АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Қайыржан ТӨРЕЖАН. АУЛА КЛУБЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ[:]

[:ru]

img_8095Барлық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылатын шаралар жоспарына сәйкес  «Мәңгілік Ел» идеасын арттыру, насихаттау үшін іс –шаралар үздіксіз өткізілуде. Кеше Алматыдағы сервистік қызмет көрсету колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «25 қайырымдылық іс» акциясы аясында мүмкіндіктері шектеулі балалардың қатысуымен қайырылымдылық концерті өтті.

Қайырымдылық іс-шарасына Алматы қалалық мәслихатының депуттары Александр Гарбер, Шафхат Омаров, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Жоғары оқу орындарыны және колледж оқытушылары, ата-аналар, сондай-ақ кәсіпкерлер қауымдастықтары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қайырымдылық концерттің мақсаты – 60-тан астам мүмкіндіктері шектеулі (ДЦП, даун синдромы, көру, есту жағынан мүгедек) балалар оқып жатқан «Достық» аула клубына көмек көрсету.

Концерт алдында ұйымдастырушы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин құттықтау сөз айтты. Қалалық Мәслихат депуттатары өздерінің және демеушілердің мүмкіндіктері шектеулі балаларға әкелген сыйлары – екі мүгедектер арбасын «Достық» аула клубына табыстады. Алматы қалалық мәслихатының депутаты Александр Гарбер мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін әкімшілік тарапынан жан-жақты көмектер көрсетіліп жатқанына, үкімет арқылы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы жасалып жатқанына тоқталды.

Қала әкімшілігінің және мәслихаттың бастамасымен өткізіліп жатқан бұл шара халықтың әлеуметтік жағынан осал бөлігін әлеуметтік қолдауды дамыту бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы, әлеуметтік бағдарламаларды дамыту негізі жазылған «100 нақты қадам» Ұлттық бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «25 қайырымдылық іс» акциясы аясында ұйымдастырылды. Бүгін осында мүмкіндіктері шектеулі балалар концерт қойып жатыр. Әкімшілік, Мәслихат депуттары, кәсіпкерлердің көмегімен мұндай қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылады. Біздің колледжде мүмкіндіктері шектеулі үш бала оқиды. Олар осы колледждегі мамандықытарды таңдап, сол мамандыққа оқып жатыр. Біз оларды басқалардан бөлмейміз, өздерін тең дәрежеде сезінуге мүмкіндік жасаймыз. Олардың басқа балалармен бірге жүріп, білім алуларына біз барлық жағдайды жасаймыз. Олардың пандус арқылы еркін қозғалуына немесе асханада тамақтануына жағдай жасап, барлық жағынан осы ортаға бейімделіп кетуіне көңіл бөлеміз. Үйде отырған мүмкіндіктері шектеулі балалар басылып қалады, ал мына жерде олар басқалармен қатар жүріп, өздерін жақсы сезінеді. Өз құрбыларымен бірге оқып, мамандық алып шығады. Оларға аудандағы «Достық» аула клубы жақсы көмектеседі, әртүрлі мамандықтарға баулиды, осы клубтан өнерлі болып шығады, — дейді Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры Ерулан Қарағұлов.

«Достық» аула клубында тәрбие алып жүрген әнші, биші жас жеткіншектердің қойған концерті өте әсерлі шықты. Кәсіпкерлер «Достық» аула клубын толықтай жиһазбен қамтамасыз ететін болып уәделерін берді.

Алтынорда

 

[:]