АЛТЫНОРДА
ӘлеуметБасты жаңалықтар

«4 айдан кейін 17 жасқа толады»: Абай Бегей қызының құдалығына қатыспады

Қызын ұзатып, су жаңа құда атанған Абай Бегей қызының құдалығына қатыспай қалды. Бұл туралы Altyn-orda.kz           Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды. 

Өнер иесінің екінші қызын алып қашып кетіп, кейін әнші қайтарып әкелген еді. 

“Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рақмет!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары қыздың әлі 18 жасқа толмағанын жарыса жазып жатыр. Алайда әншінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова халыққа үндеу жасады. 

“Бүкіл ел Сымбаттың жасын талқылап жатыр екен. Ол 4 айдан кейін 17 жасқа толады. Елде басқа мәселе қалмаған ба?! Жастарға бақыт тілеңіздер! Сымбатымыз “Сырғалым” атанып, ақ келін болып жатыр”, – деп жазды блогер қыз. 

Еске салайық, жұлдызды әке қызын алып қашып кеткен әулетке ренішін жеткізген еді. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от NIYAZKULOVA ERKE ❤️‍🔥 (@niyazkulova_erke)