АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН. Мұрағатта талай шежіре жатыр

bb05a76e3e Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Ұлттық мұрағат қорының құрамдас бөлігі болып табылатын мәдени мұраны сақтау мен көбейту ісіне үнемі көңіл бөледі. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметінің алуан аспектілері жан-жақты көрініс алған. Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының қорында сақталатын Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бұрынғы мұрағаттары Ұлттық мұрағат қорының маңызды бір бөлігі болып табылады. Мұнда 1919 жылдан бастап қазіргі заманға дейінгі уақытты қамтитын кеңестік кезең және Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңін байланысты құжаттар бар. Сондықтан мұнда тарихи деректер мен ресми құжаттарды іздеп келушілер көп.

Қазақстан Президенті мұрағатындағы «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі», «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті», «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» және басқа қорларда тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына қатысты, сыртқы және ішкі саясаттың жан-жақты аспектілері мәселелерін, халықаралық қатынастарды, экономиканың қайта құрылуының маңызды процестерін, еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуын  көрсететін  бірегей ақпараттар топтастырылған.

Мемлекеттік органдардың қорлары «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның ерікті тарихи-ағарту қоғамы «Әділет», Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени орталығы», Қазақстанның гректер мәдени қоғамының қауымдастығы, «Болгар ұлттық мәдени орталығы» РҚБ, «ҚР Татар және башқұрт ұлттық-мәдени орталықтарының қауымдастығы» ЗТБ, «Барбанг» Қазақстандық күрдтердің қауымдастығы» ҚБ, «Ұйғырлардың ұлттық қауымдастығы» ҚБ, «Қазақстанның жастар одағы» ЗТБ, «Возрождение» Қазақстандық немістердің қауымдастығы РҚБ, «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы РҚБ, ҚР «Түркмен қоғамдық-мәдени орталығы», «Дұнған Қазақстандық қоғамы», «Масис» Қазақстандық Армян қоғамы РҚБ Қазақстанның Армян қауымдастығы  сияқты саяси және қоғамдық ұйымдардың құжаттарымен толықтырылып тұрады.

w5pj-j6ToNM

— Мұрағат мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің құжаттарын сақтайды, олардың ақпараттық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіпте мұрағаттық анықтамаларды және құжаттардың көшірмелерін береді. Соның ішінде біздің басқарма – іс жүргізу бойынша нұсқаулықтарды, істер номенклатурасын, сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттар тізбесін, ведомстволық мұрағат және сараптама комиссиясы туралы ережелерді дайындауға, құжаттар құндылығына сараптама жүргізу және оларды мемлекеттік сақтауға іріктеу жұмыстарына ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмектер көрсетеді, — дейді ҚР Президенті Мұрағатындағы Жинақтау және құжаттама басқармасының  басшысы Жәнібек Зейнелов.

Негізінен мұрағатқа келіп түсетін барлық құжаттар осы басқармадан өтеді. Жетекшілік ететін мекемелер басқармадағы әрбір қызметкерге бұйрықпен бекітілген. Қандай да тарихи, ресми құжат қажет болып жатқан жағдайда осы басқарма арқылы оңай тауып алуға болады. Басқармада дереккөздерді жинақтау жұмыстарын есепке алу мақсатында, мекемелер жайлы толық ақпараттар енгізілген автоматтандырылған деректер базасы бар.  Басқармадағы магниттік таспаларды цифрлауға арналған арнайы жабдықтар мемлекеттік сақтауға дыбыс-бейнеқұжаттар да қабылдауға мүмкіндік береді. Сандық жазбалар жинақ-дискілерге қайта жазылып, бір данасы мекемеге беріледі.

Мұрағатта Қазақстанның ХХ ғасырдың басынан қазіргі кезеңдегі мемлекет, қоғам және саяси қайраткерлердің жеке мұрағаттық  құжаттары сақталған. Жеке тұлғалардың құжаттарын сақтау жұмыстары ақпараттық технологиялардың дамыған жаһандану заманында жоғары сұранысқа ие болуда. Азаматтардың жеке мұрағаттары өзінің сан түрлілігімен ерекшеленеді, атап айтқанда олардың арасында өмірбаяндық құжаттар,  мемуарлық сипаттағы, эпистолярлық мұралар (хаттар), қызметтік және қоғамдық жұмысының құжаттары, бейне, фото, фоно материалдар, электрондық тасымалдағыштағы құжаттар осы қорларда сақталуда.

— Басқарма қоғамдық және саяси қозғалыстардын ұйымдардың партиялардың, оның ішінде «Алаш»   партиясының мүшелерінің,  XX  ғасырдың басынан бергі кеңестік партиялық номенклатураның, сонымен бірге «қазіргі заманғы формациядағы» мемлекет, қоғам және саяси қайраткерлердің өкілдерінің құжаттарын жинаумен айналысады. 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін толықтыру көздерінің аясы алыс және жақын шетелдегі қазақ диаспорасының ықпалды өкілдерінің құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау есебінен кеңейтіліп келеді. Қазіргі кезде Мұрағаттың мемлекеттік сақтауында жалпы көлемі 8 мыңнан артық  сақтау бірлігінен тұратын 74 жеке қор бар. Басқармада  жеке тектік қорлар, тұлғалар жөніндегі деректердің үш электрондық базасы құрылған. Осы және басқа да қызметтерінің бағыттары бойынша жоспарлар жасалған. Толықтыру көздерінің аясы тұрақты түрде кеңейіп келеді, ұжымның алдында келелі міндеттер тұр. 2007–2015 жылдар аралығында Басқарма Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының шағын баспаханасының күшімен жеке тұлғалар туралы он екі жинақты дайындап, жарыққа шығарды. Құжатты жинақтардан басқа Басқарма қызметкерлері БАҚ-да, ғылыми басылымдарда жариялау үшін  мақалалар мен жарияланымдардың шағын түрлерін дайындаумен айналысады, халықаралық, республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, семинарлардың жұмыстарына белсене қатысады. Мұрағат Қазақстанның саяси тарихы жөніндегі құжаттардың ең ірі қоймасы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мұрағаттар мен ғылыми мекемелер арасында, тарихи білім және музейлер өткенді шолатын құжаттық ақпараттардың манызды орталығы ретінде елеулі орын алып отыр, — дейді Жәнібек Зейнелов.

Мұрағат қорларының құжаттарынан қазақ интеллигенциясының өмірі мен қызметі, олардың белгілі бір бөлігі –  эсерлерге, меньшевиктерге, кадеттерге, алашордалықтарға қатысты мәліметтерді, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы және Қазақстанды және Орта Азия Республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеуге қатысты тарихи құжаттарды кездестіруге болады. Одан кейін республикада кезегімен тізбектеліп өткен –  большевиктердің саяси басшылықты алып, социалистік режим орнату, халықты күштеп ұжымдастыру, бай-құлақтардың байлығын тәркілеу сияқты саяси науқандарға қатысты, Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі қырылған – аштық, Кеңес өкіметіне қарсы көтерілістер, саяси репрессиялар, индустрияландыру науқандары, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, социализм кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тарихына байланысты көптеген мәліметтердің түпнұсқалары осы жерде жатыр.

Мұрғат қорында сақталатын биографиялық сипаттағы мемлекет және қоғам өміріндегі зиялы адамдардың мыңдаған өмірбаяны, шығармашылығы туралы маңызды құжаттарды қартотека арқылы тез тауып алуға болады.  Мысалы, картотекада Қазақстанның мәдени өміріне өдерінің қолтаңбаларын қалдырған тұлғалардың құжаттары былайша белгіленеді: «Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Жеке парағы, мінездемесі, анкетасы». Түпнұсқа. 139-қор..3-тізімдеме.28-іс.3б.»; «Константин Георгиевич Паустовский. Жеке парағы, мінездемесі, анкетасы, өз қолымен жазған өмірбаяны, қолтаңбасы»;

«Михаил Михаилович Зощенко. Жеке парағы, мінездемесі, анкетасы, өз қолымен жазған өмірбаяны, қолтаңбасы». «Қырғыз өлкесі бойынша губерниялық масштабтағы РКП (б) мүшелерінің, жауапты қызметкерлердің жеке карточкалары. 1921 ж.»; Семей губерниялық комитеті Президиумының мүшесі М.О.Әуезовтің, Қырғыз өлкесінің ағарту наркомы А. Байтурсыновтың жеке карточкалары. Түпнұсқа. 139-қор.1-тізімдеме.132-іс.236б. ;  «Сегізінші гвардия.1941-1945 жж.», альбомда 129 позитивтер бар: дивизияның және жауынгерлердің командалық құрамының суреттері, оның ішінде Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллиннің, Б. Момыш-ұлының және т.б. 893-қор.1-тізімдеме.13-іс.19б.». Картотеканы алфавит бойынша парақтап отырып, 1919 жылдан бергі мерзімнің ішінде республикалық деңгейде лауазымды қызмет атқарған кез келген қоғам және мемлекет қайраткерлері туралы мәліметтерді осы қысқаша сілтемелер арқылы тауып алуға болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының бас сарапшысы Гаухар Бекішева осы тарихи құжаттардың бірмен таныстырды. Бұл құжат мұрағаттың картотекасында «ҚАКСР ХКК төрағасы У. Исаевтің, Д. Сәдуақасовқа, О. Жандосовқа, Ғ. Мүсреповке, С. Асфендияровқа Абабахир-молда Гумар Қарашев, Дәукен Шолақов, Абай және т.б қазақ халқының ауыз әдебиеті өкілдері шығармашылықтарының тарихи маңыздылығы туралы хаты», У. Исаевтың қолтаңбасы бар. Түпнұсқа. 141-қор.1-тізімдеме.4976-іс.59б.» деп белгіленген.

–  Мұрағатта сақталған құжаттардың ішінде Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұра құжаттық ескерткішіне жатқызылатындары бар. Солардың бірі – 1932 жылдың 4 шілдесіндегі Ғ.Мүсірепов, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, К. Қуанышев, М. Ғатауллиннің ауыл шаруашылығына байланысты мемлекет саясатының салдарынан болған аштық туралы жазылған хаты. Бұл хат қоғамдық-саяси және тарихи әдебиетте «Бесеудің хаты» деген атпен жақсчы таныс. Қазақстанның әлеуметтік тарихында маңызды орын алған бұл хат елінің қамын ойлаған патриот қазақ коммунистерінің жоғары жаққа топтасып жолдаған алғашқы хаты болатын. Бұл хат авторларының барлығы, Ғ. Мүсіреповтен басқалары, репрессия құрбандары болды. Мәселен, М. Ғатауллин мен ҚАКСР мемлекеттік жоспарлау төрағасының бірінші орынбасары   А. Лекеров ату жазасына кесілді, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев, К. Қуанышевтар болса ұзақ жылға сотталып, сол жақта қайтыс болды. Мұның барлығын мұрағаттағы сарғайған құжаттардың түпнұсқалары анықтайды, — дейді  Президент Мұрағатының бас сарапшысы Гаухар Бекішева.bb05a76e3eЕлбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Ұлттық мұрағат қорының құрамдас бөлігі болып табылатын мәдени мұраны сақтау мен көбейту ісіне үнемі көңіл бөледі. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметінің алуан аспектілері жан-жақты көрініс алған. Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының қорында сақталатын Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бұрынғы мұрағаттары Ұлттық мұрағат қорының маңызды бір бөлігі болып табылады. Мұнда 1919 жылдан бастап қазіргі заманға дейінгі уақытты қамтитын кеңестік кезең және Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңін байланысты құжаттар бар. Сондықтан мұнда тарихи деректер мен ресми құжаттарды іздеп келушілер көп.

Қазақстан Президенті мұрағатындағы «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі», «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті», «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» және басқа қорларда тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына қатысты, сыртқы және ішкі саясаттың жан-жақты аспектілері мәселелерін, халықаралық қатынастарды, экономиканың қайта құрылуының маңызды процестерін, еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуын  көрсететін  бірегей ақпараттар топтастырылған.

Мемлекеттік органдардың қорлары «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның ерікті тарихи-ағарту қоғамы «Әділет», Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени орталығы», Қазақстанның гректер мәдени қоғамының қауымдастығы, «Болгар ұлттық мәдени орталығы» РҚБ, «ҚР Татар және башқұрт ұлттық-мәдени орталықтарының қауымдастығы» ЗТБ, «Барбанг» Қазақстандық күрдтердің қауымдастығы» ҚБ, «Ұйғырлардың ұлттық қауымдастығы» ҚБ, «Қазақстанның жастар одағы» ЗТБ, «Возрождение» Қазақстандық немістердің қауымдастығы РҚБ, «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы РҚБ, ҚР «Түркмен қоғамдық-мәдени орталығы», «Дұнған Қазақстандық қоғамы», «Масис» Қазақстандық Армян қоғамы РҚБ Қазақстанның Армян қауымдастығы  сияқты саяси және қоғамдық ұйымдардың құжаттарымен толықтырылып тұрады.

w5pj-j6ToNM

— Мұрағат мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің құжаттарын сақтайды, олардың ақпараттық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіпте мұрағаттық анықтамаларды және құжаттардың көшірмелерін береді. Соның ішінде біздің басқарма – іс жүргізу бойынша нұсқаулықтарды, істер номенклатурасын, сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттар тізбесін, ведомстволық мұрағат және сараптама комиссиясы туралы ережелерді дайындауға, құжаттар құндылығына сараптама жүргізу және оларды мемлекеттік сақтауға іріктеу жұмыстарына ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмектер көрсетеді, — дейді ҚР Президенті Мұрағатындағы Жинақтау және құжаттама басқармасының  басшысы Жәнібек Зейнелов.

Негізінен мұрағатқа келіп түсетін барлық құжаттар осы басқармадан өтеді. Жетекшілік ететін мекемелер басқармадағы әрбір қызметкерге бұйрықпен бекітілген. Қандай да тарихи, ресми құжат қажет болып жатқан жағдайда осы басқарма арқылы оңай тауып алуға болады. Басқармада дереккөздерді жинақтау жұмыстарын есепке алу мақсатында, мекемелер жайлы толық ақпараттар енгізілген автоматтандырылған деректер базасы бар.  Басқармадағы магниттік таспаларды цифрлауға арналған арнайы жабдықтар мемлекеттік сақтауға дыбыс-бейнеқұжаттар да қабылдауға мүмкіндік береді. Сандық жазбалар жинақ-дискілерге қайта жазылып, бір данасы мекемеге беріледі.

Мұрағатта Қазақстанның ХХ ғасырдың басынан қазіргі кезеңдегі мемлекет, қоғам және саяси қайраткерлердің жеке мұрағаттық  құжаттары сақталған. Жеке тұлғалардың құжаттарын сақтау жұмыстары ақпараттық технологиялардың дамыған жаһандану заманында жоғары сұранысқа ие болуда. Азаматтардың жеке мұрағаттары өзінің сан түрлілігімен ерекшеленеді, атап айтқанда олардың арасында өмірбаяндық құжаттар,  мемуарлық сипаттағы, эпистолярлық мұралар (хаттар), қызметтік және қоғамдық жұмысының құжаттары, бейне, фото, фоно материалдар, электрондық тасымалдағыштағы құжаттар осы қорларда сақталуда.

— Басқарма қоғамдық және саяси қозғалыстардын ұйымдардың партиялардың, оның ішінде «Алаш»   партиясының мүшелерінің,  XX  ғасырдың басынан бергі кеңестік партиялық номенклатураның, сонымен бірге «қазіргі заманғы формациядағы» мемлекет, қоғам және саяси қайраткерлердің өкілдерінің құжаттарын жинаумен айналысады. 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін толықтыру көздерінің аясы алыс және жақын шетелдегі қазақ диаспорасының ықпалды өкілдерінің құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау есебінен кеңейтіліп келеді. Қазіргі кезде Мұрағаттың мемлекеттік сақтауында жалпы көлемі 8 мыңнан артық  сақтау бірлігінен тұратын 74 жеке қор бар. Басқармада  жеке тектік қорлар, тұлғалар жөніндегі деректердің үш электрондық базасы құрылған. Осы және басқа да қызметтерінің бағыттары бойынша жоспарлар жасалған. Толықтыру көздерінің аясы тұрақты түрде кеңейіп келеді, ұжымның алдында келелі міндеттер тұр. 2007–2015 жылдар аралығында Басқарма Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының шағын баспаханасының күшімен жеке тұлғалар туралы он екі жинақты дайындап, жарыққа шығарды. Құжатты жинақтардан басқа Басқарма қызметкерлері БАҚ-да, ғылыми басылымдарда жариялау үшін  мақалалар мен жарияланымдардың шағын түрлерін дайындаумен айналысады, халықаралық, республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, семинарлардың жұмыстарына белсене қатысады. Мұрағат Қазақстанның саяси тарихы жөніндегі құжаттардың ең ірі қоймасы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мұрағаттар мен ғылыми мекемелер арасында, тарихи білім және музейлер өткенді шолатын құжаттық ақпараттардың манызды орталығы ретінде елеулі орын алып отыр, — дейді Жәнібек Зейнелов.

Мұрағат қорларының құжаттарынан қазақ интеллигенциясының өмірі мен қызметі, олардың белгілі бір бөлігі –  эсерлерге, меньшевиктерге, кадеттерге, алашордалықтарға қатысты мәліметтерді, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы және Қазақстанды және Орта Азия Республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеуге қатысты тарихи құжаттарды кездестіруге болады. Одан кейін республикада кезегімен тізбектеліп өткен –  большевиктердің саяси басшылықты алып, социалистік режим орнату, халықты күштеп ұжымдастыру, бай-құлақтардың байлығын тәркілеу сияқты саяси науқандарға қатысты, Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі қырылған – аштық, Кеңес өкіметіне қарсы көтерілістер, саяси репрессиялар, индустрияландыру науқандары, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, социализм кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тарихына байланысты көптеген мәліметтердің түпнұсқалары осы жерде жатыр.

Мұрғат қорында сақталатын биографиялық сипаттағы мемлекет және қоғам өміріндегі зиялы адамдардың мыңдаған өмірбаяны, шығармашылығы туралы маңызды құжаттарды қартотека арқылы тез тауып алуға болады.  Мысалы, картотекада Қазақстанның мәдени өміріне өдерінің қолтаңбаларын қалдырған тұлғалардың құжаттары былайша белгіленеді: «Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Жеке парағы, мінездемесі, анкетасы». Түпнұсқа. 139-қор..3-тізімдеме.28-іс.3б.»; «Константин Георгиевич Паустовский. Жеке парағы, мінездемесі, анкетасы, өз қолымен жазған өмірбаяны, қолтаңбасы»;

«Михаил Михаилович Зощенко. Жеке парағы, мінездемесі, анкетасы, өз қолымен жазған өмірбаяны, қолтаңбасы». «Қырғыз өлкесі бойынша губерниялық масштабтағы РКП (б) мүшелерінің, жауапты қызметкерлердің жеке карточкалары. 1921 ж.»; Семей губерниялық комитеті Президиумының мүшесі М.О.Әуезовтің, Қырғыз өлкесінің ағарту наркомы А. Байтурсыновтың жеке карточкалары. Түпнұсқа. 139-қор.1-тізімдеме.132-іс.236б. ;  «Сегізінші гвардия.1941-1945 жж.», альбомда 129 позитивтер бар: дивизияның және жауынгерлердің командалық құрамының суреттері, оның ішінде Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллиннің, Б. Момыш-ұлының және т.б. 893-қор.1-тізімдеме.13-іс.19б.». Картотеканы алфавит бойынша парақтап отырып, 1919 жылдан бергі мерзімнің ішінде республикалық деңгейде лауазымды қызмет атқарған кез келген қоғам және мемлекет қайраткерлері туралы мәліметтерді осы қысқаша сілтемелер арқылы тауып алуға болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының бас сарапшысы Гаухар Бекішева осы тарихи құжаттардың бірмен таныстырды. Бұл құжат мұрағаттың картотекасында «ҚАКСР ХКК төрағасы У. Исаевтің, Д. Сәдуақасовқа, О. Жандосовқа, Ғ. Мүсреповке, С. Асфендияровқа Абабахир-молда Гумар Қарашев, Дәукен Шолақов, Абай және т.б қазақ халқының ауыз әдебиеті өкілдері шығармашылықтарының тарихи маңыздылығы туралы хаты», У. Исаевтың қолтаңбасы бар. Түпнұсқа. 141-қор.1-тізімдеме.4976-іс.59б.» деп белгіленген.

–  Мұрағатта сақталған құжаттардың ішінде Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұра құжаттық ескерткішіне жатқызылатындары бар. Солардың бірі – 1932 жылдың 4 шілдесіндегі Ғ.Мүсірепов, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, К. Қуанышев, М. Ғатауллиннің ауыл шаруашылығына байланысты мемлекет саясатының салдарынан болған аштық туралы жазылған хаты. Бұл хат қоғамдық-саяси және тарихи әдебиетте «Бесеудің хаты» деген атпен жақсчы таныс. Қазақстанның әлеуметтік тарихында маңызды орын алған бұл хат елінің қамын ойлаған патриот қазақ коммунистерінің жоғары жаққа топтасып жолдаған алғашқы хаты болатын. Бұл хат авторларының барлығы, Ғ. Мүсіреповтен басқалары, репрессия құрбандары болды. Мәселен, М. Ғатауллин мен ҚАКСР мемлекеттік жоспарлау төрағасының бірінші орынбасары   А. Лекеров ату жазасына кесілді, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев, К. Қуанышевтар болса ұзақ жылға сотталып, сол жақта қайтыс болды. Мұның барлығын мұрағаттағы сарғайған құжаттардың түпнұсқалары анықтайды, — дейді  Президент Мұрағатының бас сарапшысы Гаухар Бекішева.