Назым Қызайбай жартылай финалда кіммен жұдырықтасады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық бұрымды боксшымен қолғап түйістіреді деп хабарлайды Altyn-orda.kz      Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып 

Жекпе-жек оңайға соқпайтыны анық. Оның қытайлық қарсыласы Ву Ю Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшылардың бірі.

Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.

Жекпе-жек 6 тамыздан 7-не қараған түні 01:00-дер шамасында өтеді.

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарында ең алғаш өткізген жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырды. Ал екінші жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын. Сонымен қатар ширек финалда Колумбия боксшысы Каролайн Барбозаны жарыс жолынан шығарып, жартылай финалға жетті.