[:kz]
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауған жаңбырдың соңы қарға ұласады |
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады, деп хабарлайды метеоқызметтің дабылдық ескертуіне негіз жасай отырып Алматы төтенше жағдайлар департаменті. «28 сәуір – 1 мамыр Алматы облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жер соғады. 30 сәуір – 1 мамырда таулы және тау маңындағы аудандарда қарлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. 30 сәуір—1 мамырда түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 2 градус аяз болады», — делінген хабарламада. Жамбыл облысының аумағында 28 сәуірде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Түнде таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жауын-шашын мол түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні күшті болады. 29-30 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 3 градус аяз болуы ықтимал. Күндіз 9-14 градусқа дейін жылы болады деп болжанып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында 28 сәуірде мол жауын-шашын түсіп, сенбіге қараған түні қарға ұласады. Кей жерлерде найзағай түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 28-30 сәуір түнде жердің беткі қабаты қатады деп күтілуде.
[:]