Балаларға мейірімділікті үйрету үшін ұзақ ақыл айтудың қажеті жоқ. Кейде күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттердің өзі үлкен тәрбие құралына айналады. Мұны әлеуметтік желіде жариялаған видеосымен көпшіліктің назарын аударған Жазираның отбасынан да көруге болады деп хабарлайды altyn-orda.kz
Instagram желісіндегі @simbatotibauirlar парақшасында жарияланған видеода әйелдің балаларын жануарларға қамқор болуға, оларға мейіріммен қарауға баулитыны көрінеді. Келіншектің айтуы бойынша итті ұлкен қызы магазиннің қасынан тауып әкелген
Содан бастап Тотти есімді ит пен Симба атты мысық балалардың күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айналған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Олар таңның атысынан бастап, отбасымен су тасып ,мопедпен ауылдың шетіне барып ойнап уақытты қызықты өткізеді .
Осы бір қарапайым көріністердің өзінен отбасындағы ерекше жылылық байқалады. Тотти де балалардың ойындарына араласып, олардың күнделікті қызығына ортақтасады. Ал Симба да үй ішінің еркесі.
Тотти мен Симба да бұл отбасының жай ғана үй жануарлары емес, балалардың мейірімділікке үйренуіне себепші болып жүрген сүйкімді достары іспетті.
Жазираның отбасы көрсетіп жүрген өмір салты бір қарағанда қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ оның астарында үлкен тәрбие жатыр. Балалар мейірімділікті кітаптан оқып қана қоймай, оны күн сайын өз көздерімен көріп, іс жүзінде үйреніп жүр.
Өйткені Тотти мен Симба үшін бұл үй – жай ғана мекен емес, ал балалар үшін олар – адал достар.
Мейірімділік осындай отбасылардан басталады. Ал жануарларға деген қамқорлықпен өскен баланың жүрегінде өзгеге деген жанашырлық та мол болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әсіресе қазіргі заманда мұндай тәрбиенің маңызы зор. Балаларға тек жақсы мен жаманды түсіндіріп қана қоймай, мейірімділікті іс жүзінде көрсетудің маңызы ерекше.
Жазираның видеосы да осы қарапайым, бірақ маңызды ойды еске салады: мейірімді қоғам тәрбиелеу әр отбасының өзінен басталады. Ал Тотти мен Симба сияқты кішкентай достар балалардың жүрегіне үлкен ізгілік ұялатуға себепші болуы мүмкін.
Өйткені жануарға жасаған қамқорлық та – адам бойындағы адамгершіліктің бір көрінісі.
