АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]..Ентелеп, анталап, хайп қудық…[:]

[:kz]

 Сайлаубекті «әнші», Ахметбекті» саясаткер» қып, ізінен еріп кетуге дайын болдыңыздар. Шырын Нарчаеваның бөксесін көруге асығып, оны «жұлдыз» қылдыңыздар. Кім қатты күлдіреді, кім қатты бүлдіреді, әйтеуір, соның парақшасына жазылып, ентелеп, анталап, хайп қудық.

Өтірік емес. «Телеарнада түк жақсы бағдарлама жоқ» дегендердікі » нормальный қыз жоқ» деген жігіттердің әңгімесіне саяды. Іздейтіндеріңіз шетелдік музыка, көретіндеріңіз гениальный шоумен, вайнерлердің ойыны, «Қалаулымның» туын көкке желбіреттік. Обшым жағдай осылай!

Енді әлгі Шырын шетелге кетеді екен деген әңгіме тарапты. Кетсін, жетсін. Бірақ сол жақта отырып, ұлттық құндылықтарымызды өзгеге мазақ қылмасына кім кепіл?! Бізді «Бораттың елі» деп танитын кейбір шетелдіктер үшін бұл ең олжалы жаңалық қой.

Қысқасы, жаманды емес, жақсыны насихаттайық. Хайп қуып, оның атағын аспанға шығарғаннан опа таппаймыз.

Түн тыныштығын берсін!

facebook.com парақшасынан

Ғалия Шаудырбаева 

[:]