Көкшетаудағы турфирма иесі алаяқтық жасады деп айыпталуда

Көкшетауда туристік қызмет саласындағы ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 27 жастағы турфирма иесі шамамен 40 клиенттің ақшасын иемденді деп айыпталуда.
Полиция дерегінше, ол турларды сату сылтауымен алдын ала төлем алып, қызмет көрсетпеген. Жалпы шығын – 35 млн теңге. Іс ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа жіберілді.
Құқық қорғаушылар азаматтарды туристік операторларды таңдауда сақ болуға шақырады.
Altyn-orda.kz
