Көшпенділер ойындары: көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді

Көкпардан Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының іріктеу кезеңінде Өзбекстан командасын ірі есеппен жеңді. Бұл туралы  Altyn-orda.kz       KAZ.NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

«Қазанат» ипподромында өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16:0 есебімен басым түсті. Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар жарысына 9 мемлекеттен 104 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан мен Өзбекстаннан бөлек АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия мемлекетінің құрамалары өзара мықтыны анықтайды. 13 қыркүйекке дейін жалғасатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2430 қатысушы тіркелген. Бұл додаға Қазақстан құрамасынан 261 спортшы қатысады. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.