«Гитлер әдемі» деген алматылық қыз ұсталды

Алматыда әлеуметтік желіде кейбір Қазақстан азаматтарын балағаттап, бейәдеп сөздер айтқан қыз ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Желіде тараған видеода қыз Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтарды балағаттап, Адольф Гитлерді «әдемі» деп атаған. Тәртіп сақшылары видеоға байланысты жауап берді. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың ұсталғанын хабарлады. «Сөзінде әдепсіз сөздерді қолданып, ұлтаралық балағат сөздер айтқан алматылық тұрғынның ұсталғанын хабарлайды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тергеу басқа да күдіктілердің әрекетін зерделеуде, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады», — делінген хабарламада. Полиция департаменті өкілдері азаматтарды сабырлық сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

kaz.nur.kz