Астанада 75 жастағы ер адам мен 73 жастағы әйел отау құрды

Астанада әлеуметтік желі қолданушыларын тебіренткен ерекше үйлену тойы өтті: 75 жастағы ер адам мен оның 73 жастағы сүйіктісі жаңа өмірге бірге қадам басуды ұйғарды.

Бұл қуанышты жаңалықты күйеу жігіттің ұлы Threads желісінде бөлісіп, әсерлі фото және видеолар жариялады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Бұл оқиға әп-сәтте бүкіл желіге тарап, шынайы сезімнің жасы да, шегі де болмайтынын дәлелдеген символға айналды. Пікірлерде адамдар эмоцияларымен бөлісуде: біреулер әзілдесе, енді біреулер сүйсінуде, алайда көпшілік ортақ ойда — махаббат дәл уақытында келеді.

«Ең бастысы — екеуінің бір біріне деген сүйіспеншілігі мен шүйіркілесіп шай ішкені », — деп жазады бірі.

«Маған 42-де — демек, бәрі әлі алда», — дейді екіншісі.

Кейбіреулер өз оқиғаларын бөлісуде: «Әкем анамнан кейін қайта ғашық бола алмады..

Сонымен қатар  желі қолданушылары миллиардерлердің де махаббаттын да еске сала кетті

. Мысалы, жақында 61 жастағы Джефф Безос 55 жастағы Лорен Санческе үйленді. Алайда олардың үйлену тойы — Астанадағы қарапайым әрі шынайы қуаныштан өзгеше — Венецияда  төрінде салтанатпен өтті  .

Қазақстандық егде жастағы жұптың оқиғасы баршамызға еске салды: бақытты кез келген жаста кездестіруге болады

Altyn-orda.kz