[:kz]
Елордалық ауқатты тұрғын итін өзімен бірге шетелге әкете алмағандықтан, оған арнайы пәтер сатып әперген. Ал бір бөлмелі пәтерде жалғыз өзі тұрған итке көрші пәтердегі жақын туысы қарайласып тұрған екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Елордалық риэлтор өз тәжірибесінде кездескен ерекше оқиғасымен бөлісті. Оның сөзінше осыдан бірнеше жыл бұрын шетелге көшуге асыққан астаналық тұрғын, итіне пәтер іздеген екен.
«Біздің агенттікке келіп, итіме пәтер іздеймін дегенде расымен таң қалдық. Негізі ол кісінің өзінің жекеменшік үйі болыпты, оны шетелге көшетіндіктен, сатып жіберген. Ал үйдегі итін шетелге әкете алмаған.
Сөйтіп сол итіне бола бір бөлмелі пәтер іздедік. Қаланың орталықтағы ауданынан жаңа үйден пәтер сатып алды. «Итке кім қарайды» деп едік, сол маңдағы жақын туысы жақын арада сол пәтерге көшеді деді.
Енді итке болсын, басқасына болсын, мүліктің аты мүлік қой? Ол ешқашан өзінің құнын жоғалтпайды. Клиент нені сұраса, соған қызмет ету бізге парыз. Қазір ол кісімен байланысқа шықпағалы көп болды. Мүмкін елге қайтып оралған шығар. Ол жағын білмеймін», — дейді риэлтор.
[:]