АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қалаулымның» танымал қатысушысы Шымкенттің келіні атанды (фото) [:]

[:kz]

«Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы Камила Әділхан тұрмысқа шықты. Атышулы жобаға махаббатын іздеп барған ару Шымкент қаласына келін болып түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Қуанышты жаңалықты қалаулымдық бойжеткен өзініңInstagram парақшасында жеткізген.

Камиланың сүйіктісі алдымен оған Алматыдағы арбатта елдің көзінше үйленуге ұсыныс білдіріп, одан «иә» деген жауап алған.

Ресми түрде қалыңдық атанған ару құрбыларымен бас қосып, қыз ойнағын да өткізген. Бойжеткен думанды кештің суреттерімен бөлісуді ұмытпаған.

Бұл шараларды ойдағыдай атқарып шыққан қос ғашық күйеу жігіттің туған жеріне аттанды. Онда Камила беташардан кейін келіндік қызметіне кірісіп кеткен.

 
  

[:]