АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарақат: Негізі ауада бірдеңе бар-ау, үйден шықпай-ақ ауырып қалдым[:]

[:kz]

Қарақат Әбілдина ауырып қалды. Денсаулығы жайлы желіде жазған әнші оқырмандарын алаңдатып қойды. Әнші халықты сақтық шараларын ұстануға шақырады.

«Мына вирус мені де айналып өткен жоқ. Ешқайда шығып, ешкіммен кездеспеген едім, қайдан жұқты түсінбеймін. Негізі ауада бірдеңе бар-ау. Күнде жауын жауып,ауа-райы да суып кетіп ед, оның да әсері болды ма, білмеймін ғой. Температура жоқ. Тамақтан басталып, мұрыным бітеліп кәдімгі тұмау сияқты, төбемнен әлсіздік басты. Денем біресе тоңып, біресе ысып бірінші күні мазам болмады.

Бұндай жағдайда адамға паника көмектеспейді. Жаман ойға берілмей, емді жақсы оймен қабылдау өте маңызды.

Бірден тамырдан витамин араластырып, аскорбин қышқылы мен глюкоза алып бастадым. Кешегі салған тәсіл бойынша ингаляция жасап, тамақ мұрынды шайып, сұйықтықты көп ішіп, сорпаланып жылы оранып жатырмын.
Балаларымызға сақ болайықшы.

Ауырған адам бөлек бөлмеде болып, балаларға жақындамағаны дұрыс.Вирусқа қарсы анаферон, вит “C” ішкізіп,алдын алмаса болмайды. Бөлмені кварцтап, ауаны тазартып тұру да өте маңызды. Шүкір, жағдайым кешегіден қарағанда жақсарып келеді. Алла баршамызға жар болсын! Барлығы жақсы болады», — деп жазды.

«Қаладан тұрсан көп көмек, керекті дәріні сатып аласың. Ауылда тұрамыз, дәрі де жетпей қалып жатат, бірін тапсан бірі жоқ», «Иә, дұрыс айтасыз ауада бірдеңе бар сияқты далаға шықсам көзім удай ашып тұмау сияқты бырқылдап қалам бұл не екенін тез сауығып кетіңіз», «Алла шипасын берсін.Сіздікі жай тұмау ғой.Біз де солай ауырып тұрдық», «Сол бәріміз, бір аунап алдық, жиырма күннен асып зорға қайтты, укол салдыру керек бес күн», деді желідегілер.

[:]