АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ШАРЫНҒА, ШІРКІН, ЖОЛ САЛСА! [:]

[:kz]

img_7329Табиғатты қорғау мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық шаралардың жоспарлық жүйесі. Олар табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, қорғауға және қалпына келтіруге, қоршаған ортаны ластанудан және адам қоғамының бұзылуынан қорғауға бағытталған. Қазақстанда табиғатты қорғау мемлекеттің саясаты бойынша өсімдіктер мен жануарлардың жойылып бара жатқан түрлері енгізілген қызыл кітап бар. Конституциямыздың 18,64,647 баптарында табиғатты қорғау жөнінде жазылған. Осыдан таралатын қоршаған ортаны, жануарларды, атмосфералық ауаны және суды қорғау туралы бірнеше заңдар мен қаулылар қабылданды. Қазіргі кезде елімізде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны онға жетті. ҚР АШМ Орман шаруашылығы жануарлар дүниесі комитетіне қарасты Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі солардың біріне жатады. Осы мекеме директорының ғылым және туризм жөніндегі орынбасары Гүлмира Нысанбаевамен кездесіп ұлттық табиғи парктің жағдайы туралы сөйлескен едік.   

Гүлмира Нұрәліқызы, сізбен жалпы әңгімеміз жан-жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелер қандай жұмыстарды атқарып жатқаны жайында өрбиді. Алдымен, еліміздің оңтүстігіндегі көрікті жерлердің біріне орналасқан Шарын ұлттық табиғи паркінің ерекшеліктері туралы айтып берсеңіз? 

— Қандайда болмасын табиғат байлықтары, өсімдік болсын, жан-жануар болсын қорғау және мейілінше қорын молайту ісі бүгінгі күн талабынан тыс қалған емес. Мемлекет тарапынан үлкен жобалар 

жасалып, түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (МҰТП) 2004 жылы Үкіметінің 23 ақпандағы бұйрығымен, 93 150 гектар жерге Алматы облысында экологиялық, тарихи-ғылыми, эстетикалық табиғат байлығын қалпына келтіру  және сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Содан кейінгі жылдарда көптеген жұмыстар атқарылып, Үкіметтің 2009 жылғы 6 ақпандағы бұйрығымен парк аумағы кеңейтілді. Мемлекеттік жер қоры, қорғаныс қажеттілігіне қарасты жерден 32900 га  жер қосылды, парктің қазіргі жалпы аумағы 127 050 гектарды құрайды. Парктің әкімшілік-шаруашылыққа қатынасты аумағы – Алматы облысының, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр аудандарында орналасқан. Парк құрамына Шарын шатқалының қамалдары мен аңғарлары, Бұғыты тауы және Сарытоғай ерен тоғайы кіреді.  

МҰТП-нің негізгі атқаратын міндеттеріне не кіреді? 

— Парктің міндеті – өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемін қорғау оны көркейту, табиғи тарихи мұраларды сақтай отырып , туристерді шақыру болып табылады. Парк территориясы 4 аймаққа бөлінген. 1. Қорықтық тәртіп аймағы. 2.  Экологиялық тұрақтану аймағы. 3. Туристік және рекреациондық қызмет ету аймағы. 4. Шектелген шаруашылық жұмыстар аймағы. 5. Қорғау аймағы. Барлық жер телімдеріне мемлекеттік акт жасалынып, әділет басқармасында тіркеуден өткен. Парктің ұйымдастыру құрылымы: парк басшылығы және 5 бөлімнен тұрады. Жалпы штатта 46 адам тіркелген. 

Паркте қорғалатын қандай табиғи байлықтар бар, олар қалай қорғалған? 

— Парк аумағында өсімдіктердің 1000- ға тарта түрі өседі, олардың 50-ден аса түрі сирек кездесетін және эндемикалық түр деп есептеледі. Сүтқоректілердің 32 түрі, оның ішінде 3 түрі ҚР Қызыл кітабына енген, құстардың 100-ден аса түрі, Қызыл кітапқа енген- 22 

бауырымен жорғалаушылардың 18 түрі, Қызыл кітапқа енген -1, қосмекенділердің 4 түрі, оның ішінде Қызыл Кітапқа енген 2 түрі мекендейді. Мекеме ғимаратының ішінде арнайы қару-жарақ сақтайтын бөлме жабдықталынған. Мемлекеттік инспектор өзінің құзіреті шеңберінде, заңмен белгіленген тәртіппен, мекемеге қарасты ерекше қорғалатын аумақта заң бұзушылықты болдырмау, табиғи ресурстарды, су, жер, орман, аң- құс, қоршаған ортаға зиян келтіретін заң бұзушылықтар мен әрекеттерден қорғауға міндетті. 

МҰТП аумағында браконьерлікке қатысты заң бұзушылықтар жиі болатын шығар? 

— Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сақталу тәртібін қадағалау және браконьерлікке қарсы күресті күшейту мақсатында рейдтер жиі ұйымдастырылып тұрады. Қазіргі браконерьлер жүрдек автокөліктерге мінген және соңғы үлгідегі қарулары бар. Осыған байланысты оларға қарсы бірлескен күзетті күшейтуіміз керек. Биылғы жылы – 261  рейд ұйымдастырылды, оның ішінде Ұйғыр аудандық ішкі істер бөлімі мен «Охотзоопром» бірлесіп 10 рет рейдке шықты. Осы кездерде анықталған 9 табиғат заңын бұзу фактілері бойынша хаттама толтырылды. Биылғы жылы  қосымша инспекторлық құрамды жабдықтау мақсатында арнайы киім-кешектер алынды, 3 автокөлік берілді. 

Парк аумағында 50-ден асатын сирек кездесетін өсімдік түрлері бар дедіңіз. Оларды өрттен қорғау да сіздердің міндеттеріңіз бе? 

— Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар — сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Құрлықтың 62 млн текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатқанмен орман қоры әлем бойынша жылдан жылға азая түсуде. Ал біздің республикада ормандар аз екені белгілі және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен қоршаған ортаның ластануы. Жылдың басынан бері орман және жануарларды қорғау мақсатында аудандық және табиғат қорғау прокуратурасымен, ішкі істер бөлімімен, орманды өрттен сақтау үшін өрт сөндіру және ТЖ бөлімдерімен, аудандық әкімшіліктің әскери-жұмылдыру бөлімімен бірлескен жоспарлар жасалып, жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде Шарын МҰТП аумағында өрт жағдайы тіркелген жоқ. 

Өсімдіктер дүниесін қорғау және молайту бөлімінің бекітілген жоспар бойынша жыл басынан бері 229 га жерден 162 м3 ұсақ бұтақтар тазартылды. Минералдандырылған алқаптарды күтіп баптау жұмыстары бойынша 108 шақырым жерге минралды жолақ тартылды. Жыл сайын 176,9 га орман екпелеріне күту жұмыстары жүргізіледі. Орман тұқымбағында — стандартты көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді, нақтырақ айтсақ –0,02 га жерге  3000 дана Сиверс алмасы, 0,06 га жерге  4800 дана терек отырғызылды. Орман қорын бүлдiрушiлер, зиян келтiрушiлер заң бойынша жауапкершiлiкке тартылады. 

Гүлмира Нұрәліқызы, Шарын бүгінде туристердің көптеп баратын республиканың көрікті жерлерінің біріне айналып отыр. Туризмді дамыту бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? 

— Туристік сала бүгінде жас кадрлардың келуін қажет ететін, болашағы зор, серпінді дамып отырған нарық. Туризм жұмыспен қамтылмаған немесе ішінара жұмыспен қамтылған халықты тарта отырып, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, еңбек ресурстарын толық және тиімді пайдалану проблемаларын шешуге ықпал етеді. Туристік маусымның қызған шағында ауыл шаруашылығы, көлік, жергілікті сауда және қолөнер кәсіпшілігінен босаған жұмыс күшін жұмыспен қамтамасыз етуге болады. Туристік маршруттар туристік рекреациялық қызмет аймағында орналасқан. Ұлттық парк аумағында жалпы 3 туристік бағыт жасалған. Бірінші туристік бағыт- Шарын ерен тоғайы. Шарын ерен саяжайы туристерді жасы 5 млн жылдан асқан соғды ерені табиғат ескерткішімен таныстырады. Шарын ерен тоғайы- арасында 7 адамның құшағы әрең жететін алып, қарт ағаштар бар. Бұл әлемде сирек кездесетін ереннің табиғи өскен ортасы. Ол тек бірінші террассада ғана табиғи өседі, ал екінші терассада соғды ерені қолдан өсіріледі, тұрақты суғарылып тұрады. Бұл маршрутта 12 орындық қонақ үй, 2 коттедж жұмыс істейді. Оған қоса 2014 жылы Шарын ерен саяжайында демалушыларға арналған 100 орындық жазғы демалыс орны ашылып, жолдарына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 

Ал екінші туристік бағыт – Шарын шатқалы. Шарын шатқалындағы «Қамалдар мекені» ландшафты-палеонтологиялық табиғат ескерткіші. Шатқалдың ішіне көлікпен түсуге тыйым салынған, сондықтан туристер оны жаяу аралайды. Шарын шатқалы әртүрлі формадағы жер бедерінің геоморфологиялық нысандарынан тұрады. Әлем бойынша деп айтуға болады, құндылығы жағынан саяхатшыларды қатты қызықтыратын таңғажайып жер. Мұндай қамалдар мен қорғандардан тұратын каньон тек Американың Аризона штатында ғана бар. Шарын шатқалындағы «Қамалдар мекені» туристер көп келетін демалыс орындарының бірі. 

Үшінші туристік бағыт – бейіттер мен қорғандар. Бейіттер мен қорғандар жаяу және автомобильді жүргіншілерге арналған маршрут. Қазақстанның ортағасырлық тарихына, өлкенің тарихына қызығатын туристерге жол ашады. 2013 жылдан бастап қысқа мерзімді жер пайдалануға Шарын шатқалынан жер учаскесі берілді. Шарын шатқалы туристік маршрутының маусымдық инфрақұрылымын дамыту бойынша, қысқа мерзімді жер пайдаланушы  «ECO PARK TOUR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынын жазғы қонуға арналған 10 қамыс үй, 5 киіз үй, 2 күрке, және 1 асхана іске қосылып, туристерге маусым бойы қызмет көрсетуде.  

Туризмді дамытудың алғышарттарының бірі инфрақұрылымдарды жасау. Бұл бағытта не жасалды? 

— Шарын МҰТП-ның туризм дамыту жоспарына сәйкес, биылғы жылы маусымдық инфрақұрылымды дамытуға арналған жоспарды орындау мақсатында Шарын МҰТП туристік рекреациялық аумақтарындағы туристік бағыттарды абаттандыру және жарақтандыру бойынша 10 қоқыс жәшігі, сыйымдылығы 1 тонналық 4 контейнер, 2 ақпараттық баннер,10 аншлаг жаңадан орнатылды, 15 бағыттаушы белгілер қойылып,  4 белгі жаңартылды. Туристік бағыттарға туристердің демалуына арналған 5 күрке,7 дәретхана, 2 от жағуға арналған орын орнатылды. Инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары негізінде, 3 лот бойынша жер учаскелерінің ұзақ мерзімді пайдалануға берілетіндігі жөнінде мерзімдік басылымдар арқылы хабарлама беріліп, конкурс жарияланды. Конкурс жарияланған  мерзім аралығында азаматтардан өтініштер келіп түскен жоқ. 

Шет елдерден келетін туристердің саны көбейді ме, қай елдерден туристер көп келеді? 

— Өткен жылдармен салыстырғанда демалушылардың саны биыл біршама көп. Биылғы жылы парк аумағына келушілер саны 6283 адамды құрады, оның ішінде шет мемлекеттерден келген туристер саны — 2582 адам. Еуропа елдерінен келгені — 860, Азия елдерінен — 714, ТМД елдерінен келгендердің саны — 1008 адам. «Парктер шеруі-2016» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының аясында 19 іс-шара өткізу жоспарлағанбыз, барлығын орындадық. Оларға облыс, көршілес аудандар, 5 жоғарғы оқу орындары қатысты. Жалпы қатысушылар саны — 6124. Акция аясында 22 тонна қоқыс шығарылып, 1880 түп көшет отырғызылды. «Парктер шеруі-2016» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының қорытынды есебі бойынша Шарын 

мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1-ші орынды иеленді. 

  • Енді кем тұстарға, проблемаларға тоқталып кетсеңіз… 

— Өкінішке қарай, еліміздегі туризм индустриясын дамытуда кейбір проблемалық мәселелер осы саланы өркендетуге тосқауыл болып отыр. Солардың қатарында аумақтардағы туризм инфрақұрылымдарының жетіспеуі, оларды жарақтандырудағы қаржылық мәселелердің шешілмеуі, дүниежүзілік стандарттарға сәйкес, сервистік қызмет көрсетуге кедергі келтіруде. Шарын МҰТП-де де осындай проблемалар бар. Атап айтсақ, облыстық маңызды Алматы-Хоргос, Алматы-Нарынқол тас жолдарынан  Шарын шатқалына апаратын 32 шақырым кірме жолдын салу өзекті мәселе болып отыр және аумақтағы инфрақұрылымды дамытуда мемлекет тарапынан қаржы қаражатының қарастырылмауынан, бұл мәселелердің шешімін табу қиындық туғызуда.  

Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау үшін оларға зерттеу жүргізу қажет. Бұл бағыттағы жұмыстарыңыз да нәтижесіз емес шығар? 

— Шарын МҰТП-ң 2013-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарында көрсетілген «Соғды еренінің орман өсірушілік-экологиялық жағдайын бағалау және оның табиғи өсу жолын зерттеу» және  «Жануарлар дүниесіне мониторинг жасау, сүтқоректілер мен құстарды түгендеу және мекендейтін ортасын анықтау» тақырыптары бойынша жұмыстар жүргізілді. Бақылау нәтижесінде парк аумағында өмір сүретін 88 түрлі құс анықталды және соғды еренінің табиғи өсу барысына сараптама жүргізілді. Өсімдіктердің 87 түрі анықталды. Биылғы жылы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне фенологиялық қадағалаулар  жүргізу мақсатында   далалық жұмыстары жүргізіліп,  маусымдық құбылыстарды бақылауда. 2016 жылдың 9 айлық қортындысы бойынша жалпы 4 ғылыми мақала жарыққа шықты, оның ішінде бір ғылыми еңбек Қырғыз Ұлттық Білімдер академиясының ғылыми журналында жарық көрді. 

Әңгімеңізге рахмет! 

Әңгімелескен Қайыржан ТӨРЕЖАН 

[:]