АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ер азамат халқын коронавирустан құтқару үшін тілін құрбандыққа шалды[:]

[:kz]

Үндістанның 24 жастағы тұрғыны өз халқын коронавирус індетінен құтқару үшін үндістердің Кали құдайына тілін кесіп, құрбандық жасады. Ер азамат осылайша өзінің құдайға деген сенімі мен адалдығын көрсеткісі келіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Daily Mail басылымы жазыпты. 

Вивек Шарма есімді тұрғын Суйгамдағы индуистердің ғибадатханасында тас қалаушы болып жұмыс істейді екен. Әлемде орнаған коронавирус ахуалына байланысты ол Кали Мат құдайына деген сенімін білдіріп қана қоймай, өз халқын кеселден құтқару үшін тілін құрбандыққа шалуды жөн көріпті. 

Вивектің әріптестері оның дінге берілген адам екенін білген сыңайлы. Алайда оның дін жолында осындай қадамға баратыны жайлы үш ұйықтасақ та түсімізге кірмеген еді дейді олар. Бір күні Вивек әріптестерімен қоштасып, қайтып оралмайтынын айтыпты. Бұған алаңдаған оның таныстары ер азаматтың ағасына хабар беріпті. 

Ақыр аяғы полицейлер Вивекті қаладағы ғибадатханалардың бірінің алдында кесілген тілін қолында ұстаған күйі ессіз жатқан жерінен тапқан. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер кесілген тілді қайта тігіп беріпті. Қазіргі таңда онымен психологтар жұмыс істеп, оның бұл қылыққа не үшін барғанын тәртіп сақшылары анықтауда. 

[:]