақтайшалар мен мектептердің арақашықтығын өлшеген екен. Нәтижесінде ешқандай жеке сектор мектеп территориясына жақын орналаспағандығы анықталды. Осы мәселеге қатысты, қала әкімдігі жауап берген. «Бұл тек бақылау үшін жасалынып отырған әрекет», — деді атқамінерлер. Яғни, мұғалімдер өздеріне бекітіліп берген аумақты тазалауға міндетті емес. Қағазбастылықтан бас көтере алмай жүрген педагогтар бос уақыттарында жергілікті тұрғындармен кездесулері тиіс. Үй — үйлерді арала, көпшіліктен айналасын таза ұстауды сұрауы керек екен.

Аталмыш мәселеге қатысты  Total.kz сайтының тілшісі  бұрын мектеп директоры болған, қазіргі күні  мәжіліс депутаты Ирина СМИРНОВАНЫҢ пікірін білген.

«Бұл барып тұрған заңсыздық. Жергілікті шенеуніктер өз қызметтерін асыра пайдаланып отыр. Мұғалімдер өзге біреу ластап кеткен жерді тазалауға міндетті емес. Оның үстіне әр ұстаз өзін сыйлауы керек. Заң бойынша өзіңе тиесілі емес жұмысты атқармауы керек», — дейді депутат.

Мәжіліс депутаты «ұстаздардың статусына» қатысты қабылданатын заң жобасына иек артып отырғанын жасырмайды. Арнайы бекітілген заң мұндай олқылықтарды жоюға көмектеседі деп отыр.

«Мұғалімдерді заңсыз жұмысқа жегетін шенеуніктер заң аясында жазалануы тиіс. Яғни оларға әкімшілік іс қозғалып, шара қолданылып мұндай олқылықтармен тиімді күресуге болар еді. Өзінің құқығы тапталған ұстаздарға заң араша болуы қажет. Мұғалімдер арызынан кейін, нақты өзгерістер болуы керек», -дейді Ирина Смирнова.

Айта кету керек, Павлодардағы кейбір мемлекеттік мекемелерге де тазалықты бақыла деп міндеттелген көшелер бар. Бірақ олардың басым көпшілігі орталықта орналасқандықтан, арнайы тазалық мекемелері көгалдандырумен айналысады.

Фото: molbuk.ua

 

zhasalash.kz

[:]