Қонаев қаласында шетелдік инвесторлар екі жаңа казино салып жатыр

Алматы облысындағы Қонаев қаласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен екі жаңа казино нысанының құрылысы басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады деп  жазады Altyn-orda.kz

Құрылыс жұмыстары биыл көктемде басталып, қазір жоба қарқынды жүзеге асырылуда. Инвесторлар мәліметінше, нысандар заманауи ойын-сауық орталықтары форматында салынып, онда қонақүйлер, мейрамханалар және туристерге арналған инфрақұрылым да қамтылмақ.

Жоба аясында бірнеше жүз жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қала басшылығы мұндай нысандар Қонаевтың туристік әлеуетін арттырып, өңір экономикасына қосымша табыс әкелетінін атап өтті.

Екі казиноның да құрылысы 2026 жылдың басында аяқталып, сол жылы пайдалануға берілуі жоспарланған.