Қазақстанда Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс -шаралар ұйымдастырылуда

6 шілде күні, айдың алғашқы жексенбісінде, еліміздің түкпір-түкпірінде концерттер, флешмобтар мен мәдени шаралар өтеді. Бұл күн – қазақ халқының рухани мұрасының жарқын символдарының бірі саналатын Ұлттық домбыра күніне арналады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Атаулы күн 2018 жылы Президент бастамасымен бекітіліп, содан бері ел мәдениетінің маңызды оқиғасына айналды.

Домбыра – ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық өзіндік сананы және бай рухани мұраны бейнелейді.

2025 жылы бұл мерекеге елдің барлық өңірі атсалысуда: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, шамамен 300-ге жуық іс-шара жоспарланған, олардың 200-ден астамы облыс орталықтары мен аудандарда өтеді.

 

Алматы қаласы

  • Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің MEGA Alma-Ata алаңында өтетін мерекелік концерті

  • Көк Төбе саябағында өтетін «Dombyra Party» концерті

Астана қаласы

  • Елордалық амфитеатрда танымал әншілер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен ауқымды музыкалық шоу

  • Ұлттық музейде композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт

Жамбыл облысы

  • «Көне Тараз» археологиялық паркінде өтетін «Ұлттық домбыра күні – баба үніне құрмет» атты музыкалық кеш

Түркістан қаласы

  • «Әзірет Сұлтан» музей-қорығында ұйымдастырылатын «Домбыра-дастан» мәдени-тарихи шарасы — музыка, поэзия мен дәстүрді ұштастыратын кеш

Сонымен қатар ел аумағында 100-ден астам мәдениет қайраткерінің қатысуымен республикалық челлендж өтіп жатыр. Оның мақсаты — жастардың ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттырып, дәстүрлі құндылықтарға құрмет сезімін күшейту.

Жыл өткен сайын Ұлттық домбыра күні ауқымын кеңейтіп, ұрпақтар сабақтастығын бекемдеп, ата-баба мұрасына деген қызығушылықты оята түсуде.

Altyn-orda.kz