[:kz]
Журналист әрі «Қалаулым» бағдарламасының жұлдызы Айдос Игіліков қазақстандықтарды Геннадий Головкинге жанкүйер болмауға шақырды. Сондай-ақ, Айдос әлемдік футбол жұлдыздарын пір тұтуды да тоқтату керек деп есептейді. Журналистің мұндай шешімге келуіне жақын жолдасының басындағы жағдай себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бірақ сол Головкиннің жеңісіне бәс тігіп, 800 мың теңгесінен айырылған адамды көрдім. Ол сол ақшаны қарызға сұрап, бәс тікті. Ал Геннадий жеңіліске ұшырап, әлгі танысым тақырға отырды.
Әлемдегі букмекерлік бизнес наркобизнестен де жоғары тұр. Сондай-ақ, спортшылар сол букмекерлік конторалармен келісімде болады. Сол себепті, ақылымызды босқа шашпай, бәс тігуді доғарып, шектен тыс жанкүйер болудан сақтанайық», — дейді Айдос.
Сонымен қатар, Айдос әлемдегі футбол клубтарының да бұл салада еншісі көп екенін айтады.
«Жақында «Астана» клубы әйгілі «Манчестер Юнайтедті» ұтты. Мен мұны да келісілген, букмерелік кеңселердің көзірімен ойнатылған матч деп есептеймін.
Әлемдік футбол жұлдыздары да букмекерлік кеңселердің сойылын соғады. Сондықтан, бізге дереу жиналып, бәс тігуді тоқтату қажет.
Осының салдарынан қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсіп, қаншама жанұя сенделіп жүр. Барлығын шұғыл тоқтату қажет», — дейді Айдос Игіліков.
[:]