АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Гранаталар жарылып жатты»: Атамбаевтың үйіне екінші шабуыл басталды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Атамбаевтың жақтастары Бішкектегі митингті тоқтатып, Қой-Ташқа қарай келе жатыр.

Атамбаевтың үйін басып алу үшін екінші штурм басталды, деп жазады Zakon.kz akipress-ке сілтеме жасап.

Басылым хабарлағандай, сағат 16.20-да Атамбаевтың үйінде болған 500-дей адам Беш-Күнгей жаққа жылжыды. Олардың қолдарында қару жоқ, тек тас пен таяқ ұстаған.

Ал 16.23-те арнайы жасақ қайтадан шабуылға кірісті. Милиция Атамбаевтың үйіне граната лақтырды.

РИА Новости жеткізгендей, Атамбаевтың штабы экс-президентті жақтаушылар мен қарулы күштер арасында жаңа қақтығыс басталғанын мәлім етті. Атамбаевтың жақтастары Бішкектегі митингті тоқтатып, Қой-Ташқа қарай келе жатыр.

Қырғызстанның бұрынғы президентін жақтайтын Фарид Ниязов Алмазбек Атамбаевтың үйіне екінші шабуыл басталғанын растады.

«Атыс естілді. Гранаталар жарылып жатты», — деді ол.

Жарақат алғандар туралы Фарид Ниязов ештеңе айтпады.

sn.kz

[:]