АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жүкті екенін жария етті [:]

[:kz]

 

Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жүкті екенін жария етті. Олар іші өсіп қалған суретін жариялады. Мұны көрген көпшілік құттықтап жатыр. Бірақ бұл жағдай өзге оқырмандарға ұнай қоймады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақстандық қалыңдық қызу талқыға түсті. Ұзату тойы кезіндегі суреттер Instagram-дағы топтарға тарап кеткен болатын.

Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының есімі — Заида. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тумасы. «Теңізшевройл» компаниясында үш тілді еркін меңгерген аудармашы. Ал күйеуі Джесси есімді ағылшын тілі мұғалімі. Нигерия азаматы.
Олардың үйлену той былтыр қазан айында өткен болатын.
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

[:]