[:kz]
Көпшілікке жаңа образын көрсеткен Мадина Сәдуақасованы жұрт сынап тастады. Тыңдармандар әншіні талғаммен киінуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Білмеймін неге екенін, осы Топжарғандағы (ред — бағдарлама атауы) бүкіл киген киімім, өзімнен басқа ешкімге ұнамайтын сияқты», — деп жазды Сәдуақасова.
Әншінің киім үлгісіне баға берген желі оқырмандары тірлі пікірлерін қарша боратты.»Онша емес», «Кешіріңіз, талғамыңыз төмендеп кетіпті», «Қарақат, Тамара, Айнұрдың иығын ашып немесе купальникпен жүргенін көрмедім. Құрбыларыңыздан үлгі алыңыз», «Жасыңызға сай киіну керек, əншілерге бəрі жарасады деген кағида жоқ», «Мүлде жарасып тұрған жоқ», «Маған ұнамады», «Толып кетіпсіз», «Супер емес, ұят қой! Әдемі киініп, жарқырап жүрмейсің бе», — деген пікірлерін қалдырды.
[:]