Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

2025 жылғы 19 шілдеде сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласы бойынша Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың ұйымдастыруымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді.
Іс-шара «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының негізгі ғимаратында (Қабанбай батыр даңғылы, 119) және бизнес-терминалда (Қабанбай батыр даңғылы, 119 «г») өтеді.
Шараның мақсаты құқык қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының тероризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу аясында әуежай аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.
Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
