Астанада «Жаңа Арқа» құрылыс компаниясы 300-ден астам отбасын 4 млрд теңгеге алдаған

Полиция елордадағы «МЖК Жаңа Арқа» құрылыс компаниясының қызметіне байланысты ірі алаяқтық ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Астана прокуратурасына сілтеме жасап.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Тергеу деректері бойынша, құрылыс компаниясы үлестік қатысу заңнамасын бұзып, қажетті рұқсат құжаттарынсыз тұрғын үй кешенін салу үшін азаматтардан ақша жинаған.
Келтірілген шығын көлемі 4 млрд теңгеге бағаланып отыр, ал зардап шеккендердің саны 300-ден астам отбасыны құрайды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, тиісті сараптамалар тағайындалған.
Астана прокуратурасы тұрғындарға осындай жағдайлардың алдын алу үшін құрылыс компанияларының үлескерлер қаражатын тартуға арналған ресми рұқсаттарының бар-жоғын міндетті түрде тексеруге шақырды.
