[:kz]
Танымал ресейлік әнші Григорий Лепс өзінің концертінде ұятқа қалды. Интернетте жария болған видеода әншінің сахнада ән айтып тұрып қалай құлағаны анық көрінген.
“Мен бақыттымын” деген әнді орындап тұрған Лепс, сахнада фонограммаға ере алмай, шатасып қалады.
Әннің қайырмасына келген кезде ол оңға қарай ырғалып құлап кетеді. Сахна жанындағы күзетші жүгіріп келіп, әншіні демейді. Бұл кезде ән жалғаса берген. Алайда әнші біраз уақыт бөгеліп қалады.
Бейнематериалда концертті Дондағы Ростовта өткені, әншінің ол мезетте мас болмағаны айтылады.
stan.kz
[:]