Қазақстандық әнші «Жаңа толқын» байқауында жеңімпаз атанды

Қазан қаласында өткен «Жаңа толқын — 2025» халықаралық музыкалық конкурсының жеңімпазы қазақстандық әнші Alex Lim болды.

Оның есімін композитор әрі продюсер Игорь Крутой жариялады. Өнерпаз жеңіс сәтінің бейнежазбасын өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Екінші орынды ресейлік фолк-топ «Оберег», үшінші орынды ресейлік әнші Jummy мен қазақстандық Yernazar бөлісті.

«Жаңа толқын» дәстүрлі түрде жас эстрада орындаушыларына арналған байқау болып табылады. Бұрын ол Латвияның Юрмала қаласында өтсе, соңғы жылдары Ресейде ұйымдастырылып келеді. 2025 жылғы финал Қазанда өтті.

Қазақстандық орындаушының жеңісі ел өнерпаздарының халықаралық сахнадағы орны нығайып келе жатқанын және қазақстандық поп-музыкаға деген сұраныстың артып отырғанын көрсетеді.